____________________
1. Н.А.Назарбаев. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамура, 2003.
2. Современная история Казахстана: Хрестоматия/Сост. А. Ауанова,
А. Сулейменов. Под ред. Б.Аягана. – Алматы: Раритет, 2010.
К.М. Қарымбаева
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҦҒЫРЫ-ҚАЗАҚ ТІЛІ
ӘОЖ 81.0 (5Қаз)
Қ-41
Қазақ елінің Тҽуелсіздігінің бір тұғыры - ана тілі. Ел тҽуелсіздігінің арқасында Қазақстан
мемлекетінің Атазаңында қазақ тілі мемлекеттік тіл атанды. Бүгінгі таңдағы басты мақсат пен мүдде
де мемлекеттік тілдің мҽртебесін кҿтеруге, оның қолданылу аясының кеңеюіне бағышталған. Елбасы
ұлылар ұлағатына адалдығын білдіре келе, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілі» деді, соның дҽлелі
ретінде ана тілі мҽртебесінің биіктеуіне, ҿркендеуіне, дамуына қолдау кҿрсетіп, кҿптеген
мүмкіндіктер туғызып отыр.
Кез келген халық ҿзінің туған тіліне, оның тағдырына немқұрайды қарай алмайды. Дана
бабамыз Жүсіп Баласағұн:
Адамға екі нҽрсе тірек тегі:
Бірі - тіл,
Бірі - ділің жүректегі, - дегеніндей, тіл - ұлттың жаны.
Кеше 100 жылдық мерейтойын тойлаған батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да ҽйгілі хатында
«Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты
ҿшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай, дерексіз жоғалып кеткенін
тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта
дҽлелдер аз емес» - дей келе, даналық ойын айтып, қазақ елінің де осындай сормаңдай елге
айналуына жол бермеу керектігін ескерген, қазақ тілінің жандануына жол ашар талаптардың қолға
алынуын қадап айтқан. «Мен ҽскери адаммын-тіл мҽселесі туралы араласарлық жҿнім жоқ сияқты,
бірақ та, айтылған мҽселелер халқымыздың жауынгерлік мінез-құлқын тҽрбиелеу, салт-сана, ел
175
намысы, ер намысына, адамгершілік арына, жауынгерлік мұра-дҽстүріне ерекше байланысты болғандықтан,
кҿріп, біліп, сезіп тұра айтпағанымды ҿзіме үлкен ар, кешпес күнҽ
деп түсінгендігімнен жазып отырмын» деп,
сонау отты жылдардың ҿзінде тіл мҽселесін кҿтерген, тілге жанашырлығын, азаматтық позициясын
танытқан. Қандай кҿрегендік десеңізші.
Ана тілі-халықтың ҿткен ұрпағы мен қазіргі жҽне келешек ұрпағын тарихи сабақтастықта,
тұтастықта, мызғымас бірлікте ұстайтын негізгі тірегі. Алаштың азаматы Ж.Аймауытов: «Ана тілі
халық болып жасалғаннан бері жан-дүниесінің айнасы, ҿсіп-ҿніп, түрлене беретін, мҽңгі құламайтын
бҽйтерегі»-десе, осы арқылы қасиетті ана тілінің құдіретін үлкен шеберлікпен кҿрсете білгені ғой.
Халықтың рухани байлығы, сарқылмас бастауы - туған тіліңде жатыр. Кешегі ҿткен қазақтың
біртуар ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров та:
«Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін» деп, бекер жырламаса керек-ті. Осы ҿлең, осы сҿз менің де,
сіздің де, бҽріміздің сҿзіміз екені анық.
Тіл - қарым-қатынас, ойды жеткізудің құралымен қатар, тҽрбиенің де құралы. Ана тілінде
тҽлім-тҽрбие алған ұрпақ азамат болғанда ҿз ұлтына тҽн табиғи мінезді бойына сіңіре алады. Тілдің
ҿзіндік ойлау жүйесі жас жеткіншектің сана-сезімін қазақи ұлттық ұғымға бейімдейді. Тіл мен
мҽдениетті егіз ұғым ретінде қарастырған белгілі қоғам қайраткері Ҿ.Жҽнібеков: «Ұлттың
ұлылығын, бірыңғай тектестігін, тұрақты қауымдастығын, елдігін, бірлігін аңғартатын белгісі тілі
десек, оның мҽдениетін, ҽдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын қалыптастырған да, оны ұрпақтан-ұрпаққа
алмастырып келген де осы тіл болып табылады. Тілі мен мҽдениеті шалқыған халықтың ғана үні
естіліп, даусы шығады. Кешегі «бір тілде сҿйлеуге неғұрлым жылдам жетсек, коммунизмге
соғұрлым жедел қадам басамыз» деген желбуаз сҽуегейліктің арқасында бұрын екінің бірі шешен,
жүздің бірі дүлділ болған халықтың сҿйлеу мҽдениетінің жұқалана бастағанын, суырыла сҿйлеп
кететін азаматтардың азайып бара жатқанын қалай аңғармасқа. Тіл - ел байлығы «ерлік, елдік, бірлік,
қайрат, бақ, ардың ...белгісі» (Мағжан), «атадан балаға ауысып келе жатқан басты мұра болып
табылады» деген екен. Автордың негізгі ойы — ең алдымен ҿз тіліңді, мҽдениетіңді меңгеру,
құрметтеу, сол арқылы ҿзге тіл мен мҽдениетті білу емес пе.
Осы тұста сҿз зергері Ғ. Мүсіреповтің ой- түйіні еске түседі: «Ана тілін ұмытқан адам- ҿз
халқының болашағынан да қол үзген адам». Мұнда зор мағына аңғарылады, исі қазақ баласының
асыл қазынасы - туған тіліміздің бүкіл құдіреті мен қасиетін айшықтап тұрғандай.
Тіл- достық пен түсіністік орнатудың алтын кҿпірі, елшісі. Бүкіл халықтың ҽдет- ғұрпын, салт-
санасын, мҽдениетін, тарихын, ҽдебиетін игеру- тіл арқылы жүзеге асады. Осымен байланысты
келелі іс- шаралар да істелініп жатыр. Солардың ішінде ҿзекті мҽселе саналатын қазақ тілінің қоғам
ҿміріндегі белсенділігін арттыру, басқа ұлт ҿкілдерінің қарым- қатынас құралы қызметінің маңызын
кҿтеру, ҿркениетті елдермен байланыс жасаудағы маңызды іс- шаралар мен құжаттардың тілі ретінде
мҽртебесін биіктету бүгінгі таңда негізгі шарттардың бірі болып отыр.
Елу елдің қатарына кіруді меже тұтқан мемлекетіміздің басты байлығы да – тіліміз. Оның
себебі Қазақстан деген мемлекеті, тарихи отаны бар, сол тілде сҿйлейтін қазақ деген ұлты бар, осы
тілде зерттелетін ғылымы мен мҽдениеті, тарихы бар тіл дамыған тілдердің қатарына жатады. Ендігі
мақсат пен міндет заңды құжаттардағы бекітілген іс-шараларды шын мҽніндегі мемлекеттік тіл
ретінде орнықтыру. Ендігі мҽселе- мемлекеттік тілдің қолданыс аясына үкіметтің іс-шараларын, тіл
туралы Заңның қазақ тілінің мемлекеттік дҽрежеде қызмет етуін, Үкіметтің Тіл туралы
бағдарламасының толыққанды барлық салада орындалуын қолға алу, жандандыру, жүзеге асыру,
нақты іске кҿшу. Бір сҿзбен айтқанда- берілген құқықты іс жүзінде пайдалана білу.
Тіл мҽселесі ҿте нҽзік, оны шынайы ынталылықпен, ұқыптылықпен үйлестіре отырып игеру
қажет. Тіл- сан ғасырлық тарихи мҽні бар тҽжірибені, ҿнерді, мҽдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін
құрал десек, оны игеруге мүмкіндік ашатын да -тіл. Сондықтан да тілді ұлттық мҽдениеттің, ҿнердің
айнасы деп атай аламыз. Тіл - тек қатынас құралы емес, ұлт пен ұлттың арасындағы мҽдени қатынас
жасаудың негізгі кҿзі де. Оны мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп үйрену - елдің барша азаматтарының
парызы.
Кҿпшілігімізді «Барлық жағдай жасала тұра, азаматтарымыздың қазақ тілін еркін игере
алмауының себебі неде?» деген заңды сұрақ мазалайды. Басты себеп тіл білуге, үйренуге деген нақты
176
талаптардың жоқтығы жҽне немқұрайды қарауымен байланысты болар. Екіншіден, қазақ тілін
оқытуға ҽрдайым басымдылық берілуі тиіс. Қазақ тілінің қажеттілігі күнделікті сұранысқа айналуы
керек. Ҽлемдік білім кеңістігіне енудің негізгі жолдары Білім жүйесінің Тұжырымдамасында
кҿрсетілген. Соның бір саласы - мемлекеттік тіл.
Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл мҽртебесіне ие болуына
байланысты ана тіліміздің ҿз шешімін күтіп тұрған кҿкейкесті мҽселелері жеткілікті.
Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады.
Қазіргі кезеңде ҿзара тығыз байланысты тіл, мҽдениет жҽне этнос мҽселесіне қатысты түрлі ғылым
саласында (лингвомҽдениеттану, этнолингвистика, психолингвистика, ҽлеуметтану, когнитивті
лингвистика) кешенді түрде, ғылым салаларының түйіскен жерінде жүргізіліп жатқан зерттеу
жұмыстары тілдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын тануға, танытуға негізделген.
Қазіргі лингвистикадағы лингвомҽдениеттану, когнитивті лингвистика, антрополингвистика,
психолингвистика сияқты бағыттардың белсенді дамуы – тіл мен сҿйлеу фактілерін халықтың
ұлттық рухани құндылықтарымен, дүние танымы, ой ҽлемі жҽне психикалық ерекшеліктерімен
тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Осымен байланысты адамның тілдік болмысын
түсінуге, зерделеуге жетелейтін лингвистикалық категория ретіндегі тілдік тұлға құбылысы қазіргі
білім парадигмасының мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы маңызды ғылыми ұғымға айналуда.
Қазіргі кезде күллі ҽлемге жайылып келе жатқан жаһандану процесі ҽсіресе ұлттық
ерекшелікті, ұлттық құндылықтарды сақтауға орасан кедергі келтіруде. Осындай қиын кезеңде
тілімізді сақтап қалу, дамытып, күшейтудің басты амалдарының бірі – ұлттық ғылым тілін, оның
терминологиясын дамыту. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты жолдарының бірі –
ғылыми тілдің мҽртебесін айқындау, терминологиялық бірліктердің құрамын реттеу, олардың
мағынасын ашудың ҽдіс-тҽсілдерін анықтау. Академик Ҽ.Қайдар атап кҿрсеткендей, ең алдымен, ана
тіліміздің тұғырына тірек болар үш тағанын – жазу-сызуын (ұрпақ арасын жалғастырар алтын
кҿпірін), ономастикасын (жер бетіндегі ескерткішін) жҽне терминологиясын (оның баю, жаңару
кҿзін) берік ету қажет. Осымен байланысты терминология саласында жүргізілетін жан-жақты
ғылыми зерттеулер оның ғылыми тілін дұрыс қалыптастыруға кҿмектеседі.
Қазіргі таңда, қоғамдық-ҽлеуметтік мүддеге сҽйкес қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде ғылым
саласында да толыққанды қызмет етуінің негізін қалыптастыруда, ең алдымен, ғылыми тілдің
мҽртебесін айқындау аса маңызды. Себебі ғылым саласындағы мҽтіндердің тілін ғылыми тіл мен
ғылыми стильдің қайсысына жатқызуға болады деген сауал осы күнге дейін біржақты анықталып,
ҿзінің шешімін тапқан емес. Екіншіден, ғылыми тіл бірліктерінің ара-жігін ашып, олардың ҿзіндік
ерекшеліктерін, сҿздік түрлерінде орналасу орындарын анықтау, олардың ғылыми сипаттамаларын
жасаудың қажеттілігі де белгілі болып отыр. Бұл мҽселелердің ғылыми шешімін табуы терминдер
мен номендерге түрлі лексикографиялық еңбектерде дұрыс анықтама беруге негіз болмақ.
Үшіншіден, терминологиялық бірліктерді сҿздіктердің негізгі типтері мен түрлерінде
лексикографиялаудың басты заңдылықтары мен ҽдіс-тҽсілдері қандай болатынын айқындау бүгінгі
таңдағы терминология үшін де, лексикография үшін де аса маңызды болып отыр. Осы аталған
ғылыми мҽселелер бойынша қазақ терминологиясында жүйелі зерттеме жүргізудің қажеттілігі осы
мҽселенің ҿзектілігін кҿрсетеді.
ХХІ ғасыр лингвистикасында адам танымы мен ой құрылымын тіл арқылы жҽне керісінше, ой
құрылымынан тілге қарай бағытталған зерттеулер қарқынды сипат алуда. Оның негізінде ақпараттың
молдығы мен қолданбалы лингвистикадағы сұраныс, соған сай ашылған жаңалықтар, адам факторы
мен оның тілі арасындағы кешенді байланысты зерттеудің жаңа сатыға кҿтерілуі жатыр. Тіл жүйесі
лингвистиканың зерттеу нысаны болғанымен, оны жеке дара зерттеу бүгінгі ғылым сұранысына
жауап бере алмайды. Осы себептен де лингвистикалық бірліктерді когнитивтік не прагматикалық
аспектілерде зерттеу қажеттілігі туындады. Осы бағыттағы лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны
ретінде танылған жоғары сатыдағы бірлік - мҽтіннің үстіміздегі ғасыр ғылымында динамикалық
сипатын ерекшелеуге елеулі назар аударылуда. Соның нҽтижесінде ол қозғалысқа түсетін кеңістік
коммуникативтік жағдаят ұғымымен сабақтастырылып, тек интралингвистикалық қана емес,
экстралингвистикалық контексте де қарастырылады. Дискурс аталатын осы динамикалық мҽтінді
жаңаша тану барысында мҽтін лингвистикасы мен дискурс теориясы деген екі басқа, бірақ бір-
бірімен тығыз байланыстағы бағыттар айқындалып отыр. Бірақ күні бүгінге дейін мҽтін
лингвистикасы мен дискурс теориясының зерттеу нысандарының айырмасы ажыратылып, мҽтін мен
дискурс белгілері сараланып болған жоқ, соған байланысты оған түрліше анықтамалар беріліп жүр.
177
Сондай-ақ дискурстың жеке түрі сапасында кҿп пропозициялы дискурс мҽселесі
қарастырылған зерттеулердің де кеңінен ҿріс алып орнықпауы осы себептен болса керек. Осыған
қатысты пропозиция термині тек сҿйлем мағынасында ғана ғылыми айналыста жүр. Оның адам
танымын сипаттайтын бірлік, оның ішінде хабар бірлігінің қызметі негізіндегі астырт жҽне үстірт
құрылымдағы жұптастығы толық сипатталған емес. Ҽрине, дискурс пен мҽтіннің айырмасын ашып,
бір-бірімен байланыстағы, бірақ мҽтінді дискурсқа ҿзек ретінде қарастыратын, соған сай мҽтін
талдау мен дискурс талдаудың ортақтықтары мен айырмасын ажырататын еңбектер қазақстандық
зерттеушілер қатарынан да табылады. Сондықтан дискурс талдау теориясын түбегейлі зерттеудің
проблемаларын айқындап, шешімін іздеу қазақ тіл білімінің ҿзекті мҽселелерінің санатында екенін
жоғарыда аталған зерттеу үдерісі кҿрсетіп отыр. Оған дҽлел ретінде дискурс терминінің ҽлі де нақты
анықталмауы, ғылымаралық сипатының басымдығы, мҽтіннен ажырату шарттары, дискурстық
бірліктердің лингвистикалық табиғатының жҽне мҽтін ішінде бҿлшектеу алгоритімінің нақты
белгіленбеуі т.б. мҽселелердің зерттелу қажеттігін кҿрсетуге болады.
Тілді зерттеудің «тілдегі адамды» тану мақсатына байланысты тілдік құрылым мен адам
санасының астарында жатқан когнитивтік модельдерді бір байланыста талдау, дискурсты түзу мен
оның мҽнін түсіну үрдісінің заңдылықтарын лингвистикалық деректерге сүйеніп анықтау талабы
туындады.
Соңғы жылдарда қазақ елінің тҽуелсіздігімен бірге келген ғылымдағы осы жаңа бағыттар
қазақ халқының ұлттық тілін, ұлттық мҽдениетін, ұлттық құндылықтарын қайта жаңғыртып, негізгі
бағыт-бағдарын бүгінгі замана ыңғайына сай, ҽлемдік ғылыми сұраныстардың кҿкжиегіне шыға
алатын, талаптарын қанағаттандыратын ҿзекті мҽселелердің қатарында. Демек, мемлекеттік тілдің
жай- күйін талқылап, пікір алысып қана қоймай, оны жалпы қоғам болып қолға алып, шешімін табатын
істі жұмыла кҿтеріп, айтылған ой- пікірлер мен іс-қимылдар бір-бірінен алшақтамай, жүзеге асатын
жағдай бар.
Сондықтан мемлекеттік Заң, Бағдарламалардың негіздерін ескере отырып, мына мҽселелерге
кҿңіл аудару қажеттігін тағы да еске салғым келеді:
-мемлекеттік тіл-білім жүйесіне, ғылымның барлық саласына, саяси қарым-қатынас тілі ретінде
сол қоғамға, мемлекетке қызмет жасауы тиіс;
-қазақ тілі-мемлекеттік тіл ретінде қоғамның, ҿзге ұлт ҿкілдерінің қажеттілігін, сұранысын
ҿтейтін тіл дҽрежесіне жетуі қажет;
-қазақ тілін-үштілділіктің кҿлеңкесінде (ағылшын, орыс) қалмайтындай, еңбек нарығында
мемлекеттік тілді білуді талап етуді бірінші орынға қоюға күш жұмсау керек. Елімізде қазір, керісінше,
ағылшын тілін білуді талап етуде, ғаламдану үрдісінде ол да дұрыс шығар, бірақ бҽсекелектікке тҿтеп
бере алатын қоғамның мүддесі мен мақсатына қызмет ететін қазақ тілін сол деңгейге жеткізуге,
барлық білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді оқытуды саннан сапаға кҿшіріп, білімді де білікті
мамандармен қамтамасыз етуге, біліктілігін арттыруға күш салған дұрыс;
- ҿзге ұлт ҿкілдерінің мемлекеттік тілді қарым- қатынастық сипатта меңгеру деңгейін тек
ауызша емтихан арқылы анықтау лҽзім;
-заман талабына лайық, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай, терминжасам саласын білім
мен ғылымның сұранысына қарай ыңғайластырған жҿн.
Тіл – тазалықты, тұнықтықты, мҿлдірлікті қажет етеді. Халқымыздың ұлы перзенті
А.Байтұрсынұлы тіл тазалығы жайында: «Тіл тазалығы – ана тілдің сҿзін басқа тілдің сҿзімен
шұбарламау, басқа тілдің сҿзін тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған,
мағынасы халыққа түсінікті сҿздерді алу», - деген ойы дер кезінде айтылған қағида.
Иҽ, қазақ тілі мемлекеттік мҽртебе алғанына біраз жылдар ҿтті. Тіл туралы заң да қабылданды.
Мемлекеттік тілді ҿзге ұлт ҿкілдеріне үйретудегі басты мҽселе –оқытушылырдың сапалы құрамына да
байланысты. Бір кездері қазақ тілін білетін, сҿйлей алатын адамдар да сабақ беріп жүргені шындық.
Осының бҽрі мемлекеттік тілді игеруде ҿзінің кері ҽсерін тигізетіні ақиқат. Сол себепті білім
жүйесінде нағыз қазақ тілі мен ҽдебиеті мамандығын бітірген жоғары білімді, білікті мамандар дҽріс
беруі қажет, сонымен қатар жоғары оқу орындарында басқа ұлт ҿкілдеріне қазақ тілінен сабақ беретін
маман-педагогтарды қайта жандандыру, даярлау, білімін жетілдіру: ол үшін жаңа технологияның
негіздерімен қаруланған, тиімді ҽдістерді оқу процесінде қолдана алатын жҽне компьютерлік,
кредиттік технология жүйесін меңгерген білікті маман болуға тиіс.
Алдымызда тұрған келелі міндеттерді бірлесе шешуге бастайтын ҿмір қажеттілігінен
туындайтын қадамдардың салмағы қанша ауыр болса, абыройы да асқақ, мҽртебесі де биік екені
178
айқын. Ҿйткені біз мемлекеттік тілдің жарқын болашағына, ресми қарым-қатынас тілі жҽне ресми іс
қағаздары тілі ретінде мҽртебесінің биіктейтініне сенеміз!
_____________________
1.Байтұрсынов А. Ақжол. – Алматы, 1991.
2. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап. –Алматы, «Жазушы», 2000.
3. Жҽнібеков Ҿ. Уақыт керуені. Алматы, 1992.
4. Шаймерденов Е. Елтану ҽліппесі. Алматы, 1998.
П.М. Махашова
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
ӘОЖ 951 (5Қаз)
М-31
Уақыт ҿткен сайын егемен еліміздің ҽлемдік қауымдастық алдында беделі артып келеді.
Тҽуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жиырма жылға жетер
жетпес уақыт ішінде ҿзін де, елін де жер жаһанға таныта білді. Жыл сайын, ай сайын ғана емес, апта
сайын ҽлем назарын ҿзіне аударған жасампаз жаңа идеялары жетерлік. Айтып қана қоймай, сол рухы
биік ұлы идеяларды ҿзіне тҽн табандылық, ерік-жігермен, ақыл-парасатпен жүзеге асырып келеді.
Соның күні кешегі айқын дҽлелі Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік жҽне ынтымақтастық
ұйымына тҿраға болып тҿрге озып, халықаралық деңгейде тҿбе би болуы десек, тағы бір мықты
мысалы, тарихи жеңісі – ЕҚЫҰ-самитінің Қазақстанда ҿтетіні.
Мейірімділік мҽдениетінің мҽйегіне, дҽстүрінің дінгегіне айналған Қазақстан қашанда ізгілік
жолын ұстанып, татулықты ту етіп келді. Сондықтан, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос жҽне дін
ҿкілдері қазақ жерінде пана тапқаны анық. Бүгінде бейбітшіліктің белдеуіне айналған Қазақстанда
140 этнос жҽне 46 конфессия ҿкілдері ҿзара түсіністікпен ҿмір сүруде. Толеранттық тақырыбындағы
осындай іргелі бас қосудың, ұлтаралық келісім мен дінаралық түсінікті бағдар еткен іргелі
жиындардың Қазақстанда ҿтуінің мҽні зор деп білемін.
2010 жылы Хелъсинки Қорытынды актісіне қол қойылған күнге 35 жыл, жаңа Еуропа үшін
Париж хартиясына – 20 жыл жҽне Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күніне 65 жыл толады.
Бұл оқиғалардың сҽйкес келуіне терең нышандылық сипат бар жҽне ол ұйымға жҽне оның іс
басындағы тҿрағасына айрықша міндеттемелер жүктейтіні анық.
Қазақстан консенсус негізінде Астанада Саммит ҿткізу туралы шешімге қол жеткізді. Мұнын
ҿзі – үлкен жетістік жҽне тҿрағалық пен мүше – мемлекеттер ол мүмкіндіктерді толықтай
пайдаланады деп сенемін.
Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Ҽлемдік державалармен
беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси жҽне экономикалық
дамуына кезеңде зор қолдау кҿрсеткенін айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардығы еліміздегі
жағдайдың қандай болғаны белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін ҿз алдында түтін түтетіп, дербес
шаңырақ құрған бұранғы кеңестік республикалардың жеке проблемалары аз болмады. Бұрынғы
экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ тұсында шикі заттың базасы болып келген,
индустриясы орталыққа бағынған Қазақстан бҽрін де тыңнан қайта бастауға тиіс болды. Кейбір
сҽуегейлер Қазақстанның ҿз алдында ҿмір сүруіне күмҽнмен қарады. Осындай жағдайда Елбасымыз
Н.Ҽ.Назарбаевтың кҿрегендік саясатының арқасында нарықтық экономиканың негіздері қаланып,
«ҽуелі экономика содан кейін –саясат» ұстанымымен кҿшімізді түзей бастадық, мемлекеттің негізгі
атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының
демократиялық векторы орнықты. БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста ҽр түрлі ұлтаралық кикілжіндерге
бой алдырған кейбір жас мемелеккеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны барлығымызға
мҽлім. Қазақстан ол кездің ҿзінде ҽлемдегі тҿртінші ядролық сынақтан бас тартып, Семейдегі сынақ
аймағын жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты ілгері елдердің қолдауына ие болды. Ҿзінің бейбітшіл
саясатымен, ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвистициялар ағынын ҿзіне қарай бұра білді.
179
Міне осындай игі істерді барлығы да ҽлемдегі бейбітшілікті, елдің бірлігін, ынтымағын кҿздеген
мақсаттардан туындағаны мҽлім. Яғни, қауіпсіздік пен ынтымақты қалайтын елде беделді ұйымның
ұстанымдары ҽу бастан-ақ қалыптасқан болатын. Осы орайда, Қазақстанның ЕҚЫҰ мен қарым –
қатынасын бірнеше кезеңге бҿліп қарастыруға болады. Алғашқысы 1994-1997 жылдар, бұл –
ықпалдасу іргетасының қаланған кезеңі. Мұндағы елеулі оқиға 1995 жылы Вена қаласында
Қазақстанның тұрақты ҿкілдігінің ашылуы болды. 1998 жылғы желтоқсанның 2 - 3 күндері
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚЫҰ арасында ҿзара түсіністік туралы меморандумға қол
қойылды. Ал 2008 жылғы маусым айынан бастап Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығын А.Кельчевский
(Франция) басқарып келеді. ЕҚЫҰ-ға мүше болған жылда ішінде Қазақстан осы құрылыммен оның
барлық қызметінің саласы бойынша, ҿзара қарым-қатнастарын жоғары деңгейге жеткізу бағытында
жұмыс істеуде. Сондай-ақ БАҚ бостандығы мҽселелері жҿніндегі Ҿкілінің кеңесі, Ұлттық азшылық
істері жҿніндегі Жоғарғы Комиссар кеңесі жҽне демократиялық институттармен тығыз байланыста
болып, нҽтижелі жұмыс жүргізуде. Ал, ЕҚЫҰ-ға тҿрағалық ету туралы ниетін Қазақстан 2003 жылы
білдірген болатын. Осы ниетке Елбасының 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық ҽлуметтік жҽне
саяси жедел жаңғырту жолында» атты халыққы арналған Жолдауында арнайы басымдық берді.
Қазақстанның ұйымға тҿрағалық етуіне 2005 жылы Қазан қаласында ТМД басшыларының
Саммитінде қолдау кҿрсетіледі. Ұйымының кҿптеген елдерімен қарым-қатнастар барысында осы
идеяны ілгерілету жҿнінде кҿптеген шаралар дҽйекті жүргізіледі. Бұл жайттардың барін тҽппіштеп
айтып отырған себебім, Қазақстан осынау халықаралық ұйымға тҿрағалық ету ниетін білдіре
отырып, оған ҽзірлік барысында кҿптеген саяси шешімдерді қабылдады, ҿзінің ҽлуметтік
экономикалық жҽне саяси дамуына кҿптеген белесттерден ҿтті.
Бір кездері халықаралық ұйымдардың белсенді қолдауына ие болған еліміз, ең алдымен
ЕҚЫҰ ұсыныстарына сҽйкес елде кең ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыруға бел шеше
кірісті. Оның ішінде 2007 жылы жүргізілген Конституциялық реформалардың маңызы зор. Соның
нҽтижесінде елімізде «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары
туралы» заңдарға ҿзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Парламенттің жҽне жергілікті маслихаттардың рҿлі анағұрлым арттырылды. Қазақстан
президенттік Республикадан президенттік – парламенттік республикаға айналды, үкіметтік емес
ұйымдардың рҿліне аса маңыз берілді. Қазақстандағы тұрақталық пен дамудың маңызды
институтарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының мҽртебесі ұлғайып, оның тоғыз ҿкілі ҚР
Праламенті Мҽжілісінің депутаты мҽртебесіне ие болды. Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен
татулықтың бірегей тҽжірибесі ҽлем елдеріне үлгі – ҿнеге ретінде тартыла бастады. Адам құқықтары
саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары жҽне 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасы қабылданды. Соның нҽтижесіде Қазақстанның заңнамалары халықаралық
стандарттарға едҽуір жақындай түсті. Ҽйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері,
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру туралы заңдар қабылданды, сондай-ақ балалардың
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мҽселері бойынша заңнамаға түзетулер енгізді. Бұл қадамдар
Қазақстанның елді демократияландыру саласындағы бағыты толық кҿлемінде ЕҚЫҰ тҿрағалығы
ауқымындағы мақсаттары мен міндеттеріне сҽйкес келуі ниетінде жасалғаны анық.
ЕҚЫҰ тҿрағасы ретінде Қазақстан халықаралық байланысты нығайту тұрғысынан кҿп іс
атқарды. Астанадағы Саммит – Қазақстанның жҽне жеке басым құрметпен қарайтын ел
Президентінің үлкен жетістігі деп білемін.
Қазақстан ЕҚЫҰ кеңістігіндегі тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі аса зор. Іс басындағы
тҿрағаның басты жетістігі – жедел шешуді талап ететін нақты мҽселерді айқындай білгені. Ҽрине,
ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушылар бірегей ұйым құрды. Ол Еуроатлантика мен Еуразияны біріктіреді.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на тҿрағалық етуі – демократиялық жҽне экономикалық ҿзгерістерді
жүргізуге бағытталған стратегиялық курсын одан ҽрі нығайтуға үлкен мүмкіндіктер беріп отыр.
Биылғы 2010 жыл Қазақстан үшін ерекше кең ауқымды мазмұнды оқиғалармен толы болды.
«Кҿп біріксе – ел болар, кҿп тілегі – кҿл болар» деген мақал бар, ел тұтас бір мақсатқа біріккенде
алынбайтын қамал болған емес. БҰҰ-ның 37-ші сессиясының азаматтық қоғамның ҿзара іс-
қимылының арқасында Қазақстанның демократия принциптері мен адам құқықтарын қорғауды
жақтатыны осыған дҽлел. Таяуда ғана, яғни 2010 жылғы 12 қазанда, Бүкілдүниежүзілік
экономикалық форумның «Дүниежүзілік гендерлік ерекшелік – 2010» атты баяндамасында
Қазақстан 4 кҿрсеткіш бойынша 134 мемлекеттің ішінде 41-ші орында екенін белгілі.
180
Елімізде гендерлік саясат Үкіметіміз қол қойған халықаралық актілері мен құжаттары,
мҽселен, БҰҰ-ның ҽйелдері кемсітуге арналған кез-келген зорлық түріне қарсы қабылданған
Конвенциясын, «Ҽйелдердің саяси құқығы» туралы заңды, тағы да басқа құжаттарды негізінде іске
асырылуда. Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасы ҽйелдерінің жағдайының жақсартуға
арналған жоспар» бекітілді. Сондай – ақ, Гендірлік саясат тұжырымдамасы ҽзірленіп, басшылыққа
алынды. Біздің мемлекетіміздің тарихында алғашқы рет Гендерлік теңдік стратегиясы қабылданып,
ел билігінің ҽйелдердің жағдайын жақсартуға деген саяси ерік білдіруін аңғартты жҽне
мемлекетіміздің ҽлеуметтік саясатында жаңа белестер ашты. Бүгінде мұндай стратегиялық құжатқа
аздаған мемлекеттер ғана ие.
Халыққа гендерлік саясаты кеңінен түсіндіру шараларын жүргізу жұмыстарының нҽтиже бере
бастағанын да айта кеткен жҿн. Бұл саясат халыққа бір шама түсіндірілді. Ҽрине, Қазақстан
дүниежүзілік қауымдастыққа еніп отырғандықтан бұл да бір маңызды бағыттардың бірі болды.
Елімізде ҽйелдер қауымына деген қамқорлық пен кҿмек мемлекетіміздің қолдауымен ұдайы
жасалып келеді. Парламент Мҽжілісі депутаттарының бастамасымен дайындалған «Ерлер мен
ҽйелдердің тең мүмкіндіктері жҽне тең құқықтарының мемлекеттік кепілдігі туралы» Заңнын
қабылдануы біздің қоғамымыздың ҽрмен қарайға демократиялануының нақты кҿрінісі деуге болады.
Ҽйелдерді қоғамдық-саяси ортаға тарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарынан 69
үкіметтік емес ұйымдардың ҿкілдері кірген. Ҽйелдердің кҿсбасшылығы мектебінің республикалық
желісі де дүниеге келді. Бүгінгі таңда шешім қабылдау деңгейіндегі ҽйелдер үлесінің 30 пайызын
2016 жылға дейін жеткізуді назарда ұстаймыз. Бұл ұлттық комиссия, мемлекеттік органдар,
азаматтық қоғам институтары ҿкілдерінің нақты мақсаты. Осы орайда несие алудың жолдарын
жеңілдетуді жҽне оның берілетін кҿлемін арттыруды кҿздеген «Шағын несиелік ұйымдар туралы»
Заңға ҿзгерістер еңгізілді. Ҽйелдерді шағын жҽне орта кҽсіпкерлікке тарту шараларының нҽтижесіне
олардың кҽсіпкерлер арасындағы үлесі 40 пайызға жетті. Тағы бір ҿзекті мҽселелердің бірі – ана мен
бала денсаулығын қорғау. Жедел жүріп жатқан ҽлемдегі жаһандану үрдісі қоғамдағы зорлық-
зомбылықтың алдын алу мҽселелерін ҿткір қойып отыр. Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстарға
ерекше назар аударылуда. 1999 жылы ел Президентінің бастамасымен ішкі істер органдарының
құрамында, аудандық деңгейге дейін ҽйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы
бҿлімшелер құрылған болатын. Қазақстан бұрынғы кеңестік аумақта осындай бҿлімше құрған
жалғыз мемлекет болып табылады. Оладың негізгі міндеті – конституциялық құқықтарының
қорғалуын қамтамасыз ету, заңға қарсы іс-ҽрекеттерден ҽйелдердің бостандығы мен заңды
қызығушылықтарын қорғау. Ҿткен жылдың сонында «Тұрмысты зорлық-зомбылықтың алдын алу
туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң бойынша қылмыстық ҽкімшілік жҽне азаматтық заңнамаларда
тұрмыстық зорлық-зомбылықты саралауға мүмкіндік тумақ. Ең бастысы, бұл заңда отбасында
зорлық-зомбылықтың қайталануына жол бермеуі қарастырылған. Қазіргі уақытта елімізде
ҽйелдердің құқығын қорғайтын 21 дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Оның ішінде 13-нің
жұмысы жергілікті бюджет арқылы ұйымдастырылған.
Осы айтылған ҽңгіменің барлығы ҚР-да гендірлік жҽне отбасылық-демографиялық саясаттың
жүйелі жҽне талапқа сай жүргізіліп отырғанын тағы бір мҽрте дҽлелдейді.
Ел ішіндегі тыныштық пен қалыпты ҿмір ырғағы, тұрақтылық тынысы осы жылдар ішінде
Қазақстанның абройын кҿтеріп, іргелес жатқан кҿрші елдермен шекарасын құжат түрінде анықтап,
кейінгі ұрпаққа барынша дау-дамай қалдырмауына жағдай жасады.
Бұл-ел ҿткенін таразылап, ел бүгінін ҿрістеуін ойлаған, ел ертенін толғана, ұрпақ, ұлт
тағдырына алаңдаған Ел басшының мемлекет іргесін бекіткен үстіне бекіте түсуге ұмтылған
тынымсыз ҽрекетінің кҿріністері.
Қазақстан есімді ұлы жұрттың тағдырына жауап беру, қазақ ұлты мен қазақ елі алдындағы
тарихи міндеттірдің ауыр жүгін иығына салып кҿтеру пешенесіне жазылған күрделі дҽуірдің аса
кҿрнекті тұлғасы кҿшін бастаған елдің бүгінгі таңдағы ең ұлы жеңісі тҽуелсіз мемлекет болып жер
бетінде ҿз іргесін бекітуі екені даусыз.
Астана Саммиті – соның жарқын дҽлелі.
Астана Саммиті Қазақстанды ҽлемдік деңгейге тану мен танытудың жаңа дҽуірінің басы екенін
тарих ҿзі дҽлелдеп отыр.
____________________
1. «Ақиқат» -Алматы 2010 (3, №6)
2. «Саясат» - Алматы 2010 (4 №8)
181
3. «Дала мен қала» - 2010 (29 қараша)
Достарыңызбен бөлісу: |