Шуршитбай бейбитгул


 ОРАЛМАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата16.02.2017
өлшемі1,08 Mb.
#4208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 
МЕРЗІМДІК БАСЫЛЫМДАРДА 
 
3.1 Оралмандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жыл 1991жылдан бастап шет елдегі қазақ 
диаспорасының атажұртына ағылуы бүгінгі  таңға дейін бастау, тоқырау, қайта 
ӛрлеу  белестерін  бастан  ӛткеріп,  қалайда  үздіксіз  жалғасып  келеді.  Әрі  «Ұлы 
кӛш»,  «Соңғы  кӛш»  деген  сияқты  әртүрлі  атауға  ие  қоғамдық маңызы  бар  зор 
қозғалыс,  бетбұрыс,  ел  тәуелсіздігін  бекемдеудің  бір  негізі  ретінде  бағаланып 
еліміздің  қазақ  тілді  баспасӛздері  (аудандық  газеттерден  бастап,  облыстық, 

 
 
76 
республикалық  газеттерге  дейін)  осы  19  жыл  ішінде  үздіксіз  материалдар 
жариялап келеді. 
Баспасӛзде  жарияланған  материалдар  мен  құзырлы  органдардың  түрлі 
мәліметтеріне, статистика деректеріне сүйенсек алыстан атажұртым деп кӛшіп 
келіп  жатқан  ағайындарға  мемлекетіміз  жағдай  мен  қамқорлық  жасап 
отырғанын  ешкім  жоққа  шығармайды.  Оралмандарға  кӛрсетіліп  отырған 
әлеуметтік кӛмектің ең бастысы квота бойынша қарастырылатын қаржы. Кӛші-
қон комитетінің есебі бойынша 2009 жылы бір реткі ақшалай жәрдемақы, кӛлік 
шығыны  және  кӛші-қон  үшін  тӛлем,баспана  алуға  арналған  қаражат  дегендей 
12,3  миллиард  теңгенің  қаржысы  қарасты-рылған.  Жалпы  оралмандарды 
әлеуметтік жағынан қолдау үшін республикалық бюджет есебінен орта есеппен 
жыл сайын 16 миллиард теңге бӛлінетін кӛрінеді. Бұл бір адамға шаққанда 2004 
жылы 650 мың теңгеден айналса, 2010 жылы орта есеппен 1800 теңгені құрады 
[96 ]. 
Мұның  сыртында  шаруашылық  жүргізуге,  тұрғын  үй  салуға  арнап  жер 
телімін беру оралмандардың ӛз бетімен еңбек етіп тіршілігін түзеуіне зор ықпал 
етіп  отыр.  Бір  ғана  мысыл  келтірсек  2007  жылы  Оңтүстік  Қазақстанға  кӛшіп 
келген оралмандардың 801 отбасына үй салу үшін жер, 27 отбасына әлеуметтік 
тұрғын үй берілген. Кӛші-қон, оралмандар мәселесіне қатысты қалам тербеген 
әрбір  журналистің  кӛкейінде  әуелгі  кезекте  «келген  ағайындар  ортамызға 
сіңісіп кетуі үшін жасалатын қамқорлықтар қандай дәрежеде» деген сауал тұру 
заңдылық. Олардың туған жері, ӛскен елін тастап ата(жұртқа келіп сіңісіп кетуі 
үшін әрине әуелгі кезекте қоғам, мемлекет тарапынан материалдық әлеуметтік 
кӛмектің  ойдағыдай  дәрежеде  жасалуы  қажет  екендігі  күмән  туғызбайды.  Бұл 
тұрғыда  арнайы  жоспар  арқылы  жүзеге  асырылатын  мемлекеттік  кӛмектің 
(квота  арқылы  берілетін  бір  реткі  кӛмек,  жол  шығыны,  баспана  сатып  алуға 
арналған  кӛмек  т.б.)  сыртында  жергілікті  жердің  әкімшілігінен,  шаруа 
қожалықтарынан  жекелеген  адамдардан  берілетін  түрлі  кӛмек  оралмандардың 
материалдық-әлеуметтік  жағдайын  түзеуге,  сӛйтіп  жаңа  ортаға  тез  бейімделіп 
кетуіне  игі  әсер  етері  сӛзсіз.  Сондықтан  да  оралмандардың  материалдық-
әлеуметтік  жағдайын  түзетуге  арналған  шаралар  осы  саладағы  кетіп  жатқан 
кемшіліктер, мән бермеушілік, немесе әдейі жасалған кереғарлық барлық қазақ 
баспасӛздерінің де басты тақырыбына айналды. 
Бір  сӛзбен  айтқанда  қазақ  баспасӛзінде  оралмандар  мәселесіне  қатысты 
жарияланған  материалдарды  сараптағанда  қай  басылымда  болмасын 
атажұртым  деп  алыстан  келген  ағайындардың  әлеуметтік-материалдық 
жағдайына қатысты жазылған материалдардың басқа тақырыптан басым екенін 
аңғарасыз.  «Қазақ  елі»  газетінде  А.  Мауқараұлының  «Қазақ  кӛшін  тоқыратып 
отырған  кімдер»,  «Қазақ  репатрианттарының  бүгінгі  тағдыры  қандай?»  [76,  2 
б.],  «Егемен  Қазақстан»  тілшісі  Ә.Қоңырбайдың  «Кӛшкіміз-ақ  келеді  [97], 
кӛмек  қажет»,  «Кӛш»  газетінде  В.  Тюлекованың  «Артық  адамдар  немесе  ӛз 
еліндегі  ӛгейлер  туралы»  [98],  «Жас  Алаш»  басылымында  Ж.  Әлқожаұлының 
«Үкімет  50  мың  оралманға  жұмыс  тауып  бере  ала  ма?»  [99],    «Дидар» 
басылымында  Қ.  Мамаевтың  «Оралмандарға  кім  кӛмектеседі?»  [100],  «Егемен 

 
 
77 
Қазақстан»  Т.  Зәкенұлының  «Дарияға  құйған  бір  бұлақ»  [101]  мақалаларында 
оралмандардың 
әлеуметтік-тұрмыстық 
жағдайына 
кеңінен 
тоқталып, 
сараланды. 
Жалпы  осы  тақырыптағы  материалдарды  екі  топқа  жіктеуге  болады. 
Бірінші,  келген  оралмандарға  кӛрсетіліп  жатқан  кӛмек,  қамқорлықтың 
жақсылық  жақтарын,  оралмандардың  ортаға  бейімделуін,  қолға  алып  жатқан 
игілікті  істерін,  ел  ӛркеніне  қосып  жатқан  үлестерін  насихаттауға  арналған 
материалдар. Екінші: оралмандарды қабылдау, оларға қолдау кӛмек кӛрсетудегі 
құзырлы  органдар  мен  облыс,  аудан  әкімдігі  тарапынан  кетіп  жатқан 
кемшіліктер жӛніндегі сын материалдар. 
Ал,  жанрлық  тұрғыда  оралмандардың  тұрмыс-тіршілігіне  қатысты 
жарияланған  материалдардың  басым  кӛпшілігін  алыстан  келген  ағайындарға 
деген ыстық ілтипат, құшақ жая қарсы  алу, жергілікті халықтан бастап, облыс 
аудан,  ауыл  әкімдіктері  тарапынан  кӛрсетіліп  жатқан  қолдау,  кӛмек  және 
«елім», «жерім» деп аңсап келген оралмандардың қазақ елінің ӛркендеуіне үлес 
қоссам  деген  ниеті,  еңбекқорлығы  жайлы  насихаттық  материалдар, 
ұйымдастырылған  шаралар  жайлы  репортаждар  болып  келді.  Сондай-ақ, 
оралмандардың  тұрмыс-тіршілігіндегі  қиыншылықтарды,  жергілікті  әкімшілік 
органдардың  немқұрайлылық  танытып  отырғанын  нысанаға  алған  сыни 
материалдар  мен  оралмандар  мәселесін  түбегейлі  шешу  үшін  қажетті  заң, 
ережелердің  олқылықтарын  түзеудің  жолдарын  қарастырып,  пікір-ұсыныс 
білдірген проблемалық материалдар да біршама кездеседі. 
Жалпы,  кӛші-қонның  алғашқы  жылынан  бастап  оралмандардың  тұрмыс 
тіршілігіндегі  оңды  ӛзгерістерді  де,  түйткілді  тұстарды  да  еліміздегі  қазақ 
тіліндегі негізгі басылымдар қоғамның маңызды бір тобы ретінде қарастырып, 
түрлі материалдарды жариялап тұрды. 
Бұл  саланың  кӛшбасында  мемлекеттік  саясаттың  жаршысы  ретінде 
«Егемен  Қазақстан»  газеті  тұрса,  халқымыздың  рухани,  ұлттық  тәуелсіздінің 
туын  кӛтеруші  ретінде  «Қазақ  елі»,  «Түркістан»,  «Ана  тілі»,  «Қазақ  әдебиеті», 
«Жас  қазақ»,  «Жас  Алаш»  сияқты  газеттер,  оған  қоса,  барлық  облыстық 
басылымдарды  атауға  болады.  Олар  қандастарымыздың  тұрмыс  тіршілігі, 
қазағым  деген  сағынышы,  қоғамдық  белсенділігі,  еңбекке  деген  ынта  жігері, 
жергілікті  халық  пен  басшылықтың  кӛрсетіп  жатқан  қамқорлығы  жайлы 
материалдарды  үзбей  беріп  тұрды.  Мысалы,  «Егемен  Қазақстан»  газетінде 
желтоқсанның  2005  жылдың  ӛзінде  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігін  түзету 
жолындағы  үкіметтен  кӛрсетіліп  отырған  қамқорлық,  талпыныстары, 
еңбеккерлігі  нәтижесінде  бақуатты  тіршілік  кешіп  жатқандар  туралы  12 
материал  жарияланса,  Шығыс  Қазақстан  Облыстық  «Дидар»  газеті  тек  2008 
жылы 20 материал жариялапты. 
Қай  газеттен  болмасын,  оралмандардың  тірлігіне  байланысты  «Елге  ел 
қосылса құт» [102]. деген айдар мен жеке тақырыптарды үнемі кӛруге болады. 
«Егемен  Қазақстан»  газетінің  2002  жылғы  28  қыркүйектегі  санында                    
С.  Сәуірбаев  бұл  материалда  Ақтӛбе  қаласындағы  қандастарымыздың  тұрмыс 
тіршілігіне байланысты және жергілікті басшылықтың бастамасының нәтижесі, 

 
 
78 
баспанамен  қамтамасыз  ету  жолындағы  ең  игілікті  істері  баяндалады.  Батыс 
Қазақстан, Ақтӛбе, Қостанай облыстарынан келген ағайындар тұрмысын егжей-
тегжейлі  шертеді.  Ақтӛбе  облысына  кӛшіп  келген  ағайындар  оралман 
мәртебесін  алғанша  уақытша  бейімдеу  орталығында  тұратыны,  қажетті 
құжаттарын  алып  тіркеуге  отырған  соң  тұрақты  баспана  мәселесі 
қарастырылатыны  жайлы  айта  келе  кӛші  қон  заңы  ӛзгеріп,  үй  берілмейтін 
болғаннан  бері  оларға  үй  алуға  арнайы  жер  телімін  беруге  ерекше  мән  беріп 
отырғандығы  осы  мерзімге  дейін  400  жуық  отбасына  үй  салуға  жер  берілгені, 
олар  бұл  мүмкіндікті  қолданалып  жағдайына  сай  баспана  тұрғызып, 
тұрмыстарының  түзеп  жатқаны  айтылады.  Тек  Мәртӛк  ауданының  Хлебодар 
ауылында 2 жыл кӛлемінде оралмандар үшін 150 үй салуға жер телімі берілген. 
Осынша  отбасы  баспаналы  болған.  Тіпті  Мұғалжар,  Ақжар  аудандарында  бос 
тұрған  кӛп  қабатты  үйлерді  жӛндеп,  қоныс  аударушыларға  беру  үрдісі 
қалыптасқан.  Облыста  оралмандарды  ағайын-туған,  тамыр-таныстарына  қарай 
топтап  орналастыруға  жағдай  жасалып,  қаланың  аумағынан  «Бауырластар» 
атты шағын аудан құрып берген. 
Бүгінгі  қоғамдық  тенденцияға  сай  жергілікті  ауыл  тұрғындары  сияқты 
оралмандар  да  қалалы  жерге  тұруға  ынталы  екендігін  ескеріп,  қалаға  жақын 
елді 
мекендерге 
орналасуына 
жағдай 
жасалуда. 
Қалада 
тұрғысы 
келетіндіктердің  кӛпшілігі  зиялы  қауым,  түрлі  мамандық  иелері.  Мысалы, 
Байзақ Исақұлов Ақтӛбе университетінде, Нұрнияз Болашев, Ермұхан Исмақов 
Медицина  академиясында,  Бӛлекбай  Жәңтеев  геодезия  басқармасында  ғалыми 
еңбекпен  айналысып  отырғанын  айтуға  болады.  Оларға  толыққанды  жағдай 
жасалмаса да тарихи отанына қызмет етуде. 
Оралмандарға  жасалатын  қамқорлықтын  бірі  оралман  жастарды  оқу 
орнына  қамту  мәселесі.  Бұл  тұрғыда  Батыс  Қазақстан  агротехникалық 
институтында  азаматтығы  жоқ  1500-дей  оралман  жастарды  жоғарғы  оқу 
орындарына түсуге даярлауды қолға алған. Оларға жатақхана айына 5700 теңге 
шәкіртақы  беріледі.  Батыс  Қазақстанда  шеттен  келген  оралмандардың  2340 
жоғары  білімді,  2655-і  арнаулы  орта  білімді  азаматтар.  Бұл  жалпы 
оралмандардың  36%  екен.  Әрі  ол  маманды  азаматтар  ӛздерінің  еңбеккерлігі, 
біліктілігі  арқасында  түрлі  салада  маман  ретінде  қызмет  істеп  жүргендігі 
аталады.  Оралман  жастарды  жоғарғы  оқу  орындарына  түсуге  даярлауды 
Ӛскемендегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, .Алматыдағы қыздар 
педагогикалық  институты  сияқты  Қазақстанның  кӛптеген  қалаларындағы 
жоғары оқу орындары жүзеге асырады. 
Мұндай оралмандарға жасалып жатқан қамқорлық туралы «Кӛш» газеті де 
ӛзінің әр санында тұрақты жариялап отырды. Мысалы: 2009 жылдың қыркүйек 
айының  20-шы  санында  жарияланған  кӛші-қон  комитетінің  Астана  қаласы 
бойынша департаментінің кӛші-қон саясатын жүзеге асыру жӛніндегі бӛлімнің 
бастығы Бейімбет Үйсінбекпен тілші сұхбатында Елордаға кӛшіп келіп жатқан 
шетелдегі  қандастарымыздың  проблемаларын  шешуге  қатысты  ӛзекті 
мәселелер  тӛңіргеінде  ой  бӛліскен.  Әсіресе  «Нұрлы  кӛш»  бағдарламасы 
бойынша  Астана  қаласына  орналасу,  әрине,  әр  оралманның  арманы  деуге 

 
 
79 
болады. Бұл бағдарламаның Елордада нәтижелі жүзеге асып жатқанын айтады. 
Кӛп  жылдан  бері  дау-дамайдың  басы  болып  келе  жатқан  Астанадағы 
оралмандар  тұратын  «Қоянды»  ауылындағы  жер  мәселесі,  электр  қуатын  беру 
ісінің  шешілу  барысы  туралы  да  сӛз  етеді.  Қашан  -  да  сұхбат  жанры  тілшінің 
сұхбат  берушіге  қойған  сұрақтарының  ӛміршеңдігі,  тартымдылығы,  нақты 
мәселелерді  қозғай  білуімен  құнды.  Аталмыш  сұхбат  осы  талапты  толық 
қамтамасыз  еткен.  Бұл  ретте  «атажұртым»  деп  аңсары  ауған  шет  елдегі 
қандастарымызды  тәуелсіз  елінде  дұрыс  орналастырудың  басты  жолы  оларға 
материалдық тұрғыдан кӛмектесу екені ӛмірден белгілі. Ӛйткені шет елдердегі 
қазақ диаспорасының кӛпшілік бӛлігі тұрмысы тӛмен, ӛз бетінше кӛшіп келуге, 
келе  сала  шаруасын  түзеп,  жақсы  тұрмыс  құрып  кетуіне  мүмкіндігі  шектеулі 
отбасылар  екенін  кӛріп  жүрміз.  Жалпы  оралмандардың  Қазақстан  шекарасын 
алғаш  оралман  емес  шетелдегі  қазақ  диаспорасы  ӛкілі  ретінде  аттайтыны 
белгілі.  Міне,  оралмандардың  әлеуметтік  мәселесі  сол  сәттен  басталмақ. 
Сондықтан  1992  жылдың  ӛзінде  «Шетелдегі  қазақ  диаспорасы  ӛкілдерін 
Қазақстан 
Республикасында 
болған 
кезінде 
әлеуметтік-экономикалық 
жеңілдіктермен  қамтамасыз  ету  туралы»  қаулы  қабылдау  мемлектіміздің 
шетелден келетін ағайындарға қамқорлық кӛрсетуге арналған шарасының басы 
болды.  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  С.  Балғабаевтың  «Қолға  алынбай  келе 
жатқан  тағы  бір  мәселе»  [103],  «Азия  транзит»  газетінде  Қ.  Шамақаевтың 
«Кедергі кӛп» [93, 1 б], «Ана тілі» газетінде  Д. Белдеубайдың «Оралмандардың 
жартысынан 
кӛбі 
баспанасыз», 
«Егемен 
Қазақстан» 
басылымында                             
Ӛ. Есқалидың «Солтүстікке кӛш керуен сап түзеді» [75, 2 б], атты мақалалардан 
кейін оралман мәселелері жергілікті жердегі биліктің назарынан тыс қалмады. 
Оралмандарға әлеуметтік кӛмек кӛрсетуге арналған тағы бір маңызды шара 
мемлекет  бастапқы  жылдары  шет  елдегі  Қазақстанға  қоныс  аударып  келетін 
отбасыларды арнайы кӛлік жіберіп кӛшіре бастады. Мәселен 1991 жылдан 2001 
жылға  дейінгі  онжылдықта  әсіресе  Моңғолиядан  кӛшіп  келемін  деген 
ағайындарды  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 
министірлігінің  кӛші-қон  Департаменті  (кейіннен  комитет)  Жол  және 
коммуникация министрлігі, Әділет министрлігі сияқты құзырлы министрліктер 
мен бірлесе отырып ұйымдастырды. Кӛшіп келемін деушілермен кездесіп, шарт 
жасасып  (нақты  орналасатын  облыс,  аудан,  ауылдың  (ол  кезде  ұжымшар) 
басшыларымен  бірге)  оралман  отбасыларын  Ан-24  ұшағымен,  үй,  дүние-
мүліктерін  «КамАЗ»  автокӛлігімен  жеткізді.  Бұл  тұрмысы  тӛмен  отбасылары 
үшін  зор  кӛмек  болды.  Ал  келген  бетте  шарт  жасасып  кӛшіріп  алған  аудан, 
ауыл  басшылығы  жер-жерде  ӛз  мүліктеріне  сай  үй,  мал,  азық-түлікпен 
қамтамасыз  етті.  Әрі  жұмыспен  қамту  үшін  бағуға  кеншардан  отар  берілді. 
Жекелеген  кейбір  мамандық  иелері  әсіресе  мұғалімдер  мамандығы  бойынша 
қызметке  орналастырылды.  Қазір  бұл  екі  шараның  екуі  де  жоқ.  Біріншісіне 
байланысты  ДЖҚҚ-ның  бірінші  орынбасары  Талғат  Мамашов  былай  деп 
жазады:  «Ӛкінішке  қарай  Қазақстан  Үкіметі  ӛзінің  2008  жылдың  9  ақпандағы 
№124-қаулысымен біраз құжаттармен қоса № 791 қаулының да күшін жойды» 
[72, 21 б.]. 

 
 
80 
Сол  сияқты  алыстағы  ағайынды  жеріне  барып,  кӛлікпен  кӛшіріп  әкелу 
шарасы  да  кӛмек  алысқа  бармады  дегендей  дәл  осы  жылдары  заман,  қоғам 
ӛзгеріске  ұшырап,  халық  тұрмысында  қиыншылықтар  туындады.  Нақты 
айтқанда, 
тоқсаныншы 
жылдардың 
ортасында 
елімізде 
орныққан 
демократиялық  жаңа  қоғам,  нарықтық  экономика  талаптарына  сай  бұрынғы 
мемлекеттік  меншікке  жаппай  жекешелендіру  жүргізілді  де  совхоздар  тарап 
кетті.  Халық  айлап-жылдап  жалақы  ала  алмайтын  халге  жетті,  малдың  бағасы 
түсіп кетті. Ауыл тұрғындары үдере кӛшіп қалалы жерге қоныс аудара бастады. 
Бұл  қиыншылық  ең  әуелі  жаңадан  кӛшіп  келген  оралман  отбасыларына  ауыр 
тиді. Олар кеншарда еңбегі сіңбегендіктен жекешелендіруден үлес ала алмады, 
олар берген қырық жылғы ескі үйлері сата алмады. Мұндай қиындықты бұрын-
соңды басынан кешірмеген кейбір оралман ағайындар келген мемлекетіне кері 
кӛшіп  кетті.  Аталған  мәселелерді  дабыл  қағып  тағы  қазақ  баспасӛзі  кӛтерді. 
«Дидар»  облыстық  газетінде  Қ.  Мамаевтың  «Оралманға  кім  кӛмектеседі?», 
«Қазақ  елі»  газетінді  Е.  Кәріпқызының  «Кері  кӛшудің  сыры  неде?»  т.б 
мақалалар жарық кӛрді [22, 1 б.]. 
Қоғамдық  ӛзгерісті,  халық  тұрмысындағы  келеңсіздіктерді  назар  тӛрінде 
ұстайтын ақпарат құралдары да ендігі жерде осы қиыншылықтарға байланысты 
материалдарға  ден  қойды.  Әрине,  оның  бірқаншасы  қай  газетте  болмасын 
қиындыққа алдымен іліккен оралмандар тұрмысына қатысты болды. 
«Қазақ  елі»  газеттің  1995  жылғы  №  22  санында  Жүкел  Қамайұлы: 
«Жергілікті  газеттер  шетелдерден  келіп  жатқан  оралман  ағайындарды  «нәубет 
жылдары  қарабасының  қамын  күйттеп  Отанын сатып  қашып  кеткендер»  [104] 
деп  есептеп,  қырын  қарап,  мәселенің  баға-байыбын  сараптап  жатпай-ақ,  бар 
кінәні  оралмандарға  артып,  ӛзекті  материалдар  жазды  Бұларға  кӛшіп 
келушілердің  ішіндегі,  мұндағы  тұрмыс-тіршілікке  кӛңілі  толмай,  «менің  елім 
деп  келгенде  үлде  мен  бүлдеге  бӛлеп  тастамадыңдар»  деп  ӛкпе  артуға  бейім 
тұратын,  қоғамдық  ӛмірдің  байып  бағасына  бара  алмаған  солшыл  оралмандар 
қосылды.  Халықтың  қаражатымен  «Ұрпақ  үшін»  деп  келіп  алып,  қайта  кӛшіп 
жатқан  «кӛшегендерді»  де,  олардың  кері  кӛшуінің  себебін  түсініп,  байыбына 
бармай  кінәлап  отырған  «солшылдар»  да  қазақ  деп  атаудың  ӛзі  қиын  деп 
қынжыла жазды. 
Аталмыш  мақалада  автор  бұл  кемшіліктердің себептерін  табуға  үңіліп,  ой 
қорытады.  «Бес  жылдық  еңбек  шарты»  деген  желеумен  Қазақстанға  алғаш 
кӛшіп келушілер жұмыссыз жастар болды. Одан кейінгі толқын Баян-Ӛлгейден 
тыс,  ішкері  жақтағы  (басқа  аймақтарда)  зиялы  қазақтар.  Кӛші–қон  саясатын 
дұрыс  түсінген,  шеттегі  қазақтарды  атамекендегі  ағайындар  іздеп  жатқанын 
сезе  бастаған  Баян-Ӛлгейдегі  зиялы  қауым  осылардың  соңынан  ғана  қозғала 
бастады. 
Ал  облыстан  облысқа,  ауданнан  ауданға  кӛшіп,  ешқайда  тұрақтай  алмай 
кері кӛшіп жатқандар Моңғолияға да тұрақты еңбек жасамағандар. Қазақстанға 
алғаш  келген  толқын  осыларға  қарап  кері  кӛшушілердің  бәріне  кінә  тағуға 
болмайды.  Олардың  неліктен  кӛшіп  кетіп  жатқандарының  себеп-салдарын 
анықтап,  бетпе-бет  жүздесіп,  сосын  қорытынды  жасаған  игі  болар  деген  пікір 

 
 
81 
айтады.  Мақалада  ағайындардың  нақты  шарасыздығы,  бастан  кешкен 
қиындықтары бүкпесіз ашық кӛрсетілген, ӛткір сын айта білуімен құнды. 
Мәселен  қайта  кӛшкен  мақала  кейіпкерінің  мына  әңгімесіне  назар 
аударыңыз:  «Біз  Моңғолиядан  1992  жылы  кӛшіп  келдік.  Талдықорған 
облысының  Алакӛл  ауданының  «Қызылащы»  кеңшарына  ат  басын  тіреген  екі 
атаның  ұрпағы  14  адам,  мұнда  келісімен  мал  бақтық.  Ортамызда  үй  ағаш 
шеберлері  болғандықтан,  кеңшар  әкімшілігімен  келісіп,  үй  жасайтын  шағын 
кәсіпорын  аштық.  Бірақ  жағдайымыз  біз  ойлағандай  болмады.  Қаражат 
тапшылығынан  кәсіпорын  жұмысы  да  жүрмеді.  «Қызылащы»  кеңшарын 
мекендеген тӛрт жыл ішінде 14 отбасының ешқайсысына үй берілмеді. Оларды 
баспана  ретінде  пайдалануға  жарамай  қалған  ескі  қонақ  үйге  қоныстандырды, 
қыста суық, пана болып жарытпады. Біздің арамызда әртүрлі мамандық иелері 
бар:  құрылыс  шебері  Сейтхан  Әбуханұлы,  жүргізуші  Қабылғазы  Сыдықұлы, 
мейірбике  Күләнда  Қауынқызы,  Сәуле  Әділханқызы,  Венгриядан  оқу  бітірген 
тау-кен  инженері  Бекейхан  Әбуханұлы  ешқайсысы  да  ӛз  мамандықтары 
бойынша жұмыс істемеді. Ол-ол ма, екі қолға бір жұмыс, ата-бабаларымыздың 
кәсібі  ғой  деп  бағып  отырған  малымызды  да  кӛпсінген  ауыл  әкімі  «ӛз 
шопандарымыз  бағады»  деп  зорлықпен  отарды  да  қайтарып  алды.  Тіпті 
ауылдан мал ұрланса, жем-шӛп жоғалса бізге келетін болды. Біреудің ала жібін 
аттап  кӛрмеген  бізге  мұның  ӛзі  ар-намысымызға  жағылған  қара  күйе  болды. 
Отырсақ-опақ, тұрсақ-сопақ, әрі-сәрі күйзеле жүрген бізге әсіресе батқаны: 
Мұнда  неге  қаңғып  келдіңдер?,  Жақсы  адам  Отанынан  безе  ме?,-  деген 
құйтұрқы  қағытпалары  болды.  Монғол  елінің  бізге  қашан  да  есігі  ашық  екені 
даусыз.  Бірақ  біз  атамекенге  келдік  қой.  Енді  байласа  да  тұрмайтын  халге 
жеттік.  Ақыры  1995  жылдың  қараша  айында  12  отбасы  Моңғолияға  кері 
атбасын бұрдық» [95, 91 б] деген алыстан келген ағайындардың шарасыз күйін 
осылайша  қазақ  баспасӛзі  ғана  халықтың  құлағына  жеткізіп,  солардың 
жыртысын  жыртты.  Журналист  Е.  Кәпқызы  да  облыстан-облысқа,  ауданнан-
ауданға  кӛшіп  жан  сақтап  жүргендердің  ӛмір  тіршілігіне,  нақты  себептеріне 
үңіліп кӛрген [95, 208 б.]. 
«Талдықорған  облысы,  Кӛксу  ауданының  «Шаңырақ»  кеңшарында  бір 
жылдан  астам  уақыт  тіршілік  еттік.  Баспана  жоқтығынан  осы  уақыт  ішінде  14 
рет  үйден-үйге  кӛштік.  Отарға  кеткен  малшылардың  үйіне  уақытша  кіргізді. 
Айға  жетпей  иесі  келді  де  басқа  үйге  кӛшірді.  Бұдан  асқан  итшілеген  тірлік 
барма  ма.  Ӛзім  кеңшарда  дәнекерші  болып  жұмыс  істедім,  жұбайым  мектепте 
болды. Титтей үш балам бар, оның үстіне әйелімнің аяғы ауыр. Ақша табу үшін 
кӛктемдік  қызылша  алаңында  да  жұмыс  істедік.  «Бір  тонна  қант  аласыңдар» 
деп сендірген еді. Қызылша маусымы біткен соң тиісті қантымызды сұрап ауыл 
әкіміне барсақ жӛнсіз сылтау айтып, бір центнерге де жетер жетпес қант беріп 
қайтарды.  Баспана  күйзелісі  жанымызға  батқан  соң  Семей  облысы,  Үржар 
ауданы «Кӛкӛзек» ауылына кӛшіп келдік. Мұнда келгелі де жылдан асты. Ӛзім 
дәнекерші,  жолдасым  мұғалім  болып  істеді.  Ең  бастысы  басымызда  баспана 
бар.  Құдайдың  мұнысына  да  шүкір.  Қазақ  халқының  қолтығы  кең  ғой.  Біріне 
сыймасақ та, біріне сыйып жатырмыз» - деді [105]. 

 
 
82 
Осылайша  облыстан-облысқа  кӛшуді,  немесе  кері  кӛшудің  себебіне  үңіле 
келе  автор:-Әрине,  елім  деп  келген  қандастарымыз  атажұрттан  кӛңілдері 
қалмаса кері кӛшуді ойлайтын да емес. Кӛңіл күйдің нәзік қылын түсіну қиын 
шығар  «Қазағым»  деп  келген  қандастарымызды  ренжітіп  кері  қайтарғанда 
олардың  бӛтен  елге-қазақ  жұртына  сын  кӛзбен  қарап  отырған  басқа  бір 
мемлекетке баратынын, қазақ елінің беделіне нұқсан келтіретінін ұмытпауымыз 
керек. Осыдан кейін олар: «жүз үйді сыйдыра алмаған Қазақстан миллиондаған 
қазақтың басын қалай біріктіре алсын» дегенді айтпай қайтсін деп ой түйеді. 
Оралмандар  тұрмысындағы  ӛзекті  мәселелердің  бір  ұшы  кӛбіне 
жұмыссыздыққа  келіп  тіреледі.  Жұмыс  істеп,  ақша  таппаған  отбасының 
тұрмысы  түзелуі  мүмкін  емес  екендігі  белгілі  жай.  Жұмыссыздыққа  әуелгі 
кезекте  оралмандардың  дені  қоныс  тепкен  ауылдық  жерлерде  кеңшарлардың 
тарап  кетуі  себеп  болса,  ең  бастысы  оралмандардың  Қазақстан  азаматтығын 
жеделдетіп  ала  алмаулары  болды.  Қызмет  бабында  мықтап  орныққан  заң 
органдары  оралмандардың  азаматтығын  қабылдауына  қолдау  кӛрсетіп, 
жеделдетудің  орнына  түрлі  кедергілер  жасап  бақты.  Құшақ-құшақ  құжат 
жинатты.  Тіпті,  сұраған  құжатының  бәрін  де  әзірлеп  ӛткізсе  де  азаматтыққа 
қабылданғаны  жӛніндегі  Президент  Жарлығын  апталап,  айлап  емес  жылдап 
күтуге  мәжбүр  болды.  Мұның  астарында  кӛпшілік  жағдайда  не  жатқанын  да 
баспасӛз құралдыры ашық жазды. 
«Түркістан»  газетінің  2004  жылы  26  ақпандағы  №  9  санына  Парламент 
депутаты  У.  Қалижан,  А.  Айталы,  А.  Тшановтарға  жолдаған  оралмандардың 
хаты  жарияланған.  Мұнда  Алматының  іргесіндегі  Талғарда  күнелтіп  жатқан 
оралмандардың  Қазақстан  азаматтығын  ала  алмағандықтан  алып  шаһардын 
жанында  орналасса  да  жұмысқа  орналаса  алмауы,  баспана  сиқы, 
тіршіліктерінің  жұтаң  халі  баяндалады.  Осы  жылдары  мұндай  кемістіктер 
Оңтүстік  Қазақстан  облысында  да  кӛп  кезіккенін  баспасӛз  материалдарынан 
кӛруге  болады.  Кӛрші  Ӛзбекстаннан  келетін  ағайындардың  кӛптігі,  бӛлінген 
квотаның аздығы қол байлау болды. Мәселен осы облысқа 2004-2005 жылдары 
кӛшіп  келгендердің  20-22  пайызы  ғана  квотаға  енген  (Оңтүстік  Қазақстан 
облысында  жалпы  келген  оралмандардың  88  пайызын  Ӛзбекстаннан  келген 
қандастарымыз  құрайды).  Жалпы,  алыстан  келген  оралман  ағайындардың 
жергілікті тұрғын халықтың ӛзі ауылдан жан баға алмай қалаға қарай ойысқан 
нарықтық  экономиканың  ӛтпелі  кезеңінде  біршама  қиындық  кӛргені-нақты 
ӛмір шындығы [106]. 
Осындай  кезде  қолдан  бӛліп  берер  экономикалық  кӛмегі  болмаса  да, 
қиындық  кӛрген  ағайындардың  тіршілігіне  жаны  ашып,  араша  түскен, 
басшылықтың құлағына мұң-мұқтаждарын жеткізіп, «қарлығаштың қанатымен 
су  сепкеніндей»  болса  да  кӛмек  кӛрсеткен  қазақ  баспасӛзі  болды.  Олардың 
кӛтерген мәселелері басшылықтың бірінің болмаса, бірінің құлағына жетті. Бірі 
болмаса, бірі кӛмек қолын созды. Тіпті, қарапайым халық келген ағайындарды 
дұрыс түсінді. 
Оралмандардың 
әлеуметтік 
тұрмыстық 
жағдайына 
байланысты 
баспасӛздердің  нысанасын  кӛп  іліккен  топ  квотадан  тыс  келгендердің  жайы. 

 
 
83 
Үкіметтің  арнайы  қолдау  кӛмегіне  сүйенген  квота  бойынша  келген 
оралмандардың  үй-күйсіз,  түрлі  жәрдемақы  ала  алмай,  жұмыс  таба  алмай 
жүруіне қарағанда квотадан тыс келгендердің жағдайы бұдан да тӛмен екендігі 
айтпаса  да  түсінікті.  Бір  қарағанда  квотадан  тыс  келген  оралмандар  ӛздерінің 
қаржы  қорына  немесе  туған-туысқандарына,  білім  маманына  сеніп  келетін 
шығар  деген  ой  түюіңізге  болады.  Алайда  шетелдерден  келіп  жатқан 
қандастарымыз  түгелдей  дерлік  бұрын  мемлекеттік  меншік  жүйесінде  болған 
Кеңес  Одағы  құрамындағы  қала  берді.  Осыдан  кейін  Моңғолиядан,  Қытайдан 
келгендер,  соғыс  зардабын  тартып  отырған  Ауғанстаннан  келетіндіктен, 
олардың  ортасында  үлкен  қалталы  бизнесмен  азаматтардың  аз  екені  де 
шындық.  Сондықтан  квотадан  тыс  келетін  оралмандардың  да  кӛпшілігі  «ата 
жұртты»,  «елім»,  «жерім»,  «ұрпағым»  деп  келетіндер.  Олардың  квотамен 
келуіне Қазақстан үкі(меті жағдай жасай алмай отыр. Әсіресе 2005 жылға дейін 
шет  елдегі  қандастарымыздың  Қазақстанға  оралуына  бӛлінетін  квота  саны, 
қаржының  кӛлемі  шектеулі  болады.  Мұның  сыртында  квота  қазақтар  тұратын 
елдерге адам санына, басқадай жағдайларға байланысты түрлі деңгейде бӛлінді. 
Әрі  бар  елге  бӛлінген  квота  игерілмеген  жағдайда  келушілер  кӛптеп  сұранған 
екінші,  үшінші  елдерге  ауыстыруға  кӛші-қон  комитетінің  облыс,  қалалардағы 
департаменттері құқықсыз. Міне, осындай себептерге байланысты шетелдерден 
квотадан  тыс  келетін  оралмандардың  тұрмыс  тіршілігінде  де  түйткілді  мәселе 
кӛп болды. 
Дәл  осы  бір  ӛзекті  тақырыпта  «Түркістан»  газеті  2004  жылы  сәуір  және 
шілде  айларында  екі  бірдей  мақала  жариялапты.  «Квотадан  тыс  келген 
оралмандарды  қолдау  үшін  мемлекеттік  кӛші-қон  қорын  құру  керек»,  -  деген 
мақалада  жазылған  жайларға  жүгінсек  тек  2003  жылы  Қазақстанға  10  мың 
отбасы кӛшіп келсе, мұның тең жартысы үй-жайсыз жүргені айтылады [107]. 
Осылайша  уақытша  қиыншылыққа  тӛзбеген  оралмандар  бір  орынға 
тұрақтанып  отыра  алмағандықтан  қоныс  аударып  сабылып  кӛшумен  болды. 
Әрине,  бұл  жекеленген  оралмандар  басындағы  қиыншылық.  Әсіресе  дұрыс 
еңбек  істеп,  тіршілік  ету  қабілеті  тӛмен,  ауырдың  асты,  жеңілдің  үстімен 
жүргісі  келетіндер  қиыншылыққа  кӛбірек  тап  болды.  Ал  оралман 
ағайындардың  негізгі  бӛлігі  тұрғылықты  халықпен  бірдей,  қиналған  кезде 
қиналғанымен, қиыншылықты еңбекқорлықпен жеңе білді. 
Баспасӛздерде  жарияланған  материалдарды  сараптай  келе  қиыншылықтың 
негізгі себебі Қазақстан азаматтығын ала алмаудан болып, мамандығын қойып, 
қара  жұмысқа  орналаса  алмауы  болса,  екіншіден  ӛзінің  еңбекке 
қырсыздығынан,  қала  берді,  жергілікті  әкімшілік  органдарының  қырын  қарап, 
оң қабақ танытпауынан болды деген қорытынды жасау жӛн. 
Дәл осы тұста туындаған тағы бір түйткіл  жергілікті  халық ішінде шеттен 
келіп жатқан ағайындарды нарықтың экономикалық ӛтпелі кезеңінде мемлекет 
ӛз  халқының  тіршілігін  түзете  алмай  жатқан  шақта  елге  масыл  болды  деп 
есептейтіндер,  тіпті  оралмандар  кешегі  елбасына  күн  туған  нәубет  шақтарда, 
әсіресе,  1931-1933  жылғы  аштық  1937-1938  жылдарды  нақақтан  жазалау 
кезінде қара басының қамын ойлап, Отанды сатып қашып кеткендердің ұрпағы 

 
 
84 
деп танып, теріс пиғыл танытқан кӛзқарас та байқалғанын басылым беттерінен 
кӛруге болады . 
Дегенмен,  мұндай  теріс  пиғылды,  түсінбеушілікті  дәріптеп,  ушықтырған, 
қандастарымыздың  кӛңілін  жаралаған  материалдардың  санының  тым  аздығы 
кӛңіл  қуантады.  Бұл  жағынан  еліміздегі  баспасӛз  ақпарат  құралдарының,  кей 
елдердегі  демократияны  желеу  етіп  түймедейді  түйедей  етіп  кӛрсетіп,  шу 
кӛтеріп,  жаңалық  туғызуға  бара  бермейтінінің,  баспасӛз  еркіндігін  дұрыс 
жағынан түсінетіндігінің куәсі деп бағалауға тұрады. 
Бұл әрі халқымыз кезінде басқа жұртқа да құшақ жайып, бауырына басқан 
дархан пиғылының кӛрінісі екендігі анық. Алайда, оралмандар атажұртына тез 
сіңісіп  кетуіне  мүмкіндік  туғызған  мемлекеттік,  үкіметтік  заң,  қаулы-
қаралардың  шикілігінен,  жергілікті  облыс,  аудан  басшыларының  селқос 
қарауынан  болып  отырған  қателіктер  мен  кемшіліктер  жайлы  жазылған 
материалдар 
жалпы 
оралмандардың 
тыныс-тіршілігіне 
қатысты 
материалдардың басым кӛпшілігін иеленетіні «Егемен Қазақстан», «Түркістан», 
«Қазақ  елі»,  «Ана  тілі»  т.б  республикаға  танымал  кең  тараған  басылымдарға 
ШҚО  «Дидар»,  «Семей  таңы»  газеттеріне  жасалған  сараптамалар  барысында 
айқын аңғарылды. Cолардың келесі кемшіліктерді сынға алған кейбір ауқымды 
материалдарына арнайы тоқталайық: 
Оралмандарды  орналастыру  барысында  табиғаты  қатал,  ӛзге  ұлттар  жиі 
қоныстанған  солтүстік  ӛңірлерге  қоныстанушылардың  тым  аздығы  жиі 
айтылып  келді.  Мемлекттік  саясат  негізіндегі  жүйелі  ұйымдастырған  іс 
шаралардың  арқасында,  әрі  ел  астанасын  Арқаға  кӛшіруіне  байланысты 
солтүстік  облыстарға  қоныстануға  тілек  білдіретін  ағайындар  саны  1990 
жылдардың екінші жартысында күрт ӛскені белгілі. 
Бұдан  баспасӛз  сынының  қателіктерді  түзетуге  ықпалын  да  аңғаруға 
болады.  Баспасӛз  беттеріндегі  оралмандар  ӛміріне  байланысты  сын 
материалдардың  екінші  бір  ауқымдысы  (әсіресе  2004  жылдан  кейін)  квоталық 
жәрдем  ақы  тӛнірегіндегі  әрекеттер  жӛнінде  «Заң»  газеті  2005  жылы  20-
қырқүйектегі  санында  Парламент  депутаты  Зейнотола  Алтынбаев  жасаған 
[108].  Сұхбат  беруші  «Дәл  қазір  квота  алудың  құйтырқы  жолдары  ойлап 
табылып  жатыр.  Оралмандардың  квоталық  тӛлемдерін  алуда  делдалдық 
қызметті  мемлекет  кеңсесінің  ғана  емес,  екі  тараптың  да  кӛнілің  таба  білетін 
жылпостар  шеберлікпен  атқарып  жүр.  Бұл  қазір  қалыпты  жағдайға  айналып 
барады.  Соның  салдарынан  болар,  әсіресе  мына  әлеуметтік  жағдайы  тӛмен 
Ӛзбекстан  мен  Қырғыстан  елінен  жыл  сайын  квотадан  тыс  кӛшкен  кедейлер 
легі кӛбейіп кетті» - деп жазды. 
Ол  тұста  еліміз  кӛлемінде  нарықтың  ӛтпелі  кезеңі  ауыртпалығын  салып, 
жергілікті  халықтың  ӛзі  жұмыссыздық  салдарынан  қалалы  жерлерге  қарай 
ағылып  жатқандықтан,  жат  елден  келген  ағайындар  түгіл жергілікті  халықтың 
ӛзі ондай жайлы жер табуы мүмкін емес еді. 
Ал  ағайындардың  екінші  бір  тобы  туған  жер,  ӛскен  елін  аңсап  кері  кӛше 
бастады.  Бұлай  кері  кӛшуіне  біріншіден  жоғарыда  айтқанымыздай  еңбекке 
қырcыздығы, отбасын алып жүру, ұйымдастыру қабілетінің тӛмендігі әсер етсе, 

 
 
85 
екінші  тобына  сол  кездегі  Моңғолияда  тұрып  жатқан  қандастарымыздың 
уақытша  болса  да,  нарық  қиыншылығына  дәл  Қазақстандай  ұрынбай  ӛмір-
тіршіліктерінің  пышақ  сырты  артық  тұруы  әсер  етті.  Кері  кӛшкендердің 
кӛпшілігі  Манғолияда  келген  ағайындар  болды.  Ресми  емес  деректерге 
сүйенсек,  1996-2000  жылдар  аралығында  Манғолиядан  келген  10  мың  ағайын 
кері кӛшкен. 
Моңғолиядан  келген  ағайындардың  кері  кӛшу  себеп  салдарын  жазушы 
Мұхтар  Мағауиннің  «Кӛші-қон  шырғалаңы»  мақаласында  салиқалы 
қорытындыланған.  Кері  кӛшуге  оралмандар  емес,  ұлттық  санасы  тӛмен 
жергілікті ұсақ шенеуніктер кінәлі екенін нақты дәлелдейді [109].  
Бұл тұста да кемістіктің бетін ашып, халықты үкіметтің назарына жеткізуге 
негізінен  қазақ  баспасӛзі  ғана  мұрындық  болды.  Шетелден  келіп  жатқан 
қандастарымыздың  тұрмыс  тіршілігіне,  жалпы  қазақ  диаспорасы,  кӛші-қонды 
іркіліссіз  жалғастыру  саласындағы  мәселелері  ӛзекті  тақырып  етіп  кӛтермеген 
бірде-бір  қазақ  баспасӛзі  жоқ  десе  де  болады.  Бұл  мәселені  ӛзінің  басты 
тақырып етіп ұстанған «Қазақ елі» газетінде де кӛптеген ӛзекті мәселе кӛтерген 
мақалалар  жарияланды.  Бұған  дәлел  ретінде  осы  газеттің  2001  жылғы  №5 
санында  жарық  кӛрген  Қ.  Әділдің  «Оралмандарда  ӛкпе  кӛп,  немесе  қолдан 
жасалған  қиыншылықтардан  құтылар  күні  барма?»  [110],  «Ұлы  кӛшке  үкімет 
мүдделі ме?», Н. Қазыбектің «Қазаққа қауіп қайдан?» (2001 жылы №10) сияқты 
мақалаларды айтуға болады [111]. 
Жалпы,  оралмандар  мәселесіне  байланысты  проблема,  қиыншылықтардың 
кӛпшілігі  әкімшілік  органдарында  отырған  лауазымды  шенеуніктердің 
бюрократтығынан,  қолдан  жасалған  қиындықтар  екенін  қоғамдық  талқыға 
салып,  халық  бұқара  алдында  кемшіліктің  бетін  ашу  тұрғысында  «Қазақ  елі» 
газеті  басқа  біршама  қазақ  басылымдарынан  белсенділік  танытқанын  зерттеу 
нәтижелері кӛрсетеді. Мысалы, жоғарыда аталған Қ. Әділ «Оралмандарда ӛкпе 
кӛп немесе қолдан жасалған қиыншылықтардан құтылатын, күн бар ма?» [110, 
10  б.]  сын  мақаласында  барша  осындай  кемшіліктердің  бетін  ашқан.  «Мына 
біздегі  қоғамдық  ӛмірде  адамдарды  бюрократтықтың  асқынған  ауруы  әбден 
діңкелетіп тұрғаны ӛтірік емес. Қағазбастылық тұқым қуалап жаңа ХХI ғасырға 
да  жетті.  Осы  қағазбастылықтың  арасында  парақорлық  деген  пәле  таудай 
болып,  шӛгіп  жатыр»,  -  деп  басталған  бұл  мақалада  мысал  ретінде 
Моңғолиядан келген бір оралман азаматтығын алу үшін зіл-батпан, сұп-суық он 
алты  есікті  сығалап  екі  жыл  ӛмірін  ӛткізген.  Әрқайсысын  қапысыз  он  шақты 
рет  қағып  шыққан.  Жуырда  оған  «жүз  доллар  берсең  -  бітіреміз»,  -  деген 
«жағымды  жаңалық»  айтыпты  құзырлы  кеңседегілер.  Қуанып  кеткен  жігіт 
ағайын  аралап,  әлгі  ақшасын  тауып  беріп  азаматтығын  алған.  Жинаған 
қағаздары  түкке  керегі  жоқ  екен.  «Он  алты  тесіктен  қағаз  жинаған  азабымды 
қайтейін»  дейді  ол  күйіп.  Осы  мақалада  атажұртқа  бүгінге  дейін  кӛшіп  келген 
184 мың оралманның қазіргі жағдаймен 50,4 мыңы ғана Қазақстан азаматтығын 
алғандығын  ашына  жазады.  Сонымен  100  мыңнан  астам  сырттан  келген 
оралман  бауырларымыздың  азаматтық  алалмай  жүргеніне  5-6  жыл  болғанын 
сондай-ақ  мақалада  квотадан  тыс  ӛз  беттерімен  кӛшіп  келгендердің  ӛгей 

 
 
86 
баланың күйін кешіп жүргенін бұқпантайсыз ашып жазған. Міне, осы мақалада 
айтылған  кемшіліктерге  кӛз  жүгіртсек  мұның  барлығы  да  шенеуніктердің 
қолдан жасап отырған, ләбе тілеген жасанды қиыншылығы екенін аңғару қиын 
емес.  Мәселен  кӛшіп  келген  184  мың  оралманның  неге  50,4  мыңы  ғана 
азаматтық  алады.  Елбасының  алдына  баратын  тізім,  қай  негізде  қаралып, 
қандай  заңға  негізделіп  жатқаны  түсініксіз.  Ала-құла  деп  айырмай-ақ  бәріне 
бірдей жарлық неге шықпайды?  
Сол  сияқты  осы  мақаладағы  айтқан  кемшіліктерге  үңілер  болсақ, 
оралмандарды  жұмысқа  орналастыру  мәселесі  тым  тӛменгі  деңгейде.  Кӛшіп 
келгендердің  арасындағы  87768  адамның  қазіргі  жағдайда  32  пайызы  ғана 
жұмыспен қамтылған. Оларға да ең негізгі бӛгет азаматтығын ала алмағанда. 
Қолында Қазақстан азаматы деген жеке бастық куәлігі жоқ адамның жұмыс 
түгіл,  түрлі  жеңілдік,  тіпті  несие  алып  шағын  бизнеспен  айналысуға  да 
мүмкіндігі  жоқ.  Ал  шетелдерден  ӛз  бетімен  квотадан  тыс  кӛшіп  келген 
ағайындардың  халі  бұдан  да  мүшкіл.  Оларға  кӛмек  кӛрсетілмейді.  Тіпті  басы 
артық  адамдар  сияқты.  Шын  мәнінде  үкіметке  ауыртпалық  түсірмей  ӛз 
беттерімен кӛшіп келген ағайындарға ең алдымен қолдау кӛрсетілуі қажет емес 
пе.  Міне,  осылайша  қазақ  тіліндегі  қай  басылымды  парақтасаңыз  да 
оралмандардың  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  кемшіліктер  туралы  сӛз 
қозғаған мақалаларды қиындықсыз таба аласыз. 
Осы  тұста  Республикамыздың  бас  газеті  «Егемен  Қазақстаннан»,  бастап 
«Қазақ  елі»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Түркістан».(Соңынан  «Кӛш»  газеті)  «Жас 
Алаш»,  «Жас  қазақ»,  «Ана  тілі»,  «Заң»  сияқты  басылымдар  жүздеген 
проблемалық,  сын  материалдар  жариялап,  кӛштің тоқтап  қалуы  мүмкін  екенін 
үкімет  құлағына  жеткізіп  дабыл  қақты.  (Мұндай  сан  проблемалық 
мақалалардың барлығына талдау жасау мүмкін емес. Ал жекелеген басты-басты 
газеттердің негізгі мақалаларына талдау жасасақ: «Егемен Қазақстан» газетінің 
1991  жылғы  9  қарашадағы  санында  газеттің  ақпарат  бӛлімі:  «Алыста  жүрген 
ағайындар  деп  аңсарымыз  ауып,  баспасӛз  бетінде  «оларды  құшақ  жая  қарсы 
аламыз»  деген  уәдені  үйіп-жазып,  шетелдегі  қандастарымызды  шақырып 
жатқанымыз  рас.  Олардың  біразы  кӛршілес  Моңғолиядан,  Қытайдан  кӛшіп 
келіп,  орналасып  та  жатыр.  Алайда  оларға  жасалып  жатқан  жағдай  қандай? 
Алыстан  ат  артып  кӛшіп  келіп  жатқан  ағайындардың  елім  деп  келгенде 
еңселері түсіп, тауы шағылып тұнжыраған жайлары да кездесуде», - деген алғы 
сӛзбен  «Шүйіркелесіп  отыру  да  бір  арман»,  «Заңды  тағатсыз  күтудеміз», 
«Қайта  қауышқан  құшақтар»,  «Мемлекеттік  тұрғыда  мән  беру  қажет»  деген 
тӛрт материал беріпті [112]. 
Бірінші  мақалаға  назар  аударып  кӛрейік:  Алтай  ӛлкесінен  (Ресей)  ата 
мекенге барамын деп аңсап келгендердің бірі мен едім. Орығып келген кӛңілім 
елге  жеткен  соң  басылып  қалды.  Туған  жерге  келмекші  болған  ағайындармен 
арнайы  айналысып  кӛші-қонды  реттеп  отырған  ешкім  жоқ  екен. 
Ұжымшарларды  аралап  жүріп  жұмыс  тауып  алдым.  Жұмыс  болса,  үй  жоқ,  үй 
болса  ыңғайлы  жұмыс  жоқ  дегендей  келушілердің  әуре  сарсаңы  кӛп.  Соның 
салдарынан  менімен  бірге  келген  біраз  шаңырақ  кері  қайтып  кетті. 

 
 
87 
Тұрмысымыз ӛте ауыр, қазір мен де неге келдім, қайдан келдім», - деп ӛкінемін. 
«Тағы  бір  ӛкініштісі  ӛз  елімде  жүріп  ана  тілімде  сӛйлей  алмағаным.  Мен 
Қазақстанда қазақ тілінің халі осындай мүшкіл деп ойламаған едім» деп жазды. 
«Заңды  тағатсыз  күтудеміз»  деген  мақалада  Целиноград  облысының 
Алексеев ауданының Урголанский совхозына келген бір оралман: «Елге барып 
жырғаймыз  нақтылы  қазақ  боламыз  деп  жиған  тергенімізді  шӛміштеп  шашып 
тастап,  атамекенге  аңсап  келгенде  озғанның  орнына  тозғанымыз  туралы  газет 
арқылы сыр шертеміз деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Дегенмен де 
жанға батқан сырды ашына айтуға тура келіп отыр. Кӛшіп келген елге үй тіккен 
шай  беретін  қазақи  салт-дәстүрімізден  жұрдай  болыппыз.  Шетелден  атамекен 
деп аңсап келгенде бізге алғашқы айда тұрақты тіркеуге отырмадың деп «ораза 
ұстатқанша»  бір  ай  азық-түлік  беруге  неге  болмасын?  Моңғолияда  алатын 
айлық  жалақы  мұнда  келгенде  тӛмендегендіктен  отбасының  тіршілігі 
тӛмендеді.  Моңғолияда  курс  бітіріп  алған  автожүргізуші  куәлігіміз  мұнда 
қуатсыз болып қалды. Жер ауысқанда мамандық жарамсыз болатын заң бар ма? 
Немесе  шопан  мен  құрылысшыны  ғана  шақырған  ба?  Кеген  ауданы  Жалаңаш 
кеңшарында  екі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет