§ 1. Батыс Қазақстанда сауда буржуазиясының қалыптасуы
Қазақ даласына капиталистік қатынастың ене бастауымен бірге
мал өнімдері, белгілі бір дәрежеде жер де, товарға айнала бастады. Егер
ХІХ-ғасырдың бірінші жартысында мал өнімдері көбінесе қазақтардың
жеке отбасылық қажеттілігін өтеуге ғана пайдаланылса, ХІХ-ғасырдың
екінші жартысынан бастап капиталистік қатынастардың, товарлы-ақша
қатынастарының дамуына байланысты қазақтардың арасында мал
өндірісімен және мал сатумен айналысып, өз шаруашылығын капитал
жинақтау үшін жүргізетін белгілі бір топ пайда болып қалыптасты.
Товар өндірісінің дамуы, сауданың кең өріс алуы, жергілікті
рыноктың Ресейлік рынок жүйесіне қосылуы, өндірістік мекемелердің
өсуі қазақ жерінде сауда буржуазиясының қалыптасуына өз әсерін
тигізді.
1897-жылғы санақ бойынша Қазақстанда 20 мыңнан астам
ақсүйектер тұқымы және жеке өз басы дворяндық атақ алғандар мен
чиновниктер болған (1). Тарихшы С.Асфендияров ірі байлардың саны
халықтың 8-10 процентін құрайды (2) деп есептесе, С.Сүндетов Дала
өлкесінде байлар халықтың бестен бір бөлігіне жуық болды деген
тұжырым жасайды (3). Тарихшы-профессор Е.Бекмаханов қазақ
қауымының арасында жаңа әлеуметтік топтың – сауда буржуазиясының
пайда болуы туралы мынадай пікір айтқан болатын: «XIX ғасырдың
орта тұсына қарай қазақтардың экономикалық өмірінде жаңа
әлеуметтік топ – байлар көрнекті орын ала бастады. Қарастырылып
отырған кезеңде «бай» деген сөз басқа бір әлеуметтік мән-мағынаға ие
бола болған. Байлар сауда мен өсімқорлық ақшаға байланысты ерекше
қоғамдық топ болып қалыптасты. Сұлтандар ортасынан да, ру
шонжарларының арасынан да, сондай-ақ көбінесе «қара сүйек»
шонжарлар арасынан да бай – феодалдар өсіп шықты. Бай-феодалдар өз
шаруашылығын жүргізу үшін жалдамалы қызметшілер жалдауды
әдетке айналдыра бастады. Егер ру шонжарларында «туысқандық
көмек» көрсету деген желеумен қоңсылар мен руластары бақташы
болып жұмыс жасаса, ал бай өз қызметкерлерін шарттық (ауызша сөз
жүзіндегі келісім) негізінде белгілі бір ақы беріп жұмысқа жалдады»
(4).
М.П. Вяткин қазақ байларының қалыптасуын сауданың негізінде
товар –ақша қатынасының дамуына байланысты тек ХІХ-ғасырдың
ортасында пайда болған жаңа әлеуметтік құрылым деп есептеді. С.Е.
Толыбеков, В.Ф. Шахматовтар да осы пікірлерді қолдаған теориялық
219
тұжырым жасайды. А. Дорофеев: «Мал рыноктық бағаға ие болып,
айырбастала бастады. Ал бұрын малы көптігімен асыл текті рудың байы
атанған қазақ байлары орыс кулактарына ұқсай бастады» деп, атап
көрсеткен болатын. Қазақ байларының жаңа тобының сауда ісіндегі
ерекшеліктері туралы П.П. Румянцев: «Мал сату бай шаруашылықтарға
ондаған мың сом қаржы әкелетін негізгі табыс көзі болып табылады.
Мұндай табыс қайтадан айналымға түскен кезде ол жүздеген мың
сандарға жетеді» деген пікірде болды. Т.Е. Толыбековтің де сауда
буржуазиясының қалыптасуы туралы негізгі пікірі байлардың
қоғамдағы ролінің арта түсуі мен өзгеруі Қазақстанда товар – ақша
қатынастарының дамуына байланысты деген тұжырымды қолдау
бағытында болды.
ХІХ-ғасырдың орта тұсында ұлттық сауда буржуазия өкілдерінің
қалыптасуы жеделдей түсті. Қазақстанда орыс, татар, және басқа да ұлт
өкілдерімен қатар қазақтардың өз арасында көпестер пайда бола
бастады. Олардың көпшілігі шаруашылықтарын өз ауылдарында
бұрынғыша жүргізе отырып, иелігіндегі малды сатып пайда табу үшін
рыноктармен тығыз байланыс орнатты, ірі орыс фирмаларымен және
банктермен коммерциялық операциялар жасап отырды. Рынок
талаптарына сай бейімделе отырып, қазақ байлары ірі жәрмеңкелер
арқылы орыс өнеркәсібіне шикі зат дайындаушыларға айналды.
Қазақстанның 4 обылысы –Торғай, Орал, Ақмола және Семей -
бойынша 1900-жылы сауда айналымы 100 миллион рубльге жетті (5).
Батыс Қазақстан аймағының Ресей капиталистік экономикасымен тығыз
байланысқа түсуі натуралдық шаруашылықтың товарлы – ақшалық
капиталистік қатынастарға бірте-бірте өтуіне негіз болды. Аймақта
дәстүрлі ірі мал иелері байлар мен қатар жаңа кәсіпкерлер – сауда
буржуазия өкілдері пайда бола бастады.
1896-1903-жылдар
арасында
жүргізілген
Щербина
экспедициясының
материалдары
бойынша
Торғай
облысында
жалдамалы жұмысшылар-батрактар ұстайтын байлардың саны 22.3
процент болды, соның ішінде Ақтөбе уезінде жұмысшы-батрак
жалдайтын ірі байлар 42.3 процент құрады. Батрактар мен басқа да
жалдамалы жұмысшыларды жалдау 1910-жылы бұрынғыдан да өсе
түсті. Осы жылы Ақтөбе уезінде батрактар жалдайтын бай
шаруашылықтар - 92.2 процентке жетті (6)
Белгілі қазақ тарихшы –ғалымы А.Н. Нүсіпбеков: «революцияға
дейін иелігінде жылқыға есептегенде 15 малы бар шаруаны кедейлер
қатарына жатқызған »,-деп атап көрсеткен болатын (7).
1912-жылғы Торғай –Орал қоныстану ауданы партиясының
деректері бойынша Ақтөбе уезінде иелігінде 200-ден астам жылқы
бар 640 отбасы болған. Бұндай отбасылар барлық жеке
шаруашылықтың 3,58 процентін құрайды, ал олардың қарамағындағы
220
мал саны жалпы малдың 25,1 процентіне тең келеді. Осы уезде 100-ден
200-ге дейін жылқысы бар отбасылар саны –1401,яғни-8,23 процент,ал
олардың иелігінде 100339 жылқы болған немесе 21,53 процент. Жалпы
осы көрсетілген байлар тобында Ақтөбе уезі бойынша 2101 отбасы
болып, ал олардың қарамағындағы жылқы саны -216995 басқа жетеді
(8).
Қазақ қоғамында капиталистік қатынастардың енуі шаруашылықты
жүргізудің капиталистік укладының пайда болуына өзінің әсерін тигізді.
Осы өзгерістер мал шаруашылығының құрылымын өзгертіп, қой өсіру
саласының жедел түрде дамуын қамтамасыз етті.
Зерттеуші ғалым А.И.Левшин осы өзгерістер туралы: «Қазақ
ордасының байлығының ең бірінші және жалғыз көзі мал
шаруашылығы болып табылады. Қой отарлары мұнда өзінің көптігімен
таңдандырады. Дүние жүзінде қойының көптігінен бұл елмен
теңдесетін ешбір ел жоқ. Қазақ байларының иелігінде 20 мыңдаған қой
бар» деп атап көрсетті. (9)
Қазақ
даласында
мал
шаруашылығының
дамуы
туралы
А.Е.Алекторов: «Қырғыз-қайсақтардың (қазақтардың Б.Қ.) байлығының
жалғыз көзі және сүйікті кәсібі - мал шаруашылығы. Мал
шаруашылығымен қазақ бала кезінен қартайған шағына дейін
айналысады. Қазақтардың малының ішіндегі ең көбі қой», - деп жазды.
(10)
1893 жылғы деректерге сәйкес Торғай облысының Елек (Ақтөбе)
және Ырғыз уездерінде мынадай мал болды: (11)
уездер
Жылқы
Ірі
қара
түйе
қой
ешкі
Шошқа
Елек
77369
98379
13033
284760
17246
96
Ырғыз
57431
28552
66118
340901
150503
-
Маңғыстау уезіндегі қазақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі
мал шаруашылығы. Маңғыстау уезіндегі адайлардың 93,4 % мал
шрауашылығымен, 0,02% егіншілікпен, 6,4 % басқа да кәсіппен
айналысқан. Олар: балық аулау, кірешілік, сауда және қолөнері болды.
Маңғыстау уезіндегі адайлардың мал саны: (12)
№
жылдары
Түтін
саны
жылқы
түйе
қой
Ірі қара
1
1912
14961
33758
31430
462848
361
Батыс Қазақстанда мал басының өсуіне орыс мал өнеркәсіпшілері –
орыс кулактары және қазақ байлары мүдделі болды. Олар Орта Азия
221
мен Орталық Ресей базарлары үшін ірі қара мен қой семіртіп сатумен
айналысты.
Қазақ қоғамында өте көп малы бар сауда-саттықпен айналысатын
жаңа байлар қалыптаса бастады. Жиреншиннің есебі бойынша Ақтөбе
уезіндегі шаруашылықтардың 64% жылқы болмады. Қазақтардың
негізгі бөлігінің кедейленуіне байланысты көп мал иесі байлардың үлес
салмағы арта түсті. (13)
Қазақстанның батыс өңірінде жаңа әлеуметтік топ ретінде сауда
буржуазиясының ірі өкілдері –көпестер пайда болып, қоғам өмірінде
ерекше орын ала бастады. Көпестердің гильдиялық ұйымы сауда уставы
арқылы анықталды. Көпестер сословиесіне кіру үшін белгілі бір
мөлшерде мүшелік жарна төлеу керек болды. Саудагерлерге өз
меншігіндегі капитал мөлшерін көрсету арқылы көпестік
гильдиялардың біріне жазылу мүмкіндігі берілді. Мүшелік жарна
көлемі мынадай болды :
1-гильдия көпесі үшін-10 мыңнан 50 мың сомға дейін
2-гильдия көпесі үшін -5 мыңнан 10 сың сомға дейін
3-гильдия көпесі үшін 1 мыңнан 5 мың сомға дейін
Бірінші және екінші гильдиялық көпестердің әлеуметтік-
экономикалық статусы жоғары болып саналды. 1863-жылы 8-қаңтарда
қабылданған «Сауда жасап басқа да кәсіпкерлікпен айналысу құқығы
үшін салықтар (пошлина) төлеу туралы Ереже заң жүзінде барлық
сословие өкілдеріне кәсіпкерлікпен, өндірістік және коммерциялық
қызметпен айналысуға бірдей тең мүмкіндік берді.1865-жылы 9-ақпанда
қабылданған заң бойынша 1863-жылғы Ережеге біршама өзгерістер
енгізілді. Осы заң бойынша көпестік гильдия саны екіге дейін
қысқарып, енді 1-гильдия көпестеріне бұрынғы бірінші және екінші
гильдия көпестері жатқызылды да, 2-гильдия көпестеріне бұрынғы 3-
гильдия көпестері жатқызылды. Көпестік гильдия үшін төлем мөлшері
бұрынғымен салыстырғанда 2 есеге азайып, 1-гильдия көпесінің куәлігі
орыс және шет ел товарларын көп мөлшерде тұтас (опт) сатуға
мүмкіндік берді, ал 2-гильдия көпесінің куәлігі қала немесе уезд
аумағында ұсақ саудамен айналысуға ғана рұхсат етті. Аз мөлшерде
товарлар сату үшін саудагерлерге үшінші және төртінші разрядты
куәліктер сатып алу жеткілікті болды. 1863 және 1865-жылдары
қабылданған заңдық сауда Ережелер саудагерлердің құқығын
анықтайтын негізгі заң актілері болды.
Батыс Қазақстанның қалаларындағы тұрақты сауда орындары мен
жәрмеңкелерінде саудагерлер ресми түрде құжаттар алу арқылы ғана
сауда – саттық ісімен айналысу құқығына ие болды. Бұл іс жергілікті
басқару орындары арқылы қатаң бақылауға алынып, реттелініп отырды.
Ақтөбе уезі бойынша 1894 –жылы 101 адам 1 жылға, 14 адам
жарты жылға саудамен айналысуға мүмкіндік беретін құжаттар алған,
222
1895-жылы осындай құжаттарды 1 жылға 232 адам, 6 айға 21 адам
иеленген. 1896-жылы 346 адам 1 жылға, 32 адам жарты жылға сауда
куәліктерін алған. (14)
ХІХ-ғасырдың 90-жылдары Павлодар, Атбасар, Көкшетау,
Қостанай
және
Ақтөбе
уездерінде
зерттелінген
қазақ
шаруашылықтарының ішінде 640 алыпсатарлар есепке алынып, осыдан
10 жыл өткен соң Қостанай және Ақтөбе уездерінде ғана 849
алыпсатарлар тізімге алынып, олардың табыс мөлшері 223 мың рубльге
жеткен.
1894-жылы Ырғыз уезінде сауда ісімен айналысқандардың жалпы
саны 268 адамға жетті .Келесі 1895-жылы уезде 269 адам 1 жылға, 28
адам 6 айға сауда жасауға рұхсат қағаздарын алды. Осы жылы
саудагерлерлікпен айналысқан 297 адамның ішіінде 37 саудагер 2-
гильдия 5-класс куәліктерін, 50 саудагер 2-гильдия билеттерін алды.
Сонымен бірге 24 адам 3-разрядтық өндірісші билеттеріне ие болды
(15).
А.И.Добросмысловтың деректері бойынша , 90-шы жылдары сол
кезде шағын ғана қала болған Ырғызда 70 адам, оның ішінде 32 қазақ
делдалдықпен шұғылданған (16).
1894-жылы Торғай облысының Ақтөбе және Ырғыз уездері
бойынша саудамен айналысу үшін жергілікті басқару орындарынан
әр түрлі рұхсат қағаздарын алған саудагерлер туралы мәлімет: (17)
Ақтөбе
Ырғыз
1 жылдық
жарты-
жылдық
1 жылдық
жарты-
жылдық
2-гильдия куәлігі Ү класс
12
-
33
3
ұсақ сауда Ү класс
2
2
23
7
тасымал сауда
59
4
44
2
-
-
9
-
приказчик 1 класс
1
2
24
3
2 класс
22
1
6
2
Билет 1 гильдия Ү класс
-
-
1
-
2 гильдия Ү класс
2
1
50
9
Ұсақ сауда Ү класс
8
2
25
4
кәсіпшілік куәлігі
1 разряд Ү класс
-
-
-
-
П разряд Ү класс
-
-
-
-
Ш разряд Ү класс
-
-
3
-
Темекі бұйымдары
5
-
17
3
Ішімдік сату үшін патент
111
12
235
33
223
1894-жылы Ақтөбе және Ырғыз уездерінде 246 саудагер 1 жылдық,
45 саудагер жарты жылдық сауда құжаттарын алып сауда ісімен
шұғылданды.
Х1Х ғасырдың соңына таман Торғай облысының Ақтөбе және
Ырғыз уездерінде тұрақты түрде саудамен айналысқан және жәрмеңке
тұсында сауда-саттық істерін жүргізген саудагерлер саны арта түсті.
1894-жылы Ақтөбе уезі бойынша 111 адам сауда жасау және
кәсіпшілік пен айналысу үшін әртүрлі рұхсат құжаттарын сатып
алды, осы жылы жарты жылдық мерзімге осындай құжаттарды тек
қана 12 саудагер иемденді. Осы жылы Ырғыз уезінде 235 адам бар
жылдық, 33 адам жарты жылдық сауда және кәсіпшілікпен
шұғылдануға рұхсат беретін құжаттар алды.
1895 және 1896 жылы сауда және кәсіпкерлікпен айналысатын
саудагерлердің саны арта түсті.
1895 жылы Торғай облысы бойынша 1626 саудагер 19840
рубльге бір жылдық, 146 саудагер 602 рубльге саудамен айналысуға
мүмкіндік беретін әртүрлі құжаттар сатып алса, 1896 жылы облыс
бойынша мұндай құжаттарды 1 жылға 1727 адам 21451 рубль 50
тиынға, жарты жылғы 259 адам 1499 рубль 50 тиынға сатып алды.
1895 жылы Ырғыз уезінде 269 саудагер 4425 рубльге 1 жылдық, 28
саудагер 150 рубльге жарты жылдық сауда құжаттарын сатып алып,
сауда істерімен шұғылданды. 1896-жылы Ырғыз уезінде 260 саудагер
4006 рубльге 1 жылдық, 135 саудагер жарты жылдық билеттер мен
куәліктер иеленді. (18)
Салыстырмала түрде қарастырсақ 1895 жылы Ақтөбе уезінде
барлығы 253 адам, оның ішінде 232 саудагер бір жылдық, 21
саудагер жарты жылдық сауда құжаттарын сатып алған болатын. 1896-
жылы Ақтөбе уезінде саудамен айналысу үшін 378 адам тіркеліп,
олардың ішінде 346 саудагер бір жылға 3598 рубльге, 32 саудагер
171 рубльге сауда жасау үшін әр түрлі куәліктер мен билеттер сатып
алды.
Осы жылы (1896) Ақтөбе жәрмеңкесіне 2 гильдиялық 48 көпес,
ұсақ сауда жасау үшін 67 саудагер жәрмеңкелік билеттер алып,
жәрмеңке жұмысына қатынасты. 1896 жылы Ақтөбе жәрмеңкесіне
қатынасқан саудагерлер 1895-жылғымен салыстырғанда едәуір көп
болды. 1895-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесіне 2-гильдиялық дәрежедегі 21
көпес, ұсақ сауда жасау үшін 32 саудагер жәрмеңке билеттерін алған
болатын.
Қазақ даласына шығып сауда жасайтын приказчиктер саны да
жыл санап өсе түсті. Егер 1895 жылы 1-кластық приказчиктердің
куәлігін 1 адам, 2 кластық куәлікті 12 адам алса, 1896 жылы куәлік
алған 44 приказчиктердің арасында бірінші кластық дәрежедегі 5 адам 2
кластық дәрежедегі 39 адам болды.
224
Ақтөбе және Ырғыз уездері бойынша 1895, 1896 жылдары сауда
істерімен айналысу үшін әр түрлі құжаттар алған саудагерлер
туралы мәлімет: (19)
Құжаттардың
атауы
Ақтөбе уезі
Ырғыз уезі
1896
1895
1896
1895
Бір
жылға
Жарты
жылға
Бір
жылға
Жарты
жылға
Бір
жылға
Жарты
жылға
Бір
жылға
Жарты
жылға
Сауда жасауға
құқық беретін
куәлік
Ақысыз
П гильдия Ү
класс
23
2
19
31
12
37
Ұсақ сауда
14
2
3
3
23
28
19
10
Развозный
29
6
57
7
22
17
48
2
Разносный
9
1
2
-
9
6
8
-
Приказчик 1
класс
10
11
2
1
27
14
28
2
2 класс
22
-
24
2
42
23
6
-
Билеттер 1
гильдия
Ү класс
-
-
-
-
-
-
1
-
2-гильдия
27
2
2
1
53
15
50
8
Ұсақ саудаға
9
5
40
3
17
20
28
4
Темекі сатуға
патент
32
3
9
2
31
-
18
2
кәсіпшілік
куәліктер
1 разряд 5 класс
П разряд
-
-
4
-
-
-
-
-
Ш разряд
10
-
2
2
3
-
24
-
жәрмеңкелік
билеттер
П-гильдия
48
-
21
-
Ұсақ саудаға
67
-
32
-
Приказчик
куәліктері
1 класс
5
-
1
-
П класс
39
-
12
-
Ішімдік сату
патенті
1
-
-
-
1
-
1
-
Темекі сату
1
-
-
-
1
-
1
-
346
32
232
21
260
135
269
28
225
Ырғыз қаласында көпес Кашафутдин Шагидуллиннің сауда
орындарымен қатар мал өнімдерін сақтайтын және тері кептіретін әр
түрлі қоймалары болды. Осы қоймаларда сақталған мал терілері
көктемде Орынбор, Орск, Троицк қалаларына жөнелтілді.(20) Сонымен
қатар К.Шагидуллин 1897-жылы Ырғыз қаласында тері заводын салып,
онда 6 адам жұмыс жасады.(21).
1914-жылы Елек қаласының мещандары Мухамедгазиз Исмагилов
және Абдул Исмаилов Ырғыз қаласында «Мухамедгазиз Исмагилов
және К сауда үйі» деп аталатын сауда фирмасын ашып, мануфактура,
галантерея, бакалея товарларын және мал мен мал өнімдерін сатумен
айналысты. (22).
Ырғыз қаласында сауда қатынастарының өркендеуіне байланысты
сауда ісінің даму мәселелерін сауда депутациясы өз бақылауына алды.
Бұл сауда депутациясының негізгі міндеті сауда істерінің дұрыс
жүргізілуін қадағалау болды.(23).
ХІХ ғасырдың соңында тек Ақтөбе және Қостанай уездерінде ғана
мал және мал өнімдерін сатумен айналысатын 849 алыпсатар болды,
олардың кірісі 223 мың рубльді құрады. (24)
1897-жылғы Ресей империясының бірінші жалпы халық
сапағының деректері бойынша Торғай облысының уездері мен уездік
қалаларының халық саны және саудамен айналысатын көпестер туралы
мәлімет: (25)
Уездер мен уездік қалалар
Халық саны
Көпестер
1
Қостанай уезі
152 556
35
Қостанай қаласы
14 275
25
2
Ақтөбе уезі
115 215
7
Ақтөбе қаласы
2 817
6
3
Ырғыз уезі
98 697
-
Ырғыз қаласы
1 542
-
4
Торғай уезі
86 948
23
Торғай қаласы
896
23
Барлығы: облыс бойынша
453 416
65
қалалар бойынша
19 530
54
1917-жылдың басында ағымдағы деректер бойынша Торғай
облысында халықтың саны 854 616 адамға жеткен. Сөйтіп 1897 жылмен
салыстырғанда, 20 жылдан кейін халық саны 2 есеге жуық өскен.
1917 жылы Торғай облысында тұратын 175 көпес тіркелген. Санақ
өткізілген 1897 жылға қарағанда тұрақты түрде сауда ісімен
айналысатын көпестер саны 2,8 есе артқан. (26)
Қазақ даласындағы сауда мәселесіне байланысты орыс-татар
бәсекесі туралы С.Г.Рыбаков: «Сан жағынан татарлардың үлес салмағы
226
жоғары, мұнда да сауданы өз қолдарына ұстап отыр; құжынаған
татарлар біреулеп-екеулеп арба дүкендеріне тауарларын артып, бүкіл
өлкеге бытырап тарайды; міне осы жүріс-тұрыстары кезінде олар орыс
ісінің дұшпаны және екіжүзді, арам, мұсылманшылықты насихаттаушы
болып табылады. Орыс саудагерлері неге даладан бойларын аулақ
ұстайды және татар ықпалы мен саудасына неге қарсы тұрмайды екен
деп, еріксіз таң қаласың. Ал қырғыз даласына келсек, ол – сауда
іскерлігі мен табыстылығы үшін кең өріс» деп жазған болатын.
Батыс Қазақстанда жергілікті қазақтармен, қоныс аударып келген
татар
және
орыс
саудагерлер
арасынан
жергілікті
сауда
буржуазиясының өкілдері өсіп жетілді. Ақтөбе уезінің Бөрте
болысының
биі
Меңдіғұл
Ешмұхамедов
Орынбор
айырбас
жәрмеңкесінің базарбасы, жәрмеңке комитетінің мүшесі қызметін
атқарды. (27)
1870 жылы Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесі комитетінің төрағалық
қызметіне Меңдібай Күмісбайұлы сайланған. Ол осы қызметті 40
жылдай абыроймен атқарған. (28)
Батыс Қазақстан жәрмеңкелеріне архив деректеріне қарағанда
шамамен 400-ден астам қазақ саудагерлері қатынасқан. Солардың
ішінде
И.Досов,
М.Баймағамбетов,
Әлімжанов,
Жандәулетов,
Пұсырманов т.б. 48-ге жуық атақты байлар Орынбор губерниясында
жұмыс істеген жәрмеңкелерге тұрақты қатынасқан. (29)
ХІХ ғасырдың 90-шы жылдары Ырғызда – 70, Торғайда – 32,
Қостанайда - 37 адам делдалдықпен айналысқан, олардың арасында 58
қазақ болған.
Қазақ қауымының өкілдеріне көпестер гильдиясына мүше болып
кіруге рұқсат етілді. (30)
Батыс Қазақстан қазақтары арасынан шыққан саудагерлер негізінен
Орынбор, Ақтөбе, Орал, Ырғыз т.б. қалалардағы көпестердің қазақ
ауылдарындағы ақша-товар айырбас жөніндегі сенімді өкілдері болды.
(31)
Батыс Қазақстан территориясында саудамен айналысқан ірі
көпестердің сауда операциялары бар қала немесе елді мекенмен
шектелмеген. Олар алғашқыда өз саудасын шағын елді мекендерде
Ресейдің өнеркәсіп товарларын қазақтарға мал және мал өнімдеріне
айырбастап капитал жинаған. Кейіннен олар Орал, Ақтөбе т.б.
қалаларда астық өнімдерін, өнеркәсіп товарларын сататын 62 дүкен
ашқан. Оы саудагерлер арасында ағайынды Дегтяровтар, ағайынды
Путиловтар,
С.Оглотков,
татар
саудагерлері
Р.Хайруллин,
А.Суханбердин, С.Ибатуллин т.б. Батыс Қазақстанға белгілі көпестерге
айналды.
Жәңгір хан сауда ісін отбасының табыс көзінің біріне айналдырды.
Ордаға келген саудагерлер ханның комиссионерлері ретінде оған
227
қажетті товарларды әкеліп, осы қызметі үшін жалақы алып, орда
территориясында сауда істерімен еркін жүріп түру құқығына ие
болған бірнеше адам болды. Жәңгір ханның приказчигі Түрұғустан
Байзақов көшіп жүрген қазақ ауылдарына товар апарып сататын және
алмастыратын арнаулы сенімді адамдар ұстады. (32)
Бөкей Ордасында Жәңгір ханның өзі де сауда ісімен айналысқан.
Ол сол заманда атақты болған Астрахан көпесі Измайловпен сауда
қатынасын орнатқан. 1822-жылы Измайлов белгілі бір себептермен
шығынға ұшырағанда Жәңгір хан оған көмектесіп, зат-мүліктерін
конфискацияға түсуден құтқарып, басшылар алдында кепіл болып
үлкен жәрдем көрсеткен (33).
Бөкей Ордасындағы ірі жер иесі Қарауылқожа Бабажанов та сауда-
саттық істерімен айналысқан. Астрахан помещицасы, полковник
Багратионның әйелінің сотқа берген арызына қарағанда Қ. Бабажанов
осы әйелмен және басқа орыс капиталистерімен бір сауда
кампаниясында болған. Осы кампания таратылған кезде Қ. Бабажанов
одан алған товарлары үшін 16 мың рубльді қайтарудан бас тартқан (34).
1824 жылы 1-тамызда Жәңгір хан өзінің сауда серігі Дубов
посадының көпесі Степан Бондаревке мынадай куәлік қағаз берген:
«С.Бондарев және оның өкілетті приказчиктеріне орда жеріндегі
қазақтармен Ресейден әкілінген товарларды ақшаға сатуға және
алмастыруға рұхсат беремін
С.Бондаревтен және оның приказчиктерінен алған товарлар үшін
қазақтар адал ақы төлеулері тиіс. Алған товарлары үшін келісілген
уақытта ақы төлемегендерден Бондарев 2 есе артық төлем өндіріп
алуға құқылы». (35)
Сұлтан правитель Шығай Орда жеріне келген саудагер татар
Қажаев пен Астрахань көпесі Михайловқа осындай еркін сауда жасап,
қарызға берген товарлары үшін еселеп төлем ақылар жинау құқығын
берген. (36)
Қарауылқожа Бабажанов Орда территориясында сауда ісімен
жақсы деңгейде айналасып, 1822 жылы алған товарлары үшін сұлтан
Қуаныш Жаналиев, сұлтан Палуан Жаналиев және старшын Исатай
Таймановты өзіне қарыздар етті. (37)
Дәстүрлі мал шаруашылығымен қоса сауда істерінен көп пайда
түсетінін түсінген билік иелері де орыс саудагерлерімен бірігіп базарға
мал шығару және елді мекендерге халықтың тұрмысқа қажетті
товарларын сату ісімен айналаса бастады.
1827 жылы мануфектура Департаментінің журналындағы жазба
мәліметтеріне сәйкес Бөкей Ордасынан Ресейге 400 мыңға жуық қой, 3
мың жылқы айдалып, 2925 мың рубльдің мал өнімдері жіберілген. (38)
1829 жылы Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір Бөкейұлы патша
үкіметінің әскери экспедициясының қажеттілігі үшін Орынбор
228
губернаторына «Ресей мүддесіне жаратуға» өзінің қарамағындағы
қазақтардан жалпы бағасы 56 053 рубль тұратын 500 түйе тапсырған.
(39)
Ішкі Бөкей Ордасындағы 1846- жылығы көктемгі жәрмеңкеге 1183
саудагер келді. Олардың арасында екінші және үшінші гильдиядағы
көпестер 87 көпес болды. Келесі 1847-жылы саудагерлер саны 1500-ге
жетті. Ресей сауда және мемлекет мүлкі министрлігінің кеңесшісінің
ақпаратында Бөкей Ордасы халқының сауда ісіне көптеп араласа
бастауы туралы: «Бөкей хандығының жәрмеңкелелерінде үлкен торг
жүрді. Ол жәрмеңкелерде орданың халқының тең жартысынан артығы
болады. Сонымен қатар орыс және татар көпестерінің саны өсуімен
бірге қазақ көпестерінің де саны өсуде»-, деп жазылған болатын (40).
1846 жылғы көктемгі жәрмеңкеге 719 мемлекеттік және
помещиктік крестьян (шаруалар) қатынасып сауда операцияларын
жасады. (41)
1846 жылы Ішкі Бөкей Ордасында көктемде өткен Жәңгір хан
жәрмеңкесіне 2700 қазақ, 1183 сырттан келген адамдар қатынасқан.
(42)
Сырттан келген саудагерлердің дәрежелері мен ұлттық құрамы
мынадай болды:
саудагерлер
саны
2 гильдия көпестері
4
3 гильдия көпестері
83
мещандар
162
крестьян шаруалар
729
татарлар
31
армяндар
50
қалмақтар
65
түркмендер
19
хиуалықтар
4
казактар
33
барлығы
1183
Теңіз (Примор) округінде жергілікті қазақтар тұрақты сауда
ісімен айналыса бастап, 1 округте 7 адам, 2 округте 15 адам саудагерлер
ретінде тіркелген. Сөйтіп 1 және 2 округте 22 адам тұрақты сауда
ісімен айналысқан. (43)
Нарын құмын мекендеген ауылдарда 222 адам қолөнер кәсібімен
айналысып, олар өз өнімдерін ақшаға сатқан немесе өзіне керекті
заттар мен малға айырбастаған. (44)
229
1847 жылы ордаға сырттан 1500 саудагер келіп, олардың жәрмеңке
алаңында 300 лавкасы (дүкен) болды. (45)
Х1Х-ғасырдың 40-жылдары Хан Ордасы (ставка) нағыз
саудагерлердің мекеніне айналды.
1846 жылы Ордада салынған 89 үйдің отыз бірі саудагердің үйі
болды. Осы үйлердің жанында 46 лавка, 19 қойма болды. Ордалық 1
саудагердің сауда айналымы 30 мың рубльге жетті, екі саудагердің
сауда айналымының деңгейі 2500-3000 рубль, 3 саудагердің - 1500-
1800 рубль құрады. Сондай-ақ 16 саудагердің сауда капиталының
мөлшері 100-500 рубль аралығында болса, қалғандарының сауда
айналымы 25-75 рубль күміс ақша мөлшерінде болды. (46)
Орда жерінде алыпсатарлықпен айналысқан саудагерлер тез
байып, товар айналымын бірнеше ұлғайтуға қол жеткізді. Үшінші
гильдиялық көпес Д.В.Медведев Хан Ордасында жәрмеңке
ашылғаннан бастап саудамен айналысып, қолындағы күміс 20 рублін
20 жыл ішінде 25 мың рубльге жеткізді. Астрахандық көпес
Д.Измаилов жеке сауда жүргізуді 1817 жылы бастап, 1 жылдың ішінде
иелігіндегі 64 000 рубль сауда айналымын 1 195 000 рубль деңгейіне
дейін көтерді. Осы ақшаның 250 000 рублі оның жеке өзінің капиталы
болды. (47)
Орда территориясында ірі саудагерлер өз пайдасы үшін қазақтарды
сауда ісіне көптеп тарта бастады.
Титулдық кеңесші Уланцев ноғай руының өкілі Юлдабайды өзінің
қазақ даласындағы сауда серігі етіп алды. Үшінші гильдия көпесі
Д.Разоренов 4 қазаққа товар беріп сатқызған. Астрахан көпесі
Құрманалиев 20-дан астам қазақтарды өзінің сауда серігі ретінде
ұстаған. Олардың арасында ауыл старшиналары да болды. Старшиналар
(аулынайлар) Дүйсембай, Мекен деген қазақтар осы Астрахан көпесінің
товарларын сатуға көмектесті.
Көпес
Давид
Исмаилов
сұлтан
Шығай
Нұралыханов
қарамағындағы бірнеше қазақтарды сауда ісіне тартып, оларға товар
таратқан. Көпес Әлиасқар Раджабов 16 қазаққа сату үшін әртүрлі
товарлар берген. (49)
1845-жылы патша үкіметі Бөкей Ордасында хандықты жойып,
«Ішкі (Бөкей) Ордалықты басқаратын уақытша Кеңес» құрды. Бұл
уақытша Кеңес Астрахан генерал- губернаторына есеп беруге міндетті
болды. Осы Астрахан губерниясына қарайтын 1- және 2-округтерінде
балық аулап, оның өнімдерін сатумен айналысатын қазақ кәсіпкерлері
де қалыптасы. Каспийдің солтүстік жағалауына бірнеше балық
батағаларын (кәсіпшілік орындарын) ұйымдастырған орыс көпестерімен
қатар қазақ көпестері де кәсіпшілікпен айналысып балық өнімдерін
сату ісінде едәуір табыстарға қол жеткізді.
230
2-Примор округінде қазақ Өтеғали Танашевтің «Дружинский»,
«Қара көл», «Потанайский», «Михайловский», «Мало Дружинский»,
атты 5 батағасы (балық кәсіпорындары ) болды. Оның туған інісі Қарес
Танашев «Бережник» деген батағаны иемденді. Салық Ибрагимов деген
қазақ көпесі «Баровский» батағасының қожасы болды. Алғашқыда
шаруасын үсақ кәсіптен бастаған қазақ кәсіпкер-саудагерлері біртіндеп
байып, балық қабылдайтын батағалар ұйымдастырып, балық аулайтын
үлкен кеме-қайық жасақтады, сөйтіп үлкен капитал иелеріне айналды
(50).
Қазақтардың ірі байлары сауда және рынок талаптарына сай
бейімделіп, шаруашылықтың товарлы өндіріс саласын дамытуды
көздеді. Олар мал басын көбейту арқылы жәрмеңкелерге қатынасып,
иелігіндегі малдың бір бөлігін капитал жинақтау үшін рынокқа өткізіп
отырды. Осы ретпен қалыптасқан қазақ байлары жергілікті ұлттық
буржуазияның ұйтқысына айнала бастады. Қазақ қоғамындағы осы
жаңа әлеуметтік топ буржуазияланған ақсүйектерден ғана емес,
қатардағы саудагерлер және алыпсатарлармен өз қатарын көбейтті.
Қазақтың ірі байлары рулық, тайпалық қатынастардың сақталу
жағдайында тек қана шаруашылық , жергілікті әкімшілік – ауылдарды
ғана емес болыстықтарды, көп жағдайда уездерді де қамтыды.Қазақ
көпестерінің көпшілігі өте ірі байлар болды,олар сауда ісін мал
өсірумен және егіншілікпен өте шебер ұштастыра білді. Орал
обылысының Шідерті болысының сұлтаны Қаратаевтың 3500 десятина,
болыс управителі Жұбанғалиевтің 1417 десятина жері болған. Сондай -
ақ Орал уезінде сауда саласында өздерінің ықпалын Бөкеевтердің
жүргізгені баршаға мәлім болды.
Бөкей ханның немересі Шәңгерей Бөкеев жыл сайын 700 десятина
жерге егін егіп, аса үлкен жеміс бағын өсірген. Сонымен қатар оның
иелігінде 250 жылқы, 300 сиыр (оның ішінде 200 басы өгіз) болды.
Шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін Ш. Бөкеев 20-30 тұрақты
батырақ - жұмысшы ұстаған. Ш. Бөкеев кәсіпкерлігінің арқасында оның
«қоңсыларымен» қоса есептегенде 500-ге жуық адам жұмыспен
қамтамасыз етілді (51).
Қазақстанда сауданың өркендеуі қазақтардың шаруашылығының
заттық өндірістік негізін өзгертпесе де, дегенмен товар – ақша
қатынастарының қалыптасуына тиімді түрде жәрдемдесті. Қазақтардың
арасында сауда серіктестіктерін ұйымдастырған саудагерлер пайда бола
бастады. Олар кейде ақшаларын өсімқорлық проценттер алатын болып
қарызға беріп отырды.
Кіші жүздің шығыс бөлігін басқарушы сұлтан Ахмет Жантурин
П.Небольсиннің айтуына қарағанда : «қырғыздардан құралған едәуір
үлкен сауда компаниясының жарнашысы болды және өз қарамағында
25 приказчик ұстады». Осы сауда компаниясының мүшесі болған
231
Күлімбаев деген қазақ өз қарамағында 10 приказчик ұстады. Бұл байлар
тек қана саудамен ғана айналысып қоймай, өсімқорлықпен де
айналысып үстеме пайда табу үшін басқаларға процентпен несиеге
ақша беріп отырды. Сұлтан Ахмет Жантуринді наградаға ұсынуға
байланысты оған толтырылған мінездемеде Орынбор Шекара
Комиссиясының төрағасы Ладыжинский Азия Департаментінің
директоры Синявинге былай деп жазған: «Орданың батыс бөлігінде
Ахмет Жантуриннің үлгісімен көпес, арбакеш немесе тұз тасушы
болмаған бірде-бір қазақ жоқ. Ахмет Жантурин сауда-саттықпен өзі де
шұғылданып жүріп, жоғарыда аталған кәсіптердің қандайымен болса да
айналысқысы келген әрбір қазаққа ақша беруге әзір тұрады» (52). Кіші
жүз қазақтарының арасынан шыққан сауда буржуазиясының ірі
өкілдерінің бірі - Дербісәлі Беркінбаев. Ол Кіші жүз жағалбайлы
руының атақты байы. О.Вагановтың мәліметі бойынша Д.
Беркінбаевтың иелігіндегі жалпы жер көлемі 20 мың десятина болған.
Ол өз меншігіндегі қой, жылқыларын тұрақты түрде көршілес ірі
жәрмеңкелерге айдатып мол табыс тауып пайдасын көрген (53).
Шекті руының Назар бөлімінің биі болған Бисембі Баджиковтің
(Бәжіков) иелігінде 3 мың жылқы болған. Ол Темір, Ақтөбе, Ойыл (
Көкжар) жәрмеңкедеріне апарып көп мал сатып пайда тапқан.
Жаңа тұрпаттағы қазақ сауда буржазиясының көрнекті өкілінің
бірі- Бижан (Бимұхаммет) Жанкелді үлы Кіші жүз Шекті руының
шүрен деген бөлімінің беделді биі, әрі өте бай болған. Орынбор
губернаторы А.Катениннің рұхсатымен Қонжар елді мекенінде орысша
мектеп салдырған. Құрылысқа қажетті күйдірген қызыл кірпішті
Орынбордан түйемен тасыған. Б. Жанкелдіұлы Перовскийдің Ақмешіт
жорығына 500 түйе беруге мәжбүр болған. Орынбор қаласында Бижан
Жанкелді ұлы 2 қабат үйі салдырып, ол үй Николаевская және Водяная
көшелерінің бұрышында орналасқан. Бижан негізінде Орынбор
қаласында тұрып Бұхарамен екі араға түйе керуенін жүргізу ісімен
айналысып, орыс, татар көпестерінің жүгін тасыған (54).
Заман ыңғайына сай сауда ісімен айналысып патша үкіметінің
жергілікті өкілдерінің көзіне іліккен адамның бірі Шүйтас Қотанов.
Торғай облысының сарай кеңесшісі Оводов әскери губернаторға жазған
рапортында 1878-жылы өз шаруашылығын жақсы жүргізгені үшін Елек
уезі, Бөрте болысының қазағы Шүйтас Қотановты күміс алқаға ұсынып
: «Оның ағаштан тамаша етіп салынған үйі бар. Астық сақтайтын ағаш
қамбасы бар. Бір сөзбен айтқанда, Ресейдегі ауқатты шаруа (кулак)
қалай тұрса, ол да солай тұрады. Осы құрылыстың бәрінде тазалық пен
тәртіп көзге ұрады. Ш.Қотанов үлкен сенім мен құрметке ие. Қысқа
мерзім аралығында қаладан оның тұрғылықты жеріне дейін ыңғайлы
жол салынды, оны бүгінде «Шүйтас жолы» деп атайды. Бұл қазақтар
232
арасында марапаттауға лайық тамаша құбылыс» - деп атап көрсетеді.
(55).
Қазақтың бай феодалдары керуен саудасымен де айналысты. Кейде
осы байлардың өздері де керуен басы болып, қазақ ауылдарында сауда-
саттық істерімен шұғылданды. Олар көбінесе өз түйелерін қарапайым
қазақтарға жалдап беріп, бұл үшін олардан келісім бойынша белгілі
мөлшерде ақы алды. П. Небольсиннің деректеріне қарағанда керуен
саудасымен Әлім руының Шүрен, Қабақ, Төртқара, кейде Тілеу және
Шекті тармақтарының бір бөлігі айналысқан. Бай – феодалдар керуен
саудасына өз меншігіндегі түйелерін бергені үшін ақыны ақшалай
немесе өзіне қажетті товармен де алып отырған. Ірі қалалардан қазақ
ауылдарына саудагерлердің 50-60 «көші» шығып отырған (56).
1884-жылдың 1 қаңтарынан бастап Хан Ордасы сауда жасау
және кәсіпшілікпен айналысу құқығын алу үшін 5-кластық елді
мекен категориясына жатқызылды.
Қазақ даласында сауда қатынастарының дамуының алғашқы
тұсында татар саудагерлердің атқарған рөлі маңызды болды. Бұл
туралы сенатор Пален: «Қырғыз (қазақ) бұқарасына сарттар (өзбек)
мен татарлардың ықпалы өте зор, олар жергілікті жерлерде
мұсылман қызметшілерінің (молдалардың) қатарын толтырып, сауда
мен білім беру ісін өз қолдарына алуды» деп атап көрсеткен
болатын.
Қазақ даласындағы орыс көпестерінің басты бәсекелестері Орта
Азия және татар саудагерлері болды. Сонымен қатар Ресей өндірісі
үшін қазақ даласынан ішкі заттар дайындау ісінде орыс көпестері
мен өзбек, татар саудагерлері аралық байланысшылардың рөлін
атқарды.
Ішкі Бөкей Ордасынан татар саудагерлер қазақы қойдың құйрық
майын өте көп сатып алып, шыжғырған майдан шырағдан (май шам),
сабын жасайды, сатып алған жылқыларды Саратов губерниясының
орыс поселкаларына апарып қымбатына сатады, өйткені орыс
шаруалары егін щаруашылығына завод аттарынан гөрі қазақ
жылқыларын артық санайтын болған.
Ресей мемлекеттік банктің Орал бөлімшесінде ірі көлемде
малмен сауда жасаушы Овчинниковке 350 мың рубль мөлшерінде
несие берілді.
Ресейдегі бірінші жалпы санақ бойынша 1897-жылы Орал
облысында ресми түрде тіркелген 304 көпес болды. Сауда саттық
істерімен айналысатын осы көпестердің ішінде 251 көпес қалаларда
түрды (57).
Орал облысында саудамен айналысатын көпестер туралы мәлімет:
(58)
233
Уездер мен қалалар
халық саны
көпестер
1. Орал уезі
293169
209
Орал қаласы
36466
170
Елек қаласы
7154
14
2. Гурьев уезі
86758
65
Гурьев қаласы
9322
53
3. Калмыков уезі
169673
16
Калмыков қаласы
1924
---
4. Темір уезі
95071
14
Темір қаласы
616
14
Орал облысы бойынша
6455121
304
Қалалар бойынша
55482
251
Орал облысында көпестер әлеуметтік топ ретінде жаңадан
қалыптасып, олар негізінен облыстың орталығы Орал қаласында және
уездік Елек, Гурьев, Темір қалаларында саудамен айналысты. Бұл кезде
Орал қаласында көпестердің 55,9 проценті орналасты. Орал
облысындағы 304 көпестің 70 проценті Орал уезінде орналасты. Облыс
бойынша ұсақ саудамен айналысатын адамдар саны арта түсті.
Орал қаласында сауда-саттық ісімен айналысатын адамдар туралы
мәлімет: (59)
Орал облысы
Жалпы сауда
919
мал
179
Астық өнімдері
144
Басқа ауыл шаруашылық өнімдері
1633
Құрылыс материалдары
62
Тұрмыс заттары
25
Металл бұйымдар
68
Мата, киім
639
Мал, аң терілері
245
Қымбат әшекей бұйымдар
13
Басқа заттар
52
Тасымал, тарату ісі
81
Қонақ үй, трактир
527
Ішімдік сату
184
Тазалық, гигиеналық заттар сату
264
Басқа сауда қызмет
Жезөкшелік
Ұсақсауда түрлері
Делдалдық қызмет
50
барлығы
234
1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша Гурьев уезіндегі сауда
ісінің әртүрлі саласымен айналысатын саудагерлер туралы мәлімет: (60)
Сауда түрлері
Гурьев қаласы
Гурьев уезі
Жалпы сауда
13
102
мал
40
8
Астық өнімдері
18
-
Басқа ауыл шаруашылық өнімдері
200
36
Құрылыс материалдары
15
-
Үй-тұрмыс заттары
-
Металл бұйымдары
3
-
Мата, киім
54
41
Мал тері, аң терісі
17
12
Қымбат әшекей заттар
3
3
Басқа әртүрлі заттар
7
2
Тасымал сауда
1
3
Қонақ үй, трактор иелері
23
2
Ішімдік сату
19
2
Жуынатын орындар
28
-
Басқа әртүрлі қызмет
53
19
Жезөкшелік
2
-
Ұсақ сауда түрлері
7
21
Саудагер-делдал
8
1
барлығы
551
252
Гурьев уезі мен Гурьев қаласының территориясында барлығы 803
адам саудамен шұғылданып, оның ішінде 551 адам Гурьев қаласында
тұрды, 252 саудагер уездік қалалар мен ауылдарда тұрып сауда жасады.
1897-жылғы Ресей империясының санағы бойынша Маңғыстау
уезінде 8 дворян тұқымы, 1654 селолық байлар есепке алынған. Осы
санақ бойынша Маңғыстаудағы қазақтар саны 3745 адам.
Маңғыстау өңірінде 1900-жылы арнайы есепке алынып тіркелген
92 саудагер, олардың иелігінде 64 сауда-саттық орындары, 35 сауда
қоймалары болған. Есепке алынған 92 саудагерлердің отызы өте ірі
саудагерлер қатарына жатқызылды. Олардың ішінде 8 орыс, 10 армян,
7 түрікмен, 5 саудагер басқа ұлттардың өкілдері болды (61).
С.Г. Рыбаков Темір уезі бойынша саудагерліктің дамуына
байланысты мынадай деректер келтіреді: « Темір жәрмеңкесіне сауда
ісімен айналысқан 157 татар, 52 орыс, 51 қазақ және 24 өзбек
қатынасты. Саудагерлер үшін 325 ағаш (киіз) үй тігіліп, олар дүкен
ретінде пайдаланылды». (62).
1903 жылы Торғай ауыл шаруашылық қоғамы құрылды. Осы
қоғамның құрылуына Торғай облыстық ветеринарлық (мал) дәрігері
И.Ф.Колесников басшылық жасады. Қоғамның басты мақсаты – мал
шаруашылығының дамуын дұрыс жолға қою, ірі қара малдарды
асылдандыру болды. Торғай ауылшаруашылық қоғамы Мынва
ауылшаруашылық қоғамымен байланыс жасап, осы қоғам арқылы етті
235
бағыттағы ірі қара үшін асыл тұқымды бұқаларды Торғай облысына
алдырып, оларды жергілікті климатқа бейімдеу мақсатын қойған
болатын.
Торғай ауыл шаруашылық қоғамының құрылтайшыларының
қатарында Ақтөбе уезінің малы көп байлары
30.
Беркімбаев Дербісәлі
31.
Қосуақов Ақметкерей
32.
Түлкібаев Әбіл
33.
Ибрагимов Мәмбетжан
34.
Кейкин Сабыр
35.
Қойайдаров Мырзағұл
36.
Наурызбаев Баймұхамед т.б. болды. Ақтөбе уезінің ірі байлары
Орынбор, Орск, Ойыл, Ырғыз, Ақтөбе жәрмеңкелеріне мал сату
арқылы капитал жинаған, қазақ қоғамының буржуазия өкілдері еді. (63)
1904-жылы Орал уезінің Қарашығанақ болысында орташа табысы
56 рубль 10 тиын болған 80 етікші, жалақысы 65 рубль 79 тиын құраған
40 ағаш үй шеберлері, орташа таза табысы 93 рубль 60 тиын тұратын 60
саудагер, табысы 106 рубль 54 тиынға жеткен 13 ұста, жалақысы өте
төмен дәрежедегі 16 қасапшы (37 рубль 22 тиын ), 13 жәмшік (62 рубль
10 тиын), 392 қара жұмысшылар (52 рубль 45 тиын) тіркелген.
Қол өнер кәсібімен айналысатын осы қазақтар өздері жасаған ірілі-
ұсақты бұйымдарды Орал, Хан Ордасы (Бөкей), т.б. жәрмеңкелерге
апарып сатып пайдасын көрген, тапқан ақшаларына отбасына қажетті
заттар сатып алған.
Орал уезінің Сұлукөл деп аталатын көлінен қазақтар өздері ау
тоқып, балық аулап, балық өнімдерін тұздап, қақтап базар,
жәрмеңкелерге сатып табыс тапқан. Темір уезінің бір қазағы үй
жанынан жылына 400 пұт алма беретін бау-бақша өсіріп, ол өнімдерін
Темір жәрмеңкесіне шығарып сатып пайдасын көрген (64).
Батыс Қазақстанның Ресей, Орта Азия мен сауда байланыстарының
дамуы және ішкі рыноктың өсуі осы өңірде қазақ сауда
буржуазиясының қалыптасуына әсерін тигізді.
Батыс Қазақстанда жаңадан қалыптасқан сауда буржуазиясының
қатарында ірі және ұсақ саудагерлер, айырбас сауда өкілдері
(делдалдар) басым болды. Сонымен бірге ірі мал иелері – байлардың
арасынан өмір ағымына байланысты мал шаруашылығын саудамен
ұштастырып капитал жинастырған қазақ ұлттық буржуазиясының да
өте баяу болса қалыптаса бастағаны тарихи шындық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |