Зерттеудің нысаны 1991 жылдан басталған шетелдегі қазақ диаспорасы
мен ириденттерінің тарихи отанына оралуы, қоғамдағы оралмандар мәселесінің
қазақ баспасӛзінде ӛзекті тақырыпқа айналу кӛрінісі зерттеліп, жұмыстың
нысаны ретінде алынды.
Зерттеу жұмысының пәні Қазақ диаспорасының тарихи отанына оралу
және қазақ баспасӛзіндегі оралмандар мәселесін тарихи тұрғыда зерттелуі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ диаспорасының
тарихи отаны Қазақстанға оралуы тарихын бүгінгі тарих ғылымы талабына сай,
жаңа методологиялық кӛзқарас тұрғысынан талдау жасай отырып, баспасӛзде
оралмандар мәселесінің қозғалуын зерделеу жұмыстың басты мақсаты болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін тӛмендегідей міндеттер қойылды:
- шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирриденттерінің қалыптасу тарихы,
олардың біртұтас қазақ ұлтының ажырамас бӛлігі екенін дәйектеу және оларды
тарихи
отанына
тарту,
кӛшіп
келгендерді
оңтайлы
орналастыру
мемлекетіміздің ұзақ мерзімді стратегиялық саясаты екенін және бүгінде
атқарылып жатқан барлық іс-шаралардың нәтижесін айқындау;
- Қазақстанның озық ойлы зиялыларының, қазақ тілді басылымдардың
қашан да алыстағы ағайынды назардан тыс қалдырмағанын, кеңестік әміршіл-
әкімшіл жүйе тұсында да оларға қол ұшын беру, олармен мәдени-рухани
қарым-қатынас жасау мәселесінің қазақ зиялылары тарапынан ұдайы ӛзекті
болып келгенін зерделеу;
- ҚР Президенті Н. Назарбаевтың, ұлт зиялыларының тың бастамаларының
арқасында мемлекеттік қолдау мен шетелдердегі қазақтардың атамекенге,
тарихи отанына оралу мүмкіндігіне ие болғанын және ол мәселелердегі қазақ
баспасӛзінің рӛлін ашып кӛрсету;
12
- шетелдердегі қазақтарды ата қонысына қайтару саясатындағы қол
жеткізген
табыстар
кӛлеңкесінде
шоғырланған
қиыншылықтар
мен
келеңсіздіктерді зерделеудегі қазақ баспасӛзінің орнын дәйектеу;
- тарихи деректер мен ресми құжаттарға, баспасӛз материалдарына талдау
жасай отырып, оралмандардың қазақ ұлтының ӛсіміне, басқа ұлттармен
салыстырғандағы үлес салмағының артуына тигізетін оң әсерін бағалау;
- кӛші-қондардың халықтың әлеуметтік-кәсіби құрамына тигізген әсерін
анықтау;
- қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделуіне, әлеуметтік мәселелердің
шешілуіне талдау жасау және осыған қатысты Қазақстан Республикасының
заңдары мен құқықтық нормативтік актілеріне ӛзгертулер мен толықтырулар
жасауды қажет ететін тұстарын айқындау.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Оралмандарды қабылдау және
жерсіндіру бойынша келелі жұмыстар атқарылды. Мұның барлығы Қазақстан
Респуликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кӛші-қон
комитеті мен оның жергілікті департаменттерінде, Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығында, басқа да құзырлы мекемелерде (статистика, кӛші-қон
полициясы т.б) және мемлекеттік мұрағаттарда, дерек ретінде хатталып қалды.
Алайда, зерттеу жұмысының басты негізі болып отырған қазақ баспасӛзі,
аттап айтсақ «Егемен Қазақстан», «Түркістан», «Қазақ Елі», «Ана тілі», «Жас
алаш», «Заң», «Айқын», «Кӛш», «Дидар», «Атамекен», «Алтын Орда»,
«Ақиқат», «Отан тарихы», «Қазақ ӛркениеті», «Жұлдыз», «Фемида», «Алтын
бесік», «Шалқар» т.б. ағымдағы ақпарат құралдарының материалдарын
оралмандар мәселесін қарастыруда тың дерек ретінде қолдануға негіз болды.
Атап
айтқанда
басты
дерек
кӛздері
тӛмен-дегідей:
Ақпарат
құралдарындағы баспасӛз мәліметтері. Бұл санатқа еліміз тәуелсіздік алғаннан
кейінгі қазақ басылымдарда жарияланған кӛші-қон тақырыбына қатысты түрлі
тақырыптағы мақалалар мен хабарлар, үкіметтік қаулылар т.б. кіреді. Мұрағат
құжаттары мен нақты статистикалық деректер: Қазақстан Республикасының
Орталық Мемлекеттік мұрағатының қорлары және Қазақстан Республикасының
Президентік мұрағаты мен Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағаты.
Сондай-ақ деректер Семей қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық
Қазіргі заман тарихы құжатнамасының орталығынан да алынды. Мұрағат
деректері мен зерттеу еңбектерден шетелдегі этникалық қазақтардың
атажұртына қоныс аударуы 1955-1962 жылдар арасындағы ҚХР-нан ауа кӛшіп
келгендер және 1990 жылдардан басталған «Ұлы кӛшпен» шектелмейтіндігін,
бұдан бұрын да қандастарымыздың ұйымдасқан түрде қаулы, жарғы ресми хат-
қатынастар:
Шеттегі ағайындар туралы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, ҚР
шетелдегі дипломатиялық ӛкілдіктерінің жазған хаттары да мұрағатта
сақталған. 1991 жылдардан бастап, Қазақстанға кӛшіп келген оралмандар саны
баспасӛз беттеріндегі түрлі деректерден емес, нақты статистикалық
мәліметтерден алынып, диаграммалар жасалды. Елге келген оралмандардың
әлеуметтік мәселесі, мәдени-рухани ӛміріне байланысты деректер осы
13
тақырыпты негізгі бағытына айналдырып, үзбей насихаттап келген қазақ
баспасӛздерінде жарияланған материалдардан алынса, оралмандардың
құқықтық мәселесіне қатысты деректердің кешені «Халықтың кӛші-қоны
туралы» заң 1997 жылы және 2002, 2009 жылдардағы осы заңға енгізілген
ӛзгерістер мен толықтырулардан қаралды.
3. Демография және кӛші-қон мәселелеріне арналған топтамалар мен
зерттеу т.б. материалдар. Бұл санаттағы материалдарды шетелдегі қазақ
диаспорасы мен Қазақстанның кӛші-қон және демографиялық мәселелеріне
арналған арнайы зерттеулер құрайды. Олар осы мәселе туралы жан-жақты
мәлімет алуымызға және кӛші-қон үрдісін ғылыми тұрғыдан жүйелеуімізге
негіз болды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Кӛші-қон үрдісіне қатысты
баспасӛз материалдары, мұрағаттық деректер, әр кездегі зерттеулер теориялық
және сыни кӛқарас тұрғысынан талданып, кеңінен пайдаланылды. Қаралған
мәселелелерді ғылыми тұрғыда ашып кӛрсету үшін тарихи зерттеудің
логикалық тәсілімен тығыз байланысты тарихилық, объективтілік, жан-
жақтылық сияқты негізгі методологиялық ұстанымдарын басты назарға алдық.
Зерттеу барысында оралмандар мәселесінің әлі де күрделілігіне және
шетелдегі қазақ диаспорасының ауқымды болуына, олардың тарихи отанына
оралуына байланысты ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа кӛзқарастар,
түрлі ұсыныс-тілектер басшылыққа алынды. Сондай-ақ, оралмандармен
пікірлесу, олардың ортасында болып, күнделікті ӛмір-тіршілігіндегі ӛзекті
мәселелердің мән-жайына үңілу арқылы, олар кездесіп отырған мәселелер
шынайы қарастырылды. Зерттеу барысында жинақтау, қорыту, сондай-ақ
диалектикалық, статистикалық, демографиялық, логикалық, салыстырмалы
талдау т.б. әдістемелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеуде 1991 жылдан
басталған қазақ кӛшінің қазірге дейінгі аяқ алысы мен ауқымы, сипаты,
нәтижесі, оған қазақ басылымдарының әсері сараланады. Сол себепті
зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2009 жылдар аралығындағы 18
жылдық кезеңге арналған. Зерттеу жұмысында тәуелсіздікке дейінгі кездердегі
шетелдегі қазақтардың Қазақстанға оралу тарихына да шолу жасалды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертацияда шетелдегі
қазақ диаспорасының тарихи отанына оралуы және қазақ баспасӛзіндегі
оралмандар мәселесінің кӛтерілуі алғаш рет кешенді қарастырылған және
тарихи зерттеулердегі, баспасӛздегі түрлі мәліметтер мен мұрағаттардағы
деректерді бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттеудің нәтижесінде
тӛмендегідей жаңа, нақтылы, ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:
- зерттеу жұмысында алғаш рет шетелдердегі этникалық қазақтардың
ӛздерінің тарихи отанына оралу үрдісі жан-жақты зерттелген, шетелдегі
қандастарымыздың атажұртына оралу тарихының тек бүгіннен ғана бастау
алмағаны, ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың сексенінші жылдарының соңына дейін
әр кезең, әр жылдары мұндай үрдістің заңды немесе заңсыз түрде әлденеше рет
болғаны кӛрсетілді;
14
- шетелдегі қазақ диаспорасы мен ирридентерінің тарихи әділетсіздік
озбырлығы салдарынан ӛз еріктерінен сырт мәжбүрлі түрде шетелдік болып
қалғаны ашып кӛрсету;
- алғаш рет қазақ баспасӛзінде шетелдегі қазақтар мен олардың тарихи
отанына оралу үрдісі, оралмандарды жерсіндіру, квотамен, тұрғын үймен және
жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік жеңілдіктер қарастыру туралы
жарияланған материалдар сараланды және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі
шетелдегі қандастарымыздың тарихи отанына оралу үрдісінің жалпы
барысына, қарқыны мен ауқымына, кӛші-қон үрдісінің ұйымдастырылуына
талдау жасалған;
- баспасӛз негізінде оралмандардың құқын қорғайтын заңдар мен
нормативтік құжаттардың әлеуеті және олардың жүзеге асуы сарапталған және
оларды жетілдіруге байланысты тұжырымдар дәйектелген;
- шетелдердегі этникалық қазақтардың елге оралуының тарихи, әлеуметтік-
экономикалық және саяси маңызы кӛрсетіліп, оралмандардың отаншылдық
тәрбие мен еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы, отаршылдық
үстемдік езгі тұсындағы ұмыт бола бастаған ұлттық салт-дәстүрмізді
жаңғыртудағы, тілімізді, дінімізді әспеттеудегі мәдени-рухани ӛмірімізге
қосқан үлесі нақтыланды;
- оралмандардың келуіне байланысты Қазақстан халқының табиғи және
механикалық ӛсімі, сонымен бірге облыстар кӛлеміндегі ел-жұрттың ұлттық
құрамы туралы мәліметтерді және республикадағы кӛші-қон үдерістерінің
ағымдағы есебінің кейбір кӛрсеткіштері мұрағат қорларын пайдалану арқылы
тұңғыш рет ғылыми айналымға енгізіліп отыр;
- шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отаны Қазақстанға оралуына
байланысты ғылыми еңбектер, баспасӛз материалдары, мұрағат құжаттары
тарихнамалық тұрғыда зерделеніп, кӛші-қон үрдісін зерттеу бұрын
ескерілмеген тың деректермен толықтырылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу жұмысында
еліміздегі кӛші-қон үрдісін одан ары жетілдіру, оралмандар мәселесін тиімді
шешу, аталмыш мәселелердің қазақ баспасӛзінде ұдайы кӛтеріліп, билік пен
арадағы шынайы дәнекерге айналуы туралы тӛмендегідей тұжырымдар
жасалды:
- қазақ баспасӛзіндегі оралмандар мәселесі тарихи тұрғыда жан-жақты
талданып, ӛзіндік баға берілді.
- Қазақстан тәуелсіздік алған соң шетелдердегі этникалық қазақтардың елге
оралуы бұрын болып кӛрмеген деңгейде қарқын алды және осының
нәтижесінде республикада қазақтардың үлесі ӛсе бастады;
- еліміздің егемендік жағдайында шетелдегі қазақ диаспорасын кӛшіріп алу
мәселесін ұлттың стратегиялық жоспары ретінде қарап, бұл істе мемлекеттік
реттеуді одан әрі жетілдіру, «Нұрлы кӛш» бағдарламасы негізінде бірыңғай іс-
шаралар кешенін қалыптастыру қажет;
- шетелдегі этникалық қазақтардың елге оралу тек келуші оралмандар үшін
ғана жасалып жатқан шара емес, тұтас Қазақстанның саяси-экономикалық және
15
мәдени әлеуетін арттыру үшін де жасалып отырған аса маңызды стратегиялық
саясат ретінде қарастырылып, қазақ баспасӛзі осы мақсатта үгіт-насихат
жұмыстарын жүргізуі қажет;
- баспасӛз материалдарын сараптау арқылы кӛшіп келуші ағайындардың
психологиялық жағдайына кері әсер ететін факторлардың қатарына елімізде
біршама жайған бюрократтық, жемқорлық және мигрантофобиялық (кӛшіп
келушілерді жақтырмау) іс-әрекеттерді жатқызуға болады;
- қазақ баспасӛзінде қанша мәрте жазылғанымен, шетелден келген
оралмандардың біліктілігін, зияткерлігін пайдалану, тілдік кедергілерге
қарамастан оларды мамандығына сай орналастыру, қарапайым шаруаларды
ортаға бейімдеу, жұмыспен, жермен қамтамасыз ету әлі де оң шешімін таппай
келетін мәселелер екендігі анықталды;
- бүгін де Қазақстан Республикасының «Халықтың кӛші-қоны туралы»
Заңы мен басқа да заң талаптарына сәйкес, оралмандардың құқын қорғауға
қазақ баспасӛзі әлі де белсенділік танытуы тиіс. Баспасӛздегі сыни материалдар
бойынша шара қолдануға, қателіктерді, кемшіліктерді түзетуге мемлекеттік
органдар құлықсыз болып келеді.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысы Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және шетелдер тарихы
кафедрасының мәжілісінде 2010 жылы 28 маусымында қаралды, 2010 жылы 16
қыркүйекте Мемлекет тарихы институты Индустриалды-инновациялық даму
және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бӛлімінің кеңейтілген мәжілісінде
талқыланды. 2010 жылы 6 қазанда осы институттың ғылыми-теориялық
семинарының кеңейтілген мәжілісінің қорытындысы бойынша БД 53.33.02
Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылды.
Тақырыпқа байланысты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Шетелдегі
қазақ диаспорасының дайындық бӛлімінде арнайы курстар ӛткізіледі.
Диссертацияның негізгі мазмұны ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті бекіткен 4 ғылыми басылымда және басқа да баспасӛз
беттерінде, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-
практикалық конференциялар жинақтарында 7 мақала басылған.
Зерттеу жұмысының сыннан ӛтуі. Зерттеу жұмысы Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан және шетелдер тарихы
кафедрасының мәжілісінде 2010 жылы 28 маусымында қаралды, 2010 жылы 16
қыркүйекте Мемлекет тарихы институты Индустриалды-инновациялық даму
және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бӛлімінің кеңейтілген мәжілісінде
талқыланды. 2010 жылы 6 қазанда осы институттың ғылыми-теориялық
семинарының кеңейтілген мәжілісінің қорытындысы бойынша БД 53.33.02
Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылды.
Тақырыпқа байланысты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің Шетелдегі
қазақ диаспорасының дайындық бӛлімінде арнайы курстар ӛткізіледі.
Диссертацияның негізгі мазмұны ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитеті бекіткен 4 ғылыми басылымда және басқа да баспасӛз
16
беттерінде, сондай-ақ халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-
практикалық конференциялар жинақтарында 7 мақала басылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы тақырыптың мақсаты
мен міндеттеріне сәйкес кіріспеден, негізгі мәселені қарастырған 3 тараудан,
қорытынды бӛлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
17
1
ТӘУЕЛСІЗДІК
ҚАРСАҢЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДЕГІ
ҚАЗАҚ
ДИАСПОРАСЫ
1.1 Шетелдегі қазақ диаспорасының Отанына оралу тарихы
Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, дүние жүзінде 3000-нан астам ұлт-
ұлыстар ӛмір сүретін кӛрінеді. Қоғамның мешеу дамыған формацияларында
ұлттар мен ұлыстар бір-бірімен араласпай, дербес ӛмір сүргені тарихтан белгілі.
Үнемі ӛсіп-ӛркендеу, қозғалыс, ӛмір сүрудегі қажеттілік барысында
диалектикалық заңдылыққа сәйкес, әуелі кӛрші рулар бір-бірімен араласып,
алыс-беріс жасап, қоғамдық қатынасқа түссе, заман ӛте келе бұл үрдіс кең етек
алып, араластық, жалпылық сипатқа ие болды. Бұған адамзат арасындағы
экономикалық қарым-қатынас негіз болды. Ал саясат адамзаттың бір-бірімен
аралас-құралас болуына одан да күшті әсер етті. Басқаны айтпағанда жарты
әлемді жаулап алған Шыңғысхан бастаған ХІІІ ғасырдағы Монғол
шапқыншылығы Азия мен Еуропаның қаншама ұлт-ұлыстарын бір-біріне
араластырып, бір-біріне тәуелді еткені тарихтан белгілі. Ал әлемге жаһандану
үрдісін мықтап орнықтырған ХХ ғасыр дүниенің әр түкпіріндегі сан мыңдаған
ұлыс, ұлттарды мидай араластырып жіберді. Бір-біріне тәуелді етті. Бүгінгі
таңға ӛзгеге тәуелді емес құралып, жеке дара ӛмір сүріп жатқан бірде-бір ел
жоқ. Қай елде болмасын негізгі ұлттың сыртында ұлттық диаспоралар бірге
ӛмір кешіп жатыр. Бұған жоғарыда айтқанымыздай саяси-қоғамдық,
экономикалық факторлар әсер еткені даусыз. Қазақ халқы да осы бір жаһандық
үрдістен тысқары қалған жоқ.
Әрине, әр ұлт ӛкілдері қатар ӛмір сүріп жатқан қоғамдық ортада ӛзекті
мәселелер туындамай тұру да мүмкін емес. Соның ішінде монғолдар құрған
Алтын Орда, Ақ Орда мемлекеттерінің ыдырауы нәтижесінде, сонау ХV
ғасырдың ортасында Жәнібек, Керей хандарының бастауымен дербес мемлекет
құрған қазақ хандығы басынан сол заманнан бергі бірде-бір дәуірде қиындық
арылмағанын тарихтан жақсы білеміз. Бұл мәселелердің күшейе түсуі XVІІ
ғасырдан басталған Жоңғар шапқыншылығы дәуірі болса, XVIIІ ғасырдан
басталған Ресейдің отаршылдық саясаты қазақ халқының басындағы
қиыншылықты шарықтау шегіне жеткізді. Қазақ бас бостандығынан толықтай
айырылып, Ресейге бодан болды. Байырғы ата-бабаларымыздың мекен етіп,
тіршілік кешкен жерінінің айырылды. Алмағайып заманда қалған жеріне де
толық қожалық ете алмады, аты қазақтың жері болғанымен, заты басқаның
билігіне кӛшіп, отаршылдар баса кӛктеп кіріп, шұрайлы алқаптарды бауырына
басты. Қазақтың барлық шұрайлы жерлерін қарашекпенді орыс мұжықтарына
тартып берді. Олар үнемі менмендік, ӛктемдік, басқыншылық кӛрсетіп,
қарапайым қазақ халқын басып жаншыды. Ол аз болғандай екі ұлы держава
орыс пен қытай қазақ даласының кӛп бӛлігін ӛз территорияларына біржолата
кіргізіп алды.
Осылайша мәселердің бірі аяқталды-ау дегенде, екіншісі туындап отырды.
Күллі әлемді дүр сілкіндіріп, назарын ӛзіне аударған Ресейдегі 1917 жылғы
Қазан тӛнкерісінен соң сорлы қазақ халқы енді кӛзіміз ашылар деп ойлап еді.
18
Ӛйткені кедей-кебшікке теңдік беруді ұрандатқан Кеңестік қызыл коммунистер
пролетарлық интернационализм, Лениндік ұлт саясаты деген сияқты сырты
бүтін, іші түтін зұлым саясатпен аз халықтарды, соның ішінде байтақ жері бар,
қойын кенге, қойнауы малға толы қазақ даласын біржолата отарға айналдырып,
ұлт ретінде жойып жіберудің астыртын саясатына кӛшті.
Халық отарлаудың бұл астыртын саясатын түсінген жоқ. Заман ӛзгерді,
тынышталды деп ойлап кезінде шетел асып кеткен немесе Кеңестер Одағының
Қазақстаннан тыс жерлерінде қалған қазақтардың кейбір бӛлігі атажұрты
Қазақстанға оралуға ниет танытты. Сӛйтіп, шетелдегі қазақ диаспорасының
отанына оралуы Кеңестік дәуірде басталды. Мәселен 1916 жылы ұлт-азаттық
кӛтерiлiс кезiнде Жетiсудан босқын болған 300 мыңдай қазақ-қырғыз Қытайға
ӛтiп кеткен. Кейiн патша ӛкiметi құлап, Ақпан және Қазан тӛңкерістері жеңiске
жеткен соң, кӛбi қайта оралды. Бұл шетелдегі қазақ диаспорасының бір
бӛлігінің кеңестік дәуірде атажұртына оралғандардың алғашқы легі еді.
Бірақ Кеңестер одағының астыртын отарлау саясаты 1931 жылдан
басталған ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, халық жауы ретінде қуғындау
(1937 жылы) қазақ халқының бір бӛлігін тағы да шетелге және басқа
республикаларға кетуге мәжбүрледі. 1931-1933 жылы күштеп ұжымдастыру,
жаппай ашаршылық жағдайында Ресей, Ӛзбекстан, Қырғызстанға біршама
халық ауа кӛшті. Ал, 1934 жылдары бұларды кері қайтаруға арналған шаралар
қолданылды. Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты
дерегіне жүгінсек «1934 жылы республикааралық кӛші-қон кезінде Халық
комиссарлар кеңесінің қаулысымен Қарақалпақстанға кӛшіп кеткен 7000
шаруашылықты Қазақстан жеріне кӛшіру туралы» қаулы қабылданған [33].
Алдын ала жасалған жоспар бойынша олардың кӛпшілігі Оңтүстік
Қазақстан облысына орналастырылды. Әулие-Атаға – 200, Жаңақорғанға – 300,
Арысқа – 150, Келеске – 800, Сайрамға - 200, барлығы – 1650 шаруашылық
бӛлінген. Ал, Алматы облысының Іле, Талдықорған, Қаратал, Еңбекшіқазақ
аудандарына – 200 шаруашылық жіберілді. Одан кейін Ақтӛбе облысының
Арал, Шалқар, Ақбұлақ, Степной, Ключевой, Темір аудандарына барлығы –
1200 шаруашылық бӛлініп берілді.
Бұл кеңестік дәуірде шетелдегі қазақ диаспорасының отанына оралған
екінші легі болатын. Алайда, шетелдегі қазақтардың бір бӛлігі Қазақстанға
қайтып жатқанда, екінші бӛлігі түрлі нәубет салдарынан Кеңес Одағының ӛзге
аймақтарына, тіпті алыс, жақын шетелдерге ауып жатты. Жалпы, халық ішінде
кезінде нәубеттен кеткендердің басым кӛпшілігі Қытайды паналаған деген
түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде Қытайды паналғандардың біршамасы 1955-
1962 жылдар арасында «кеңестік азамат» деген ат алып, қытайдағы Кеңес
Одағы елшілігінен тӛлқұжат алып кері қайтқаны белгілі. Тарихшылардың
зерттеуіне сүйенсек, нәубеттен Отанына қайта оралмай қалғандардың кӛпшілігі
Ресей мен Орта Азия елдерінде 1931 жылдың күзінен бастап Қазақстандағы Ф.
Голощекин тәртібінен Батыс Сібір ӛлкесіне кетушілер байқалған болса, 1932
жылдың алғашқы айларында аш-жалаңаш босыған қазақтардан Батыс Сібір
елді-мекендері аяқ алып жүргісіз болды. Батыс Сібір Ӛлкелік партия
19
комитетінің хатшысы М. Зайцевтің айтуына қарағанда, босқындар негізінен
колхозшылар болды да, тек олардың шамалы ғана бӛлігі бай-кулак элементіне
жатты. Қазақ даласына келген босқындардың қаншалықты кӛлем алғанын
Батыс Сібірдің Қазақстанмен шекаралас кӛрші Славгород ауданындағы
қазақтардың 10000 адамға кӛбейгенінен, ал олардың 6000-ы Славгород
қаласының ӛзінде ғана орналасқанынан да байқауға болатын еді. Батыс Сібірдің
басқа аудандарындағы қазақтар да босқындар есебінен шұғыл ӛсті. Мысалы,
Баевск ауданында 1300 босқын қазақ есепке алынған. Сондай-ақ, авторлар
мұрағат мәліметтерінен 1932 жылға дейін қазақ босқындары Сібірдің
Қазақстанмен шектескен аудандарына ғана орналасқан болса, ал 1932 жылдың
алғашқы айларында олардың Сібір жеріне тереңдеп кеткенін, шалғай жатқан
Новосибирск жері тәрізді аудандарда да «қоныстана» бастағандығын айтады.
Бұл еңбектегі деректерге жүгінсек қазақ босқындарының Орта Азия
елдеріне де кӛптеп паналаған. Авторлар 1931 жылдың 5 тамызына дейін
Қазақстанның тек 27 ауданынан ғана (қалған 47 ауданының мәліметтері
есептелмеген) Орта Азия жеріндегі кӛрші республикаларға және Қытайға
кӛптеген қазақ шаруалары кӛшіп кеткен. Оның ішінде Ӛзбекстанға 3436,
Түркменстанға 7371, Тәжікстанға 1767, Қырғызстанға 1031, Қарақалпақстанға
2355, Қытайға 563 қожалық кӛшкен.
Сол жылдарғы нәубеттен шетелдерге бас сауғалағандардың алды, тіпті,
Моңғолияға дейін жеткен. Бұл жӛнінде тарих ғылымының докторы Зардыхан
Қинаятұлы «Жылаған жылдар шежіресі» [34] атты еңбегінде былайша
баяндайды: «1937 жылы кӛктемнен бастап партия белсенділері ішкі істер
жансыздарының тікелей араласуымен, қазақ арасынан ұсталатын адамдардың
жасырын тізімі жасалғандығын, оған ірі молдалар, байлар мен билер, үкімет
белсенділері және наймандар саяси қырғынға ұшырады, ақсүйек байы да,
молдасы да емес, тек наймандар үшін қырғын болған деп атап ӛткен. Тәуекел
ауылы (наймандар) 1917 жылы қазан тӛңкерісінен қашқан деген сылтаумен 16
танымал азаматтарын атқа теріс мінгізіп айдап әкеткен. Айдалған 16 адамның
14-і оралған жоқ», - дей келе, 1937-1938 жылдары саяси жазамен 3270 қазақ
атылған. 1937 жылы Моңғолияда 23229 қазақ болғанын ескерсек, әрбір жетінші
немесе алтыншы қазақтың бірі «саяси құрбандыққа ұшырады» - деп кӛрсетеді
[34, 280 б.]. Алысқа бармай-ақ, ӛзімнің атам Тарлаубай ағайындарымен
Қытайға ӛтіп кеткен. Қытай үкіметі бір қазақ ауылын түгел қырып ӛлтіргенін
естіп, ӛздеріне келе жатқан Қытай әскерінен қашып Моңғолияны паналады.
1931-1937 жылдар арасындағы нәубет аяқталған соң Қытайдан 1944 жылы
да біршама қандастарымыздың Қазақстанға қайта оралған. Мұрағат деректеріне
қарағанда 1944 жылы тамыз айында Қытайдың Шыңжаң ӛлкесінің «Кобук»
(Қобық) деген жерінен 451 шаруашылық Тарбағатай ауданына кӛшіп келген.
Осы Қытайдан ауған қазақтардың басшысы, әрі беделдісі Ағыбай Мәсәлимов
екендігі айтылады. Елді бастап кӛшіп келгендігі себеп Қытайдың империялық
отарлық саясатына қарсы тұру болған. Осы тұлғамен қоса, беделді үш адам
аталады. Олар – Наби Рысжанов, Асқар Қоңыров, Ғабидулла деген азаматтар.
Бұлар ауыл басылар. Осылар Ағыбай Мәсәлимовтың туысқаны зәңгі (старшын)
20
Тұрысбек Шүмековке бағынған. Сондай-ақ, ру ішіндегі судья (би) Хажыбай
есімі аталады. Демек, қазақтардың бұл тобы 1928-1929 жылғы тәркілеу
науқанында Қытай ауған наймандар болатын. Бұл шетелдегі қазақ
диаспорасының бір бӛлігінің кеңестік дәуірде үшінші рет атажұртына оралуы
еді. Бірақ, кезінде қуғын-сүргін кӛріп, шетел асуға мәжбүр болған
қандастарымыздың отанына жоғарыдағы айтқанымыздай Кеңес үкіметі
тұсында қайта оралуы онша ауқымды болған жоқ. Әрі мемлекет тарапынан
жүргізілген нақты саясат негізінде емес, шеттегі ағайындарымыздың ӛздерінің
топтасып, ұйымдасуы негізінде жүзеге асты. Тарихта кӛмескі қалып,
зерттеушілердің назарына онша іліге бермеуі де сондықтан
Ал, халқымыздың тарихтан жақсы білетін, әрі ұйымдасқан алғашқы кӛші
1955-1962 жылдар арасында қытайдан атажұртына ат басын бұрғандар. Бұл
жылдары Қытайдан Қазақстанға қоныс аударылғандардың саны 200 мыңнан
асты. Оларды барлық ресми құжаттарда шартты түрде «Кеңес азаматтары» деп
аталды, себебі: «1945 жылы қаңтарда Шығыс Түркістан ислам мұхтариаты
(республика) құрылғаннан соң, Шәуешек, Алтай және Қашқардағы кеңес
консулдықтарының жанынан құрылған «Кеңес мұғаджарлар қоғамының»
ӛкілдері мен олардың сенімді адамдары (агенттері), Кеңес үкіметіне қайтамын
деген адамдарға, Кеңес Одағы азаматтығының тӛлқұжаттарын үлестірген.
Олардың арасында кӛтеріліс, аштық жылдары шекара асқан ұйғыр, дүнген,
ӛзбек тағы басқа ұлттар болғанымен кӛбі қазақтар болды». Бұл шетелдегі қазақ
диаспорасының бір бӛлігінің кеңестік дәуірде тӛртінші рет атажұртына оралуы
еді. Осылайша кеңестік дәуірде шетелдегі қазақ диаспорасының бір бӛлігі
әлденеше рет атажұртына оралғанымен қарапайым халықтың жақсы білетіні
осы 1955-1962 жылдар арасында «Кеңес азаматтары» деген атпен Қазақстанға
Қытайдан оралған қандастарымыздың тарихы ғана десек артық емес.
Әр тұста отаршылдардың саясаты ӛзгеріп, болмашы мүмкіндіктер туған
сәттерде тағдыр тәлегімен жат жұрттық болып кеткен қандастарымыздың
белгілі бір бӛлігі туған жерлеріне қайта оралып отырды.
Жалпы, әр дәуірде түрлі себептермен жатжұртық болып қалған
қандастарымыздың Қазақстанға қайта оралуын арнайы зерттеген еңбектер
жоқтың қасы. Мәселен сан реткі отаршылдық пен басқыншылық, нәубет
салдарынан алыс шетелдерге босып кеткен қандастарымызбен ӛз жерінде
отырып-ақ алпауыт державалардың салдарынан жерімен қоса, шекара
сыртында қалған отандастарымыз жайлы, ол жерлердің қазақтың байырғы
мекені екендігі, ондағы қазақтар байырғы ата қонысында отырғаны жайлы
кеңестік тарихшылар сӛз қозғамады. Керісінше әр жылдары Қазақстанға Кеңес
Одағының басқа республикаларынан күштеп қоныс аударылғандар мен басқа
да жақын шетелдерден кӛшіп келгендер тарихы тереңірек зерттеліп келді.
Бұдан шығатын түйін шетелдегі қазақ диаспорасы ӛкілдерінің тарихи
отанына қайта оралуы тек тәуелсіздіктен соң ғана жүзеге асты десек тарихқа
терең үңілмеуден туындаған қателік болар еді. Біздің зерттеуіміз бойынша
қеңестік дәуірде одақтас республикаларға, шетелдерге кеткен қазақтар топ-
тобымен тӛрт рет оралған.
21
Керісінше қазақтардан кеңестік дәуірде одақтас республикаларға,
шетелдерге кетушілер де аз болған жоқ. Сталиннен бастап, Голощекин қостап
Қазақстанға билік жүргізген шовенистер қазақ халқын аштыққа әдейілеп
ұшыратты, ел иесі, жер иесі қазақтарды, әсіресе осы даланың қазақтікі екенін,
ешкім еншілес бола алмайтынын дәлелдеп, ұлты үшін, ел-жері үшін күресуге
қабілетті бас кӛтерерлерін, басқаша айтқанда, сүт бетіндегі қаймағы болған
озық ойлы, зиялы тобын қуғын-сүргінге ұшыратты. Түрлі нәубеттерге
ұшыраған талай арыстарымыз алыс шет елдерге бас сауғалауға тура келді. Тіпті
қарапайым халықтың шекараға жақын орналасқан бӛліктері үдере кӛшіп, жат
жерді паналады.
Ал қазақтардың бір бӛлігінің шетелдік болып қалуы Қазақстан жерінің
белгілі бір аймақтарын басқа республикаларға бӛліп беруі арқылы да жүзеге
асты. Ол ӛлкелерде отырған қазақтар да жерімен бірге сол кездегі ұғым
бойынша шет елдік болмаса да, жат елдік болып кете барды. Мысалы 1924
жылғы Орта Азия республикаларында жүргiзiлген аумақтық қайта бӛлiсте
Қазақстан бiраз жерiнен қол үзiп қалса, кейiнiрек Ӛзбекстанға Қарақалпақстан,
Тамды аймағы, Достық, Бостандық ауданы, Мырзашӛл алқабындағы жерлер
берiлдi [35].
Кейіннен Д.А. Қонаевтың басшылығымен Киров, Жетiсай, Мақтаарал
аудандары Қазақстанға қайтарылғанымен, негiзiнен қазақтардың атамекенiнде
300 мың халқы бар жаңа құрылған 3 аудан мен 5 мал кеңшары (Шымқорған,
Темирязев, Қызылқұм, Арнасай. Амангелдi) Ӛзбекстанда қалып қойды. Сӛйтiп,
қазақ-жоңғар соғысында, ХІХ ғасырдағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық
кӛтерiлiсi, Кеңес заманындағы 1918-1920 жылғы азамат соғысы және шетел
интервенциясы, 1921 жыл және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, Ұлы Отан
соғысы кезiндегi тұтқындалу және т.б қайғылы-қасiреттi оқиғалар салдарынан
кӛп қазақ ӛз Отанынан ауа кӛшіп, шетелдерге кеткенi рас.
Осындай ел басынан ӛткен әлденеше реткі нәубет салдарынан қазіргі
есеппен дүниежүзіндегі 15 миллиондай қазақ ұлтының 60 пайыздан астамы
ғана Қазақстанда ӛмір сүріп жатыр. Қалған 40 пайызы дүниежүзінің 40-тай
мемлекетінде тарыдай шашылып жүр. Олардың дені Ӛзбекстан, Қытай, Ресей
елдерінде ӛмір сүріп жатқаны белгілі. Осылайша шетке кеткен қазақтар
атажұртын аңсаумен жүздеген жылды артқа тастап, әлденеше ұрпақ ауысты.
Қазақтың атажұртында қалғандарының ӛзі ұлттық рухтан айырылды. 1980-
жылдардың соңында Кеңестік Қызыл Империяның осындай отаршылық
саясаты қазақ халқын тілінен, ұлттық салт-сана, дәстүрінен біржолата
айырылудың сәл-ақ алдында тұрғаны белгілі.
Кеңестік дәуір тұсында қазақтардың ӛз елінде азшылық болуына әсер еткен
бірінші фактор жоғарыда айтқанымыздай түрлі нәубет салдарынан жергілікті
қазақтардың шетелдерге бас сауғалауға мәжбүр болуы болса, екінші фактор
кеңес одағының түкпір түкпірінен басқа ұлттардың Қазақстанға қоныс аударуы
болды. Қазақстанның кең-байтақ даласын отарлау, орыстандыру саясатын
жүзеге асыру мақсатында тың игеру, жер қойнауын байлықтарын игеру деген
желеумен миллиондаған отбасы басқа республикалардан кӛшіріліп әкелінді.
22
Алайда аса кең кӛлемдегі бұл шараны саясат тұрғысында кӛші-қон емес
ұйымдасқан түрдегі шара ретінде ғана баға беріп келді. Тың игеру барысында
Қазақстан демографиялық, экономикалық, экологиялық зиян шекті. Осылайша,
Қазақстанға ӛзге республикалардан кӛшіп келушілер саны 1960 жылдардың
ортасына дейін қарқынды жүрілуі нәтижесінде елімізде жұмыс күші молайды,
бірақ, бұл үрдіс елдің экономикасын ӛркенделуге елеулі түрде жағымды әсер
еткенімен қазақтың ата жұрты, байырғы тұрғындары қазақтардың сыбағалы
салмағы азаюына әкеп соқты. 1954 - 1962 жылдары ҚазКСР-не 2 млн астам
славян ұлттары кӛшіп келді, қазақтардың жалпы саны 1962 жылғы санақ
бойынша 29 пайыз болды. Басқа ұлттардың, әсіресе орыс ұлтының саны артып
қазақтар ӛз жерінде азшылыққа айналды. Бұл Қазақстанда қазақ ұлтының салт–
дәстүр, тілмен айырылуына әкеп соқты. Барлық жерде мектептер мен бала
бақшалар орыс тіліне кӛшті. Бұған Республика астанасы Алматы қаласының
ӛзінде 1980 жылдар соңында қазақ тіліндегі екі ғана мектеп қалуы дәлел бола
алады. Әрі қазақ мектептерін ұлттық рухынан айыру үшін А. Байтұрсынов
жасаған тӛте араб әліпбиі мектептерден алынып тасталды. «1936-1941 жылдары
«жаңа алфавит» орыс графикасына енгізу арқылы ӛзінің ұлтсыздандыру
саясатына даңғыл жол ашып алды. Енді саяси – идеологиялық тұрғыдан
ауытқығандарды қаулы-қарарлар мен мерзімді басылымдардың күшімен-ақ
реттеп отыратын мүмкіндікке қол жеткізді» [36].
Ӛзге ұлттың сыбағалы салмағының ӛсу үрдісі жұмыс күшінің құрамында
да мықтап орын алды. Қазақстанның табиғи байлығын игеру міндеттерін
орындау кӛбінесе негізінен сол тұста демографиялық басымдыққа ие болған
славян халықтары есебінен жүзеге асырылды. Бұл саясатты империя
ӛркениеттен қалыс қалған дамуы тӛмен аймақтарды ӛркенге жеткізу, ұлы
ұлттың «кіші ұлтқа» кӛрсетіп отырған бауырмалдық кӛмегі, жомарттығы
ретінде түсіндірілді. Қазақстанға орталықтан шеткі аймақтарға ұйымдасқан
түрде қоныс аударудың басты мақсаты орталық жерлерде саяси белсенді,
басқаша ойлайтын немесе қарапайым басы артық халықтан арылу болып
табылады. Алайда, Республика аралық кӛші-қондағы Қазақстанға ағылу 1960
жылдардың ортасы, 1970 жылдардың басында тоқталды деуге болады.
Демографтардың есебі, статистика мәліметтері бойынша 1957–1961 жылдар
аралығында Қазақстанға бұрын әкімгерлікпен, әдейілеп кӛшіріліп әкелінген 10
мың жанұя кері кӛшіп кеткен.
Сол жылдардан бастап Қазақстанға кӛшіп келушілерден гӛрі кӛшіп
кетушілер басым бағыт алды. Алайда кӛшіп келушілер саны ауылдық
жерлерден ойлағанға қалалық жерлерде әлдеқайда басым болды. Сӛйтіп 1960
жылдардың соңы, 1970 жылдардың басында Қазақстанда кӛші–қонның теріс
сальдосы қалыптасты. Жұмыс күші кеміді. Осылайша кері кӛшу нәтижесінде
Қазақстан 1970 жылдары халықтың ӛсімінің 28%-ін, (Бұл кезде табиғи ӛсім
2356 мың адам болған), 1980 жылдары тиісінше 38%-ін жоғалтты. Ал 1979–
1989 жылдары санақ аралық кезең бойынша Қазақстанға 513112 адам келді.
Яғни халықтың жалпы санының 3,5%-ін құрады. 2160739 адам кӛшіп кетті (3,1
%). Жалпы кӛші–қон ӛсімі 52373 адамды немесе 0,4%-ін құрады. 1975 жылдан
23
бастап Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін осы себепке байланысты
жылына шамамен 100 мың адамды жоғалтып отырған. Республикада кӛші–
қонның кері сальдосы 1994 жылы 400 мың адамнан асып түсті. Тек 2003
жылдан кейін ғана біртіндеп тӛмендей түсті. Бірақ кӛші - қон үдерісі тоқтаған
жоқ, керісінше кері кӛшудің жаңа себептері пайда болды. Міне, еліміздегі
демографияның осындай тұсында тәуелсіздігін алған жас мемлекет ӛзінің
алғашқы Ата заңы аясында кӛші-қон үдерісін реттейтін базаны қалыптастыра
бастады. Әрі бұл жұмыс жедел қолға алынып, аз жылдың ішінде осы салаға
қатысты кӛптеген заң, құқықтық актілер әзірленіп, қолданысқа енді. Бұған әсер
еткен негізгі фактор бастапқы жылдарда Кеңес Одағы құрамындағы 15
республиканың кӛпшілігі ӛздерінің тәуелсіздігін алған тұста бұрын
жоғарыдағыдай түрлі себептермен Қазақстанға қоныс аударып, тұрақтап
қалған, кӛбі бірнеше ұрпаққа жалғасып Қазақстан туған отаны болып кеткен
ұлттық топтар ӛзінің этникалық байырғы отанына қайта бастады. Бұл
Қазақстанда сол тұста жұмыс күшінің айтарлықтай әлсіреуіне әкеліп соқты.
Мысалы 1993 жылы Астанадан 12 мың, Жамбыл облысынан 10,5 мың, Онтүстік
Қазақстаннан 10,6 мың, Алматы қаласынан 15 мың орыс ұлтының ӛкілдері
ӛздерінің тарихи отанына қоныс аударды. Бұл аралықта шетте жүрген
ағайындарда атажұртына орала бастады.
1989-1999 жылдары эмиграция нәтижесінде Қазақстан Республикасы
кӛлемінде орыстардың саны 1,6 миллионға, соның ішінде Шығыс Қазақстан
облысында 219 мыңға (24 %) Қарағанды облысында 2003 мыңға (25% ),
Алматы облысында 178,3 мыңға (24%) жетті. Тарихи отанына қайту үдерісінде
орыстардан кейінгі екінші орында немістер иеленді. Атап айтқанда осы он жыл
ішінде Қарағандылық немістердің саны 102 мың адамға (65%), Ақмола
обылысында 86,6 мыңға (62%), Алматы обылысында 75 мыңға (80%)
тӛмендеді.Осындай эмиграциялық үрдіс 1999 жылға дейін ӛте қарқынды жүрді.
1994 жылы Қазақстан кӛлемінде 480,8 мың адам (қазақ емес ұлт ӛкілдері)ӛзге
елдерге қоныс аударды. Керісінше миграция баяу жүрді. Сол жылы небәрі 70,7
мың адам Қазақстанға кӛшіп келді. Тек 1995 жылдан бастап эмиграциялық
үрдіс сәлде болса бәсеңсіді. Ал одан кейінгі жылдарда керісінше миграция
үрдісі белең алды деуге болады. Бұған әсер еткен бірінші жағдай Қазақстан
республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кӛреген саясаты
негізінде түрлі себептермен шетел азаматы болып қалған қазақтардың байырғы
отанына қайта оралуы болса, екінші жағдай ӛтпелі дәуірде экономикалық
үдеріс күрт тӛмендеп кеткен жаңа тәуелсіз мемелекеттер (ТМД) ішінен 1995
жылдан кейінгі мезгілде біздің еліміздің экономикасы тың серпінге ие болып,
кӛтеріле бастауы болды. Сондықтан шетелдерден әсіресе ТМД елдерімен
жұмыс іздеп келушілер саны күрт ӛсті. Бірақ бұл екінші жағдай елімізде
жергілікті ұлттың басымдыққа ие болуына кедергі. Сондықтан мемлекетіміз
бұл үрдіске барынша шектеу қоя білді. Керісінше кезінде түрлі себептермен
шекара асып кеткен немесе ӛз жерінде отырып отарлау саясаты салдарынан
жатжұрттық болып қалған шетелдегі қазақ диаспорасының тарихи отанына
оралуына жағдай жасауды мықтап қолға алды.
24
Бірнеше ғасырға жалғасқан қазақ даласын отарлау саясаты ӛз шегіне жетті.
Соның ішінде 70 жылдан астам салтанат құрған Кеңестік қызыл Империяның
отаршылық саясаты салдарынан қазақ халқы тілінен, ұлттық салт-сана,
дәстүрінен біржолата айырылу алдына тұрды. Мәселен, Кеңес Одағының
белгілі бес республикасының бірі ӛндірісі ӛркендеген, атағы таудай Қазақ ССР-
нің астанасы Алматы қаласында бір ғана қазақ мектебінің қалуын айтсақ та
жетіп жатыр. Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстанда осы
жердің негізгі халқы қазақтардың саны жалпы халықтың тең жартысына да
жетпей қалды (40% шамасында) [37].
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы осы басқыншылықтың шегіне жеткенін,
бұдан ары мұндай құлдыққа шыдау мүмкін еместігін кӛрсеткен дүмпу болды.
Сӛйтіп, заман ағымына сай 1980 жылдардың соңында Кеңес үкіметінің
тамыры шіріп, шаңырағы шайқалды. Одақтас басқа республикалардың
қатарында Қазақстан да 1990 жылы 25 қазанда егемендігін, 1991 жылы 16
желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз Қазақстан қоғамының әр
саласында елдік дербестікті қорғауға нығайтуға бағытталған іс-шараларды
қолға алды.
Кез келген халық егемендікке қол жеткізген соң, оны сақтап қалуға қажетті
мемлекеттік құрылымдарды нығайтып, ең басты құндылықтардықалпына
келтіруді қолға алары сӛзсіз. Қазақстан мемлекеті үшін де тәуелсіздігін
алғаннан кейінгі ең ӛзекті мәселе осы тәуелсіздікті сақтап қалудың тетігі бола
алатын құндылықтарды айқындау болды. Ол үшін бірінші кезекте Қазақстан
Республикасында ӛмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстардың татулығын,
береке бірлігін сақтау, барлық ұлттарды тең кӛру, олардың ӛз тілдерін
мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін сақтап қалуына жағдай жасау мәселесі тұрса,
екінші кезекте мемлекеттің негізіне айналған байырғы, негізгі ұлт қазақтардың
мүддесін қорғау, кеңестік дәуірде ұлт ретіндегі нақты болмысынан ажырап,
дінін, тілін, жоғалтып мәңгүрттене бастаған халықтың рухын кӛтеру болды. Тек
кеңестік дәуірдегі отаршылдық саясаты ғана емес, дүниежүзілік сипаттағы
әлеуметтік экономикалық кеңістіктің біртұтас интеграциясы жаһандану үрдісін
одан бетер үдете түскен бүгінгі дәуірде ұлтымыз ӛзіндік этникалық келбетін
жоғалтпай, рухын биік ұстап, ұлттық болмысын толықтай қалпына келтіру
жолындағы іс қимылдарды күшейтудің маңызы зор екені анық. Мұндай
мақсатқа қол жеткізудің ішкі мүмкіндігі ұлттық идеология қалыптастырып,
халқымыздың
рухын
кӛтеру,
ұлттың
табиғи
ӛсімін
жеделдететін
демографиялық жағдайлар жасау, шаралар белгілеу, маңызын жоғалтып бара
жатқан тілін, дінін, салт-дәстүрін қалпына келтіру, ол үшін қазақ тіліне
мемлекеттік тіл мәртебесін беру, қазақ балабақшалары мен мектептерінің
санын кӛбейту болса, сыртқы мүмкіндік шет елдердегі қазақ диаспорасын ӛзіне
тарту болды. Сӛйтіп, Қазақстан Республикасы дүниенің әр түпкіріне тарыдай
шашылып кеткен қандастарына есігін айқара ашты, «Қайт, қазақ, Отаныңа!», -
деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ӛзі бастап жар салды [38].
Бұл күнге дейін шетелдердегі қазақтар, әсіресе, Қытайдағы, Түркиядағы,
Моңғолиядағы, Ауғанстан, Ирандағы қазақтар атажұртын, ондағы қалған
25
ағайындарды бір кӛруге зар болып келген еді. Сондықтан да, шетелдегі қазақ
қандастырымыздың да аңсары Қазақстанға ауды. Бүгінге дейінгі қазақтың
соңғы, ұлы кӛшін Моңғолиядағы қазақтар бастап, атажұртқа ағылды.
Шетелдегі қандастарымызды тарихи отанына шақыру біріншіден, тәуелсіз
Қазақстанның адам факторы, ұлт факторы мәселесі, экономикалық қуатты
мемлекет болу үшін адам ресурстары тапшылығын болдырмаудың жолы болса,
екіншіден, тағдырдың тәлкегімен әлемнің әр шалғайына тарыдай шашылып
кеткен қандастарымызға қамқорлық жасау жӛніндегі Елбасы идеясынан
туындағаны анық. Бұл егеменді елге, оның шетте жүрген ӛкілдеріне деген
әділеттілікті қалпына келтіру болып табылатындығында сӛз жоқ.
Бұл ретте ұлттығымызды сақтап қалудың ішкі мүмкіндігі бірінші орында
тұруы заңдылық. Әрине, соңғы 300 жылға жалғасқан отарлау саясаты, 70 жыл
санамызды улаған кеңестік коммунистік идеология қазақ халқының ұлттық
рухын, салт-дәстүрін, тіпті, тілі мен дінін санамыздан ӛшіру үшін барлық айла-
тәсілдерді қолданса да, дегеніне жете алмағаны белгілі. Ғасырларға жалғасқан
отаршылдық саясат заманында да халқымыздың ұлттық рухы ӛлген жоқ. Ӛзгеге
тәуелді болса да, атажұртында отырған қабырғасы қалың ел күні ертең бар
қазақтың басы қосылып, тәуелсіз тұрғыда бір шаңырақ астына жиналатын
күннің туарынан үміттерін үзбей, санадағы рухты ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастырып бүгінге жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |