Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


Оқу мақсаттарының негізгі категориялары



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата21.02.2017
өлшемі9,29 Mb.
#4602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;    2) Түсіну;  3) Қолдану;  4) Талдау;  5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);  6) Бағалау.  І. Білу 
Таным мен ойлаудың де төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын 
тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. 
·Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды); 
·Нақты фактілерді біледі; 
·Жұмыстың орындалу ретін біледі, 
·Негізгі ұғымдарды біледі; 
·Ережелерді, қағидаларды біледі. 
ІІ. Түсіну 
Таным мен ойлаудың орта деңгейі. 
Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілермен идеяларды түсінетіндегін 
көрсету: 
Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады: 
Аударма жасау /трансляция/ – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру 
(мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» 
түсіндіру, қысқаша баяндау; 
Экстраполяция-/ Жорамалдау/ Құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату; 
– оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау. 
·Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді; 
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді; 
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді; 
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды. 
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; 
сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін 
болжау.
ІІІ. Қолдану 
Таным мен ойлаудың орта деңгейі. 
Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және 
мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, 
теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек 
игеруді талап етеді. 
— Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; 
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады; 
— Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді. 
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір. 
Оқушыларда метафора мен теңеу туралы түсiнiк бар (Білім), олардың айырмашылығы да белгiлi (Түсiну), ендi олар 
Абайдың “Қыс” өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек. 
7

ІV. Талдау 
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. 
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын 
дәлелдерді анықтау. 
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің 
бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның 
ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді. 
V. Жинақтау 
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. 
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну; 
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу 
материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай 
оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап 
етеді. 
— Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады; 
— Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады; 
— Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады. 
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз. 
1. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, 
нәтижесiн бақылау). 
2. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну 
VI. Бағалау 
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі. 
Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау.Оқу 
материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу 
нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. 
— Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды; 
— Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады; 
— Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды.
Рефлексия 5мин Өткізілген сабақ туралы өз ойларымен бөлісу (кері байланыс парақтарын толтыру).
Қорыта келгенде, мен өз сөзімді Л.Н.Толстойдың мына бір сөзімен аяқтағым келеді: «Неге біз алға үнемі ұмтыламыз? 
Өйткені өмірдің мәні – жаңалық ашу ғой». Осы дана адамның сөзін негізге ала отырып, біз оқушыларды жаңалық ашуға 
үйренуге ықпал жасап отыруымыз керек.
Шеберлік сыныбының мақсаты: Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категорияларын 
зерделеу және Блум таксономиясын сабақ жоспарында қолдануды негіздеу.
Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау дағдыларын жетілдіру  Блум 
таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру 
Сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді, сұрақ қойып, физикалық шамаларды ажырата алады, заңдардың 
тұжырымдамасын біледі және әр түрлі мысалдарда  қолданады; 
Оқушылар сабаққа белсенді араласа бастады. Мысалы: зерттеуге алған тақырып мәні ашылып  оқушылардың пәнге деген 
қызығушылықтары  жоғарылай бастады; 
 Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берілгенде оқушылар өздерін шығармашылық жағынан көрсете алды. 
 Оқушылардың жалпы пәнге деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артты. 
 Қолданылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
 2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 
 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» «ДББ, 2012» 
 3.С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» 
 Қарағанды,2011 
 4. «Физика» Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал. №6. 2010 ж.
5. «Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру» әдістемелік көмекші құрал. Қызылорда, 2012 ж.
 * * * * * 
ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы, "Найманбай атындағы орта мектебі" КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чушекова Минар Калыкеевна
Тақырыбы: Алаш а атым шы ан  сет едім ... 
қ
ққ Ә
Мақсаты: 1.Білімділігі: Әсет Найманбайұлының өмірі мен  шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып,ақын өнерін 
 дәріптеу.
  2.Т рбиелік: 
ә
Ақынның өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа,Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
 3 Дамытушылы :
қ  Майталман ақынның шығармаларын үлгі тұтуға,танымдық пен ізденімпаздыққа баулу,мәнерлеп оқу
 шеберлігін арттыру. 
Сабақ түрі: ізденіс-зерттеу сабағы    Сабақ әдісі: дәлелдеу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу т.б.
Көрнекіліктері: портреті, сызбалар, газет материалдары т.б.   Пәнаралық байланыс: тарих,музыка
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын сұрау 
8

Кіріспе. Мұғалім сөзі:  Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Алашқа атым шыққан Әсет едім» деп аталады.  
Қазақтың өнер аспанында  жарқыраған шоқ жұлдыздарының бірі - Әсет Найманбайұлы. Қазақтың қанындағы ұрпақтан  
ұрпаққа   ұласқан   үш   бірдей   ұлы   қасиеті   Әсетке   дарыған.   Ол   -   дүлдүл   ақын,   бұлбұл   әнші,   белгілі   сазгер.Тәңір   берген 
талантының шырқау шыңына, түпсіз терең сырына  көз жетпейтін осынау ғажап адам, халқымыздың маңдайына  біткен 
рухани   шоқ   жұлдыздарының   бірі   -   Әсетті   мәңгі   есте   қалдыру   ақынның   асыл   елі,   сүйікті   жұрты   мақаншылықтардың  
мойнына жүктеліп отыр.
 Осы қасиетті борыш, биік мұрат-мәртебенің мәресінен көріну - Әсет атындағы білім ордасы болғандықтан біз үшін де аса 
абыройлы оқиға, әрі ауыр сын.
 Әсет бір ғана атаға, бір ғана аймаққа тән ақын емес, ол - бүкіл қазақ халқына тән ұлттық ұлы ақын. Әсеттің бір ерекшелігі  
өзінің бойындағы ақындық,сазгерлік,орындаушылық қасиеттерді жіпке тізіп, өзіне-өзі баға бере алуында.
 Алашқа атым шыққан Әсет ақын , 
 Өлеңім жан жолдасым болған жақын . 
 Ақтарып ағытқанда түйдегімен, 
 Мейірін тыңдаушының қандыратын . 
 Жігіттер, өкінсеңдер әнімді аңсап, 
 Армандай еске түсер менің даңқым. 
 Сөздерді інжу – маржан ақтарғанда, 
 Нөсердей сорғалатып жаудыратын,- деуі бұған дәлел. 
 Балалар, өздерің білесіңдер, біз Әсеттану пәнінен Әсеттің өмірі, шығармашылығы, оның ұрпақтары туралы көп оқыдық,  
білдік, іздендік. Енді бүгінгі сабағымызда Әсетті сан қырынан байқау үшін өздерің жинақтаған еңбектермен таныссақ. 
1- оқушы: Асқақ ақын , әйгілі әнші, дарынды сазгер Әсет Найманбайұлының тұрған жері, өмір сүрген ортасы, өнер шашқан 
ордасы сөз болғанда , біздерді, мақаншылықтарды мақтаныш 
сезімі биледі. Өйткені , біздің өлке – есімі алты алашқа белгілі, аққуға үнін қосқан Әсеттің ғажайып сұлу өнерін туғызған 
қасиетті өлке. Бүгінгі күнде Әсеттің сүйегі арғы бетте Қытай
жерінде жатса да , оның ұрпақтары біздің елімізде. Оның Ләйлә, Ләззәт,Бақыт, Ардақ, Біржан есімді немерелері бар. Ләззат 
есімді немересі біздің ауылымызда тұрса, оның балалары біздің мектебіміздің оқушысы. Әсеттің әйелі Тәтежан, қызы 
Сәмөгей , ұлы Қожеке Бақты ауылында қайтыс болып, сонда жерленген. Әсет Найманбайұлының туған жері туралы 
деректер әр түрлі. Бұл туралы мен көптеген мәліметтерді оқи отырып, Әсет мұра- жайының директоры Әбен Тұйғынұлына 
жолыққан едім. «Әсет қай жерде дүниеге келді?» деген сұраққа ол кісі өзі жауап берсе. 
 
 ( С з “ сет” м ражайыны  директоры,  Р М дениет  айраткері  бен Т й ын лы Разуев а беріледі .) 
ө Ә
ұ
ң
Қ
ә
қ
Ә
ұ ғ ұ
қ
 
 2-оқушы: Ұғымтал, зерек Әсет 13-14 жасқа келгенде қиссаларды жатқа айтады. Ол ауылға келген әншінің әнін, жыршының 
сөзін, тіпті бақсының зікірін де екі айтқызбай жаттап алып, елге таратады екен. Сөйтіп, ол әнші, ақын Әсет атанды. Бірақ  
Әсеттің   басына   ауыртпалық   орнап,   әкесі   қайтыс   болған   соң,   Көктал   болысына   қарасты   Байжігіт   еліндегі   нағашысына 
барады. Сонда жүріп өз өнерін шыңдай береді, өнерпаздығы дүйім елге тарайды. 
Айналаға әбден атағы жайылып, белгілі, белді өнер иесі болады. Арқаның әсем әндерін, Біржан, Ақан, Құлтуманың әндерін 
жалпақ елге таратушы болады. Ол әнді домбырамен де, сырнаймен де айтқан. Оның даусы айрықша зор болса керек.
  3-оқушы:  Әсет Абай ауылында болып, одан көп тағылым алған. Ән мен күйді жоғары бағалайтын Абай Әсетке әншілік  
өнер туралы көп өсиет айтқан екен. Сапарғали Бегалиннің айтуы бойынша Жақсылық Төленов деген кісі кезінде Әсеттің  
сырласы   болған.   Біраз   уақыт   қасында   жүрген.   1945   жылы   ол   кісі   Сапарғали   Бегалин   мен   Мұхтар   Әуезовке   қалай  
жолыққанын әңгімелеп берген. «Әншілік өнерімнің аспандауына Абайдың көп сөзі сабақ болды», - дейді Әсет. Абай сияқты  
ол   да   ақындықты   халқын   оқу-білімге   шақыруға,   жастарды   жақсы   мінез-құлыққа   тәрбиелеуге   пайдаланған.   Ол   қазақ  
халқының білімді, мәдениетті, тәуелсіз ел болуын аңсаған. 
  4-оқушы:  Әншілік   өнерін   әбден   меңгерген   соң   ғана   Әсет   жанынан   ән   шығара   бастаған   екен.Әсеттің   халық   арасына 
танымал болған әндері « Хисмет» , « Ырғақты», «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Інжу-Маржан», «Қарагөз», « Әпитөк»,  
«Алакөлім» т.б. Ол - 
30-жуық классикалық әндердің авторы.Оның ақындық өнері мен сазгерлік дарыны тепе-тең түсті десек , жаңылыспаған  
болар едік. Әсет ән салғанда тыңдаушының құлақ құрышын қандыра, асқақтатып, шалықтатып, неше алуан етіп, құбылтып  
отыратын. Ол - сол кездегі халықтың сахарадағы бұлбұлы болып « Әсеттей сал ән салсаң, асқақтатып» деп аңызы шыққан  
адам.
 Әсет әндері туралы ойымызды музыка пәнінің мұғалімі  Э.Рүстемқызы толықтырып өтеді.
Э.Рүстемқызы   :  Әсет   әндері   айтуға   ауыр.Оған   зор   дауыс   қажет.   Сондықтан   екінің   бірі   Әсет   әндерін   айта   бермейді.  
М.Ержанов, Б.Төлегенова, Д.Рақышев сияқты белгілі әншілер Әсет әндерін шебер орындап бізге жеткізген. Елімізде жыл  
сайын “ Ән салсаң Әсеттей сал” атты әншілер сайысы өтіп тұрады. Жерлесіміз Сайлау Уәлиев те Әсет әндерін шебер  
орындаушылардың бірі.
 Темірханов Серік « пит к», Сейітханов Олжас « сиет»  ндерін орындайды.
Ә
ө
Ө
ә
 5-оқушы: Ақынның өзі көзі тірісінде бірде-бір өлеңі баспа бетінде жарық көрмеген. 
 -Менен сорлы ақын да өтті ме екен?
 Бір сөзі баспа орнына берілмеген, - деп ол «Ақырғы сөзінде» өкініш етеді. 1914 жылы күзде Әсет Шәуешек қаласындағы  
танысы, ұйғыр саудагері Сейітқашым деген кісіге өзінің біраз қолжазбаларын әкеп беріпті. «Осы өлеңдерімді « Қазан»  
баспасына жібер» - деген екен. Бірақ бір себептермен ол өлеңдер баспаға жеткізілмеген.
  6-оқушы:  Ақын шығармалары өзі өлгеннен кейін 40 жылдан соң, өзін көр- гендердің қатары кеми бастағанда зерттеліп,  
жинақтала бастады. Қазіргі таңда ақынның 300-дей өлеңі, 30-ға жуық дастаны, 20-дай айтыстары, 30-ға таяу әндері бар.
 (схеманы көрсетеді)
7-оқушы: Әсет өлеңдері сан алуан тақырыпта. Мен Әсеттің өлеңдерін оқи келе, тақырыптарын былай топтастырдым:  Әсет 
тілге бай, сөзге еркін, ешбір бөгелмей, түйдектеп тастап отыратын шын жүйрік, суырыпсалма ақын еді. Ол өзі сауатты, 
9

мәдениетті адам болғандықтан, кейде айтқан өлеңдерінің қайсыбірін жазып тастап, не жазып бер деген адамдарға жазып та  
беретін болған. Әсет өлеңінің қай-қайсын алып қарасаңыз да, қазақтың жатық, көркем тілімен жазылған. Ол араб, парсыша  
көп оқыса да, өлеңінде ешбір шұбарланған сөз жоқ.
Өлеңдері мәнерлеп оқылады:
Атым-Әсет, ұраным –арғын шордан. 
Жас жігіт надандықпен алданады. 
Қалам тарт, қалма қапыл , талаптанып. 
Жамағат, сен тыңдасаң айтайын сөз. 
Жігіттің жігіт болар бейнесінде. 
Ақырғы сөз.  8-оқушы: Жалпы алғанда, Әсет – суырып салма ақын. Бірақ ол өзінің шығармаларын жазып та шығарған. 
Бұл ретте оның шығармашылығы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ортасындағы көпір іспеттес. Әсеттің басқа ешбір  
ақынға ұқсамайтын ерекшілігі оның төкпе ақын екендігінде. Яғни, оның қай өлеңі қанша шумақ болсын бастан-аяқ бір 
ұйқаспен төгіліп отырғандығы.
9-оқушы:  Ақынның   мол   мұраларының   бірі   -   қисса-дастандары.   Оның   дастан-   дарының   саны   30-ға   жуық.   «Евгений  
Онегин», «Сәлиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім қыз», «Шеризат», «Жәмсап», «Француз», «Нұғыман-Нағым», «Барат қыз» 
т.б. дастандары әдебиетте өз орнын тапты.
10-оқушы: Әсет шығармашылығының айрықша бір саласы – айтыстары. Оның ішіндегі ең көркемі - Ырысжанмен айтысы.  
М.Әуезов: «Көркемдік және мазмұн жағынан көп айтыстан оқшауырақ тұратын Әсет пен Ырысжан айтысы» деп бекерге  
айтпаған. Бұл айтысқа көптеген атақты ғалымдар мен зерттеушілер аса жоғары баға берген. Басқа шығармалары әлі белгісіз  
кезде Әсеттің аса талантты ақын екендігін жұртшылық осы шығармасы арқылы-ақ таныған. Әсет одан басқа Бақтыбаймен, 
Кәрібаймен, Сәметпен, Қалимен, Мәликемен, Кемпірбаймен де айтысқан .  
11-оқушы:  Әсет - өзінің талаптылығы арқасында ел ішінде қадірі де мол, беделі күшті, алғыр, шешен, сері болған адам. 
Бірақ ол әншілік, ақындық, домбыра, гармоншылдығымен халыққа беделі күшті болды. Оны сол үшін халық сүйді, жақсы 
көрді. Ол жүрген жерін той-думан етіп отыратын.
12-оқушы: Әсет Абайға еліктеп, Абайдан кейінгі екінші болып, А.С.Пушкиннің «Евгений Онегинін» аударма жасап, қазақ 
халқына жеткізуі орыс пен қазақ халқының достығына қосқан үлкен үлес деп танимыз. Демек, ақынның орыс тілін де 
білгендігі аңғарылады. «Ағаш ат» атты дастанында «Аударған арабшадан атым Әсет» дегеніне қарағанында, ол араб-парсы 
тілдерін де емін-еркін меңгерген, мұсылманша оқыған жан-жақты, білімдар адам болғандығын көрсетеді.
13-оқушы:  Әсеттің   сан   қырлы   талант   иесі   екендігін   жұрттың   бәрі   мойындайды.   Мәселен,   А.Жұбанов   өзінің   «Замана 
бұлбұлдары» атты еңбегінде «Әсеттің әншілігі ақындығынан кем емес. Өлеңдері қорытқан металдай таза келеді. Әр әншінің  
өзіне тән музыкалық ерекшелігі ба-
рындай Әсеттің өз почеркі бар.Орындауы келіссе Әсет әні сахнаның сәнінің бірі» - деген пікірлер айтқан. Мұны ақынға  
берілген  әділ   баға,  бұлтартпас   шындық  деуіміз   ләзім.  Кенен Әзірбаев:  «Өзім  көрген  әншілердің  ішінде   Әміре  болмаса 
Әсетке пар келер ешқайсысы жоқ-ау деген».
14-оқушы:  1916   жылы   Қытай   жеріне   кетуге   мәжбүр   болған   Әсет   өзінің,   туған   жерін,   елін   сағынады.   Ақын   Шығыс 
Түркістанда жүргенде де қарапайым халықпен бірге болған, өзінің ақындық-әншілік өнерімен көпшілікке қызмет еткен.  
Елде азамат соғысы аяқталып, Қазақстанда Совет өкіметі орнағаннан кейін елге қайтқалы жүргенде ақын қастан- дыққа 
ұшырап, кенеттен 1923 жылы қайтыс болады. Сөйтіп, шет елде өлген ақынның есімін бір кезде ел атауға, ауызға алуға  
қаймықты. Тек соңғы жылдары ғана ол туралы ашық жазыла бастады. 
15-оқушы:  Әсет  өлеңдерінің  бұдан  басқа  әлі   толық  жиналмай,   ел  аузында   жүргендері  қаншама?   Баспа   бетінде  жарық 
көрмеген бірқатар өлеңдерін біледі деген соң, өз аузынан есту үшін арнайы Қаратұма ауылына Шынғазы Қанағатовты іздеп  
барған едік. Бірақ ол кісі көп өлеңдерін білуші едім, ұмытыңқырап қалыппын, кейін есіме түскенде қағаз бетіне түсіртіп,  
жинақтап   берейін   деді.   Әсеттің   терең  ойға,   философиялық   тұжырымдарға   құрылған   бірнеше   өлеңдерін   болашақта   сол  
кісіден жазып аламыз деген ойдамыз.
16-оқушы:  Сонымен   қатар   Әсеттің   көзін   көрген   Қанағатов   Байділда   ақсақалмен   дәмдес,   тұздас   болған   ауылдасы 
Жұмағалым Шөшековпен тілдесіп, ол кісінің қорынан Әсет туралы жазылған көптеген деректерді алдық. «Әсет кезінде арғы  
ауылдан келгендіктен оның өлеңдерін ауызға алуға көпке дейін тыйым салынып келген. Сондықтан Байділда ақсақал да көп 
өлеңдерін жатқа білсе де, кезінде айтуға қорықты. Көрші тұрғандықтан анда- санда көңілді болған сәттерін пайдаланып,  
жазып алғандарым еді», - деп Жұмағалым ақсақал мына жұмбақ өлеңдерін берді. 
 Осы жұмбақтың шешуін бәріміз шешіп көрелік. 
Бір үйдің екі тесік бір мешінде, Бір хайуан күрең қызыл, дөп-дөңгелек, 
Қаланған кірпіші жоқ іргесінде Тамаққа тоып алса, болады көк. 
Төбесі толған тоғай, қалың ағаш Үш күн жатса, байланса бордақ болып,
Мағынасын, шешушілер, білесің бе? Жуандығы кетеді үш есе боп. (Адамны  басы) (Кене)
ң
17-оқушы:  Менің   қолымдағы   мына   газетте   “Асыл   ағаларды   суретке   кім   түсірді?”   деген   мақала   бар.   Бұл   фотосуретті  
түсірген Мұхаметжан Юсупов деген кісі. Әсет өмірінде бір-ақ рет суретке түскен екен. Қазіргі біздің қолданып жүргеніміз  
осы суреттен алынған жеке бейнесі. Енді суреттің тарихына келетін болсақ, 1973 жылғы сәуір айында Шәуешекке келіп  
жатқан қазақ жазушылары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтардың құрметіне мәжіліс жасалған. Бұл мәжілісте  
Әсет те болып, өзінің өнерін көрсеткен. Әсетті естушілер мақтап , оған жоғары баға берді. Сол мәжілістің соңында бір шетте  
отырып түсіп қалған екен.
18-оқушы:  1973   жылы   жарық   көрген   “Ленин   туы”   газетінде   зерттеуші   Абылқасымов   “Әсетке   ескерткіш   керек”   деген 
мақаласында: “Өкінішке орай осы уақытқа дейін Әсетті есте қалдырарлықтай бірде бір шара қолданылмаған. Біздіңше, ақын  
есімі – ауданымыздағы бір мектепке қойылуға әбден лайық. Сондай-ақ аудан орталығы Мақаншыда Әсет атымен бір көшені  
неге атамасқа? Тіпті, ескерткіш белгі орнатса да артық емес”,-дейді.
Осы айтылған талап-тілектер қазіргі уақытта ескеріліп, қазір міне , біздің ауылымыздың қақ ортасында қарқарадай болып,  
“Әсет” мұражайы тұрса, үлкен бір көше Әсет атымен аталады.
10

Бүгінгі   күні   біз   оқып   жатқан   мектеп   те   Әсет   Найманбайұлы   атында.   Сонымен   қатар,   біздің   мектебімізде   Өлкетану  
мұражайы, ондағы Әсет ақынға арналған арнайы бұрыш бар. Мен осы мектепте оқып, білім алып жатқанымды өзіме бақыт 
санаймын. 
Мұғалім сөзі: Тереңнен тебіреніп тыңнан бүгін,
 Төгейін нөсерлетіп думан жырын.
 Шашпасын ақын неге жыр шашуын,
 Әсеттің тойлағанда думан жырын.
 Жырымды ескерткіш қып тарту еттім,
  Қабыл ал , өзің қолда ,ақын баба! , - деп біздің ортамызда бүгін жас ақындар жыр шашуын шашқалы келіп отыр. Жыл 
сайын мектебімізде “Мен Әсетті жырлаймын” деген тақырыпта оқушылар байқауы өтіп тұрады. Оған көптеген оқушы- лар 
қатысады. Солардың ішінен оза шыққан жүйріктері Әсетке арналған өлеңдерін оқиды.
Қорытынды сөз: Балалар, сонымен біз бүгінгі сабақта Әсеттің кім екенін таныдық.
 Шын дарын білем өшпес туған анық,
 Биіктер жылдар өтсе тұлғаланып.
 Қалдым деп бір қиырда қамықпа, ақын!
 Біз жүрміз арманыңды нұрға малып.
 Тірісің мәңгілікке асыл ағам,
 Өлмейді халқы барда асыл адам, - дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. 
* * * * * * * *
ОҚО, Созақ ауданы Қыземшек елдімекені
Ләнде Бөкенов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Айнур Төреханқызы
Орыс сыныбына қазақ тілі пәнінен өткен ашық сабағы
Сабақтың тақырыбы:«Тіл дамыту»
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға әрбір сабақта үйренген сөздерін ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. 
Граматикадан алған теориялық білімдерін практикада қолдану.
ә)Оқушылардың ой-өрісін, танымдық қабілетін, қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
б)Тілге қызығушылықтарын арттыру, еліміздің тарихын, салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері:интерактивті тақта,ақын- жазушылардың нақыл сөздері.
Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Сыныпты екі топқа бөлу.
3.Таныстыру.
4.Өткен тақырыптарды қайталау.
«Мемлекеттік тілді игеру- әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы»
Әр елде, сол елдің негізгі халқына белгілі бір ұлты тұрады. Ал біздің Қазақстанның негізгі халқы-қазақ халқы, ана тілі-қазақ 
тілі, сондықтан мемлекеттік тіліміз де – қазақ тілі.
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру.
2.Сен білесің бе?
3.Өлеңмен өрнектейміз өмірді.
4.Білгенге маржан. Грамматикалық тақырыпқа жұмыс жүргізу.
5.Кім көп біледі? Мақал мәтел.
6. Нақыл сөздер.
7.Кім жақсы аудармашы.
8.Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?
9.Қортынды.
1.Таныстыру.
Оқушылар өздерін таныстырып өтеді.
1-оқушы Жанболат
2-оқушы Софья
3-оқушы Яна
4-оқушы Малика
5-оқушы Асылбек
6-оқушы Аделя
2.Сен білесің бе? Сұрақ-жауап.
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Қ.Р мемлекеттік туының авторы кім?
3.Қ.Р әнұраны қашан өзгертілді?
4.Әнұранның сөзі мен әнін жазған кімдер?
5.Елтаңбаның авторы кім?
6.Елмізде Тіл туралы заң қашан қабылданды?
7.Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?
8.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
9.Қазақтың бес арысы.
10.Қазақтың үш данасы.
11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет