АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 3. Орынбор айырбас ауласының Батыс Қазақстанда  сауда



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
§ 3. Орынбор айырбас ауласының Батыс Қазақстанда  сауда 
қатынастарының дамуына тигізген ықпалы 
 
Қазақ  жерінің,  оның   ішінде  Батыс Қазақстан  территориясының 
отарлануы Орынбор қаласының салынуымен тығыз  байланысты. 

 
72 
Патша үкіметінің  Орынбор қаласын салудағы негізгі мақсаты Кіші   
жүз    бен  Орта  жүзге    Ресейдің    ықпалын    күшейту,  башқұрт    халқына  
Орыс мемлекетінің азаматтығын мойындату  болды. 
1731 жылы Ресей қарамағына кіргеніне қарамастан  Кіші жүз ханы 
Әбілқайыр  өз  саясатын  жүзеге  асыруға  тырысты,  осы  әрекет  сауда 
мәселелерінен  де  анық  байқалды.  Орыс  тарихшысы  В.В.Вильяминов-
Зернов:  «Әбілқайырдың  отбасы  Кіші  Орда  ұлыстарының      көпшілік 
бөлігімен  Сырдарияға  жақын  Қарақұмда  көшіп  жүрді,  ұлыстың  қалған 
бөлігі  Сырдарияның  төменгі  жағында  Ембі  өзені  мен  Қаракөл  көлінің 
бойында,    Борсұқ    құмында  және  Електің    жағалауына  орналасты. 
Сөйтіп қазақ ханы өзінің бақылауындағы халықаралық транзиттік сауда 
жолының  өте  тиімді  тұстарына  өзі  орналасты.  Сол  арқылы  Ресей 
өкіметінің  еркінен  тыс  салық  саясатын  жүргізді»  деп  жазған  болатын. 
(1).  Сонымен  бірге  Әбілқайыр  хан  көршілес  мемлекеттермен  (Хиуа, 
Бұқара  –  Б.Қ.)  сауда  қатынастарын  табысты  жүргізе  отырып  өзіне 
қараған Қіші жүзді экономикалық жағынан күшейтуге тырысты. Әрине 
Әбілқайырдың  бұл  әрекеті  Орынбор  әкімшілігінің  мүддесіне  сай 
келмеді.  Бұл  туралы  орыс  зерттеуші  В.Н.  Витевский:  «Татищев 
көршілес  қырғыз-қайсақ  даласында  болып  жатқан  істерді  қатты 
қадағалап көз  тігіп отырды, өйткені Орынбор экспедициясының негізгі 
мақсаты  қырғыз  ордасын  орыс  өкіметіне  бағындыру,  олардың  жеріне 
орыс қаласын салып Орта  Азияға сауда жолын ашу болатын»-деп атап 
көрсетті.  (2) 
Заманның  ыңғайына  қарай  қалыптасқан  халықаралық,  әскери, 
саяси-экономикалық жағдайды ескере отырып, Кіші жүз халқының және 
өзінің  жеке  басының  мүддесіне  сәйкес  Ресейдің  бодандығын 
қабылдаған Әбілқайыр хан өз ықпалындағы территорияның тұтастығын 
сақтау  мақсатында  жаңа  қала-бекініс  салдыру  мақсатын  ойластырды. 
Осы  мақсатты  орындау  үшін  дипломатиялық  әрекеттерді  жүзеге  асыра 
бастады. 
Орынбор  әкімдерінің  бүкіл  қарым-қатынас  хат-қағаздарын 
жүргізген П.И. Рычков «Орынбор тарихы» деген еңбегінде: «Әбілқайыр 
хан  Жайыққа  Бұхара  жақтан  келіп  құятын  Ор  өзенінің  сағасына  қала 
салу 
туралы 
өтінішімен 
Тевкелевпен 
бірге 
ұлы 
мәртебелі 
императрицаның  сарайына  ұлы  Ералы  сұлтанды,  немере  інісі  Нияз 
сұлтанды және қазақтың бірнеше рубасын жіберуге ұйғарды. 
1734-жылдың  басында  айтылмыш  Тевкелев  хан  ұлын,  қазақ 
рубасыларын,  сондай-ақ  қазақтың  Ұлы  жүзінен  жіберілген  адамдарды 
және басқаларын ертіп Санкт-Петербурге  келді. 10 ақпан күні хан ұлы 
өзінің  ағасымен,  ру  басыларымен  ұлы  мәртебелі  императрицаның  
қабылдауында болды. Қабылдау палатасында хан ұлы сөз сөйледі, оған 
жауап  ретінде  сөзді  сол  кезде  мемлекеттік  канцлер  болған  Остерман 
айтты.  Тевкелевтің  бүкіл  комиссиясы  туралы  айтылмыш  хан  ұлы  және 

 
73 
бұлармен  келген  барша  адамдар  туралы  мәселені  қарау  мемлекеттік 
сыртқы істер коллегиясына тапсырылды» деп жазған болатын. (3) 
1734-жылы  Ресейдегі    үкіметтік  сенаттың  обер-секретары  Иван 
Кириллов  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдың  өтініші  бойынша  Ор  өзенінің 
құйылысында  қала  салудың  Ресей  мемлекеті  үшін  пайдалы  екендігі 
туралы император кабинетіне «Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордасы 
туралы түсініктеме» деген арнаулы жоба дайындап тапсырды. (4) 
1734  жылдың  1  мамырында  бұл    ұсынысты  Ұлы  мәртебелі 
император өз қолымен мақұлдап, Ор өзенінің сағасында қала салуға, бұл 
орайдағы барлық істі жүзеге асыру үшін обер-секретарь Иван Кириллов 
пен  Алексей  Тевкелевті  жіберуге  бұйырды.  1734-жылғы  18-мамырда 
И.Кирилловқа  бірінші  статс-советник,  А.Тевкелевке  полковник  атағы 
берілді. 
Ресей  императоры  статс-советник  Иван  Кирилловты  Кіші  жүзге 
аттандырған  кезде  Мемлекеттік  сыртқы  істер  Коллегиясынан 
мемлекеттік    мөр  басылған  ерекше  Грамота  жіберілді.  Кіші  жүз  ханы 
Әбілқайырға  берілген  Грамотада:  «Біз  құдай  шапағатындағы  Бүкіл 
Ресей  патшайымы  және  жеке  билеуші  Анна  Иоановна  осы  жерден 
статс-советник  Иван  Кирилловты  және  полковник  Алексей  Тевкелев 
мырзаны  жіберіп,  Әбілқайыр  хан,  сенің  өтінішіңе  зор  ілтипатпен 
қарадық,  сөйтіп  Ор  өзенінің  сағасында  қала  салуға  рұхсат  бердік.  Ол 
қала біздің боданымыз. 
Әбілқайыр хан, сені, рубасылары мен бүкіл әскерді, сондай-ақ бізге 
бодан болған басқа да қазақ және қарақалпақ хандары мен рубасыларын 
және  бүкіл  әскерін  сіздің  де  біздің  де  жауларымыздан  сақтап 
қорғайтындай  болып,  зеңбіректермен  мортирлермен  және  де  басқа 
жауынгерлік қарумен жарақталады. 
Санкт-Петербургте  берілген.  Маусымның  10-ыншы  күні  1734  ж., 
мемлекет басқаруымыздың бесінші жылы». (5) 
Орынбор  қаласын  салу  үшін  И.Кириллов  200  адамнан    тұратын, 
алғашқыда    «Белгілі»  кейін  «Орынбор»  деп    шартты  турде  аталған 
арнаулы  экспедиция  және  2  мыңға    жуық  әскері  бар  отряд  жасақтады. 
«Орынбор»  экспедициясының  құрамында  осы  өлкені  жан-жақты 
зерттеу-істерін  жүзеге  асыру  тапсырылған  көрнекті  мамандар:  
астраном-математик  Д.Эльтон,  ботаник  И.Гейнцельман,  геодистер 
П.Чигачов және А.Клешнев, суретші Д.Кестель т.б. болды. (6) 
Жаңадан  қосылған  облысты    басқару    үшін    Статс    кеңесші  
Кирилловке  мынадай  нұсқаулар берілді: 
1.
 
Ор    өзенінің    құйылысында    қамалы    бар    қала    салып,    оған  
тұрғындарды  көптеп тарту. 
2.
 
Егер    Әбілқайыр  хан    және  басқа    хандар    мен  жай    қазақтар  
қалаға  жақын    жерлерге  көшіп-қонуға    ниет    білдірсе,    оларға  
қажетті    жер    бөлігін    тағайындау.    Егер    хандар    келу    үшін  

 
74 
немесе    тұрақты    түрде    осы    қалада    тұру    үшін    үй    салғысы  
келсе,  оларға  қала  маңынан өз  дәстүріне  сәйкес  үй  салып  
беру. 
3.
 
Орал  өзенін  бақылау  шекарасы  деп  белгілеу  және  өзеннен  
қазақтарды оң  жағалауға  өткізбеу. 
4.
 
Қаланың  негізін  салып  болған  соң  Әбілқайыр  ханмен  
кездесуден  кейін, ең бірінші  мүмкіндік  туған бойда  Бұқараға 
товарлармен    керуен    жіберу,    егер    мүмкін  болса    одан  арғы  
жерлерге    де    сауда    керуендерін    аттандыру.  Сонымен    қатар  
Азияның  әртүрлі  жерлерінен  Ресеймен  сауда  жасауға  
көпестерді  көптеп  тарту. 
5.
 
Кен  орындарын  іздеп  табу,  Әбілқайырдың    алтын    табылады  
деген  жерлерін  зерттеп  қарау. 
6.
 
Атты  әскер  үшін  қырғыздардан  (қазақтардан)   жылқыларды  
көптеп  сатып  алу. (7) 
Кириллов  осындай  нұсқаулармен  1734  жылы  15  маусымда 
Петербургтен  Орынбор  өлкесіне  аттанды.  Кирилловпен  бірге  
полковник    Тевкелев,  Ералы    сұлтан  және    елшілік    құрамына    кірген  
қазақ  және  башқұрт  старшиналары  (ақсақалдары)  Орынборға  келіп  
жетті. 
Уфа  қаласына  жетісімен  Кириллов Ор  өзенінің  бойына  әскери  
экспедиция жасақтап  жіберу  мәселесімен  айналысты. 1735  жылы  6 
тамызда Ор  өзенінің бойына  Кириллов өз отрядымен  келіп,15 тамызда  
құдайға  құлшылық    етіп,    дұға    оқығаннан    кейін    4    бастионды  
Орынбор  бекінісінің  негізі  қаланды,  ал  31  августе  қазіргі  Орск 
(Жамақала)    қаласының  орнында  Орынбор  қаласының    құрылысы  
салтанатты  түрде  басталды. 
Бұл    туралы    Кириллов    Петербургке    Ресей    патшасына      және  
Кіші  жүздің  ханы   Әбілқайырға   оның  немере   туысы   Нияз   сұлтан  
арқылы  хабар  беріп, келесі 1736  жылы  көктемде  өзімен  бірге  басқа  
да  қырғыз-қайсақ (қазақ)  билеушілері Орынбор  қаласына алып  келуін 
тапсырды.    Сонымен    бірге    Кириллов  жаңа    қалаға    берілген    ерекше 
жеңілдіктерді жариялап, Ташкент   саудагерлерін  қалаға  сауда  жасауға  
шақырды. 
1736  жылы  Кириллов  башқұрт  жерінде  Губерлинская,  Озерская 
бекіністері мен Средний, Бердский және Крылов форпостыларын салды. 
1837  жылы    10  мамырда    Ресей    императорының  Жарлығымен  
(Указ)  Орынбор  экспедициясының  начальнигі  (бастығы)  болып, осы  
кезде  құпия  Кеңесшілік лауазымына ие болған статс  Кеңесші Татищев 
тағайындалды. Жаңадан тағайындалған Татищевке Кирилловқа берілген 
нұсқаулар және дипломатиялық талаптарды  басшылыққа  алып  қызмет 
істеу  тапсырылды. 

 
75 
Орынбор    қаласының    салынып,    оның      жанынан  айырбас    сауда  
алаңының    жұмыс    жасауына    байланысты      Кириллов    пен    Татащев  
былай  деп  атап  көрсеткен болатын: «Орынбор  қаласы   салынғаннан  
кейін    шамалы    уақыттан    соң    бүкіл      Ресей      империясынан      және  
Азиаттық      саудагерлердің  осында      ағылып  келуінен    өте  көп      пайда   
түсті,    жыл    сайын  Ресей      империясының  қазынасына      алтын    мен  
күміс    құйылуда,    сонымен  қатар    өте    көп  алым-салық    алынуда,  
ақырында   Орынбор  тұтас губернияға  айналды».  (8) 
П.И.  Рычков  «Орынбор  тарихы»  (1730-1750)  деп  аталатын 
еңбегінде Орынбор  қаласының  ірге  тасының  қалануы туралы    былай 
деп баяндайды: «1735 жылы тамыздың 15-і күні, құдіреті күшті құдайға 
тиісінше құлшылық жасағаннан кейін, Орынбор қамалын салу жұмысы 
басталды.  Отызы  күні  (тамыздың)  жауынгерлер  жасағы  енгізіліп, 
ертеңіне  артиллерия  орын-орнына    қойылды.  Осыдан  соң  Кириллов 
Әбілқайыр    ханның  інісі  Нияз  сұлтанды,  біраз  қазақ  рубасыларымен 
қоса,  сый-сияпат  жасап,  қазақ  ордасына  қайтарды.  Әбілқайыр  ханға 
оның  өтініші  бойынша    Орынбор  қаласының    іргетасы  қаланғанын 
баяндап, алдағы  көктемде  басқа  қазақ  жүздерінің билеушілерін өзімен, 
Кирилловпен  жүздесіп  қайтуға  шақырып  хат  жолдады.  Орынборда 
подполковник  Чемодуров  басқарған  қыруар  қол  гарнизон  қойып,  хан 
ұлы  Ералы  сұлтанды  жанындағы  ру  басыларымен  осында  қалдырып, 
қыркүйектің жетінші жұлдызында Уфаға аттанып кетті» (9). 
Орынбор  қамалының  Ор  өзенінің  Жайыққа  құяр  сағасындағы 
салынып  жатқан  жері  тым  шалғай,  құлазыған  ыңғайсыз  орын  деп 
табылып, жаңа қамал қаланы Жайық өзеніне Сақмар өзені келіп құятын 
жерге  салу    ұйғарылды  да,    ескі  бекініс  Ор  (Жаманқала),  жаңа  қамал 
Орынбор (Оренбург) деп аталатын болды. 
1737-жылы  14  сәуірде    қайтыс    болған  Иван  Кирилловтың  орнына 
Орынбор  комиссиясының  жаңа  бастығы  болып    статс-советник 
В.И.Татищев тағайындалды. 
1737-жылдың  10-мамырынан  бастап  Орынбор  экспедициясы 
Орынбор комиссиясы болып өзгертілді. (10)  Орынбор комиссиясы Кіші 
жүз даласында болып жатқан саяси-экономикалық  оқиғаларды үнемі өз 
бақылауында  ұстап,  талдау  жасап  шешім  қабылдап  отырды.  Орынбор 
комиссиясының  бастығы  В.И.  Татищевтің    бұйрығы  бойынша  Жайық 
өзенінің  бойында  айырбас  ауласы  салынды.  Сөйтіп  Орынбор  қаласы 
саяси-экономикалық  орталыққа,  сонымен  қатар  Ресей  империясын 
Қазақстан  жері  арқылы  Орта  Азиямен  байланыстыратын  ірі  айырбас 
сауда орталығына айналды. (11) 
П.И. Рычков Орынбордағы Азиялық  айырбас ауласының салынуы 
туралы «Топография Оренбургской губернии» деген еңбегінде былайша 
суреттейді:  «Бүкіл  жаз  бойы  күзге  дейін  азиялық    халықтармен  сауда-
саттық  және  айырбас  жүргізілетін  Айырбас  ауласы  Жайықтың қаладан 

 
76 
көрініп  тұратын  дала  жағына,  жағалаудан  2  шақырым  қашықтықта 
салынған,  себебі,  оны  жақынырақ  салуға  мүмкін  болмады,  өйткені 
барлық жер ойпат болатын да, су алып кететін еді. Кіріп – шығу күмбезі 
бар  2  қақпа  жасалған,  олар  Жайық  өзені  мен  қала  жағындағыларына 
кеден директоры үшін  әдемі әрі едәуір кең орындар, ал дала жағындағы 
және  Азиялық  халықтар  келіп  кететін  басқаларының  үстіне  кеден 
орналастырған. Ауланы айналдыра салынған 246 дүкен және 140 қамба 
бар,  олардың  бәрі  ауланың  ішінде  және  күмбездің  астында.  Нақ  сол  
айырбас    ауласының    ішінде  азия  көпестеріне  арнайы  аула  салынған 
және  Азиялық    аула  деп  аталады,  оның  да  2  қақпасы  бар,  олардың 
кеденге  қараған  жағына  Захарий  мен  Елизавета  атындағы 
архитектурасы  әдемі  шіркеу  салынған.  Осы  Азият  ауласында  нақ 
осындай 98 дүкен және   бұрышында   екі-екіден, барлығы 8 қамба бар. 
Барлығы  –  148 қамба  және 344 дүкен. Олардан  дүкен  үшін жылына  4 
854 сом ақша алынуға тиіс. Сол айырбас ауласының көп бөлігі қазірдің 
өзінде    қаңылтырмен  жабылған,  ал  қалған  дүкендер  жабылып  жатыр. 
Далаға  қараған  бұрыштарына  екі  батарея  жасалып,  оларға  зеңбіректер  
қойылған.  Бұл    құрылыстың  кеңдігі  мен  жайлылығын  айтқанда, 
мемлекеттің    ішкі  жағында  көпестерге  арналған  мұндай  үлкен  үй    бар 
жерді  айтуға бола қоймас. (12) 
Орынбор  «айырбас  ауласы»  туралы  И.Г.  Георги  «Қазақстандағы 
сауда  туралы»  деген  мақаласында  былай  деп  жазады:  «Ең  үлкен  сауда 
саттық  Орынборда    жүргізіледі,  онда  Оралдың    қырғыздар    жағында, 
қаладан 3 шақырым жерде, атақты айырбас ауласы бар, ол азиялық деп 
аталады  және  бекініс  сияқты,  4  бұрышты  етіп  салынған  бірнеше  жүз 
дүкендерден тұрады. Ортасында бұқарлықтарға арналған көлемі шағын 
тағы  бір  ауласы  бар  бұл  айырбас  ауласы  қазынаның  иелігінде. 
Қауіпсіздік  үшін  барлық    дүкеншелердің  беті  ішке  қаратып  салынып 
қана қоймай, сонымен қатар онда атыс қаруы бар солдат наряды тұрады. 
Кіші  орданың  бүкіл  сауда-саттығы  осында  жүргізіледі  деуге  болады, 
өйткені  олар  Оралда  және  Орынбор    шебінің  басқа  қалаларында  онша 
көп  сауда  жасамайды.  Қырғыздардың  саудасына  баж  салығы 
салынбайды. Ал Ресей көпестері жүзден 10 баж  салығын  төлейді, бірақ 
соның өзінде  бұл сауда оларға өте пайдалы, сөйтіп қырғыздардың ара-
тұра  бойкүйез  болатыны  жағынан    алғанда,  олары  әбігерлігімен  тең 
мөлшерде  арта  түседі.  Қырғыздар  жылқы,  ірі  қара,  қой,  елтірі, 
өңделмеген тері,  түйенің жүнін, қасқыр мен түлкінің терісін, киіз және 
ұсақ түйек нәрселер сатады. Орынбордың бір өзінде ғана олар жылына 
150 мыңға жуық, ал кейде одан да көп қой сатады: өйткені олардың ең 
басты  тауары  әрқашанда  сол.  Ал,  оның    есесіне  алатындары:  шұға, 
әсіресе қызыл түсті жібек және жүн маталар, жібек орамалдар, тігілген 
қырғыз  етіктері,  мата  белбеулер,  шашбаулар,  алтын  шашақтар,  жіп, 
қазан,  шәугім  темір,  ошық, шелек,  аттың  ер-турманы,  қырғыз  әйелдері 

 
77 
үшін  дайын  заттары,  моншақ,  ине,  оймақ,  сырға,  жүзік  пен  сақина, 
оттық  және  басқа  да  жеңіл-желпі  тауарлар,  сондай-ақ  бүркіт,  ұн,  тары 
және басқа жармалар. 
Бұқарлықтар, Хиуалықтар, Ташкенттіктер  және соларға көрші жер 
жыртумен  және  қолөнермен  айналысатын  басқа  да  халықтар 
қырғыздардан  союға  мал  және  көпес  керуендері  үшін  түйелер  алады, 
оның  керісінше  оларды  Ресей  көпестерінің  сатуына  тиым  салынған  
қарумен,  сауыт-сайманмен,  мақта  маталармен,  шапандармен  және 
басқалармен жабдықтап отырады» (13) 
Статс-советник,  Орынбор  комиссиясының    бастығы  Татищев 
Әбілқайыр  ханмен  Ресей  көпестерінің  қауіпсіздігі  үшін  алдағы  1739 
жылдан  бастап  сауда  орнын  Орынбордан  Озерноеға  немесе  төменірек 
Бердянскіге  ауыстыру  туралы  келіссөз  жүргізіп,  Әбілқайыр  хан: 
«сауданың Орынборда немесе одан төмен Жайық бойында жүргізілгені 
бізге  бәрі-бір» деген өз ойын білдірді. Осы жолы Ташкентке Кіші жүз 
жері  арқылы  сауда  керуенін  жіберу  туралы  сөз  болды.  Осы  келісім 
бойынша  Ресейден  Ташкентке  сауда  керуені  жөнелтілді.  керуенге  сол 
өңірде  сатылуға  тиіс    20    мың  сомның,  оның  ішінде  тікелей  қазына 
есебінен  3  мың  сомның  әртүрлі    өтімді  товарлары  болатын.  Керуен 
көпестеріне  командир  болып  поручик  Карл  Миллер  және  жол  бойын 
сипаттап  жазып  келуге  геодезия  подпоручигі  Кошелев    жіберілді. 
Керуен  Кіші  жүз    бен  Орта    жүздің  жерлерінен  аман  өтіп,  Ұлы  жүз 
жерінде Түркістан қаласынан асып Ташкентке жетуге екі күншілік жер 
қалғанда  Ұлы  жүздің  ру  басы  Ханкелді  өз  серіктерімен  қарашаның 
(1738  ж.)  2-сі  күні  Балакемпір  деген  жерде  бүкіл  керуенді  тонап, 
адамдарын тұтқынға алған. 
Поручик  Миллерді  сол  маңайдың  беделді  адамы  Қонай  мырза  өз 
қамқорына  алып,  Ташкентке  жеткізген.  Орта  жүздің  билікті  адамы 
Жәнібек  тархан  көмегінің  арқасында  поручик  Миллер  өз  адамдарын 
жинап Ташкенттен кері қайтуға мүмкіндік алды. (14) 
1739-жылы  19  тамызда    Әбілқайыр  ханның  ұлдары  Нұралы  мен 
Ералы  сұлтандар  Орынбор  қаласымен  танысуға  қала  маңына  жақын 
келіп орнықты, 22-тамызда мәртебелі қонақтарды қаладан 24 гренадер, 
60  мушкетер,  т.б.  әскери  шенді  адамдар  қарсы  алды.  Осы  қабылдауда 
Нұралы мен Ералы сұлтандарға сабына күміс жалатқан қылыш, әр түрлі 
қымбат маталар сый тапсырылды. (15) 
Өз  әкесінің  сауда  саясатын  Әбілқайырдың  баласы  Нұралы  хан  да 
жалғастырды. Ол Хиуа мен Бұқараға, Қоңыратқа өз адамдарын жіберіп, 
олардан Орынборға дейін жеткізіп салу үшін товарлар мен күміс заттар 
тасыған көпестердің сауда керуендерінің өз территориясы арқылы өтуін 
талап етті. (16) 
Сонымен  бірге  Нұралы  хан  Гурьевте  (Үйшік)  қазақтардың  еркін 
сауда  жасауына  рұхсат  беруін  өтініп  Ресей  үкіметіне  елшіліктер 

 
78 
жіберуінің  нәтижесінде  1854  жылы  Гурьев  қаласында  25-қазаннан  10-
қараша аралығында жәрмеңке өткізуге мүмкіндік ашылды. (17) 
1736 жылы қазақтармен айырбас сауданың басталған кезінде Ресей 
үкіметі қазақтардан басқа да бұратаналармен бірдей мөлшерде әкілінген 
товардың бағасынан 2 % кеден салығын алды. 1739 жылы бұған тағы да 
1 % қосылды. 1750 жылы кеден салығының мөлшері 5 %-ке жеткізілді. 
Ақырында қазақтардан айырбас үшін  ештеңе алмайтын болып, есесіне 
орыс  көпестерінің  товарларынан  10%  кеден  салығы  алынатын  болды. 
(18)  
1745 жылы Орынбор айырбас саудасына қазақтар 3,1 мың бас мал 
әкелсе,  1746  жылы  –  7,3  мың  бас  мал  әкелді.  ХҮШ  ғасырдың  60-70 
жылдарында жыл сайын орта есеппен 150-200 мың бас мал, ал Орынбор 
айырбас  саудасының  басталған  кезінен  ХҮШ  ғасырдың  аяғына  дейін 
(1745-1792)  5,5  миллион  бас  мал  айырбасталған.  Бұдан  басқа  қазақ 
даласынан  Орынбор  айырбас  сауда  алаңына  мал  өнімдері  (тері,  жүн, 
т.б.)  әкелінді.  Малды  қазақтар  астық,  өңделген  тері,  киім,  маталар, 
темір,  шойын  бұйымдарға  алмастырды.  ХҮШ  ғасырдың  соңында 
құрылған шекара  комиссиясы орыс-қазақ қатынастарын,  сауда  көлемін 
өсіріп қауіпсіздігін арттыруға күш салды. 1785 жылы Орынбор айырбас 
сарайы  мешітінің  жанынан  64  оқушыға  арналған  қазақ  балалары  үшін 
мектеп ашылды. 
Орынбор  қаласының  салынып  орыс-қазақ  сауда  қатынастарының 
орнауына    байланысты  Телжан  Шонанов  1926  жылы  Ташкент 
қаласында  басылып  шыққан  «Қазақ  жер  мәселесі  тарихы»  деген  
кітабында өз көзқарасын былай деп баяндайды: 
«Әбілқайырға  берілген  1731  жылы  19  ақпанда  берілген  грамотода 
орыс  үкіметінің  «Орыс  керуенін  қорғайсың»  деген  сөзі  –  саудашыл 
капитал қазақ жерін шыға кешіп, кіре жайласын деген сөз еді. 
Орынбордың  бастапқы  әкімі  Кирилловқа  берген  нұсқауының  11, 
12, 15 – тармақтарында қатын патша Анна «Қазақ  жерінен алтын-күміс 
табуға  тырысу  керек.    Сол  үшін  де  ең  әуелі  керуендерден  қалдырмай 
инженерлер  жіберілсін.  Табылған  алтынды  законге  сиғызып    алам  деп 
әуреленбей, саудагер ретімен  пайдаланыңдар», - дейді. Мұның мәнісі – 
қазақ даласының асты-үстіндегі байлықтың рахатын, қызығын орыстың 
саудашыл капиталы көрсін деген сөз. 
Қазақ даласынан Ресейге алтын-күміс кіріп тұрған, бірақ шықпаған. 
Неплюевтің Сенатқа берген есебінде қазақ  жақтан 1748-1755 жылдары 
50  пұт  алтын,  5  мың  пұт  күміс  алынғанын  айтады».  (19)  Қазақтардың 
айырбас сауда жасайтын ең маңызды орындарының қатарында тарихшы 
А.И.  Левшин  Орынбор  және  Троицк  сияқты  Семей,  Петропавл, 
Өскемен,  Омбы  т.б.  шекаралық  қалаларды  ерекше  атап    көрсетеді. 
Осылардың  ішінде  ең  басты  сауда  нүктесі  ретінде  Орынбор 
қаласындағы  айырбас саудасын атайды. 

 
79 
Ең  ұзақ  айырбас  саудасы  шілде  айының  ортасынан  бастап,  қазан 
айының  аяғы  немесе  қараша  айының  бас  жағына  дейін  созылып, 
Орынбор айырбас сарайына күніне бірнеше жүздеген, 1 мыңға дейін, ал 
1780 жылы 2 мыңға дейін адам келетініне  баса назар аударады. (20) 
Витевский    «И.И.Неплюев  и  Оренбургский    край  в  прежнем  его  
составе  до  1758  г.»    деген      еңбегінде:  «1747  жылы    қыркүйекте,  яғни  
Орынбор  қаласының  негізі  салынғаннан  кейін  4 жылдан  соң, қалада  
837  үй,  4  шіркеу,    гауптвахта,    қазыналық  қонақ  үй,  аптека,  оқ-дәрі 
погребі,  дүкен,  қонақ    аулада  тастан    салынған    44  лавка,    айырбас  
ауласында 131 лавка болды» деп жазған болатын.  (21) 
Айырбас  алаңы  қаладан  4 шақырым жерде, 40 мың шаршы  сажен 
аумаққа  орналасқан. 
Г.  Гельмгольц    деректеріне    сәйкес    Орынбор  айырбас  ауласында  
329    сауда    орындары,  2  пакгауз,  1  трактир    және    3  татар    асханасы  
(харчевня)  жұмыс  жасаған. (22) 
Айырбас  саудасы  үшін  жасалынған  осындай  жеңілдіктерге 
байланысты Орынбор қаласына жақын орналасқан қазақтар жыл сайын 
өз  малдарын  базарға  айдап  айырбас  саудасымен  айналысуды  кәсіпке 
айналдыра бастады. 
ХVШ-ғасырдың 40-жылдарында Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның 
иелігіндегі қазақтардың Орынбор айырбас сарайы арқылы өзара тиімді 
саудасының  көлемі  ақшалай  1  млн  сомға  жетті.  (23)  Әбілқайыр  хан 
ауылдарының  тұрғындарынан  Орынбор  кеденінде  алынған  салық 
көлемінен сауда  табысының    жылма-жыл көбейгендігі айқын көрінеді: 
1745  жылы  –  6893  сом,  1746    жылы  –    8027  сом, 1747    жылы  –  12627 
сом, 1748 жылы 19 689 сом.  (24) 
Қала  ретінде    салынуына  өз  үлесінің  мол  екендігіне    сенімі  мол 
Әбілқайыр  хан  Орынбор  қаласының  айырбас  сауда  орталығына 
айналуын өз байлығының артуына да тиімді пайдалануға тырысты. Осы 
себепті  Әбілқайыр  хан  1747-жылы  бригадир  А.Тевкелевке  Ресейден 
Орта  Азияға жүретін сауда керуендерінің өз  территориясымен жүруіне 
көпестерді көндіру туралы өтініш жасады.  (25) 
Батыс  Қазақстанның    транзиттік  саудада  маңызы  артып,  осы 
территория  арқылы  Ресейге  Хиуадан,  Бұқарадан,  Ташкенттен 
Самарқандтан,  Астраханнан керуен жолдары жүретін болды. 
ХVШ ғасырдың 40-шы жылдары баж салығы қызметі реттелді. 
1745 жыл мен 1774 жыл аралығында қазақ товарлары мен малынан 
Орынбор шекаралық баж жинағынан түскен алымның өзі ғана күміспен 
334  771  сом  02  тиынға  жетті.  Осы  мерзімде  орыс  және  Орта  Азия 
көпестері,  сондай-ақ  қазақтар  11  894  925  сомның  товарлары  мен  және 
мал өнімдерін сатты. (26) 
Орынбор  өлкесін    игеру    Ресей    империясының    Орта    Азия  және 
Қазақстан    жерін    мекендеген    халықтармен  сауда    қатынастарын  

 
80 
дамыту  мүддесінен    туындап,  көптеген    материалдық  және  еңбек  
ресурстарын  пайдалануды  қажет еткен болатын. Орынбор регионының   
Ресей  империясының  негізгі  орталығынан  өте  қашықта  орналасуы,  
көшпенді 
халықтардың 
жиі 
шабуылдау 
қаупі, 
қажетті 
инфраструктураның  жоқтығы  орыс  көпестерінің  бұл  аймаққа  көшіп  
келуін    қиындатты,    алғашқыда    саудагерлер    маусымдық    саудаға  
қатынасумен    ғана    шектелді.    Сондықтан    1740    жылы    Орынбор  
комиссиясының    бастығы    В.А.Урусов    Анна    Иоановна    басқарған  
Министрлер  кабинетіне    Ресейдің    орталық    аудандарынан    Орынбор  
қаласына    тұру    үшін    саудагерлерді    еркінен    тыс    мәжбүрлеуді  
ұсынды.  Оның  орнын  ауыстырған  И.И.Неплюев  мәселенің  шешімін  
әкімшілік    жолмен    емес,  саудагерлерге    әр    түрлі    жеңілдіктер    беру 
арқылы    олардың    экономикалық    мүдделілігін    арттыру    қажет    деп  
тапты. 
Сауда  жүргізудегі бай  тәжірибе,  қолөнер кәсібімен  айналысудағы  
терең    дәстүрдің    қалыптасуы,    тілдің    түсініктілігі,    діннің    бірлігі,  
мәдениеттің  жақындығы  Ресей  мен  Шығыс  халықтарының  арасында  
экономикалық  байланыс  орнатудың  табиғи  аралық ағайыны  ретінде  
орыс    үкіметіне  татар    халқын    Орынбор    өлкесін    игеру    ісіне  
шақыруды  мәжбүрледі. 
1744  жылы    И.И.Неплюев    үкіметке    баяндама    дайындап,  онда  
оған  қазан    татарларының    «Орынбор    қаласына    көшіп  келіп,      сауда  
ісімен  айналысуға  рұхсат  сұрағанын өздерінің   «алыста  тұратынына  
байланысты»    татарларды    (өздерін)    рекруттық    міндеттерден    босату  
туралы   және  тұрған  жерлерінде  мешіт  салуға  өтініш  білдіргенін»  
атап  көрсетеді. (27) 
1744  жылы  2  наурызда  И.И.  Неплюев  баяндамасы  үкіметтік 
Сенатта  тындалып, 1744 жылғы 13 наурыздағы  Жарлық  бойынша  200 
отбасынан    тұратын    Қазан  татарларына    Орынбор    қаласына    көшіп  
келуге  рұхсат  беріліп, олардың (татарлардың)  шаруашылығы  қуатты  
болып, сауда ісімен айналысуға  мүмкіндігі  болуына  назар  аударылды.  
Сонымен  бірге  қоныстанушылар  рекруттық  міндетінен  босатылды, 
бірақ қажет жағдайда  тұрақты  әскери  қызметке  шақырылатын болды. 
1736  жылы  11  (февральда)  ақпанда  және  1776  жылы  22  қарашада  
қабылданған  указдар  (жарлықтар)  бойынша  татарларға  бүкіл  Ресей  
территориясында ешқандай кедергісіз сауда жасауға мүмкіндік берілді. 
(28) 
Үкімет  жәрдеміне  ие  болған  татар  саудагерлер  өздерінің  ыңғайлы  
жағдайын  өте  жақсы  түсініп,  қазақ  даласында  сауда  жасаудың  
тиімділігін  тез  сезініп,  осы  процестен  коммерциялық  пайданың  көп    
түсетініне  көз  жеткізе білді.  Бірінші  гильдия  көпестері  Ахмет, Ғани  
және Махмұт Хусаиновтар қазақ даласында өздерінің сауда  орындарын  
ашты. 

 
81 
ХVШ  ғасырдың  бірінші  жартысында  патша  үкіметі  Орынбор  
губерниясының  атқаратын  саяси-экономикалық    ролінің  аса  маңызды 
екенін ескере отырып Орынбор қаласының  қарқынды дамуына ерекше 
көңіл бөлді. 
Ресей    үкіметі  «Орынбор    қаласына    айрықша  артықшылық  беру»  
туралы  жарлық қабылдады. Осы  «артықшылық»  бойынша: «Орынбор 
қаласына    көшіп  келген    адамдарға  олардың  этникалық  және  діни 
ерекшеліктеріне 
қарамастан 
сауда-шаруашылық 
жеңілдіктері 
жарияланды.  Барлық  ниет  қылушыларға,  әсіресе  көпестерге,  қолөнер 
шеберлеріне, әр  түрлі  мемлекет қызметкерлеріне, шет ел азаматтарына 
және  басқа  лауазым  иелері  мен  діндарларға  Орынбор  қаласына  көшіп 
келіп орнығуға, өмір  сүруге,  сауда істерімен айналысуға  және әр түрлі 
кәсіппен    шұғылдануға»    рұхсат  етілді.  Осы  шешімнің    нәтижесінде  
Орынборға  Қазан    губерниясынан    «сауда    ісімен  айналыса  алатын  әрі 
өте бай»  200 отбасы көшіп келді.  Татарлардың көші-қон жұмыстарын 
ұйымдастыру  ісімен  Қазан    уезінің    Мәмет    тақыры    деревнясының  
тұрғыны  Аитов Сеит  Хаялинұлы  айналысты. Сөйтіп  ол  1745 жылы  
Орынбордан  18  шақырым    (верст),  Сақмар  өзенін  бойлап    жоғары 
өрлегенде    Бердянск    слободасынан  20      шақырым  қашықтықта  Сеит  
посады деп аталатын  елді-мекеннің  негізін  салды. 
1747-жылы  Сеит посадында 996 ер адам тізімге  енгізіліп, олардың  
ішінде  973  татар, 23 башқұрт  болды.  (29) 
1792 жылы   Сеит  посадында 2674 адам  тұрып,  олардың 1820-сы  
саудамен  айналысты. (30) 
Х1Х  ғасырдың    аяғында  Сеит    посады    Орынбор    губерниясының  ірі  
сауда  орталығына  айналды.  Қала  халқының  саны  11 мыңға  жетті. (31) 
Орынбор  қаласының  жанында  негізі  қаланған  Сейіт  посадының 
татар  саудагерлері  Батыс  Қазақстан  территориясында  қарсы  сауданың 
дамуына өз ықпалын тигізді. 
Европалық  және  Азияттық  товарларды  алмастыру  орталығы 
Орынбор  айырбас  сауда  ауласы  болғаны  белгілі.  Орынбор  мен  Орта 
Азия  территориясының  арасында  орналасқандықтан  осы  аймақтардың 
товарлары  Ақтөбе,  Ырғыз  уездері  мен  Орал  облысында  кеңінен 
сатылды.  Европа  товарларының  Ақтөбе,  Ырғыз,  Темір,  Ойыл  т.б. 
жәрмеңкелерде және Хиуа, Бұхара, Ташкент базарларында сатылуында 
Сейіт посады саудагерлерінің үлесі мол болды. 
1752 жыл аяғында 5 қамалы бар Орск (Жаманқала) дистанциясынан 
қазақтар Ресей көпестеріне 40 мыңға тарта қой сатты. 
А.Тевкелев  пен  П.Рычков  сыртқы  істер  коллегиясына  тапсырған 
1759 жылғы 22 январьдағы (қаңтардағы) жолдауында: «қазақтар саудаға 
«енді ден қойып алғандығы сондай, қазір 1 күнде 700-ден 800-ге дейін, 
кейде 1 мыңға тарта адам Орынбор айырбас сарайына келеді. Сонымен 
бірге  олар  нағыз  көпестер  сияқты  саудаласатын  болды,  олардың 

 
82 
кейбіреулері  көпестердің  керуендерін  онда-мында  шығарып  салып, 
кәсіп қалып жүреді» - деп атап көрсетті.    (32) 
ХҮШ  ғасырдың  аяғында  Россиямен  сауда  жасайтын  қазақтардың 
саны Орта Азиямен сауда  жасайтын сауда жүргізетіндерден асып түсті. 
ХҮШ  ғасырдың  аяғына  таман  жалпы  саны  217  мың  отбасы  бар  26 
рудың,  152  бөлімінің  Орта  Азиямен  сауда  байланыстары  болды,  ал 
Ресеймен  300  мыңға  тарта  отбасы  бар  40  рудың  200  бөлімінің  
қазақтары сауда жүргізді. (33) 
1779 жылы Орынбор және Троицк кеден бекеттері арқылы айырбас  
саудасы  үшін  салық  төленіп  1  892  219  бас  қой  мен  ешкі,  4  638  бас 
жылқы, 6 есек өткен. Сонымен қатар 1779 жылы салық төлемей-ақ осы 
кеден бекеттерінен 748 бас өгіз, сиыр және бұзау өткізілген. Осы жылы  
түрлі  товарларға  барлығы  194  611  бас  мал  алмастырылып,  Орынбор 
кеден  бекетінде  өткізілген  малдардан  27  809  сом  62½  тиын,  Троицк 
бекетінде 29 559  сом 67 ¾ тиын салық жиналған. 1779 жылы Ресейден 
қазақ шекарасы арқылы 62 268 пұт астық өткізілген. (34) 
1785  жылғы  19  шілде  мен  19  қазан  арасында  өткізілген  Орынбор 
жәрмеңкесінде  орыс  көпестері  мен  қазақтардың  айырбас  саудасы 
туралы мәліметті келтірейік: (35). 
Орынбор жәрмеңкесіндегі мал саудасы туралы Ведомость № 86  31 
қазан 1785 ж. 
 
 
Ресей көпестерінің 
қазақтарға  
товарға 
алмастырған мал 
мал саны 
сом 
тиын 

жылқы 
1821 
 
 

құлын 
186 
 
 

өгіз 
352 
 
 

қой 
189 585 
 
 

қозы 
11 244 
 
 

ешкі, оның ішінде 

 
 
 
үлкен 
300 
 
 
 
орташа 
8 452 
 
 
 
ұсақ 
3 666 
 
 
 
Осы  малдар  және 
азиаттық 
товарлардан 
қазынаға 
түскен 
табыс мөлшері 
 
 
 
 
 
210 615 
29 410 
83½ 
 

 
83 
Тарихшы  А.И.Левшин Орынбор  айырбас саудасы  туралы  былай 
деп жазады: 
«Орынбордың  байырғы  тұрғындарының  айтуына  қарағанда 
Орынбордағы  сауданың  гүлденген  1786  және  1887  жылдары 
аралығында  жылына  қазақтар 500 мың қойды товарларға  алмастырған, 
сонымен  бірге шекара бойындағы жерлерге де осындай мөлшерде қой 
айдап  келген.  Сөйтіп,  жылына  Ресейге  1  миллиондай  қой  өткізілген. 
Орынбор  және  Сібір  шептерінде  сатылған  жылқының  саны  кейбір 
жылдары  50  мыңға  жеткен.  Қазақтардың  түйелерін  Ресей  көпестері 
онша  көп  алмаған,  бірақ  есесіне  түйелерді  Бұқар,  Хиуа,  Ташкент 
көпестері өте көп мөлшерде өз товарларына алмастырады. (36)  
Орта  Азиялық  халықтармен  сауда  қатынастарын  реттеу  және 
дамыту  ісінде  1817  жылы  бекітілген  азиаттық  сауда  бойынша  
қабылданған  Уставтың    (жарғының)  үлкен  маңызы  болды.  Сонымен  
қатар үкіметтік Сенаттың 1834 жылы 5 шілдеде қабылдаған «Азиаттық 
сауда  бойынша  таможниялық  (кедендік)  Уставқа  (жарғыға)  кейбір  
толықтырулардың  қажеттігі  және  Орынбор  және  Сибирь  кедені  мен  
заставасындағы штатты өзгерту туралы»  Уставтың да Ресей, Қазақстан 
және Орта Азия сауда қатынастарының жаңа  деңгейде  жүргізілуіне  игі  
әсері  тиді.  
Азиаттық  сауда  бойынша  Кеден  Уставында  (жарлығында)  
көпестердің іс-әрекетін  бақылау   және  кедендік салықтар салу  туралы 
нақты  нұсқаулар  берілді: «Кеден  әрқашан  айырбас  ауласына  кірген  
көпестердің өзі әкелген  товары  үшін  салық  төлеуін  қадағалауы  тиіс, 
өйткені кеденнің көпестермен  арадағы  жұмысы  айырбас  ауласындағы 
сауданың    біткен    кезінде    аяқталуға  тиіс.  Керуеннің    аттануы  туралы 
хабарды кеден өз  басшылығына тез хабарлап отыруы  қажет.» деп атап 
көрсетілген.  Кеден  Уставына  (жарғысына)    толықтыруларда  «товар  
иелеріне    міндетті    түрде    квитанциялар    (түбіртек)    беріліп,    оны 
алғандары    туралы    қолдарын    қойғызып    алулары    қажет,    ол  
квитанциялар  жәй  қағаздарға  басылған  арнаулы  бланкалар  түрінде 
болуға тиіс»  деген  ерекше  талап болды. (37) 
Тек  қана 1819 жылы Орынборда 145 077 бас мал, Троицкіде – 2356 
бас  мал  алмастырылған.  1820  жылы  Орынборда  164  706  бас  мал 
айырбасталса, Троицкіде 12 335 бас мал айырбасқа түскен.   (393). (38) 
Х1Х-ғасырдың  алғашқы  ширегінде  Орынбор  қазақтар  үшін  ең 
үлкен  айырбас  орталығы  болды.  1819-жылы  Орынборда    барлығы  145 
077  бас  мал  айырбасталды.  Осы  жылы  Петропавл  бекінісінде  69  679 
айырбасталған.  Сонымен  қатар  Семейде  9  945    бас  мал, 
Пресногорковскеде 4 485, Өскеменде 4 220, Омбыда 3 238, Троицкіде – 
2 356 бас мал айырбасталған. 

 
84 
Келесі  1820-жылда  да  Орынборда  айырбасталған  мал  басы  басқа 
сауда орындарында айырбасталған мал басынан бірнеше есе көп болды. 
Оны мына мәліметтен көруге болады: (39) 
 
 
Айырбас орындары 
Айырбасталған (1820) мал саны 

Орынбор 
164 706 

Петропавл 
82 880 

Семей 
15 017 

Троицк 
12 335 

Пресногорковск 
5 316 

Омбы 
 625 

Өскемен 
586 
 
1824  жылы  Орынбор  генерал-губернаторы  П.К.Эссен  дайындаған 
«Орынбор  қазақтарының  Уставы»  Кіші  жүз  қазақтарының  сауда  ісіне 
араласуына  үлкен  мүмкіндік  туғызды.  Әсіресе,  Х1Х  ғасырдың  бірінші 
жартысында  Орынбор  кеден  бекетінде  айырбас  саудасының  өрістеуіне 
ықпал тигізді. 
Ресейдің  қазақ  даласымен  сауда  қатынастарын  орнату  процесіне 
байланысты    профессор  Е.Бекмаханов:  «Өнеркәсіп  бұйымдарына,  ең 
алдымен  тұтынатын  заттарға  деген  зәрулік  қазақтарды  көрші 
мемлекеттермен товар айырбастауға  итермеледі. Қазақтардың Ресеймен 
айырбас  сауда  жасауы  Х1Х-ғасырдың  бірінші  жартысында  кең  өріс 
алды»–  деп ерекше атап көрсеткен болатын. (40) 
1829-жылы  Ресей  сыртқы  істер министрлігі  1-Николай  патшаға 
Қазақстанның    өте    арзан    шикізат    байлығын    орыс    империясының 
өркендеп  дами  бастаған  өнеркәсіп орындарына  пайдалану  мәселесін 
қойған болатын. 
Сөйтіп    Қазақстанды  Ресей    көпестерінің    өнеркәсіп  товарларын  
өткізу    рыногы    ғана    емес,  орыс    мемлекетінің    өнеркәсібін  қажетті  
щикізатпен    қамтамасыз    ететін    аймаққа    айналдыру    көзделген  
болатын. 
1831-жылы  тері    және    мал  майына,  1845-жылы    астық    және  
металл  бұйымдарына  мемлекеттік  салық  салу  тоқтатылды. 
Орынбор    таможнясының    деректері  бойынша  айырбас  аулалары  
мен  сауда    пункттерінде    және  Орск,  Елек,  Орал,  Калмыков    және 
Гурьев  заставаларында  және  Орынбор  таможнясының  өзінде  1841-
жылы  116 832 қой  айырбасталған. 
Небольсиннің  деректеріне  қарағанда,  Х1Х-ғасырдың  екінші  
ширегінде,  1827-жылдан  1837-  жылға  дейін,  он  жылдың    ішінде 
Қазақстанмен  жасалған  орыс  саудасының  айналымы  10,53    миллион 
рубль  (сом)  мөлшерінде  болды.  1840-1850  жылдарда  бұл  көрсеткіш  
15,73 миллион сомға  жетіп, бір жарым есе өсті. 

 
85 
Ресейдің қазақ даласымен саудасында товар әкелу, товар әкетуден 
асып  түскен.  Орынбор  губерниясы  бойынша  жасалған  айырбас  сауда  
осыны дәлелдейді: (41) 
 
 
Сырттан әкелінген товар 
Сыртқа шығарылған товар 
1846 
647 868 сом 44 тиын 
469 694 сом 44 тиын 
1847 
749 769 сом 60 тиын 
490 299 сом 64 тиын 
 
1 397 638 сом 04 тиын 
959 994 сом 08 тиын 
 
1856 жылы Орынбордың айырбас сарайына қазақтар 490 504 бас ірі 
және ұсақ мал айдап әкелсе, 1857 жылы бар  болғаны 398 954 бас, яғни 
91  550  бас  мал  кем  әкелінді.  Сол  сияқты  мал  өнімдерінің  де  көлемі 
азайды. 1857 жылы жәрмеңкелерде 226 888 сом 81 тиынға мал өнімдері 
(тері,  жүн,  елтірі,  түбіт,  май  т.б.)  сатылып,  оның  көлемі  1856  жылмен 
салыстырғанда 5 547 сом 17 тиынға келіп кетті. (42) 
1855-1856  жылдары  қазақ  даласындағы  болған  жұтқа  қарамастан 
1856 жылы 321 870 иленген тері сатылса, 1557 жылы – 255 141 дана тері 
сатылған болса яғни 66 729 дана тері аз өткізілді. 1857 жылы Кіші жүз 
қазақтары  үй  жағдайында  дайындалған  қол   өнер   бұйымдарын 13 081 
сомға  сатты,  бірақ  бұл сауда  1856 жылмен салыстырғанда 3 663 сомға 
кем болды. (43) 
1862  жылы  Батыс  Қазақстаннан  жәрмеңкелерге  486  мың  қой,  25 
мың ірі қара, 9700-ден астам жылқы әкелінді. (44) 
Товар – ақша қатынастарының дамуына жәрмеңке саудасы ерекше  
жәрдемдесті. 
Бөкей  Ордасы,  Орал,  Ақтөбе,  Ырғыз,  Ойыл  (Қөкжар),  Темір 
(Қарақамыс)  –  Гурьев  т.б.  жәрмеңкелер  ашылып,  Батыс  Қазақстанмен 
көршілес  Ресей    губернияларында  –  Орынбор,  Астрахан,  Самарада  ірі 
сауда орталықтары жұмыс істеді. 
Батыс Қазақстанның ірі  қалалары мен селоларында тұрақты сауда 
пайда болды. Бұларда жергілікті рыноктардың құрылу процесі жүрді. 
Егер  1820 жылы үш  шепте – Орал, Орынбор, Сібір шептерінде – 
күміс ақшамен есептегенде 115 мың сом орыс товарлары сатылса, 1852 
жылы  күміспен  534 838 сомның товарлары түсіп, 4 431 772 сом күміс 
ақша товары жөнелтілді.     (45) 
Статистикалық  мәліметтерге  қарағанда  1869  жылы  Орынбор  және 
Троицк айырбас сарайларында қазақтар 1 150 түйе, 1001 жылқы, 16 031 
мүйізді ірі қара, 273 823  қой сатып, 1,5 миллион сом ақша тапқан. 
Орынбор    қаласының    айырбас    сауда  орталығына    айналуына  
байланысты  қазақ  даласына  Ресей  империясының  өндіріс  өнімдері  
көптеп  әкеліне   бастады. 1867-жылы  Орынбор  шекара  шебі  арқылы  
қазақ  даласына  2,2  миллион  рубльге    40  миллион    аршын  шыт  (ситец)  
мата  әкелінген. Сөйтіп  қазақ  даласындағы  сауда  орындарынан  Орта 

 
86 
Азиялық  тоқыма  маталар  ығыстырылып  шығарылды.  Х1Х-ғасырдың 
60-жылдарында    жыл  сайын    орта    есеппен    400-450  мың    рубльге  
иленген    тері,  300-400  мың    рубльге  металл    бұйымдары  сатылды. 
Әсіресе    қазақ    ауылдарында    самаурын,  қазан,    балта,  балға,  орақ  
шалғы  үлкен  сұранысқа  ие  болды. (46) 
1867-жылы    қазақ    даласынан    Ресейге    мынадай    мал  және  мал 
өнімдері  жөнелтілді: (47) 
 
 
Мал және мал өнімдерінің түрі мен саны 
Бағасы 

374 882 қой 
1 063 256 рубль 

6 039 жылқы 
170 689 рубль 

18 220 сиыр 
226 086 рубль 

2 419 ешкі 
2 230 рубль 

397046 тері 
173794 рубль  

327 914 елтірі 
82 409 рубль 

140 046 пұт жүн 
294 178 рубль 
 
1867-жылы      қазақ  даласынан    Ресейге    өткізілген    малдың  91,8%, 
терінің  66,9%,  жүннің  94,1  %  Орынбор  және  Сібір    шептерінен  
тасылған. (48) 
1868  жылға  дейін    Орынбор  айырбас  ауласында  кеден  (таможня)  
болған. 1868-жылғы  7 қыркүйектен Ресей императорының  жарлығына 
сәйкес  кеден  70  мың  рубльге    бағаланып    Орынбор  қаласының  
қарамағына  өткізілген. 
1871 жылғы 25 наурызда Орынбор генерал-губернаторы  Орынбор 
қалалық  Думасына  Ішкі    істер    министрлігінің  Әскери  және  Қаржы  
министрліктерімен  келісімінің  нәтижесінде  Орынбор  қаласының 
айырбас ауласында тәжірибе жинақтау үшін 3 жыл қатарынан  маусым 
мен  қараша    аралығында    жәрмеңке  өткізуге  болатынын    хабарлады. 
Осыдан  соң  Орынбор  губерниялық    басқармасы    Орынбор  айырбас  
ауласында жәрмеңке Комитетін құру туралы Жарлық (Указ)  шығарды. 
Комитет  құрамына  Дума  мүшесі,  қала  комиссары,  саудагерлер 
класының депутаттарынан, оның ішінде 2 орыс, 1 христиан, 1мұсылман, 
және жәрмеңкеге келушілер  арасынан  1 қазақ, 1 хиуалық, 1 бұқарлық  
саудагерлер  енді.  Комитет    қарамағында  1  полиция    қызметкері,  10 
городовой болды. 
Үш жылдан соң  айырбас  алаңындағы жәрмеңке  мерзімі  тағы да 5 
жылғы  тәжірибе    жинақтау  үшін    созылды.  Бұл    шешімді    Орынбор 
Губернаторы  1871  жылы  4  мамырда  қабылдап,  Орынбор  қалалық  
Думасына    хабарлады.  Кейінірек  1881  жылы  20-қыркүйекте  Орынбор 
губернаторы    Орынбор    айырбас    ауласындағы  жәрмеңкені    1 
маусымнан  1  қараша    аралығында  жыл  сайын    тұрақты    түрде  өткізу 
туралы шешім  қабылдады. (49) 

 
87 
Г.Гельмгольц  өзінің  «Орынбор    айырбас  ауласы»  (Оренбургский 
меновой  двор)    деп  аталатын    статистикалық    очеркінде  1878-1892  
жылдар  арасында өткізілген  жәрмеңкелердің  товар  айналымы  туралы  
мына  деректерді  келтіреді: (50) 
 
 
Жылдар 
Товар айналымы (рубль есебімен) 

1878 
6 223 537 

1879 
3 643 840 

1880 
4 536 659 

1881 
3 549 660 

1882 
4 226 558 

1883 
2 739 191 

1884 
2 794 246 

1885 
3 264 398 

1886 
2 542 016 
10 
1887 
2 803 243 
11 
1888 
3 387 894 
12 
1889 
3512 029 
13 
1890 
453 732 
14 
1891 
3 369  293 
15 
1892 
2735 765 
 
Осы  көрсетілген 15 жыл ішінде  ең  жоғарғы  көрсеткіш  6 223 537  
рубль  болса,  товар  айналымы  ең    төменгі  деңгейі  2  735  765  рубль  
болды. Жылдық  орта сауда айналымы  3 538 037 рубльді  ғана  құрады. 
Орынбор  айырбас    ауласының    сауда  айналымы    1888-1892    жылдары  
аралығында  1883-1887  жылдармен    салыстырғанда  2  915  517  рубльге  
өсті. (51) 
…Жаңа  жағдайда  қазақтар  сауда  ісіне  икемделіп, мал және  мал  
өнімдерін  саудаға  шығарып,  өздеріне   тұрмысқа    қажетті  бұйымдар  
айырбастап    немесе    сатып  алу    арқылы    қам-қарекет  жасай    бастады. 
Бұл туралы  Фальк былай деп атап көрсетеді: 
«Бұрын  қазақтар    дала  мен  далалық    мал  шаруашылығының  
бергенін    ғана    пайдаға    асырумен  шектелетін.  Кейінірек,  қазақтар  
шаруаға  бейімделіп  ыждағатты  бола  бастады. Олар  жаңалыққа  тез  
үйреніп    қабылдайтын    болды.    Ішімдік    пен    тәттіге  емес,    негізінен  
киім-кешек,  әшекей    бұйымдар,    үй    жиһаздары    сияқты    заттарды  
көптеп  жинап,  жаңа    қажеттіліктерін    қанағаттандыруға  тырысуда».       
(52) 
Орынбор  айырбас    сарайының    тарихы  маңызы    туралы  
Г.Гельмгольц  өз очеркінде  былай  деп жазған  болатын:  «Орта  Азия  
мен      Европалық    Ресей    рыноктарының      арасын    байланыстырушы  
ретінде    айырбас    сарайы    өзінің    тарихи    маңызын  баяғыдан  

 
88 
жоғалтқанына  қарамастан, көп уақыттар бойына  ол (айырбас  сарайы)  
Орынбор  өлкесіндегі  ең  алғашқы  рынок  болды  және  оның  товар  
айналымы  өте  жоғары  болған  еді. Бірақ  Орынбор Әскери  Округінің  
таратылуына  байланысты  сауда  ісінің  деңгейі  тек  Орынборда  ғана  
емес,  айырбас  сарайында  да  төмендеді.  Сонымен қатар  1885-жылы  
Закаспий    темір    жолының    іске  қосылуы    Орынбор    жәрмеңке  
саудасына    өте    қатты    соққы  берді,  өйткені  осы  кезден    бастап    Орта 
Азиямен сауда  қатынастары  жыл  бойына  жүргізіле  бастады.  Әсіресе  
Орынбор    айырбас    сарайындағы    жәрмеңке  саудасының    деңгейінің  
төмендеуіне    (мал    ауруына    байланысты)    жоғарыда    айтылған  
карантиннің  де  әсері  болды 
Айырбас    сауда    айналымының    қысқаруына    Торғай   және    Орал  
облыстарының   қырғыз (қазақ)  даласында  (сауда)   пункттерінің  өсуі  
себебін  тигізді.  Бұдан    10  жыл    бұрын    қазақ    даласындағы    кішігірім  
пункттер   Қостанай  және Ойыл  қазіргі  кезде  қаулап  өсіп,  қалалық  
мекен  деңгейіне    жетті,    осы    қалалық  жерлерге    қазақтар    өзінің  
малдары    мен    ішкі    заттары  және    жүндерімен  ағылып    келуде.  Осы  
жерлерде    сауда    гүлдене    бастады,    әсіресе  Ойылда    сауда    шұғыл  
дамып, қазақ  даласындағы  сауда  орталығы  осында  ауысты. (53) 
Орынбор    әскери    округінің    таралуына    байланысты    Орынбор  
қаласында  және Орынбор  айырбас  алаңында  сауда  деңгейі  төмендей  
бастады. Сонымен қатар  1885  жылы  Закаспий  темір  жолының  іске  
қосылуы    Орта    Азиямен    сауда    байланысы    поездар  арқылы    жүзеге  
асуына    сәйкес    Орынбордағы  жәрмеңке    саудасы    құлдырауға  
ұшырады. 
Сонымен қатар  көршілес  Торғай, Орал  облыстарында  жәрмеңке  
саудасының    дамуына    орай    көршілес    қазақ    даласынан    Орынбор 
айырбас  алаңына  мал  және мал  өнімдерінің  әкелінуі  толастады. 
Х1Х  ғасырдың  орта  тұсында    сауданың    дамуында    айырбас  
сарайлардың рөлі ерекше  болды. Кейінірек олардың маңызы төмендей  
бастады.  Закавказ    темір    жолының    іске    қосылуына    байланысты  
Орынбор  сарайының  сауда    айналымы  күрт  азайып    кетті.    Егер    Х1Х  
ғасырдың    60-жылдары    Орынбор    айырбас    сарайының    товар  
айналымы   10 миллион   рубль   құраса,  1890-жылы  4  миллион  рубль, 
1892-жылы    2,7  миллион    рубльге    дейін  төмендеді.  Ал  Х1Х-ғасырдың  
90-жылдарының    аяқ    кезінде    Орынбор    айырбас    сарайы    тек  
жергілікті  сауда  орталығы  болып  қалды. (54) 
1891 жылы Орынбор қаласындағы қасапханаларда 140 мың ірі қара 
мал мен 300 мыңға жуық қой сойылды. (55) 
Орынбор  айырбас  сауда    орталығының  Ресей  мемлекеті  үшін 
атқарған ролін Юджин Скайлер былай деп атап көрсетеді: «Отарлар мен 
табындар  қырғыздардың  ең  басты  байлығын  құрайды.  Әрі  Ресей 
империясының табыс көзі болып табылады. 1896 жылғы статистикалық 

 
89 
мәліметтерге  сай  Орынбор  мен  Троицкіде  қырғыздар  1150  түйе,  1001 
жылқы, 16031 ірі қара, 273823 қой сатқан. Оның жалпы құны 1 миллион 
500  мың  сом  (рубль)  болған».  Ю.Скайлер  сонымен  қатар  өз  мүддесі 
тұрғысынан  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырдың  орыс  сауда  керуендерін 
қорғауға міндеттеме алғаны туралы мәлімет береді. (56) 
Кіші  жүз    өңірінде  сауда  қатынастарының  дамуы  мен  Батыс 
Қазақстан  территориясына  сауда  капиталының  тереңдеп    енуіне  Ресей 
мен  Қазақстан  шекарасы  салынған  Орынбор  қаласының  саяси, 
экономикалық маңызы өте зор болғандығы тарихы шындық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет