Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата16.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#4190
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Қансейіт Əбдезұлы

Бектұр Төлеуғалиев

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы 

Нұрлыбек Нəлібаев

Динар Нүкетаева

Мереке Құлкенов

Арман Қырықбаев 

Нұрлан Оразалин

Кенжехан Матыжанов

Əлішер Пірметов



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№7 (71)

2014


Талќы

Қазақстан Жазушылар одағында 

дəстүрлі жыл қорытындысы бо-

лып өтті. Жиынды Қазақстан 

Республикасы Парламенті Сенатының 

депутаты, Қазақстан Жазушылар 

одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан 

Оразалин ашып, кіріспе сөз сөйледі. 

Одан кейін кезек баяндамаларға берілді. 

Республика баспаларынан соңғы екі 

жылда жарық көрген кітаптар мен 

мерзімдік басылымдарда жарияланған 

прозалық шығармалардың, өлеңдердің 

ерекшеліктері заман ағымы орай-

ында талданды. Жанр-жанр жəне 

ұлт əдебиеттері бойынша баян-

дама жасаушылар мен жарыссөзге 

қатысушылардың ой-пікірлерін 

назарларыңызға ұсынып отыр-

мыз. Журналымыздың бұл санында 

Е.Жеңісұлының Жастар əдебиеті 

жөнінде жасалған баяндамасын ғана 

жариялап отырғанымызды ескертеміз. 

Қалған жанрлар бойынша баяндама-

ларды  «Үркердің»  www.urkerkaz.kz 

 

сайтынан оқи аласыздар.  

ЖАСТАР ƏДЕБИЕТТЕ 

ҐГЕЙ ЕМЕС

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ

Əдебиет əлеміне талаптанған жастарды қамқорлықсыз, 

қараусыз деуге əсте болмайды. Түрлі кештер, кездесулер өз ал-

дына, соңғы 6 жыл бойы мемлекеттік тапсырыс бойынша жас 

ақын-жазушылардың шығармалары «Жас толқын» сериясымен 

«Жалын» баспасынан тұрақты түрде басылып келеді. Бұл серия 


2

 *«Үркер»*№72014

2013 жылдан бері «Жазушы» баспасынан да жарық көре бастады. Соның нəтижесінде 6 жыл ішінде 

алғашқы жинағы шықпаған жас қаламгер жоқ деуге болады. Демек, кез келген жас талапкер 

қазір өзін Қазақстандағы əдеби процестің толыққанды қатысушысы сезіне алады. Бұдан бөлек, 

«Массагет.кз», «Мəссаған.ком», «Ұлт.кз», «Қалайсың.кз», «Айналайын.кз», т.б. жастардың сайт-

порталдарында  да  жастар  шығармашылығы  кеңінен  насихатталып  жүр.  2013  жылдың  орта 

тұсынан бері «Əдебипортал.кз» порталы іске қосылды. Мұнда да жастардың өлең-жырлары, 

новелла-əңгімелері молынан жарияланып, оқырман игілігіне айналуда. «Фейсбук», «Менің 

əлемім» əлеуметтік желілері де сонда тіркелген жас ақын-жазушыларының шығармаларынан 

бір босап көрген жоқ. «Ай-кітап.кз» порталы авторлардың шығармаларын жеке-жеке вирт-

уалды кітап үлгісінде жасап ұсынып жатыр. Компьютер алдында отырып-ақ, виртуалды 

кітапты кəдімгідей парақтап оқып шығуыңызға болады. Мұнда да жас қаламгерлердің жазған-

сызғандары аз емес. Шынын айтқанда, жастар шығармашылығының дəл осылай бұқаралық 

сипат алуы, қазіргі жарияланған дүниенің көзді ашып-жұмғанша төрткүл дүниеге таралып 

жауы бұрын болған емес. Жастар заманауи мүмкіндіктерді еркін пайдаланып, жаңа жазылған 

дүниені кейде өздері қайта қарап та жатпай, оқырман назарына ұсынуға асығады. Бұл тұрғыда 

оларды, əрине, компьютер дəуірінен ерте туған, ғаламтор қызығына ене алмаған аға буынға 

қарағанда əлдеқайда бақытты дер едік.

Осынша дүрмек, осынша дабыстан 

кейін «Жастар қазақ əдебиетіне қаншалықты 

жаңалық əкеле алды?» деген сұрақ өз-өзінен 

көлденеңдейді. Бірден айтуға тиіс нəрсе, əсіресе, 

прозада ауызды қу шөппен сүртудің қажеті жоқ. 

Жастар жазып жатыр, түрлі əдеби байқауларға 

да белсене қатысып, жүлделі болып жүр. 

Соңғы жылдары жасы отызға толмаған жас 

қаламгерлердің шағын новелла, əңгімелерге 

ғана емес, ірі жанрларға да қалам тарта бастауы 

сүйсіндіреді. «Жас толқын» сериясымен жарық 

көрген Арман Əлменбеттің «Режиссердің 

түстері» жинағына «Мимырт» романы ен-

ген. Бұл шығарма көлемі жағынан роман деу-

ге келіңкіремесе де, көтерген жүгі жағынан 

лайық. Сюжеті өте шымыр, композициясы жұп-

жұмыр шағын романда Арман бүгінгі заманның 

тақырыбын өте дəйекті көрсете алған. Əуелде 

құр тіршілікке алданған Морждың «қайтадан 

адамға айналу» процесі өте нанымды. Жас жа-

зушы адамшылық сипатын жоғалтып алған 

пенденің жан дүниесіндегі арпалыстарды 

əлем-жəлем бояусыз-ақ, иірімі мен ұйығына 

тартқан толғам-толғаныссыз-ақ көрсете ала-

ды. Бір қарағанда бір-біріне еш қатысы жоқ 

сияқты  көрінетін  үш  бөлімде  сюжеттік  линия 

өте нəзік қабысып жатыр. Екінші бөлімдегі 

Əділхан мен Балжанның тағдыр жолдары 

кілт үзіліп, баянсыз, дерексіз, тіпті із-түзсіз 

тұжырылғандай болып тұрады да, үшінші 

бөлімнің соңында бір ғана сөйлеммен «үкімі 

кесіледі». Сөз жоқ, Арманның «Мимырты» 

автордың шығармашылық мүмкіндігін молы-

нан көрсеткен шығарма болды. 

Алмас Нүсіптің «Барлау» деп аталатын 

жинағындағы шығармалардың кез келгені 

оқырманды баурай алады. Əуелі «Жұлдыз» 

журналында жарық көрген «Тай» хикаятын-

да сюжеттік желілер өте сергек. Шығарма 

аздап кібіртіктеп басталады. Тіпті «қалтаға 

арналған телефоным түндегі орны – кереуеттің 

бас жағына, еденге жайғасқан» деген мəселе 

көтерген мақала сарынындағы жауапсыздау 

құрылған сөйлемге көз жүгіртіп шыққасын, 

арғы жағы да осындай болуы кəдік деген 

сенімнен ажырамай біраз отырасыз. Бірақ 

Алмас оқиғаның негізгі бөлігіне ауысқанда 

сар желіп кетеді. Кейіпкері Тайбурылдың 

ғұмыры түгесілер тұстағы бір ғана оқиғамен-

ақ айналасындағы топтастарының, қатігез 


3

үлкендердің, арман-үміті желге ұшқан жас 

қыздың, ең бастысы, жанбай жатып-ақ сөнген 

жас адамның өмірлік миссиясын, пенделік 

аңсарын аңғартып өтеді. Біз өмір сүріп отырған 

дəуірдің бұрынғы, осыдан бар болғаны 20 

жыл бұрынғы уақыттан мүлде басқаша, мүлде 

қатігез, безбүйрек екенін байқата алады. «Ит» 

деп аталатын əңгімесіндегі кейбір шешімдері 

күмəнділеу болса да, Алмас уақыт ашып берген 

адамның хайуани, тағы болмысын шебер тал-

дайды. Жас жазушы кейіпкерлерінің табиғатын 

таниды, ең бастысы, өзі білетін, өзі көз 

жеткізген нəрселерді нанымды суреттей алады.

Мирас Мұқашевтің «Ақ шағала» прозалық 

жинағы да оқырман сүйсініп оқитын шағын 

əңгімелерге толы. «Ащы алма», «Меруерт», 

«Жетім шал», «Иттер де жылайды», т.б. 

əңгімелерінде Мирас бала күнгі елес-

естеліктерден шымыр байлам, ойлы шешім жа-

сай алған. Көршінің үйіндегі Меруерттің балдай 

тəтті қылығына бала болып сіз де алданасыз, сіз 

де елігесіз. Əңгіме соңында автордың жоғалып 

кеткен Меруертті үнемі іздеп жүретініне 

сенесіз, жаныңызда бір мазасыз əуен ызыңдап 

тұрып алады. 

Бейбіт Сарыбай өзінің «Мейірім» атты 

кітабында жазушылық қарымы қалыптасып 

қалғанын анық аңғартты. Мұнда балалықтың 

баянсыз естілігі де, өмір көрген жігіттің берік 

байламдары да, оқырманды бір қиырға бас-

тап бара жатып, шешімін екінші қиырдан 

бұлт еткізетін самдағайлық та бар. «Рауғаш 

ерте гүлдейді», «Бейкүнə күнəһарлар», 

«Өліара» əңгімелерінде балаңдық байқалады, 

бұл, əрине, жас қаламгердің əуелгі, түрлі 

эксперименттер жасап жүрген кездердегі 

дүниелері екенін бірден аңғарасың. Сосын 

«Темірдің жылуы», «Мейірім» əңгімелері басқа 

тараптарға шақырады. «Темірдің жылуы» 

шешімінің күрделілігімен, бірақ финалының 

ойнақылығымен қызықтырады. «Мейірімде» 

балалық шақтың естелігін бүгінгі көңіл-күймен 

əдемі байланыстыратын желі бар. Кейінгі жыл-

дары əдеби байқаулардың жүлделерін жеңіп 

алған «Қараторғай, «Ақтабан» хикаяттары 

оқырманның лайықты бағасына ие. 

Əдеби газет-журналдардан, əдеби портал-

дардан көрініп жүрген Ерболат Əбікенұлының 

тұңғыш кітабы биыл «Таңбалы» баспа-

сынан «Министр» деген атаумен жарық 

көрді. «Ақын», «Дамбал», «Министр», «Бір 

қой» əңгімелерінде Ерболат қоғамдағы 

келеңсіздіктерді, ретсіздіктерді сын садағына 

тəуір іледі. Бұл əңгімелерден оқырман жүрген-

тұрғаны көпке міндет, бірақ тындырған түгі жоқ 

ақынның, жылт еткенді қағып түсетін пысықай 

саудагердің, өзгенің қаңсығын таңсық көретін 

желбуаз жандардың, ел қамын жеген Едіге бо-

лып көрінетін, алайда арғы жағында бұдыры 

жоқ кейбір басшылардың образын дəл табады. 

Ерболаттың жазу стилі өте ойнақы, кейіпкердің 

басынан өтіп жатқан қиыншылықтарды 

оқырманға жеткізуде метафораны, сарказм-

ды өте еркін пайдаланады. Жинаққа енген 

«Бір балл» əңгімесінің көтеріп тұрған жүгі 

өте ауыр болғанмен, автордың мүмкіндігін 

толық көрсете алмаған. Өте жеңіл, мақала 

формасындағы дүние дер едік. Керісінше, «Елу 

теңге» əңгімесінде автор түймедей нəрседен 

үлкен түйін жасай алады. Жаңа ғана қоғамның 

мерездерін  аяусыз  сынап  келе  жатқан  жас 

жазушы дəл осы əңгімеде дəрменсіз, бірақ 

болашақтан үмітін үзбейтін, мейірімді, ба-

уырмал кейіпкерін алдыңызға тарта қояды. 

«Министр» кітабы Ерболат Əбікенұлының 

болашақтағы үлкен дүниелерінің бастауы деп 

қабылдадық.

Əлібек Байболдың «Теміржол вокза-

лы» кітабы оқырмандар арасында жақсы 

бағаланды. Əлібектің көп оқитыны, бұрынғы 

жазу стильдерінен бөлек жол іздейтіні əр 

шығармасынан аңғарылып тұрады. «Теміржол 

вокзалы», «Сағыныш», «Менің досым», 

«Жолаушы» əңгімелерінде жас автордың 

шешімдері соны, оқиға ширығысы сергек. 

Əлібек кітапқа енген пародиялық шығармалары 

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ. «Жастар əдебиетте өгей емес»


4

 *«Үркер»*№72014

арқылы бүгінгі дəуір шындығын жанама 

кейіпкерлер əрекетімен сəтті аша алады. Мұны 

да автордың өзіндік ерекшелігі деуге болады. 

Соңғы жылдары əдеби ортаға мейлінше 

танылған Мақсат Рамазанұлы, Дарқан 

Бейсенбекұлы, Қанат Əбілқайыр сынды жас 

жазушылар соңғы жылдары өнімді жұмыс істеп 

жүр. Дарқанның «Əулиеағаш жапырағындағы 

жас»  атты  кітабы  оның  беталысы  өте  жақсы 

екенін аңғартты. «Үмбет» əңгімесі шешімінің 

сонылығымен, оқырманды ойландырып тас-

тайтын жаңашылдығымен қызықты. «Ақ өлім» 

əңгімесінде оқиға өте динамикалы. Дарқан 

бір кейіпкердің басындағы оқиғаларды өткен 

күндердің елесімен сөйлем сайын дерлік алма-

стырады, оқырманды əрі-сəрі күйге түсіреді, 

бір сəттің түйінін келесі оқиғаның сюжеттік 

желісімен орайлы байланыстырады. Мақсат 

Рамазанұлының шығармаларында мистикалық 

сарын бар. Оқырманның тып-тыныш 

əлеміне ғайыптан, əлде басқа да тараптардан 

кейіпкерлер енгізе қойып, Мақсат жан дүниеге 

тау-тау толқындар əкеле алады. Мақсаттың 

кейіпкерлері жерлік емес. Қазір ғана алдыңызда 

монтиып жазу жазып отырған жазушы əп-

сəтте «жоғалып» кетіп, ортаға мүлде бейта-

ныс кейіпкер болып оралуы мүмкін. Қанат 

Əбілқайыр «Текес теріс ағады» атты кітабынан 

кейін де көп ізденіп жүр. «Атасының баласы», 

«Шал», «Жынды» атты дүниелері Қанаттың 

ізденістерінің оң екенін жақсы байқатты. 

Соңғы кездері əдеби порталдардан жиі көрініп 

жүрген Нұрлан Қабдай, Өміржан Əбдіхалық, 

Қанат Тілеухан, Есболат Айдабосын, 

Нұрлан  Құмар,  Жандос  Байділдə  сияқты  жас 

жігіттердің алды хикаят жазып та үлгерді. 

Аягүл Мантаеваның ойлы əңгімелері де əдеби 

порталдардан жиі болмаса да көрініп қалады.

Жалпы алғанда, проза жанрында жастардың 

ізденісі жаман емес. Ең қиыны, осы салада 

бақ сынап жүрген жастардың басым бөлігі 

журналистиканың қара жұмысына жегулі. 

Тіпті кейбіреуі телеарналардың жаңалықтар 

қызметінде еңбек етеді. Мұның бəрі жас 

қаламгерлердің жазуына əсерін тигізетіні бе-

сенеден белгілі. Сондықтан да болар, кейбір 

жас авторлардың шығармаларында кешірімсіз 

тіркестер, мақсатсыз сөздер мен сөйлемдер өріп 

жүреді. «Бармайм, келмейм» сияқты ауызекі 

сөздердің де кей шығармаларға аяусыз еніп 

кететіні өкінішті. Жас авторларға тəн тағы бір 

кемшілік – диалогтарда қазіргі қолданыстағы 

орысша сөздерді айна-қатесіз беретіндігі. Бұл 

кейіпкер сөздерінің пəрменділігін арттыр-

са  арттыратын  болар,  дегенмен  шығарманың 

құнын бəрібір түсірмей қоймайды. Анайы 

сөздерді де сол күйі жаза салатын жас жазу-

шылар жоқ емес. Əдеби-көркем дүниелерге 

«ойлануда», «қарастыруда» деген сияқты 

журналистикада əбден таптаурын болған ора-

лымдарды да мүдірмей кіріктіре беретін ав-

торлар бар. Санада түгелдей орысша түзілген 

сөйлемді қазақшаға сол күйінше қотара салып, 

жаңалық ашатын тұстары да жоқ емес. Жалпы 

алғанда, қазіргі жас қаламгерлердің дəуір 

шындығын ашып көрсетуге талпынысы ұнады. 

Бірақ кейде тарқата түсер тұстардан желіп өте 

шығатындары, керісінше, кейде қажетсіз тал-

дауларды көбейтіп, малтадай езетіндері де жоқ 

емес. 

Біз жоғарыда проза жанрында қалам тар-



тып жүрген жастардың өзіміз байқаған жақсы 

жағын сөз етуге тырыстық, алайда олардың 

кез келгені сөзбен жұмыс істемей болмайды. 

«Жалын», «Жазушы» баспалары жас 

прозашылардың жинағын «Жас толқын», 

«Жанартау» атауларымен кітап етіп басты-

ру  ісін  де  қолға  алғалы  біраз  жылдың  жүзі 

болды. «Алтын қыран» қайырымдылық 

қоры екі жыл сайын алты автордың кітабын 

шығару  ісін  қолға  алды.  Осы  алты  автордың 

ішінде жасы 35-ке жетпеген кемі екі жас 

жазушының үнемі болуы бізді де қуантады.

Соңғы жылдары жарық көрген жас қаламгерлер 

кітаптарының арасында поэзияның үлес 

салмағы əлдеқайда басым. Жоғарыда атап 


5

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ. «Жастар əдебиетте өгей емес»

өткен «Жас толқын» сериясымен күні 

бүгінге дейін кемі 50-ге жуық жас ақынның 

тұңғыш жинақтары жарық көріпті. Бұл жаман 

көрсеткіш емес. Осы 50-дің арасында есімі 

оқырман аузында жиі айтылып жүргендері 

де, мүлде еленбей қалғандары да бар. Бұл – 

заңдылық. Дегенмен, жас ақындардың тала-

бын ұштап, жазған-сызғандарының жинақ 

болып шығуына жол ашып беріп отырған 

мемлекеттің қамқорлығын да айтпай кетуге 

болмайды. Оның сыртында, облыс-облыстар-

да жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарын 

шығару мəселесі жақсы қолға алынды. Осының 

нəтижесінде жергілікті жерлерде-ақ жас 

ақындардың əдеби ортаға танылуы жақсарды. 

«Дəстүр» баспасы 2013 жылы «Дала дарыны» 

сериясымен 14 поэзиялық жинақ шығарды. Осы 

кітаптарға аймақтардағы ақындардың барлығы 

дерлік енді. «Жайықтың толқындары», «Ертіс 

əуендері», «Алтай айшықтары», т.б. жинақтарда 

жас ақындардың шығармашылығына мол 

орын берілген. Демек, бүгінгі жас ақындардың 

ешқайсысы насихатсыз қалып жатқан жоқ.

«Жас толқын» сериясымен соңғы екі жылда 

Ербол Алшынбайдың – «Құлан ауған», Ұмтыл 

Зарыққанның – «Бозжусан бүр жарғанда», Хамит 

Есаманның – «Қараша хаттары», Мирас Асанның 

– «Бекзат», Ержан Жұмабектің – «Шексіздік 

шұғыласы», Алтыншапақ Хаутайдың – 

«Қаламымнан сағынышым сырғанап...», 

Гүлжайнар Қалдинаның – «Əке əлдиі», Ерғали 

Бақаштың – «Жастық жалыны», Жанат 

Жаңқашұлының – «Тəңір таңбасы», Бауыржан 

Əліқожаның – «Айтұма», Олжас Сəндібектің 

– «Уəде», Мақпал Мысаның – «Мен керекпін», 

т.б. авторлардың кітаптары жарық көрді. 

Жас ақындардың қамтитын тақырыптары өте 

бай. 

Ашынған ашулы келбетін, 

Жасырмай аспанға атқылап.

Жатады...

Фонтан-ау, біздердің

Ағатын арнамыз жоқ, бірақ, – деп жыр-

лайды А.Хаутай. 



Мұз айдынға барып ем, мұң арқалап,

Бір періште жылап тұр сыңар қанат.

Жүрегінің жарасын жырмен үрлеп,

Үмітіне жібердім тұмар қадап, – 

деп жазған Ж.Жаңқашұлы сол 

періштенің мұз айдынынан шығып кет-

кен соң мүлде бөтен жанға айналатыны-

на мұңданады.

Мендік ғұмыр ақындау менен гөрі,

Елік көңіл сəт сайын елеңдеді.

Мен өлеңді жазбайтын секілдімін,

Жазып жатқан секілді Өлең мені, – 

дейтін М.Мысаның өлеңдерінде керім 

еркелік бар.

Бір орамал бермедің кестелеп те,

Тағу қиын, білемін, тағдырға мін.

Суретің де қалған жоқ естелікке,

Естелікке – сағыныш қалдырғаның, – деп 

сағынады О.Сəндібек.



Шыңдалып балаң бұл күн жүр 

сындардан,

Қол созып зеңгір көкке құлшынды 

арман.

Өрінен табам орын, уайымдама,

Көрінем əлі-ақ, апа, кіл шыңдардан, – 

деген Б.Əліқожаның үміті мен сенімі 

барлық талапкер жастың бойында жүрсе 

екен дейсің.



Беймезгіл уақ.

Тереземді қақ келіп,

Сағынысқан, сыбырласқан сəт делік.

Мен болғанда қылығы наз, тəтті елік,

Сен тұрарсың қиялыма шақ келіп, – деп 

Г.Қалдина қарға сыр шертеді.



Үмітсіз сөнген сезімге не етем?

Жас болып тұрсам көзіңде бөтен – 

Кешір де мені, кірпігіңнен үз,

Мен солай, жаным, сені іздеп өтем.

Сағындым, – 

дейтін М. Асанның шабысы бөлек.

«Алтын қыран» қорының демеушілігімен 

шыққан кітаптар арасында А.Тасқараның 



6

«Жусан қыз», Қуаныш Медеубаевтың «Қара 

жəшік», Жанар Əбсадықтың «Сезімдер мау-

сымы» жинағы да көпшілік назарын аудар-

ды. Ал жақында «Фолиант» баспасынан қазақ 

кітабы тарихында тұңғыш рет «туинбук» – егіз 

кітап жарық көрді. Ақберен Елгезек, Ерлан 

Жүніс сынды ақындар ұсынған егіз кітап 

«Ғаршы» жəне «Ғаусар» деп аталады. Ақындық 

қарымын байқатқан қос ақынның бұл ерек-

ше жинағы Алматы жəне Астана қалаларында 

таныстырылып, оқырман игілігіне айналды. 

Жергілікті жерлердегі Табиғат Абайілдаев, 

Бақытгүл Бабаш, Бауыржан Қарағызұлы, 

Айдар Сейдазым, т.б. ақындардың өлеңдері 

əлеуметтік желілерден жиі көрініс таба-

ды. Тұңғыш жинақтары осыдан 3-4 жыл 

бұрын жарық көрген Құралай Болатханқызы, 

Олжас Қасым сияқты жас ақындар да 

жаңа өлеңдерін ғаламтор желісі арқылы 

оқырмандар назарына жиі ұсынып тұрады.

«Мəссаған», «Массагет», «Ұлт» порталда-

рында, «Əдеби порталда» жас ақындар жыры 

оқырман назарына ұсынылып қоймай, пікір 

жазып қалдыруға, бағалауға да мүмкіндік 

жасалған. Сол пікірлермен таныса отырып, 

біз бүгінгі жас ақындардың өлеңдері үнемі 

оқырман назарында екенін сезінеміз. Кейбір 

жақсы өлеңдерді, əдемі шумақтарды арнайы 

безендіріп, əлеуметтік желілерге салып қоятын 

оқырмандар да бар. Соңғы жылдары ақындар 

өздерінің сайтын ашуды да үрдіске айнал-

дыра бастады. А.Елгезектің «Ақберен.ком» 

сайты, Мақпал Жұмабайдың «Мақпалшер» 

сайты бұл күнде ғаламтор қолданушыларына 

тұрақты қызмет көрсетіп келеді.

Қысқаша айтқанда, бүгінгі өлең, бүгінгі жас-

тар поэзиясы оқырман назарынан тыс емес. 

Қайта бұрынғысынан да етене, бұрынғысынан 

да жақын. Жас ақындардың кей өлеңдерінде 

жаңа тіркес, жаңа сөз жасауға тырысып, сөз 

табиғатын бұзып алатыны, «келмей ма, жүрмей 

ма» деп ұйқас үшін сұраулық шылауларды 

ретсіз, үндестіксіз пайдаланатыны байқалмай 

қалмайды.  Ең    жақсысы,    қазіргі    жастар                

поэзиясында қазақ жырының ғасырлардан та-

мыр тартқан тамаша үндестігі бар.

 *«Үркер»*№72014

Айтулылар айтқан сөз

Романтизм доставит найбольшее наслаж-

дение. Классицизм наоборот доставляла най-

большее наслаждение их прадедам.

Оберегая свою духовную свободу, он при-

бегает к эготизму как своего рода лекарству. 

Стендаль.


7

Айтарым бар

Қазір қандай өнер саласында болма-

сын, «жаңа тақырып жоқтың қасы...» сынды 

пікірлер көбейіп кеткені рас. Мен бұнымен 

толық келіспеймін. Біздің бүгінгі күнделікті 

өмірімізде үлкен орын алып жатса да, 

тиісті дəрежесінде не бұқаралық ақпарат 

құралдарында, не шығармашылық өрісте 

көрініс таппай жатқан тақырып баршылық. 

Солардың бірін мен өзіміздің «Шабыт» 

шаңырағында оқып жүрген болашақ драма-

тургтер мен режиссерларға ұсынбақпын. 

Шамамен 15 жыл бұрын «электрони-

ка кезеңі» деп атауға келетін ғасыр да емес, 

тұтастай бір мыңжылдық, бүтін бір дəуір 

басталған-тұғын. Бүгінгі «Нетбук» сынды 

ықшам компьютерден бастап, ең жаңа план-

шетке дейін қаншама ақпараттық-техникалық 

жаңалықтар бізді өз саналуандығымен жыл-

дан жылға қуантып келуде. Тіпті, кеше 

 

ғана  таңсық  болған  «интернет»  деген  ұғым 



бүгінде «микротолқынды пеш» немесе «теле-

дидар» сияқты үйреншікті заттардың бірі бо-

лып кетті. Қазіргі таңда, осындай өмір сүру 

формасының көбінесе жағымды жақтарын 

атайды  Ол, ең алдымен, жылдамдық пен 

ыңғайлылылық. Алайда, бұл жерде біз 

Ќайда ќарап 

жїрміз, 


ќаламгерлер-ау?...

8

 *«Үркер»*№72014

ойлағаннан немесе ойлағымыз келгеннен 

əлдеқайда терең əрі нəзік мəселенің екінші 

тұсы да бар. Кез-келген құрал (əсіресе бүгінгі 

жаһандану аясындағы қуатты ақпараттық-

электронды жүйе) өткір пышақ іспеттес. Оны 

сақ пайдаланбаса қауіп туғызуы мүмкін.

Менің айтқым келгені, өнерде болсын, 

баспада болсын əділетсіз түрде назардан тыс 

қалып жатқан бір тарихи ақиқат бар. Ол 90-шы 

жылдардың бірінші жартысында Қазақстанда 

туылған ұрпақтың (жаһандық үрдіске ілескен 

елдер арасындағы) «электронды емес» 

дəуірді көріп үлгерген «соңғы буын» екендігі. 

Неліктен осы маңызды жайт өнер саласын-

да оригинал шығармалар мен тың идеялар 

ретінде көрініс таппай жатыр? Сюжеттердің 

көбісі таза мелодрамалық немесе «батыстық» 

үлгідегі экшн сарынына еліктеу бағытында 

болып тұр. 

Құрдастарым еске түсірсе, біздің 

балалық шақ əлдеқайда табиғи жəне 

баяндырақ еді. Осыдан 15-20 жыл бұрынғы 

есік алды ине шаншар жері жоқ автотұрақтан 

гөрі саялы баққа немесе балабақша 

алаңқайына көбірек ұқсас болатын. Ол кездің 

жастары қазіргідегідей ғаламтордағы дайын 

өнімді ойланбастан көшіре салмай, қажетті 

ақпаратты сөредегі оқулықтардан зейін 

сала іздеуші еді. Ал рухани азықты 100-ден 

астам «коммерциялық» арнасы бар теле-

дидардан емес, көбінесе ата-анасы сақтаған 

көркем əдебиеттен іздеуші еді. Жалқылыққа 

жəне «қанішерлікке» баулыған виртуалды 

ойындардың орнына таза ауадағы салауатты 

ойындар мен үстелде ойнайтын интеллек-

туалды ойындар пайдалы да қызықты еді. 

Əрі ұжымда қарым-қатынас жасауға жəне 

достыққа тəрбиелеуші еді. Уақыт-сағатымен 

ғана бағдарламалар көрсететін бар-жоғы 

5 арнада бір күнде бір рет кеңестік бол-

са да, «мейірімді» мультфильм көрсетуші 

еді. Ешқандай «ұсқынсыз əрі ақымақ теңіз 

өсімдіктерін» кейіпкер етіп алған шетелдің 

24 сағаттық арналары əлі жоқ болатын. 

Бос уақытта жəне мерекелерде ата-əжеге, 

туыстарға жəне барлық көршілерге қонаққа 

немесе солармен бірге қыдыруға бару сияқты 

жақсы «дəстүрлер» болатын. Міне, осындай 

«виртуалды емес» өмір болған кезең, сол кез-

де болған адамдар неліктен бүгінгі өнерден 

тақырып ретінде əлі толық табылмай жатыр?.. 

Ең бастысы, ол кезде адамның (əсіресе, 

жастар мен балалардың) жеке уақыты мен 

кеңістігі, жеке назары мен қызығушылығы 

өзінің ғана «меншігі» іспеттес болатын. 

Ал қазір сол «меншіктің» көп бөлігін 

электрондық-ақпараттық техникалық 

құралдар: ұялы телефондар, интернет, 

əлеуметтік желілер, спутниктік телеарна-

лар,  айфондар  жəне  т.б.  «ұрлауда».  Жəне 

бұл мəселе күшеюде. Демек, біздің замандас 

адамның бейнесі 15 немесе 20 жыл бұрынғы 

адам бейнесінен гөрі ой-сана, психикалық 

(тіпті физикалық) жəне ақпараттық иммуни-

тет жағынан əлдеқайда əлсіз жəне қорғансыз 

болып көрінетіні түсінікті. Осының барлығы 

болашақ əдеби, драматургиялық, театр неме-

се кино сюжеттер үшін аса құнарлы өріс.

 Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай 

түйіні: əзірше бұл мəселені шеше алмасақ та, 

уақытты артқа жылжыта алмасақ та, ретін та-

уып осы шындықтарды негізге ала отырып, 

тақырып ете отырып, өнер туындыларын 

неге жасамасқа!? Жəне неғұрлым қызықты, 

нақты жəне ерекше жағынан неге осы ойды 

жеткізбеске!? Тілшілер айтар... ұмытылар. 

Саясаткерлер айтар... ұмытылар. Өнер адам-

дары айтар... мəңгі бақи ел есінде қалар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет