Республикасы


и р ім іс іім ,  КСРО  м с м л ет і  г*ри»  ш м с м т и   ш і і



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата23.02.2017
өлшемі9,89 Mb.
#4715
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

и р ім іс іім ,  КСРО  м с м л ет і  г*ри»  ш м с м т и   ш і і .  
даулы 
м р л ір  оимм ормыиі а ін ід іи  курмягам  і і у і к і і  
шае 
м с 
пуАя
м ш ір га м уріп  штды-

3  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ-
НЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  ШЕКАРАСЫНЫҢ  АЙҚЫН- 
ДАЛУЫ
3.1 
Тәуелсіз  Қазақстан 
мен 
Қытай 
Халық 
Республикасы  арасындағы  мемлекеттік  шекараның 
түбегейлі  шешілуі
Бүл  тарауда  тэуелсіз  Қазакстанның  көрші  елдермен 
мемлекеттік  шекарасының  анықталу  барысы  мен  нәтижесі 
кеңінен  қарастырылып,  мемлекеттік  шекараны  анықтау 
кезінде  туындаған  даулы  учаскелерге  қатысты  мәселеге 
талдау  жасалады.  Сонымен  қатар,  бүгінде  барша  элемнің 
назарын  аударып,  көмірсутегі  қорының  молдығынан  үлы 
державалардың  геосаяси  ойын  алаңына  айналып  отырган 
Каспий  теңізіндегі  республикалар  арасындағы  мемлекеттік 
шекара жағдайы сипатталып, оны  шешудегі мемлекеттердің 
үстанған  позициялары  сараланбақ.
XX  ғасырдың бас кезінде Д.И.  Менделеев:  «Если  мы
теперь обратим  внимание  на то,  что  главные  черты  истории
определяются 
стремлением 
народов  заполучить 
себе
землю...  то  станет донельзя  очевидно,  хотя  бы  мы  приняли
во  внимание  и  громадность  наших  бесплодных  тундр,  что
наша земля  представляет великий  соблазн для большинства
окружающих  нас  народов...»,  -   деп  жазды  [91].  Орыстың
үлы  ғалымының  XX  ғасырдың  басында  айтқан  сөздері
қазіргі  таңдагы  Қазақстан  жағдайының  мысалы  болып 
табылады.
Тәуелсіздіктің  бастапқы  кезеңі 
мен  өткен 
он 
жылдықтың  ішінде  әлем  мен  аймақта  болған  оқиғалардың 
нәтижесінде  Орталық  Азияның  геосаяси  картасы  күрделі 
өзгеріске  үшырады.  АҚШ,  Еуропалық  Одақ,  Қытай  жэне 
т.б.  әлемдік  державалардың  жаңа  тәуелсіз  Орталық  Азия 
республикаларына 
қызығушылығы 
күннен-күнге 
арта 
түсті. Орталық Азия аймағы әлемдегі күшті  мемлекеттердің 
геосаяси  ойын  алаңына  айнала  бастады.  Мүндай  пікірді 
жетекші 
геосаяси  ойыншылардың  рөліне  ғана  емес, 
сондай-ақ  аймақтық  ойыншылардың  өзіне  де  қатысты 
айтуға  болады.  Сол  себептен  Қазақстан  тәуелсіздік  алған 
алғашқы  күннен  бастап-ақ  өзінің  үлы  көршілері  мен 
стратегиялық  серіктесі  саналатын  Ресей  жэне  Қытаймен
95

ҚАЗАКСТАН РЕСІГУЪЛИКАСЫНЫҢ М ЕМ ЛЕКЕТОК ШЕКАРАСЫ
қарым-қатынас  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлген  болатын. 
Қытай  өзінің  экономикалық,  демографиялық  жэне  эскери 
мүмкіндіктерінің 
арқасында 
соңғы 
кездері 
Орталық 
Азиядағы  жаңа  «үлкен  ойынның»  белсенді  қатысушысы 
болып  отыр.  Сол  себептен  Қазақстан  басшылығының 
алдында  Қытай  сияқты  ірі  эрі  бірегей  мемлекетпен  жаңа 
қарым-қатынастар  орнату  міндеті  түрды.  Мұндай  үлкен 
әскери  мүмкіншілігі  бар  күштердің  назарының  бір  жерге 
түйісуі  Қазақстанның  шекарасы  мен  қарулы  күштерін 
нығайтуды  қажет  етті.  Қазақстан  жеріндегі  мұнай  мен 
кен  орындары  қорының  байлығы  жэне  оның  әлемдегі  ең 
ірі  құрлықтың  ортасында  орналасып,  батыс  жэне  шығыс 
елдерін  жалғап  жатуы,  оның  дербес  мемлекетке  айналуы 
көптеген  мемлекеттердің  онымен  саяси-экономикалық 
байланыс орнатуғаұмтылысынтудырған болатын. Қазақстан
өзінің  геосаяси  жагдайымен,  табиғи  ресурстар  қорының 
молдығымен  жэне  этникалық  құрамымен  ҚХР-дың  өмірлік 
маңызы  бар  аймақтарының  біріне  жатады.  Осыны  ескерген 
республика  басшылығы  Қазақстанның  сыртқы  саясатта
көпбағытты  саясат ұстанатындыгын  жария  етті.
1991 
жылы 
Кеңес 
Одағы 
ыдырап, 
Қазақстан
тэуелсіз  мемлекет  болып  құрылғаннан  кейін  оның  сыртқы 
саясатында  атқарар  ісі  мол  еді.  Кеңес  Одағынан  мұрага 
қалған  қазақ-қытай  мемлекеттік  шекара  мэселесін  достық 
қарым-қатынас  негізінде  екі  жақтың  мүддесін  ескере 
отырып,  аса  байсалдылық  пен  парасаттылықпен  шешу 
мемлекеттер  үшін  аса  маңызды  болды.  Ал  бұл  мақсатқа 
жетуде Қазақстан сияқты тэуелсіз жас мемлекеттің алдында
көптеген  маңызды  мэселелер  тұрды.
С
 
__ ] Елбасы  Н.Назарбаев  өзінің  «Ғасырлар  тоғысында»
Хатты 
еңбегінде 
қазақ-қытай 
қатынастарына 
қатысты 
«Біздің  ұлттық  тарихымызда  ғасырлар  бойы  Аспан  асты 
Елімен  қарым-қатынас  үлкен  маңызға  ие  болып  келген. 
Соңгы  кезде  қарқынды  дамып,  өзінің  аймақтағы  жэне 
әлемдегі  орнын  нық  бекіткен,  адамзаттың  XXI  гасырдағы 
дамуы  көбіне-көп  Қытаймен  байланысты.  Көптеген  елдер 
Қытаймен 
арақатынасты 
сыртқы 
саясатының 
негізгі 
өзегі  деп  түсінеді.  Ал  Қазақстан  үшін  осынау  болашағы 
зор,  экономикасын  қарышты  қадаммен  дамытып  жатқан 
мемлекетпен  ойдағыдай  қарым-қатынас  орнату  айрықша
маңызға  ие»,  -  деп  атап  көрсетеді  [92,  205  б.].
96


Қазақстан  Қытаймен  тұрақты,  достық  жэне  тату 
көршілік  қатынастар  орнату  қажеттігін  жақсы  түсінеді. 
Арадагы  байланыстарга  текетірестік  жэне  өзара  күдік 
келтіру  Қазақстанның  стратегиялық  мүдделеріне  қайшы 
келген  болар  еді.  Өйткені,  Қазақстанның  өркениетті 
елдердің  элемдік  қоғамдастыгына  кіруі  жэне  экономикада 
қүрылымдык 
қайта-құрулар 
жүргізу 
сияқты 
күрделі 
міндеттерді  шешу  қажет  болатын.  Ал  Қытай  тарапынан 
Қазақстанмен  арадағы жан-жақты  байланыстарды  орнатуға 
деген  жақсы  құлшыныс  бірден  болды.  Олар  Қазақстандағы 
саяси  басшылықтың  ұстанған  бағыты  мен  елдің  зор 
болашағын 
бірден 
қолдады. 
Өйткені, 
Қазақстандағы 
саяси  түрақтылықпен  қатар,  елдің  зор  энергетикалық, 
экономикалық  жэне  транзиттік  мүмкіндіктері  Қытай  үшін 
маңызды  еді.
ҚХР  Қазақстанның  мемлекеттік  қауіпсіздігі  мен 
экономикалық  дамуына  эсер  етуші  сыртқы  факторлардың 
бірі  болып  табылады.  Қазақстанның  шығыс  көршісі  Қытай 
Халық  Республикасы 
арасындағы 
шекараның  жалпы 
ұзындығы  1782  шақырымды  құрайды  [93].
Қытай Еуразиялықкеңістіктіңкіндігіндеорналасқан,
ашық  мұхитқа  шығуға  мүмкіндігі  жоқ  Қазақстан  үшін 
Тынық  мұхиты  аймағына,  ондағы  елдермен  байланыс 
орнататын  «көпір» тәрізді,  өйткені  ҚХР  Қазақстан  тауарын 
өткізетін  үлкен  сауда  аймагы  гана  емес,  сонымен  қатар 
Қазақстанның элемнің тез дамып жатқан аймағы -  Оңтүстік 
жэне  Оңтүстік-Шығыс  Азияға  шығатын  «шығыс  қақпасы» 
іспеттес. Ал саяси жэне экономикалық жағынан ҚХР үкіметі 
Қазақстанды «батыс қақпасы» деп санайды [94,17 6.]. Қытай 
экономикасы  дамуының  басты  мәселесі  — дамыған  шығыс 
аудандары  мен  әлеуметтік  жагынан  артта  қалган  батыс 
аудандары  арасының алшақтығы.  Сондықтан  да  1992  жылы
6  маусымда  Қытайдың  бес  солтүстік-батыс  аудандарының 
даму  жоспарын  талқылаған  кезде  Мемлекеттік  Кеңестің 
төрағасы Ли Пэн: «Қытайдыңсолтүстік-батыс аймағындағы 
провинциялардың  көрші  елдермен  қарым-қатынас  жасауы, 
әсіресе  Орталық Азия  елдерімен  сауда-экономикалық жэне 
гылыми-техникалық  байланыстарын  дамыту  жэне  нығайту 
керек.  Сонда  солтүстік-батыс  аудандардың  өркендеуі  мен 
дамуы  жеделдейді»,  -   деп  атап  көрсеткен  болатын  [94,  22
6Л.
97

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Қытай 
Халық 
Республикасы  арасындағы  ресми  дипломатиялық  қатынас 
1992  жылы  3  қаңтарда  орнады.  Екі  жақты  біріккен 
мәлімдемеде  былай  делінген:  «Екі  ел  халықтарының 
мүдделері мен армандарына сәйкес Қазақстан Республикасы 
Үкіметі  мен  Қытай  Халық  Республикасы  Үкіметі  екі 
мемлекет  арасында  1992  жылдың  3  қаңтарынан  бастап 
елшілер  деңгейінде  ресми  дипломатиялық  қарым-қатынас
орнатуды  үйғарды»  [95,  193-194  6.].
Екі  ел  үкіметтері  егемендікті  жэне  аумақтық 
түтастықты  өзара  қүрметтеу,  бір-бірінің  ішкі  істеріне 
араласпау,  тендік  жэне  өзара  тиімді  байланыс  орнатуға, 
сондай-ақ  бейбіт  өмір  сүру  принциптері  негізінде  екі 
ел  арасындағы  досты қ  жэне  ынтымақтастық  қарым- 
қатынастарын  дамытуға  келісті.
1992 
жылы  ақпанда  Қазақстан  жағының  Қытайга 
алғашқы  ресми  делегациясы  ат  басын  тіреді.  Қазақстан 
республикасының  Премьер-минйстрі  С.Терещенко  ҚХР-ға 
ресми  сапармен  келді  [96,  124 б.].  Екі жақты  келіссөздердің 
нэтижесінде  Пекинде  бірқатар  қүжаттарға  қол  қойылды, 
олар 
негізінен 
сауда-экономикалық 
және 
ғылыми- 
техникалық 
ынтымақтастық 
жөніндегі 
үкіметаралық 
комиссия  қүру,  арадағы  байланысты  жақсарту  жолында 
азаматтардың  дайындайтын  визасы  жэне  т.б.  қүжаттардың 
санын 
азайтып, 
жеңілдету 
туралы, 
сонымен 
қатар 
мемлекеттік  шекара  арқылы  өту  пункттерін  ашу  туралы
келісімдерге  қол  жеткізді.
1992  жылы  ақпанда  екі  тарап,  ҚХР  —  Алматыда,
ҚР  -   Пекинде  өз  елшіліктерін  ашты.  Жоғары  саяси 
деңгейдегі  алғашқы  байланыстар,  көп  күттірместен  сауда- 
экономикалық  ынтымақтастықты  дамытуға  серпіліс  берді. 
Екі  ел  арасындагы  тауар  айналымы  күннен-күнге  арта 
өсіп,  дамыды.  1990  жылдардың  басында-ақ  Қазақстан 
Қытайдың  Орталық  Азиядағы  негізгі  эріптесіне  айналды.
1993  жылы  қазан  айында  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Назарбаевтың  Қытайға  тэуелсіз  мемлекеттің 
басшысы ретінде алғашқы  сапары болды.  Сапар барысында 
екі  мемлекет  басшылары  Н.Назарбаев  пен  Цзян  Цзэмин 
екі  мемлекеттің  өзара  қатынастарының  принциптерін 
айқындайтын 
түңғыш 
ресми 
қүжатқа 
—  Қазақстан 
Республикасы  мен Қытай  Халық Республикасы арасындағы
98

достық 
қатынастардың 
негіздері 
туралы 
бірлескен 
декларацияға  қол  қойды.  Бұл  құжат  бойынша  тараптар 
арадағы  барлық  даулы  мәселелерді  бейбіт  және  өзара 
келісім жолымен шешетінін, екінші тараптың қауіпсіздігіне 
қатер  төндіруі  мүмкін  күш  қолданудан  немесе  қандай  да 
бір  нысанда  болсын  күш  қолдану  қаупінен  тартынатынын, 
қандай 
да  бір 
іс-қимыл 
қолданбайтынын 
қуаттады. 
Тараптардың әрқайсысы  екінші  тарапқа  қарсы  бағытталған 
қандай  да  бір  әскери-саяси  одаққа  қатысудан,  екінші 
тараптың  мемлекеттік  егемендігі  мен  ұлттық  қауіпсіздік 
мүдделеріне  нүқсан  келтіретін  қандай  да  бір  үшінші 
тараппен  шарт  немесе  келісім  жасаудан  бас  тартатынын 
мэлімдеді  [95,  197  б.].
Өзара қабылдауға болатын, әділ жэне үтымды шешім 
үшін  жалпыға  бірдей  халықаралық  қүқық  нормаларына 
сэйкес екі ел арасындагы қазіргі шекаратуралы шарттардың 
негізінде  шешілмеген  мәселелерді  болашақта  шешуге 
келісуге  қол  жеткізді.  Н.Назарбаевтың  үсынысымен  1994 
жылы  шекара  мәселесіне  байланысты  келіссөздерді  одан 
эрі  жалгастыру  келісілді.
Кеңес 
Одағының 
ыдырауы 
нәтижесінде 
одан 
Орталық  Азиядағы  одақтық  республикаға  мүра  болып 
қалған бұрынғы кеңес-қытай қатынастарындағы шекаралық 
таластар  ҚР  мен  ҚХР  арасындагы  қауіпсіздік  мәселесін 
туғызды.
1964 
жылдан  бері  Қытай  Үкіметі  XIX  ғасырдың 
аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында  белгіленген  екі  арадагы 
шекаралық  сызықты  нақты  емес  деп  есептеді.  Яғни,  оның 
негізгі  айтқан  уэжі  мемлекеттік  шекара  сызығын  айқындау 
Қытай мемлекетінің элсіз, ішкі саяси жағдайдың құлдырауы 
түсында,  ал  Ресей  элемдік  күшті  держава  болған  кезде, 
ол  үшін  тиімді  жағдайда  жүргізілді,  сондықтан  ҚХР-дың 
сол  кездегі  үкіметі  оны  заңсыз  деп  санап,  арадағы  кейбір 
шекара  учаскелеріне  қатысты  келісімдерді  қайта  қарауға 
тырысты.  1991  жылы  одақтық  республикалар  тәуелсіздік 
алғаннан 
кейін 
мемлекеттер 
арасындағы 
шекараны 
карталар  арқылы  салыстыру  нэтижесінде  жалпы  көлемі 
34  000  шаршы  шақырым  болатын  19  учаскеде  бұрынгы 
кеңес  республикалары  -   Қазақстан,  Ресей,  Қырғызстан, 
Тэжікстан  жэне  Қытай  арасында  шекарада  территориялық 
сәйкессіздіктер  табылып,  олар  таласты  деп  белгіленді.
99

КЛЗЛҚСТЛН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТ1К ШЕКАРАСЫ
Көлемі 2235 шаршы шақырым болатын  11  учаске шекараның 
қазақ-қытай  бөлігіне,  көлемі  3728  шаршы  шақырым  5 
учаске  қытай-қырғыз  бөлігіне  жэне  көлемі  28430  шаршы 
шақырым  3  учаске  қытай-тэжік  бөлігіне  келді.  Қытайдың 
қол  астында  19  учаскеден  жалпы  көлемі  270  шаршы 
шақырым  3  учаске  болды,  оның  ішінде  шекараның  қазақ- 
қытай  бөлігінде  көлемі  70  шаршы  шақырым  2  учаске, 
қырғыз-қытай  белігінде  көлемі  200  шаршы  шақырым  1 
учаске болды.  Қырғызстан  мен  Тэжікстанның бақылауында 
көлемі  230  шаршы  шақырым  жэне  2800  шаршы  шақырым 
құрайтын  бір  учаскеден  болды.  Бұдан  басқа  11  учаскеге  екі 
жақтың  да  адамдары  кіре  алатын  болды,  оның  8  учаскесі 
қытай-қазақ шекарасына, қытай-қырғыз учаскесінде 2 жэне
1  қытай-тәжік  учаскесінде  болды  [97,  79  б.].
1994 
жылы  сэуірде  Қытай  Үкіметі  төрағасының 
Қазақстанға сапары  кезінде  Н.Назарбаев  пен Ли  Пэн  казақ- 
қытай  мемлекеттік  шекарасы  жөнінде  келісімге  қол  қойды 
[98].  Бұл  құжат  күрделі  мэселені  шешудің  ең  алгашқы 
қадамы  еді.  Шекаралық  мэселелерді  шешу 
мэселесі 
Президент  Н.Назарбаевтың  1993  жылы  қазанда  ҚХР-ға 
алғашқы  ресми  сапары  кезінде  эңгіме  болған  [95,  197  б.].
Президент 
1994 
жылдың 
өзінде-ақ 
шекараны 
заңдастыратын  екі  жақты  келісімге  қол 
қоюды, 
ал 
келісілмеген  екі  аймақты  кейінгі  келіссөздерге  қалдыруды 
үсынды.  Н.Назарбаев  қарулы  күштерді  қысқарту  және 
шекара  аймағында  сенімділікті  нығайту  шаралары  жөнінде 
келіссөздер өткізуге жақсы  баға  берді:  «Қазақстан  Қытайга 
үлы  держава  ретінде  қарайды», — деп  атап  көрсетті  Елбасы 
[99,  236  б.].  ҚХР  төрағасы  Цзянь  Цзэминь  өз  кезегінде: 
«Қазақстан  мен  Қытай  —  Азиядағы  елеулі  орын  алатын 
мемлекеттер»,  —  дей  отырып,  Қазақстанмен  достық  пен 
ынтымақтастықты  нығайту  үшін  барлық  мүмкіндіктерді
жасайтынын  мәлімдеді  [100].
Цзянь  Цзэминь  Н.Назарбаевтың  шекараны  заңды
бекіту  туралы  ұсынысын  қуаттады.  «Қытайдың,  -   деді 
Қытай  басшысы,  Қазақстанға  ешқандай  территориялық 
таласы  жоқ,  шекаралық  мәселелер  бізге  тарихтан  қалған. 
Оларды  келіссөздер  арқылы  шешуге  болады»,  -   деп
мәлімдеді  [100].
1993  жылы  18  қазанда  Пекинде  қол  қойылған
к р   мен  ҚХР-дың  «Достық  өзара  қатынастар  негіздері
1 0 0

туралы» 
Бірлескен 
Декларациясының 
13-бабында: 
«тараптар  шекара мәселелері  жөніндегі  бұрын  кеңес-қытай 
келіссөздерінде  қол  жеткен  уагдаластықтарды  мақұлдайды 
жэне  екі  елдің  арасындагы  қазіргі  шекара  туралы  шарттар 
негізінде  халықаралық  құқықтық  нормаларына  сәйкес,  тең 
құқықты  кеңесулер,  өзара түсіністік жэне өзара қабылдауға 
боларлықтай,  эділ  жэне  тиімді  шешімін  табатындай,  өзара 
төзімділік  рухында  шешілмеғен  мәселелерді  талқылауды 
жалғастыра  береді»  деп  көрсетілді  [101,  17  б.].
1994  жылғы 
құжат  бойынша 
шекара 
сызығы 
түгелдей  анықталды,  тек  екі  кіші-гірім  учаске  — Алматы 
обл ысының  Алакөл  ауданындағы  Сарышілде  өзенінің 
аңғарында көлемі 315  шаршы шақырым учаске мен Шығыс- 
Қазақстан  облысының Зайсан ауданындағы  Шоған-Оба мен 
Баймырза сулары ауданындағы кэлемі 629 шаршы шақырым 
қүрайтын  учаске  қалғанын сыртқы  істер министрі  Қ.Тоқаев 
мәлімдеген  болатын  [96,  126  б.].
Енді осы шешілмеген мәселелержөніндегі жүмыстар 
жүргізіле  бастады.  Осы  арада  ҚХР-дың  Қазақстанға 
қауіпсіздік  мәлімдемесін  беруі  екі  ел  арасындагы  тату 
көршілік  жағдайды  нығайта  түсті.  Н.Назарбаевтың  1995 
жылғы  9  ақпанда  осыған  орай  жіберген  жауап  хатында 
былай  делінген:  «Әлем  жүртшылығы  Қытайдың  ғаламдық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  үлкен  жауапкершілігіне 
куэ болып  отыр,  біздің мемлекеттер  мен  халықтарымыздың 
арасындағы  достық  пен  өзара  түсіністік  осының  айкын 
мысалы  болып  табылады»  [96,  128  б.].
1995  жылы  қыркүйекте  Н.Назарбаевтың  ҚХР-ға 
сапары  кезінде  қол  қойылған  ҚР  мен  ҚХР  арасындағы 
достық өзара  катынастарды  одан  әрі  дамыту  мен  тереңдету 
туралы  Бірлескен  Декларацияның  IV  бабында:  «ҚР  мен 
ҚХР  арасындағы  мемлекеттік  шекара  туралы  1994  жылы 
26  сәуірде  қол  қойылған  келісімді  қатаң  сақтау,  тез  арада 
шекараны белгілеуге кірісу, қалған мәселелерді талқылауды 
жалғастыру»  жөнінде  айтылған  [95,  210-212  б.].
1996  жылы  26  сәуірде  Шанхайда  -   Қытай,  Ресей, 
Қазақстан,  Қырғызстан  жэне  Тәжікстан  мемлекеттерінің 
басшылары  -   Цзянь  Цзэминь,  Б.Ельцин,  Н.Назарбаев, 
А.Ақаев, 
Э.Рахмонов 
әскери 
сала  бойынша 
шекара 
маңындағы сенімді нығайту туралы бес мемлекеттің тарихи 
келісімін  кабылдады.  Келісім  бойынша,  осы  құжатқа  қол
101

қоиған  мемлекетке  қарсы  ірі  эскери  жаттығулар  өткізуге, 
онда  шекара  бойында  100  шақырым  аймақта  артиллерия 
мен  басқа  да  ұшқыш  құралдарын  қолдануға  тыйым 
салынды  [102].  Келісімде  оның  үшінші  елдерге  қарсы 
багытталмаганы,  эскери  одақтың  жаңа  түрі  емес  екендігі, 
бар  болганы  қырги-қабақ  соғыстан  кейін  аймақтағы 
бейбітшілік  жағдайын  сақтау  мақсатындағы  элемдегі  жана 
тэртіпті  орнатудың  моделі  екені  атап  көрсетілген.  Кейінен 
бекітілген  келісім  КХР  мен  ҚР  арасындағы  шекаралык 
мәселелерді  шешуде  маңызды  рөл  атқарды.  Бүл  келісім 
болашақта мемлекетаралық «Шанхай бестігі»  саяси  блогын 
қүруға негіз болды.  Ол 2002 жылы  Шанхай  Ынтымақтастық 
Ұйымы  деп  өзгертілді  [102,  271  б.].
ҚР 
Президенті 
Н.Назарбаев  Шанхай 
келісімін 
«эскери  сала  бойынша  шекара  маңындағы  сенімді  ныгайту 
туралы  бес  мемлекеттің  басшылары  кол  қойған  бүгінгі 
келісім  Азия-Тынық  мүхит  аймагындағы  мүндай  әскери- 
саяси  деңгейдегі  жэне  географиялық  ауқымдағы  түңгыш 
қүжат  болып  табылады,  мүндай  мазмүндағы  акт  Азия- 
Тынық  мүхит  аймағындағы  жэне  түтастай  алганда  бүкіл 
планетадағы  бейбітшілік  пен  ныгайту  ісіне  оң  эсер  етеді»,
— деп  бағалады  [103,  60  б.].
Шекара мэселелері  1996жылы 4-6 шілде аралығында 
ҚХР  Төрағасы  Цзянь  Цзэминьнің  Алматыға  түңғыш  ресми 
сапары  кезінде  де  назардан  тыс  қалмады.  Екі  мемлекет 
басшылары  қабылдаған  Бірлескен  Деклараңияда  XXI 
ғасырға  бағдарланган  өзара  қарым-қатынас  принциптері 
белгіленді. 
Бірлескен 
Декларацияның  3-ші 
бабында: 
«Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы  1994 жылғы 26 
сәуірде  қол  қойылған  мемлекеттік  шекара туралы  келісімді 
қатаң  сақтай  отырып,  қысқа  мерізім  ішінде  жоғарыда 
аталған  келісімде  көзделген  шекарадағы  демаркациялық 
жүмыстарга  барынша  кіріседі  жэне  қалған  шекаралық 
мэселелер  бойынша  келіссөздерді  жалғастыруға  эзірлігін 
білдірді»  делінген  [104].
ҚХР  төрагасы  Қазақстан  Парламентінде  сөйлеген 
сөзінде бүл мэселеге тагы да тоқталды. Қытай мен Қазақстан 
жағы  қазірдің  өзінде  Қытай  мен  Қазақстан  арасындағы 
мемлекеттік 
шекараны 
белгілеу 
жүмыстарын 
жүзеге 
асыруга  эзірленіп  жатқанын  ерекше  атап  өту  керек.  Қытай, 
Ресей,  Тэжікстан,  Қыргызстан  жэне  Қазақстан  арасындагы
102

шекара  ауданында әскери  саладағы  сенімді  нығайту туралы 
келісімғе  қол  қойылумен,  сондай-ақ  шекара  ауданындағы 
әскери  күштерді  қысқарту  жөніндегі  келіссөздерге  оң 
ілгерілеу  болғанына  қарай  біздің  шекарамыз  бейбітшілік 
пен  тыныштық,  достық  пен  ынтымақтастық  шекарасы 
болды.  Бүл  біздің  ортақ  тарихи  жеңісіміз,  ол  азиялық 
қүрлықта  алысқа  апаратын,  халықтар  арасында  достықтың
дамуы наы қпалы нтигізетін бастамадеп, Шанхай келісімінің 
маңыздылығын  тағы  бір  атап  өтті.
ҚХР  Мемлекеттік  Кенесінің  төрағасы  Ли  Пэннің
1997  жылы  24  кыркүйекте  Қазақстанға  екінші  сапары
кезінде қазақ-қытай шекарасы мәселесін шешу өз жалғасын
тапты.  Бірқатар құжаттармен қатар Н.Назарбаев пен Ли Пэн
Қазақстан-Қытай  мемлекеттік  шекарасы  туралы  бірінші
қосымша  келісімге  қол  қойды.  Бүл  келісім  алдыңғы  1994
жылғы  келісімнің  жалғасы  болды.  Шекара  мәселелері
жөнінде  10  раундты  келіссөзден  кейін  1997  жылдың
қыркүйегінде екі ж а қ т а  барлық Мәселелердің шешілмегенін
мойындады  [96.  129  б.].  Мысалы,  бүл  кезде  арадағы  талас
жағдайындағы екі учаскенің шекарасын айқындау бойынша
карқынды  жүмыс  жүріп  жатқан  болатын.  Осы  екі  жақты
кездесу  барысында  1996  жылы  шілде  айында  Қытай  мен
Қырғызстан  арасындағы  шекараның  түйісетін  жері  Хан
Тэңірі  шыңы  болып  белгіленген  нүктесіне  Қазақстанның
қосылатындығы  туралы  қазақ-қытай  шекарасы  туралы
қосымша  келісімге  қол  қойылды.  Осы  қосымша  келісім
негізінде  шекараның  12  шақырым  күрайтын  учаскесі 
анықталды.
Істеліп 
жатқан 
шараларга 
қосымша 
ретінде 
шекараны 
демаркациялауды 
жүргізу 
жөнінде 
шешім 
қабылданды,  ягни  502  жаңа  шекара  бағандарын,  оның 
248-ін  Қазақстан,  254-ін  Қытай  жагы  қоюы  керек  болды. 
Шекараны  демаркациялау  қажеттігі  жүз  жыл  бүрын  қол 
қойылган  негізгі  келіссоз  қүжаттарында  шекараның  кейбір 
түсініспеушілік  тудыратындығынан,  ал  кей  жерлерде 
қателіктер  кеткендіктен  туындады.  Оның  үстіне,  шекара 
аз  зерттелген  эрі  қиын  территорияда  орналасқан,  60  %- 
дан  астамы  таулы  жерлермен  өтеді,  көптеген  белгіленген 
бағдарлар  қазіргі  кезде  уақыттың  үзақтығына  байланысты 
жоғалған,  кейбір  учаскелерде  табиғи  өзгерістер  болған, 
өзендердің  арналары  өзгерген.  Сонымен  қатар,  азамат
1 0 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАҒАСЫ
соғысынан  кейін  Кеңес  үкіметіне  орны  жоқ  шекараны 
қорғауға  тура  келді,  нәтижесінде  көптеген  учаскелерде 
шекара  өзгерген.  Осы  жэне  басқа  себептер  екі  жақтың 
шекарада  демаркация 
жүргізуге 
шешім  қабылдауына
әкелді.
1998 
жылы  4  шілдеде  Қазақстан-Қытай  мемлекеттік 
шекарасы  жөнінде  үзаққа  созылган  келіссөздер  аяқталды. 
ҚХР  төрағасы  Цзянь  Цзэминьнің  Қазақстанга  келген 
екі  күндік  сапары  кезінде  екі  ел  басшылары  шекараны 
түпкілікті  белгілеудің  жэне  ортақ  шекарадағы  екі  таласты 
учаске  жөніндегі  мәселені  шешкен  тарихи  келісімге  қол
қойды  [105].
Ал енді таласты учаскелердіңқайдан пайда болғанына 
токталып  өтейік.  Бүған  ҚР  сыртқы  істер  министрі  Қ.Тоқаев
1998  жылғы  15  шілдедегі  «Казахстанская  правда»  [106] 
жэне  1999  жылғы  15  наурыздағы  «Новое  поколение»  [107] 
газеттеріне  берген  сүхбаттарында  жауап  береді.  Баспасөз 
беттерінде  берген  сүхбатында  еліміздің  бас  дипломаты 
біздің 
көршілес 
мемлекеттермен 
ортак 
шекараны 
анықтайтын  комиссияның  жүмыс  барысында  үстанатын 
негізгі  үраны:  «үлт үшін  жер үлтарақтай  қымбат,  ал  өзгенің 
бір  түйір  жері  де  қажет  емес»,  — деп  жауап  қайтарды.
1917-1922 жылдар арал ығында тарихи жағдайлардың 
әсерімен  мелекеттік  шекара  қараусыз  қалды.  Көптеген 
шекара  бағандары  жойылды,  сондықтан  Кеңес  үкіметіне 
орны жоқ шекараны  қорғауға,  күзетуге тура келді. Мысалы, 
Мақаншы  мен  Алакөл  аудандарында  жиырмадан  астам 
шекара  белгілері  жоғалса,  Жаркент  ауданында,  Қорғас 
өзенінің бас жағы  мен  Алакөл  ауданында  (Сарышілде  өзені 
маңында)  шекара  Қытай  жеріне  қарай  10-15  шақырымга 
дейін  жылжыған.  Тағы  бір  мысал:  Текеалган  төбесінен 
Қорғас өзенінің сағасына дейінгі учаскеде (Алматы  облысы 
Ұйғыр  ауданы)  1911-1914  жылдары  Ресей  шекарашылары 
ағаш  бағандарды  тас  бағандарға  ауыстырғанда  шекараны 
Қытай  жеріне  қарай  2  шақырымға  жылжытқан.
«Таласты» деп танылған учаскелер  1987 жылы КСРО 
мен  Қытай  арасындағы  келіссөздер  басталғаннан  кейін 
анықталған болатын. Жалпы көлемі 34000 шаршы шақырым 
территория  карталар  алмастырғанда  сәйкес  келмеді.
Қ азақстанғаондайучаскелердіңекеуікелді.Бірінш ісі
-  Алматы облысының Алакөл ауданындағы Сарышілде өзені
1 0 4

ауцанындағы учаскенің жалпы көлемі 315  шаршы  шақырым 
болатын  теңіз  деңгейінен  1800-ден  3600  метр  биіктіктегі 
таулы  мекен.  Оңтүстік-Шығыс  бөлігінде  шабындықтар  мен 
жеке  орман  шоғырлары  бар,  тұрғылықты  халқы  жоқ  жер. 
Шолақ  асуынан  Сарышілде  өзеніне  дейінгі  учаске  бөлігін 
Қазақстан  жағы  шөп дайындау  мен  маусымдық  мал  үстауға 
пайдаланып  келген.
Бүл  учаскедегі  шекара 
1864  жылғы  Шәуешек 
хаттамасының  3-ші  бабымен  белгіленген:  «Алтан-Тэбиш» 
тауының шығыс сілемдерінен батысқа қарай  шекара Алатау 
деп  аталып,  Алтан-Тэбиш,  Со-даба  тағы  басқа  таулардың 
үлкен  қыратымен  жүргізілсін.  Осы  аймақтағы  өзендері 
оңтүстікке  ағатын  барлық  жерлер  Қытайға  тиесілі.
Оңтүстікке  ағып  жатқан  Сарышілде  өзенін  кесіп 
өткені  жайлы  ештеме  айтылмаған  кеңес  карталарында 
шекара  сызығы  еш  негізсіз,  бастапқы  келіссөз  қүжатымен 
салыстырғанда,  Қытай  жағына  15  шақырым  жылжыған, 
ягни,  Жоңгар  Алатауының  ортаңғы  басты  су  айырымынан 
емес,  оңтүстік  сілемінен  жүргізіліп,  Сарышілде  өзенін 
кесіп  өтеді.  Бүны  1982-1984  жылдары  ҚХР-мен  шекара
сызығын  тексеру  жөніндегі  Кеңес  үкіметінің  комиссиясы
қорытындылаған  болатын.
Екінші  учаске  —  Шығыс  Қазақстан  облысының 
Зайсан 
ауданындағы 
Шоған 
оба 
және 
Баймырза 
асуларындағы  көлемі  629  шаршы  шақырымдық  учаске. 
Учаскенің 
жері 
теңіз 
деңгейінен 
1800-2500 
метр 
биіктіктегі  орта  тау  жотасы,  Шоған  оба  жэне  Керегетас 
өзендерінің  салаларымен  телімденген.  Учаскенің  негізгі 
бөлігі  жайылымдардан  түрады,  шығыс  бөлігінде  орман 
шоғырлары  бар,  территорияда  екі  шекара  заставасы  мен 
орманшылар  мекені  бар,  түрғылықты  мекен  жоқ.
Бүл  учаскедегі  шекара  да  1984  жылғы  Шәуешек 
хаттамасының  2-ші  бабында  айқындалған:  «...шекараны 
Сауыр тауларына тіреп,  одан  эрі  алдымен  оңтүстік-батысқа 
қарай,  сосын  Тарбағатай  жотасымен  жүргізу  қажет».
Шекара  сызығының  өтуіне  дау  туғызып  отырған 
жайт  Сауыр  жотасы  шекара  сызығы  бүрылганнан  кейін 
Қазақстан  территориясына  қарай  созылып  жатыр  да, 
Тарбағатай  қыратына  34  шаршы  шақырым  жетпейді. 
Екі  қыраттың  ортасында  Шоған-Оба  өзені  салаларымен 
қалып  қояды.  Шәуешек  хаттамасы  бүл  жерде  шекараны
1 0 5

су  айырымы  бойынша  нақты  көрсетпеген,  ал  хабарласу 
хаттамасы  (1870  ж.)  бойынша  орысша  және  манчжурша 
мәтіндерде  айырма  бар.  Орыс  тіліндегі  мәтінге  сәйкес, 
Ш оган-Оба  өзенінің  су  айырымы  бойынша  Шоган-Оба, 
Керегетас,  Баймырза  асуларында  ұш  шекара  белгісін  қою 
көрсетілген,  ал  Манчжур  тіліндегі  мэтінде  батысқа  қарай 
шекараның  жалпы  багыты  көрсетіледі  де,  шекаралық 
белгілерді  асуда  емес,  аттас  шатқалдарда  орнату  жонінде 
айтылады.  Кеңес  заманында  шекара  негізсіз  түзетіліп,  су 
айырымынан  Қытай  жагына  17  шақырым  кіріп  кеткен. 
Оңтүстік-батыс  болігін  де  1979  жылдан  бастап  КСРО 
Үкіметінің  рұқсаты  бойынша  Қытай  жагы  малдың  жазгы
жайлауы  ретінде  пайдаланып  келген.
1998  жылы  4  шілдеде  қол  қойылган  қосымша
келісім  бойынша  Сарышілде  өзені  ауданындагы  учаскеде, 
откен  гасырдагы  келісімге  негізделген  Қытай  жагының 
дәлелдерінің  мықтылыгын  ескере  келе,  Қазақстанның 
үлесіне  Сарышілде  өзенінің  шыгыс  бастауынан  Черемхова
озеніне қүйылар жеріне дейінгі сол ж ақж агалауы ,Ч ерем хова
өзенінің бүкіл  аңгары және осы аңгарга Қазақстан жагынан 
кіретін  Шолақ  асуы  ауданы,  жалпы  көлемі  95  шаршы 
шақырым  территория  тиді.  Қытай  Сарышілде  өзенінің 
оң  жагалауы,  сондай-ақ  оның  сол  саласы  Қүлагансай
бастауының  ауданына  ие  болды.
Ш оган-Оба  мен  Баймырза  асулары  ауданындагы
учаскеде  Қазақстан  жагының  дэлелдерінің  нақтылыгына
орай,  Қазақстанга  батысынан  Сауыр  жотасының  оңтүстік
етегінен  Шоган-Оба  асуына  дейінгі  жер,  Жүректау  жотасы
жэне  Ш оган-Оба  мен  Керегетас  өзендерінің  аңгарлары,
жалпы  көлемі  442  шаршы  шақырым  территория  тиеселі
болды .  Оның  үстіне,  Қазақстан  жагында  екі  шекара
заставасы,  орманшылар  мекені,  ормандар  мен  көшпелі  мал
шаруашылыгы аудандарының көбі қалды. Қытайга Адырбай
жэне 
Талды-айрық  өзендерінің  жогаргы 
агысындагы
аңгарлары, 
сондай-ақ 
Баймырза 
асуы 
ауданындагы
Тарбағатай  жотасының  оңтүстік  етегі,  жалпы  көлемі  187
шаршы  шақырым  жер  берілді.
О сылайш а  келісілмеген  екі  учаскенің жалпы  көлемі
944 шаршы  шақырымнан Қазақстанға 537  шаршы  шақырым
(56,9%),  Қытайға  407  шаршы  шақырым  (43,1%)  тэуелді
болды  [108]. 
4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЬЩ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
106

1999 
жылы  26  қаңтарда  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің 
Халықаралық  істер,  қорғаныс  және  қауіпсіздік  жөніндегі 
комитетінің  кеңейтілген  отырысы  болып,  онда  ҚР  мен 
ҚХР  арасындағы  мемлекеттік  шекара  туралы  екі  қосымша 
келісімді  (1997  жылдың  қыркүйегі  мен  1998  жылдың 
шілдесіндегі)  бекіту  туралы  заң  жобалары  талқыланды. 
Осы отырыста ҚР сыртқы істер министрі  Қ.Тоқаев баяндама 
жасап,  ел  аузында  Қытайға  кетіпті  деген  жерлер  туралы 
жан-жақты  баяндап,  ол  жерлер  депутаттарға  киноленталар 
жэне  карта  арқылы  көрсетіліп,  түсіндірілді.
1999 
жылы  24  наурызда  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев 
қол  қойған  ҚР  мен  ҚХР  арасындагы  қазақ-қытай  шекарасы 
туралы  1997  жылы  24  кыркүйекте  жэне  1998  жылы  4 
шілдеде  Алматыда  қол  қойылған  қосымша  келісімдерді 
ратификациялау  жөнінде  ҚР-ның  Заңы  шықты  [109]. 
Қабылданған  заң  екі  ел  арасында  мемлекеттік  шекараны 
толық  делимитациялауға  байланысты  жасалған  қосымша 
келісімдерді  ҚР  зандарына  сай  рэсімдеді.
2001 
жылғы  11  қыркүйектегі  Нью-Иорктегі  болған 
қайғылы  оқиғадан  кейін  АҚШ  пен  оның  одақтастарының 
Орталық Азия мен Ауғанстандаланкестікке қарсы жүргізген 
операцияларының нәтижесінде аймақтың геосаяси жағдайы 
мен 
халықаралық 
қатынастарында 
біраз 
өзгерістер 
оайқалды  [110,  112  б.].  Әлемдік  саясат  пен  ғаламдық 
күштердің  орналасуындагы  өзгерістер  аймақтың,  соның 
ішінде  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  мен  халықаралық 
жагдайына әсерін тигізбей қойған жоқ. Сол түстағы әлемнің 
геосаяси  бейнесі  барша  халықтың  көз  алдында  жылдам 
өзгерді. АҚШ эскерлерінің лаңкестікке қарсы опперациялар 
кезінде  Орталық  Азия  республикаларына  шоғырлануы, 
Қытайдың  аймақ  мемлекеттеріне  деген  саясатын  біраз 
өзгеріске  үшыратқан  болатын.  2002  жылдың  басында 
Орталық  Азиядағы  әскери-саяси  жағдайдың  сапалы  түрде 
өзгеруі  көп  жағдайда  Қытайдың  стратегиялық  маңызы  бар 
үстанымдарының  әлсіреуі  деп  багаланды,  себебі  АҚШ  пен 
НАТО-ның  эскери  базалары  Қытайға  тым  жақын  жерлерге 
орналасып  үлгерді.  Осы  түста  Қытай  өз  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан  мен  шекаралас 
Шыңжаң өлкесіне ішкі аудандардан эскерлер тарта бастады. 
Сарапшылардың  таратқан  мәліметтері  бойынша  шекара 
маңында орналасқан Ланьчжоу  әскери  округінде  200  мыңға
07

жуық  әскер  шоғырланған  және  оның  соғыс  жағдайында 
500  танкі  мен  450  ұшаққа  дейін  шығаратын  мүмкіндігі 
бар  еді  [111].  Осылайша  ҚХР-дың  көп  жылдардан  бері 
өзінің  сыртқы  шекараларының  батыс  бөлігінде  тұрақты 
жэне  достық  кеңістігін  қалыптастыруга  жұмсаган  күш- 
жігерінің  жеміссіз  болгандыгы  байқала  бастады.  Қытай 
Ш Ы ¥   шеңберінде  де  осындай  эрекеттерін  жүзеге  асыруга 
тырысты.  Бүдан  Пекиннің  Ш Ы ¥   қүзыреті  мен  механизмін 
күшейтуге күш жұмсап, аймақ мемлекеттерімен бұрындары 
жасалган  қарым-қатынастың  элі  де  болса  сарқылмаган 
мүмкіндіктерін  барынша  пайдалануга  тырысып  баққанын
байқаймыз. 
кі
/
2002  жылы  10  мамырда  Қазақстан  Республикасы
мемлекеттік  хатшысы-сыртқы  істер  министрі  Қ.Тоқаев
ҚХР-га  жасаган  сапары  барысында  Қытай  Мемлекеттік
кеңесі  төрагасының  орынбасары  Цянь  Цичэнмен  жэне
сыртқы  істер  министрі  Тан  Цзясюанмен  кездесті.  Осы
кездесу барысында екі мемлекеттің сыртқы саяси  ведомство
басшылары  ҚР  мен  ҚХР  арасындагы  мемлекеттік  шекара
сызыгын  демаркаңиялау  жоніндегі  хаттамага  қол  қойды.
Бұл  құжат  Кеңес  Одагы  кезінен  келе  жатқан  екі  арадагы
шекара  дауын  реттеудің  ұзақ  үрдісіне  нүкте  қойды.
Хаттамага  жэне  оган  қосымша  бекітілген  құжаттарга
сәйкес,  қазақ-қытай  шекарасының  жалпы  ұзындыгы  1782
шақырымды  құрады,  оның  1215  шақырымы  құрлықтагы,
ал  566  шақырымы  судагы  шекара  үлесіне  тиесілі.  Арадагы
шекара  сызыгы  599  шекара  багандарымен  белгіленген.
Қазақстан мен Қытай арасындагы барлық шекаралы озендер
кеме  жүзетін  деп  белгіленді.  Шекара  белбеуінде  57  арал
орналасқан  [112].  Қазақ-қытай  мемлекеттік  шекарасын
демаркациялауга  қатысты  2002  жылы  10  мамырда  Пекин
қаласында  жасалган  қосымша  Келісімді  2003  жылдың
маусым  айында  ҚР  Парламенті  қарап,  оны  ратификациялау
жөнінде  шешім  шыгарды.
ҚХР-мен  шекарага  қатысты  жасалган  шарт,  сөз жоқ,
стратегиялық  болашақ  түргысынан  алганда,  Қазақстанның
ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  үлкен  үлес  қосты.
Шекараны анықтау нәтижесінде, екі жақ бүкіл ұзындыгында
заңды  бекітілген  шекарага  ие  болды.  Бұл,  эрине,  шекарада
қалыпты  жагдайдың  орнауына,  сенімнің  бекуіне,  сондай-
ақ  болашаққа  багытталган  Қытаймен  тату  көршілік қарым-
ҚАЗАҚСТАН 
РЕСНУБЛНКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
1 0 8

клтынастың  дамуына  септігін  тигізері  анық.
^  Сарапшылардың 
пікірінше, 
Қазақстан 
мен 
Қытай  арасындагы  шекараны  демаркациялау  мэселесі 
шешілгенімен, маңызы одан еш бір кем түспейтін Ертіс және 
Іле трансшекаралық өзендерін  пайдалану  жөніндегі  мәселе 
элі  шешімін  таппай  отыр.  Республикалар  арасындагы  су 
қатынастарына келетін  болсақ,  ол  Ертіс пен  Іле өзендерінің 
суын  бөлісіп  пайдалану  және  осы  екі  өзеннің  бойындагы 
экологиялық  ахуалды  қалыпты  жагдайда  үстап  тұруга 
негізделген.  Ертіс  өзені  бойының  экономикалық  маңызы 
бүгінгі  күні  едэуір  өсіп  отыр.  Қазақстанның  оңтүстік- 
шыгысы  мен  солтүстік-шыгысын  сумен  қамтып  отырган 
ірі  өзендер  болып  табылады.  Ертіс  жэне  Іле  өзендері 
осы  аталган  аймақтарды  сумен  қамтамасыз  етіп,  ондагы 
энергетика,  өнеркэсіп  жэне  ауыл  шаруашылыгын  .ары 
қарай  дамытуга  септігін  тигізеді.  Сол  себептен,  Қытаймен 
арадагы су қатынастарын реттеу ісі әр кезенде Қазақстанның 
экономикалық,  экологиялық  қауіпсіздігі  түргысынан  алып 
қараганда,  аса  маңызды  мәселе  болып  табылады  Г113,  97-
98  б.].
Сондықтан,  өткен  он  жылдықта  Қытаймен  су 
қатынастарын реттеу жолында жүмыс атқарып жатқан тек ҚР 
гана емес,  осы  багытта Қыргызстан,  Ресей өз тараптарынан 
айтарлықтай  жүмыс  жүргізуде.  Ертіс  өзені  Объ  өзеніне 
келіп  қүятын  басты  агыстардың  бірі,  ал  Қыргызстан 
территориясындагы  Сарыжаз  өзенінің  сулары  Қытайдың 
Шыңжаң  өлкесіндегі  Тарым  өзенін  75%-га  қоректендіреді. 
ҚХР  мүндай  мэселе  бойынша  келіссөздер  тек  екі  жақты 
сипатта  өтуі  керек  деп  санайды.  ҚР-дың  бүл  мэселеде 
үстанган  позициясы,  уақыт  өте  келе  мүндай  келіссөздер 
міндетті  түрде  үш  жақты  сипатқа  ауысады  (Қазақстан, 
Ресей,  Қытай), себебі  бүл  мэселе үш  мемлекеттің де үлттық
мүдделеріне  қатысты  жэне  осы  өзендердің  су  қорларын 
тиімді  пайдалану  үшін  үш  мемлекет  тең  жауапкершілік 
алулары  тиіс.
Трансшекаралық  өзендер  мэселесі 
1998  жылы 
Қытайдың Шыңжаң өңірінде Ертіс-Қарамай арнасын шұгыл 
салуынан  басталган  болатын.  Осы  тұста Қытай жагы  өзінің 
су  жетпей  жатқан  аудандарына  Ертіс  пен  Іле  өзендерінен 
жылына 450  млн,  ал  болашақта  оны  1,5  млрд  кубометр  суга 
жеткізетіндіктерін  мәлімдеді.  Қазақстандық  мамандардың
109

бағалауынша,  егер  Қытай  өзінің  осы  жоспарын  толық 
жүзеге  асыратын  болса,  Қазақстанның  солтүстік-шығыс, 
орталық 
облыстарындагы 
ауыл 
шаруашылығы 
мен 
өнеркәсібіне  үлкен  зардап  келеді.  Сонымен  қатар,  Балқаш 
және  Зайсан  көлдері  Арал  теңізі  сияқты  экологиялық 
апатқа  үшырайды.  Осы  экономикалық  мэселелер  саяси
мүдделерге  келіп  тірелді.  1999-2001  жылдар  аралығында 
кеңесуші  мамандар  деңгейінде  5  дүркін  келіссөздер  өтті. 
Олардың  қорытындысы  бойынша,  23  шекаралық  өзендер 
тізімі  анықталып,  техникалық  сипаттағы  жэне  ҚР  мен 
ҚХР  үкіметтері  арасындағы  өзендерді  бірігіп  пайдалану 
мен 
трансшекаралық 
өзендерді 
қорғау 
саласындағы 
ынтымақтастық  туралы  келісімнің  жобасы  келісілді  [114]. 
Соган қарамастан, трансшекаралық өзендер суын пайдалану 
туралы  мәселені  шешу  күні  бүгінге  дейін  созылуда.  Бұған 
Қытайдың трансшекаралық өзендер мен суларды пайдалану 
жөніндегі 
Халықаралық 
конвенңияға 
қосылудан 
бас 
тартып,  оның  шешілуін  халықаралық  қүқық  шеңберінен 
шығарып  отырғандығы  септігін  тигізіп  отыр.  Мәселенің 
жылдам  шешілмеуі  Қытайдың  батысын  сумен  қамтамасыз 
ету  проблемасынан  емес,  мэселені  шешуде  басқа  астардың 
жатқандығы  байқалса  керек.  Сонымен  қатар,  Қытай 
трансшекаралық  өзендер  мэселесінде  Қазақстанды  өзіне 
тэуелді  етіп  үстауға  үмтылатындығын  байқауға  болады.
Тәуелсіздік  біздің  территориялық  түтастығымызды 
біржолата  бекітуге  мүмкіндік  бергенімен  де  қымбат.  Осы 
жылдар  ішінде  Президенттің  оастауымен  Қазақстанның 
көрші  елдермен,  эсіресе үлы  Қытаймен  аймақта  орын  алып 
отырған  күрделі  геосаяси  жағдайда  мемлекеттік  шекараны 
толыктай айқындап алғаны біздің ерекше табысымыз болып
табылады.
ҚЛЗАКСТЛН РЕСПУБПИКЛСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
»
1 1 0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет