АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫ
ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХ, ЭТНОГРАФИЯ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Беркін Құрманбеков
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА
САУДАНЫҢ ДАМУЫ
Ақтөбе 2008
2
ББК 65.42
Қ 77
Қ 77 Құрманбеков Б.Ж.
Батыс Қазақстанда сауданың дамуы. Ақтөбе. 2008. 274 бет.
ISBN 9965-819-35-1
Редакциялық алқа:
Самашев З.С., Сдыков М.Н., Сұлтанғалиева Г.С.,
Ткачев В.В., Бекназаров Р.А., Байгабатова Н.К.
Жауапты редактор:
Бисембаев А.А.
Рецензенттер: Өмірзақ Озғанбай – тарих ғылымдарының докторы,
профессор
Мұрат Сдыков – тарих ғылымдарының докторы,
профессор
Автор бұл зерттеу еңбегінде архив деректері мен 1917-жылға
дейінгі жәнеКеңес кезеңі тұсындағы тарихи, ғылыми мәліметтерге
сүйене отырып Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының даму тарихын
жан-жақты қарастырған. Айырбас, жәрмеңке және тұрақты сауда
формаларының даму процесі, сауда қатынастарының Батыс Қазақстан
халқының
әлеуметтік-экономикалық
жағдайына
тигізген
әсері
айқындалып, аймақтағы жаңа демографиялық жағдайдың қалыптасуы
нақты ашып көрсетіледі.
Кітап мектеп мұғалімдері, арнаулы және жоғарғы оқу
орындарының студенттері мен оқытушыларына, жалпы оқырманға
арналған.
ББК 65.42
ISBN 9965-819-35-1
© «Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының
облыстық тарих және археология орталығы» МКҚК
«ПринтА» ЖШС
3
РЕДАКЦИЯДАН
Құрметті оқырман! Облыстық тарих, этнография және археология
орталығы ақтөбелік тарихшы Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың осы
кітабын бастамаға ала отырып өлкемізде мамандардың түрлі бағыттағы
жүргізілетін зерттеулеріне арналған «Батыс Қазақстанның тарихы,
археологиясы және этнографиясы» атты арнайы басылымдар топтамасын
бастайды.
Батыс Қазақстан – Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау
облыстарын әкімшілік тұрғысынан біріктіретін Республикамыздың ірі аймағы.
Табиғи-жағрапиялық жағынан алғанда бұл Солтүстік Каспий маңы, Солтүстік
Арал маңы, Үстірт және Жайық бассейнінің территориялары, яғни
тұрғылықты халықтың бай тарихы мен мәдениеті қалыптасқан байтақ кеңістік.
Батыс Қазақстан жарқын тарихи кезеңдер шеңберіндегі Еуразияның этно және
мәдени даму орталықтарының бірі. Бұл тас ғасыры, палеометалл кезеңі, ерте
тас ғасыры, орта ғасыр және жаңа кезең ескерткіштері таралған шөлді-далалы
зона болып табылады.
Батыс Қазақстан аймағының территориясы құрлықтың орта бөлігінде,
Еуропа мен Азияның тоғысында орналасуы тарихи көріністе тұрғындардың
материалдық және рухани мәдениетіне ықпалын тигізбей қоймады. Тарихи
және мәдени ескерткіштерінде де Еуразияның шалғай бұрыштарында пайда
болған континенттік көлемдегі қатынастардың ізі байқалады.
Аймағымыздың тарихын зерттеу ХІХ ғасырда, сол кезеңнің ғылыми
басылымдарында көрініс тауып және қазіргі таңда да өзектілігін жоғалтпаған
археологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізген Орынбор оқу
архивтік комиссиясы ұйымы мүшелерінің жұмысымен басталды.
ХХ ғасырдағы белсенді ғылыми зерттеулер Батыс Қазақстандағы тарихи-
мәдени құбылыстардың өзіндік ерекшелігін, түрлі тарихи дәуірлердегі
қатынастардың өзгешелігін танытты. Өткен ғасырдың соңғы үш
онжылдығында және басталған ғасырымыздың алғашқы жылдарында көлемді
нақты материалдар жиналды, ескерткіштердің үлкен топтары зерттелді,
археологиялық және этнографиялық бағыттағы тұтас кешендер өңделіп,
ғылыми әдебиеттерде жарияланды. Алайда, Батыс Қазақстанның тарихы әлі
күнге дейін, көптеген зерттеушілердің жұмыс нәтижелерін біріктіретін,
жинақтап қорытатын іргелі жұмыссыз, аз зерттелген аймақ болып қалуда.
Белгілі бір қорытындылар 2006 жылы жарыққа шыққан «Батыс Қазақстан
тарихы» атты екі томдықта жасалды, бірақ та оны үзілді-кесілді және даусыз
деуге болмайды. Ұсынылып отырған топтама
біздің аймақ туралы түсінігімізді
кеңейтіп, даулы мәселелерді шешуде өз үлесімізді қосуға, өлкеміз тарихының
мәселелері бойынша жеке пікіріміздің қалыптасуына мүмкіндік береді.
* * *
4
Уважаемый читатель! Этой книгой актюбинского историка Беркина
Жолмурзиновича Курманбекова, Областной центр истории, этнографии и
археологии начинает специальную серию изданий «История, археология и
этнография
Западного
Казахстана»,
посвященную
исследованиям
специалистов различных направлений по нашему краю.
Западный Казахстан – крупный регион республики, объединяющий в
административном отношении Актюбинскую, Западно-Казахстанскую,
Атыраускую и Мангыстаускую области. В природно-географическом плане
это территория Северного Прикаспия, Северного Приаралья, Устюрт и бассейн
Урала, то есть обширное пространство с богатой историей и культурой
проживающего населения. В рамках наиболее ярких исторических периодов
Западный Казахстан один из центров этно- и культурогенеза Евразии. Это зона
пустынно-степного ареала, с присущими региону памятниками периода камня,
эпохи палеометалла, раннего железного века, средневековья и нового времени.
Территория западно-казахстанского региона представляет собой
срединную часть материка, на приграничье Европы и Азии, что не могло не
отразиться на проявлениях материальной и духовной культуры населения в
исторической проекции. На памятниках истории и культуры прослеживаются
отголоски контактов континентального масштаба, имеющих происхождение в
отдаленных уголках Евразии.
Исследования по истории региона берут свое начало с XIX века с работ
представителей известной организации – Оренбургской ученой архивной
комиссии, которые проводили археологические и этнографические
исследования, отраженные в научных публикациях того времени и не
потерявшие своей актуальности и по сей день.
Активные научные разработки ХХ века показали самобытность историко-
культурных проявлений Западного Казахстана, специфику контактов в
различные исторические эпохи. За три последних десятилетия ушедшего века
и начальные годы наступившего, накоплен значительный фактический
материал, исследованы большие группы памятников, обработаны и
опубликованы в научной литературе целые комплексы археологического и
этнографического направления. Однако, по прежнему, во многом история
Западного Казахстана остается малоизученным регионом, без обобщающей
фундаментальной работы, которая бы объединила усилия и результаты работ
многих исследователей. В какой-то мере определенные итоги были подведены
в вышедшем в 2006 году двухтомнике «История Западного Казахстана»,
который ни в коем случае не претендует на окончательность и неоспоримость.
Предлагаемая серия позволит расширить наши представления о регионе,
внести свой вклад в решение тех или иных спорных вопросов, составить
собственное мнение по проблемам истории региона.
С уважением, редактор серии А.А. Бисембаев
5
Осы еңбегімді анам – Бошай
(Ақмоншақ) Аймаққызының
рухына арнадым.
Автор.
КІРІСПЕ
Қазақ халқының тарихында ХҮІІІ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас
кезіндегі оқиғалар өте күрделі мәселе болып табылады. Осы кезеңдегі
қазақ-орыс қарым-қатынастары, Кіші жүз қазақтарының Ресей
құрамына қосылуы қарама-қайшы сипатқа толы болды. Алғашқыда жәй
елшілер миссиясы арқылы Ресей бодандығын номинальды түрде
қабылдау, кейінірек Ресейдің қазақ жүздерінің ісіне араласуына ұласып,
елшілік іс-әрекеттер саяси-экономикалық тәуелділікке әкеліп соқтырды.
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі қазақ жерінде әскери
бекіністердің салынып, шептердің (линиялар) құрылуына және қазақ
жерін орыс шаруалары мен әскери казактардың отарлауына әкеліп
соқтырды.
Қазақстанның территориясында салынған бекіністер қалаға
айналып, өлкені Ресей өнеркәсібінің шикізат көзі ретінде игеру ісі
басталды. Ресейдің отарлық саясаты қазақ халқының қарсылығын
туғызып, ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Осындай қарама-қайшылыққа
толы жағдайда Батыс Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастар
орнай бастады. Батыс Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелігі-
Ресейдің Орта Азия мемлекеттерімен байланыс орнатуындағы атқарған
транзиттік ролі болып табылады.
Батыс Қазақстанда сауда қатынастарының дамуы негізінен
мынадай кезеңдерден тұрады: Кіші жүз жерінде бекіністердің салынып,
осы елді мекендер арқылы керуен сауда жолдарының қалыптасып,
Ресейдің Батыс Қазақстан арқылы Орта Азия мемлекеттерімен сауда
байланыстарын орнатуы; Батыс Қазақстанның Торғай және Орал
облыстарының территориясында ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап
жәрмеңке саудасының дамуы; ХІХ ғасырдың аяғына таман Батыс
Қазақстандағы бекініс қалаларда тұрақты сауда орындарының
қалыптасып, жергілікті қазақтардың әкімшілік реформаларға сәйкес мал
жаятын шұрайлы жерлерінен айрылып, отырықшылық өмір салтына
көше бастауы.
Батыс Қазақстандағы сауданың даму тарихы Қазақстандағы сауда
қатынастарының өркендеу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар, Торғай және Орал облыстары мен Маңғыстау уезіндегі
сауда қатынастарының Қазақстанның басқа бөліктерінен өзіне тән
ерекшеліктерінің болғаны объективті шындық. Біздің зерттеу еңбегіміз
6
осы кезге дейін тарихшылардың назарынан тыс қалып келе жатқан осы
үлкен ғылыми проблемалық мәселеге арналады.
Ғылыми еңбектің хронологиялық шеңбері Батыс Қазақстанда
айырбас, керуен және тұрақты сауда түрлерінің қалыптаса бастаған ХІХ
ғасырдың алғашқы ширегі мен осы аймақта қалалар мен селоларда
тұрақты сауданың қалыптасып, қазақ даласында жәрмеңкелік сауданың
дамуының жаңа капиталистік негізге бейімделген кезеңі ХХ ғасырдың
басы, яғни 1917 жыл аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері Батыс
Қазақстан территориясында ХІХ ғасыр мен ХХ басында сауда
қатынастарының дамуына өзінің әсерін тигізген факторлар жиынтығын
саралап, осы аймақта сауда ісінің ұйымдастырылуы және қызметінің
негізгі жүйесіне байланысты мәселелерді зерттеп талдау, Батыс
Қазақстанда сауданың даму динамикасы мен сауда буржуазиясының
қалыптасу деңгейін анықтау болып табылады. Сонымен қатар Батыс
Қазақстан территориясының Ресей империясының Орта Азиямен сауда-
экономикалық байланыс орнату процесінде атқарған транзиттік ролі,
жаңа заманда қазақ қауымының капиталистік сауда қатынастарына
бейімделіп, қазақтардың сауда процестеріне қатынасу деңгейін анықтау.
Осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін зерттеу
жұмысында мынадай негізгі мәселелерге баса назар аударылды:
Батыс Қазақстан территориясында сауда қатынастарының
қалыптасуына және дамуына өзінің әсерін тигізген факторлар.
Батыс
Қазақстан
территориясында
сауда
жүйесінің
ұйымдастырылуы мен сауда қызметінің негізгі түрлері.
Батыс Қазақстан территориясында жәрмеңкелердің ашылуы,
осы
жәрмеңкелердің
жұмыс
ережесі,
жәрмеңкелердің
жұмысына орыс көпестерінің, татар саудагерлерінің, Орта Азия
саудагерлерінің атқарған ролі мен қазақтардың жәрмеңке
жұмысына қатынасуы.
Батыс Қазақстанның бұрынғы Торғай және Орал облыстарында
және Маңғыстау уезінде сауда қатынастарының даму
динамикасы.
Сауда
қатынастарының
қазақ-орыс,
қазақ-Орта
Азия
қатынастарына тигізген әсері.
Батыс Қазақстанда сауда буржуазиясының қалыптасу процесі.
Батыс Қазақстан жәрмеңкелерінің қазақтардың әлеуметтік
өміріне тигізген әсері.
Бұл
ғылыми
зерттеу
еңбек
Батыс
Қазақстанда
сауда
қатынастарының даму тарихына арналады және ХҮІІІ ғасырдың аяғы
мен ХХ ғасырдың бірінші ширегін қамтиды. Осы кезеңде Батыс
Қазақстан құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстанда өте ірі саяси-
экономикалық, әлеуметтік процестер болғаны белгілі. Зерттеліп
7
отырған аумаққа біз қазіргі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және
Маңғыстау облыстарының территориясын қосамыз. Бұл сол уақыттағы
Торғай облысының Ақтөбе, Ырғыз уездері, Орал облысының Орал,
Гурьев, Ілбішін, Темір уездері мен Ішкі Бөкей Ордасы және Закаспий
облысының құрамында болған Маңғыстау уезінің территорияларын
қамтиды.
Аталған облыстар тәуелсіз Қазақстан Республикасының ажырамас
бөлігі болып саналады, сондықтан еліміздің мемлекеттілігінің
қалыптасуы тарихында аса маңызды орын алады.
ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап еліміздің тарихында
саяси зор өзгерістер болып, соның нәтижесінде жергілікті халық өзінің
тарихи Отанында туған жерінен ығыстырылып, елдің шұрайлы жерлері
қоныстанушылардың
меншігіне
айналды,
сөйтіп
осы
саяси-
экономикалық процесс Батыс Қазақстанда көп ұлтты халықтың
қалыптасуына, Ресей мемлекетінің мүддесіне қызмет ететін сауда
қатынастарының дамуына әсерін тигізді.
Ресей мемлекетінің Қазақстанды игеруі Батыс Қазақстаннан
басталды. Оны іске асыруда регионның Ресейдің Волга-Урал
аймағымен шектес орналасуының маңызы өте зор болды. Шектес
аудандарда сауда қатынастарының орнауының тарихи объективті
шарттарын
зерттеу
аса
маңызды
мәселе.
Өйткені,
сауда
қатынастарының дамуының регионалдық проблемасы отандық
тарихнамада өте аз зерттелген мәселе болып табылады.
Батыс Қазақстан территориясы сауда-экономикалық мақсатында
көптеген алыс-жақын мемлекеттерді қызықтырды. Сондықтан Батыс
Қазақстан аумағын зерттеу үшін саяхатшылар арқылы өте ертеден мол
мәліметтер жинала бастады. Византия елшісі Зимарк Киликийский 568
жылы Түрік қағанатына сапары туралы өзінің есепті-жазбаларында Жем
және Орал (Даих) өзендері туралы мәліметтер келтіреді.
Х-ХІ ғасырларда Батыс Қазақстан Оғұз қағанатының құрамында
болып, осы территория арқылы керуен сауда жолдары Орал өңірі
арқылы Хорезмді Волга бойымен және Русьпен байланыстырды.
Батыс Қазақстан территориясы туралы жанама ақпараттарды Ибн
Фадланның (921-922) қолжазбаларынан кездестіреміз. Ибн Фадлан ерте
заманда Каспий маңы ойпатын мекендеген тайпалар туралы деректер
береді.
Қазіргі Орал қаласының орны ерте заманда ірі сауда орталығы
болған. Сонау Х ғасырда жазылған Ахмет ибн Фадланның «Еділ
Бұлғариясына саяхат» (Путешествия в Волжскую Булгарию) деген
шығармасында және Әбу-Хамид әл Гарнатидің «Шығыс және Орталық
Европаға саяхат» (Путешествие в Восточную и Центральную Европу)
деп аталатын ХІІ ғасырда жазылған еңбегінде Батыс Қазақстанның
қалалары мен керуен сауда жолдары туралы мәліметтер беріледі.
8
Зерттеуші-шығыстанушы А.П.Ковалевский ибн Фадлан еңбегін орыс
тіліне аударып, елшіліктің маршрутын келтіреді. Ол елшінің сол
жағалаудан оң жағаға, яғни Азиядан Европаға Орал өзені мен Шаған
өзенінің құйылысында, қазіргі Орал қаласының тұрған жерінен
өткендігін көрсетеді. (1)
Орта ғасырда Моңғол империясының күшейген тұсында осы елге
саясат жасаған зерттеушілер Плано Карпини (1245-1247) мен Гельом де
Рубрук (1253-1255) маршруттары Солтүстік Арал маңынан өтті. Плано
Карпини өз саяхаты туралы жазбаларында Волга өзенінің жағасындағы
Сарай қаласынан бастап Каспий теңізінің солтүстігі, Орал, Жем
өзендері, Арал теңізінің солтүстігі мен Сырдария өзенінің бассейні
туралы мәліметтер береді. Гельом де Рубрук өз саясаттары туралы
мәліметтерінде Мұғаджар таулары аумағына кеңінен тоқталады. (2)
ХVІ - ғасырдың 60-70 жылдары Ресейдің Қазақстан және Орта
Азиямен дипломатиялық байланысы белсенді түрде жүргізіле бастағаны
белгілі.
Москва мемлекетінің шығыс бағытындағы саясатын жүзеге асыру
үшін 1627 жылы «Үлкен Чертеж кітабы» құрастырылып, онда Батыс
Қазақстанның өзен, көлдері, таулары суреттеліп, аймақтың климаты,
гидрогеографиясы және арақашықтықтары толық баяндалды. «Үлкен
Чертеж кітабында» Торғай, Өлкейек және Ырғыз өзендері, олардың
салалары Жем, Сырдария және Мұғаджар таулары туралы мәліметтер
бар. Мұнда: Көк теңізден Урук (Мұғаджар) тауына дейін 300 верст
(шақырым); Урук тауынан үш өзен басталады: Вор (Ор) өзені Жайыққа
құяды, Ырғыз өзені Ақбашлы көліне құяды. Ырғыз өзенінен Көк теңізге
дейін 280 шақырым (верст). Қарақұмнан Көк теңізге дейін 200
шақырым (верст) деген деректер бар. Ресей географиялық қоғамының
мүшелері Ақсақал барби, Ақсақал тәуіп көлінің орнын анықтаудағы
«Үлкен Чертеж кітабының» маңызды рөлін атап көрсеткен болатын. (3)
Батыс Қазақстан территориясын мұқият зерттеуге ХVІІІ ғасырдың
басындағы саяси өзгерістер өзінің зор әсерін тигізді.
Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүздің көрші елдермен
қатынастары туралы Джон Кэстлдің «Орыс тарихының материалдары»
атты жинаққа қосымша ретінде 1784 жылы неміс тілінде жарық көрген
«Күнделігінде» ХVІІІ - ғасырдың 30 жылдарындағы орыс, қазақ,
башқұрт қатынастары, Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы
сәттеріндегі Кіші жүздегі саяси ахуал, бұл оқиғаға түрлі әлеуметтік
топтардың көзқарасы, шаруашылығы, Орта Азия халықтарымен сауда
жүргізуі жөніндегі мәліметтер, құнды деректер баяндалады. Сонымен
бірге Әбілқайыр ханның орыс сауда керуендерін қорғауға міндеттеме
алғаны туралы мәліметтер келтірілген». (4)
Батыс Қазақстан тарихына байланысты 1917 жылға дейін жарық
көрген әдебиеттер арасында ерекше дерек көзі болып табылатын
9
шығарма М.Тевкелевтің еңбегі болып табылады. Ол 1731-1733
жылдары Кіші жүз ханы Әбілхайырға елшілік сапармен келіп, өзінің
күнделік жазбаларында қазақтардың рулық құрылысы, рулардың жерге
орналасу тәртібіне ерекше сипаттама берді. Сонымен қатар ру басы
сұлтандардың берген деректеріне сәйкес рулардың шаңырақ саны және
адамдар саны туралы деректер келтірді. Әрине М.Тевкелев деректері
жеке адамдардың ауызша куәлігіне негізделгендіктен шаңырақ, адамдар
саны туралы мәліметтер онша дәл емес. Дегенмен бұл еңбек Батыс
Қазақстан халқы туралы алғашқы мәліметтер болып табылады.
«Орынбор губерниясының топографиясы» деп аталатын еңбектің
авторы П.И.Рычковтың Орынбор өңірін зерттеуге көп еңбегі сіңді. Осы
құнды ғылыми зерттеу еңбегінде П.И.Рычков Мұғаджар таулары, Арал
теңізі, Жем, Ырғыз, Торғай, Сырдария өзендері туралы мәліметтер
келтіреді. Сонымен қатар осы еңбекте Орынбор өлкесінің табиғи
климаттық ерекшеліктері, флорасы мен фаунасы, пайдалы қазбалары,
тарихи ескерткіштері, халқы туралы тарихи және этнографиялық
деректер баяндалады. П.И.Рычковтың осы еңбегін 1768-1774 жылдар
арасында Орынбор өлкесін зерттеуге аттандырылған академиялық
ғылыми экспедияциялары басшылыққа алды. П.И.Рычков еңбегінің
басты құндылығының бірі қазақ даласындағы ескі сауда жолдарының
маршруттары туралы мәліметтердің келтірілуі болып табылады. (5)
«Орынбор тарихы (1730-1750)» деп аталатын еңбегінде П.И.Рычков
қазақ халқының этногенезіне аса назар аударып, қазақтардың Ресеймен
қарым-қатынасына талдау жасайды.
П.И.Рычков еңбегінде тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдағы Орал қаласы
туралы құнды ақпарат кездеседі. Осы мәліметтерді П.И.Рычков өзі
көрген және қазақ даласын аралаған саудагер көпестерден жинаған.
Қазақ руларының жаз айларындағы көшу ареалын анықтап, осы қазақ
көші-қон маршрутының қазіргі Орынбор облысының территориясын
алып жатқандығын анықтады.
П.И.Рычков Орынбордағы Азиялық айырбас ауласы туралы нақты
деректер келтіре отырып, «Бұл құрылыстың кеңдігі мен жайлылығын
айтқанда, мемлекеттің ішкі жағында көпестерге арналған мұндай үлкен
үй бар жерді айтуға бола қоймас», деп, Орынбордың сол замандағы ең
ірі сауда орталығы болғандығын ерекше атап көрсеткен болатын. Батыс
Қазақстан территориясын әскери және ғылыми тұрғыдан зерттеу
жұмыстарын кейінірек 5 академиялық экспедицияның отрядтары
жалғастырды. (6)
Бұл экспедицияларды П.С.Паллас, И.И.Лепехин және И.П.Фальк
басқарды. Осы 5 академиялық экспедицияның үшеуі «орынборлық»,
екеуі «астраханьдық» деп аталған болатын. Осы ғылыми зерттеу
экспедицияларының қорытындысы бойынша жазылған еңбектерде
біздің тақырыбымызға жанама маңызы бар деректер молынан кездеседі.
10
Батыс Қазақстан территориясын зерттеуші ғалымдардың ішінде
П.С.Палластың еңбегін ерекше атап өтуге тұрады. Ол Батыс
Қазақстанда үш рет болып, осы өңірдің солтүстігін, Гурьев пен Орал
қалаларының аралығын, Бөкей Ордасын түгел аралады. Осы
Достарыңызбен бөлісу: |