Тараз мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата16.02.2017
өлшемі6,7 Mb.
#4225
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Аннотация.  Берілген  мақала  теориялық  стилистиканың  бірден-бір  маңызды  мҽселесі  – 
лингвостилистика жиынтығын үйренуге арналған. 

 
 
71 
 
Мақалада  Толстойдың  Гадюка  повестінің  лингвостилистикалық  жиынтығы,  ядро  мен 
перифериден тұратын сҿйлеудің амал-тҽсілдері қарастырылған. 
Annotation. This article is devoted to the studying one of the most topical problems of theoretical stylistics 
– linguastylistic complex. 
 
In  the  article,  the  speech  means,  which  are  centre  and  periphery  of  linguastylistic  complex  in 
A.N.Tolstoi’s novel «Gaduka», is considered  
________________________ 
1. Новиков А.Н. Семантика текста и ее формализация. - М.: Наука, 1983.- 530 с. 
2. Ожегов С.И. Словарь русского языка. – М.: Советская энциклопедия, 1970. – 408 c. 
3. Толстой А.Н. Гадюка. Собр. соч. В 10 т., Т.4. - М.: Художественная литература,1958.756 с.  
 
 
 
А.М. Абуталиева 
 
ҒАБИТ МҤСІРЕПОВТІҢ «ОЯНҒАН ӚЛКЕ» РОМАНЫНЫҢ  
КӚРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
ӘОЖ 82.0 (5 Қаз) 
       Ә-19 
 
«Мүсірепов  жасаған  бейнелерді  бір  жерге  жинасақ,  бүтін  бір  галерея  ашуға  болар  еді.  Бірақ 
Мүсірепов жасаған бейнелер бір жерге жиналмайды, олардың бҽрі - тірі кісілер, сондықтан дүниенің 
о  шеті  мен  бұ  шетіне  тарап  кеткен;  олар  ҽрқашан  ел  ішінде,  жұрт  арасында,  халықпен  қарым-
қатынаста, іс-ҽрекет үстінде жүр жҽне солай жүре бермек. Біртуар талант мүсіндеп-мінездеген ылғи 
бірегей типтер мен характерлердің қоғамдық ҿзгертушілік күші осында жатыр». 
Екінші,  жазушының  бұл  романына  бірен-сарандап,  кейін  бірнеше  сын  пікірлер  айтылды, 
түбегейлі жан-жақты сҿз болды.  Ендігі міндет  қаламгердің шеберлігін шыңдай түсетін құралы,  сом 
тұлға  жасайтын  ҽдіс-тҽсілдеріне  тоқталып  ҿту.Жазушының  бұл  шығармасының  идеялық  кҿркемдік 
мҽнін  ашумен,  образдар  табиғатын  талдаумен  ғана  шектелмей,  кейбір  тұстарда  оның  суреткерлік 
лабораториясына, яғни творчестволық ерекшеліктеріне де батылырақ бару кҿзделді. 
Сюжет дегеніміз: «шығармада адам характерлерін ашатын оқиғаның нақтылы жүйесі»  - дейді 
Р.Бердібаев  сюжет  ҿткінші  оқиғаның  жалаң  тізбегі  емес,  ҿмірдің  ең  бір  типтік  құбылыстарын 
ашатын, іріктелген, характерлі іс-ҽрекеттің тобы, жиыны. Ҿмір бар жерде түрлі қайшылықтар болып 
отыру тіршілік заңдылығы. Сюжет ҽйтеуір ҿмірде бола беретін кҿріністің емес, типтік оқиғалардың 
тығыз бірлескен жүйесі. 
Жазушы  ең  үздік,  шебер  жасалған  адам  образын  алдымен  ең  қою  тартысқа  құрылған  қалың 
оқиғалардан іздейді. Жақсы шығарманың жақсы сипат алуы да сол сюжеттің қою, қызықтылығында 
екені мҽлім. Шынайы күрделі, қиын қақтығыстар тұсында  ғана  адам  сезімінің, талабының,  мінез - 
нҽрінің,  тағдырдың  барының баршасы түгел ашылып, тартыс қатал айқасқа айналады. Осындай ғана 
қақтығыстар  барлық  повесть,  роман,  драма  атаулының  ең  сенімді  қаңқасын,  арқа  сүйек  тұлғасын 
туғызады. Шеберлік шығарманы жазудан басталмайды. Ҿмірде болатын ҽрқилы жайларды салыстыра 
біліп,  салмақтай  алу  шеберлікті  аңғартады.  Сонымен  бірге  жазушы  бір  жазған  шығармасына  қайта 
оралып,  оны  ҿңдеп,  ҿзгертіп,  ұстарта  түссе,  бұл  да  шеберлікті  шыңдайды.  Кҿркем  ҽдебиет 
шығармасының ҿзіне бҿлек ҿзгеше мақсаты бар. Ол – нақтылы, жанды бейне арқылы, адамның ішкі 
жан дүниесін образды тілмен суреттеп береді. Ал сюжет сол кҿркем туындының ең негізгі, ең басты 
элементтерінің  бірі.  Сондықтан  да  адамның  ішкі  жан  сезімін,  характерін  тереңірек  ашып  кҿрсетуге 
кҿмектесіп  отырады.  Дҽл  осы  ретте  сюжет  характердің  не  ҿшу,  не  ҿсу,  жетілу,  не  қалыптасу,  не 
құлдырау тарихын құрайды. Кейіпкердің бір-бірімен байланысын, қарым-қатынасын, ҽр алуан талас-
тартысын кҿрсетеді. Болмаса, азып-тозып бара жатқан адамның психологиялық процесін бейнелейді. 
Бірақ сюжеттің ҿзі ҽр уақыт геройдың характерінен туады. Кейіпкердің характері қандай болса, оның 
іс-ҽрекет,  қимылы  да,  сондай  болуға  тиіс.  Романдағы  бір  герой  мен  екінші  геройдың  арасындағы 
жекелеген сезім тартысынан бастап ҽлеуметтік үлкен конфликтілерден ҿзге жеке адамдардың басына 
байланысты туып ҿсіп, ҿніп, қирап жататын жекелік тартыстар нағыз кҿркем туындыға жан бітіретін  

 
 
72 
 
ҿзгеше  оқшау,  жақсы  сыпат  болып  табылады.  Ал  бұл  сияқты  жекелеген  сюжеттік  желінің  ҿзі  де 
ширығып,  шиеленісіп  отырады.  Ҿзінің  кульминациялық  шарықтау  шегіне  жетіп  шешілетін  кҿп 
сырлы  қызық  күйлері  бар.  Сюжетсіз  –  романда  аса  қиын,  анық  ҿзгеше  қақтығыс  болмайды.  Адам 
тағдыры да барынша терең ашылып кҿрінбейді. Бірақ сюжет дара мақсат емес. Ол адам характерін, 
адамның  мінез-құлық,  психологиясын  ашуға  қызмет  етеді.  Сонда  ғана  кҿркем  шығарма  ішіндегі 
сюжет  пен  адам  характерінің  арасы  аса  қиын,  қызғылықты  кҿп  жайлардан  үнемі  тұтаса  келіп, 
толысып отырады. Романның сюжеті, композициялық құрылысы, жазушылық шеберлігі жақтарынан 
да  ең  жақсы  творчестволық  ҿрісін  танытады.Талас  жоқ,  сюжетті  шығармалардағы  оқиға  желісін, 
адамдардың ара-қатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда ешқандай стандарт жоқ. Ҽр суреткер 
ҿз  шығармасының  сюжетін  ҿз  қалауынша  құрады.  Мысалы,  Ғабит  Мүсіреповтің  «Оянған  ҿлке» 
романы ҽдеттегі классикалық үлгімен кҽдімгі экспозициядан басталады, «Қазақ солдаты» оқырманды 
жүгірте  жетелей  жҿнелетін  ситуациядан  басталады.  М.Ҽуезовтің  «Абай  жолы»,  С.Мұқановтың 
«Ботагҿз»  сюжеті  заңды  шешіммен  де  біте  қоймай,  эпилогпен  барып  кҿмкеріледі.  С.Сейфуллиннің 
«Тар  жол  тайғақ  кешу»,  С.Мұқановтың  «Мҿлдір  махаббат»,  Ғ.Мұстафиннің  «Кҿз  кҿрген»  осылар 
арнаудан, беташардан, аңғартудан басталады. Қысқасы, ҽр шығарманың  архитектоникасы  ҽр түрлі. 
Сҿйте  тұра,  бұл  айтылғандардың  бірі  де  сюжеттің  табиғи  бастауы  (экспозициясы),  байланысы 
(завязка),  дамуы  (ситуация),  шарықтауы  (кульминация),  шешім  (развязка)  болатынын  жоққа 
шығармайды. Сюжеттің басталуы (латынша exspositio-дҽйектеме) оның кіріспесі іспетті, мұнда ҽдеби 
қаһармандар  ҿзара қарым-қатынасқа кҿшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ, 
қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. 
«Оянған ҿлкенің» басқы тараудан түгелдей алып жатқан ҽрекет, негізінде екі байдың Игілік пен 
Жұманның  арасында  ҿтеді.  Бірі  жаңалыққа  бейім,  айлалы  да,  ақылды,  екіншісі  мал  санына  ғана 
сүйенген тоңмайын, топас. Автор қарама-қарсы мінезді екі байдың тартыс-таласын кҿрсету арқылы 
қазақтың үстем қауымының ішіндегі қайшылықтарынан хабар береді.  
Романда сюжеттің басталуы  «Тағы да таласып келіп, тағы да  тақасып  келіп қонып жатқан екі 
бай  ауыл  ақ  үйлерін  ҽлі  тіккен  жоқ  еді.  Жаз  бойы  Құланҿтпес  пен  Құдаймендінің  кең  шиырына 
сыйыса  алмай,  күнде  қанат  серпісіп,  күнде  қамшы  сілтесіп,  қақтығысып  келген  екі  байдың  аядай 
жерге  арқа  тіресіп  қонып  жатқандары  жай  да  емес  сияқты.  Алшақ  жайласып,  араласпай  араз 
отыратын  екі  бай  уҽделесіп  қойғандай,  Майқұдық  басына  бүгін  кешке,  жақын  қатар  келіп  құлады. 
Бірінен-бірі  іргесін  айыра  алмайтын  дос  ағайындарша,  бір  ғана  бұлақтың  басына  иық  тиісе  қонып 
жатыр. Бірақ екі қабақтың да түюлі екені, бұл ҿңірге қашаннан мҽлім, белгілі сыр болатын еді». 
Романның бірінші бҿлімінде тұтас алып жатқан үлкен бір тартыстық желі бар. Онда, негізінде, 
Қарағанды даласын емін-еркін билеп жатқан қазақтың екі байы – Игілік пен Жұманның ҿзара бҽсеке 
таласы  кҿрсетілген.  Екі  байдың  асығыс  түрде  тар  жерге  тығыла  қонуының  ҿзі  кҿп  қайшылықтан 
хабар бергендей. Шындығында да жер үшін, қоныс үшін талас Игілік пен Жұманның жҽне олардың 
айналасындағы  басқа  жандардың  мінездік  ерекшеліктерін,  кҿкейіндегі  аңсарларын  тануға 
кҿмектеседі.  Игілік  пен  Жұманның  арасындағы  кикілжің  ҽлеуметтік  астары  бар едҽуір мҽселе 
болып  кҿрінеді.  Қашаннан  бай  мен  байдың  арасында  қоныс  үшін,  жайылым  үшін  кикілжің  болып 
тұрғаны мҽлім. «Оянған ҿлкедегі» байлардың ҿзара қыр-байлығының басқаша мҽнісі бар. Бұл арада 
байлар дауына орыс капиталистерінің тікелей араласы болған. Сары арқаның даласын ерсілі-қарсылы 
кезіп, тегін жатқан байлықты қарпып қалуды ойлаған Ушаковтардың кҿзі Қарағанды кҿміріне түседі. 
Бірақ ол қазыналы жерді қалай алудың есебін таба алмай дағдарады да, жер иесі болып табылатын 
қазақ  байларымен  келісуді  кҿздейді.  Сонда  оның  тапқан  адамы  –  айналасына  ҽкімшілігін  мол 
жүргізіп  отырған  атақты  Игілік  би  болады.  Ал  Игілік  би  орыс  капиталисіне,  оның  ар  жағынан 
орыстың  жергілікті  ҽкімшілігіне  сүйене  отырып,  ҿзінің  бҽсекелес  адамы  –  Жұман  байды  ықтыра 
түскісі  келеді.  Соның  салдарынан  Жұманды  арандатып,  ҽуре-сарсаңға  түсіреді,  ҽрі  Жұманның  да 
жайлап кетіп жүретін жері – Майқұдықты орыс капиталистеріне саттырып жібереді.  
Шындығында  «Оянған  ҿлкенің»  бірінші  бҿлімінде  екі  қазақ  аулындағы  неше  алуан  суреттер 
майда,  кҿркем  берілген.  Халық  ҿмірінің  түрлі  кҿріністерін,  мінездік,  салттық  құбылыстарды  бір-
бірімен  шебер  қиыстырып,  негізгі  оқиға  тартысына  байланыстырып  бере  білген.  Мҽселен,  Игілік 
бидің  Майқұдыққа  кҿшіп келіп, үй тіктіру кезеңін алып қарайық. Осы бір кҿріністің ҿзінде ҿмірдің 
сан саласына хабар беретін қасиет бар.  
Автор  Игіліктің  ҿз  ортасынан  озған  бай  екендігінде,  оның  балалары,  ағайындары  дүйім  елді 
қолында  ұстап  тұрған  да,  Игіліктің  ҿз  басының  мінезге  тартымды,  айлалы  екендігін  де  шебер 
бейнелейді. Байдың жаңадан тігіліп жатқан үйін тамашалауға келген кҿп адамдардың ішінде  

 
 
73 
 
Күреңкҿз қожа, Боздақ би, Жұмабек тҿре, шабарман Омар сияқты ҽр түрлі мінездің адамдарын кҿруге 
болады. Жазушы романның осы тұсында айрықша ұсталық танытады.  
Қат-қабат  оқиғалар,  түрлі  байланыстар,  ықыластар  тарихи  бір  ғана  үлкен  оқиға  айналасында 
аңғарылып қалады.  Мұнда есіл-дерті Қарағандының қазыналы кенін арзан бағаға сатып алуды ғана 
кҿздейтін  Ушаковты  да,  бір  кезде  Игілікті  Кенесарының  қаһарынан  жалынып-жалбарынып  сақтап 
қалған,  қазір  Игіліктің  қошаметші  батагҿйіне  айналған  жемқор  қожа  Күреңкҿзді  де,  байлар  ғана 
тиімді  келетін  билік  айтуды  кҽсіп  еткен  Боздақты  да,  ата-бабасы,  соншама  тҽкаппар  айбынды 
болғанымен,  ҿздері  кедейленген,  азған-тозған  тҿрелердің  бірі,  пысығы  Жұмабекті  де,  Игіліктің 
барлық  ішкі  қалтарысын,  қулық-сұмдығын  білетін  сенімді  жандайшабы  Омарды  да  осы  бҿлімнен 
танып шығамыз
1

Кеше  іңірде  Жабай  жылқының  бір  шетін  қайырып  жүр  еді,  Игілік  аулынан  құйғытып  шыға 
келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, қасқырдың қозыға жапқан жаласын айтты.  
Бұлармен жанжалдасар ойы жоқ Жабай: - Кҿп жылқыға ие бола алмай жүрміз, жігіттер. Қайта, 
қолқабыс қылып, осының бетін бұрысып берсеңдер қайтеді? – деді.  
-
 
Бұл қайсысы ҿзі? Қалжың айтатын неме ғой! – деп, қабырғатаса берген 
Омардан Жабай зұлымдық күтпей, бейқам тұрып қалып еді.  
Тақымға  қыстырған  шоқпар  түп  келтектің  сол  жақ  кҿзіне  сарт  етіп  қалғанын  бір-ақ  аңғарды. 
Шоқпар шың етіп кҿз сүйегіне қатты тиіп еді. Екі кҿзінен жалп-жалп етіп, жанып бара жатқан зеңгір 
кҿк  жапырақтар  жерге  түсіп  жатқанын  кҿрді.  Есеңгіреп  қалса  да,  атқа  үйренген  тақымдары 
құлатпады.  Енді  Омар  бір  жігітті  маңдайдан  ұрып  құлата  алмағанына  намыстанғандай,  қайырыла 
беріп,  қақ  тізеден  тағы  ұрып  жіберді.  Соңғы  ұрғанның  кім  екенін  Жабай  білген  де  жоқ,  атынан 
ауытқып  құлай  берді  де,  сол  аяғы  үзеңгіге  ілігіп  қалып,  біраз  сүйретіліп  барып,  жерге  сылқ  түсті. 
Жылқышылар тауып алғанша Жабай құлаған орнынан қозғала да алған жоқ. Қазір  міне, ауыр күйде, 
ҽйелдердің жасаған ем-домымен ғана жатқан жайы бар.     
Ғ.  Мүсіреповтің  жазушылық  ҿмірінде  бұл  роман  кезеңді  шығарма  болатыны  анық.  «Оянған 
ҿлке»  романында  үлкенді-кішілі  оқиғалардың  бҽрі  кейіпкердің  тағдыры  мен  іс-ҽрекеттері  арқылы 
беріліп,  образдар, қимыл үстінде ашылады.  
«- Мынау Жабай ма, не болып еді, неге жатыр!- деді Сейіт.  
Не болушы еді, қарағым… Екі арада шыбын ҿлетін ҽдеті емес пе…- деді Күңше.  
Сейіт   ар жағын  сұраған  жоқ.  Бұл екі ауылдың   арасында  мұндай  қақтығыс ұдайы  болып 
тұрады,  талай  кҿрген  таныс  қылығы.  Жабайдың  кҿзінен  аққан  қаны  құрым  киіздің  күйігімен 
араласып, бет-ауыздың ашық қалған жеріне баттасып қалыпты». 
Автор  қазақ  даласындағы  жайылым  тартысының  ең  бір  ширығып,  шиеленген  жерін  суреттеу 
арқылы  екі  байдың  оңай  бітіспес  күресін  ұрымтал  жерінен  аңғартады.  Міне,  сол  Игілік  пен 
Жұманның жер таласы талай адамдардың ҿмірлік орны мен мінезін, осы оқиғаға азды-кҿпті қатысын 
тарам-тарам ашып кетеді. 
«-  Бұл  екі  бидің  арасындағы  ҿкпе-соқпа  дегеннен  жұрт  кҿзі  сүрініп  болды  ғой.  Тағы  бір 
еңкейіскенмен, ол қаншаға барар дейсің. Екеуінің баққан дүниелері екі басқа емес пе? … Біз болсақ, 
сасық дҽулеттің сасып-бықсып отырған бақташысымыз. Сенің жҿнің бір басқа ғой… қызығыппыз да 
қолдан  келмеген  соң,  күндеумен  ішімізді  толтыра  береміз.  Сендердің  араларыңда  бітім  болмайды. 
Оны қоя тұр былай. Осы арадан қандаспай айырылысасыңдар ма, жоқ па, мен соны сұрағым келеді? – 
деді Кҿпей. Біріңнің астына бірің түсіп жатқандарыңды ендігҽрі кҿрмейін деп ем.  
-
 
Жұмакең қол жиып жатыр ма? – деді. Игілік қауіптене қалғандай.  
-
 
Екеуіңнің  қолың  да  жинаулы  тұр  емес  пе?  Қол  жинаспай  отырған  күндерің  бар  ма  еді. 
Сойылға жығылу басталған жоқ па! … оны қоя тұрып ҿз жауабыңды берсеңші, - деді Кҿпей.  
-
 
Кҿпей, - деді Игілік, шынын айтар жүзбен тура қарап – Кҿпей, осы елдің кҿп кҽугҿрлік еркегі 
айтқаныңа  да  түсінбейді,  кҿрсетіп  отырғаныңды  да  кҿрмейді.  Сондықтан  мен  бұларға  сҿз  айтуды 
қойып, уақыты келіп қалғанда, істе деймін де қарап отырам. Кҿбі түсінбей істейді, бірақ артында мен 
тұрған соң, менің айтқаным істеледі.  Мен имам емеспін,  намазыңды түсініп оқимысың деп олар да 
сұрамайды  ғой!  Мен  де  сұрамаймын.  Кҿпей,  кҿп  кҽугҿріктің  кҿріп  жүріп  ұқпайтынын  сен  үйде 
отырып-ақ біліп жатасың. Солардың бірсыпырасы біздің үйде жатыр. Мен оларға ҽлі еш нҽрсе айтқан 
жоқпын.  Оларға  айтпағанымды  саған  айтам.  Маған  енді  жер  керегі  жоқ.  Менің  байлығым  базарда. 
Осы  араға  кҿшіп  келгенде  осы  бір  алақандай  бұлақтың  басын  иемдене  қояйын  деп  келгенім  жоқ. 
Кҿпей екі нҽрсені анық түйіп еді. Мұның байлығы базарда екені рас, осы бір тықыр күздікке қызығып 
келген жоқ». Ҽдебиеттің нысанасы болмыс шындығын кҿркем образ арқылы ашу. Ҿмір ақиқатын  

 
 
74 
 
кҿркемдік  шындыққа  кҿтеру  үшін  кҿптеген  заңдылықтар  мен  шарттардың  орайласуы  қажет. 
Характерлер  ҿмір  шындығын  кҿрсетудің  басты  құралы.  Характер  –  адамның    психика-мінездік 
ерекшеліктің  жиыны.  Ал  сол  ерекшелік  ҽр  түрлі  жағдайда,  адамның  басқалармен  қарым-
қатынасында, қоғамдық жҽне жеке ҿмір ҿткелдері үстінде кҿрінбек жҽне адамның қасиеттері ҿскен 
қоғамдық  ортаға  сҽйкес  қалыптасады.  Кҿркем  ҽдебиетте  характер  деп  даралық  сипаты  ашық 
неғұрлым  толық  ҽрі  анықтықпен  суреттелетін  адам  образын  айтады.  Игілік  сипаттары  қандай? 
Қыруар малы бар екі байдың тар жерге тығыла қонып жатқанын кҿрсетіп, шиеленістің үстінен түсіру 
шынында да тиімді тҽсіл. Ҿмірде кездесетін мінездермен ҽдебиеттік характерлерді бірдей деу қате. 
Қандай  да  болмас  тың  шикі  материал  кҿркемдік  жинақтаудың  заңдылығына  бағынатындай 
характерде  кҿп  «сүргіден»  ҿтетіні  анық.  Бұл  жазушы  таланты  мен  тҽжірибесін  жұмсауды  қажет 
ететін үлкен процесс. 
Бұл  кезеңнің  бір  зор  жаңалығы  –  отар  елге  капиталистік  қатынастың  кіруі  ғой.  Мұның  ҿзі 
феодализм тұншықтырған қазақ даласын аз да болса, бір сергітіп тастарлық таза ауа сияқты еді. Қазақ 
халқының осы бір ҿзгере, ояна бастау дҽуірі романда ҿз шындығымен кең кҿрсетілген. Капиталистік 
қатынастың  қазақ  даласына  екі  жолмен  келгені  белгілі.  Бірі  –  Ақбұйрат.  Қарағандыға  апаратын 
ҿндіріс  жолы,  екіншісі  –  Қараҿткел,  Қарқаралы,  Қояндыға  баратын  жҽрмеңке  жолы.  Бұл  жолдар 
арқылы  қазақтың  малы,  оның  –  терсігі  мен  жүн-жұрқасы  дүние  жүзілік  саудаға  түсіп,  мысы  мен 
кҿмірі  есептегі  байлық  қайланысына  кіре  бастаған  болатын.  Бақташысы    жоқ    ауыл    қотанында  
шашылып  жатқан қой сияқты осы  байлықтарға кҿкжал бҿрілердің анталай бастаған кезі еді. Романда 
осы екі жолдың екеуі де кҿрсетілген. «Маған енді жер керегі жоқ. Менің байлығым базарда» дейді. 
Игілік тұлғасын жазушы ерекше ұқыптылықпен қашаған.  Мұнда ойын-күлкіге орын жоқ. Тау 
тағысындай  Игілік  бейнесінің  кҿтерер  жүгі  тым  ауыр.  Бүкіл  романның  кең  бір  ҿңірін  ҿзі  жайлап 
жатыр. Сан сала оқиға, сан түрлі жандар Игілікке келіп құйылады, оған соқпай кетпейді.  Ондай жан 
айрықша болу керек. Ондай жан терең күрделі болу керек. Ондай жанның ҽр сҿзі астарлы, ҽр қилы 
салмақты,  ішінде  қатпар-қатпар  сыр  жатыр.  Шебер  ойлы,  байқағыш,  ҿз  уақытының  шаңына  ілесер 
жан  болу  керек.  Сондықтан  да  жазушы  Игілік  бейнесін  ерекше  ұқыптылықпен  қашайды  –  оны  бар 
болмысымен ашады. Игілікке келгенде жазушы мейлінше сараң, бірақ соғұрлым салмақты, астарлы 
тіл  табады.  Дүниетанымының  кеңдігі,  ісінің  ірілігіне  байланысты  Игілік  кҿбіне  ірі  оқиға  арасында 
бой жазады. Қазақ даласында осы ояна бастаған жаңа ҿмір тартыс-керіссіз болмақ емес еді. Ҿмірдің 
ҽр  саласына  сыбағалы  лебін  берген  жаңалық  ҽр  тарапқа  бҿлінген  қалың  елден  ҽрі  мол  тірек,  ҽрі 
қарсылық  күтетін  еді.  Қазақ  жеріне  ие  сымақ  болып  жүрген  байларда  екі  ұдай  болып  кетті.  Бірі 
қорқаған қорқақ сасық күзеңнің ырылдап ініне қарай шегінгеніне ұқсаса, екіншісі қан исін сезген бҿрі 
сияқты  еді.  Мұның  бірі  Жұман,  бірі  Игілік.  Бірінің  жаназасы  оқылып,  біріне  жолбата  берілген. 
«Түйені жел қозғаса, ешкіні кҿктен ізде» дегендей, бүкіл Россияны шайқап келе жатқан капиталистік 
қатынас  Жұмандардан  не  қалдырсын!  «Аз  жаңалық,  кҿп  естелікті  ескеру  жоқ,  мүсіркеу  жоқ,  аттап 
ҿтетіндігін кҿрсетті».  Машинаның гүрілінен берекесі кетіп, пҽуескемен тҿбелесіп жүрген «батырға» 
бұл аяусыз үкім еді. Жаңалық тас кҿмір болып келіп, алдымен күміс самаурынды ағызып, ақыры сол 
«батырдың» ҿзіне де жаназа оқып кетті.«Шегінді алған құдай талпақты шопақ құрлы кҿрсін бе» деген 
екен бір қазақ. Сол айтқандай бай үйіне кіріп жатқан жаңалық кедей үйлерінің біразының шаңырағын 
ортасына  түсіреді.  Бірақ  Жұманға  оқылған  үкім  бұларға  оқылған  жоқты.  Бұл  жаңалық  қанаудың 
бұрынғыдан  да  күшті,  бірақ  елеусіз  жолын  тауып,  бұқара  иығына  албастыша  асылып  алса  да, 
жаңалықтың басы болатын. Берекесіз бытырап бай үшін бірін-бірі сойылға жығып, «сармантайлап» 
жүрген  кедейлердің  ҿз  алдына  бір  тайпа  топ  болып,  күшті  жұдырығын  кҿрсетіп,  кек  жолына  түсе 
бастауы  сол  жаңалықтың  шарпуы  болатын.  Қорғансыз  жүрген  Жылқыбай,  Түйебайлар  енді 
басқаларға  қорған.  Оларсыз  Сейіт  пен  Назыкештің  халі  не  болмақшы?  Есігінен  қарай  алмайтын 
Игілік  үйіне  тал  түсте  барып,  сауыншы  ҽйелін  алып  кету  –  тек  қана  сол  жаңалық  туғызған  жаңа 
күштің қолынан келетін іс. Ол күш аз болса кҿпке саналатын жұмыскер тобы. Дҽл осы жаңа күш бар 
жаңалықтың үстінен қарап, қазақ даласына келешекте қожа боларлықтай ұсқын кҿрсете бастаған еді. 
Автор  ҿз  бояуын  орнымен  пайдаланады,  ҽр  оқиғаны,  табиғат  пен  адам  суреттерін,  адамның  ой-
құбылыстарын,  қарым-қатынастарын  суреттегенде  орынсыз  ҽсірелемей,  кҿркемдік  дҽлдікке, 
ҽсерлікке  тырысады.  Ҽр  адамның  қимыл-мінезі  мен  тұлғасына  сай,  іс-ҽрекеттері  де  ҿз  бойына  шақ 
келіп  отырады,  сҿйлеген  сҿзі  де  ой-ҿрісіне,  жан  құбылысына  лайықты  келеді.  Мҽселен,  автор 
романдағы  Жұманның  қылығын  мінезіне  сай  бірнеше  суреттемелерін  аша  түскен.  «Жүгі 
босатылмаған  түйелерді  бақыртып-бажылдатып  тұрғызып,  біріне  бірін  тіркеп,  жүкшілер  де 
Жұманның жҿн сілтеуін күтіп тұр: 

 
 
75 
 
-Жҿнеліңдер ҽрі! Менен кҿз жазып қалмаңдар! – деп Жұман атқа мініп, кҿшті ҿзі бастап ҽкетті. 
Қайда қондырары белгісіз, қырсығып кетіп барады.  
Жұман  кҿштің  алдына  түсіп  алып,  қайтсем  Игіліктің  жанына  қаттырақ  батырар  екенмін  деп 
келе  жатыр  еді,  Ақмола  жолымен  шұбап  келе  жатқан  кҿп  арбаны  кҿрді…  Жұман  қара бурыл  атты 
қатты бір тебініп қалып, ағызып келген бойы ең соңғы пҽуескені бұзау тіс қамшымен тартып-тартып 
жібереді. Жабық пҽуескенің гулеп-гулеп еткеннен басқа қарсылығы байқалмаған соң, айналып келіп 
тағы  да  ұрады…  кҿп  ұрды,  күмпілдетіп  ұрды…  ырылдағаннан  басқа  үн  шығармай  ұрды.  Бірақ, 
«ҿлдім,  ҿлдім»  деп,  «ҽке  құлдық,  араша»  дегенді  ести  алмаған  соң  ыза-кегі  де  тарқай  алмады». 
Жұманның тағы бір ҽректінен оның мінезін ашар тұсты алып кҿрелік. Жұман моланың ар жағымен 
орап кҿлденеңдеп шыға келгенде, Омар моланың қасына атынан түсе қалып, ҿлікке аят оқи бастаған 
еді… Дүние ҽрекетін түгел ұмытып, ұрып жатсаң қозғалмайтындай мүлгіп отыр. Ҽр молдадан шала 
үйренген бірдемелерді мұрнынан жіберіп, анда-санда даусын бір созып қояды.  
Тепсініп-ақ келіп қалса да, құран оқып отырған адамды Жұман да бас салып сабай алмады. Ол 
бір құдайға қарсылық болар еді. Бір кҿзін кілбитіп алып, молаға телміріп, ұзақ бірдемені соғып отыр 
да,  бірі  ашуға  булығып,  мұның  қашан  тоқтарын  күтіп  тұр.  Омардың  осынша  ұзын  құранды 
білмейтінін  Жұмакең  жақсы  білсе  де,  ҽйтеуір,  құдайға  арналған  ниетті  бұза  алмады.  Жұмакен  енді 
болмағанда  «болды,  жетер!»  -  деп  қала  жаздап  еді,  ҽлденеге  белін  байлаған  Омар  құранын  бітіріп, 
қолын жайды… - Салауман ҽйкүм! – деді Омар, екі қолын Жұманға қарай ұсынып, - Ҽ, зҽнталақ! Сен 
маған сҽлем бере келген шығарсың! – деп, Жұман атпен бастырмалатып келді де жауырын ортадан 
ала  қамшы  селтеді.  Атқа  ыңғайлы  жастау  Омар  моланы  екі  айналғанша  жақындатпап  еді,  үшінші 
оралғанда шал тҿніп қалған екен… 
Жұман  аттан  қарғып  түсіп,  қаңтара  салды  да,  жер ошақтан  шыққан  отты  қамшымен  сабалап, 
етегімен таптап, ҽрең сҿндірді. Ас үйден сасқалақтап шыға келген ҽйелді қайта қуып шықты. Оның ар 
жағын  ойлануға  ҿзінің  де  шамасы  келген  жоқ.  Ағаш  шелекпен  жер  ошақта  жанып  жатқан  отты 
толтыра  кесіп  алды  да,  машиналар  шҿп  шауып  жатқан  жаққа  кҿсіп  алысырақ  апарып,  ҽр  жерге 
шашып-шашып жіберді. Долы шал содан кейін ғана үйіне кірді».  Шығармалардағы осындай тартыс 
ҽдетте  тақырыптың  ядросын  құрайды.  Конфликтіні  шешу  кҿркем  идеяның  анықтаушы,  шешуші 
кезеңі болып келеді. Конфликт объективтік шындыққа тҽн белгілі бір қоғамдық-тарихи қайшылықты 
күресті білдіреді. Кҿркемҿнер тартысы қоғамдық күрестерін адамдар арасындағы қарым-қатынастар 
арқылы кҿрсетеді. Ҽсіресе роман тартысы қоғамдық күштердің жай ҽншейін қақтығысын емес, онда 
жекелеген адамдар жан-жақты ҿзінің қоғамдық, тарихи, психологиялық, эмоциялық ҿзгешеліктермен, 
сонымен қатар, тіпті дене құрылысындағы ерекшеліктері де кҿрінеді. Сонымен, кҿркем тартыс  – бұл 
жеке адамдар арасындағы қақтығыс- қайшылық. «Күн бата шұбыртып мал шеті де кҿрінеді, боран да 
үдеңкіреп  кетті.  Жұмакең  жетекте  келе  жатқан  қара  бурылына  да  мініп  алды…  Жұман  сол  кеткен 
бойы  жылқысымен  бірге  ығып  кете  берді…  Жұман  жылқышының  алдына  шауып  шығып,  ерсілі-
қарсылы  кҿлденеңдеп,  бҿгемекші  болды. Ҽлде  қай  жерде  кездесіп  қалған  жылқышыға  да  айқайлап 
соны  тапсырды.Ат  тұяғы  тасқа  соғылып  бурыл  ат  сүрініп  кетті.  Кілт  тоқтап,  бүйірімен  бұрылып, 
бурыл ат бірдемені жағалап ҿтіп барады… Бұл не болды екен? – Сол бүйірімен соғылған жылқыдан 
бурыл  ат  ҽрең  түспей  қалды.  Тағы  соғылды,  тағы  да…  Бурыл  ат  оң  жағына  бұрыла  беріп,  оқыс 
қарғып кетті. Жар астындағы қалың қарға түсті де омыраулап, тағы біраз қарғып кҿрді. Қарғып келіп, 
домалап  келіп,  бірін-бірі  жанша,  бірін-бірі  баса  құлаған  кҿп  жылқы  Жұманды  атымен  домалатып, 
ойға  қарай  айдап  ҽкетті…Жұман  от орнындай  ғана  болып  жатқан  кҿк  мұздың  үстіне  сырғып  келіп 
түскенде  не  болғанын,  не  боларын  бҽрін  біліп  жатыр  еді…  Бурыл  аттың  тізесі  келіп  алқымынан 
басып жатқан сияқтанады… осыдан кейінгіні кҿп тұяқтарды кҿре алған жоқ…». 
Автор сол тұста тек мал санына ғана күпсінген дҿкей Жұманның образын осы қимыл-ҽрекеті 
үстінде  ашады.  Тілді  бір-екі  ауыз  сҿзімен-ақ  бала  қамын  емес,  мал  қамын  кҿксеген  жемқорлығын 
байқауға болады. Игілік Жұмансыз толыққанды бейне боп шықпақ емес. Екеуі  – бір орта адамы. Бір 
заманда  туған,  оның  үстіне  ҽрі  туыс.  Екеуі  де  мыңды  айдаған  бай.  Екеуіне  де  қарабайлық, 
дүниеқоңыздық,  жалмауыздық  бар.  Екеуі  де  еңбек  адамын  езеді,  малын  бақтырады,  шҿбін 
шаптырады,  малайы  етіп  құлдығына  салады.  Бұл  жағынан  келгенде  екеуі  бір-біріне  ұқсас,  екеуі  де 
озбырлар ҿкілі. Ал, бірақ Игілік Жұман емес. Жұман Игілік емес. Жазушы Жұман образын шығарма 
арқауына енгізу арқылы қазақ даласындағы ҽлеуметтік-экономикалық ҿзгерістерге орайласқан, соған 
үйлесіп  дүние-байлық  табудың  ғасырлық  амалынан  жаңа  амалына  кҿшкен,  «жаңа  кҿзін  тапқан» 
Игілік  бейнесін  барынша  аша  алған.  Бұлардан  басқа  да  бірсыпыра  кейіпкерлер  романның  алғашқы 
бҿлімінде ҿз орнында шағын да болса ұтымды суреттелетінін атап ҿту керек. Барлық ісі қиғаш келіп,  

 
 
76 
 
оның  парасатты  мінезді  ҽйелі  Кҿпей  бҽйбіше  болса,  бір-бірін  таза  сезіммен  ұнататын  Сейіт  пен 
Назыкеш,  ҽрі  ақкҿңіл,  ҽрі  күлдіргі,  керек  жерінде  сҿзге  тілі  орамды,  айтайын  дегенін  батыл  айтып 
тастайтын  Байжан  сияқты  кейіпкерлер  табиғи  түрде  оқиға  барысында  кездестіріле  кҿрсетіледі. 
«Оянған  ҿлкедегі»  негізгі  кейіпкерлер  бірінші  тараудан-ақ  оқиғаның  ауқымына  араласады.  Бұдан 
романның ҿте ширақ, тартымды, жарасымды басталғанын, автордың бір бҿлім ішіне соншалықты бай 
ҿмір  материалын  сыйғыза  білгенін  кҿреміз.  Сонда  осылардың  ішінен  Игілік  пен  Жұманның 
арасындағы  тартыс-талас  ҿзекті  мҽселе  болып  екшеліп  шығады.  Жалпы  романдағы  сюжетке  негіз 
болған  оқиғалық  желінің  бір  түйіні  осында.  Автор  бай  мен  байдың  арасындағы  ҿштікті,  оның 
тарихын, тартыс пен дамуын объективтік ҿмір шындығына да, характер табиғатына да лайық етіп ала 
білген.  Сюжеттік  байланыс  –  адамдар  арасындағы  ҽрекеттің  басы,  тартыстың  басталуы  іспетті, 
шығарма  арқауындағы  негізгі  оқиғаның  ҽуелгі  туындау  себебі  секілді.  Қызылжар  бойы  Никон 
Ушаков қазақ даласын кҿптен бері кҿкжал бҿрідей кезіп жүрген адам еді. Бар қомағайдың ҽдетінше 
кҿп жортты, кҿпке кездесті, кҿпті тапты. Бар байлығы қарпусыз, қаймағымен жатқан қазақ даласына 
қадала бастаған кҿп кҿздің алдын орап, Сарыарқаның ҽр қырқасына бір қазық қағып, кҿмірді темірге, 
темірді мысқа, мысты қорғасынға қосақтап, арқандап тастады.  Қай қазықтың түбінен алтын шығар, 
қай  жерден  мыс  сорғалар,  ҽзір  оған  кҿзі  жете  бермейді,    ҽйтеуір    исі  білінген  кен    байлығының   
жиырмасына таңба  бастырып, ҿз атына   бекіттіріп  алып,  Жезқазған,  Нілді,  Ақбұйрат,   Құлжұмыр,  
Сасық,  Сораң,  Қарағанды сияқты кенді шиырларды кесек-кесегімен қылғып келеді» Романда қазақ 
даласына  ҿндіріс  капиталының  ене  бастаған  кезі,  тұңғыш  қазақ  жұмысшылары  туған  кезең 
суреттеледі.  Мұнда  XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ  қауымының  ҿмірін  айқын  кҿреміз. 
Сол дҽуірдегі қазақ сахарасы ҿмірі, тұрмыс жолы, сан алуан адам тағдыры, замана шындығы романда 
жан-жақты  кҿрінеді.  Қазақстанның  Ресейге  қосылуы  қазақ  халқының  мҽдени-экономикалық, 
қоғамдық  ҿмірінде  зор  прогрестік  роль  атқарады.  Ғасырлар  бойы  ҿзгермей  қаз-қалпында  қалған 
рулық  патриархалдық  құрылысқа  күйрете  соққы  берді.  Сонымен  бірге  ол  ҽлеуметтік  күштердің 
шұғыл  жетіле  түсуіне  негіз  жасады.  Қазақстанға  орыс  капиталының  енуіне  байланысты  ҽр  жерде 
ҿндіріс орындары салына бастады. Сҿйтіп Қазақстанда жұмысшы табының тууына объективті жағдай 
жасалады.  Романдағы  оқиғаның  тарихи  кезеңдеріне  келсек  –  Ресейде    капитализмнің  жылдам  дами 
бастаған дҽуірі. Осы кезде орыс капиталистері шет аймақтарға ерекше кҿңіл бҿліп, олардың табиғат 
байлықтарына  ие  болуға  асыққанды.  Революцияшыл  демократтардың  (алдыңғы  қатарлы)  жалынды 
идеяларының  ұшқыны  сол  кездің  ҿзінде  жұмысшылар  арасына  жеткенді.  «Оянған  ҿлкеде»  ұзақ 
мерзімнің кҿп оқиғаларын қамтитын түрлі жүйелер бар. Соларды сала-сала етіп ҿрбітеді. Ушаков пен 
Рязанов  арасындағы  қырбайлықтан  туатын  іс-ҽрекеттің  ҿзі  салдарлы  ҽңгіме.  Қазақ  пен  орыс 
жұмысшылар арасы да суреттеледі. Байлық үшін үздіксіз күрес жүргізу, күштің ҽлсізге тізе кҿрсетуі  
онтогонистік  қарама-қайшылыққа  негізделген  заманның  айнымас  заңы.  Жалпы  алғанда, 
революциядан  бұрынғы  Қазақстан  ҿндірісі  жұмысшылардың  жай-күйін  бүгінгі  қауымға  таныстыру 
«Оянған ҿлкенің» тҽрбиелік мҽні бар шығарма. Байлардың да, капиталистердің де арасында күрделі 
қайшылық болуы табиғи. Игіліктің кҿмегімен қазақтың кенді жерлерін арзан алған Ушаковтар жедел 
іске кіріскен еді. Шартпен Оралдан орыс жұмысшыларын, қырдан қазақтарды кҿшіріп ҽкеп жұмысқа  
қосады.    Ушаковке    Сахарадағы    Жұмабек    тҿре,  Игілік    адамдары  жҽрдем  береді.  Қазақ,  орыс 
адамдары ауыр еңбек үйінде тағдырлас болып табылады. Қарағандыға шұбаған жұмысшылар күйін 
автор былай суреттеген.  
«Осы  арпалыстың  үстіне,  Ақмоладан  келетін  жіңішке  жолмен  шұбаған  кҿп жаяу, осы  ауылға 
келіп кіріп еді. Кҿп жаяудың орта кезінде жалғыз-жалғыз ат жегілген үш шана бар. Бҽрі де бастарын 
байлап-матап  алған,  қара  киінген  адамдар.  Кҿбінің  кигені  сарық  жүннен  тоқылған  қара  шекпен, 
аяқтарында  ҽр  түрлі  пима,  біресе  оң  жағына,  біресе  сол  жағына  қырындап,  құлап-сүрініп,  ҽрең 
қозғалып  келеді».  Оралдан  келген  орыс  жұмысшылары  арқылы  біз  Рязанов,  Сикорский,  пристав 
Соколовтардан Ресей емес, халықтың Ресейді  кҿреміз. Жұмысшылардың достығы романда нанымды 
суреттелген.  Бірінің  тілін  бірі  жақсы  біле  қоймаса  да,  түсініп,  ұғыныса  алады.  Қыстың  аязы  мен 
боранында апатқа ұшырап келе жатқан  жұмыскерлерді кедей ауылдың қалай күткенін кҿріп келген 
орыс  жұмыскері  енді  жауыз  Зубовтың  айтағында  кҿнер  ме?  Зубов  оларға  қазақты  тағы  жұрт  деп 
жамандайды. Бірақ та оның: 
«- Тоналған да шығарсыңдар?- деген сұрағын жұмыскерлер: 
-
 
Жоқ ҿзіміз қарыздар болып келдік,- деп ҽдемі жауап береді». 
Бұл жерде Зубовтың қазақ халқын білмейтінін де, шағыстырушы да екі сыры 
бірдей ашылып жатыр.  

 
 
77 
 
Автор  бұл  тұста  суреттеген  диалогы  арқылы  қазақ  халқына  тҽн  мінезі  де,  Зубовтың  мінезін 
қатар ұтымды берген. 
Бір кезде байдың қолшоқпары болған Бұланбай екі байдың мүддесі үшін болған айқас үстінде 
ҿз  қатесін  түсініп  бұрынғы  қате  жолынан  безуге  ант  еткенді.  Автор  осы  тұсты  мына  кҿріністе 
айқынырақ аңғартады. 
«Енеңді ұрайын, кедейдің маңдайына екі нар сыйған ба! Қасым болғанша, досым болсаң етті, 
жатым  болғанша  жақыным  болсаң  етті!  Бір  сен  болмасаң,  осы  елде  қолыңнан  айызын  қандырып 
ұратын  да  бір  ит  жоқ  екен  ғой!  –  деді.  Сізге  олақтау  Бұланбай,  тақпақтаңқырап  кеткен  Сүгірҽліге 
ҿзіндей жауап қайтара алмай,сасыңқырап қалып: 
-
 
Ініге сен жарымасаң, ағаға мен қашан жарып едім?  
Күні бойы қамшылағаныңды ағаңның шапалағы дермін, бұдан былай інім деп жүр!- деді. 
Ақ кҿңіл Сүгірҽлі, опырылып құлаған жардай, біржола құлап түсті де: 
-
 
Бауырым, Бұланбай, сҿз осы болсын.  Мҽ, қамшы, қамшыңды ҽкел!  Мықты болса  Игілік пен 
Жұман ҿзді-ҿзі қырылыса берсін. Екеуміздің бір-бір атымызға жетпей жатқан жер жоқ, - деді. Кҿзіне 
жас келіп, даусы дірілдеп тұр. Бірақ ер кҿңілді, батыр тұлғалы бұл жігіт момын кедейлерді нысапсыз 
қанап,  езіп  келе  жатқан  байларға  қарсы  тұру  керек,  күресу  керек  деген  ойға  бірте-бірте  жетеді. 
Ҿндіріске  келе  орыс  жұмысшыларының    ықпалымен  ол  күрес  жолын  таниды,  кҿп  мүддесінің 
қорғаушысы  болады.    Характерді  жан-тірі  күйінде,  сан  қырлы  бояулар  мен  бейнелеу-  марқайған 
ҽдебиетіміздегі  реализмнің  жемісі.  Адам  мен  адам,  адам  мен  қоғам,  адам  мен  табиғат  арасындағы 
қарым-қатынас  ҽуелгі  кезде  оқиғалар  жүйесі,  оқыс  қимыл  қақтығысы  арқылы  бейнеленген. 
Шығарманың  шеберлік  келбетін  анықтайтын,  кҿтерілген  тақырып  пен  кҿрсетілген  оқиғаның 
шынайылығын, тереңдігі мен мҽнділігін ҿлшейтін таразының бірі – конфликт. Конфликт дегеніміз – 
екі  түрлі,  я  болмаса  одан  да  кҿбірек  кҿзқарастың  іс-жүзіндегі  ҽрекетке  айналған  тартысы. 
Философияда қарама-қайшылықтың  күрес заңы қаншалық маңызды роль ойнаса сҿйлегенде сюжет, 
композиция, характер секілді үлкен ұғымдарды кейде қатарластыра қамтып айту да табиғи. Ҿйткені 
тартысты, ҿзі белгілі композициялық кеңістікте, сюжеттік ҿрілімде ғана ҿріс табады. Сюжет дегеніміз 
«Шығармада  адам  характерлерін  ашатын  оқиғалардың  нақтылы  жүйесі.  Бірақ  осы  қысқа,  сораң 
тұжырым тасасында қандай мҽн бар? Кез-келген оқиғалар сюжеттік желі бола ала ма? Шындығында 
кҿркем  сюжет  ҿткінші  оқиғалардың    жалаң    тізбегі    емес,    ҿмірдің    ең  бір    типтік    құбылыстарын  
ашатын,  іріктелген,  характерлі  іс-ҽрекеттің  ақиқат  қайшылықтар  мен  тартыстарды  қаншалықты 
кҿрсете алғандығымен, нағыз ҿмірді елестетерлік байланыстар мен қатынастардың жолын, тарихын 
бейнеленбеуімен  бағаланбақ:  Романда  Михайло  Неволя,  Бұланбай,  Байжандардың  айдалып  бара 
жатқан  Елизавета Сергеевна мен Быковты босатып алу  ҽрекеттері арқылы қазақ жұмысшыларының 
күресте біраз шынығып қалғанын білеміз. Жалпы Бұланбай, Байжан образдарының мінездері роман 
бойына ҿсу, даму үстінде. Ол тартысты автор былай суреттеген. Тура келіп, кҿзіңе осып жіберетіні 
бар…-  деп,  бір  қолымен  кҿзін  қалқалап,  бір  қолымен  қораптың  темір  жақтауынан  ұстап,  жасқана 
бергенде алдыңғы жақта дүбірлете шауып, қиқуласып келе жатқан кҿп адамның даусын естіді.  
Сайып  келгенде  сюжеттік  ҿзекті  оқиғалардың  шоғырлану  шоқтығы.    Романдағы  сюжеттің 
шарықтау  шегі  жұмысшылардың  бас  кҿтеріп,  ҿздерінің  мұң-мұқтажын  айтып,  жұмысқа  шықпауы. 
Автор осы тұсты тартыс үстінде аша түседі. Жабық шахталарға бір адам түскен жоқ… Аузына барып, 
айнала қоршап алып бҽрі де сыртта отыр… Манадан бақылап тұр ем, беттерін жаман кҿрді. Барабан 
да  тоқтап  қалды…  Ұсталар  да  дүкенін  жауып,  соларға  барып  қосылды,  -  деді  Жұмабек.  Үйдегілер 
енді абайлап еді, ұста дүкенінде шаңқ-шұңқ етіп естіліп жататын дыбыс тынып қалған екен.  
Енді Ушаковтың ҿзі де далаға жүгіре шықты.. Дұрыс екен… Жабық шахтаға түсер ауызды кең 
қоршап алып, жұмыскерлер қозғалыссыз отыр. Күн шаңқан ыстық болса да бір адам кҿлеңке іздемей, 
бой тасаламай отыра беруге бел байлағандай екен. Кҿмір отволдарының үстінде де топ-топ шоғырлар 
кҿрінеді. Ҽдейі кҿзге түсу үшін жоғары шығып алған сияқты. Арғы беттегі ауыл адамдары да бала-
шағаларымен  шұбырып  далаға  шығып  сол  жабық  шахталарға  қарап  тұр.  Ашық  шахтадағы 
жұмыскерлерде де қобалжу бары байқалады.  
-
 
Сен барып келші, - деді Ушаков Жұмабекке. – Тоқтатсын жанжалды, шахтаға түссін. Ҽйтпесе, 
мұның  аяғы  ҿздеріне  жаман  болады…  Бүгіннен  қалдырмай  бҽрін  де  босатып,  бұл  маңайдан  қуып 
жіберем.  Жұмыстан  босанған  адамды  бір  күнге  де  қалдырмаймын  бұл  жерде!  Бұл  менің  жерім! 
Түсіндің бе? … 
Бұл  жерде  автор  Ушаковтың  құлқынын,  характерін  береді.  Бір-бірін  толықтырып  отыратын 
образдар, бірінің характерін ашу үстінде қолданылады. Қараңғы қазақ жұмыскерлері ыңғайына кҿне   

 
 
78 
 
берген сайын Ушаков оларды езе берді, жанши берді. Олардың халі барған сайын мүшкілдене берді, 
ауру-сырқауға шалдықты. Қазақ жұмысшыларының  тұрмысын автор Ушаковты барактарды аралата 
отырып суреттейді. «Жалпы жоқшылық пен жұтаған тіршілік жайын Ушаковтың ҿзі де жақсы білетін 
еді.  Бұл  жерде  оны  қатты  таңдандырған  енесі  мен  келіні  ортада,  бір  кҿрпенің  астында  жатқаны 
болды. Екі  ҽйелдің ері -  ҽке мен бала екі шетте ҽрқайсысы ҿз ҽйелі жағында жататынын кҿріп тұр. 
Бірінің келіні, бірінің шешесі ортада жатыр… Бұл бір ҿте тоналған ҿмірдің ар қыспағы сияқты еді. 
Ушаковтың  ҿзі  де  қатты  абыржып  қалды.  Үнсіз  телмірген  ҽйел  кҿздері  Ушаковқа  осы  бір  зарды 
айтып  тұрғандай.  Кҿресіз  бе,  ҽке  мен  баласы,  шешесі  мен  келіні,  аралас  жатырмыз.  Адам  баласы 
бұлай тұрмасқа керек қой? Мынау  ҽке, мынау келін, мынау шеше, мынау баласы екенін ұғасыз ба? 
Бір күнкҿріс үшін ұят, ҽдептен осынша айырылуымызды қалай лайық кҿресіз? – деп кінҽлап қарайды.  
-
 
Таң-сҽріден сорлы қазақ жұмыскерлерінің күніне табатын алпыс тиыннан ҽрең асады. Оларға 
аяушылық  білдіріп  жүрген  қожайын  жоқ.  Ал  сол  жұмыскерлердің  үй-тұрмысы,  халі  мҽз  емес. 
Жазушы  мұны  кҿрсету  үшін  Ушаковты  барактарға  апарады.  Кҿр  ҿмір  ұсқынсыз  жадаулығын, 
сықпытсыз  кейпін  қожайын  алдына  жайып  салады.  Ҽке  мен  бала,  шеше  мен  келін  –  бҽрі  аралас 
жатыр.  Бір  кҿрпе  астына  ұйлыққан.  Жазушы  жұмыскерлердің  жұтаң,  тоналған,  ауыр  да  қасіретті 
ҿмірін  кҿрсету  арқылы  капиталистік  дүниенің  жексұрындық  жақтарын  ҽшкерелеген.  Ушаков 
жұмыскерлердің  жалақысын  кемітуге  ұйғарады.  Міне  осындай  озбырлықты  кҿре  ҿмірден  жиған 
тҽжірибелерінен  енді  жұмысшылардың  мұқтаждықтарын  айтып,  бас  кҿтеруі  басталды.  Осындай 
тартыс үстерінде характер ашыла түседі. Орыс жұмыскерлерінің ықпал-ҿнегесімен, кҿмегімен қазақ 
жұмысшылары  да  шынығып,ширады.  Кҽнігі  жұмыскерлерге  бірте-бірте  айнала  бастады.  Іштерінен 
Бұланбай, Сүгірҽлі, Байшегір, Алшағыр сияқты табанды басшылар да шықты. Қазақ жұмыскерлерінің 
бұғанасы  қатты,  олар  бірлік-ынтымақ  керек  екенін  түсінді.  Жазушы  кешегі  ауыл  кедейінің  ҿсу 
жолдарын  ғана  емес,  оның  характерлерінің  жаңа  қырларын  ашты.  Жұмыскерлердің  осындай 
ұйымшыл табандылығын, олардың характерлерінің қалыптасуын Ушаковпен бетпе-бет келген оқиға 
үстінде кҿрсетеді. Олар ауылдың кешегі жасқаншақ, ыға сҿйлейтін, ҿз үйінде ғана бұрқырайтын қазақ 
жігіттері емес
1

-
 
Баянды  бір  беткей,  ҽділ  адам,  ақ  адам,  еңбек  адамы.  Жазушы  оның  сол  мінезін  шығармада 
осы  ҽрекет  арқылы  аша  түскен.  Романдағы  бірсыпыра  уақыт  суреттеліп,  геройлардың  мінез 
ерекшелігін  ашуға  септесетін  тағы  бір  желі  орыс  капиталистерінің  ҿз  арасындағы  бақталастық, 
бҽсекелестік жайы.  Шындығында бұл да ҿмір ақиқатына негізделген тартыс. Капиталистердің ҿзара 
мҽмілесі  қашан  да  пайда  табуға  негізделетіні  мҽлім.  Қасындағы  серіктері  пайданы  аз  бере  бастаса, 
капиталист атаулы ондай серіктесінен безіп шығады, не амалын тауып орға жығады.     
Басында  уҽде  жасасып,  компания  құрған  Рязанов  пен  Ушаков  арасы  кейіннен  бірте-бірте  суи 
береді. Романда осы мҽселе ҿте мол да, шебер кҿрсетілген. Алыста жатқан Рязановтың Қарағандыға 
оң  кҿзі  Сикорский  мен  бүкіл  ҿндіріс  жұмысын  басқарып  отырған  Ушаковтың  арасында  іштей 
толассыз  күрес  жүреді.  Қарағанды  кенінің  байлығын  бірсыпыра  алғаннан  кейін  капиталистердің 
ҿзара ынтымағы бұзылған. Оның негізгі бір себебі шығарылған қаржыға лайық ҿнімнің үздіксіз ҿсіп 
отырмағандығы болуы керек. Рязанов алыста жатса да, ҿзінің компаниядағы үлкен салмағын, үлесін 
пайдаланып, Ушаковқа қысым кҿрсетуді, оны ҿзіне толық бағындыруды кҿздейді. Ал Ушаков, ҽрбір 
жыртқыштың  заңы  бойынша,  бұл  да  пайданы  ҿзіне  тартуды  кҿбірек  ойлайды.      Осылардың 
арасындағы  алауыздық  бірте-бірте  асқына  түсіп,  ақыр  аяғында  Ушаковтың  толық  банкрот  болып 
бітуімен аяқталады. Романның соңында компаниядағы үлесінен марқұм қалып, күйзелген Ушаковты 
кҿреміз. 
Автор Игілік пен Ушаковтың диалогынан құлдыраған Ушаковты кҿрсетеді. 
-
 
Ат-арба  кімдікі  екенін  біле  алмадым,  сіздің  бір  үш  жұмыскер  келіп,  мені  жаман  састырып 
кетті, - деді Игілік. 
-
 
Ие? 
-
 
Осы үйде біреуінің шешесі сауыншы болатын еді, соны тартып ҽкетті, - деп Игілік ҽлде ғана 
осы үйде болған оқиғаны шағына айтып шықты. 
-
 
О, сіз ондайдан ҽлі ондайдан кҿрмеген асаусыз ғой!… Біз екі жетідей жұмыскер жанжалына 
түсіп,  ҽрең  ес  жидық…  Кейбір  күндерде  кҿрген  қысталаңымызды  жауыма  да  тілемес  едім…  -  деді 
Ушаков (486-бет). 
Роман  барысында  ҽбден  ширыққан,  сахараның  оянуы  дала  қазақтарын  сергіткен  тұсын  автор 
конфликт арқылы характерінде ашқан. Мҽселен, Игілік үйіне Жабай, Сейіт, Нартай үшеуінің келуін, 
ҽрине Күңшені алып кетуге келгенін суреттеу арқылы берген.    

 
 
79 
 
« - Мына Сейіт Күңшені ҽкетуге келіпті… Айғаншаға айтшы, барам десе, тоқтатпасын… - деп Игілік 
Батырашқа,  түсінемісің?…  Бармаймын  дегізе  алмайсыңдар  ма?  –  деген  ойын  аңғартып,  ұзағырақ 
қарап қалды да: 
-
 
Барам десе, риза қылып аттандырсын, - деп тоқтады. Батыраш түсінгенін аңдатып кҿзін қақты 
да, есікті жапты. 
-
 
Ҽй, тым болмаса, ҽдейі іздеп келген шешемізге ҽуелі амандассақ етті… 
Мал  емес  қой  жетелеп  жүре  беретін…  Менен  жеңілің  болмас,  мен  барайын…  -  деп 
Батыраштың  артынан  іле  Жабай  да  шықты.  Жабай  шығып  кетпегенде  Игілік  жігіттерді  сҿзге 
айналдырып  бҿгей  тұрмақ  еді.  Қыспағы  келіссе,  нені  болса  да  айтқызуға  болады  деп  ойлайтын 
бейшара  ҽйел  «бармаймын»  деп  қалар  деп  үміттенген.  Енді  ол  қыспақтық  бола  алмасын  сезді  де, 
Игілік  Күңшеден  де  үміт  үзді».  Шешім  –  шығарма  сюжетінің  де  шешуші  кезеңдерінің  бірі, 
суреткердің  ҿзі  суреттеп  отырған  ҿмір  шындығына  шығарған  «үкімі»,  адамдар  арасындағы  қарама-
қарсы  тайталастың  күрделі  күрестің  бітуі,  түрліше  тағдырлар  тартысынан  туған  нақты  нҽтиже, 
оқиғаға  қатысушылардың  ең  ақырғы  хал-күйі,  құбылыс-кҿріністердің  соңғы  сахнасы.  Шығарма 
сюжетінің  шешімі  –  оның  идеялық-кҿркемдік  шешімі.  Шығармада  қақтығыстар  неғұрлым  күшті 
болса, сюжеттік шешім соғұрлым мықты болады.  Шешім осал жерде  – тартыс осал, шешім сылбыр 
жерде адам мінездері де бұлдыр. 
«Сонша батып кеткен немене екенін Игілік ҿзі де сҿйлей келе, тереңдей ұққан сияқты: 
-
 
Қай шонжар, қай болыс-би, қай қожа-молда лұқсатсыз кіруші еді бұл үйге? 
Зордың  зорын,  қордың  қоры  қара  күйе  жұмыскерден  кҿрмек  пе  еді?  Мұның  үстіне  бірінші 
болып  басынып  кіруге  лайық  солар  ма  еді?  Кімнен  ығысып,  сауыншы  қатынға  түк  айта  алмай 
қалдыңдар?…» Аузынан шыққан ҽрбір сҿзді орындата алатын Игілік бүгінде біржолата кедейлерден 
түңілді. Би ұнатпаса да, еш нҽрсе дей алмады. «Именбей созылған дҿрекі қолдары» Игіліктің алмасқа 
шарасы болмады.  
  -Тағы  кім,  тағы  кім?…  Кім  асырады?  –  деп,  Дуплов  салмақпен  екі  рет  қайталады  да,  үшінші 
рет қайталауын едҽуір кешігіп айтты… Хамидола Игілікке қарап еді, о кҿзін тез аударып ҽкетті.  
-
 
Жоқ қой ешкім?… Жоқ қой?… Жоқ!… 
Жез  шыбық  жез  қалпақты  ақтық  рет,  бұрынғылардан  гҿрі  де  қаттырақ  қағып  қалды.  Жез 
қалпақтың дың еткені Ушаковқа жаназаға шақырған шіркеу қоңырауының үніндей естілді… 
«Бұл  кімнің  жаназасы?»  деп  сұрағысы  келгендей  барлық  кҿздер  Ушаковқа  қарай  ауа  беріп 
еді… Ушаков ҿзі бірге келген серігі  Игіліктің қалай жылысып шығып кеткенін аңдамай да қалды… 
Компания  жарнасын  шетелдің  маклері  Фон-Штейннің  сатып  алуымен  роман  тҽмамдалады.  Ҽрине 
роман жалғасы бар. Ушаковтың күйреуімен бітеді. Кҿркем шығарманың қадір-қасиеті олардағы адам 
характерлерін  жазушының  қаншалықты  шеберлікпен  жасауына  тікелей  байланысты.  Қандай 
қоғамдық ірі оқиғалар да кейіпкерлердің даралық бейнесімен қиюласып кҿбінесе жансыз да ҽсерсіз. 
Олай  болса  ҿмірге,  объективтік  шындыққа  сҽйкес  келетін  тұлғалар  жасауда  суреткердің  ең  үлкен 
борышы.  Ғ.Мүсіреповтің  романында  образдарды  жүйелеу,  оларға  лайықты  оқиғалық  үлес  мҽселесі 
шеберлікпен шешілген. 
Жалпы,  адам  -  ҿнердің  қай  саласы  болмасын,  нағыз,  дҽл  объектісі  екенін  білеміз.  Жҽне  сол 
ҿнердің  зерттеп  тексеретін  заты,  үлкен  мақсаты.  Ал  ҽдебиетте  шығарманың  күші  сол  ҿнер 
объектісінің бейнесі, оның ішкі-сыртқы дүниесі қаншалықты айқын да нанымды кҿрсетілгендігімен, 
оның  мінезі,  оның  қоғамдағы  орны  мен  ролі,  басқа  адамдармен  қарым-қатынасы  қаншалықты  да 
терең бейнелегендігімен ҿлшенеді.  
_____________________ 
1.
 
Бекбергенов М. Ғабит Мүсірепов прозасы. Алматы. Рауан. 1990. 94-бет. 
2.
 
Майтанов Б. Дархан дарын, жаңашыл шығарма. // Уақыт жҽне қаламгер. 1985. №12. 272-б 
3.
 
 Мүсірепов Ғ. Оянған ҿлке. Алматы. ҚМКҼБ. 1962. 500-бет. 
4.
 
 Нұрқатов А.  Идея жҽне образ. Алматы. Жазушы. 1962. 323-бет. 
5.
 
 Нұрғалиев Р. Телағыс. Алматы. Жазушы. 1986. 440-бет. 
6.
 
 Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. Алматы. Жазушы. 1968. 286-бет. 
7.
 
 Омаров І. Ҽдеби толғамдар. Алматы. Жазушы. 1988. 121-бет. 
8.
 
 Сманов Б. Кейіпкер бейнесін талдау. Алматы. Рауан. 1990. 121-бет. 
9.
 
 Сыдықов Т. Жанын аямаған ғана жақсы жазушы. // Уақыт жҽне қаламгер. 1986. №2. 264-бет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет