Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. «Хадистердегі жас ұрпақ тəрбиесі»
44
«Їркердіѕ» жїрдек пойызы
Шет ел, алыс жер дегеніңіз сондай сиқыр
сияқты, əлдебір тылсым күшпен өзіне ылғи
тартады да тұрады. Оңтүстік Корея. Бұл елді
біреулер жұмбақ десе, енді біреулер жұмақ
дейді. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс? Жүз
рет естігеннен бір рет көрген артық емес
пе? «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын
біл» демеп пе еді ата-бабамыз. Жаңалық пен
жақсылықты, өзің құмартып жүрген ел туралы
сүйсіндірер пікірлерді естіген жақсы, əйтсе де өз
көзіңмен көргенге не жетсін? Əсер, сезім, тіпті
білім жағынан да шет елде болған бір күнің өз
еліңдегі жүз күніңе татитын да кездері бола-
ды. Əрине, кіндік қаның тамған туған жердің
орны қашан да бөлек. Бірақ, мен бұл жерде
басқа мағынасында айтып отырмын. Халқымыз
қалай тауып айтқан десеңізші: «Атың барда жер
таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп
жүріп». Шет ел сапарларының мақсат-мұраты
асіреқызылға көз қызартып, қызық қуу болмаса
керек. Тіптен жер көріп, ел тану ғана емес, өзгеге
қарап, өз бойыңды түзеу, бойыңмен қоса ойыңды
түзеу, дүние танымыңды, ой-өрісіңді кеңейту,
жақсыдан үйрену, жаманнан жирену былайша
айтқанда. Осы тұрғыдан келгенде менің осы ел-
ден алған сабақтарым мен əсерлерім, білімім аз
емес деп ауыз толтырып айтуға болады.
Біріншіден, Адамға табиғат беретін,
яғни ананың сүтімен, əкенің қанымен келетін
қасиетпен бірге, жақсы тəрбиемен келетін
мінездің де болатынын ескерсек, соның бəрін жас
ұрпақтың бойына ертерек сіңіре беруіміз керек.
ЖҰМБАҚ ТА
ЖҰМАҚ ЕЛ
(Жүрмеген жолдың бəрі қиын,
көрмеген елдің бəрі қызық)
45
Жас кездерінен балабақшадан ұлттық тəрбиені
жүректеріне еге беруіміз керек. Сонда ұтпасақ
ұтылмасымыз анық. Ұлттық ойындарды мей-
рамда ғана емес, басқа күндері де көп ойната
беру керек, сонда баланың салт дəстүріне де-
ген көзқарасы жақсарып, өздері де басқаларға
үлгі бола бастайды. Ал үлгі-өнегеге қарап əр
адамның бой түзейтіні дəлелдеуді қажет етпейтін
аксиома. Шетелде жүрсе де əр қазақтың баласы
өзінің ана тілін ұмытпауы керек. Ана тілге де-
ген құрмет ерекше болуы керек. Ақын Сабыр
Адай ағамыз: «Əр қазақ менің – жалғызым»
деп жырламап па еді? Өзім білім алып, қазіргі
кезде қызмет етіп жатқан Оңтүстік Корей елі
біздің елге көп жерлері ұқсас. Оны мен анық
аңғардым. Олардың жерге отырып тамақ ішуі,
қонақты ерекше сыйлауы, үлкенге деген құрметі,
кішіге деген ізеті, бір-бірін қатты сыйлауы, əр
əріптермен айтылатын дыбыс ерекшеліктері де
біздің елдікіне ұқсайды.
«Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей, өкпелеспей сен деспей»
деп ақиық ақынымыз Мұқағали кезінде жақсы
жырлаған екен. Осы сөз дұрыс сөз. Оңтүстік
Корей елінің өмірлері осы бір өлең жолда-
рына қатты ұқсас. Жастарына қарап отырсаң
сондай риза боласың. Үлкен адамның жолын
кесіп өтпейді, көрген жерде иіліп сəлемдерін
береді. Құрметтері ерекше. Үлкенді сыйлау-
ды осы корейліктерден үйренген жөн-ау деген
ойға қаласың. Жанұяларындағы сыйластықты
да айтып өтпеуге болмайды. «Ер азаматымыз-
ды қадірлей білейік, əйел асқақтаса азаматының
арқасы, оларсыз біз кімбіз» дейді нəзік жанды-
лар қауымы. Ал ер адамдары: «Əйел байлық
қана емес – бақыт. Өмірдегі сол қазынамыз
өз бақытының карызы бола алса нағыз бақыт
дегенің сол емес пе?!» Ер адамдары да өзінің
сүйіп қосылған жарларын төбелеріне көтереді.
«Ақыл бітпес дəулетке,
Дəулет бітпес келбетке» дегендей, бұл
елдегі тағылымдарды айта берсең бітпейді.
Балаға білім беруді басты міндет деп санайды.
Оқушылардың демалысы жазда бір ай, қыста бір
ай. Көктемде екі жұма ғана демалады. Қалған
уақытта білім алуға бар күштерін жұмсайды.
Мамыр айының үшінші жұлдызынан бастап
қайта сабақтарына кіріседі. Екінші сынып-
тан бастап барлық оқушы емтихан тапсырады.
Сол жылдан кейін оқу бағдарламасы да ауыр-
лай бастайды. Жылына үш-төрт мəрте емтихан
тапсыру міндеттеледі. Оқушылар таңертеңгі
8:00-де шыққаннан үйге кешкі 8:00-де бір-
ақ келеді. Сабақтары біткесін 6-7-де болатын
дайындық курстарына барады. Бұнда бос уақыт
деген ұғым мүлдем жоқ. Асығып жүрген бір
адам. Олардың ойынша өмірге келген əр адам
өзінің қолынан келетінді артығымен орындап
тастау керек. Екі қолын қусырып үйде отырған
жанды кезіктірмейсіз. Демалыста ата-аналары
балаларының уақыттарын тиімді өткізу үшін
барлық жағдайды жасайды. Өйткені мұнда
ұлттық мұражайлар, атақты аттракциондар,
əдемі табиғат əуежайлары, төрт жыл мезгілдің
аңдары кездесетін зоопарктер бар. Онда əрбір
аңның қандай тамақ жейтінін, оны қалай ұстау
керектігін, өмірге қалай келгендерін, қалай
көбейетінін жан-жақты айтып түсіндіреді.
Арнайы мамандар барлығын өздері таныстыра-
ды. Бағасы да аса қымбат емес. Қасында тыңдап
тұрсаң өзің де аңдарды жақсы көріп кетеді
екенсің. Ыстық жаз айларында біздегідей судан
шықпайды. Мындағы жастар болашақтарын
жақсы елестетеді. Еркін ойлайды. Жақсы білім
алуға тырысады. Атақты универститеттерге
түсу қиын. Кішкентайларынан мықтып дайын-
далады. Университетті бітіргесін мықты ма-
ман болып, өздері қалаған жұмыс орындары-
на қызметке тұрады. Кейбір оқушылар əртүрлі
жерде сағаттап жұмыс істейді. Себебі мындағы
жоғарғы оқу орындары өте қымбат. Өз біліміңмен
түсу қиын. Көбінесе ақылы негізде оқиды. Бəрі
жеке. Оқушыларға сабақ уақыты аяқталғасын
жеке фирмалар мен түрлі кəсіпорындарда
Галина ƏЛІМОВА. «Жұмбақ та жұмақ ел»
46
жұмыс істеуге рұқсат берілген. Мұндағы əрбір
жасқа есік ашық. «Елдің болашағы жастар»
деген қағида қалыптасқан. «Жастар болашақ
елдің даналары» дейді. Бұл рас. Қызметшілерге
жалақыны да жақсы төлейді. Тек жұмысты
ынта-жігеріңмен істеуің керек. Бұл елде тағы
бір байқағаным адамды алаламайды. Қай елдің
азаматы бол, олар əрқашан өз елінде өмір сүріп
жатқан əрбір азаматты құрметтейді. Жастарға
арналған көптеген ұйымдар мен небір ғажайып
техникалар бар. Байланыс құралдары WI-FI, 3/4G
қызметтерін қай жерде жүрсең де еркін қолдана
аласың. Жастар бос уақыттарын қызықты да
көңілді етіп өткізеді. Көбісі тауға шыққанды,
көне кітапханаларға барғанды, əртүрлі спорт
ойындарын ойнағанды, əн айтқанды жақсы
көреді. Талантты жандар өте көп, тіпті молы-
нан кездеседі. Өйткені, талантты жандар елдің
алтын қоры іспетті. Таланттыларын бағалау –
əрбір елдің басты міндеті. Бұл ел өзінің талант-
тыларын дер кезінде бағалай біледі десек артық
айтқандығым емес. Себебі, əртістері, əншілері,
кино жұлдыздары, шоумендері, модельдері өте
көп. Əрбір бағдарламасын сапалы етіп түсіруге
тырысады. Бұл жолда қаржыны да аямайды.
Өйткені, телебағдарлама ұлтқа керекті басты
дүниелердің бірі. Корей халқы ұлы Абай атамыз
айтып кеткен бес асыл іске жақын, бес жаман
істен қашық.
Сүйіп тыңдайтын əншілерім: PSY, Чжан
Чжи Хун (актер, əнші, модель), 2PM, SNSD,
SUPER JUNIOR, ВоА. Атақты жұлдыздар: Ли
Мин Хо (актер,модель), Чжан Ён Хва (актер,
модель, анші), Ли Бён Хон (актер, модель), Сон
Хе Гё (актриса, модель), Мун Гын Ён,( актри-
са, модель) міне, осындай жас жұлдыздар өте
көп. Осы жастарға қарап отырсаң, таланттары
тасып жатыр. Талант адамды жатқызбайды де-
ген, сірə, рас-ау, осы. Олардың ойнаған əрбір
рөлдерін қарай бергің келеді, тамылжыта айтқан
əндерін қайта-қайта тыңдай бергің келеді. Өз
армандарына жету үшін ешнəрседен тайынбай-
ды. Қиындыққа мойымайды, қайта шыңдала
түседі. Аз ұйықтап, көп жұмыс істейді. Осы
атақты жұлдыздар да төрткүл дүниеге аттарын
шығару үшін көп еңбектеніп, жандарын аямай
жұмыс істейтіндіктерін көп оқып, көп көргем.
Сол жұлдыздар концерттерден түскен ақшаны
жетімдер үйіне, жағдайы төмен отбасыларға
береді. Көмек көрсетулері көңілден шығады.
Қолдан келсе көмектескенге не жетсін...
«Қағазға тіл бітірген – қалам» дегендей
мында тілге шешен, сөзге жүйрік, ойы теңіз,
ақылы дария небір атақты ақын-жазушылар
өте көп. Мунёль Ли, Ко Ун, Ким Ю Чжан, Со
Джон Юн, Джон Джин Гуг, тағы басқа ақын-
жазушылардың шығармаларын жиі-жиі оқып
тұрамын. Өзімнің балаларыма да оқып беремін.
Шығармаларының тəрбиелік мəні зор. «Сырт
көз сыншы» деген халқымыздың даналық сөзі
өте орынды айтылған. Тағы бір айта кететін
жайт – мұнда біздегідей бір ай бойына дема-
лыс берілмейді. Қай мекемеде болмасын еңбек
демалысы тек бір жұма ғана. Жұмысшылардың
кейбіреулері оған да шықпайды. «Жұмыспенен
алатын тыныс керім» деп жүрген бір адам.
Бұларға қарап, біздің халық көп демалады екен
ғой деген ойға берілесің. Басында үйренісіп кету
де оңай соқпайды.
«Айтушы ақылды болса,
Тыңдаушың дана болады» – дегендей, көп
оқысаң көпті білесің.
Осы елде жүріп көп жұмбақтың жауабын
табуға тырысып жүрмін. Білген сайын алдыңнан
білмейтінің шыға береді. Отаныма көп жылдар
бойы орала алмауымның сыры да осында. «Ат
айналып қазығын табар» деген аталы сөзіміз
бар емес пе?! Алла жазса менің де туған жеріме
ораларым хақ! Ісіміз оң, пейліміз əрдайым ақ
болғай!
Галина ƏЛІМОВА,
«JMT KOREA» компаниясының
менеджері.
Сеул қаласы.
* «Үркер»* №7* 2014
Редакция мекен-жайы:
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғылы, 143, 6-қабат.
Телефондар:
бас редактор – 394-41-34,
бөлiм
– 394-37-27,
компьютер
бөлiмi
– 394-37-87
www.urkerkaz.kz
E-mail: Urker_2010@mail.ru,
Журнал Қазақстан Респуб-
ликасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлiгiнде 06. 04. 2009 ж.
қайта тiркелiп, № 10017-ж куəлiк
алған. Айына бір рет шығады.
***
Басуға қол қойылды: .07.2014
Қағазы офсеттiк. 4,2 баспа
табақ. Таралымы . Тапсырыс
№1000. Бағасы келiсiмдi.
***
Редакцияға түскен шығарма-
лар рецензияланбайды. Қолжазба
қайтарылмайды. Көшiрiп басқан
жағдайда «Үркерге» сiлтеме жа-
сау мiндеттi.
***
Жарияланған дүниелердегi
деректердiң
нақтылығына
авторлар жауап бередi.
***
«Үркер» журналында жар-
ияланған материалдардың ав-
торлық құқы «Қазақ газеттерi»
ЖШС-не тиесiлi.
***
Журнал «Қазақ газеттері»
ЖШС-нің компьютер ор-
талығында терiлiп, беттелiп,
«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық
полиграфиялық баспа комплек-
сінде басылып шықты. Алматы
қаласы, Гагарин даңғылы 93.
***
Тел. 394-39-22, 394-39-24
«Үркер», №7 (71), 2014 ж.
« АЗА ГАЗЕТТЕРІ»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
арасты басылымдар:
Газеттер: «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази»
Журналдар: «Ақиқат», «Мысль», «Үркер»
« АЗА ГАЗЕТТЕРІ»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты
газет-журналдарға берілетін
жарнама-хабарландырулар ақысының
баға мөлшері
ТТЫ ТАУ
ЕСКЕ АЛУ
К
ІЛ АЙТУ
Суретімен - 10000-15000 теңге
Суретімен – 10000-15000 теңге
Қолма-қол төлегенде
Суретсіз – 8000-12000 теңге
Суретсіз – 8000-12000 теңге
5000-8000 теңге
(көлемі шектеулі)
(көлемі шектеулі)
Ақша аудару арқылы
10000-15000
теңге
АЗАНАМА
20000-25000 теңге
Ша ын хабарландыру – 2000-6000 теңге
Ша ын ма алалар – 20000-60000 теңге
Кәсіпорындар, банктер және өзге де құрылымдар газет бетінің
әр шаршы сантиметріне тг/см² есеп айырысады
4,5,... соңғы бет – (келісім/шарт бойынша) 700 теңге
Журнал бетіндегі т рлі-т сті сурет ба амдары
(әр шаршы сантиметріне - тг/см² )
Бірінші бет – 300 тг.
Екінші бет – 300 тг.
Мақалалар
Соңғы бет – 300 тг.
Фотоочерк – 360 тг.
5000 - 10000 тенге
Ішкі беттердегі әр сурет 3000 – 6000 тг.
Бұған ҚҚС (НДС) қоса есептелген
Мазмұны
Есей ЖЕҢІСҰЛЫ
Жастар əдебиетте өгей емес .....................................................................1
Батырбек ҮРІСТЕМБЕКОВ
Қайда қарап жүрміз, қаламгерлер-ау?... ....................................................2
Айзат РАҚЫШЕВА
Əулие жағалап адаспайық! .........................................................................9
Ғазиза ЖҮСІПБЕКОВА
Бақытты болсам дедім... .............................................................................15
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ
Халық артисінің қызы .................................................................................18
Ақнұр СЕРІКҚЫЗЫ
Əкелі-балалы екеу .........................................................................................22
Əуелай ОСПАНОВА
Менің мөлдір көзімде суреті бар жерімнің ................................................29
Нұрлан ҚҰМАР
Бала шақтан – болашаққа ...........................................................................31
Жəлел ШАЛҚАРОВ
Ол кезде сен аппақ гүл едің... ........................................................................36
Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ
Хадистердегі жас ұрпақ тəрбиесі ..............................................................41
Галина ƏЛІМОВА
Жұмбақ та жұмақ ел ...................................................................................44
Достарыңызбен бөлісу: |