Информатика пәнінің мұғалімі:
Бекенова Зульфия Төлебайқызы
Мінеки, мектебіміз тағы да бір жасқа өсті.Біз мектептің
туған күнінде мектепке арнап іс-шаралар өткіземіз.Ол іс
шарада көптеген балалар мектепке арнаған арнаулары мен
әндерін айтады.Мектептің туған күні маған да бір қуаныш
әкеледі.Себебі мектеппен бірге бізде өсіп келеміз.Мектеп
бізді әрқашан оқуға шақырып тұрады.Біз мектептің
арқасында жазуды оқуды үйрендік.Мен
мектебімді құттықтай отырып,өз
шумақтарымды арнайын.
«Құтты болсын, мектебім, туған
күнің»
Мектебім-менің білімнің кәусар
бұлағы,
Білім ап сенен жас ұрпақ өсіп шығады.
Санжаққа самғап кетсе де алыс түлегің,
өзіңді аңсап сағынып әркез тұрады.,
5 «Г» сынып оқушысы Серік Айым
Сүйікті мектебіме –
77
жыл!
Мектеп – білім ошағы, оқушылардың ұстаздарынан
білім алуға, достарды бір-бірімен табыстыратын орын десе
де болады. «Мектеп-кеме, білім-теңіз» деген сөздерді
өмірде жиі айтамыз. Себебі: мектепті мен теңізге
ұқсатсам, білім сол теңізде белгілі бір бағыт алған өмірдегі
біздің тұмарымыз сияқты.
Осы бір алыстан мен мұндалап тұратын, қаламыздың
нақ төрінде орналасқан, қызыл кірпішпен қаланған
мектепке келгеніме төрт-бес ай болса да, дәл қазір қолыма
қалам алуыма үлкен себепкер болғанын айта аламын.
Мектебіме деген сезімімді, ойларымды ортаға салып
көрейін деп, «жұмысқа» кірісіп кеттім.
Мектеп-бұл қай кезде де болмасын, бұл –білім беру
ордасы. Дәл қазіргі кезеңде менің сыныптастарым,
құрдастарым бақытты деп ойлаймын. Себебі, әдеби
шығармаларды оқи отырып, осыдан 50-100 жыл бұрынғы
мектептердің жағдайы мен қазіргі мектептің жағдайын
салыстыра отырып, қазіргі кезде бейбіт өмір сүре отырып,
М е к т е п м а қ т а н ы ш ы
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
А й н а с ы
6
Білім
Туған күннің иесі ғой мектебім,
Мен өзіңнің қабырғаңда көктедім.
77 жыл толып қалыпты бүгінде,
Құттықтайды сені досшыл түлегің...
-деп, мен өзімнің мектепке деген махаббатымды өлең
шумақтарымен бастағаным жөн көрдім. Біз негізінен,
мектептен нәр алып, соның арқасында болашақта өз
орнымызды табатын келешек биік тұлғалармыз. Иә,
бәлкім біз өз мектебімізді жәй ғана қала ортасында тұрған
ғимарат санармыз, бірақ ол шын мәнісіне келсек, Сыр
елінің орталығында тұрған биік шың, белес секілді. Ал
ондағы әрбір бүлдіршін, әрбір түлек оның баурайында
өсіп келе жатқан, шыңға жетуге мақсат қоя білген жеке
тұлға десек те болады.Осы биік белесіміз болған
мектебімізге 77 жыл. Ол осы жылдар ішінде қаншама
жетістіктерге жетті десеңізші.
Алғаш мектепке келген күнді еске алайықшы... Бір де
бір әріп, сан білмейтін, мектептің не екенін түсінбейтін
ойын балалары едік біз. Алайда мектепке келген күннен
бастап біздің үйренгеніміз қаншама! Арада көзді ашып-
жұмғанша 9 жыл өтті. Мектепті екінші үйіміз ретінде
қабылдадық. Өмірімізде тірек санайтын, пір тұтатын
адамдарды да осы мектеп қабырғаларынан табамыз.
Мектебіміз де жылдан-жылға алға қарай дамып келеді.
Қандай іс-шаралар болмасын, біз оларды жоғары деңгейде
атап өтеміз, білім ордамыз әрқашан алдыңғы қатардан
көрінеді: спортта да, би мен әнде де.
2012-2013 жылынан бастап №3мектеп-лицейі Н.Ә
Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасына айналды.
Мұнда жоғары деңгейлі мұғалімдер білім береді. Осыдан-
ақ мектебіміздің спорт, өнерді ғана емес, біліммен де көш
бастап келе жатқанының дәлелін көреміз. Мектепте
шахмат, корей тілі, би, журналистика, тілдік деңгейімізді
дамытатын дебат үйірмесі бар.
Кез- келген жанды құшақ жая қарсы алатын, оқушының
қуанышқа, қайғыға, бақыт пен бақытсыздыққа толы
болған сәттерін сезіне білген мектебіміз жыл сайын 1500-
ден аса өз мақсаттарына жетуге ұмтылған түлектерге қанат
Менің есімім- Мұса Әсем. Мен осы мектепте 8 жылдан
бері оқып келемін. 6 жасымнан алғаш мектеп
табалдырығын аттаған сәттен қазіргі
дамыған кезеңдеріне дейін көру ғажап
сезім екен!
Мектебіміздің 77 жылдық тарихы
бар. Алғаш іргетасы 1939 жылы
қаланған бұл мектептің, барлық
сынып бөлмелері түгелге жуық жаңа
қондырғылармен қамтылған.
Мектепте 58 сынып кешені бар, 1712
оқушы білім алуда. Сонымен қатар,
мұнда жоғары санаттағы мұғалімдер
қызмет етеді. 2012 жылдан бастап
Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-
тәжірбиесін
тарататын
Республикалық 35 базалық мектептердің бірі болды. Тағы
айта кетер бір жайт – мектебіміз жыл сайын «Үздік 100
мектеп» қатарынан көрінеді. Және қазіргі таңда одан әрі
дамып келеді. Жақында болған үлкен ауқымды пәндік
олимпиадада жеңімпаз болған оқушылардың көп бөлігі
біздің мектептен болды деп толық айта аламын.Мен де
осы олимпиадада бағымды сынап көрдім. Нәтижесінде
ағылшын пәні бойынша 8-сыныптар бойынша қалалық
пәндік олимпиадада 1 орын алдым.
Мектебіміздің 77 жылдық мерейтойы – біз үшін
ерекше мереке. Мен барлық ұстаздарға алғыс білдіре
отырып, осы өлең шумақтарын мектебіме арнаймын :
Мектебіме
Қайырлы күн, оқушылар, ұстаздарым,
ең барлық жағдайы жасалған, барлық ақпараттық көздері
іске қосылған мектепте білім алып жатырмыз.
Қазіргі таңда алыс ауыл мен аудандарда жыл санап жаңа
мектептер салынуда. Еліміздің барлық жеріндегі
оқушыларға барлық жағдай жасалып жатыр. Ал,
оқушылардың міндеті – сабақты сабақты жақсы оқып,
елімізге пайдасын тигізетін маман иесі болу деп
ойлаймын.
№ 3 мектеп-лицейіне кірген бойда менің ата- анам
мектеп таңдауда қателеспегеніне көзім жетеді. Осы соңғы
4-5 ай ішінде менің оқу үлгерімім де, тәртібімнің де
өзгере бастағанын байқадым. Әсіресе, тарих пәнінен
беретін Әленова Сандуғаш апайдың әрбір қызықты
өткізген сабақтары мені еріксіз тарих қойнауына елітіп
алып кетеді. Сандуғаш апайдың әр сабағында мен өзімді
сан қырынан ашылып жатқанымды байқаймын. Мәтінді
тез игеріп, тіпті достарыммен де бірге талқылай алтын
дәрежеге жеттім. Мұндай сабақтарды өзге де
мұғалімдерден де көре аламын. Ендеше сапалы білім
беріп отырған осы бір мектептің басқа мектептерден озық
келе жатқан білім ошағының тарихы тереңде, іргетасы
бұрыннан қаланғанын сеземін.
Мектепте ақпан айының 4 жұлдызы, мектебіміздің
туған күні болып белгіленген. Мектептегі бұл қуанышқа
барлық оқушылар мен ұстаздар жыл сайын туған күнді
атап өтеді. Мектептің туған күніне еңбек демалысына
шыққан ұстаздар, бітіріп кеткен оқушыларда
шақырылады. Бұл күні барлық лебіздер мен әндер осы
алтын ұя мектебімізге арналады. Адам жыл сайынғы туған
күнін қалай асыға күтсе, алтын ұя мектебімде бұл күні
құлпыра түседі деп ойлаймын. Жыл сайын мектептің
туған күнін атап өту, балаларды да, ұстаздарды мектепке
деген сезімін одан сайын арттыратыны сөзсіз. Ендеше,
мектебіміздің туған күні құтты болсын, жақсы
мектептердің қатарынан көріне берсін дегім келеді.
7 «В» сынып оқушысы Ерденбек Еркебұлан
Құтты болсын бүгінгі мерей тойың !
Он екі айда бір келер бұл бақытта,
Өзіңе сый сыйлаймын жырдан бүгін.
Алтын ұя мектебім, білім ордам,
Әр балаға үйіндей пана болған
Баршаға тәрбие мен білім беріп,
Бар балаңды өсірдің өз қолыңнан.
Өзіңе борышы көп шәкірттерің,
Тілейді шын жүректен тілек бүгін
Аппақ қардай, ақ ниетті тілектер
Әр адамның тебірентер жүректерін.
Әрқашан да сен деп соғар жүрегім,
Алатаудай даңқыңа дақ түспеуін тіледім,
Биігіне өрле шынар бақыттың,
Осы менің айтар саған тілегім.
Ұстаздардың үміті жетелейді,
Мектеп-кеме, білімді- теңіз дейді
Жолды нұсқап, дұрыс жолға бастаса,
Оларды кім қастерлемей, елемейді.
Алғыс айтам құрметті ұстаздарға,
Сыйлаған білім нәрін баршамызға
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Бас иемін сіздердің алдыңызда.
Бүгінгі күні құшақтарың гүлге толсын,
Мектептің түлектері аман болсын,
Білімменен сусындаған, шәкірттер
Жетпіс жеті мерейтойың құтты болсын!
8 «б» сынып оқушысы: Мұса Әсем
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
7
А й н а с ы
Білім
Мектебімнің тойы бүгін мүшелі,
Құттықтауға асықтық біз кешелі
Жетпіс жеті жас туған күнің құтты боп,
Жасай берсін, көкке самға еселі.
Мектеп..... Бұл сөздің астарында қандай терең
мағыналар жатыр десеңші. Өзеннің де бастау алатын
арнасы бар емес пе? Сол секілді мен үшін бұл кереметтей
сөз үлкен мағынаға ие. Мектеп – білім айдынындағы
үлкен кеме, оқу ошағы, біздің екінші үйіміз.
Мен № 3 мектеп – лицейінің 7 «В» сыныбында оқимын.
1939 жылы Қызылорда қаласында «Ворошилов» атындағы
мектеп құрылыпты. Міне, көзді ашып-жұмғанша, содан
бері 77 жыл да өтіпті. Яғни, бүгін – мектебімнің 77 жасқа
толған мерейлі мерейтойы. Мектебім осы жасқа
жеткеніне әр биік асқан белестеріне көптеген ерен ерлік
көрсеткен ұстаздардың еңбегі зор. Соның ішінде осы
таңда мектебімнің басшысы – Меруерт Наушақызына
алғыс білдіре кетуді жөн көрдім.
Мектебім, төл мерейтойың құтты болсын! Әрқашан да
өзіңде білім нәрімен сусындап жатқан оқушыларың және
өзің үшін тер төгіп жатқан ұстаздарың биіктерден көрініп,
сенің атыңды жалау етіп көтере бергей!
7 «В» сынып оқушысы Болатбекова Гүлзина
Адам бұл өмірге келгенде алдындамақсат қояды. Ол -
білім алар оқу ордасын таңдаудан басталады деп
ойлаймын.Ең бастысы, оқитын мектебін дұрыс таңдау.
Себебі, мектепте алған білімі – өзінің болашақ азығы.Ал
мен бұл өмірде өзімнің сүйікті мектебімді тапқанмын.
Ол-Қызылорда қаласындағы №3 мектеп-лицейі. Сүйікті
мектебіме 1939 жылы Ворошилов аты беріліп,
пайдалануға берілген. Міне, содан бері 77 жыл өтіпті.
Бүгінгі күнде лицей өзінің 77 жылдық мерейтойын
тойламақ. Бұл мектеп-сапалы білім ордасы. 2011 жылы
Республикадағы ең үздік 100 мектептің санына енді. 2012
жылдан бастап Назарбаев мектебінің базасы болып қайта
құрылды. 2008 жылы мектеп-гимназия лицей дәрежесін
алыпты. 2013-2014 жылдары қос мұғаліміміз үздік педагог
болып, Республика көлемінде танылды. Осындай өз ісінің
хас шеберлері бізге сабақ бергендіктен, біздің мектептің
оқушыларының білімі жоғары деңгейде. Мұғалімдеріміз
бен оқушыларымыз қалалық, облыстық, республикалық,
халықаралық байқауларда бірнеше дүркін жеңімпаз
атануда.
Ұстаздарымыз деңгейлік бағдарламалар арқылы
өздерінің біліктіліктерін көтеріп жүр. Ұлттық бірыңғай
тестілеуден де түлектеріміз жоғары балл алып, «Алтын
белгі» иегері атанды. Бір жылдары сыныптағы 27
оқушының 26-сы грант иегері атанған. Мектебіміздің
мүмкіндіктеріне келетін болсақ, жоғары заманғы
технологиялармен қамтылған. Мектебіме болашақта
табысты келешек, білімді шәкірттер, білікті ұстаздар
болуын тілеймін. Туған күніңмен, сүйікті мектебім!
9 «Б» сынып оқушысы: Аппазов Алмас
“Білім – теңіз, мектеп – кеме”
деп ата-бабаларымыз бекер
айтпаған. Мектеп – білім
айдынындағы үлкен кеме. Осы бір
кемемен әр бала он бір жыл
уақытын өткізеді. Осы он бір жыл
уақыт ішінде “Мектеп” кемесі
арқылы “Білім” теңізін де
айналып шығамыз.
Мектеп – біздің екінші
үйімізбен тең. Алғашқы жылдары
әріптерді, сандарды жазып
үйренсек,
кейін
өмірдің
кереметтерін, ғажайыптарын
танып білеміз. Расымен де, мектеп бізді білім нәрімен
сусындатып, көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға
дарытады. Бізге жылу мен бақыт сыйлайды. Ал
ұстаздарымыз – біздің екінші анамыздай. Бізге әрдайым
қақтыруда. Жылсайын 1 сыныпқа қабылданушы
оқушылардың санының артуы мектебіміздің әлі де
абыройлы, қаламыздағы ең таңдаулы мектеп екендігін
аңғартады. Бұл біздің тағы бір жетістігіміз.
Әрбір сынып, есеп шығарып, бірге ойнап-күліп,
сырласатын ортақ парталастарымыз, қоңырауды асыға
күтетін достарымыз бен бізге: «Осы бала бір нәрсе біліп
кетсін, үйренсін»,- дейтін мұғалімдеріміз, осылардың
бәрі-біздің мектептегі ұмтылмас өткен сәттеріміздің
куәсі. Бір сөзбен айтқанда, мектеп-біздің ыстық
естеліктеріміз. Осындай әрбіріміздің естелігімізді өзімен
77 жыл бойы жетелеп келе жатқан мектебіме алғысым
шексіз, оны сөзбен де жеткізе алмаспын.
9 «Б» сынып оқушысы Ерубай Аружан
дұрыс жолды сілтеп, оң мен солымызды ажыратуға
көмектеседі. Үйретуден еш жалықпайды. Мектепте
өткізген әр сәтім шаттыққа, қуанышқа толы. Осы бір
сәттерді ешқашан ұмытпасымыз анық.
Мен №3 мектеп-лицейінде оқимын. Бұл мектеп - ең
керемет мектеп әрі маған өте ыстық. Осы мектепте
өткізген сегіз жылым мен үшін өте қымбат. Сені бүгінгі
туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Үлкен-
үлкен белестерді бағындыра бер және осы өлең
шумақтарын саған арнаймын!
Алтын ұя мектебім, қуанышым,
Өзің бердің өміріме білім нәрін.
Бала шақтан болашаққа жол сілтеп,
Білімменен сусындаттың бәрін-бәрін.
Өзіңнен ұшты талай жас түлектер,
Өзіңе бас иеді сан түлектер.
Жасай бер, көркейе бер, алтын ұям,
Өзіңе арналады осы бір ән!
Туған күнің құтты болсын, алтын ордам,
Көріне бер, жеңіске шық додалардан,
Шәкірттерің ел сүйетін ұлан болсын,
Ал, мектебім қалықтаған қыран болсын!
8 «Б» сынып оқушысы Алиева Арайлым.
Хан да, қара да, ұстаз бен ұлы да, данышпан мен дана да
ғарышкер мен ақ халатты абзал жан да-мектептен түлеп
ұшқан әр заманның түлектері. Мектеп – кімге болмасын
болашағына бағыт беретін алғашқы саты. Арманым –
алтын ұямды абыроймен аяқтап, халықтың тісін емдеп,
алғысын алатын аяулы дәрігер болу. Менің мектебім –
шырайлы Қызылорда да орын тепкен №3 мектеп-лицей.
Біздің білім ордамыздан қанша түлек биікке қанат қақты.
Бәрі де, алдымен, Алланың, екіншіден, білікті
ұстаздарымыздың арқасы. Дәл қазіргі мақсатым – осында
алған білім мен білгенімді жарқын болашағыма жол
сілтейтін Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып,
бағымды сынау. Осынау ғаламат сезімге бөлеп, жүрегімізге
жылулық ұялатып, тәлім мен тәрбиемен сусындатып,
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
А й н а с ы
8
Білім
білім нәрімен сусындатқан алтын ұямызға биыл – 77 жыл!
Қасиетті қос жетіден құралып отырған биылғы жаңа
жауһардай жақсылықтарға жетелесін дегім келеді. Білімі
мен билігі бір мектепке татитын аяулы ұстаздарымыз
барда білім атты теңізде мектеп атты кеменің тереңге
батпауы керек. Шәкірттері шыңдарды бағындырып
жүрген алтын ұямызға алғысымыз шексіз! Бұл – менің
мәпелеп өсірген әке – шешемнің, ақылшы үстазымның,
алтын ұям – мектебімнің алдындағы борышым.
6 «А» сынып оқушысы Елшібекова Ұлжан
Аяулы менің мектебім,
Мақтанайын, көктейін
Туған күнің құтты болсын
Жетпіс жеті жасқа келгенің.
Денемді білімге толтырдың,
Жүректе үлкен із қалдырдың.
Дананың өзі ілім алып,
Сен туралы жаздырдың.
Мұғалімі алтын бас,
Жоқ қой саған қарсылас.
Айтқаныма қанағат,
Жеткізбесем жүгімді арт.
Жамандауға батпаймын,
Аяулы менің мектебім,
Әрқашан сені ұмытпай,
Қадіріңді білгеймін.
Туған күніңмен, сүйікті мектебім!
Менің мектебім алғашында шағын ғана мектеп болған.
Ал қазір заман талабына сай өзгерген. Мұғалімдер
бөлмесі, оқу кабинеттері толықтай құрал-жабдықтармен
жабдықталған.Оқу кабинеттері интернет желісіне
қосылған компьютерлермен қамтылған. Бұл қандай
мектеп деп отырсаңыздар?! Бұл-№ 3 мектеп-лицей.
Осындай мүмкіндіктерге қол жеткізуге мектеп директоры
Меруерт Наушақызының ықпалы зор деп ойлаймын. Ол
кісі-өте биазы және ақ көңіл адам.
Биыл біздің мектеп 77 жасқа толып отыр. Мектепбім
адам баласының білімге деген құштарлығын оята біл. Иә,
яғни, менің білімге деген құштарлығымды оятқаның үшін
рахмет! Мен сені құрметтеп өтемін және үлкен болып
оқуға кетсем де, сені, сенің әр бұрышыңды
сағынғанымнан келіп тұрамын. Іргетасын жақсы қаласа,
сол ғимаратта ұзаққа дейін сақталады. Ал осы мектептің
негізін қалаушы адамға алғысымды айтамын.
«№3 мектеп-лицейім»
77 жасқа толдың, аяулы менің мектебім,
Сенен ғана білім алдым, аспанға көктедім.
Сенен ғана басталар, осы білім бұлағы,
Сені ғана білім келді, жалқаулықты шектедім.
Ұзақ жаса, шектелмесін білімің,
Кететінім өкінішті, босады менің көңілім.
Талай мені армандарға жетелеп,
Колыма алтын жеміс әпердің.
Әр бұрышың, әр сыныбың есімде менің болады,
Әрқашанда шатырыңа ақ көгершін қонады.
Мұғалімің мейірімді, ақ көңілде сабырлы,
Оқушыны талантты деп санады.
Ірге тасың құламасын мектебім,
Көз тартады сенің ғана көркемің.
Саған деген сезімім мол, шарықта,
Ұмытсам бір жеріңді мені қинап, сөкпегін.
Сейдулла Ғайни 6 В сынып
1939 жылы құрылған Ворошилов атындағы орта
мектепке әне-міне дегенше 77 жыл толды. 77 жылдық
тарихы бар мектеп басынан қандай оқиға кешпеді?
Бірнеше рет сыртқы өзгеріске ұшырады, қандай атақты
адамдарды тәрбиелеп шығарды. Г.Тоқсейітова,
М.Құсайнов, Н.Ерімбетов, А.Кішкенбаев сынды зиялы
қауым өкілдері тап осы мектепте алғаш сауатын ашқан.
Қазіргі таңда, мектеп “лицей” деген дәрежелі мектеп
аталды. Оқушы саны – 1700-ге тарта, сынып
толымдылығы-30 оқушы, жұмыс тәртібі – екі ауысымды.
Мектеп – адамның бірінші қолға қалам ұстап,
жастайынан білімге шақыратын білім ордасы. Мектеп –
бізді тәртіпке, жауапкершілікке, білімге, қоғамға жетелер
білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде әр бала өз он
бір жыл уақытын өткізеді. Мектепте біз шынайы дос
табамыз, білім алып, өмірді үйренеміз. Мектеп бізге тірек
болып, жылулық пен бақыт сыйлайды. Ал, ұстаздар болса,
бізге білім үйретуден еш жалықпас. Мектеп әр адамға
үлкен өмірге жолдама береді. Сол мектепте, әр адам өзінің
қай салаға бейім екенін, қай пәнді ұнатып оқитындығын,
болашақта қай мамандық иесі атанғың келетінін үйретер-
“өмір үйі”.
Мен өзім алғашқы алтыншы сыныпқа дейін өзге орта
мектепте білім алдым. Бірақ орта буынның білімін сәл
болса да, жақсырақ мектепте өткізгім келіп, №3 мектеп-
лицейіне ауыстым және де бұл шешім менің өмірімді
түгелдей өзгерткен дұрыс әрі орынды шешім болды. Осы
мектепке келгеннен соң, бұл мектептегі өмір, тіпті оқу
бағдарламасы өзгеше екен. Бірақ мен тәртіп пен білімді
қоса ертіп, қазіргі таңда оқу озаттарының бірі атандым.
Мұның бәрі білім беруден жалықпаған мұғалімдердің
арқасы деп ойлаймын. Енді мен өзімнің екінші анам
атанған Гүлжазира Кабуловаға және осы білім үйінің
директоры - Әбдіқалықова Меруерт апайға шексіз
алғысымды білдіргім келеді. Меруерт апай бір мектепті
айрандай ұйытып ұстап отырған үлгілі директор. Ал
Гүлжазира апай – бүкіл еркелікті көтере білген тәлімгер.
Мектебіміз еліміздегі мектептердің алды болып,
оқушылары,яғни біздер биік белестерден көріне берейік!
9 «А» сынып оқушысы: Жеңісбек Әділбек
Аяулы әнім – мектебім,
Шуағыңда көктедім,
Жүрсемдағы қай жерде,
Қиялымнан кетпедің.
Мектеп –білім айдынындағы кеме. Осы кемеде он бір
жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығынан
тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай
болып шығамыз. Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән –
мағына бар. Адам қаншама жыл өмір сүрсе де, қандай
іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер
мектепте болады. Енді өз мектебіме көшсем..
Аяулы, құрметті мектебім, туған күнің құтты болсын!
Міне, алтын ұя мектебімізге биыл 77 жыл толып отыр.
Тарихқа үңілсек, шыңдаған дерек алуға болады. 1939 жылы
Қызылорда қаласында «Ворошилов» атына берілген
мектептің іргетасы қаланды. Қазір мектебіміз «лицей»
деген есімге ие болды. Мектебіміз Қызылордадағы сапалы
білім беретін білім ордаларының бірі болып отыр. Мұның
арқасы мектептегі білікті де, білімді ұстаздардың,
басшылардың, ен бастысы , мектеп директорының аянбай
еңбек етуінің нәтижесі.
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
9
А й н а с ы
Білім
Осы сәтте мектеп директоры – Абдыкаликова Меруерт
Наушақызына алғысымыз шексіз. Мектеп осы кісінің
арқасында күннен-күнге көркею үстінде. Мектепте
мыңдаған бала білім алып жатыр. Жыл сайын жүз түлек
мектеппен қоштасады. Сабақтан тыс қосымша үйірмелер
өте көп. Маған «Жас тілшілер» үйірмесі ұнайды. Ол
үйірмеге оқушылар көп қатысып, ай сайын шығатын
«Білім айнасы» газетіне мақала жариялап отырамыз.
Оқушылар сегіз қырлы, бір сырлы. Біреуі домбырада
ойнаса, екіншісі пианинода ойнайды. Алғашықыда
мектепке келіп, әрбір әріпті, санды жазып үйрену бүкіл
балаға қиын соққанын жоққа шығара алмаймын. Алайда,
мектептегі ұстаздар бізге бәрін үйретті. Әлі де барын
салып оқытып, үйретуде. Мектеп – ол біздің екінші
үйіміз. Мектебім, сені тағы да бір жасқа өсуіңмен шын
жүректен құттықтаймын! Құшағыңа балалар бұлақтай
ағылып келе берсін! Шығарманы өз өлең шумағыммен
аяқтағым келеді.
Құттықтаймын мен сені өсуіңмен!
Өсуіңмен, 77 жастан асуыңмен,
Құшағыңа тола берсен балапандар,
Түлеп ұшып көріне берсін асулардан.
6 «Б» сынып оқушысы Таджибай Алия
Асыл мектеп керегең, дәйім, тозбасын.
Ешбір мектеп сенен асып озбасын.
Мерейтойда мейіріңді асырсын
Саған арнап бастадым мен сөз басын.
«Үздік мектеп» атанып сен жүресің,
Асыл мектеп-ғасырлап ғұмыр сүресің.
Себебі сен тәрбие мен білімді
Қалай, қашан беру керек білесің.
Тәрбиелеп өр жастарды жаныңа,
Жаралғансың, оқушылар бағына.
Асыл мектеп, ғасыр мектеп, гүл мектеп
Басқалары жете алмайды шаңыңа...
Асыл мектеп – сапалы білім ордасы.
Тәлім-тәрбие, жақсылықтың жолдасы.
Деңгейіңді күннен-күнге арттырып
Қанатыңды көк аспанға жолдашы!
Достарыңызбен бөлісу: |