§63-тің соңындағы «параграф мәтініне қойылатын сұрақ, оған жауап қайтарасыңдар», «өздеріңе
орындауға берілетін тапсырмаларды» орындау
V. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VI. Үйге тапсырма
§63. Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлары оқу, конспект жазу
Сабақ тақырыбы: §63. Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлары
Сабақ мақсаты:
Білімділік:Үй хайуанаттары (Төрт түлік мал) жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс
жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.
Дамытушылық: Дайындалған материалдар арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын байыту,
мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлік-
ті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (1мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау (15мин)
III. Жаңа сабақ (20мин)
IV. Бекіту (6 мин)
V. Бағалау (2мин)
IV. Үйге тапсырма беру (1мин)
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2) Сабақ тақырыбымен таныстыру.
II. Yй тапсырмасын сұрау
1) Қазақстанда сүтқоректілердің қандай отрядтарының өкілдері таралған?
2) Ілбіс пен барыстың тіршілігінде қандай айырмашылық бар? Ілбіс қазақта неге «қар барыс» деп
аталады?
3) Үнді жайрасы Қазақстанның қай аймақтарын мекендейді?
4) Қалқанқұлақ қай отрядқа жатады, және қай аймақта таралған?
5) Қазақстанда қоянның қандай түрлері кездеседі?
6) Сүтқоректі жануарлар туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
7) 219-беттегі деңгейлік тапсырманы орында
III. Жаңа сабақ
1) Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде алатын
орнын түсіндіру.
5
6
7
Қой
Сиыр
Үйқоян
Арқар, жабайы қой (муфлон)
Тур
Інқоян
10-11 мың жыл бұрын
7-10 мың жыл бұрын
III-IV ғасырда
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
31
Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі
бойынша олар малдың өрісін, қадыр-қасиетін әбден зерттеп білген. Тіпті малдың айырықша қасиетін,
ерекшелігін танитын сыншылар болған. Сөйтіп халқымыз өздерінің тіршілік, шаруашылық өмірін осы
мал өсірумен байланыстыра жасаған. Балалар, біз бұрын сабақта өткеніміздей біздің ата-бабаларымыз
малдың етін, сүтін, терісін, мүйізін, сүйегіне дейін пайдаланған. Мінсе – көлігі, ішсе сусыны, жесе
тамағы, кисе киімі, тұтынса – бұйымы болған. Кең даланы еркін шарлап,көшіп қонған халқымыздың
тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен байланыста болған.
«Малым – жаным садақасы, жаным – арымның садақасы» дейтін ата-бабамыз кең даламызды төрт
түлікке толтырған. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес.Әр малды өсу
жолына байланысты бөлген.
Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабамыз адам есімін де мал атауларын қосуды әдетке айнал-
дырған. Мысалы, Ботакөз, Нартай, қошқар, Серке т.б. Сонымен қатар мамаларың сендерді еркелетіп, төрт
түліктің баласына теңейді. Қане, кімді қалай атайды? (Ботам, Құлыным, Қошақаным).
- Міне Ботаның анасы «ботам» дейді екен, не себепті? Бұл сұраққа жауап берсек, бота қандай әдемі
болса, баласы сондай әдемі, сүйкімді.
Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз
әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға
арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...”
(“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды
ойсылқара, қамбар ата, жылқышы ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша,
айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқдеп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік
ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы.
“Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ
қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған. Балалар, «Малы
бардың – жаны бар», «Елдің көркі – мал» деген халық нақыл сөздерінен-ақ қазақ халқының тұрмыс тірші-
лігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады. Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруа-
шылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың
өрісін, тіршілік ету сырын, жай-күйін, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық
ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.
Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.
Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне
дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.
Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан
біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тірші-
лігімізде ала беруіміз керек.
3) Төрт түлік туралы тақпақтар айту
Боз бие
Әжем жиі сауады,
Құлыны да тояды.
Боз биені баяғы.
Сабамыз да толады.
Сүті неткен көп еді,
Қанады әбден қымызға
Суалмай- ақ келеді.
Біздің үйдің қонағы.
Сиыр
Әукім, әукім, сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі,
Шығып қапты бүйірің.
Қозы
Кіп-кішкене момақан
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.
Бөрте лақ
Шөре- шөре лағым
Марқа туған бөрте лақ,
Тентек болма, шырағым.
Әңгімеме сал құлақ.
Секектеме деміңді ал,
Ойнай көрме тым ұзап,
Селтеңдемей құлағың.
Боп жүрмесін бөрі тап.
4) Төрт түліктің адамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
32
5) Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.
1. Сиырдың сүті – тілінде.
2. Ат – адамның қанаты.
3. Қойдың сүті қорғасын,
4. Аттың бәрі сұңқар емес,
Қойды ұру болмасын.
Құстың бәрі сұңқар емес.
5. Жалғыз шапқан ат жүйрік. 6. Түйе көп болса жүк сыймас.
7. Малды бақсаң, сиыр бақ,
8. Сиырды теппейді,
Сүт кетпейді шарадан.
Сүтті төкпейді.
6) Жұмбақтардың шешімін табу.
Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен. (құлын)
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Егіз құлағы бар,
Иегінде сақалы бар. (ешкі)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қозы)
Екі айнасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
IV Бекіту
Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымызды 2-кестедегі сөзжұмбақ арқылы қорытын-
дылайық.
Кесте 2. Сөзжұмбақ
1. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қозы)
2. Ер қанаты не?
3. Қойда бар, тонда жоқ. (Й)
4. Төрт түліктің төресі не?
5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).
6. Ешкінің төлі. (лақ)
7. Сүттің түсі қандай? (ақ)
8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп аталады? (уыз)
- Сонымен бірінші қатардағы, торкөздегі әріптерді қосқанда қандай
сөз шықты?
- Өте жақсы.
V. Бағалау
Белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды
VI. Үйге тапсырма беру
§63. Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлары оқу, «Төрт түлік» тақырыбында реферат
жазу
Қазақ елі болашағын ұрпағына аманат етіп, сенім артып отырған заманда халқымыздың тағылымға
толы қазынасын меңгеру, сол негізде ұрпақтың ұлттық салт-дәстүр туралы білімін қалыптастыру мәселесі
әлі де зерттеуді қажет етеді.
1. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С.Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат 1995. – 350 б.
2. Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. «Биологияның оқыту әдістемесі» Жалпы бөлім: дәріс курсы. Педагогикалық
жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. - 216 бет,
суретті.
3. Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р. Қызықты биология 3-бөлім: Жануарлар әлемі. Омыртқалылар. – Алматы:
Таймас, 2010. – 128 б.
4. Қайым Қ., Сәтімбеков Р., Әметов Ә., Қожантаева Ж. Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбы-
на арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2003. – 240 б., суретті.
қ
а
й
т
а
л
а
у
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
33
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ МЕН ДАМУЫ
А.М. Жалалова – аға оқытушы,
К.А. Берденова – 1 курс магистранты,
Абай атындағы ҚазҰПУ, магистратура және PhD докторантура институты
Резюме
В статье рассматриваются некоторые проблемы развития казахского языка. Приводятся примеры как поднять
статус, а также методы развития родного языка.
Resume
This article deals with the problems of how to develop the role of our native language, given some examples and methods
about it.
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық дініміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылы-
сы, мәдениетіміздің биік тұғыры. Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса
маңызды рөлге ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және
республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Бүгінде Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі –
барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға
басты назар аударылып отыр. Сондықтан қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және
оның әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты стратегиялық басымды-
лығы болып қала береді [1].
Басқа ұлт өкілдерінің диаспорасы болып табылатын қазақстандықтар бүгінгі таңда қандай этникалық
топқа жататындығына қарамастан, қазақ тілі мен мәдениетіне оның мемлекеттік қызметінің сақталуы мен
нығаюының маңыздылығына көңіл бөлуде. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары Қазақстанда қазақ тілін-
де еркін сөйлейтін адамдар көбейіп келе жатқаны. Зерттеу нәтижелері орыс тілді қазақтардың мемлекет-
тік тілді меңгеру деген ұмтылысы да белсенді түрде жүзеге асырылып келе жатқаны байқалады. Респуб-
ликаның бес облысында – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары іс-
қағаздарын мемлекеттік тіл – қазақ тілінде жүргізуде. Бұл аймақтар басқа облыстарға қарағанда өзге ұлт
азаматтарының қазақ тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді.Сондай-ақ соңғы екі жылда
орта мектептерде қазақ тілін оқыту сағаттары көбейтіліп, қазақ мектептері мен қазақ бала бақшаларының
саны артты. Бүгінде біз қазақ мәдениетінің қалыптасу процесінің куәгеріміз және елімізде барлық халық-
тардың мәдени ынтымақтастығын біріктіретін күш ретінде қазақ мәдениетінің дамуына ықпал ететін
барлық қажетті жағдайлар жасалған. Азаматтардың қазақ тілін игеру деңгейіне қарай мемлекеттік тілді
кезең-кезеңімен енгізу біртіндеп жүзеге асырылуда.
Елімізде егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі
бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі, ол тіл сол мемлекеттің иесі
болып отырған халықтың мүддесінен шығып барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде
болуы шарт. Яғни, ол өнер, әдебиет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым,
өндіріс, ресми іс-қағаздар т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғңамның қажетті құралына айналуы керек.
Есеп-қисап, қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ бұқаралық
ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық қызмет те осы талап-
тарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызда
бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу – ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық-
тардың топтасу мен қоғамдық келісімді нығайтудың алға шарты.
1989 жылғы тұңғыш Тіл туралы заң, алғашқы Конституция қабылданар тұстардағы талас-тартыс,
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің бекітілуі, мұны нығайта түсу үшін 1997 жылы тіл туралы жаңа заң
қандай жағдайларда жүзеге асты? «Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады» деген мәтелді халық
тіршілік заңдылықтарына сүйене отрып айтқан. Тілдің даму процестерінің өзі табиғи құбылыс. Оған
жасанды дүниенің өсуіне қажет жағдайдың ешқайсысы жат емес. Сондай-ақ адам алақаны табиғатқа
деген жеке адам ретінде жанашырлығымыз бен немқұрайлығымыз өз ықпалын қатты тигізіп отыр.
Бүгінгі күні тікелей жауапкершілігіміздегі міндет – мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда жүргізіліп
отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Бүгінгі күні тілдерді дамытуға деген қамқорлық
жан-жақты көрсетілуде. Еліміздегі тілдердің дамуы мен қолданылуына қатысты нормативтік негіздер
нығайтуда. Мемлекеттік тіл саясатының тірегі – тіл туралы заң, заңды жүзеге асыруды қамтамасыз етуші
қарулы-қаттарлар, бекітілген бағдарлама бар.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
34
Сондықтан да мемлекеттік тілді қолдау туралы мәселені қазақ тілді оқырмандар мен көрермендер де,
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары да тұрақты көтеріп келеді. Атап айтқанда, мәжіліс
депутаттары Амангелді Айталы, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан мемлекеттік тіл мәселесін үзбей
алға тартуда. Аталмыш мәселе бойынша Мәжілісте арнайы депутаттық топтың құрылып жатқаны да
белгілі. Осы орайда, депутаттардың бастамасымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыт-
талған заң топтамасы қаралған тұста біздің министрлік оны толықтай қолдап шыққанын айтқан жөн. Ең
бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша
мүдделік танытылып отыр. Мәселен, таяуда ғана ұлттық мәдени орталықтардың бір топ өкілі Елбасы
Н.Назарбаевқа мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту қажеттігі жөнінде арнайы өтінішпен шықты [2].
Жалпы, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдің бүгінгі жағдайы көлемі
жағынан да, сапалық тұрғыдан да төмен екендігі жасырын емес. Мемлекеттік емес телерадиокомпания-
лардың басым көпшілігінде, әсіресе республикалық телерадиокомпанияларда, қазақ тіліндегі мазмұны
мен шығармашылық деңгейі көңілге қонатын тұшымды бағдарламалар мен хабарлар тек мемлекеттік
тапсырыс аясында ғана, мемлекеттік қаржысы есебінен шығарылады. Ал компаниялар болса өз қаража-
тын мемлекеттік тілдегі хабарлар шығаруға шығындауға мүдделі емес, яғни қазақ тілін өркендету тек
мемлекеттің құзырындағы мәселе деген көзқарас қалыптасқан.
Қазақ тілі қазақ халқымен қатар әлемнің басқа да көптеген елдерінде тұратын отандастарымыздың
ұлттық тілі екендігін ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да мемлекеттік тілді игеруге көмектесетін компью-
терлік оқулықтар шығару, Интернет жүйесі мемлекеттік тілдегі ақпарат кеңістікті дамыту, шетелдерде
тұратын отандастарға арналған арнайы веб-портал ашу әрі жетілдіру өзекті мәселе екені даусыз. Әлемнің
әр түкпірінде қоныс тепкен қазақтардың бір-бірімен электрондық жүйе арқылы хат-хабар алмасуына
олардың түрлі әліпбиді қолданатыны мүмкіндік бермейді. Сонымен бірге құзіретті органның алдында
шетелдерде қазақ халқының салт-дәстүрін танытып, мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында мәдени
орталық ашу, Еуропа елдерінде тұратын қазақ жастарының өнер және спорт фестивалін халықаралық
деңгейде ұйымдастыру, Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері тұр.
Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттілігі қазақстандық қоғамдастық мүшелері арасында тү-
сіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды. Бұл орайдағы басты міндет –
қазіргі күні қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту үшін нысаналы, мақсатты жұмыстар жүргізу.
Қазақстанда тұратын өзге халықтардың ана тілін оқып-үйрену ісіне мемлекет пен қоғам тарапынан жан-
жақты қолдау, көмек көрсетіліп келеді. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен жүйелі түрде қаржы
бөлініп тұрады. Айтылған тоқтамдар мен деректерге келсек, Қазақстандағы тіл саясатының көп ұлтты
мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Біздегі мемлекеттік тіл
саясаты шын мәнінде саяси тұрақтылыққа, этносаралық жарастыққа және қоғамдық келісімге алғышарт
бола алады.
Тілді оқып – үйренуді жоғары деңгейге көтеру қажет. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кә-
сіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азамыттқ парызы болуы қажет. Мемлекеттік тілді білмейтін тү-
лектерді шығаратын жоғарғы оқу орны бар мемлекетті табу қиын. өз сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев:
… Қазақстанның жастары мынаны білуі тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарында
немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сот тілде
жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар – өз функцияларыңды
қажетті деңгейге жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек [3].
Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің ел «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары» және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысы-
на, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діңге көзқарасына, наныныма, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез
келген өзге жағдайаттар бойынша ешқандай кемсітуге» болмайтындығы атап көрсетілген.
Тілді адамның толыққанды жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға. Бала
тәрбиелеп, зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға
мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады [4, 11].
Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамның төрағасы, жазушы Э.Т. Төреханов: «Тілді білген адамда
елжандылық, отансүйгіштік, мемлекетшілдік қасиеттер болады» – деген ойын тұжырымдады [5].
Бұл күнде Қазақ мемлекетінің Мемлекеттік тілінің мәртебесіне ешкім де қарсы емес. Конституциямен
бекітілген халықаралық доктринаға ешкім де, ешнәрсе де қарсы тұра алмайды. Үш тармақты мемлекеттік
билік Мемлекеттік тіл мәртебесін қорғауға міндетті. Жоғарыда алға тартылған Ашық хат та мұны қолдау-
шылардың ашық үні. Мемлекеттік тіл мәртебесін дамыту, қолдану аясын кеңейту оны көздің қарашығын-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
35
дай сақтау менің, сенің және бәріміздің парызымыз. Тіл майданында қол жеткен Жеңістерден айырылмау,
Тәуелсіздікті тұрлаулы ету – Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату [6].
Ұлттың ұлт екенін, мемлекеттің мемлекет екенін танытанын тілі емес пе? Олай болса, қазақ деген
қасиетті халықтың ана тілінің қызғыштай қорғаушысы, біреудің шылауында кетіп бара жатса, арашасы
болу қаны бар әрбір қазақтың борышы болуға тиіс.
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргетасын бірге қалайық» атты Жолдауы, 31.01.2011 ж.
2. «Президент және халық» газеті 14.09.2012 ж. «Ашық хат».
3. Назарбаев Н.Ә. «Интеллектуалды ұлт-2020. Біз Қазқстанды әлемдік білім беру деңгейінің орталығына
айналдыруымыз қажет» // КП 01.09.2011 ж.
4. Рахметова Р.Ә. «Қазақ тілін деңгейлік оқытудың ұстанымдары» этнопедагогика - №1, 2012 ж. - 11 бет.
5. Төреханов Э. «Тілді қолдау – ұлтты қолдау», «Ана тілі» 27.09-3.10.2012 ж. - №39.
6. Ғарифолла Әнес. «Тіл майданында бейбітшілік орнады ма?» «Ана тілі» 25-31.10.2012 ж. №4, - 24 бет.
ПРОБЛЕМЫ РАЗРАБОТКИ МОП СПЕЦИАЛЬНОСТИ «МУЗЫКАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ»
М.С. Сапиева – к.п.н., заведующая кафедрой искусств,
Костанайский государственный педагогический институт
Түйін
Бұл мақала «Музыкалық білім» мамандығының модульдік білім бағдарламасын жетілдіру мәселесіне арналған.
Кәсіпқорлық дайындыққа музыка мұғалімі сыңарының жүзеге асыруы сызба бойынша өнделген. «Музыкалық
білім» мамандығы білімділік бағдарлама бойынша модульдік зерттемесінің басқарудағы жағдайымен арнайы
белгіленді.
Summary
The article is devoted to the development of modular training programs in specialties "Music Education".The scheme of
realization of competence-based approach to vocational training of the music teacher is developed.Basic provisions by which
it is necessary to be guided when developing modular educational programs in "Music education" are noted.
В основе казахстанской модели построения образовательных программ в условиях кредитной техноло-
гии обучения лежит компетентностный подход, модульная структура и исчисление объема учебной
нагрузки в кредитах ECTS. Образовательные программы кредитной технологии обучения должны осно-
вываться на взаимосвязи трех основных элементов (компетенции-модули-кредиты) [1, с. 157]. При этом,
важное значение при разработке МОП приобретает модель будущего специалиста. Именно она является
отправной точкой при формировании компетенции и образовательной траектории студента [1, с. 44-45].
Существует несколько подходов к определению понятия «профессиональная компетентность», где
профессиональная компетентность будущего педагога трактуется как: совокупный показатель способно-
сти и готовности специалиста к педагогической деятельности (В.А. Адольф, М.Х. Балтабаев,
Ю.В. Варданян); сложное личностное образование, представленное единством когнитивной, поведенче-
ской и мотивационной сфер развития личности (Ш.К. Жантлеуова, М.В. Семенова, С.И. Ферхо и др.).
Вслед за Ю.В. Варданян, мы понимаем профессиональную компетентность выпускников педагогическо-
го ВУЗа как интегративную характеристику специалиста, отражающую готовность и способность лично-
сти использовать теоретические знания и практический опыт для разрешения определенных задач [1, с.
36], где понятие «готовность» используется в значении состояния, при котором все готово для чего-
нибудь, а понятие «способность» применено в значении умения, возможности производить какие-нибудь
действия.
Сопоставляя категории «компетентность» и «готовность» следует подчеркнуть, что, несмотря на
близость содержания этих понятий, важно учитывать, что компетентный специалист, как подчеркивает
Ю.Г. Татур, не только знает как сделать, но и способен выбрать необходимое для данной ситуации
умение и обосновать его применение.
На основе результатов исследований Л.Г. Арчажниковой разработана схема реализации компетентно-
стного подхода к профессиональной подготовке учителя музыки (рисунок 1). На основе анализа исследо-
ваний в области профессиональной компетентности специалиста педагогического профиля определено,
что профессиональная компетентность будущего учителя музыки: во-первых, отражает специфику
профессиональной деятельности; во-вторых, направлена на решение предметных задач; в-третьих, содер-
жание профессиональной компетентности составляют знания, умения, личностные качества специалиста,
необходимые для осуществления музыкально-педагогической деятельности.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
36
Рисунок 1 – Схема реализации компетентностного подхода к подготовке учителя музыки
Процесс профессиональной подготовки будущего учителя музыки предполагает интеграцию всех
знаний, умений, навыков в области общепедагогической и специально-предметной подготовки.
На совещании РУМСв апреле 2013 года было отмечено, что при разработке модульных образователь-
ных программ необходимо руководствоваться следующими положениями:
1. Расширение сферы профессиональной деятельности будущих специалистов. Решение данной
проблемы, по мнению членов РУМС, связано с разработкой и реализацией нескольких образовательных
программ по выбору студентов, утвержденных Советом ВУЗа. К примеру, в Северо-казахстанском
государственном университете им. М.Козыбаева (г. Петропавловск) по специальности «Музыкальное
образование» ведется набор абитуриентов по двум образовательным программам «Дополнительное
музыкальное образование» (в сферу деятельности входят внеурочные формы организации музыкальной
деятельности в учреждениях среднего образования, а также в системе дополнительного образования –
музыкальные школы, школы искусств, частные студии и т.д.), «Музыкальное воспитание в дошкольном
образовании».
2. Актуализация дисциплин, устанавливаемых ВУЗов и рекомендуемых дисциплин по выбору, дости-
жение преемственности и устранения дублирования в содержании дисциплин профессиональной подго-
товки. Исходными данными для проектирования образовательных программ являются: учет малоком-
плектных школ региона, требования потенциальных работодателей и ведущих преподавателей, ожидаю-
щих от выпускников их особых предметных компетенций.
3. При разработке МОП руководствоваться требованиямиТУП и ГОСО 2010 г., поскольку несоблюде-
ние данного положения, помимо прочих проблем, осложняет сотрудничество ВУЗов в рамках академиче-
ской мобильности.
Учитывая вышесказанное, кафедрой разработана модульная образовательная программа по специаль-
ности 5В010600 – Музыкальное образование. Данная программа объединяет родственные дисциплины в
модули, создавая преемственность и системность в учебном процессе. По причине небольшого количе-
ства в 2012-2013 уч. год целевых грантов по данной специальности, а также уменьшения количества
кредитов на дисциплины по выбору согласно ТУП 2012 г., в новой образовательной программе исключе-
ны траектории, охватывающие работу будущих специалистов в детских садах. Однако, учитывая требова-
ния потенциальных работодателей, увеличено количество кредитов по дисциплинам методического
направления (Методика преподавания основного инструмента, хоровых дисциплин, разработки уроков
музыки и пр.).
Модульная структура по специальности 5В010600 «Музыкальное образование» состоит из общеобяза-
тельных модулей, обязательных модулей по специальности, модулей по выбору для специальности,
дополнительного вида обучения, практики, итоговой аттестации. Модули по выбору специальности
обеспечивают специально-предметную подготовку бакалавра в конкретной области, способствуя форми-
рованию теоретических и практических знаний, умений и навыков. В этом блоке представлены модули:
«Основы теоретического музыковедения», «Практикум инструментальной подготовки», «Организация
школьного хорового коллектива», «Вокально-сценическое мастерство», «Основы исторического музыко-
ведения», «Методика музыкального образования», «Основы исследовательской деятельности будущего
учителя музыки», «Оркестровый класс».
Такми образом, вузы находятся в творческом поиске на пути совершенствования кредитно-модульной
Достарыңызбен бөлісу: |