Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата19.02.2017
өлшемі0,5 Mb.
#4420
1   2   3

 

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналаған арнайы сыныптар 

Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  орталық  жүйке  жүйесінің 

органикалық бұзушылығымен белгіленген  танымдық әрекеті мен эмоционлады 

күш-жігерллік  саласының  тұрақты  бұзылуына  байланысты  мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартымен  белгіленген  оқу  материалын 

меңгере  алмайды.  Осыған  орай,  қарастырып  отырған    оқушылар  санатына 

 

ЖМББС  талаптары  қойылмайды.  Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар 



мектепте  барлық  оқу  жыл  бойына  арнайлы  бағдарламалар  бойынша 

оқытылады.Қарастырылып отырған оқушылар санаты үшін арнайы сыныптарда 

оқу-тәрбие процесі қолжетімді білім мен дағдыларды, әлеуметтік бейімделуге, 

оқушылардың  қоғамда  өзбетінше  өмір  сүруіне  және  еңбек  әрекетіне 

дайындалуға бағытталған. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін арнайы 

сыныптар осы санаттағы оқушылардың бар болу жағдайында білім берудің кез-

келген сатысында ашылуы мүмкін. 

Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  үшін  сыныптардың  топтасуы  12 

баладан аспайды. 

Мектептік білім беру құрлымы: 

бірінші  саты – 0, 1 - 4 сыныптар; 



екінші саты – 5 - 9 сыныптар. 



29 

 

Арнаулы  материалды-техникалық  бар  жағдайында  кәсіби-еңбектік 



дайындығымен  10-шы  сыныпта  ашылуы  мүмкін.  Нөлдік  сыныпқа  оқуға 

дайындық деңгейі жеткіліксіз балалар қабылданады. Бірінші сыныпқа 7-9 жасар 

балалар қабылданады.  

Оқыту  процесінде  жеңіл-ақыл  ой  кемістігі  бар  оқушылардың  тұлғасын 

жан-жақты  психологиялық-медициналық-педагогикалық  зерттеу,білім  беру 

процесін  ұйымдастырудың  әдістері  мен  формаларын  анықтау  мақсатында, 

олардың мүмкіндіктері мен жеке ерекшеліктері айқындау іске асырылады. 

Жеңіл ақыл-ой кемістіктері бар оқушыларды оқыту арнаулы әдістермен, 

оқу  тәсілдерімен  және  білім  алу  әрекетімен  қамтамасыз  етіледі.  Осы  тұрғыда 

ойлау  процесінің  енжарлығы,  танымдық  белсенділігінің  төмендігі,  ойлаудың 

жалпылау  және  абстрактілеу  қызметінің  әлсіздігі,  тілдік  дамуында  тежелеуі 

ескеріледі.  Оқушылармен  жұмыс  істеуде  олардың  еліктеу,  сақталған  көру-

әрекеттік ойлау қабілеттеріне сүйенеді. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар 

үшін  арнайы  сыныптарда  оқыту  4  типологиялық  топты  кіріктірген 

(В.В.Воронкова  бойынша)

 

[9],  оқушылардың  педагогикалық  саралау  негізінде 



іске асырылады. Педагог әр типологиялық топтағы оқушыға тиісті әр көлемде 

және  әр  күрделілікте  оқу  материал  мазмұнын  қарастырады.  Оқушылар 

тәжірибиелік бағыты бар және психологиялық, физиологиялық мүмкіндіктеріне 

сәйкес  жалпы  білім  беру  пәндер  бойынша  білімді,  сонымен  қатар  бастапқы 

кәсіби дағдыларды алады. Оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне ерекше назар 

аударалады. 

0 және 1 сыныптарда балдық бағалар қойылмайды. Оқуда оқушылардың 

жетістіктерін  қозғалуы  олардың  өнімді  әрекетін,  тілінің  даму  деңгейін,  жазба 

жұмыстарын,  суреттерін,  қолдан  жасаған  бұйымдарын  талдау  негізінде 

анықталады.  

Оқу жоспарының  түзету компоненті келесі түзету курстарын кіріктіреді: 

«Түзету  ритмикасы»,  «Тіл  дамыту  кемістіктерін  түзету»  (логопедиялық 

сабақтар), «Танымдық әрекеттерді түзету», «Емдік дене шынықтыру тәрбиесі».  

Әр сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Топтар тілдік және психологиялық, 

физиологиялық бұзушылықтардың бірыңғайлы ескеріле құрастырылады. Емдік 

дене  шынықтыру  тәрбиесі  сабақтары  үшін  топтар  дәрігердің  нұсқаулықтары 

ескеріле отырып жасалады. 

4-

ші сыныптан бастап 6-шы сынып аралығында болашақ кәсіби-еңбектік 



оқу,  сонымен  қатар,  оқушылардың  табысты  әлеуметтік  бейімделуі  үшін 

пропедевтік,  кәсіби  диагностикалық  және  кәсіби  бейінді  болып  табылаты 

«Жалпы  еңбекке  дайындық»  оқу  пәні  енгізіледі.Оқушылар  жалпы  еңбекке 

дайындық  процесінде  әр  адамға  тұрмыста  қажетті  түрлі  еңбек  әрекеттерін 

меңгереді. 

7-

ші  сыныптан  бастап  9-шы  сынып  аралығында  кәсіби  бағыты  бар 



еңбекке  оқыту  іске  асырылады.  Еңбекке  оқыту  бейіні  аймақтың  және 

түлектердің  жұмысқа  тұру  мүмкіндіктері  ескеріле  отырып,  мектеп 

әкімшілігімен  анықталады.  Еңбекке  оқыту  және  әлеуметтік-тұрмыстық 

бағдарлану сабақтары үшін сынып оқушылар 2 топқа бөлінеді. 



30 

 

Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  екінші  жылға  қалдырылмайды. 



Білім  алуды  аяқтау  кезінде  оқушылар  еңбекке  оқыту  бойынша  емтихан 

тапсырады  және  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  үшін  білім  беру 

ұйымдарына арналған мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арнлаған арнайы сыныптар 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін арнайы сыныптар осы 



санаттағы оқушылардың бар болу жағдайында білім берудің кез-келген 

сатысында ашылуы мүмкін. 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін сыныптардың топтасуы 6 

баладан аспайды. 

Специальные классы  для обучающихся с умеренной умственной 

отсталостью 

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін сыныптардың топтасуы 12 

баладан аспайды. 

Мектептік білім беру құрлымы: 

бірінші  саты – 0, 1 - 4 сыныптар; 



екінші саты – 5 - 9 сыныптар. 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту осы санаттағы Үлгілік оқу 

жоспар мен оқу бағдарламаларға сәйкес іске асырылады. Оқу бағдарламалары 

нұсқаулық  сипатта  болады.  Оқушыларды  оқыту  баланы  мектеп  консилиумы 

мамандарының  кешенді  психологиялық-педагогикалық  зерделеу  негізінде, 

жартыжылдықтан аспайтын мерзімге құрастырылған жеке бағдарламаға сәйкес 

жүргізіледі. Жеке оқу бағдарламасын іске асыру уақытынан кейін әр оқушының 

жетістіктерін  талдауы  жүргізіледі  және  келесі  жартыжылдыққа  жоспарлану 

жасалады. 

Педагогтар мен  мектептің басқа да мамандары оқу процесінің мазмұны 

мен  кезеңдерін,  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылардың  психикалық, 

физиологиялық  даму  жолын,  тәжірибелік  дағдылар  мен  әлеуметтік 

құзыреттіліктерді меңгеруді құжаттайды. 

Педагог  әр  оқушының  жеке  мүмкіндіктерін  мен  білім  және  жеке 

жетістіктер мониторингінің нәтижелерін ескере отырып, оқытудың мазмұнын, 

формасын, дидактикалық құралдарын өзі таңдайды. 

Бірінші сатысында оқу процесі пәнсіз оқыту негізінде ұйымдастырылады, 

барлық  сабақтар  кіріктірілген  сипатта  болып,  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар 

оқушылардың  жалпы  дамуларына  бағытталған  (коммуникативті,  жүріп-тұру, 

тілдік,  сенсорлы).  Оқушылардың  жеке  тұлғалық  дамуының  жылжуына 

байланысты пәндік оқытуға көшу басталады. 

Екінші  бөлімдегі  оқушылардың  айрықша  зияткерлік  ерекшеліктері 

ескеріле  отырып,  әр  оқушы  жетістігінің  балдық  бағасы  психологиялық  – 

педагогикалық  мониторингтің  негізінде  іске  асырылатын  сипаттық  бағамен 

алмасады. 



31 

 

Орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылар  екінші  жылға  қалдырылмайды. 



Білім алуды аяқтау кезінде оқушылар орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар 

үшін білім беру ұйымдарына арналған мемлекеттік үлгідегі куәлік алады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

32 

 

Қорытынды 

 

Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  білім  алу 



құқықтарын  іске  асыру  саласындағы  басты  міндет  ретінде  көрсетілген 

санаттағы  балалардың  білім  алулары  үшін,  олардың  психикалық, 

физиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  қажетті  жағдай  жасау 

қарастырылады. 

Қарастырылып 

отырған 


санаттағы 

оқушылардың 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  қажетті  жағдайлар  арнаулы  білім  ұйымдарында  ғана 

емес, жалпы білім беру мектептерде де жасалуы мүмкін. 

Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  табысты  оқыту  мен 

тәрбелеудің  қажетті  шарты  болып,  балалар  қауымдастығында  олардың 

теңдәрежелі  кірігуіне  және  тұлға  ретінде  өзін-өзі  таныта  білуді  қамтамасыз 

ететін бейінді орта құру. 

Сипаттауына  осы  әдістемелік  нұсқаулықтар  арналған,

 

бейінді  орта 



ретінде,  оқу-тәрбие  процесінің  материалды-техникалық,  оқу-әдістемелік, 

кадрлық қамтылуы қарастырылады. 

Әдістемелік нұсқаулықтарда арнайы сыныптарда оқу-тәрбие және түзете-

дамыту  жұмыстарды  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар  жалпы  білім  беру  

(инклюзивті) жағдайында есту, көру, сөйлеу қабiлетi, жүрiп-тұру мүшелерiнiң 

функциялары бұзылған, психикалық дамуының тежелуi, ақыл-ой кемістігі бар 

оқушылар  үшін  жасалған  арнаулы  жағдайлар  мен  білім  беру  қызметінің 

сапасын бағалау өлшемшарттары бола алады. Аталған санаттағы оқушыларды 

оқытудың тиісті жағдайының көрсеткіші ретінде: 

арнайы  сыныптардың  толықтыру  мен  іріктелуі  қолданыстағы 



нормативті құжаттарға сәйкес болуын; 

арнайы  сынып  оқушыларын  арнаулы  Үлгілік  оқу  жоспары  мен  оқу 



бағдарламаларына сәйкес оқытуын; 

оқушыларды  психологиялық  –  педагогикалық  тұрғыда  қолдау  үшін 



қолдау  қызметінің  мамандар  командасымен  қамтылуын  (психолог,  педагог-

дефектолог, логопед, арнаулы педагог және т.б.); 

біліктілікті  арттыру  курстары  арқылы  педагогикалық  кадрлар  мен 



мектептің  барлық  ұжымының  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар 

оқушылармен жұмыс істеуге кәсіби дайындығын; 

оқу-тәрбие  процесінің  оқу  әдебиеттермен,  әдістемелік  және 



дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуін; 

арнайы  сынып  оқушыларының  мектеп  өміріне,  қосымша  білім  беруге 



кіріктірілуін қарастыру керек. 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  арнайы  сыныптардың  ашылуы  мен 

қызмет  етуіне  байланысты    процестерді  басқару  мәселесі  де  маңызды 

қырлардың  бірі  болып  табылады.  Мектептің  Жарғысында,  даму 

бағдарламасыында  өзгертулер  енгізу  мен  тиісті  локальді  нормативті 

құжаттарды әзірлеу қажет болады. 

 

 


33 

 

Глоссарий 



 

1.  Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалар  (балалар)  – 

денсаулығына байланысты білім алуда үнемі немесе уақытша қиындық көретін, 

арнаулы  білім  беру  оқу  бағдарламалары  мен  қосымша  білім  беру 

бағдарламаларын қажет ететін тұлғалар. 



2. Білім алу үшін арнаулы жағдайлар – арнаулы оқу бағдарламалар мен 

оқыту  әдісін,  техникалық  және  басқа  да  құралдарды,  өмірсүру  ортасын, 

сонымен қатар медициналық, әлеуметтік және басқа да қызметтерді кіріктіретін 

жағдайлар,  оларсыз  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  тұлғалардың 

(балалардың) жалпы білім беру оқу және білім бері бағдарламаларын меңгеруі 

мүмкін емес.  



3. Инклюзивті білім беру – білім алуда ерекше қажеттіліктері мен жеке 

мүмкіндіктері ескеріле  отырып,  барлық  оқушыларға білім алуға  тең  дәрежеде 

қолжеткізуді қамтамасыз ететін процесс. 

4. 

Әлеуметтену  -  тұлға  әлеуметтік  рөлдер  мен  мәдени  нормаларды 

игеріп, қоғамның теңдәрежелі мүшесі ретінде қызмет ете алуына көмектесетін 

білімдер,  нормалар  мен  құндылықтардың  белгілі  жүйесін  меңгіріп,  жаңғырта 

алатын барлық әлеуметтік процестің жиынтығы.  



5

.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  –  өзалдына  тұтас, 

мамандардың  жүйелі  ұйымдастырған  әрекеті  түрінде  берілген,  оқу-тәрбие 

процесінде  балаға  көсетілетін  ерекше  көмек  (немесе  қолдау)  түрі.  Оның 

процесінде  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктеріне  сәйкес  әр  баланың  дамуы  мен 

табысты  оқуына    әлеуметтік  –психологиялық  және  педагогикалық  жағдайлар 

жасалады. 



6.  Мектептік  психологиялық  –  педагогикалық  консилиумы  –  бұл, 

оқушыға бірыңғай көмек көрсету стратегиясын құру үшін, білім алуда ерекше 

қажеттіліктері  бар  оқушыларды  психологиялық-педагогикалық  қолдауды  іске 

асыратын білім беру ұйым мамандарының қарым-қатынас жасау формасы.  



7.  Дамуында  шектеулі  мүмкіндіктері  бар  балалар  –  белгіленген 

тәртіпте  расталған,  туа,  тұқымқуушылықпен  шартталған,  жарақат  салдарынан 

немесе  аурулармен  пайда  болған  дене  және  (немесе)  психикалық  кемістіктері 

бар, өмірсүруі шектелуі балалар. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



34 

 

Қолданған және ұсынылған дереккөздердің тізімі 



 

1 ҚР «Білім туралы Заңы»2007 жыл 27 шілдедегі № 319-III  

2 Специальная педагогика. / Под  ред. Назаровой Н.М.-  М.:АКАДЕМИЯ, 

2000, 395 с. 

3 Выготский Л.С. Собрание сочинений. Т.5  Основы дефектологии / Под . 

Власовой Т.А. М.: Педагогика, 1983, 367 с. 

4 Шевченко С.Г. Коррекционно-развивающее обучение. Организационно-

педагогические аспекты. Пособие для учителя. –М.: Владос, 1999. - 136 с.  

5 Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік,орташа мерзімдік 

және ұзақ мерзімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау 

көрсету.Әдістемелік  ұсынымдар.  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ҰБА,  

2015.- 


82 б. 

6  Создание  школьных  консилиумов  и  обеспечение  всесторонней 

поддержки детей с особыми образовательными потребностями. Методические 

рекомендации. Астана: НАО им. И. Алтынсарина,  2015 .- 32 с. 

7 Приказ МОН РК № 61 от 25 февраля 2014 г 

8 Приказ МОН РК № 233 от 30 марта 2016 года 

9  Воспитание  и  обучение  детей  во  вспомогательной  школе  /  Под  ред. 

Воронковой В.В. М.: Школа-пресс, 1994.- 416 с. 

10  Методические  рекомендации  по  организации  психолого-

педагогического  сопровождения  детей  с  ограниченными  возможностями. 

Утверждены приказом МОН РК № 524 от 12 декабря 2011 

11    Щербо  И.Н.  Управление  системой  коррекционно-развивающего 

образования  в  школе.  Библиотека  журнала  «Директор  школы»./  М.: 

Сентабрь.2003 .-160 с. 

12    Ямбург  Е.А.,  Забрамная  С.Д.  Управление  службой  сопровождения 

детей  в  условиях  образовательной  организации.  Практико-ориентированная 

монография. М.: Бослен , 2013.- 255 с. 

13  Безруких  М.М.,  Дубровинская  Н.В.,  Фарбер  Д.А.  Психофизиология 

ребенка. М.: Владос, 2000.- 145 с. 

14 Вильшанская А.Д. Содержание и методы работы учителя-дефектолога 

в общеобразовательной школе. М.: Школьная пресса, 2008 

15  Блинова  Л.Н.  Диагностика  и  коррекция  в  образовании  детей  с 

задержкой психического развития М.: Издательство НЦ ЭНАС, 2002.-133 с. 

16  Елисеева  И.Г.  Об  обучении  умственно  отсталых  школьников  в 

условиях общеобразовательной школы.- // Открытая школа 2012, № 10. 

17  Елисеева  И.Г.  Включение  детей  с  ограниченными  возможностями  в 

общее образование. Ресурсные материалы. Астана, 2013.- 107 с. 

18  Елисеева  И.Г.  Жангазиева  Т.А.,  Амрина  Б.Б.,  Чумакова  О.Ф. 

Организационные  основы  и  формы  включения  школьников  с  ограниченными 

возможностями в общеобразовательный процесс. Методические рекомендации. 

Алматы. 2013, 83 с.  


35 

 

19  Елисеева  И.Г.  Жангазиева  Т.А.,  Чумакова  О.Ф.  Проектирование 



коррекционно-развивающего  обучения  младших  школьников  с  задержкой 

психического  развития.  Методические  рекомендации.  Алматы.  ННПЦ  КП.-

2014.- 

297 с. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

36 

 

1 ҚОСЫМША 



Үлгілік ережелер 

...................қ. № ......................НОМ-де  

дамуында шектеліктері бар оқушылар үшін арнайы сыныптар 

туралы  

 

1. Жалпы ережелер 

1.1. қ.  №  ......................  КММ  НОМ-де арнайы  сыныптар ҚР  «Білім  беру 

туралы»  Заңына  (2007  ж.),  ҚР  «Кемтар  балаларды  әлеуметтiк  және 

медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»

 

Заңына  (2002  ж.), 



дамуында шектеуліктері бар балалардың кіріктірілген (инклюзивті) білім алуын 

ұйымдастыру  бойынша  ұсынымдарына  (2009  ж.),  жалпы  білім  беру 

ұйымдарының  жұмысының  Үлгілік  ережелеріне  (бастауыш,  негізгі  орта  және 

жалпы орта) 2013 ж. сәйкес құрылады. 

1.2. Арнайы сыныптар дамуында түрлі бұзушылықтары мен білім алуда 

ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  оқуына,  тәрбиеленуіне  қажетті 

жағдайлар  жасауға  мүмкіндік  беретін  саралай  білім  беру  формасы  болып 

табылады.  Олар  жалпы  білім  беру  ұйымдарымен  ортақ  міндеттерді  шеше 

отырып,  оқушылардың  табысты  оқуы  мен  тәрбиеленуіне  кедергі  болатын 

психикалық  және  /  немесе  дене  бұзушылықтарын  қалпына  келтіруге  немесе 

бәсендетуге бағытталған өзіндік міндеттерді атқарады. 

1.3.  Арнайы  сыныптардың  жұмысы  адамгершілік,  табиғижөнділілік, 

тұлғанын еркін дамуы ұстанымдарына сәйкес құрылады және жалпы білім беру 

жүйесінің вариативтілік пен бейімділігін қамтиды.  

1.4.  Арнайы  сыныптарды  ашу  мақсаты  –  жалпы  білім беру  мектептерде 

білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  жеке  типологиялық 

ерекшеліктеріне,  сомантикалық  және  жүйке-психологиялық  денсаулығының 

жай-күйіне сәйкес қолайлы педагогикалық жағдай жасауды қамтамасыз ететін 

тұтас жүйе құру. 

 

2. Арнайы сыныптардың ұйымдастыруы мен қызмет етуі 



 

2.1.  №  ......................НОМ-де  арнайы  сыныптар  білім  алуда  ерекше 

қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін  арнаулы  арнайы  жағдайлар  жасалғанда 

ашылады:  арнайы  дайындалған  кадрлардың  болуы,  оқу-әдістемелік, 

бағдарламалық-дидактикалық қамтамасыз етілуі, оқу процесін ұйымдастыруға, 

түзету сабақтарын өткізуге сәйкес материалды-техникалық жабдықталуы. 

2.2. Арнайы сыныптар әр оқушыға берілген психологиялық-медициналық 

педагогикалық  кеңестің  (ПМПК)  тұжырымдамасы  негізінде  мектеп 



директорының бұйрығымен  ашылады.Көрсетілген сыныптарға ата-аналардың , 

бала мүддесінің заңды өкілдерінің өтініші негізінде қабылданады. 

2.3.  Арнайы  сыныптар  ауытқу  түрлеріне  байланысты  сараланады, 

оқушылар  саны

 

арнаулы  білім  беру  ұйымдар  қызметінің  үлгілік  ережелерінде 



белгіленген нормаларға сәйкес. 

37 

 

2.4.



 

Арнайы  сыныптарда  оқытылатын  оқушылардың  күнтәртібі  

балалардың  тез  шаршап  қалуы  ескере  орнатылады.Сыныптардың  жұмысы 

қажетті  емшаралардың  ұйымдастырылуымен  ұзартылған  күнтәртібіндегі 

бірінші  аусымда  бекітіледі.  Жүйке  бұзулуы  мен  аффективті  тәртібінің  айқын 

көрінісі бар, жұмыс істеу қабілеті төмен оқушыларға жеке аяушылық күнтәртібі 

мен міндетті емдік психикалы-терапиялық көмек ұйымдастырылады. 

2.5.  Түрлі  бейіндегі  мамандардың  түзету  психологиялық-педагогикалық 

қолдауды  және  кешенді  зерделеуді  өткізіп,  ұйымдастыру  үшін  директордың 

бұйрығымен  психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметі  мен  осы  қызмет 

мамандарының қарым-қатынас жасау формасы ретінде консилиум құрылады. 

Мектеп 


штатында 

мамандар 

болмаған 

жағдайда 

қолдауды 

психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандары көрсете алады. 

2.6.  Арнайы  сынып  оқушылары  (ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушылардан 

басқа)  оқу  бағдарламаларын  табысты  меңгеріп,  дамуының  жағымды 

динамикасын  байқатса,  дамуындағы  тежелуін  жойып,  қажетті  оқу  әрекет 

дағдыларын  игерсе,  оқудың  кез-келген  кезеңінде  ПМПК  шешімі  бойынша, 

оқушы  мен  ата-аналарының  (басқа  да  заңды  өкілдердің)  келісімімен  дәстүрлі 

сыныптарға ауыстырылуы мүмкін. 



3. Арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру 

3.1.  Арнайы  сыныптарда  оқу-тәрбие  процесі  арнаулы  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  Үлгілік  ережелерімен,

 

ҚР  ББҒМ  бекіткен  дамуының 



түрлі  бұзылуы  бойынша  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушыларға 

арналған  бастауын,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  Үлгілік  оқу 

жоспарларымен, жылдық оқу кестесі мен мектептегі сабақ кестесімен реттеледі. 

3.2.  Оқыту  дамуының  түрлі  бұзылуы  бойынша  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін  әзірленген  арнаулы  бағдарламалармен, 

бейімделген  бағдарламалармен  және  жалпы  білім  беру  бағдарламалары 

бойынша    ұйымдастырылады.  Оқу  процесінде  дамуының  түрлі  бұзылуы 

бойынша  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін  арнаулы 

оқулықтар  мен  ОӘК,  жалпы  білім  беру  оқулықтары  да  қолданылады.  Бұл 

мәселе бойынша шешімді мұғалім қабылдайды. 

3.3.  Мектептің  психологиялық-педагогикалық  қолдау  Қызметінің 

мамандарымен  міндетті  түрде  ата-аналарының  (заңды  өкілдерінің)  пікірі 

ескеріліп, ПМПК ұсынымдамасы негізінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар 

әр  оқушыға  Жеке  психологиялық-педагогикалық  қолдау  бағдарламасы 

әзірленіп бекітіледі. 

3.4. Жеке психологиялық-педагогикалық қолдау бағдарламасы № ...НОМ 

әкімшілігі мен  ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналары 

(заңды өкілдері) арасында бекітілген келісімшартқа қосымша болады. 

3.5.

 

Оқушының 



Жеке 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

бағдарламасы  қызмет  мамандарымен  оқушыны  кешенді  психологиялық-



педагогикалық  зерделеу  негізінде  жартыжылға  әзірленеді.  №  ...НОМ 

психологиялық-педагогикалық  қолдау  Қызметі  педагогтердің,  ата-аналардың 



38 

 

(заңды  өкілдерінің)  өтінішхаты  бойынша  туындаған  қажеттілікке  сәйкес  жеке 



бағдарламаға кез-келген уақытта өзгерістерді енгізуге құқылы. 

3.6.  Жалпы  түзете-дамыта  оқыту  педагогтермен  барлық  сабақта  іске 

асырылады  және  ҚР  ЖМБС  сәйкес    оқушылардың  (ақыл-ой  кемістігі  бар 

оқушылардан басқа) оқу материалын меңгеруді қамтамасыз ету керек. 

3.7.  Түзету  көмек  көрсету  үшін  оқушылармен  Үлгілік  оқу  жоспарына 

сәйкес,  қысқартуға  келмейтін  және  оқу  жоспарының  инвариативті  бөлігіндегі 

сабақтармен  ауыстыруға  болмайтын,  арнаулы  топтық,  топқа  бөлінген  және 

жеке  түзету  сабақтары  өткізіледі.  Түзету  сабақтарын  мамандар  арнайы  осы 

жұмысқа  берілген,  осы  сабақтардың  өткізілу  тәсілі  мен  мазмұнының 

ерекшеліктеріне  сәйкес  жабдықталған  кабинеттерде  жүргізеді.  Көрсетілген 

сабақтарда түзету жұмыстардың негізгі бағыты психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың    жеке  бағдарламасымен,  оқу  жоспарының  түзету  компонентіндегі 

бағдарламалардың мазмүнымен анықталады. 

3.8.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау,  олардың  оқытуын 

жүргізетін арнаулы оқу бағдарламаларының талаптары мен мазмұнына сәйкес 

іске  асырылады.  Түзету  цикіліндегі  пәндер  бойынша  балдар  қойылмайды, 

жетістіктерді бағалау сипаттама баға арқылы іске асырылады. 

3.9. Арнайы сынып оқушылары, жас және жеке- тұлғалық ерекшеліктері, 

қызығушылықтары  мен  қажеттіліктері  ескеріліп,  мектеп  базасында 

ұйымдастырылған үйірмелер мен секциялырға қатысады. Қосымша білім беру 

бағдарламасы  оқушының  мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  ескеріле 

бейімделеді, әр жағдайда жеке. 

3.10. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану, еңбек сабақтарын өткізу кезінде 

сынып  2  топқа  бөлінеді.  Еңбекке  оқыту  мазмұны  өңірлік,  жергілікті 

жағдайлармен,  оқушы  денсаулығының  қалпымен  анықталады.

 

Әлеуметтік-



тұрмыстық бағдарлану,  еңбек  сабақтарын өткізу  үшін  арнайы  кабинеттер  мен 

шеберханалар жабдықталады. 

3.11.  Қорытынды  аттестаттау  мәселесі  білім  беру  басқармаларының 

ұйымдарымен  шешіледі.  Негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  бағдарламасын 

меңгерген  түлектерге  білім  деңгейіне  сәйкес  мемлекеттік  үлгіде  бекітілген 

құжат беріледі. 

 

4. Білім беру процесінің қатысушылары, олардың құқықтары мен 

міндеттері. 

4.1.  Білім  беру  ұйымының  педагогикалық  және  медициналық 

қызметкерлері,  оқушылар,  олардың  ата-аналары  (заңды  өкілдері)  білім  беру 

процесінің қатысушылары болып табылады. Оқу процесіне  қатысушылардың 

қарым-қатынастары  өзара  сыйластық  және  білім  алу  мен  тәрбиеленудің 

адамгершілік ұстанымдарына құрылады. 

4.2.  Арнайы  сыныптарда  білім  беру  процесін  қамтамасыз  ету  арнайы 

сынып  қызметінің  бейіні  бойынша  кәсіби  дайындық  пен  аттестациядан  өткен 

тәжірибиелі мұғалімдермен, сонымен қатар жоғары дефектологиялық білімі бар 

педаготермен іске асырылады. 



39 

 

4.3.  Ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушыларды  оқыту  процесін 



психологиялық қолдауын білім беру ұйымының штатына кіретін психолог іске 

асырады. 

4.4.  Қажетті  жағдайда  арнайы  сынып  оқушыларымен  жұмыс  істеу  үшін 

келісімшарт бойынша осы білім беру мекемесінде жұмыс істемейтін мамандар 

(офтальмолог дәрігер, отоларинголог дәрігер және т.б.) жұмылдырады 

4.5.  Арнайы  сыныптарда  жұмыс  істейтін  қолдау  мамандар  мен 

педагогтердің  міндеттері  біліктілік  мінездеме  негізінде  әзірленіп,

 

білім  беру 



басшысымен бекітілген лауазымдық нұсқаулармен анықталады. 

4.6. Дефектолог мұғалім лауазымдық қызметін атқару аясында: 

оқушылардың  максималды  әлеуметтенуі  бойынша  мақсатталған 

жұмысты  ұйымдастыру  мақсатымен    педагогикалық  қызметкерлердің  (соның 

ішінде  мұғалімдердің,  ұзартылған  күн  тобының  тәрбиешілерінің,  педагог-

психологтің, әлеуметтік педагогің, логопедтің), заңды өкілдерінің және басқа да 

қызметкерлердің жұмысында қарым-қатынасты қажет ететін, ерекше білім алу 

қажеттіліктері  бар  оқушылар  үшін  білім  беру  ұйымында  түзете-дамыту 

ортаның  құрылуына  мүмкіндік  туғызады;  оқу-тәрбие  жұмысының  және 

оқушылардың  жеке  даму  бұзушылығын  түзету  бойынша  жұмыстың  мазмұны 

мен  дұрыс  ұйымдастыруына  жауапты;

 

ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 



оқушылармен  Үлгілік  оқу  жоспары  мен  жеке  психологиялық-педагогикалық 

қолдау бағдарламасына сәйкес  сабақтар жүргізеді; оқушылардың рухани және 

психикалық  денсаулығын  сақтау  мақсатында  эмоционалды  қолайлы 

атмосфераны  қалыптастырады;

 

ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 



оқушыларының оқу және тәрбиесі процесін жекелендіру  мәселелері бойынша 

мектептің  педагогикалық  қызметкерлеріне  кеңес  береді.  Біліктілік 

мінездемесіне сәйкес басқа да міндеттерді ақарады. 

4.7.  Арнайы сынып мұғалімдері, тәрбиешілері лауазымдық қызметтерін 

атқару аясында: 

ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  даму  ерекшелігін 

ескере  отырып  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастырады;  осы  санаттағы 

оқушыларға қатысты  өздерінің білім беру әрекеттерін дефектолог мұғаліммен 

келістіреді; кәсіби этиканы сақтайды, егер  ерекше білім алу қажеттіліктері бар 

оқушыларға  кері  әсерін  тигізсе,  диагностикалық,  кеңес  беру  жұмысының 

нәтижесінде  алған  мәліметтерді  таратпайды;  сабақта  және  сыныптан  тыс 

жұмыста  оқушылардың  рухани  және  психикалық  денсаулығын  сақтау 

мақсатында  эмоционалды  қолайлы  атмосфераны  қалыптастырады;

 

біліктілік 



мінездемесіне сәйкес басқа да міндеттерді ақарады. 

4.8.Педагог-психолог 

 

лауазымдық қызметтерін атқару аясында: 



Әлеуметтік, когнитивті және психологиялық мәртебесін анықтау, жайлы 

психологиялық  ортаны  құру  мақсатында  ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 

оқушылардың  психологиялық  зерделеуін  жүргізеді;  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері  бар  оқушыларда  дезадаптация  көрінісің  алдын  алу;

 

сынып 


ұжымын  біріктіру  бойынша  жұмыс  жүргізеді  және  ерекше  білім  алу 

қажеттіліктері  бар  оқушылармен  олардың  денісау  құрдастарымен  



40 

 

тұлғалааралық  қарым-қатынастарын  үйлестіреді;  психологиялық,  дене 



дамуының  ерекшеліктері  бар  балалардың    оқу  мен  тәрбиелену,  даму 

мәселелерінде  көмек  көрсету  үшін  педагогикалық  қызметкерлеріне,  заңды 

өкілдерге нақты ұсынымдамалар әзірлейді; 

білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылармен  түзете-дамыту 

сабақтарын өткізеді; 

әлеуметтік  қарым-қатынас  дағдыларының  қалыптастыруы  бойынша 

жұмыс жүргізеді.  

Біліктілік мінездемесіне сәйкес басқа да міндеттерді ақарады. 

4.9. Әлеуметтік педагог лауазымдық қызметтерін атқару аясында: 

білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға түрлі ортақ әлеуметтік 

маңызы бар әрекеттерді, бос уақытты ұйымдастыруға көмек көрсетеді; 

оқушылардың,  олардың  ата-аналарының  немесе  заңды  өкілдерінің 

мектепте,  сыныпта  қалыптасқан  қарым-қатынаспен,  білім  беру  процесіннің 

ұйымдастырылуымен қанағанттандырылу деңгейін анықтайды; 

білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  өзін-өзі  әлеуметтік 

және кәсіби анықтауға, жұмысқа орналасуға, емделуге көмек көрсетеді; 

кәсіби  этиканы  сақтайды,  егер    ерекше  білім  алу  қажеттіліктері  бар 

оқушыларға  кері  әсерін  тигізсе,  диагностикалық,  кеңес  беру  жұмысының 

нәтижесінде алған мәліметтерді таратпайды; 

Біліктілік мінездемесіне сәйкес басқа да міндеттерді ақарады. 

4.10. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі құқықтары 

бар: 


тұрғылықты  мекенжайы  бойынша  өзінің  танымдық  мүмкіндіктеріне 

сәйкес білім алуға; 

танымдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  оқу  бағдарламасы  мен  түзету 

бағдарламалар мен білім алуға; 

психологиялық,  дене  дамуының  ерекшеліктері  ескеріліп,білім  алуға 

арнаулы жағдайлар жасалуына; 

білім алу процесінде өзінің құқығын, ары мен намысын қорғауға; 

дене  және  (немесе)  психикалық  ауытқуларын  психологиялық-

педагогикалық тегін түзетуге; 

ортақ  білім  беру  қызметін  ұйымдастыруда  эмоционалды  жайлы 

атмосфераның құрылуына. 

4.11.


 

Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар міндетті: 

мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын ұстануға; 

оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының талаптарын орындауға; 

заңнамамен  және  мектеп  жарғысымен,  белгіленген  басқа  да  міндеттерді 

орындауға.  

4.12.  Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушылардың  заңды 

өкілдерінің келесі құқтары бар: 

жеке  психологиялық-педагогикалық  қолдау  бағдарламасын  әзірлеуіне 

және іске асырылуына, оқу және түзету сабақтарына қатысуына; 



41 

 

өз  баласының  оқуы  мен  тәрбиеленуіне  қатысты  сұрақтары  бойынша 



арнаулы білім алу мақсатында кеңестік көмек алуына және түзету сабақтарына 

қатысуына; 

білім  беру  процесінің  өткізу  нәтижелері  туралы  толық  және  шынайы 

ақпарат алуына. 

4.13.  Білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  оқушының  заңды  өкілдері 

отбасында  оның  дамуына,  оқуына  және  тәрбиеленуіне,  танымдық 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  білім  алуға,  денсаулығын  нығайтуға,  әлеуметтік 

бейімделуі мен қоғамға кіріктірілуіне қажетті жағдай жасайды. 

4.14.  Мектеп  директоры  арнайы  сыныптардың,  ұзартылған  күн 

топтарының    жұмыс  істеуіне  қажетті  жағдайлар  жасауды  қамтамасыз  етеді 

олардың  жұмысына  бақылау  жүргізеді,білім  беру  процесінің  сапасы  мен 

топтастыруына жауапкершілік артады. 

4.15. 

директордың 



орынбасары 

психологиялық-педагогикалық 

консилиумның  жұмысын  ұйымдастырады,  мұғалімдерге  арнайы  сыныпта 

жұмысты  жоспарлау  мен  бағытын  анықтауда  жүйелі  ұйымдастырушылық-

әдістемелік  көмек  көрсетеді,  арнайы  сынып  оқушылармен  жүргізілген  түзете-

дамыту жұмыстары мен оқу нәтжелерін талдайды. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


42 

 

2 ҚОСЫМША 



КЕЛІСІМШАРТ 

 

 «_____»______________20___ 



 

 

Коммуналды  мемлекеттік  мекеме    №...  жалпы  білім  беру  орта  мектебі 



бұдан  әрі  Мекеме  деп  аталатын,  Мекеме  Жарғысы  негізінде  бір  тараптан    іс-

әрекетжасайтын  директор атынан ______________, және білім беру мекемесіне 

баратын оқушының  

________________________________________________ _______________  

(оқушының тегі, есімі, әкесінің аты ) 

 

Екінші тараптан бұдан әрі ата-ана деп аталатын ата-анасы (заңды өкілі) 



әкесі___________________________________________________________ 

(тегі, есімі, әкесінің толық аты) 

 

 

анасы__________________________________________________________ 



(тегі, есімі, әкесінің толық аты) 

 

атынан төмендегі туралы келісімшарт жасасты: 



 

1. 

Келісімшарттың нысаны 

1.1.


ҚР заңнамасына сәйкес берілетін білім беру қызметін көрсету және № 

ОБМ оқушысына  ___________________________________ арнаулы білім беру 

жағдайларды қамтамасыз ету. 

1.2.  Осы  келісімшарт  №...ОБМ-і  мен  ата-ананың  арасында  өзара 

қатынасты анықтайды және реттейді. 

1.3. Тараптар ерікті бірге серіктестік негізінде оқушының №...ОБМ-і іске 

асыратын білім беру бағдарламасын меңгіру мақсатында мүмкіндігін есепке ала 

отырып,  оқушы  ____________________________________________  мүддесі 

үшін бірге әрекеттенуге міндеттеме алады. 

 

2. Жалпы ережелер 

 

 

2.1  Оқушыны________________________  №...ОБМ-інеқабылдау  және 



оқыту талаптары: 

Оқушы___________________________№... 

ОБМ-іне 

ата-анасының 

Облыстық  (қалалық)  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңесінің 

(ПМПК)  тұжырымдамасының,  Білім  беру  басқармасының  бұйрығымен 

анықталған  басқа  да    құжаттардың  негізінде  жазған  өтініші  бойынша 

қабылданады. 

2.2. Оқушы _____________________________ 20___ 20___жылдарына: 


43 

 

а) Арнайы (ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған )бағдарлама және 



ПМПК  ұсыныстарын  есепке  ала  отырып,  мектептік  психологиялық-

медициналық-  педагогикалық  консилиум  (ПМПк)  әзерлеген  түзете  дамыту  

жұмысының  жеке  бағдарламасы  бойынша  жеке  психологилық-педагогикалық 

қолдаумен  ________ арнайы сыныпқа қабылданады.  

б) МББС-ының негізінде құрылған арнайы (бейімделген)бағдарлама және 

ПМПК  ұсыныстарын  есепке  ала  отырып,  мектептік  психологиялық-

медициналық-  педагогикалық  консилиум  (ПМПк)  әзерлеген  түзете  дамыту  

жұмысының  жеке  бағдарламасы  бойынша  жеке  психологилық-педагогикалық 

қолдаумен  ________ арнайы сыныпқа қабылданады. 

2.3.  №...  ОБМ-і    және  ата-аналар  психологилық-педагогикалық  қолдау 

қызметінің    мамандарының    оқушыны  психологиялық-медициналық- 

педагогикалық  кешенді  түрде  тексеру  негізінде  құрастырылған    жеке    түзете 

дамыту  жұмысының  бағдарламасымен,  сондай-ақ  мамандармен    сабақ 

кестесімен өзара келіседі.  

2.4  №...  ОБМ-і  заңнамаға  сәйкес  білім  беру  процесінің  нәтижелерін 

бағалайды,  аттестация  нәтижелері  бойынша  оның  тиімділігі  туралы  шешім 

қабылдайды.  

 

3. №... ОБМ-інің құқығы мен міндеттемесі 

3.1. №... ОБМ-інің құқықтары 

3.1.1.  Оқушыны  мектептегі  психологиялық-педагогикалық  қолдау  түрін 

бұл  жұмысты  ПМПК  ұсыныстарына  сәйкес  және  оқушының  мүмкіндігі  мен  

қажеттілігін  психологиялық-педагогикалық  кешенді  түрде  тексеру  негізінде 

мамандар анықтайды. 

3.1.2. 


Сабақты 

ұйымдастыру 

түрлерін, 

педагогикалық 

технологияны,оқыту  әдістемесін,  тәрбиелеу  мен  түзете  дамыту  жұмысын 

баланың мүмкіндігін есепке ала отырып, ата-аналарының кнлісімімен өздігінен 

әзірлейді, таңдайдыижәне қолданады. 

3.1.3. Оқушылардың түзете дамыту сабақтарына баруының жеке кестесін 

оқушының ата-анасы келісімімен №... ОБМ-інің ПМПк ұсыныстары бойынша 

құрады және өзгертеді. 

3.1.4.  Баланы  отбасында  тәрбиелеу  мен  оқыту,рухани  және  дене 

тұрғысынан  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар  ендіріледі,  сонымен  бірге  ата-

аналарға емдік-сауықтыру мекемелеріне баруды ұсынады. 

3.2. 

№... ОБМ-інің міндеттемелері 

3.2.1. 


Қамтамасы ету: 

-

баланың құқығы мен абыройын; 



оқушылардың  дене  және  психикалық  денсаулығын  нығайту,  өмірін 

қорғау; 

-

оны зерделік, дене тұрғысынан және жеке тұлғалық дамыту; 



оның  жеке  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  шығармашылық 

қабілеттерін және қызығушылықтарын дамыту; 

оқу-тәрбие процесінде оқушыға жеке тәсілдеме қолдану. 



44 

 

3.2.2.  Баланы  мектепте  оқытудың  басталу  сәтінен  4  аптадан  артық 



кешіктірмей,  психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасын 

әзірлеу.   

3.2.3.  Оқушылардың  ҚР  заңнамасына  сәйкес  сапалы  білім  алуға    деген 

құқығын  жүзеге асыру үшін жағдай тудыру.  

3.2.4.МектепмамандарыПМПК 

ұсыныстарына 

және 

психологиялықпедагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасына  сәйкес 



оқушыны қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етеді.   

3.2.5.Оқушыларға  жұмыс түзіміне сәйкесмектепте, сондай-ақ ПМПК мен 

№ .ОБМ-інің ПМПк ұсыныстарын есепке ала отырып,  ұзартылған күн тобында 

болуға мүмкіндік туғызады.   

3.2.6.Ата-аналарға білікті көмек көрсету (№ ... ОБМ-інің мамандарының 

құзыреттілігінің  аясында),  ата-аналарға    жақын  арада  болатын  кеңестер  мен 

кеңестердің нәтижелері, сондай-ақ  білім беру үдерісінде туындаған мәселелер 

туралы хабардар етеді.  

3.2.7.Психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасынан 

ауытқығанда  немесе  оны  жүзеге  асыру  мүмкін  болмаған  жағдайда  

бағдарламаны  түзету  мақсатында  бұл  туралы  ата-аналарға  дер  кезінде  хабар 

беріледі.  

3.2.8.    Ата-аналарды  №  ...  ОБМ-інің  қызметін  реттейтін  жергілікті 

актілермен  және    білім  беру  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілермен 

таныстырады.   

 

4.  Ата-аналардың құқықтары мен міндеттемелері  

 

4.1. Ата-аналардың құқықтары:  

4.1.1.  Оқушының  білім  алуға  деген  құқығын  жүзеге  асыру  үшін    №  ... 

ОБМ-інен Жарғыны және осы шарттың талаптарын сақтауды талап етеді.   

4.1.2.  №  ...  ОБМ-інің    әлеуметтік,  мәдени,  білім  беру  және  басқару 

міндеттерін  шешу  мақсатында  №  ...  ОБМ-інде  өзін-өзі  басқару  органдарын 

құруға және оның жұмысына қатыса алады.  

4.1.3.  Психологиялық-педагогикалық  қолдау  қызметінің  мамандарынан 

кеңес ала алады.  

4.1.4.  Мектептің  ПМПк  мамандарымен    бірлесе  отырып,  оқушыны 

психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламасын  әзірлеуге 

қатыса алады.  

4.1.5.  Білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  барысымен,  сондай-ақ  

№  ...  ОБМ-інің    әкімшілігімен    жолығады,  оқыту  жағдайларымен,    оқыту, 

тәрбиелеу және түзету әдістемелерімен танысады.   

4.1.6.  №  ...  ОБМ-інің    педагогтары  мен  мамандарына  баланың 

денсаулығы,  олардың  ауырғандары,  емдеу  және  білім  беру  үдерісін 

ұйымдастыруға әсер ететін басқа да жағдайлар туралы толық ақпарат береді.   

4.1.7. Оқушыға № ... ОБМ-інен тыс, басқа мекемелерде, ұйымдарда және 

жеке тұлғаларда қолданылған білім беру бағдарламасын меңгеру сапасына әсер 


45 

 

етуі  мүмкін  медициналық,  психологиялық-педагогикалық  және  басқа  да 



оқушыға  көрсетілген  көмектің  барлық  түрлері  (оның  ішінде  медициналық 

препараттар) туралы № ... ОБМ-інің  әкімшілігіне дер кезде  хабарлау.  

4.1.8. Психологиялық-педагогикалық қоллдаудың жеке бағдарламасынан 

ауытқығаны туралы  және оныңсебебі туралы ақпаратты дер кезінде алу.  

4.1.9.  Сабаққа  №  ...  ОБМ-інің    әкімшілігінің    келісімімен  қатысуға 

болады.  

4.1.10.  №  ...  ОБМ-інезаңдағы  бекітілген  тәртіп  бойынша  жарғы 

міндеттерін жүзеге асыруға  ерікті көмек көрсету.   

  

4.2. Ата-аналардың міндеттері  

4.2.1.  ҚР «Білім туралы» заңына  сәйкес өз баласын  тәрбиелеуге  және  

дамытуға,  өз  баласының денсаулығына, дене тұрғысынан, психикалық, рухани 

және  адамгершіліктік  тұрғыда  дамуына    қамқорлық  көрсетуге    жауапты 

болады.  

4.2.2.  Оқушыға  тағайындалған  емдік  шаралар    туралы  №  ...  ОБМ-інің  

әкімшілігіне дер кезінде хабарлау, егер  тағайындалған емдеу курсы  себебінен   

оқушының білім  беру    үдерісін үзуіне  тура  келсе,  онда    №  ...  ОБМ-інің  

ПМПк  ата-анасымен  (заңды  өкілдермен)  бірге  психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың жеке бағдарламасына  түзетулер ендіреді.  

4.2.3. 

Мамандардың  ұйымдық  және  жүзеге  асыру  мәселелері  бойынша 



берген  ұсыныстарын  сақтау:  күн  түзімі,  дамыту  шаралары,  үй  еңбегі  (үй 

тапсырмаларына дайындықты қосқанда) мен  демалысты, қиымыл-қозғалыстық 

белсенділікті  кезектестіру.  баланың  ПМПК-тің  ұсыныстарына  және 

психологиялық-педагогикалық  қолдаудың  жеке  бағдарламаларына  сәйкес 

жекедара және топтық сабақтарға қатысуын қамтамасыз ету.  

4.2.4.Өз  баласын оқыту,  тәрбиелеу,  қолдау  бағдарламасын жүзеге  асыру 

мәселелері  бойынша  №  ...  ОБМ-інің    мамандарынан  немесе  тартылған 

мамандардан кеңес алу.  

4.2.5.  Мектеп  жұмысының  барлық  бағыттары  бойынша  №  ...  ОБМ-імен 

өзара әрекеттену.  

 

5. Қорытынды ережелер  

5.1.  Шарт бір оқу жылы мерзіміне жасалып, қол қойылған сәттен бастап 

күшіне енеді.  

5.2.  Осы  шартты  өзгертуге  бір  тараптың  жазбаша  өтініші  бойынша  осы 

шарттың  бөлінбес  бөлігі    болып  табылатын  қосымша  келісім  жасау  арқылы 

рұқсат етіледі.  

5.3.  Шарттың    заңды  күші  бірдей    екі  данасына  қол  қойылады,  әрбір 

тарапта бір данадан сақталады.  



 

 

46 

 

6. Тараптардың мекенжайы мен реквизиттері:  

  

  

  



  

Ата-ана:  

Индекс,  үйдің мекенжайы:  

Жеке куәлік №   

 «  »  ___ 

жылы   


 

Кіммен берілген Тел.   

  

7. Тараптардың қолдары  

  

№ ... ОБМ-інің  директоры     



  

  

 



Ата-ана  

  

_________________________                              ______________________  



М.О.   

  

  



  

  

  



  

  

  



 

 

 



 

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет