Ұшындагы бозғыл ойпаңда адам тұрағы барын аңдады. Иен емес, елді мекен



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата19.02.2017
өлшемі0,9 Mb.
#4511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
шошынған  үлкен-кіші  бала  —  бүкіл  ауыл  қаралы  күй,  қорқынышты  елес 
тұмшаланған, аянышты әрі сұрьіқсыз кепке түсіп еді. Тӛніректі түнере басқан 
қаранғылықты  серпе,  қаптай  жағылған  от  жарығында бүкшиген,  жантайған, 
қарбаласқан адамдар, шашылган, үйілген жүк кеше ғана ауа кӛшкенімсн, сән-
салтанаты алыстан танылған романтикалық суреттегі ауылдың Содом апаты 
шарпыған  халін  айғақтай  түскендей.  Ертеңіне  күнұзақ  қайла,  күрек  ұстауға 
жарар жігіттер түбектен аулағырақ — қырдагы тӛбе басынан қатар-қатар кӛр 
қаза  бастады.  Түні  бойы  мәйіт  күттік,  жаназа  шығарылды.  Тәулік  ішінде 
жарақаттан  тағы  бес-алты  кісі  ӛлген.  Күн  шыға  Сіләмбек  мырза  бастаган 
арыстай-арыстай тоқсан жігітті, қырық шақты әйел мен бала-шағаны бірден 

Sauap.org
 
 
43 
 
жерледік. Терісаққан ӛзенінің сол жақ қабағындағы, атам заманнан бері боз 
жусан  ғана  ӛскен  оқшау  тӛбешік  бір-ақ  күнде  соншама  адамды  қойнына 
жасырған атаусыз, аумақты зират болды да шықты. 
Әуелгі жоба бойынша, азаматтарды кӛмісімен үдере кӛшпек едік. Бірақ 
жұрт  қажыған.  Тіршіліктен,  жақсылық  атаулыдан  күдер  үзген.  Азаматын 
жерлей  сала,  ай  далаға  тастап  кету  тағы  ауыр.  Екі-үш  күн  еру  жасамақ 
болдык. Әрине, күндіз қарауыл, түнде кежеуіл — қамсыз емеспіз. 
Бірақ  құдай  тыныштығын  берді.  Шапқын,  босқынсыз  бір  апта  жатып, 
шәйіттердің  жетісін  ӛткердік.  Содан  соң  ел  екігс  жарылған.  Жарылды  деп 
айту  да  қиын.  Кӛпшілігі,  түгелге  жуығы,  яғни  бес  жүзге  тарта  түңлік  ата 
қонысқа  —  Қызылжар  ӛңірінс  оралуға  бекінді.  Ақ  ту  кӛтеріп,  патша 
ағзамның  ғұзырына  қайтадан  бас  ұрмақ  —  кіндік  кескен  мекенге  жетіп,  не 
болса да  қалың  елмен бірге  кӛрмек.  Атекемнің ұрқына қараған  шаңырақтар 
ғана  әуелгі  бағдарынан  таймады. "Ақ патшаның  салдатын да, хақ  құдайдың 
алапатын  да  атқарып  біттік",—  деген  Сыпатай  мырза.  Отыз  үй  Дәулеткелді 
әулетінен  ғана  он  екі  азамат  шәйіт  кеткен  екен.  (Ең  ауыры  біздің 
шаңырақтағы қаза — Сіләмбек мырза ғана емес, оның кішкентай қызы және 
кіші шешемізден айрылдық.) Енді тоқтар не қалды! Түркістан  ӛтпек, Сырға 
жетпек.  Мүмкін,  Тәшкен  асып,  мұсылман  қауымы  жиын  отырған  қасиетті 
кенттердің бірін паналар. Күн озған сайын жат жұрт кебейіп, уыстан шығып 
бара жатқан қайырсыз қонысқа алаңдамайды. 
"Ал, шырағым,— деген, елдің жігі ажыраған кезде маған қарап.— Сенің 
бұғаудан  құтылуыңа,  біздің  шаңыраққа  мейман  тоқтауыңа  себепші  болган 
Сіләмбек  мырза  мәңгілік  сапарға  кетті.  Аз  күн  дәмдес  болдық.  Басымызға 
қиындық түскен күні ерлігіңді танытып, қаншама жанды, мүмкін, рулы елді 
тұтасымен  ажалдан,  азаптан  арашалап  қалдың.  Енді  біз  сенің  Отаныңнан 
мүлде алыстап кетпекпіз. Менен рұқсат. Қалағаныңды ал, қайда жүрсен аман 
бол!.."  "Кӛке!—дедім.—Бұл  қай  сӛзіңіз?  Мен  осы  үйдің  баласымын  деп 
жүрмін ғой. Егер ұлыңыз болуға татымасам, қоңсыңыз болайын. Тым құрыса 
мал айдауға себім тиер..." Шал жылап жіберді. Мен кӛргенде ең алғаш және 
ең  соңғы  рет.  Құшақтап,  баурына  басты.  Кӛшке  дайындалып  жатқан  бүкіл 
елге  жар  салды.  "Ӛлгенім  тірілді,  ӛшкенім  жанды,—  деген.—  Бұл  бала  — 
жұрт  тынышта  айдауға  кеткен,  бары-жоғы  белгісіз  Ыбырай  мырзаның 
тағдырлас  бауыры,  кешегі  қырғында  ел  азаматтарымен  бірге  шәйіт  болған 
Сіләмбек  мырзаның  сыңары  —  менің  туған  балам!"  Иман  айтып,  ту  бие 
сойды.  Мені  құндақтап,  тӛрге  отырғызды.  Қолыма  кӛлапандай  асық  жілік 
ұстатты.  Атығай  —  қарауылдың  екі  жарылғалы  тұрған  игі  жақсылары  тегіс 
дәм  татқан.  {Тікелей  маған  қатысты  тағы  бір  рәсімдері  бар  екен,  жол  үсті 
болғандықтан  кейінге  қалдырылды.)  Мен  ел  ағасы  Сыпатай  мырзаның 
асыранды  емес,  туган  ұлы  болып  шықтым.  Бұдан  былайғы  жерде,  ардан 
безген,  кӛргенсіз  біреу  болмаса,  ағайын-туғандар  түгілі,  кӛдденең  қазақтың 
ӛзі ақат кӛрмейді, сырттан сӛз айту әдепке, кісілікке жатпайды, іштегі күмән 
дәстүрге  сыймайды,  тіпті,  "асырап  алыпты"  деген  сӛздің  ӛзі  естіген  адамға 
ауыр тимек; номадтың моральдық кодексі осындай. 

Sauap.org
 
 
44 
 
Біз  —  қалың  елмен  қоштасқақ,  ежелгі  мекенінен  ауған  отыз  түңлік 
түстікке  қарай  үдере  кӛштік.  Терісаққанның  бойы  тіршілікке  қолайлы  еді, 
шӛбі шүйгін, суы мол, жаз ортасына дейін ел отырған жұрттардың ӛзі сары 
теңбілденіп қана жатыр, бірақ босқан ауылдар қайтып келеді, артық жер жоқ, 
тіпті,  ағайындар  қағысып  орын  бергеннің  ӛзінде  бұл  араның  жайлы  қоныс 
болмасы анық; не керек, Ұлытауға ілінген кезде ғана ентігімізді бастық, бірақ 
әкей бұл маңда да тұрақтауды мақұл кӛрмеді. Сылдыраған жыланшық жылға, 
қаптаған  қасқа  бұлақ,  қайыңды,  теректі  ойпаңдар,  белес-белес  тӛбелср 
баурында ақ шаңқан үйлерін жамырата тігіп, мың сан малын жайғаған қалың 
бағаналы жарты әлемді басқан  топан  толқыны  шарпымаған  оқшау  арал 
сияқты, шалқып тасып, болып-толып 
отыр.  Патша  жарлығы  бұларға  да 
жеткен, дүрбелең бар, бірақ қалың қазақтың қақ ортасындағы мәйекті жұртта 
үрей  жоқ,  салмақ  пен  сабыр  басым.  Қоныстарының  бір  шалғайы  осы 
Ұлытаумен  шектес  жатқан  қыпшақ  жаппай  кӛтерілген  екен,  қаруланып, 
қалың әскер түзіпті дейді, бағаналының басы асау жігіттерінің біразы солай 
қарай  аттанып  кеткен  сияқты,  арты  немен  тынары  белгісіз,  бірақ  жазалау 
отрядтары  мына  кең  дала,  жиып  ел  ішінде  Қызылжар,  Кӛкшетау,  Ақмола 
жақтағыдай  еркін  ойран  сала  алмасы  айқын  еді,  Біз  аулымыз  араласып, 
ерулік берісіп, еркін тыныстадық. Содан соң қайтадан түйеге қом салынған. 
Ұлытаудың  бір  сілемі  —  мойнын  соза,  колденең  шӛккен  түйедей 
шұбатыла  ӛркештенген  Едіге  тауының  батыс  қапталын  бӛктерлей  жүрдік. 
Мен  ел  жайы,  жер  жайы,  қазақтардың  ескі  тұрмысы  туралы  кеңеске  құмар 
едім. Осы, Ұлытауға жетіп, біздің әулет ес жимаса да, ӛзінің адамдық кейпін 
тапқан  азғана  күнде  ӛз  әкемнен  ғана  емес,  жаңа  таныстарымыздан  да  тағы 
қаншама әңгіме естігем. Адам сенбестей ақиқат — дала императоры қаһарлы 
Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлы  атақты  Жошының  мавзолейі  осы  Ұлытауда, 
Кеңгір  озенінің  бойында  тұрған  кӛрінеді.  Қызыл  қыштан  қаланған,  екпеті 
айшықты,  еңсесі  биік,  ӛте  керкем  құрылыс  сияқты,  рас,  күмбезіндегі  кӛк 
сырлы тастары түгелге жуық сӛгіліп түскен, бір жақ бұрышы кетілген, әйтсе 
де  бүп-бүтін  дейді.  Мен  қайыра-қайыра  сұрадым.  Кәдімгі  хан  болған 
Шыңғыс па, соның хан болған ұлы Жошы ма деп. Ақсақалдардың бәрі,— не 
деген зиын,— сол сәтінде таратып берді. Шыңғыс хан, оның ұлы Жошы хан, 
оның ұлы... ұмыттым — пәлен хан, оның ұлы түген хан, ең соңында, жиырма 
бірдеңе,  әлде  отыз  ба  атадан  соң  —  бүгінгі  ұрпағы  Әли  хан!  Хан  емес, 
Мемлекеттік думаның мүшесі, Россияда аса беделді кісі десті, Әли де емес, 
Әлихан  —  Бӛкейханов,  Қазақ  жұртының  қазіргі  кӛсемі,  елді  теңдікке 
жеткізсе  —  сол  жеткізбек!  Әлихан  Бӛкейханов  жайын,  одан  басқа  қазақ 
кӛсемдерінің іс-әрекетін ӛз әкем де жақсы білетін болып шықты. Мен қайран 
қалғам.  Мұсылман  қайраткерлерінің  саяси  күреске  белсене  араласа 
бастауына  емес,  қазақтардың  Шыңғыс  хан,  Жошы  хан  атын  күні  бүгінге 
дейін  қастерлей-тініне  де  емес.  Халықтың  тарихи  санасына!  Әрине,  Европа 
ғылымына белгісіз жайттар да кӛп еді. Мәселен, Жошы ханға жақын жерде 
Алаша деген, қазақ үшін Шыңғыс ханмен парапар, бірақ одан етене тағы бір 
ханның  мүлде  езгеше  үлгімен  салынган  мавзолейі  және  бар  екен.  Тағы 

Sauap.org
 
 
45 
 
қаншама  дерек.  Мен  әу  баста  заң  факультетін  қойып,  тарих  факультетіне 
түспегеніме  шынымен  ӛкінгем.  Енді  міне,  Едіге  тауының  құз  жартасты, 
құлама,  ең  биік  тұмсығына  жеткенде  тағы  да  таң  қаларлык  дерекке 
ұшырастым.  Табанында  тастақ,  мӛлдір  сулы  шағын  ӛзен  аққан,  ықтасын 
қойнауындағы бұқпа, күнестерде алдына қи үйілген, күресінде күлі кӛксіген 
қатар-қатар  тас  қоралар  орналасқан  терең  сайды  кӛбелей  келе,  ат  бауырын 
шалатын  ақ  селеулі  қыратқа  кӛтерілгенде  айқын  аңдадым:  Едіге  тауының 
ұшар  биігінде,  жаңа  қылтиған  күн  шапағы  қызарта  бедерлеген  қожыр 
тастардың  басында  адам  қолынан  шыққаны  күмәнсіз,  пирамида  кейіпті 
үшбұрыш белгі тұр. "Едіге батырдың моласы!"—деді әкей. Тарихтан белгілі, 
Алтын  Орданы  тежеусіз  билеген  Едігеймен  атының  ұқсас-тығына  бірден 
назар  аудардып.  Үйлес  есімдер  кӛп,  біраз  сұрастыра  келгенде,  Тоқтамыс 
деген  ханмен  тартысқаны  туралы  дерек  алдым.  Енді  күмән  қалмаған.  Сол 
Едігей, сол Тохтамыш (мүмкін біз орысша бұзып жазған шығармыз, қазақтар 
айтатындай  Едіге,  Тоқтамыс  шығар)—  қайткенде  де  аңыз  емес,  тарих.  Мен 
Едігенің  мұнда  қалай  келгенін  ежіктей  бастадым.  Әкей,  әрине,  әуел  баста 
нақты  деректен  шыққан,  арты  аңызға  айналған  тұтас  бір  эпосты  ӛлең-жыр 
араластыра  әңгімелеуге  кірісті.  Міне  қызық!  Менің  үлкен  әжем  Юсуповтар 
әулетінен  еді.  Ал  Юсуповтар  Едіге  биден  тарай-ды.  Яғни,  мен  дәл  қазір 
ӛзімнің  арғы  атамның  зиратының  түбінде  тұрмын  —  міне,  үшінші  жыл, 
бабаларым  талай  басқан,  ерлік  жолын,  сән-салтанат  жолын  ӛткерген  кең 
далада күн кешіп жатырмын. Ғажап! Адам-Ата әулеті бір туыс екені күмәнсіз 
нәрсе,  бірақ  ӛзін  таза  орыс  санаған,  шынында  да  таза  орыс  Станислав 
Юрьевич В...овтың бір атадан тараған қандас туыстары осы қазақ даласында 
қаптап жүр дегенге кім сенер. Кенет мен қарқылдап күлдім. Князь Урусов — 
қазақтардың  Кіші  Ордасын  (түпнұсқада:  "Меньшая  Кайсацкая  Орда",—  М.) 
Русия  дәргейіне  келтірген,  жоқ,  бодандық  туралы  ант  қабылдаған  князь 
Урусов  та  (бұл  арада  аз-маз  жаңылыс  бар:  кіші  жүздің  сұлтан,  билерімен 
келіссӛз  жүргізіп,  1731  жылы  Әбілхайыр  ханнан  бодандық  туралы  ант 
қабылдаған — тілмаш Мәмет-мырза Тевкелев болатын, бірақ генерал-лейте-
нант  князь  Василий  Урусовтың  1740  жылы  Орда  билеушілерінің  тағы  бір 
тобынан ант алғаны және қазақ даласын Россияға қаратуда айрықша қызмет 
атқарғаны  рас,—  М.)  Едігей  әулеті  ғой.  Едігей  Москваны  шапса,  оның  он 
екінші, әлде он тӛртінші ұрпағы Ордаға қарсы тұрады, Едігей Московия ғана 
емес, бүкіл Русия ӛзіне тәуелді болып, салық тӛлеп тұруға тиіс деп есептесе, 
оның  ұрпағы  князь  Урусов  "жабайы  қайсақтарды"  сол  Московия-Русияға 
құлдыққа  түсіреді.  Тарихтың  мазағы  ма,  әлде  ауысып,  тӛңкеріліп  тұратын 
әлемнің кезекті бір комедиясы ма? Трагедия. Нешінші актісі? Кенет бойымды 
жидым. Ӛзімнің де оңып тұрғаным шамалы. Таза орыс екенім күмәнсіз. Бірақ 
арғы аталарым — дала перзенттері. Енді менің бала-ларым... 
Әкейге  сол  кезде  ғана  кӛзім  түскен.  Ӛңінен  азап  пен  қайғы  кӛлеңкесін 
кӛрдім.  Әрине,  ақсақал  ӛзінің  арғы  тарихтағы  даңқты  отандастары  туралы 
саға  толғағанда  менің  мазақ  еткендей  қарқылдап  күлуім  парықсыздық  қана 
емес, әдепсіздік, керек десеңіз, қылмыс еді. Кӛргенсіз, бейбас-тақ іс. Ӛзімше 

Sauap.org
 
 
46 
 
оң  жүрген  кездердің  ӛзінде  біздің,  европалық  дәстүр-салтымыздың  кӛбісі 
кӛшпенді  азиатқа  ӛте  сӛлекет  кӛрінетінін  баяғыда  байқағам,  керісінше, 
қайсақтардың  жүріс-тұрысы,  әдет-ғұрпындағы  кӛп  жағдаяттар  біздің,  біз 
дегенде, европалықтардың кӛзқарасы тұрғысынан жабайылық болып танылар 
еді,  әрине,  екі  әлемді  бірдей  кӛрген  маған  қазір  бәрі  де  түсінікті  —  әр 
халықтың  салты,  мінез-құлқы  ӛзінің  тіршілік  жағдайына,  табиғи  ортасына 
қарай  қалыптаспақ.  Ал  мына  жердегі менің  қылығым  қай  тұрғыдан алғанда 
да  ұнамсыз  еді.  Әбес  еді.  Мен  ат  үстінде  қатар  келе  жатқан  бойымызда, 
әкейдің қонышына бас қойып, кешірім ӛтіндім. 
Едіге менің де атам болады, соған таңырқадым әрі қуандым дедім. Әкем 
сене  қоймаса  да,  менің  сӛзіме  қанағаттанған  сыңай  танытты.  Едігенің 
ұрпақтары, міне, үш жүз елу жыл болды, Орыс мемлекетінде үлкен, ықпалды 
әулет  құрайды,  атақты  адамдар  кӛп  шыққан,  әлі  де  бар  дедім,  ӛзімнің 
туыстық  жӛнімді  тараттым.  Ашып  айтпағанмен,  әкей  бұл  сӛзге  мүлде 
иланбаған сияқты. Едігенің баласы Нұрадын, Нұрадынның баласы... деп, мен 
егжей-тегжейлі  есімде  сақтамасам  да,  тарихпен  айналысқан,  ӛзімнің  үлкен 
әжемнің ата-тегімен әуестеніп жүрген кезде жадымда калған Мұса... Мамай... 
тағы біраз есімдерді атады. Бұлардың бәрі қазақтың еркіндігі үшін күрескен 
батырлар  кӛрінеді.  Бір  Мұсаның  ӛзінің  отыз  ұлы,  қырық  қызы  болған. 
Қалғандарынан да қаншама ұрпақ тараған. Тегіс ірі болған. Едігемен тұстас, 
тіпті,  тамыры  одан  да  әрідсн  тарайтын  мұндай  ірі  әулеттер  қазақта  кӛп. 
Соның бәрінің ұрпағы ӛсіп-ӛніп жатыр осы далада. Қисынды. Ақиқат. Арғы 
заманда, Орта ғасырларда бүкіл Евразияны жапқан кӛшпенді Ордалар қайда 
кетті  дейсің.  Қирады,  қырылды,  азайды,  қайта  ӛсті.  Егср  сол  беті  құрып 
кетсе,  бұл  дала  қазір  қаңырап  жатпас  па  еді.  Кеше  ғана  кӛктен  түскен  жоқ 
қой  мына  жұрт.  Мен  ӛзімнің  арғы  аталарымның  да  Ордадан  шыққанын 
мәлімдедім.  Бұрын  айтпағам.  Айтсам,  ӛзімді  жақындату,  жағыну  тәрізді 
кӛріне  ме  дегем.  Оны  да  бүкпедім.  Ақсақал  сенді.  Бірақ  ешқандай  қуаныш 
білдірмеді.  "Сен  кім  болсаң  да  менің  баламсың,—  деген.—  Әрине,  асыл 
сүйегің бірден танылды. Ұнатып, жақсы кӛрдім. Ӛз еркіңе салып жүрдім. Ел 
тыныш болса, екеудің бірі болатын едің. Енді жалғызсың. Бұдан соңғы жерде 
ӛткенді  еске  алсаң,  маған  ауыр  тиеді".  Мен  тағы  да  әкемнің  етегіне  бас 
қойдым. Аттан түсіп, кӛшті тоқтатып, тура Едіге тауының қойнауынан апяп 
жатқан,  қалың  теректі  қасқа  бұлақтың  жағасына  қоналқаға  аялдадық.  Қой 
сойып, құран оқыдық. Мен тау басына — бабамның зиратына барып қайтпақ 
едім,  бұл  тұста  биікке  кӛтерілу  мүмкін  емес  екен,  айналып,  қолайлы  жер 
іздеуге  мұрсат  жоқ.  Кӛш  тынықты,  әкем  екеуміз  жұлдыздары  жарқыраған 
ашық  аспан  астында,  қарауытып,  ірілене  түскен  тау  баурында,  тӛрт  қабат 
сырмақ үстінде қойындаса жатып, таң бозарғанша еркін кеңестік. 
Күн  шыға  түйелердің  белін  қайыра  тартып,  аттарымызды  ауыздықтап, 
бағдарлы жолға түстік. 
Биік  басындағы  үшкіл  қорым  бірте-бірте  кішірейе  берді  де,  кедір, 
кертпеш таспен астасып, мүлде жоғалды, кілегейлене кӛгеріп, Едіге тауының 
ӛзі де  алыстап  бара  жатты,  ет  асымдай  және  сонша  уақыт  ӛткенде  айналып 

Sauap.org
 
 
47 
 
артыма қарасам, Ұлытаудың сеңгірлері ӛркештене мұнартып тұр екен, бұл — 
біздің  артта  қалған,  қайта  айналып  келмес  барақат  ғұмырымыз  еді.  Жусан 
мен кекпек қана ӛскен қуаң далаға шықтық. Күн күйіп, жер қуырылып тұр. 
Алда белес тӛбелерді қуған сары сағым ғана ойнайды. Бірақ біз не оңға, не 
солға  бұрылмадық,  түстікке  тура  беттеп  тарта  бердік.  Кейін  білдім,  неше 
тарау жолдың ең қолайсызын таңдаппыз. Неге екенін де ұқтым. Ұлытаудың 
шығыс беті жамы-раған бұлақ жалғаса аққан ӛзен, қаптаған қалың ел. Әкей 
қаймағы  бітеу  отырған  халықтың  шырқын  бұзбайын,  үрей  тудырмайын 
деген.  Әлде  иеннен  жарамды  қоныс  таппақ  болды  ма.  Жер  таныған, 
Түркстан,  Сырға  дейін  барып  қайтқан  жұрттан  сұрастыра  келе  ертегілік 
Жиделі-Байсын, Жерұйық-тан күдер үзе бастаған. Үркін, қуғын басылғанша 
тыныш  қойнау,  бейбіт  бекетте  уақыт  ұтып,  ата  мекен  Қызылжарға  қайта 
оралуға  бекінді  ме.  Әрине,  бұл  сапарға  да  кӛз  жұмып  кіріскен  жоқ.  Жер 
жағдайын,  су  жағдайын  сұрастырып,  біліп  шықса  керек-ті.  Шынында  да, 
біздің  азабымыз  тым  ұзаққа  созылмастай.  Күн  екінтіге  еңкейгенде  қияқты, 
шилеуіт  ойпаңға  жеттік.  Қақ  ортада  басына  орамал  байланған  құрық 
шаншулы  тұр.  Мана,  азаннан  алға  озған  шалғыншылар  тастаған  белгі. 
Бӛгеліңдер,  қоныңдар  дейді.  Жұрт  қаталаған,  мал  сусаған.  Асты  тас,  қиқы-
жиқы  жарлауыт  арна  құрғақ  болып  шықты.  Бірақ  кӛш  үйіріле  тоқтады. 
Түйелер  шӛгеріліп,  теңдер  түсірілді.  Қоналқаға  ыңғайландық.  Аттары  тың 
бес-алты жігіт екіге жарылып, бірі сол қапталдағы қырқалы адырға, бірі алға 
—қарауыт-қан  дӛңесті  тау  жаққа  жӛнелген.  Үлкен  кісілердің  екі-үшеуі 
жарды жаяу жағалап, тӛменге кетті. Мен де солардың соңынан ердім. Отыз 
жыл бойы Сыпатай мырзаның малын баққан жалпақбет, бадырақ-кӛз, иегінде 
бес-ақ  тал  қылы  бар  мықыр  Жұмажан  әр  тұстан  шӛп  жұлып,  таяғының 
ұшымен жер шұқып жүрді де, арнадан аулақ, ойпаң емес, үстіне бір шоқ қияқ 
ӛскен  дӛңесті  нұсқады.  Жігіттер  қолма-қол  күрек,  қайлаларын  әкеп,  құдық 
қазуға кірісіп кеткен. Бұл кезде итарқа, жаппалар құрылып, боз түтіні кӛкке 
ӛрлей  от  жағылып,  саба,  торсықтарға  теңдеп  шыққан  ауыз  су  қазан, 
шӛңкелерге  құйылып,  ет  асылып,  шай  қайнап,  ит  үріп,  бала  шулап,  бүкіл 
ауыл абыр-сабыр, таршылық жағдайда-ғы тоң-торыс емес, кӛңілді, мерекелі 
кешкі дамылға кіріскен. Қақ ортаға кӛлдей текемет тӛселіп, алқалай отырған 
үлкендердің алдына қымыз келді. Жұрттың бәрінің, әсіресе жастардың еңсесі 
кӛте-ріңкі.  Жетпей  тұрған  —  алтыбақан  ғана  сияқты.  Шынында  да, 
қамығатын  не  бар.  Қонысынан  ауған  отыз  түнлік  елден  безген  жоқ,  қалың 
қазақтың  ортасында,  ата  мекен  жерінде  ерулеп  отыр,  жүріс,  тұрысты, 
тіршілік кебін тежейтін жат ӛкімет те, жазықсыз қаныңды шашуға құлшынып 
тұрған жарақты әскер де алыста қалды. Бірақ бұл  — бір сәттік қана тыныс, 
тӛңірек  толы  қатер  екені  айқын.  Әлі  қазақ  болып  кете  қоймаған,  қоғам  мен 
заманға да, жаңа ел, туыс жұртыма да европалық жат кӛзбен, сынамасам да 
тексере, үңіле қарайтын менің жүрегімді жанашырлык сезім билеген, осы бір 
аңғал  да  дарқан,  ер  кӛңілді,  бейбіт  жұртқа  тыныштығыңды  бере  гӛр  деп, 
бозара қарауытқан кең далада, жарқырай дӛңгеленген ай астында тұрып, бар 
ындын,  ниетіммен  құдайға  жалбарындым.  "Отче  наш  святый  и  присный..." 

Sauap.org
 
 
48 
 
Құдай бар болса, бейнесі үшеу ме, тӛртеу ме — тұлғасы бір болса, бәрімізге 
ортақ, адалды алқаса, жазықсызды жебесе, ең алдымен мына жаңа жұртымды 
— мені жат кӛрмей, баурына тартқан ауылға, осы ауылдың бесіктегі баладан 
ат  үстіндегі  азаматқа  дейінгі,  желек  кӛйлекті  бойжеткеннен  ақ  кимешекті 
анаға  дейін,  еңбектеген  нәрестеден  ақ  таяқты  ақсақалға  дейінгі  барлық 
жанын мархаматпен алқай гӛр! Иисус Христос, Божий сын!.. Алланың досы 
Мұхамед!.. Оңда ӛзің!! 
От сӛніп, ел тыншыған кезде кісі бойы қол ұсыным тереңнен су шықты. 
Құдық түбіне екеулеп түсіп, кезектесе, үздіксіз қазған он жігіт сонда ғана бел 
жазды.  Кӛзі  мол,  нағыз  кӛктұма  кӛлқайнар  деп,  жадырай  дабырласып, 
шалпылдата  күреп,  тағы  бірнеше  шелек  құмтопырақ  шығарған.  Арада  шай 
қайнатым  ӛткенде  құдық  суы  қауғалап  алуға  жарады.  Салқын,  тұщы  су. 
Ауылдың бас кӛтерер еркегі тегіс құдық басына жиналды. Ұрттай ішіп, бет-
ауыздарын шайған соң қоналқа іргесінде — ӛреде жүрген мініс аттарын әкеп 
суарды. Содан соң астау, шелек, мес атаулыны толтыра бастаған. Адам үшін 
емес, мал үшін. 
Құрғақ  арна  басына  —  шұбар  адырға  кеткен  үш  жігіт  мана,  ел  орынға 
отыра, бұлак кӛзін таппай, бос қайткан. Алға озған шалғыншылардың ізімен 
жӛнеген жігіттер құдық қазылып бітер қарсаңда оралды. Тақау маңда тамшы 
су  жоқ  сияқты,  осыдан  құнан  шаптырым  жерде  кӛкпекті  тақырға  құрықты 
теріс тігіп кетіпті, біраз тосып, тың тыңдап, ай батқан соң кері қайттық десті. 
Мана,  күн  жарықта  кӛкжиектен  жалғыз  шоқы  кӛрінген,  жігіттер  соған 
жетпей  тоқтамайтын  сияқты,  егер  ол  жерде  де  су  болмаса,  кері  оралуының 
ӛзі  қатер.  Сыпатай  мырза  саспады,  қайта,  ризашылық  білдірген.  Ол  — 
Найзатас  деді.  Етегі  толы  бұлақ.  Аттыға  —  күндік,  кӛшке  ара  қонып  жетер 
жер. Жігіттер қазір кӛк беткейде сулап, тыныстап жатыр... 
Бізде  қой  шамалы,  сойыстық  қана  —  екі-үш  жүз.  Қазақ-орыстардың 
шапқынынан  соң  жылқы  саны  ойсырай  кемімесе  де,  ағайындармен 
ажырасқанда мырза ӛзіне тән малды ықшамдаған, енді отыз түңлікте бес-ақ 
жүз жылкы бар. Бірақ бар малды бір мәрте толық суғару үшін кемі осындай 
он құдық керек болар еді. Жігіттер түні бойы қауға тартып, құлын-тайларды 
суғарды да, шалғыншыны күтпей, ала-кӛбеңде бар жылқыны айдап женелді. 
Ертеңгі салқынмен қалған ел де қозғалды. 
Ақсақалдың  ақпары  анық  болып  шықты.  Күн  еңкейе  ілгерідегі  жылқы 
тура  жолда  деген  хабар  алдык,  кеш  ай  батқанға  дейін  дамылдап,  қайта 
түзілген.  Сусасақ  та,  шаршап-шалдықсақ  та,  таң  бозара  Найзатасқа  жетіп 
жығылдық.  Шӛлден  біржола  құтылыппыз.  Арттағы  елмен  де  біржола 
қоштасқан сияқтымыз. 
Жайыла кӛшіп, ақырын жылжи бердік. Сай-саласы бүк, қойнауы толған 
бұлақ,  етегі  майса  Кішітауды  қимадық.  Қимағанмен  немене.  Қазақта  бос 
жатқан  жер  жоқ.  Қаптаған  кыстау  күні  ертең-ақ  —  салқын  ызғар  соққанда 
қайнаған  елге,  жыпырлаған  малға  толмақ.  Тәңірінің  ӛзі  теңестіріп,  ӛлшеп 
үйгендей,  шоқылары  қатар-қатар,  емшек-емшек  Кішітау  да  еріне  жылжып, 
кейін шегіне берді. Қанаттаса отырган қалың ел ішіне кірдік. Қарсақбайға иек 

Sauap.org
 
 
49 
 
арттық.  Ағылшындар  кен  ӛндіреді,  тас  қазып,  мыс  ағызады  деген  дақпырт 
бар.  Жігіттердің  біразы  кеншілермен  қоңсы  қоналық,  ӛндірісте  жұмыс 
істегендерді  әскерге  алмайды-мыс,  әрі  табысы  мол  десті.  Ақсақал  хош 
кӛрмеді,  Еркіндіктен  айрыламыз,  кіріптарлыққа  түсеміз  деген.  Табысы  мол 
болса, осы ел байымас па еді, салдатқа алмаса, осы елдің жігіттері қалмас па 
еді. Шынында да, бұл ӛңірдің тізімге ілінген жастары тегіс майданға кеткен 
екен.  Кеніш,  ӛндірісі  бар  жерде  патшалық  тәртіп  күштірек  сияқты,  ешкім 
мойын бұрып, наразылық таныта алмаған. 
Қыркүйек ӛтті, күздің салқын ызғары дендей бастады. Ақсақалдар түстік 
бағдарды,  оң  мен  солды  сұрастыра  келе,  жаңа  бір  шешімге  тоқтады. 
Кӛлденең тартып, ұзын аққан Сарысуға бет қойдық. 
Сарысудың  етегі  қаптай  қонган  калың  тама  болып  шықты.  Азып-
тозбасақ  та,  шалдығып,  ширығып  келген  бізді  меймандос  кӛңілмен 
қарсылады.  Қазақтың ұлы  ханы  Абылай  жалғыз  ат,  жалаң  найзалы  Сабалақ 
бала кейпінде алғаш рет жұртына танылған сәтте оны тік кӛтерген, бір күнде 
алты  қатын  әперіп,  алты  орда  тігіп,  бастапқы  мерейіне  жеткізген  атығай-
қарауылды біз қалай сыйламай-мыз десті. Абылай үш алашқа хандық құрып, 
халқының  мәртебе-тыныштығы  үшін  тӛңіректің  тӛрт  бұрышьша  тегіс 
шабынғанда  үнемі  ту  түбінен  табылған,  найзасының  ұшы  алтын  атанған 
батыр тама біз едік, ерлігіне кӛңілі толып, қызметіне риза болып, арғын мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет