Республики казахстан



Pdf көрінісі
Дата19.02.2017
өлшемі0,6 Mb.
#4501

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 

 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 

 

 

 

 

БҚМУ ХАБАРШЫСЫ 

 

 

Жылына 4 рет шығады 

 

 

№ 2 (62) - 2016 

 

 

ВЕСТНИК ЗКГУ 

Выходит 4 раза в год 

 

 

 

 

 

Орал-Уральск 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ 



БАТЫС ҚАЗАҚСТАН 

МЕМЛЕКЕТТІК 

УНИВЕРСИТЕТІ 

ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКИЙ 

ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  

УНИВЕРСИТЕТ  

им. М. УТЕМИСОВА 

ӘОЖ  796.350 

Ерниязов О.Н. – магистр, оқытушысы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ  

Шандозтегі А.Т. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 

E-mail: Planeta_79@mail.ru 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ 

ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Аңдатпа.  Мақалада  дене  тәрбиесінің  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дамуы  мен  жеке 

тұлғасының  қалыптасуындағы  ролі  көрсетілген.  Мектепке  дейінгі  мекемелердегі  дене  тәрбиесі  бойынша 

сабақтар мен ұлттық ойындарды өткізудің ерекшеліктері, формалары берілген.  

Тірек  сөздер:  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар,  дене  тәрбиесі,  дене  тәрбиесін  ұйымдастыру  формалары, 

дене тәрбиесінің теориясы, ертеңгілік гимнастика,  сергіту сәті, қимыл-қозғалыс ойындары, балабақша, ұлттық 

ойындар, күн тәртібі.  

 

Балалар  денсаулығын  қорғау  –  бұл  кез  келген  мемлекеттің  мәселесі.  Соның  ішінде  мектеп  жасына 

дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. 

Өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесі  –  бұл олардың дене шынықтыру білімін, біліктілігін және 

дағдысын қалыптастыру, дене шынықтыру сабақтарының жүйелілігіне үйрету, денсаулықтың, ақыл-ой мен 

физикалық жұмысқа қабілеттіліктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен санитарлық-гигиеналық 

біліктілік пен әдеттерін баулу, дағдыландыру.  

Дене   тәрбиесі  –  жалпы  тәрбиенің  құрамды  бөлігі.  Ол  денені  жетілдіруге,  яғни  денсаулықтың,  дене 

дамуының  және  дене  әзірлігінің  жоғары  деңгейіне  жетуіне  бағытталған.  Ол  тәрбиенің  басқа  түрлері  – 

адамгершілік,  эстетикалық,  ақыл-ой,  еңбек  тәрбиелерімен  байланысты  [1,  198  б.].  Сондықтан  да  біздің 

елімізде  дене  тәрбиесі  үдерісінде  жалпы  тәрбие  мақсатынан  туындайтын  педагогикалық  міндеттер  де 

шешімін табады. 

Дене  тәрбиесі  білімі  –  дене  тәрбиесі  салаларының  бірі.  Ол  арнаулы  білімді,  қимыл-қозғалыс 

дағдылары  мен  іскерліктерді  меңгеріп  қамтиды.  Дене  тәрбиесі  мәдениеті  –  жалпы  мәдениеттің  бір  бөлігі, 

қоғамның  адам  денесін  жетілдіру  саласында  қоғамдық   –  тарихи  тәжірибе  үдерісінде  жиналған 

табыстарының  жиынтығы.  Дене  тәрбиесі  мәдениеті  –  дене  тәрбиесі  теориясының  барлық  ұғымдарының 

ішіндегі  ең  кең  ұғым.  Ол  жоғарыда  қарастырылған  ұғымдардың  бәрінің  мазмұнын  қамтиды.  Ал  дене 

тәрбиесі  теориясы  –  адам  денесін  жетілдіру  үдерісін  басқарудың  жалпы  заңдары  туралы  ғылым.  Ол 

педагогикалық  ғылымдар  жүйесіне  енеді,  психологиямен  және  педагогикамен,  спорттың  жекелеген 

түрлерінің теориясы және әдістемелік тығыз байланыста болады. 

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен 

айналысатындардың  әр  түрлі  құрамындағылармен  сабақтар  оқу  және  өткізу  әдістемесін  талдап  жасау 

кезінде  ескеріп  отырады  [2,  178  б.].  Мәселен,  спорттың  жекелеген  түрлері  бойынша  жүргізілген 

зерттеулердің  мәліметтері  мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  сабақ  өткізу  әдістемесін    талдап  жасауға 

көмектеседі. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дене  тәрбиесінің  теориясы  –қоғамның  болашақ  құрылысшысы  – 

баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене 

тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және әдістемелік негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып 

табылады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дене  тәрбиесі  тәрбиелеу  үдерісінде  баланың  дамуын  басқарудың 

жалпы заңдылықтарын танып білуді қажет етеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  дене  тәрбиесінің  басты  міндеті  –  өмір  қорғау  және  денсаулық 

нығайту,  балалардың  ағзасын    шынықтыру  болып  табылады.  Балалардың  жақсы  денсаулығы  олардың 

барлық мүшелері мен ағза жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуімен анықталады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дене  тәрбиесінің  қазіргі  кездегі  мәселелерін  одан  әрі  дамыту 

қоғамдық өмір талаптарымен байланысты. 

Өмірдің  шапшаң  қарқыны,  ғылыми  –  техникалық  прогресс,  еңбектің  алуан  саласындағы  сан  түрлі 

шығармашылық  іс-әрекет  қабылдау,  еске  сақтау,  ойлау  процестерінің  белсенділігін,  дәл  және  тез 

бағдарлауға және түсіп жатқан ақпарат  тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді. 

Осыған  байланысты  сәби  жастан  бастап  балалардың  дене  тәрбиесін  дұрыс  ұйымдастыру,  денсаулығын 

нығайту  және  жан-жақты  дамыту,  мектепке  және  алдағы  қоғамдық  өмірге  дер  кезінде  даярлаудыжүзеге  асыру 

маңызды болып табылады [3, 142 б.]. 

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуан іс-әрекетінің тәрбие-білім беру кешені 

болып  табылады.  Бұл  іс-әрекеттің  негізі  баланың  қимыл  белсенділігінен  құралады.  Бұл  формалардың 

жиынтығын  балалардың  толық  дәрежеде  денесін  дамыту  және  денсаулығын  нығайту  үшін  қажетті  белгілі 

бір қимыл режимін құрайды. 

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады: 

1)  дене тәрбиесі сабақтары; 



2) денелік-сауықтырушаралары  (ертеңгілік  гимнастика,  сергіту  сәті,  дене  жаттығуларымен 

ұштастырылған шынықтыру шаралары); 

3)   балалардың  дене  тәрбиесі  жөніндегі  күнделікті  жұмыс  (қимыл  –  қозғалыс  ойындары,  серуендер, 

жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлері 

мен  өз  беттерінш  еайналысу,  мейрамдар).  Бұл  формалардың  барлығы  бәрі  дене  тәрбиесінің  жалпы 

міндеттеріне  және  баланың  жан-жақты  дамуына  жауап  бере  отырып,  өзара  байланысты  болады:  олардың 

әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн тәртібіндегі міндеттің орнын 

анықтайды. 

Балабақшаның  түрлі  топтарындағы  дене  тәрбиесін  ұйымдастыру  формаларының  арақатынасы  балалардың 

жасын  және  жеке  басты  типологиялық  ерекшелігін  олардың  дене  дайындығы  дәрежесін,  сондай-ақ  белгілі   бір 

топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады. 

Мектепке  дейінгі  мекемедегі  сәби  жасындағы  топтың  балаларымен  жұмыс  істеудің  негізгі  формасы 

дене  жаттықтыруларымен  жеке  айналысу  болып  табылады  (қимыл-қозғалыс  ойындары,  гимнастика, 

массаж). 

Ертеңгілік гимнастика және дене тәрбиесі сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан 

бастап  барлық  топтарда  жүргізіледі.  Бірақ  әрбір  топта  олар  қозғалыс  материалы    мен  сабақ  өткізу 

әдістемесін іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады. 

Балабақшаның  ересектер  тобында  маңызы  басым  сергіту  сәттері  жақсы  тынығу  және  балалардың 

жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі. 

Шынықтыратын  іс-шаралар  барлық  топтарда  пайдаланылады.  Алайда  бөлме  ішіндегі,  даладағы 

қимыл  –  қозғалыс  кезіндегі  бірте–бірте  температурасы  төмендейтін  таза  ауа  ваннасы  көбінесе  ересектер 

тобында қолданылады. 

Балаларды таза ауадағы  қимыл–қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті 

барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады. 

Дене тәрбиесі сабақтары – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. 

Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларына дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін 

тәрбиелеу болып табылады. 

Сабақтың  маңыздылығы  өзара  байланысты  сауықтыру,  білім  беру,  тәрбиелеу  міндеттерін  жүйелі 

түрде жүзеге  асыруда болып  табылады.  Олардың орындалуы  баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының 

нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағымды 

қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты дамытуды  қамтамасыз етеді. 

Сауықтыру  міндеттерін  жүзеге  асыру  тиімді  гигиеналық  жағдайда  ағзадағы  бүкіл  физиологиялық 

процестердің  артуына,  оның  өмір  іс-әрекетін  күшейтуге  көмектесетін  сабақтарда  балалардың  жан-жақты 

қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі. 

Тәрбие-білім  беру  міндеті  сабақ  үдерісінде  баланың  жеке  басының  моральдық  ерік-жігер  белгілерін 

қалыптастыру, дене тәрбиесі мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс 

қимыл-қозғалыс  дағдыларын  және  дене  қасиетін  тәрбиелеу  жолымен  шешіледі.  Мұның  бәрі  баланың 

танымын,  ерік  және  эмоционалдық  күшін,  оның  ақыл-ой  қабілетін,  адамгершілік  қасиеті  мен 

шығармашылық  белсенділігін  кешенді  дамытуға  бағытталған.  Сабақ  қоршаған  ортаға  жақсы  бейімделгіш, 

алға  қойылған  тапсырмаға  сай  нысаналы,  тез  әрі  сенімді  түрде  әрекет  ете  алатын  тәртіпті  адамдарды 

тәрбиелеуге көмектесуі тиіс. 

Ертеңгілік  гимнастика–  баланың  отбасындағы,  балабақшадағы  күн  тәртібінің  міндетті  бөлігі.  Оны 

ересек  адамның  басшылығымен  жүйелі  түрде  жүргізу  балалардың  бойында  жанға  жағымды  бұлшық  ет 

сезімдерімен,  жағымды  эмоциялармен  байланысты  шат  көңіл  туғызатын  дене  жаттығуларын  жасауға 

үйреншікті әдетті қалыптастырады. 

Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол ағзаның тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін 

жүйке жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Ертеңгілік гимнастика тұлғаны 

дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға 

көмектеседі. 

Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой 

қызметін  арттыруға  көмектеседі,  эмоция  мен  қуанышты  сезім  туғызады.  Балалардың  дене  жаттығуларын 

таза  ауада  немесе  фрамугалары,  терезелері  ашық  таза  бөлмеде  су  іс-шараларымен    ұштастыра  орындауы 

барынша жақсы сауықтыру тиімділігіне  жеткізеді [4, 154 б.]. 

Сергіту  сәті    (қысқа  мерзімді  дене  жатттығулары)  –  естиярлар,  ересектер  және  даярлық  топтарында 

сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ үдерісінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі. 

Сергіту  сәтінің  маңызы  шаршағанды  ұмыттыратын,  психиканың  эмоциялық-жағымды  жай-күйін 

қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты және дене қалпының өзгеруінде 

болып табылады.  

Сергіту сәті зейінді, бүкіл ағзаның әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.  

Дене жаттығуларымен ұштастырылған іс-шаралар неғұрлым тиімді болса, соғұрлым бұлшық еттердің 

ширақ жұмыс істеуі, жылжу, ретеу үдерісін  жетілдіруге және сол арқылы ағзаның қоршаған сырттқы ортаға 

бейімделуіне көмектеседі.  



Шынықтыру үдерісінде ағзаның терең өзгеруі іске асады. Ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи 

әрі  қарапайым  жүзеге  асады.  Балалар  үшін  қызықты  дене  жаттығуларымен  және  ойындармен 

ұштастырылған  шынықтыру  шаралары  эмоциялық  өрлеуді  туғызады,  жоғары  жүйке  орталықтарының 

қызметін  жақсартады,  ішкі  мүшелердің  жұмысы  мен  зат  алмасуды  реттейтін  вегетативтік  жүйке  жүйесіне 

жақсы ықпал жасайды. 

Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және 

күні бойғы оның психикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді. Балалардың дене тәрбиесі 

бағдарламасының  сауықтыру  және  тәрбиелі  білім  беру  міндеттері  әр  түрлі  формада  жүзеге  асырылады: 

қимыл-қозғалыс  ойындары,  серуендеу,  жекелеген  балалармен  және  шағын  топтармен  жеке  жұмыс  істеу, 

дене  тәрбиесі  жаттығуларының  және  дене  тәрбиесі    мерекесінің  сан  алуан  түрлерімен  балалардың  өз 

беттерінше айналысуы. 

Қимыл-қозғалыс  ойындарын  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  қимыл  әрекеті  ретінде 

тәрбиеші әрбір жастағы топтардың күн кестесіне сәйкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды. 

Қимыл-қозғалыс  ойындары  балалардың  жан-жақты  дамуына  жағдайды,  ағзаны  сауықтыруға 

көмектеседі,  балалардың  өмірін  жаңа  мазмұнмен  байытады,  олардың  сезімін,  мінез-құлқын,  қоршаған 

ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру. 

Балалар  мекемелерінен  тысқары  жерге  жаяу  серуендеу  және  экскурсия  жасау  балалар  туризмінің  ең 

қарапайым  түрі  болып  табылады.  Олар  балалардың  денсаулығын  күшейтуге,  дене  күшін  дамытуға  эстетикалық 

қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі. 

Баланың бақытты болуы үшін, денінің сау болуы үшін үлкен қамқорлық жасауымыз керек. Дені сау 

баланың ақыл-ойы айқын, өз-өзіне сенімді, жан-жағына қуанышпен шаттана қарайтындай болуы шарт. Бала 

денсаулығының  мықты  болып,  қозғалыс,  дене  құрылысының  дұрыс  жетілуі  мектепке  дейінгі  кезеңде 

қалыптасады. Сондықтан, бала ағзасының қызметін жетілдіру, қабілетін арттыру ең басты міндетіміз. Дене 

тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және  эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге 

асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады. 

Балабақшаға  таңертеңгі  келген  уақыттан  бастап  күн  тәртібі  бойынша  сауықтыру  шараларын  (таңғы 

жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық 

мерекелер, ойын–сауықтар) өткізген дұрыс. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті балаларды қимылға үйретудің 

негізгі  қалыбы  болып  табылады.  Ол  әрбір  жас  топтарында  аптасына  2  рет  өткізіледі.  Дене  шынықтыруды 

өткізген кезде балалардың құлап жарақат алмауын көп қадағалауымыз керек [5, 151 б.]. 

Топта  тәрбиеші  жай  қимылдайтын,  әлжуаз  балалармен  үнемі  жеке  жұмыстар  жүргізіп  отырады. 

Балаларды сәби кезінен бастап қабылдап, үнемі сол балалармен жұмыс жасайтын болсақ, барлық баланың 

даму  ерекшелігін,  мінез-құлықтарының  барлығын,  не  нәрсеге  бейімділігін  өте  жақсы  білуімізге  болады. 

Дене  шынықтыру  кезінде  бала  дұрыс  қозғалыста  болуы  үшін  жыл  мезгілдеріне  сай  киіндіруге,  демалыс 

күндерінде  де  үйде  жаттығулар  жасауды  әдетке  айналдыруды,  ашық  есік  күні,  мерекелік  ертеңгіліктерге, 

түрлі  спорттық  ойындарға  ата-аналардың  белсене  қатысып,  қызығушылық  танытуын  ынтымақтаса 

жүргізген  жұмыстарымыздың  нәтижесі.  Топтарда  «Әкем,  шешем,  мен»  спорттық  сайыс  өткізіліп,  ата-

аналармен бірге ойындар ойнап, жаттығулар жасаса, балалардың бір жасап қалары анық. Мектепке дейінгі 

мекеме ауласы, бөлме тазалығы безендірілуі, балаларға ыңғайлылығы, әдемілігі, эстетикалық талғамдылығы 

жоғары  болуы  шарт.  Неғұрлым  ерте  жатып,  уақытымен  таңертеңгілік  тамағын  ішіп,  серуенге  шығып 

ойнаған, жылы сөз, мақтау естіген, спортпен шұғылданған, шыныққан бала әрқашан да ауруға төтеп беретін

жігерлі,  ақылды  болып өседі. Бала  денсаулығы  жақсы, шыныққан, көңіл  –  күйінің жоғары, ынталы  болуы 

үлкендерге, яғни ата-ана, тәрбиешіге, қоршаған ортаға байланысты.  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  тәрбиелейтін  негізі  іс-әрекет  -  ойын.  Ойын  арқылы 

балалар  ұйымшылдыққа  үйренеді.  Қазақ  халқы  балалардың  дені  сау  болып  қалыптасуына  көп  көңіл  бөле 

білген.  Қай  халықтың  болмасын,  оның  ұлттық  ойындарының  белгілі  бір  мақсаты  мен  әлеуметтік-

психологиялық  тұрғыдан  ерекше  қасиеттері  болады.  Сондықтан  халық  арасында  қалыптасқан  ойындар 

туралы  ғылыми  тұрғыдан  ғалымдар  көп  ізденген.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дене  шынықтыруға 

баулу  әдістері  педагогикалық  сипаттағы  бағыт-бағдарлама  тұрғысынан  зерттеген  этнограф,  педагог-ғалым 

Әбубәкір  Диваев  өзінің  «Қазақ  балаларын  қалай  жұбатады»,  -  деген  мақаласында  қазақтың 

бауырмалдылығын  сипаттай  келіп,  «бала  бас  бармағын  көтеріп,  оған  пайғамбарымыз  не  дейді  деп,  көк 

аспанға  қарап,  құдай  тәңірінен  рұқсат  сұраған»  -  десе,  «Бес  саусақ»  ойынымен  саусақ  атауларын  алға 

тартады [6, 123 б.]. Саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелей  шынықтырудың 

үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығын сөз етеді. 

Қазақтың  белгілі  ғалым-ағартушылары  А.Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,   Ы.Алтынсарин  халық 

ойындарының  балаларға  білім  берудің  тәрбиелік  мәнін  жоғары  бағаласа,  М.Жұмабаев  ойындарды  халық 

мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі 

элементі деп тұжырымдаған.  Ұлтымызды ұлықтайтын тұрмыс-салтының өзі - дене тәрбиесіне негізделген. 

Бесікке  салудан  бастап,  баланы  шомылдыру,  маймен  сылау,  тұсау  кесу  рәсімі,  атқа  мінгізу,  ұлттық 

ойындарға  араластыру  -  баланы  жастайынан  шынықтыру,  моральдық-рухани  нығайту,  темірдей  тәртіпке 

үйрету, ерік-жігерді  дамытуға  тәрбиелейді.  Ата-бабамыздан қаймағы бұзылмай  жеткен ұлттық ойындарды 

дене  тәрбиесіне  енгізу  баланың  күш-жігерінің  дамуына  септігін  тигізеді.  Сондай-ақ  дене  құрылысы 

икемделеді, сымбатты, қырағы, алғыр, өмірдің барлық қиыншылығына төзімді азамат болып қалыптасады. 


«Денсаулық - зор байлық» - дейді дана халқымыз. Өзін іргелі ел санаған халық әдеп-ғұрпын, салт-санасын, 

дәстүрін  қадірлей  біліп,  жас  ұрпақтың  бойына  дарыту  қажет.  Ел  арасында  көп  тараған  ойын  түрлерін 

баланың  жас  ерекшелігіне  сай  саралап,  рухани  талап-тілектеріне  сәйкес  бағыттауымыз  керек.  Ең  басты 

міндет - ұлттық ойынның өзіндік құндылығын жоғалтпай, ойынды мазмұнды ұйымдастыруға жағдай жасау, 

тәрбиеге де, ой-санаға да лайықты етіп пайдалана білу. Ұлттық ойынның тәрбиелік мәні - бала өз халқының 

ұлттық  мәдениетімен  танысып,  заттардың  пішінін,  көлемін,  қасиеттерін  байқауға,  қоршаған  ортаға  еркін 

араласуына  көмектесетіндігінде.  Өмір  туралы  қарапайым  түсініктер  алады,  жылдамдық,  мергендік  сияқты 

қасиеттері артады. 

Баланың  күні  бойы  ойнауға  шамасы  бар.  Ойын  -  оның  шынайы  тіршілігі.  Көзіне  көрінген,  қолына 

түскен  нәрсенің  бәрімен  ойнайды.  Бірақ,  ойын  іс-әрекетінде  де  олардың  жыныстық  және  жастық 

ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы, үш жасар бала көбіне жалғыз ойнайды. Көппен бірге ойнауды ол әлі 

көтере алмайды, мазасыздана бастайды. 

Ұлттық ойындарды мектеп жасына дейінгі дене тәрбиесіне енгізуде үш бағытта ұстанғанымыз жөн: 

1. Ағартушылық - ұлттық тәрбиеге насихаттау, үйрету. 

2. Тәрбиелік - имандылыққа, әдептілікке баулу. 

3. Бақылау- дене тәрбиесінде ұлттық ойындардың қажеттілігіне әсер ету, қолдау көрсету. 

Балабақшада ұлттық ойындардың қолдану жүйелері: 

1. Таңертеңгілік-гигиеналық жаттығуда; 

2. Сергіту сәттерінде; 

3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде; 

4. Таза ауаға серуенге шыққанда. 

Ұлттық  ойындарды  табиғат  аясына  серуенге  шыққанда,  тәрбие  жұмысына  мүмкіншілікке  қарай 

ұйымдастырса, балалар сол ойындар арқылы жақсы тәрбиені, өмірге қажетті қимылдарды тез үйреніп, ақыл-

ой парасаты дамиды. 

Дене  тәрбиесі  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің   міндеті  -  қимылдың  белгілі  бір  кешенін  жасап 

үйрену болып табылады. Мақсаты - баланы өнегелікке, сымбаттылыққа, күштілікке, төзімділікке тәрбиелеу. 

Ойынды  тиімді  пайдалану   -  ұйымдастырылған  іс-әрекеттің  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін, 

баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне орай, қарапайым болуы керек. Ойынның 

ережеге сәйкес орындалуына - тәрбиешілердің ойынның мазмұнын дұрыс түсіндірмеуінен болады. Мұндай 

жағдайда  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды.  Ойын  барысында  көрнекілікті  алдын-ала 

дайындауы  тиіс.  Мысалы,  «Аңшы  мен  ит  және  қояндар»,  5-6  жастағылар  үшін   «Торғай  мен  мысық» 

ойындары  барысында  алғашқы  күннен  бастап  өзін-өзі  тежеуге  үйрету  керек.  Барлық  баланың  қабылдау 

қабілеті бірлей емес екендігі, яғни белсенділер мен әлжуаз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау оларды 

әр  түрлі  орынға  тарту  арқылы  шыңдау,  ұмтылдыру,  бірнеше  рет  бір  ойынды  ойнату  барысында  баланың 

физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігі артады. 

Ұлттық  ойыннан  ой-танымы  жаттығуларын,  тапқырлыққа,  ептілікке  машықтану  көріністерін 

байқаймыз.  Атап  айтқанда:  ұлттық  ойындардың  ішінде  ер  балалардың  денесін  шынықтырып,  икемділігін, 

сергектігін,  күш-қабілетін  толықтырып,  машықтандырытын  да,  ой  тапқырлығы  мен  шешендігін 

жетілдіретін,  ой  сергітетін,  білімін  байытып,  тапқырлығын  танытатын  түрлері  бар.  Ер  балаларға  арналған 

«Ат  жарыс»,  «Қап  киіп  жарысу»  баланың  күшін  дамытып,  жігерін,  денесін  ширатып,  бұлшық  еттерін 

нығайтып,  төзімділікке,  батылдыққа  баулиды.  Өз  бойындағы  күшін,  әдіс-айласын  түгел  пайдаланатын 

«Қазақ  күресін»  алайық.  Күрестің  «Білектесу»,  «Аударыспақ»  сынды  көптеген  түрлері  бар.  Ойын 

барысында  бала   мінез-құлық  ережелері  мен  нормаларын,  өмірге  көзқарасын,  өзара  қарым-қатынасын 

шығармашылықпен игереді. 

Қазақтың  ұлттық  ойындарының  өзіндік  ерекшелігі  қыз  балаларға  арналған  ойындардың  болуы.  Қыз 

баланың биязы болуы, дене икемділігі мен нәзіктігіне  тәрбиелейтін ойындарды жас ерекшеліктеріне қарай 

пайдаланған.  Қыздардың  «Қуыршақ»  ойынында  қуыршаққа  киім  дайындау,  отбасындағы  ата-ана  рөлдерін 

сомдау, кейіптендіру олардың психологиясына саналылық өзгерістер тудырады. Мазмұнды ойындар арқылы 

өз  әрекетін  өзгелермен  үйлестіруге,  түсінуге  талпынса,  өзінің  ақыл-есін  түгел  сол  ойынның  мақсатына 

жетуге жұмсайды, шындыққа сенеді, тапқырлық пен табандылыққа ұмтылады. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекет  барысында  «Сиқырлы  қоржын»,  «Көкпар»,  «Асық»  сияқты  ұлттық 

ойындарды  жаңа  материалдарды  бекіту  немесе  қайталау  кезінде  қолдануға  болады.  Тәрбиеші 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетті  ұлттық  ойынмен  сабақтастырып  түсіндірсе,  баланың  пән  тақырыптарын 

тез, жылдам меңгеруіне ықпал етеді. Мысалы: «Даусынан таны» ұлттық ойыны барысында балалар шеңбер 

болып  отырады.  Санамақ  санау  арқылы  бір  бала  жүргізуші  болып,  көзін  орамалмен  байлайды.  Ортаға 

шыққан жүргізуші атын атаған баланың даусынан тануы тиіс. Таба алмаса, айыбына тақпақ немесе ән айтуы 

керек.  «Шалма  тастау»  ойынына  қатысушылар  алаңға  топталады.  Мәре  сызылып,  он  метр  жерге  қазық 

немесе үшкір ағаш  қағылады. Ұзындығы сол жерге жететін арқанның бір ұшы ілмекпен, шалма тастайды. 

Қыз  балаларға  арналған  «Үй  тұсынан  ақ  қоянды  ояту»  ұлттық  ойынында  бір  ырғақта  әрекет  жасап,  ән 

айтуға,  тіл  байлығын  молайтуға,  моральдық,  эстетикалық  тәрбие  беруге  тигізер  септігі  мол.   Ойынды  

қызықты  өткізу  үшін  –  ойынның  шартын  бұзбау,  достарын  ренжітпеу,  жеңілсе  ашуланбау,  бастаушының 

айтқандарын орындау керек. 



Пайдаланылған  ойындарды  қорытындылағанда  баланың  өздеріне  талдау  жасату  қажет.  Балалардың  не 

себептен немесе қандай мүмкіндікпен жеңіске жеткендіктерінде көздерін жеткізу арқылы балалар ойын ережесін 

жете түсінетін болады. 

 

Әдебиеттер: 

1.

 

Қалиев С., Аюбай Қ. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. – Алматы, 1996. – 281 б. 

2.

 

Ильин Е.П. Психология физического воспитания. – М., 1991. – 312 с. 

3.

 

Джамгарова Т.Т. Психология физического воспитания и спорта. – М., 1989. – 243 с. 

4.

 

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 9 том.  – Алматы, 2007. – 452 б. 

5.

 

Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 2003.  – 387 

б. 

6.

 

Сағындықов Е.Н. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. – Алматы, 1992. – 283 б. 

 

Ерниязов О.Н., Шандозтегі А.Т. 

Организация физического воспитания и роль национальных игр в дошкольных учреждениях  

 

В  статье  описана  роль  физического  воспитания  в  развитии  и  формировании  личности  детей 

дошкольного  возраста.  Также  дается  информация  об  особенностях  и  формах  проведения  занятия  по 

физическому воспитанию и казахских национальных игр в дошкольных учреждениях. 

Ключевые  слова:  Дети  дошкольного  возраста,  физическое  воспитание,  формы  организации 

физического  воспитания,  теория  физического  воспитания,  утренняя  гимнастика,  физкультминута, 

двигательные игры, детский сад, национальные игры, режим дня. 

 

Erniazov O.N., Shandoztegi A.Т. 

Organization of physical education and the role of national games in preschool 

 

The  article  describes  the  role  of  physical  education  in  the  development  and  formation  of  personality 

preschool children. Also it provides information about the features and forms of the physical education  classes and 

Kazakh national games in preschool. 

Keywords:  preschool  children,  physical  education,  forms  of  organization  of  physical  education,  physical 

education theory, morning gymnastics, fizkultminuta, motor games, kindergarten, national games, the day mode. 

 

*** 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

МАЗМҰНЫ 



 СОДЕРЖАНИЕ 

CONTENTS 



 

ПЕДАГОГИКА -ПЕДАГОГИКА-PEDAGOGICS 

 

Имангалиев А.С., Морозова Л.В.  

ТЕХНОЛОГИЯ ПРОБЛЕМНО-ДИАЛОГИЧЕСКОГО ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА КАК 

СРЕДСТВО  ФОРМИРОВАНИЯ  ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ  АКТИВНОСТИ  И  ЛИЧНОСТНОГО  РАЗВИТИЯ 

УЧЕНИКОВ………………………..3 



Торыбаева Ж. З., Тойбекова Б.А., Нуридинова Г.А.  

ОҚУШЫНЫҢ  ПOЛИЛИНГВAЛДЫ  ТҰЛҒAСЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  КОММУНИКАТИВТІК 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ..................10 

Курманалина Ш.Х., Сахипова Г.К 

ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ  КАЧЕСТВА  ПОДГОТОВКИ БУДУЩИХ УЧИТЕЛЕЙ........18 



Потапчук Т.  

ВНЕДРЕНИЕ  ПРИНЦИПОВ  ГУМАНИСТИЧЕСКОГО  ОБРАЗОВАНИЯ  В  УЧЕБНЫЙ  ПРОЦЕСС 

ВЫСШЕЙ ШКОЛЫ…………………………………………....24 

Сардарова Ж.И., Кафизова М.Т. 

 ОСОБЕННОСТИ  ОРГАНИЗАЦИИ  ОСНОВНЫХ  ЭТАПОВ  РАБОТЫ  НАД  ПРОЕКТОМ  В  НАЧАЛЬНЫХ 

КЛАССАХ……………………………………………..31 



Бекишев К., Каламбаева З.С., Мадьярова А.А.  

ГИЛЛЕСПИ  ТЕОРИЯСЫ  БОЙЫНША  МОЛЕКУЛАЛАРДЫҢ  КЕҢІСТІКТЕГІ  ҚҰРЫЛЫМДАРЫН 

БОЛЖАУ.........................................................................................39 

Ержанов М.Е., Нурымбетова Ж.И.  

ЦЕННОСТНЫЕ 

ОРИЕНТАЦИИ 

СТАРШЕКЛАССНИКОВ 

В 

СОВРЕМЕННОМ 



ОБЩЕСТВЕ.........................................................................................................................46 

Сейсенбеков Е.К.Сарсекеев Ғ.М., Дауленбаев М.Т.,Айтбаев Д.О.  

БІЛІМ  БЕРУ  МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ  ДЕНЕ  ДАЯРЛЫҒЫ  ҮДЕРІСІНДЕ  РУХАНИ-ПАТРИОТТЫҚ  ТӘРБИЕ 

БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ………………………..........................54 

Нургалиева С.А. 

 

 ЭКСПЕРИМЕНТАЛЬНАЯ  ПРОВЕРКА  МЕТОДИКИ  ФОРМИРОВАНИЯ  И  РАЗВИТИЯ  ТВОРЧЕСКОГО 

МЫШЛЕНИЯ 

СТУДЕНТОВ 

В 

ПРОЦЕССЕ 



ОБУЧЕНИЯ 

РУССКОМУ 

ЯЗЫКУ……………………………………………………...61 

Амельченко В.И.,Касимов Е.К.  

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ 

В 

ПРЕПОДАВАНИИ 



ДИСЦИПЛИНЫ 

«ГЕОГРАФИЯ 

КАЗАХСТАНА» 

КРАЕВЕДЧЕСКОГО ПРИНЦИПА ДЛЯ ИЗУЧЕНИЯ ВЛИЯНИЯ АГРОЭКОЛОГИЧЕСКИХ УСЛОВИЙ НА 

РАЗВИТИЕ СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ.68 

Сырым Ж.С.,Абдығалиев Ә.А.  

АҚПАРАТТЫҚ 

МӘДЕНИЕТТІ 

ДАМЫТУДАҒЫ 

ПЕДАГОГТЫҢ 

АҚПАРАТТЫҚ 

ҚҰЗЫРЛЫҒЫ......................................................................................................................76 

Анарбаев А.К.  

ДИНАМИКА  И  СТРУКТУРА  ДВИГАТЕЛЬНОЙ  ПОДГОТОВЛЕННОСТИ  КВАЛИФИЦИРОВАННЫХ 

БОРЦОВ…………………………………….…………….82 

Испулова Р.Н., Ерназаров Т.П.  

ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІ  БОЙЫНША  СЫНЫПТАН  ТЫС  ЖҰМЫСТАРДЫ  ОҚЫТУДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ............................................................89 

Бимагамбетова Г.А.Даржигитова А.К.  

БИОЛОГИЯДАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.............95 



 

Медешова А.Б., Иксебаева Ж.С., Тлеккабылова Д. Ж.  

ПРОЕКТНОЕ  ОБУЧЕНИЕ  КАК  ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ТЕХНОЛОГИЯ  В  ФОРМИРОВАНИИ 

ЛИЧНОСТНЫХ 

РЕЗУЛЬТАТОВ 

В 

ПРОЦЕССЕ 



ОБУЧЕНИЯ 

СТУДЕНТОВ 

ВУЗА……………………………………………………………………102 

Кисметова Г.Н., Тургалиева Э.М.  

ШЕТ 


ТІЛІН 

ОҚЫТУДА 


СТУДЕНТТЕРДІҢ 

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ..........................................................................109 



Нұрғалиев К.А., Нурмуканбетова В.Е.  

I-ІV СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «ОЙША ӘРЕКЕТ ЕТУ» ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ......115 



Сырым Ж.С.Құмарова А.Н.  

МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ.......121 



Кульжумиева А.А., Даупаев Н.М. 

 

ЭФФЕКТИВНОСТЬ 

ПРИМЕНЕНИЯ 

ИНФОРМАЦИОННЫХ 

ТЕХНОЛОГИЙ 

НА 


УРОКАХ 

МАТЕМАТИКИ……………………………………………………………...128 



Zhantureeva A.A., Karasheva Zh.B.  

INFLUENCE OF PATERNAL FAMILY ON THE FAMILY SYSTEM OF YOUNG FAMILY…....134 



Нурушева Т.И., Кадыргалиева С.И., Кадыргалиева Е.М.  

К  ВОПРОСУ  О  ПРОБЛЕМНЫХ  МЕТОДАХ  ОБУЧЕНИЯ  ИНОСТРАННЫМ  ЯЗЫКАМ  НА  СТАРШИХ 

КУРСАХ ОБУЧЕНИЯ В ВУЗЕ..........................................143 

Шунайбекова К.М.  

СПЕЦИФИЧЕСКИЕ 

ОСОБЕННОСТИ 

И 

ЯВЛЕНИЯ 



ПРИ 

ИЗУЧЕНИИ 

ГРАММАТИКИ 

НЕМЕЦКОГО 

ЯЗЫКА……………………………………………....151 

Доскалиева Р.Б.Хаируллина А.К.  

СЫНИ  ТҰРҒЫДАН  ОЙЛАУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ  АРҚЫЛЫ  СТУДЕНТТІҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ.....................................................................................................157 

Өмірзақова Л.Қ. 

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІНДЕ  ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДА МУЗЫКАНЫҢ РӨЛІ..164 



Байтлесова Н.К.  

ТЕНДЕНЦИИ 

ПОТРЕБНОСТИ 

ЖЕНЩИН 


СРЕДНЕГО 

ВОЗРАСТА 

К 

ФИЗКУЛЬТУРНЫМ 



ЗАНЯТИЯМ…………....................................................………..170 

Мухамбетова Ғ.Г.  

ГРАФИКАНЫ  БАҒДАРЛАМАЛАУ  АРҚЫЛЫ  СТУДЕНТТЕРДІҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТІН 

ДАМЫТУ..............................................................177 

Коптлеуова К. С.  

ОСНОВНЫЕ  КАТЕГОРИИ  ЭСТЕТИЧЕСКОГО  ВОСПИТАНИЯ  В  СТАНОВЛЕНИИ  ДУХОВНО 

НРАВСТВЕННОЙ ЛИЧНОСТИ СТУДЕНТА…………………………..183 

Жардемова А.Б.  

МУЗЫКА  САБАҒЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТТЕРІН  ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ..................190 

Ерниязов О.Н., Шандозтегі А.Т.  

МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ  МЕКЕМЕЛЕРДЕ  ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ  ҰЛТТЫҚ 

ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ..............................................................196 

Курмашева Д.Н.  

ФОРМИРОВАНИЕ  НАВЫКОВ  САМОСТОЯТЕЛЬНОГО  МЫШЛЕНИЯ  У  СТУДЕНТОВ  ВЫСШИХ 

УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ…………………………………203 

ФИЛОЛОГИЯ-ФИЛОЛОГИЯ-PHILOLOGY 

Ержанова С.Б., Алиева Ж.А.  

НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІЛІК САРЫНДАР....................209 



Utegenova K., Yerbolat A. 

THE  CONCEPT  ‘HAPPINESS’  IN  THE  FEMALE  WORLDVIEW  REPRESENTED  IN  THE  STORY 

“SHOLPAN’S SIN” BY M. ZHUMABAYEV…………………………..216 

 

Жумагулова В.И., Маткерим Д.А.  

РАЗГРАНИЧЕНИЕ И ТРАКТОВКА ДЕФИНИЦИЙ КИНОТЕКСТ И КИНОДИСКУРС......222 



Зайкенова Р. З., Балтабаева Н. С.  

ТАРИХИ РОМАН ТАҒЛЫМЫ.......................................................................................231 



Қадыров Ж.Т.,  Жәмбек С.Н., Қошанова Ж.Т.  

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ............................239 



Абуханова А.Г., Кожахметова Р.Б.  

ВЕРБАЛИЗАЦИЯ КОНЦЕПТА "АТ" В КАЗАХСКИХ ПОЭТИЧЕСКИХ ТЕКСТАХ……...246 



Иманбердиева С.Қ., Ыбырайым Ә.О.  

«ЖАРАТУШЫ»  КОНЦЕПТІСІНІҢ  ЛИНГВОКОНЦЕПТОЛОГИЯЛЫҚ  КӨРІНІСІ  (ҚАЗАҚ  ЖӘНЕ  ТҮРІК 

ПАРЕМИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)...................................................252 

Әбдіқалық К.С., Орынханова Г.А. 

СҰЛТАНМАХМҰТ  ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ  АЗАТТЫҚ ИДЕЯ........................................260 



Кәріпжанова Г.Т., Қадыров Ж.Т., Абикенов М.Т.  

МӘШҺҮР 


ЖҮСІП 

ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 

ҰЛТТЫҚ 

ДҮНИЕТАНЫМ 



КОНЦЕПТІЛІК 

ЖҮЙЕСІ.................................................................................................267 



 

ТАРИХ- ИСТОРИЯ-HISTORY 

Рысбеков Т.З.Кенесова А.С.  

ГЕНЕРАЛ Ғ.ЖӘҢГІРОВТІҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТІ.....................................................275 



Бақторазов С.У.  

ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ОҢТҮСТІГІНДЕ  ПАРТИЯ  ЖӘНЕ  КЕҢЕС  НОМЕНКЛАТУРАСЫН  РЕПРЕССИЯЛАУ 

НАУҚАНЫНДАҒЫ  ЖЕКЕ  ТАҒДЫРЛАР  ҚАСІРЕТІ  (ӨҢІРДЕ  РЕПРЕССИЯҒА  ҰШАРАҒАН 

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ХАҚЫНДА)................................................................281 



Шайхиев Т.Т.  

ОТАНДЫҚ  САЯСИ  АҚЫЛ  –  ОЙ  ДАМУЫ  ТАРИХЫНДАҒЫ  «МӘҢГІЛІК  ЕЛ»  ИДЕЯСЫНЫҢ 

ЗЕРДЕЛЕНУІ.........................................................................................288 

Есеева Г.Н.  

ПРИГРАНИЧНОЕ  СОТРУДНИЧЕСТВО  КАЗАХСТАНА  И  РОССИИ  В  ОБЛАСТИ  КУЛЬТУРЫ 

……………………………………………………………………………..294 

Гайсина М. Б.  

БИЛЕР СОТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ..................................................................................303 



 

ҒЫЛЫМИ ӨМІР - НАУЧНАЯ ЖИЗНЬ - ACADEMIC  LIFE................................311 

БІЗДІҢ МЕРЕЙТОЙ - НАШИ ЮБИЛЯРЫ – OUR  JUBILEES............................314 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет