ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі ./орманшыға сенім білдіру/
Яя әрпіне берілген бетті тізбектеп оқыту.
Ұя баян ояу сия мая
Ұят қоян бояу қия жая
Оят шаян баяу мия сая
Кісі аттары , жер-су аттары туралы оқыту
86
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. /Қоянға көмектесу көжегін табу/
Сұр қоян әнін орындау.
1) Я я қандай дыбыс?
А) дауысты, б) дауыссыз
2) Я я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
А) ортасында Ә) басында Б) барлық буында
Электронды оқулықтан көрсету.
Адасқан әріптер ойыны /қызыл үйге дауысты , көк үйге дауыссыз дыбыстарды орналастыру.
Сұр қоян әнін орындау.
ІҮ. Мақсат қою. /Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру/
Жұмбақ жасыру арқылы.
Тәтті көрсе бас салар
Айнымайды баладан
Үп - үлкен боп жасқанар,
Кіп – кішкентай арадан. (аю)
-Ендеше балалар , аюға көжегін тауып беру үшін , біз жаңа әріп және дыбыспен танысуымыз қажет.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
«Аю» сөзінде неше буын бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
Ю ю ю ю ю ю( хормен айту)
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі , жазғанда ю болып жазылады.
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а – ю , о-ю , қо - ю, құ – ю , ти-ю деген сөздерді айтайықшы
балалар .
ҮІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру ./тиіннің баласын табу/
Оқулықпен жұмыс.
1) Бағандағы қарамен жазылған сөздерді қайталата, буындап оқыту.
Аю қою құю сүю есею азаю
Ою қию түю күю үлкею көбею.
Әр сөзде неше буын бар?
Ю дыбысы нешінші буында?
(Балалар қолдарын шапалақтай отырып, неше буын бар екенін ажыратады.)
Суреттегі көрнекіліктер бойынша тақырыптық әңгіме өткізу.
2.) Ою мәтінін мәнерлеп оқыту.Мәтінде неше сөйлем бар екенін анықтау.
3.) Жақсы көрем өлеңін мәнірлеп оқыту. /Т рда ын Жексенбай
ұ
қ
жазушы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының
лауреаты , балаларға арнап жазған әңгімелері көп. «Бал б ла », «Б ркітті балапаны»
ұ қ
ү
ң
«Қарашегір» /
Өзіндік жұмыс .
Дәптермен жұмыс. Әдемі , сауатты орындату
Ю ю әрпін жаздыру. Алдымен ауада , сонан кейін дәптерге жаздыру.
ҮІІ. Сабақты бекіту . /маймылдың баласын табу/
Таратпамен жұмыс./берілген әріптерді қатыстырып сөздер жазу/
Суреттердегі зат атауына дыбыстық талдау жасау.
Электронды оқулықтан бекіту.
ҮІІІ.Қорытынды бөлім./орманнан оралу/
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Мадақтау. Үйге тапсырма: Ю дыбысы мен әрпін оқу 97-бет .
* * * * * * * *
Ақтөбе қаласы, №43 «Гүлдәурен» мектепке дейінгі ұйымының
бейнелеу өнері мұғалімі Құлжабаева Қарлығаш Дәулетқызы
Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі : Сурет
Тақырыбы: Әсем шырша
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
Білімділік: балаларға шыршаны ойыншықтар іліп безендіруді үйрету:
Дамытушылық: бейнелі қабылдауды , ойын жүзеге асыруға қол
жеткізу , саусақ икемділіктері мен зейіндерін, ой қиялын,
шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Шеберлікке, төзімділікке, іскерліке тәрбиелеу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Мұғалім үшін: ойынға қажетті қорапшалар, шыршалар, алдын ала
дайындалған үлгі жұмыстар, қайшы,желім, қолорамал,жіптер,
жолақшалар, шұлықтар, түймелер,қатырма қағаздар, қарындаш.
87
Балалар үшін: қажетті заттар, ақ қағаз, желім, қайшы , түймелер.
Оқу іс әрекетін ұйымдастыру:
- Балалар, сәлемдесу туралы мақалды еске түсірейікші. «Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергенің».
–Онда жылы шыраймен сәлемдесіп, бір - бірімізге жылу сезімімізді білдірейік.
Мұғалім:- Балалар, мынау не?
Балалар: -Бұл үлкен сыйлық қорабы.
Мұғалім: -Ия дұрыс айтасыңдар.
(Музыка әуені ойналады.) Топқа сайқымазақтар келеді.Өздерінің қолдарында үлкен хат бар.
(Сайқымазақтар хатқа таласып келеді)
Мұғалім: Балалар қорапты ашпас үшін алдымен мына хатты ашып оқылық. Хатта сыйқырлы қорапты ашпас бұрын хаттағы
ойын ойнатылу сұралған.
Дидактикалық ойын : «Суретті аяқта» . Шарты:0 ден 0ге дейінгі
сандарды қосыңдар.
Мұғалім: -Балалалар, бұл сызықтарды қосу үшін бізге сурет салатын
қандай құрал қажет білеміз бе?
Балалалар:-Жай қарындаш
Сайқымазақ: Кешірерсіңдер балалар мен тағы бір қызықты суретті
жасырып қалдым.
Дидактикалық ойын : «Кім жылдам?»
Мұғалім Қолдарыңдағы не сурет. Ой балалар бұл түрлі түсті
қарындаштар .Сурет салу үшін бізге жай қарындаш қажет ал бұл
жерде түсті қарындаштар. Қане кім тезірек бізге кім жай қарындашты
табады . Балалалар түрлі түсті қарындаштарды өз ретілігімен алып
жай қарындаш табады .Жай қарындашпен аяз ата жасырған суретті табады. Суретте шырша бейнесі шығады
Мұғалім: Жарайсыңдар!
(Ортадағы сыйлық қорабына назар аударылады)
Мұғалім: -Балалар бұл сыйлық қорабын ашамыз ба?
Балалалар, сайқымазақтар: Ия
Мұғалім:-Шырша қайда? Балалар: -Білмейміз.
Мұғалім: Жарайды алдымен сыйлық толы қорапты ашайық.Қорап ішінде шырша орын алған Шырша өте әдемі емес
екен.Оның ойыншықтары да жоқ. Енді бұл шыршаның ойыншықтарын қайдан табамыз. Дүкенге баратын уақыт болса кеш
болып кетті.
Мұғалім:-Енді қайттік? Сайқымазақтар: -Бізге қызық ой келді .
Мұғалім: -Қандай?
Сайқымазақтар : -Біз алдымыздағы көптеген құрал жабдықтардан әдемі қолдан ойыншықтар жасап алсақ дұрыс болмайма.
Мұғалім: -Өте дұрыс айтасыңдар. Балалалар: -Өте тамаша болар еді.
Мұғалім: балалаларға түрлі алдарындағы құрал жабдықтардан әртүрлі шырша ойыншықтарын үлгіге сай жасауға көшеді.
Шұлықтардан аққалалар, жіппен желіммен ,шар , электр лаипалары, моншақтар көмегімен түрлі дөңгелек ойыншықтар
жасалады. Балалалар жұмыс жасау барысында мұғалім ,сүйкімді сайқымазақтар көмек қолын ұсынады.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық, Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Балалар сергіту жаттығуын жасайды.
Дидактикалық ойын: «Шыршаны безендір » ойын шарты бойынша балалар өздері жасаған ойыншықтарды тез ,әрі
шапшаң іледі.
Мұғалім: Балалалар қараңдаршы біздің шыршамыз енді әдемі болды. Балалар жұмыстарынан осылайша көрме
ұйымдастырылып , мадақталып отырады,барлығы бірге шырша әнін орындайды.Қонақтармен қоштасу.
* * * * * * * *
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы аудандық оқушылар үйі
«Компьютер» үйірмесінің жетекшісі Смагулова Айдана Қалдыбекқызы
«Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары» ашық сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға компьютер құрылғылары туралы нақты білім беру.
Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, топтық жұмыс, сұрақ жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа сай дайындалған слайд, видеоролик, плакаттар, суреттер
Құрал жабдықтар: жұмыс дәптері, А4 парақтары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
Ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру
Б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Информатика сыныбындағы қауіпсіздік ережесін сұрау
88
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1-сұрақ: Пайнт редакторы дегеніміз не?
2-сұрақ: Пайнт редакторы қандай программаның ішіне кіреді?
3-сұрақ: Пайнт редакторының қалай іске косады?
4-сұрақ: Дайын суретті қалай сақтауға болады?
5-сұрақ: Пайнт редакторының жұмыс аймағында қанша құрал бар?
6-сұрақ:
7-сұрақ:
8-сұрақ:
9-сұрақ:
10- сұрақ:
11-сұрақ:
ІҮ. Жаңа сабақ
Дербес компьютер – бұл бір-бірімен байланысқан, әрі әрқайсысы өзіндік белгілі бір қызмет
атқаратын электронды құрылғылардың жиынтығы. Компьютердің негізгі құрылғылары:
Жүйелік блок (системный блок) – бұл компьютердегі кез келген ақпараттарды (текстік,
графиктік т.б) электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен қабылдауға
және өңдеуге негізделген құрылғы.
Жүйелік блогқа компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған
қосқыштары орналастырылған, сонымен қатар жүйені электр тоғына
ұосатын батырма қойылған.
Оның ішінде:
-Аналық (материнская, системная плата)
-Процессор
-қоректендіру блогы
-жедел жад
-Қатты диск
-СД-РОМ
-көрініс платасы
-дыбыс платасы
Процессор – ол компьютердің басты бөлігі. Ол өзіне ұсынылған программа бойынша есептеулерді жүзеге асырады және
компьютерлерді жалпы басқарады. Оны кез келген компьютердің миы деуге болады.
Монитор (дисплей) бұл кез -келген ақпараттарды (текстік, графиктік т.б) экранға шығаруғанегізделген құрылғы.
Мониторды адамға ақпараттарды беріп отыратын компьютердің «тілі» деп қарауға болады. Монитордың алдында көп
отыруға болмайды себебі:
-Көз тез шаршайды;
-Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электромагниттік және ультракүлгін сәуле бөлініп отырады;
-20 минут жасағаннан кейн 5 минуттай демалыуды, көз жаттығуларын жасап отыруды ұмытпа!
Пернетақта (клавиатура) – бұл кез -келгенақпараттарды (сандық, символдық және т.б)
компьютерге енгізуге негізделген құрылғы. Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі
есіңнен шығарма:
-Пернелерді ақырын басу;
-Қатты соққылардан сақтану;
-Қолың таза және құрған болу керек;
-Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды;
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді:
Тышқан (мышь) – бұл компьютерде берілетін командалары жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы. Тышқан екі
немесе үш батырмалы болады. Тышқанмен жұмыс кезінде: білек түзу болу керек. Тышқан күш
салып басуға болмайды. Тышқанмен жұмыс істегенде қолды түгелдей созуға болмайды.
Тышққанды еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.
Компьютердің қосымша құрылғылары:
Басу құрылғылары (принтер) бұл кез- келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға
негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
Матрицалық лазерлік Сия бүріккіш
Сканер – бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей
оқитын құрылғы.
Дыбыс колонкалары –дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын
тетік.
89
Модем – бұл ғаламторға қосылуға мүмкіндік беретін құрылғы.
Диск, флешка, дискета – бұлар ақпаратты тасымалдайтын құрылғы.
Ү. Сабақты бекіту Компьютер құрылғылары туралы жұмбақтар шешу:
1-жұмбақ:
Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.(монитор)
2-жұмбақ:
Ұзынтұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.(пробел)
3-жұмбақ:
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені.(кактус)
4-жұмбақ:
Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам қағазсыз.(пернетақта)
5-жұмбақ:
Батырмасын бассаң,
Қажетті файлды ашасың.(тышқан)
6-жұмбақ:
Жұртты өзіне қаратқан,
Ақпаратты сақтап таратқан.(флешка,диск,дискета)
ҮІ.Сарамандық жұмыс (жұптық жұмыс)
Әр компьютерге екі оқушыдан отырып кез келген компьютер құрылғыларының суретін Пайнт графикалық редакторында
салады. (10 минут уақыт беріледі).
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
•
Бүгінгі сабақта көзің арқылы нені меңгердің?
•
Бүгінгі сабақта құлағың арқылы нені меңгердің?
•
Бүгінгі сабақта қолың арқылы қандай қызмет атқардың?
ҮІІІ. Бағалау
ІХ.Үй тапсырмасын беру
* * * * * * * *
ОҚО Шымкент қаласы №103 жалпы орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Асанбаев Ғани
Тақырыбы: Көңілді эстафета ойыны 5 –сынып
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушылар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ә) Күш-қуат пен секіргіштікті дамыту
Б) Оқушылардың денсаулығын нығайту, ой-өрісін өркендету.
Құрал-жабдықтар: Ысқырық, уақыт өлшегіш, доптар, эстафеталық таяқшалар
Өтілетін орны: спорт залы
№
Сабақтың мазмұны
Жүктеме
мөлшері
Эстафеталық нұсқаулар
Д
А
Й
Ы
НД
Ы
Қ
Б
Ө
Л
І
М
І
Қатарға тұр, аяқтың ұшын түзет, түзеліңдер. Түзу тұр.
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Түгелдеу. Спорт киімдерін тексеру.
Саптағы жаттығулар: Оңға , солға, артқа айналып бұрыл. Бір орнында
қадам бас.
Залды айналып қадам бас. Залды айналып баяу жүгіру Тыныс алу
жаттығуы
Жүру жаттығулары:
Қол белде аяқтың ұшында
Қол желкеде, аяқтың өкшесімен жүру
Қол белде жартылай отырып жүру
Толық отырып жүру
Жүгіру жаттығулары:
Қол бел тұсында, тізені жоғары көтеріп жүгіру
Қол белде аяқты алға сермей жүгіру
Қол арқада, өкшені тигізе жүгіру
Қол тізеде, қаз жүгіріспен жүгіру
Сол иықпен тіркеме адымдап жүгіру
Жылдамдыққа жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
Қолды алға созамыз, қол жоғарға, жанға және түсіреміз.
Қол белде, басты оңға, солға айналдыру
Қол иықта, қолды алға-артқа айналдыру
Бір қолды көтеріп бір қол белде, оңға- солға иілеміз
1 мин
2 мин
3 мин
4 мин
Техника қауіпсіздік
ережесімен таныстыру
Жүру сол аяқтан
басталады
Жүгіргенде мұрын
тыныс жолдары арқылы
тыныс алу
Ара қашықтықты
мұқият сақтау
Бір қатарлы саптан төрт
қатарлы сап құрау
Жаттығулардың дұрыс
орындалуын қадағалау
Әр жаттығуды 5-6 рет
қайталау
Қолды тік ұстау
Тізе буынын бүкпей
түзу ұстау
90
Б.Қ аяқ иық кеңдігінде, қол мықында 1-2-3-4 тұлғаны оңға айналдыру,
тұлғаны солға айналдыру
Бір қол жоғары екіншісі төмен қолды алға- артқа сермейміз
Аяқ алшақ қол жанында оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа жеткізу.
Қол алға созылған, созылған қалыпта аяққа жеткізу, аяқтың ұшына отыру.
Б.Қ аяқ иық кеңдігінде
1-2-3-4 оң аяқпен жоғары секіреміз
1-2-3-4 сол аяқпен жоғары секіреміз
5 мин
Қолды жеткізу
Н
Е
Г
І
З
Г
І
Б
Ө
Л
І
М
Оқушыларды бір сапқа тұрғызып, 1-2 ден санатып, екі командаға бөлу
Әр командаға ат қою және эстафеталық ойынды бастау
Өтілетін сайыстар:
•
Эстафеталық таяқша
•
Тоқта, жалғастыр
•
Допты аяқ арасына қысып алып, кедергіні айналып өту
•
Доптарды жеткіз
•
Басымызға зат қойып, кедергіні айналып келу
•
Жылдам доп
•
Допты бастан және аяқтан өткіз
1 мин
4 мин
4 мин
4 мин
4 мин
4 мин
4 мин
Бір қатарлы лектен екі
қатарлы лек құрау
Бір-біріне таяқшаны
өткізу
Саптағы оқушылардың
аяқ арасынан доп өткізу
ҚО
Р
Ы
Т
Ы
Н
Д
Ы
Оқушыларды бір қатарлы сапқа тұрғызу
Оқушыларға тыныс алу жаттығуларын жасату
Оқушыларды марапаттау
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру
Шалқадан жатып, денені көтеру. Аспаға тартылу. Таңертеңгілік жаттығуды
әдетке айналдыру
Оқушылармен қоштасу
Ұйымдасқан түрде спорт залдан шығу
5 мин
Терең тыныс алып,
демалу, қолды жоғары
көтеріп, төмен түсіру
Тынысты терең тысқа
шығару
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылы
«Айгөлек» балабақшасының әдіскері Аттиева Гүлжан Аманжолқызы
Білім саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жайлауда
Мақсаты: балалардың жайлау туралы түсініктерін қалыптастыру. Көктем мезгілінің
ерекшеліктерімен таныстыру. Тілін дамыту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдісі: түсіндірі, әңгімелесу, ойын.
Дамытушылығы: балалардың ойлау қабілетін арттыру, сауаттылыққа баулу.
І.Ұйымдастыру.
-Кәне балалар, апайлармен амандасып алайық.
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме! – деп,
Сәлемдесіп аламыз.
-Жарайсыңдар балалар, бәріміз орнымызға жайғасайық.
ІІ.Негізгі бөлім.
-Балалар, қазір күн жылынып, көктем мезгілі келді. Көктем мезгілінде 3 ай бар. Қане барлығымыз бірге көктем айларын
атайық. Наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде дала жасыл түске боялады. Ағаштар бүршік жарып, алуан түрлі гүлдердің
түрлері өсіп шығып жер беті жайнайды. Сонымен бірге көктем мезгілі болғанда адамдар төрт түлікті жайлауға апарып
бағады. Жайлау деп малдардың еркін жайылып, суаруға ыңғайлы жерді айтамыз. Міне мына жерде жайлаудың бейнесі
бейнеленген. Қараңдаршы, бұл жерден не көріп тұрсыңдар?
-сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы.
-дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар. Бұл жерде киіз үй тұр иә, бұл ертеде шопандар мал бағу үшін көшіп-қонып
жүргенде алып жүруге ыңғайлы үй түрі. Қане бәріміз киіз үйдің құрылысын бірге қайталап айтайық.
Сөздік жұмыс: ге, ге, ге, кереге; рақ, рақ, рақ, шаңырақ; у,у,уық. Лау, лау, лау, жайлау.
Балалар енді осы төр түлік туралы тақпақтар айтайық:
1-бала: Айналайын торпақ, 2-бала: Құлын-құлын, құлыншақ
Бола берме қорқақ. Желкілдейді тұлымшақ,
Тар болып тұрса аула, Маңдайында жұлдызы,
Тысқа шықта заула. Құйрығында құндызы.
3-бала: Жалт-жұлт етіп лақ,
Жағалайсың бұлақ.
91
Секірем деп бірақ,
Қала көрме құлап.
Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар болып иіліп,
Киіз үйді құрайық.
«Жайлай көркі» өлеңі
Табиғат әлемі,
Гүл толған әдемі.
Ұйқы ашар сағаттай,
Бозторғай әуені.
Сайға түс, қырға шық
Жүресің гүл басып.
Көбелек алдайды
Бір қонып, бір қашып.
Балаларды сурет бойынша
гімелету.
әң
Дидактикалы ойын: «Т лдерін тап»
қ
ө
Шарты: суреттердегі төрт түліктің төлдерін тауып орналастыру және олардың дауыстарын салу.
ІІІ. Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі тақырыбымыз қандай?
-Жайлау.
-Жайлауға қай мезгілде шығады?
-Көктем мезгілі.
-Төрт түлікті атаңдар.
-түйе-бота, жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ.
-жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Ақылды екендеріңді көсеттіңдер.
* * * * * * * *
Қызылорда облысы Жосалы кенті Қармақшы аудандық оқушылар үйі
«Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі Сматова Мархабат Қанибекқызы
Сабақтың тақырыбы: «Құмырсқаның біз білмейтін сырлары» (ашық сабақ)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға құмырсқаның қандай сырлары бар екенін және еңбекқор жәндік екенін айта отырып,
жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді танып,баға беруді үйрету;
ә) дамытушылық: Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, еңбек ете білуге баулу;
б) тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге, барлық тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: ой қозғау, сұрақ – жауап, түсіндіру,бағалау, т.б.
Пән аралық байланыс: биология,қазақ тілі, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,үлестірмелі материалдар, суреттер,т.б.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: дәптер,қаламсап,сызғыш,қалам,өшіргіш, т.б.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу;
ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
в) Оқушыларды психологиялық қалыптастыру (зейінін аудару)
· Менің көңілім жақсы;
· Мен сабақты жылдам орындаймын;
· Мен сабақты жақсы оқимын;
· Менің жазуым жақсы;
· Менің тәртібім жақсы.
Сабағымыздың ұранын еске түсірсек:
«Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін!»
Оқушы ережесін қайталап алайық!
1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзін бөлмейміз;
3. Бір ғана адам сөйлейді, «көтерілген қол ережесі»
4. Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;
5. Өз ойларымызбен бөлісеміз.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақ бойынша оқушылардан «Он сұрақ!» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты қалай меңгергендерін
білемін.Үй тапсырмасын тексеріп, бағалау.
1. Жыртқыштық дегеніміз не?(жануарлардың бірін –бірі жеуі)
2. Комменсализм деген не? (масыл деген мағына білдіреді)
3. Ішкі паразитизим деген не? (ішек құртының адам ішегінде адам сүруі)
92
4. Сыртқы паразитизм деген не? (кене жануарлар немесе адамдардың терісінің ішінде қанын сорып тіршілік етуі)
5. Ең қарапайым және ең кішкентай жануарлар? (біржасушалы -амеба, инфузория (кебісше))
6. Жыртқыш жануарлар нелер? (бүркіт,арыстан,жолбарыс,қасқыр)
7. Адамдар жануарларды қалай қорғайды? (жануарлар дүниесін қорғау және сақтау мақсатында «Қызыл кітап» жарық көрді)
8. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың ішінде нелерді білесің?
9. Омыртқасыз жануарларға нелер жатады (өрмекші тәрізділер, көп аяқтылар, буынаяқтылар, моллюскалар)
10. Жәндіктердің қанша түрі анықталып зерттелінді? (1,5 млн)
Қызығушылығын ояту.
Ине бел,қылқа мойын,қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр. Бұл не? (құмырсқа)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.(құмырсқа)
IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тұқымтопқа әртүрлі даралары бірлесіп тіршілік ететін бунақденелілердің бірі – құмырсқа. Көбейе алмайтын аналық
құмырсқалар – жұмысшылар илеу салады да, өзіне қорек тауып, аналық дернәсілдерді қоректендіреді және жауынан
қорғайды. Шілде айында илеуден қанатты даралар-аталық және аналық құмырсқалар көріне бастайды. Шомбалдау келген
аналық құмырсқа ұрықтану соңынан қанатын өзі жұлып тастайды. Илеуде тұқымтоптың тағы бір мүшесі –әскер құмырсқа
болады. Сөйтіп құмырсқалардың тұқымтобында анатты аналы , аталы , анатсыз
қ
қ
қ қ
ж мысшы
ұ
және скер
ә
жұмысшылар
бірге тіршілік етеді. Әскер құмырсқаның басы жұмысшы құмырсқадан үлкен болады.
Құмырсқалар бір-біріне мұрттарын түйістіру арқылы өз туысын немесе бөтен екенін айырады, және тоқ құмырсқа
құрсағындағы көректік сүйықты құсып бередіде, аш құмырсқа оны жалап алады. Сонымен бүкіл илеу азықпен бір келкі
қамтамасыз етілген болады.
Жамбыр жауар алдында құмырсқалар илеудің есік-тесігін бекітеді, ал ауа райы жақсы кезде кейде өздерінің аппақ
«жұмыртқаларын» яғни қуыршақтарын жылытуға алып шығады. Бұл қуыршақты «құмырсқа-ханым» салады. Илеудегі
барлық жұмысты жұмысшы құмырсқалар істейді. Олар илеу жасайды, азық қорын жинайды, қорғайды.
Құмырсқа-адамның досы. Ол орманды «аурудан» сақтайды. Құмырсқалардың 12сағат ішінде 33мың жұлдыз құртын илеуге
әкелгені есептелген. Құмырсқа илеулері тұрса, сол жерде орман дерттен аман және таза болады.
Өзара көмек, жанпидалық, өз міндетін ғана атқарып, басқалардың ісіне араласпау, қарақан басын емес, қоғам мүддесін алға
қою секілді қасиеттерді біз жоғары бағалаймыз. Бұндай қасиеттер бізге трансформация, эволюция немесе табиғи селекция
секілді гипотезалармен келмегендігі ақиқат. Эволюционерлер бізді сексен миллион жыл бұрын өмір сүрген жабайы ара
түрінен пайда болған деуде. Одан да күлкілісі, қоғам болып, бірігіп өмір сүргеннің артық екенін құмырсқалар өздері ойлап
тапты деуде. Мейлі, біз бас қосып, құрылтай өткізіп, бұдан кейін жеке-жеке емес, қоғам болып өмір сүрелік деп келісіппіз.
Ал, сонда әр түрлі кәсіппен айналысуды, дене пішіндеріміздің әр түрлілігін, көбею тетіктерімізді қалай ойлап таптық? Бізде
ондай ғылым да, құдірет те жоқтығы өзімізге аян.
Патшайым және әскерлер Біздер о баста жаратылысымыздан патшайым, жұмысшы, әскер болып өз арамызда бөлінеміз.
Сонда бұндай айырмашылықтар қалай пайда болды? Патшайым құмырсқаларды бағып-қағу ісін жұмысшы құмырсқаларға
кім тапсырды? Эволюционерлерге сенсек, әркім өз басын ойлап, өзгелермен қырқысып өтпей ме? Әскер құмырсқалар
қарауылдауды қайдан үйренді? Осыншама жанпидалық пен өзара көмекті үйретіп, миллиондаған бір текті жәндікті сүттей
ұйытқан бір ғана Жаратушы емей кім?!
Кейде 2,5-3 шаршы шақырымды тұтастай мекендейтін кездеріміз де болады. Бір-бірімен тонның ішкі бауындай араласқан
40-45 мың, ұяда шамамен бір миллион патшайым, 300-350 млн жұмысшы құмырсқалар еш кикілжіңсіз, тату-тәтті өмір сүре
береді.Ұрпақ ісіне жауапты аналық құмырсқалар өмір бойы тек қана жұмыртқа шығару ісімен айналысады. Бір патша елінде
бірнеше патшайым кездесуі бек мүмкін. Ірі денелі аталық құмырсқалардың міндеті – патшайым құмырсқамен аз ғана сәт
ұшырасып, ұрықтандыру. Өз міндетін атқарған аталық құмырсқа кешікпей тіршілікпен қоштасады.
Әскерлеріміз «химиялық қарумен» мұздай қаруланған. Бастары мен ауыздары ерекше бітімге ие. Оларда елді қорғаудан
басқа бөгде мақсат болмайды. Ал, экономикамызға жауапты жұмысшыларымыздың бәрі – қысыр, аналық құмырсқалар.
Жұмысшыларымыздың бір бөлігі төл құмырсқалар мен патшайымды асырайды. Бір бөлігі жаңа дәліздер ашып, жаңа
ұрпаққа орын дайындайды. Тағы бір бөлігі азық іздеумен болады, қандай да бір қорек тапқанда, дереу басқаларына хабар
береді. Әскерлер мен жұмысшылардың арасында құрылысшылар, жинақтаушылар, тәрбиеші, тұтқындар да бар.
Құмырсқа қауымының экономикасы негізінен жұмысшыларымыздың мойнында. Аузы мықты жұмысшылар бидай дәнін
уату үшін басқа жұмысшылармен де бірлеседі. Олар әбден уатқан бұл бидай дәндерін жібітіп, қамыр қылып, артынша оны
кептіруге күн астына жайып қояды. Содан қыстық азығын дайындайды.
Кейбір түрлеріміз өсімдік биттерін (aphid) арнайы қораларда ұстайды. Тура сіздердегі тауық қора мен қой қора сияқты.
Өсімдік шырынын сорып, өсімдіктерге залалын тигізетін бұл биттер өздеріндегі таңғажайып биохимиялық тетік арқылы
өсімдіктің шырынын шәрбатқа айналдырып, оны денесінің артқы жағынан сыртқа шығарады. Жора-жолдастарымыз осы
биттерден шыққан бал шәрбатын қорек етеді. Мұнда да әркім өзіне тиесілі жұмысын атқарады. Кейбіреуі биттердің
шәрбатын сауса, енді біреулері соларға орын дайындайды. Тағы біреулері биттердің жұмыртқаларын асырайды. Оларды
қыста жылы жерлерге, көктемде күн көзіне шығарады. Бәрі жабылып, өздеріне бал жасайтын биттердің қамын жасайды.
Илеудегі ауа ағысы Жүздеген ұядан құралатын илеуіміздің ең басты ерекшеліктерінің бірі – өте нәзік есеппен жасалған
ұяның ішкі климаты. Біз физика, климотология, метереология сабақтарын оқымасақ та, Құдайдың құдіретімен ұяға тән ауа
ағысын реттеп отырамыз. Ұя кіре берісін Күнге, әлемнің магниттік өрісіне қарай бейімдеп жасауды, ауа жолдарының
изоляциясын, күні бойы қалыпты температураны сақтау үшін қажетті желдетуді, жылыту мен суыту тепе-теңдігін ұстауды,
жан саны артқанда жаңа қосымша ұялардың ішкі ауаға кері әсер етпейтіндігін біз өзімізге тән түйсікпен ғана жасаймыз.
Илеу ішіндегі жайлылық, қандай да бір қиын-қыстау заманда дереу көмекке жүгіру Жаратушы құдіретімен ғана іске
асатыны сөзсіз. Мәселен, азық таусылғанда «қоректендіруші» қосымша тетіктер жұмысқа кіріседі. Қосымша асқазандағы
қорек арнайы химиялық өзгеріске түседі. Ол құнары арттырылып барып әлсіздерге беріледі. Азық мәселесі шешілген
кездерде бұлар қайтадан жұмысшыларға айналады. Осы секілді өзара көмек, жанпидалық сезімдері болмаса, елу
миллиондық тұрғыннан құралған «алып мемлекет» қалай тұра алады?!
93
Біз бір ізге түсіп, азық іздеуге шығамыз. Ондайда арттағылар алдыңғылардың иісімен жүріп отырады. Илеулеріміз ылғи да
жер астында емес. Кейде жердің бетіне де, кейбір түрлеріміз ағашқа да илеу сала береді. Жер астындағы қанатсыздарымыз
керек кезінде қанат пайда болып, көбею мүмкіндігін иеленіп шыға келеді. Илеуден ұшып шығады. Ұшу кезінде, не жерге
қонған кезінде аталықтағы ұрық патшайым құмырсқаларға төгіледі. Аналық жұмыртқалауға кіріседі. Ендігі жерде
патшайым құмырсқаның керексіз қанаттары түсіп, жұмыртқалау үшін ыңғайлы ұяға жайғасады. Жұмыртқадан ұрпақ шығу
мерзімі алты-сегіз аптаға жалғасады.
Есте сақтау қабілетіміз өте күшті. Қай жерден өтсек, сол жердің көрінісін дереу есте сақтаймыз. Кейде илеуімізден тым
алысқа ұзап шыққанда, қайта тауып келу үшін Жаратқанның бізге сыйлаған осы есте сақтау қабілеті мен иісшілдігімізді,
сондай-ақ топографиялық түйсігімізді қолданамыз. Бұған қоса, хабарласу жүйеміз өте озық, мәлімет жеткізуде алдыға жан
салмаймыз.
Біз туралы сүре бар. Негізі, мән беріп байқасаңыздар, қасиетті Құранда «Нәмл» (құмырсқа) деп аталатын арнайы сүре бар.
Сол сүрені бір оқып көрдіңіз бе? Сүлеймен пайғамбар біздің тілімізді түсіне алатын еді. Мәселен, 18-аяттың мазмұнын еске
түсіріп көрейікші, «Соңында құмырсқалардың илеуі бар аңғарға келгенде құмырсқалардың біреуі былай деді: - Әй,
құмырсқалар! Илеулеріңе кіріңдер. Сүлеймен мен оның әскері аңдаусызда бәріңді таптап кетпесін». Бұдан мынандай
мағыналарды шығаруға болады: 1. Біздің де өзімізге тән тіліміз бар. 2. Бізді де басқаратын бір басшының бар екендігі. 3.
Бұйрыққа бағынамыз, айтылған нәрсені бір-бірімізге жеткіземіз. 4. Өте тамаша жұмыс істейтін қоғамдық жүйеміз бар. 5.
Арамызда пошташылар мен бақылаушылар да бар. Бұл – менің ғана тұжырымдағаным. Егер бір сейсмолог немесе зоолог
қолға алса, мүмкін біздің жер бетіндегі дүбір мен жер асты дүмпулерді тез сезетіндігімізді де білер ме еді. Жер сілкінісін
зерттеушілер бізге енді-енді ғана көңіл бөле бастады. Біздің аяқтарымыз сілкініс тербелісін сезінуде өте сезімтал. Бұрынғы
адамдар бұны жақсы білетін. Олар біз илеу салмаған жерге құрылыс бастамаушы еді. Өйткені, біз батып кететін сазды жерге
илеу салмаймыз. Қазіргі уақытта биіктігі көк тіреген зәулім үйлердің жылу, желдету жүйелерін арзан әрі сапалы жасау үшін
біздің илеулеріміз мұқият зерттелуде. Тіпті, компьютер мамандары «Құмырсқа отары оптимизациясы алгоритмі» деген
атпен мұнай танкерлерін шашау шығармай жеткізуде илеулеріміздегі қалыптасқан жүйеден үлгі алуға тырысуда.
Патшайымдарымыздың өмірі жиырма жылға созылса да, біз оларды бағып-қағудан жалықпаймыз. Өйткені, олар
жұмыртқалап, үнемі біздің санымызды көбейтумен болады.
Адамдар, бізді кішісініп, көзге ілмей жүрмеңіз. Біздің бес жүз мың құмырсқа топтасқан тобымыз ірі құсты, бір қасқырды
немесе жылқыны жайратып сала алады. Тістеу, сұғу, қышқыл шашу секілді түрлі қаруымыз баршылық.
Мадагаскар аралында мекендейтін «Адетомирма» деп аталатын бір түріміз өз төлдерінің дене сұйықтығын талғажау етеді,
кейбір түрлерімізге ет жеу де таңсық емес. Мейлі, шөптесін өсімдікпен, мейлі, етпен қоректенсін, біз жер бетін үнемі
тазалап отырамыз. Оңтүстік Американы мекендейтін «Трачимирмекс» деп аталатын түріміз илеуінде саңырауқұлақ өсіріп,
сонымен қоректенеді. Тағы бір «Атта» деп аталатын түріміз де саңырауқұлақтар өсіреді. Алайда, алдыңғысынан
айырмашылығы – ол осындай өсімдіктердің жапырақтарын қырқып, ініне төсейді. Соның жылуы мен ылғалын
пайдаланады. Басқаларды құл ретінде жұмсап отыратын кейбір түрлеріміз де бар.
Құрметті, адам баласы! Бұдан кейінгі уақытта абай болғайсыз! Аяқ астындағы мен секілді жәндікті таптап кетпеңіз. Адам
қаншалықты ардақты жаратылыс болғанымен, біз де тым елеусіз жәндік емеспіз. Ұлы Жаратушы шеберлігінің нәзік те
ғаламат туындысымыз. Олай болса, ендігі жерде көзге іле жүрерсіз!
IV. Сарамандық жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |