7
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ
ХАБАРШЫСЫ
№4
ВЕСТНИК
ТАРАЗСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО ИНСТИТУТА
2005 жылдан шыға бастады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ,
АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Ақпарат және мҧрағат комитеті
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы
КУӘЛІК
№5763-Ж
Астана қаласы «23» 02 2005 ж.
Тараз-2010
8
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ
А.Б.Абдуалы,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
(бас редактор)
Р.С.Амандосова,
педагогика ғылымдарының докторы, доцент
С.Ж.Тәжібаева,
филология ғылымдарының докторы, профессор
А.Ә.Байтелиев,
филология ғылымдарының докторы, профессор
С.А.Байтілен,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Б.Бәкірбаев,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
С.Қ.Бердібаева,
психология ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Б.Бӛлеев,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Т.Қ.Бӛлеев,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
К.Ж.Бҧзаубақова,
педагогика ғылымдарының докторы, доцент
Т.К.Кенжебаев,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Ю.П.Киселев,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
И.О.Мҥлдеков,
техника ғылымдарының докторы, профессор
О.С.Сәлімбаев,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Т.Тоқжігітов,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Ж.С.Тілеубаев,
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
М.Мҧратбеков,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Қ.Т.Ыбыраимжанов,
педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ профессоры
9
Редактор:
Мҧртазаева Б.А.
Мҧқаба дизайны
Ӛсерова Ж.Н.
Техникалық
корректорлар:
Кузембаева Н.Б.,
Абуталиева А.М.
Теруге 3.12.2010 ж. жіберілді. Басуға 19.12.2010 жылы қол қойылған
Пішімі 60х84 1/16. Офсеттік қағаз.
Бағасы келісім бойынша. Есепті беті 20; Шартты беті 12
Таралымы 300 дана. Тапсырыс 09
Сдано в набор 3.12.2010г. Подписано в печать 19.12.2010 г.
Формат 84 х 105/16. Бумага офсетная.
Цена договорная. Уч. изд.л. 20; Усл.п.л. 12
Тираж 300 экз. Заказ № 09
ТарМПИ, Редакциялық-баспа бҿлімі
080000, Тараз қ., Тҿле би к., 62
10
А. Әшімбаев
ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ
КӚРКЕМ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘОЖ 37.58 + 7.03 (5Каз)
А 97
Бағзыдан бергі ҿмір-салт үлгілері, ұлттық қадір-қасиетінің қалыптасуына себепші болған түп-
тамырлар ұлт болмысының тұғыры болып саналады. Оның құнарлы нҽрін бүгін мен болашақ
кҽдесіне жарату уақыт кҿшінің кҿшелілігіне қол жеткізбек. Рухы жоқ, киесі жоқ, тілі мен ділі жоқ ел
болмайды. Бұл қасиеттер ұлт болудың алғышарттары. Ондай қасиеттердің бастау тегін, түпкі негізін
танып-түсіну арқылы ұлтты ұйыстыруға, елдің еңсесін кҿтеруге болады. Ұлтқа рух беретін тектілер.
Этномҽдени тҽрбие тектіні, дарынды, дананы, талантты құрметтеуге үйретеді. Ҿзінің ерен еңбегімен
ұлт ҿнері кҿсегесінің кҿгеруіне аянбай атсалысқан, сонысымен туған халқының құрметіне бҿленген
суретші Ҽбілхан Қастеев сҿз жоқ алаш тектілерінің қатарында.
Суретші шығармашылығы қазақ ҿнері шыңдау шындарының бірінен саналады. Ҿзінің ұлттық
сипатымен, қазақи болмысымен ерекшеленетін реалистік бағыттағы терең тамырлы туындылар –
қазақ мҽдениетінің бейнелеу ҿнері саласындағы шын мҽніндегі мақтанышы. Ҿнер иесі мұрасына
кейінгі ұрпақ қызығушылығы күн санап артып келеді. Ол жасаған күллі шығармаларды жасап шығу
үшін Қастеевке берілген дарынды ғана иелену жеткіліксіз болар еді, бұған қосымша жан аяуды
білмейтін еңбекқорлық, асып-тасуға жол бермейтін мінез байлығы, ҿзінің таңдап алған жолына деген
ауытқымас сенімділік қажет болар еді. Қастеевтің жеке басына тҽн осы қасиеттер оның ҽріптестері
бойынан тұтастай табыла қоймайтын. Суретшіні қашанда жоғары деңгейдегі кҽсіпқойлық, ҿзіне
деген орасан талап қойғыштық жҽне дегеніне жетпей қоймайтын ілгері ұмтылушылық
ерекшелендіріп тұрған.
Дҽуірдің құлақ тұндырған қилы жаңғырықтары арасынан Қастеев ҿнерінің қоңыраулы күмбірі
естілуі қажет еді жҽне ол естілді де. Суретшінің ҿзі уақытпен тұтастықта бола жүріп, дҽуір
сұраныстарын лайықты қанағаттандыра білді. Уақыт үшін, ҿнер үшін, туған халқы үшін ҿзінің
қажеттігін терең сезінді. Бұл оны ерекше қарқынмен жұмыс істеуіне жауапкершілік жүгін батпандап
кҿтеруге итермеледі. Суретші ҿзінің шығармашылық ғұмырында негізінен бояу техникасымен, атап
айтқанда акварельмен жҽне майлы бояумен жұмыстарын атқарды. Қастеев қыл қаламынан туған
мыңдаған картина акварель суреттер туған республикамыздың бейнелеу ҿнеріндегі жылнамасы
іспеттес. Ҿнер иесі шығармалары қаймағы бұзылмаған қазақи болмысқа құрылған. Таланттарға кенде
болып кҿрмеген ұлы даланың дара дарындарының бірінен саналатын Қастеев қолынан шықан
қайталанбас туындылар ұлттық бейнелеу ҿнеріміздің байлығы мен беделі болып табылады. Замана
кҿшіне кҿз сала отырып, суретшімен арамыз тым алшақтап үлгермей-ақ, аз уақыт ішінде кҿптеген
ілгерлеушілікті бастан кешірудеміз. Қалың қауым нарықтың талап мүдделерін алғашқыда
тосырқағанымен бүгінде етене игерген. Соның нҽтижесінде тұрмыс жақсарып, халықтың
материалдық жағдайы түзелгенмен рухани ақаулық күн асқан сайын белең алуда. Бұған біреулер қым
қуат заманды кінҽлҽса, екіншілері ортаны, мектеп пен отбасын жазғырады, үшіншілері – кеңестік
кезеңдегі тҽрбие ошақтарының, ҽрқилы ұйымдардың күйрегенін алға тартса, келесілері заманына
адамы сай болу керек деген пікір түйеді.
Ҿнер тіршілік тауқыметінен жоғары тұр. Қоғамды рухани ашаршылықтың дендеуіне жол
берілмеуі керек.
Ҿнер шығармаларын ғылыми деңгейде саралап, жҽй адамның ұғымына лайықсыз етіп кҿрсетіп,
жұртты үркітетін ҿнер танушылар жҿнінде психолог Рудольф Арнхейм былай дейді: «Искусство –
самая конкретная вещь в мире, и никакого оправдания нельзя подыскать для тех, кто затуманивает
умы людей, стремящихся узнать в нем как можно больше» [1, 22 б.]
Яғни, жұртшылықта ҿнер тек арнайы адамдар үшін деген ұғым қалыптаспауы керек.
Кҿркем мҽдениеттің қалыптасуына жол ашатын басты саланың бірі ҿнер алыптары қалдырған
мҽдени мұраларды танып білу. Қастеев шығармалары барынша халықтық сипатта болғандықтан ол
ҽркімге етене жақын. Қандай халықтың да тҽрбие негізінде адамға деген сенім мен құрмет, мейірім
мен шапағат сыйластық пен түсіністік жатады десек, суретші шығармалары да осыны уағыздайды.
11
Оны кҿру қиын емес. Жастар тҽрбиесімен айналысатын ұстаздар ҿз ұстанымын осы мақсатпен
ұштастырса қоғам іргетасының мығым болары сҿзсіз.
Бүгінге Республикамызда 12 жылдық білім беруге кҿшудің мерзімі 2015 жылдан басталуы
белгіленіп отыр. Осы мерзім ішінде отандық білім берудің жаңа жүйесіне кҿшуге байланысты барлық
ҽзірлік жұмыстары ҿз мҽресіне жетуі тиіс. Жалпы тұрғыдан алғанда, білім берудің қалыптасқан үш
деңгейі бар: жалпы стандарт, кҽсіби білім, рухани білім. Кез келген бағдарламада, оның ішінде бізде
де бірінші, екінші деңгейлерге басымдылық берілді. Нарықты экономика жағдайында бұл дұрыс та
шығар. Дегенмен, адам бойындағы құндылықтарды тұрақтандыратын рухани бағытқа ҿз дҽрежесінде
назар аудармай болмайды. Бүгінгі таңда ұлттық сананың ҿсу кезеңінде – адамның рухани дүниесін
байыту кҿкейкесті мҽселе болып табылады. Руханият кемшін тартса ҿмір қатаңдануы алға шығады.
Ҿзі ҿмір сүрген ортаға деген салғырттық пен мейрімсіздік жастардың рухани жұтаңдыққа
ұшырауынан. Бұл 12 жылдық білім беру жүйесінен ҿз шешімін табуы керек.
Қалай дегенмен де тҽрбие арнасының ҿз бағытын кҿмескілендіріп алғаны, ҽсіресе оның
тұпнұсқасын ҿз ұлтымыздан іздеу кемшін тартқаны шындық. Бүгінгі жастарымыз үшін ұлыларымыз
бен ұлы тұлғаларымыз кҿмескі елестей сағымдана кҿрінетін болады. Сондықтан да ҿскелең ұрпақ
санасына сілкініс тудырып, олардың назарын ұлттық құндылықтарымызғы аударғанымыз мақұл.
Рабиндрандт Тагордың: «Ҽрбір халық ҿзіндік ұлттық қасиетін бүкіл ҽлемге таныта білуі керек.
Егер ол ұлттың ҿркениетке қосар үлесі болмаса, онда жер бетінен оның жойылу қасіретінің
басталғаны. Жҽне де адамзат тарихының дамуында бұл кешірілмес нҽрсе», [2, 27 б.] деуі шындық.
Түркі ҽлемі ҿзінің байырғы мҽдениетімен адамзаттық құндылықтарды байыта түскен. Солардың
қатарында қазақ халқы да тағылымды тарих қалыптастырып, мҽдениет саласында салтанатты кҿш
түзеген. Қастеев сынды дарқан дарындар ҿз заманы тарапынан сол кешке сҽн қоса білді.
Жалпы алғанда, қандай кҿркем туынды болсын адамды халықының рухын түсінуге, қадірлеуге
тҽрбиелеуі керек. Қастеев шығармаларын біз осындай жүк кҿтеріп тұр деп айта аламыз. «Елім жайлы
таңғалдырып жер жүзін, бір дұрыстап айта алмадым не керек?» деп Расул Гамзатов айтқандай, ҿз
халқының атын шығарып, ҽлемді таңқалдыру кімдерге арман болмаған. Зҽулім үйлер тұрғызумен
ешкімді таңғалдыра алмаймыз, ҿзгелерді таңқалдырсақ ғасырлар қойнауындағы тамырымызбен
таңқалдырамыз.
Бүгінде «Европадан қашу» үрдісі белең алып, ҽр халық тҿл тарихын, тҿл мҽдениетін танып-
білуге бет түзеуде. Алайда осының қазаққа жұғыстылығы жартымсыз болып тұр. Біз бұл
кемшілігімізден арылу үшін бір ғана Қастеев ҿнегесіне жүгініп кҿрейікші. Оның қалдырған бай
мұрасымен егжей-тегжейлі танысқан адамның кҿз алдына ҿзге емес ең алдымен қазақ, оның тыныс-
тіршілігі келер еді. Ҿнері мен ҿмірі ҿзара астасып кеткен суретші ҽлеміне бірден бойлап кету мүмкін
бола қоймайды. Былай қарағанда суретші бейенелеген кҿріністер таза реалистік тұрғыдан
ыждаһаттылықпен орындалған. Дегенмен олар фотографиялық кҿріністен мүлдем аулақ, кҿрушіні бір
шалқар шаттыққа бҿлейді. Мҽселе суретші жүрегінің ақындығында болса керек. Оның ҿмір жолына
кҿз жүгіртсек суретші 1904 жылдың 1 қаңтарында Талдықорған облысының Жаркент ауданындағы
Шежін ауылында дүниеге келген. Жас шағында байларға жалданып мал бақса, Кеңес ҿкіметінің
орнауымен қара жұмыстар атқарған. Сол дҽуірдің ұлы құрылысы Түркісіб теміржолын салысуға
қатысқан. Сонау малшы бала шағынан белгі берген суретшілік бейім дарынға ұласып жанын жай
таптырмағандықтан 1929 ж. 25 жастағы Түркісіб жұмысшысы Ҽ.Қастеев Алматыға оқуға келеді. Ол
осындағы Н.Г.Хлудовтың кҿркемсурет студиясына қабылданады. Ҿнер туындылары санатына енген
сурет салудағы алғашқы аяқ алыстары 1927 жылдан белгілі. Ҿзі тікелей куҽгер болған құрылыс
оқиғалары Қастеев творчествосының бҿлінбес бір тармағына айналған еді. Осымен бірмезгілде
Қазақстан Республикасы кҿлемінде мҽдени тҿңкеріс буырқана ҿмірге араласып жатқан. Қазақ
халқының ұлттық мҽдениетінің барлық тармағы кеңестік сипат алып, жаңа заман қазанында қайнап,
тамырларын тереңдете бастады. Қазан тҿңкерісі бастап берген жаңа ҿмір сипатын марапаттауға
ҿнердің талантты ҿкілдері тез бейімделіп, қызу творчестволық жұмысқа кірісіп кетті.
Қоғамдық-ҽлеуметтік қайшылықтарға тікелей тҽуелді ойлау ҿрісінің ұлы ҿзгерістерімен
орайлас, уақыт ҿткен сайын қоршаған орта шындығын суреттеу тҽжірибелері тамыр жайды.
Қазақ бейнелеу ҿнерінің ҿкілі ретінде Ҽ.Қастеев үш мҽселеге баса назар аударды: ең ҽуелі
бейнелеу ҿнерінің іргетасы ұлттық дҽстүр болып белгіленді, екіншіден халқымыздың ұлы перзенттері
портреттерін кескіндеп, бұл жанрдың ҿрістеуіне жол ашты, үшіншіден ҿнердегі ізбасарлыққа
айрықша мҽн беріп, шҽкірт тҽрбиесіне ҿз үлесін қосты.
12
«Киіз үйдің ішкі кҿрінісі» суретшінің алғашқы туындыларының бірінен саналады. Картинаның
композициялық шешімі сол тұстағы кҿшпелі елдің ұғым-түсінігіне, рухани ҽлеміне негізделген.
Сондай-ақ «Кҿк камзолды қыз», «Қос құрбы», «Қыз ұзату», «Келін түсіру» атты шығармаларына
қазақ халқының ұлттық дҽстүрі арқау болған. Бұл ретте суретші назарынан тыс қалған ұлттық
элементтер жоққа тҽн. Мысалы, кҿк камзолды қыздың ҿзіне ғана жарасымды желбірше салынған ақ
кҿйлегі мен күмбезделіп келген бҿркі оның жастық ажарын аша түскен. «Қос құрбы» шығармасын
алсақ ақ кҿйлекті, етек-жеңі ҿрнектелген жасыл шапанды қыздың басындағы сҽукеле ҿз сҽулетімен
назар аудартады. Қызыл шапанды қыздың беліндегі күміс белдіктің, басындағы үкі таққан бҿріктің,
мойнындағы маржан моншақтың, құлағындағы салпыншақ сырғаның бір-бірімен үйлесіп сұлу
кҿрініске ұласқанын суретші қапысыз бейнелеп, туған халқының эстетикалық талғамына сүйсініс
білдіреді. Алайда суретші не кҿрсе соның бҽрін жазықтық бетіне кҿшіре берген десек қателескен
болар едік. Қастеев талғамы ешқашан оған жол берген емес, ҿнер қағидасы талаптарын ҽу бастан-ақ
берік ұстанғандығының айғағы ретінде оның шығармаларынан негізгі ойға кесе кҿлденең тұрған
артық-астам ештеңені ұштастыру мүмкін емес. Қашанда етек-жеңі жинақы композициялық
құрылымдар – кҿрермен кҿз қуанышы.
«Адам ҿзі тапқан ҿнерлерін күнде тексерсе, күнде ҿседі. Кҿп заман тексермесең, тауып алған
ҿнеріңнің жоғалғандығын жҽне ҿзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей
қаласың. Жоғалған ҿнер «мен жоғалдым» деп, хабар беріп жоғалмайды. Енді қусаң, бағанағы ҽуелгі
табуыңнан қиынырақ тиеді» [3, 17 б.] – деген ұлы Абай қағидасы суретші санасында мықтап
орныққан. Табиғатынан еңбекқор суретші ҿзіне берілген уақыттың барлығын ҿнерге бағыштады.
Қастеев қолынан шыққан дүниелердің кҿп жағдайда этнографиялық жүк кҿтеріп тұратыны да
белгілі жайт. Оның суреттерінде бүгінде жҽдігерлік сипатқа ие болған ертеден келе жатқан
қолҿнеріміздің кейбір түрлері ҿз сипатын тапқан. Мысалы ағаш тҿсек, астау, тостаған, тұскиіз,
шымылдық, кебеже, сандық, аяққап, текемет т.б. ҿмірдегідей шындық тұрғыдан шынайы
бейнеленген. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, бұл заттар беймҽлім екендігі белгілі. Сондықтан да суретші
бейнелеген ұлттық нақыштағы аталмыш заттар танымдық та роль атқарады. Бейнелеу ҿнері
дҽрістерінде бұл ерекшеліктерге баса назар аударған жҿн деп білеміз. Қазіргі кезеңдегі кең тараған
табиғат тану ҿнерін жалпы ҿнер ерекшелігінен, кҿркемҿнердің ҿзіндік тҿл қасиетінен бҿліп қарауға
болмайды.
Суретшінің алғашқы суреттеріне анайылық тҽн болғанымен, тау суындай тазалығымен
жаратылыс туындысындай ҽсер етері сҿзсіз. Ҿнер тарихын саралап қарасақ арнайы кҽсіби білім
алмай-ақ ұлы суретші атанғандар қатары біршама. Табиғат сыйы-тума таланттылық ҿзін
мойындатпай қоймаған. «60-шы жылдар ішінде республикаға Мҽскеуден оқу бітірген жастар келді, -
деп жазады Қазақстанның халық суретшісі Ҽубҽкір Ысмайылов, - Жасырары жоқ, сол кезде бұл буын
бейнелеу ҿнерінде бұрыннан еңбектеніп келе жатқан суретшілерді арнайы жоғары білімі жоқ,
ҽуесқой суретшілер дегенді баса айтып, үлкен буынды, соның ішінде Ҽбекеңді де ренжіткен
жағдайлары болды. Біздің буынды, қазақ бейнелеу ҿнерінің қарылғаштарын шеттетуі – оқып келген,
ҿздерін кҽсіби суретшіміз деп санайтын кейінгі буынның қателігі еді». [Ҽ.Ысмайылов. Тума талант.
«Қазақ ҽдебиеті», №2. 1994»]
30 жылдар ортасынан былай суретшінің тақырып ауқымы кеңіп, кҿпқырлана түседі. Ол тарихи,
тұрмыстық, революцияға дейінгі, қазіргі кездегі тақырыптарға шығармалар жасайды. Айналада
болып жатқан ҿмір құбылыстарының қандайынан болсын поэзияны кҿре білу, оны ақындық кҿзқарас
тұрғысынан жырлау Ҽ.Қастеев табиғатына тҽн ерекшелік болатын.
Суретшінің бірқатар жылдары Адамзат соғысының батыры Амангелді Имановқа арналды. Бұл
тұрғыдағы оның үлкен жетістігі батырдың портреттік бейнесін халқымен қауыштыруы еді. Суретші
Амангелді еліне барып, батыр сарбаздарымен жолығып, ҽңгімелесіп, үш ай бойы эскиздер жасады.
Батырдың екі түрлі портретін жазған суретші, бұл жолы да кҿп еңбектеніп, бүгінде халыққа кеңінен
танымал суретін салып шықты. Осы еңбегінен соң Ҽ.Қастеев беделі кҿтеріле түседі.
Амангелді портретінің тҽрбиелік мҽні де зор. Халық басына туған зобалаңды ысыру үшін ҿз
басын құрбан еткен батыр тұлғасы жастарды патриоттыққа үндейді. Портретте ол батыр ғана емес
салиқалы сабыр иесі болып бейнеленген. Амангелді жанары бір сҽтке алысқа бағытталып, санасында
ойлар легі лықсуда. Мұндай адамға мыңдардың ілесетініне күдік келтірмейсің.
Қастеев шығармашылығыңның қомақты бір жетістіктері – табиғатты бейнелеу шеберлігімен
байланысты. Алғашқы «Кҿктем» мен ҿмірінің соңғы күндерінде жазған «Жоңғар Алатауының
13
кҿрінісіне» дейін суретші ҿзін табиғат тамыршысындай кҿрсетті. Қаламы қарымды суретші біздің
Жамбыл облысында да болып. Жуалы, Талас ҿңірлерінде суреттер салған екен. Соның бірі 1970
жылы жазған «Таластың ең даласы» картинасының кеңестік ауқымы сурет шеңберінен шығып аспан
ҽлемімен шектескен жазықтық кеңестігімен астасып ұлғая түседі. Бір қарағанда, қас-қағым сҽтте бар
дүние мҽңгілік қозғалыста тұратындығы; табиғат аясында жан-жануарлардың тіршілік етуі, кҿрінер-
кҿрінбес шаңы кҿтеріліп бара жатқан машинаның қозғалысы адамдар бейнесімен байланысып
түйінделетін сияқты. Бұл Ҽ.Қастеев шығармашылығындағы кҽсіби ерекшелік тек соған тҽн
жетістіктің бірі, ол табиғат кҿріністеріндегі кеңістікті бейнелеудің ұтымдылығы.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.Е.Ҿмірбеков суретшінің «Таластың ең
даласы» атты шығармасына тоқталғанда: «Бұл шығарманың ҽуел бастағы белгіленген аумағы
таңқалдырады. Ирелеңдей аққан Талас ҿзенінің о басы мен бұ басын бірден кҿру үшін кемінде екі-үш
адамның «кҿзін қатар қойып» қарау керек шығар. Ал егер осы ҿңірді фотоға түсіреңсіз ортасы дҿңес,
екі жағы қияр формасындағы сурет болады. Ҿйткені жай объектив линзасы мұндай кеңістікті қамти
алмайды, сондықтан бұған арнайы объектив керек. Суретші болса ұзындығына ені бес есеге жуық
ұзыннан ұзақ панораманы композициялық құрылымы жағынан да мүлтіксіз орындап кҿрерменін
шексіз ризашылыққа бҿлеген». Сҿйтіп, Талас ҿңірінің келбеті арқылы Қастеев бүкіл қазақ жерінің
кеңдігін, пейіл-берекесін, ҿмір тіршілігін жырлап кеткен сияқты» [Б.Ҿмірбеков. Ізашар. «Егемен
Қазақстан», №236] деп Қастеевтің кҿкірекпен кҿрген сезім жырын автор қара сҿздің құдіретімен жыр
ғып тҿгеді.
Суретші шығармалары бізге ҿз еліңді, ҿз жеріңді сүлесоқ, болымсыз емес, жан-тҽніңмен сүюді
үйретті. Ол дархандықты даладан, кеңдікті кеңістіктен, тектілікті таудан, адалдықты ата-анадан
үйренді. Қастеев үшін бұдан асқан қасиетті кітап, ҿмір оқулығы жоқ еді. Сондықтан да болар, оның
салған суреттері ҿнер сүйер қауымның жүрегінің тҿрінен орын алып, данадай тебіреніп ой толғайды.
Халқымыздың ҿнерін шырқау биікке кҿтеріп кеткен тума талант иесі Ҽбілхан Қастеевтің
шығармалары қазақ деген халық барда ұлт мүддесі үшін қызмет ете бермек.
«Ҽр ұлттың ҿзіне тҽн мінез-құлық құрылысы ұрпақтан-ұрпаққа кҿшкен сайын ҿзгеріп отырады.
Мысалы ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. қазақтар мен бүгінгі қазақтардың мінез-құлқы бірдей емес. Тіпті,
қазақстандық жергілікті қазақтар мен Иран, Түркия, Монғолия қазақтарының мінез-құлықындағы
айырмашылық бірден сезіледі. Ол - этностың үнемі ҽлеуметтік дамуда болмысымыздың, этностық
топтардың жергілікті халықтың психологиясы мен кҽсіби ерекшелігіне бейімделуінің айғағы» [4, 22
б.]
Бұдан шығатын қорытынды суретші шығармашылығына деген кҿзқарастың да уақыт ауысуына
байланысты ҿзгеріске түсіп отыратындығы. Яғни ҽр заманның ҿз Қастееві болмақ, ҽр ҿнер сүюшінің
ҿз Қастееві болмақ. Ерекше дарын иесінің жүрегінен шыққан дүниелерге ҿзгелердің де жүрегінен
орын ҽрқашан табылады.
Аннотация. В статье затрагиваются вопросы формирования художественной культуры студентов на
основе творческой деятельности народного художника Казахстана Абильхана Кастеева.
Annotation. The scientific report will address creation of artistic culture of the students on the basis of
creative activity, National Artist of Kazakhstan Abilhana Kasteeva.
_____________________
1.
Р.Арнхейм. Искусство и визуальное восприятие. Издательство «Прогрес». Москва, 1994
2.
Ғұламалар ғибраттары (құраст. Б.Тҽжібаев). Алматы, «Қайнар» баспасы. 1994.
3.
Қ.Ҿмірҽлиев. Абай афоризмдері. Алматы, «Қазақстан», 1993.
4.
С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова. Этнопедагогика. «Фолиант» баспасы, Астана – 2007.
14
Достарыңызбен бөлісу: |