и р ім іс іім , КСРО м с м л ет і г*ри» ш м с м т и ш і і .
даулы
м р л ір оимм ормыиі а ін ід іи курмягам і і у і к і і
шае
м с
пуАя
м ш ір га м уріп штды-
3 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ-
НЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНЫҢ АЙҚЫН-
ДАЛУЫ
3.1
Тәуелсіз Қазақстан
мен
Қытай
Халық
Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараның
түбегейлі шешілуі
Бүл тарауда тэуелсіз Қазакстанның көрші елдермен
мемлекеттік шекарасының анықталу барысы мен нәтижесі
кеңінен қарастырылып, мемлекеттік шекараны анықтау
кезінде туындаған даулы учаскелерге қатысты мәселеге
талдау жасалады. Сонымен қатар, бүгінде барша элемнің
назарын аударып, көмірсутегі қорының молдығынан үлы
державалардың геосаяси ойын алаңына айналып отырган
Каспий теңізіндегі республикалар арасындағы мемлекеттік
шекара жағдайы сипатталып, оны шешудегі мемлекеттердің
үстанған позициялары сараланбақ.
XX ғасырдың бас кезінде Д.И. Менделеев: «Если мы
теперь обратим внимание на то, что главные черты истории
определяются
стремлением
народов заполучить
себе
землю... то станет донельзя очевидно, хотя бы мы приняли
во внимание и громадность наших бесплодных тундр, что
наша земля представляет великий соблазн для большинства
окружающих нас народов...», - деп жазды [91]. Орыстың
үлы ғалымының XX ғасырдың басында айтқан сөздері
қазіргі таңдагы Қазақстан жағдайының мысалы болып
табылады.
Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңі
мен өткен
он
жылдықтың ішінде әлем мен аймақта болған оқиғалардың
нәтижесінде Орталық Азияның геосаяси картасы күрделі
өзгеріске үшырады. АҚШ, Еуропалық Одақ, Қытай жэне
т.б. әлемдік державалардың жаңа тәуелсіз Орталық Азия
республикаларына
қызығушылығы
күннен-күнге
арта
түсті. Орталық Азия аймағы әлемдегі күшті мемлекеттердің
геосаяси ойын алаңына айнала бастады. Мүндай пікірді
жетекші
геосаяси ойыншылардың рөліне ғана емес,
сондай-ақ аймақтық ойыншылардың өзіне де қатысты
айтуға болады. Сол себептен Қазақстан тәуелсіздік алған
алғашқы күннен бастап-ақ өзінің үлы көршілері мен
стратегиялық серіктесі саналатын Ресей жэне Қытаймен
95
ҚАЗАКСТАН РЕСІГУЪЛИКАСЫНЫҢ М ЕМ ЛЕКЕТОК ШЕКАРАСЫ
қарым-қатынас мәселесіне ерекше көңіл бөлген болатын.
Қытай өзінің экономикалық, демографиялық жэне эскери
мүмкіндіктерінің
арқасында
соңғы
кездері
Орталық
Азиядағы жаңа «үлкен ойынның» белсенді қатысушысы
болып отыр. Сол себептен Қазақстан басшылығының
алдында Қытай сияқты ірі эрі бірегей мемлекетпен жаңа
қарым-қатынастар орнату міндеті түрды. Мұндай үлкен
әскери мүмкіншілігі бар күштердің назарының бір жерге
түйісуі Қазақстанның шекарасы мен қарулы күштерін
нығайтуды қажет етті. Қазақстан жеріндегі мұнай мен
кен орындары қорының байлығы жэне оның әлемдегі ең
ірі құрлықтың ортасында орналасып, батыс жэне шығыс
елдерін жалғап жатуы, оның дербес мемлекетке айналуы
көптеген мемлекеттердің онымен саяси-экономикалық
байланыс орнатуғаұмтылысынтудырған болатын. Қазақстан
өзінің геосаяси жагдайымен, табиғи ресурстар қорының
молдығымен жэне этникалық құрамымен ҚХР-дың өмірлік
маңызы бар аймақтарының біріне жатады. Осыны ескерген
республика басшылығы Қазақстанның сыртқы саясатта
көпбағытты саясат ұстанатындыгын жария етті.
1991
жылы
Кеңес
Одағы
ыдырап,
Қазақстан
тэуелсіз мемлекет болып құрылғаннан кейін оның сыртқы
саясатында атқарар ісі мол еді. Кеңес Одағынан мұрага
қалған қазақ-қытай мемлекеттік шекара мэселесін достық
қарым-қатынас негізінде екі жақтың мүддесін ескере
отырып, аса байсалдылық пен парасаттылықпен шешу
мемлекеттер үшін аса маңызды болды. Ал бұл мақсатқа
жетуде Қазақстан сияқты тэуелсіз жас мемлекеттің алдында
көптеген маңызды мэселелер тұрды.
С
__ ] Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»
Хатты
еңбегінде
қазақ-қытай
қатынастарына
қатысты
«Біздің ұлттық тарихымызда ғасырлар бойы Аспан асты
Елімен қарым-қатынас үлкен маңызға ие болып келген.
Соңгы кезде қарқынды дамып, өзінің аймақтағы жэне
әлемдегі орнын нық бекіткен, адамзаттың XXI гасырдағы
дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты. Көптеген елдер
Қытаймен
арақатынасты
сыртқы
саясатының
негізгі
өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы
зор, экономикасын қарышты қадаммен дамытып жатқан
мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша
маңызға ие», - деп атап көрсетеді [92, 205 б.].
96
\
Қазақстан Қытаймен тұрақты, достық жэне тату
көршілік қатынастар орнату қажеттігін жақсы түсінеді.
Арадагы байланыстарга текетірестік жэне өзара күдік
келтіру Қазақстанның стратегиялық мүдделеріне қайшы
келген болар еді. Өйткені, Қазақстанның өркениетті
елдердің элемдік қоғамдастыгына кіруі жэне экономикада
қүрылымдык
қайта-құрулар
жүргізу
сияқты
күрделі
міндеттерді шешу қажет болатын. Ал Қытай тарапынан
Қазақстанмен арадағы жан-жақты байланыстарды орнатуға
деген жақсы құлшыныс бірден болды. Олар Қазақстандағы
саяси басшылықтың ұстанған бағыты мен елдің зор
болашағын
бірден
қолдады.
Өйткені,
Қазақстандағы
саяси түрақтылықпен қатар, елдің зор энергетикалық,
экономикалық жэне транзиттік мүмкіндіктері Қытай үшін
маңызды еді.
ҚХР Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігі мен
экономикалық дамуына эсер етуші сыртқы факторлардың
бірі болып табылады. Қазақстанның шығыс көршісі Қытай
Халық Республикасы
арасындағы
шекараның жалпы
ұзындығы 1782 шақырымды құрайды [93].
Қытай Еуразиялықкеңістіктіңкіндігіндеорналасқан,
ашық мұхитқа шығуға мүмкіндігі жоқ Қазақстан үшін
Тынық мұхиты аймағына, ондағы елдермен байланыс
орнататын «көпір» тәрізді, өйткені ҚХР Қазақстан тауарын
өткізетін үлкен сауда аймагы гана емес, сонымен қатар
Қазақстанның элемнің тез дамып жатқан аймағы - Оңтүстік
жэне Оңтүстік-Шығыс Азияға шығатын «шығыс қақпасы»
іспеттес. Ал саяси жэне экономикалық жағынан ҚХР үкіметі
Қазақстанды «батыс қақпасы» деп санайды [94,17 6.]. Қытай
экономикасы дамуының басты мәселесі — дамыған шығыс
аудандары мен әлеуметтік жагынан артта қалган батыс
аудандары арасының алшақтығы. Сондықтан да 1992 жылы
6 маусымда Қытайдың бес солтүстік-батыс аудандарының
даму жоспарын талқылаған кезде Мемлекеттік Кеңестің
төрағасы Ли Пэн: «Қытайдыңсолтүстік-батыс аймағындағы
провинциялардың көрші елдермен қарым-қатынас жасауы,
әсіресе Орталық Азия елдерімен сауда-экономикалық жэне
гылыми-техникалық байланыстарын дамыту жэне нығайту
керек. Сонда солтүстік-батыс аудандардың өркендеуі мен
дамуы жеделдейді», - деп атап көрсеткен болатын [94, 22
6Л.
97
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
Қазақстан
Республикасы
мен
Қытай
Халық
Республикасы арасындағы ресми дипломатиялық қатынас
1992 жылы 3 қаңтарда орнады. Екі жақты біріккен
мәлімдемеде былай делінген: «Екі ел халықтарының
мүдделері мен армандарына сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі екі
мемлекет арасында 1992 жылдың 3 қаңтарынан бастап
елшілер деңгейінде ресми дипломатиялық қарым-қатынас
орнатуды үйғарды» [95, 193-194 6.].
Екі ел үкіметтері егемендікті жэне аумақтық
түтастықты өзара қүрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне
араласпау, тендік жэне өзара тиімді байланыс орнатуға,
сондай-ақ бейбіт өмір сүру принциптері негізінде екі
ел арасындағы досты қ жэне ынтымақтастық қарым-
қатынастарын дамытуға келісті.
1992
жылы ақпанда Қазақстан жағының Қытайга
алғашқы ресми делегациясы ат басын тіреді. Қазақстан
республикасының Премьер-минйстрі С.Терещенко ҚХР-ға
ресми сапармен келді [96, 124 б.]. Екі жақты келіссөздердің
нэтижесінде Пекинде бірқатар қүжаттарға қол қойылды,
олар
негізінен
сауда-экономикалық
және
ғылыми-
техникалық
ынтымақтастық
жөніндегі
үкіметаралық
комиссия қүру, арадағы байланысты жақсарту жолында
азаматтардың дайындайтын визасы жэне т.б. қүжаттардың
санын
азайтып,
жеңілдету
туралы,
сонымен
қатар
мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерін ашу туралы
келісімдерге қол жеткізді.
1992 жылы ақпанда екі тарап, ҚХР — Алматыда,
ҚР - Пекинде өз елшіліктерін ашты. Жоғары саяси
деңгейдегі алғашқы байланыстар, көп күттірместен сауда-
экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпіліс берді.
Екі ел арасындагы тауар айналымы күннен-күнге арта
өсіп, дамыды. 1990 жылдардың басында-ақ Қазақстан
Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі эріптесіне айналды.
1993 жылы қазан айында Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға тэуелсіз мемлекеттің
басшысы ретінде алғашқы сапары болды. Сапар барысында
екі мемлекет басшылары Н.Назарбаев пен Цзян Цзэмин
екі мемлекеттің өзара қатынастарының принциптерін
айқындайтын
түңғыш
ресми
қүжатқа
— Қазақстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
98
достық
қатынастардың
негіздері
туралы
бірлескен
декларацияға қол қойды. Бұл құжат бойынша тараптар
арадағы барлық даулы мәселелерді бейбіт және өзара
келісім жолымен шешетінін, екінші тараптың қауіпсіздігіне
қатер төндіруі мүмкін күш қолданудан немесе қандай да
бір нысанда болсын күш қолдану қаупінен тартынатынын,
қандай
да бір
іс-қимыл
қолданбайтынын
қуаттады.
Тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа қарсы бағытталған
қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан, екінші
тараптың мемлекеттік егемендігі мен ұлттық қауіпсіздік
мүдделеріне нүқсан келтіретін қандай да бір үшінші
тараппен шарт немесе келісім жасаудан бас тартатынын
мэлімдеді [95, 197 б.].
Өзара қабылдауға болатын, әділ жэне үтымды шешім
үшін жалпыға бірдей халықаралық қүқық нормаларына
сэйкес екі ел арасындагы қазіргі шекаратуралы шарттардың
негізінде шешілмеген мәселелерді болашақта шешуге
келісуге қол жеткізді. Н.Назарбаевтың үсынысымен 1994
жылы шекара мәселесіне байланысты келіссөздерді одан
эрі жалгастыру келісілді.
Кеңес
Одағының
ыдырауы
нәтижесінде
одан
Орталық Азиядағы одақтық республикаға мүра болып
қалған бұрынғы кеңес-қытай қатынастарындағы шекаралық
таластар ҚР мен ҚХР арасындагы қауіпсіздік мәселесін
туғызды.
1964
жылдан бері Қытай Үкіметі XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдың басында белгіленген екі арадагы
шекаралық сызықты нақты емес деп есептеді. Яғни, оның
негізгі айтқан уэжі мемлекеттік шекара сызығын айқындау
Қытай мемлекетінің элсіз, ішкі саяси жағдайдың құлдырауы
түсында, ал Ресей элемдік күшті держава болған кезде,
ол үшін тиімді жағдайда жүргізілді, сондықтан ҚХР-дың
сол кездегі үкіметі оны заңсыз деп санап, арадағы кейбір
шекара учаскелеріне қатысты келісімдерді қайта қарауға
тырысты. 1991 жылы одақтық республикалар тәуелсіздік
алғаннан
кейін
мемлекеттер
арасындағы
шекараны
карталар арқылы салыстыру нэтижесінде жалпы көлемі
34 000 шаршы шақырым болатын 19 учаскеде бұрынгы
кеңес республикалары - Қазақстан, Ресей, Қырғызстан,
Тэжікстан жэне Қытай арасында шекарада территориялық
сәйкессіздіктер табылып, олар таласты деп белгіленді.
99
КЛЗЛҚСТЛН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТ1К ШЕКАРАСЫ
Көлемі 2235 шаршы шақырым болатын 11 учаске шекараның
қазақ-қытай бөлігіне, көлемі 3728 шаршы шақырым 5
учаске қытай-қырғыз бөлігіне жэне көлемі 28430 шаршы
шақырым 3 учаске қытай-тэжік бөлігіне келді. Қытайдың
қол астында 19 учаскеден жалпы көлемі 270 шаршы
шақырым 3 учаске болды, оның ішінде шекараның қазақ-
қытай бөлігінде көлемі 70 шаршы шақырым 2 учаске,
қырғыз-қытай белігінде көлемі 200 шаршы шақырым 1
учаске болды. Қырғызстан мен Тэжікстанның бақылауында
көлемі 230 шаршы шақырым жэне 2800 шаршы шақырым
құрайтын бір учаскеден болды. Бұдан басқа 11 учаскеге екі
жақтың да адамдары кіре алатын болды, оның 8 учаскесі
қытай-қазақ шекарасына, қытай-қырғыз учаскесінде 2 жэне
1 қытай-тәжік учаскесінде болды [97, 79 б.].
1994
жылы сэуірде Қытай Үкіметі төрағасының
Қазақстанға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн казақ-
қытай мемлекеттік шекарасы жөнінде келісімге қол қойды
[98]. Бұл құжат күрделі мэселені шешудің ең алгашқы
қадамы еді. Шекаралық мэселелерді шешу
мэселесі
Президент Н.Назарбаевтың 1993 жылы қазанда ҚХР-ға
алғашқы ресми сапары кезінде эңгіме болған [95, 197 б.].
Президент
1994
жылдың
өзінде-ақ
шекараны
заңдастыратын екі жақты келісімге қол
қоюды,
ал
келісілмеген екі аймақты кейінгі келіссөздерге қалдыруды
үсынды. Н.Назарбаев қарулы күштерді қысқарту және
шекара аймағында сенімділікті нығайту шаралары жөнінде
келіссөздер өткізуге жақсы баға берді: «Қазақстан Қытайга
үлы держава ретінде қарайды», — деп атап көрсетті Елбасы
[99, 236 б.]. ҚХР төрағасы Цзянь Цзэминь өз кезегінде:
«Қазақстан мен Қытай — Азиядағы елеулі орын алатын
мемлекеттер», — дей отырып, Қазақстанмен достық пен
ынтымақтастықты нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді
жасайтынын мәлімдеді [100].
Цзянь Цзэминь Н.Назарбаевтың шекараны заңды
бекіту туралы ұсынысын қуаттады. «Қытайдың, - деді
Қытай басшысы, Қазақстанға ешқандай территориялық
таласы жоқ, шекаралық мәселелер бізге тарихтан қалған.
Оларды келіссөздер арқылы шешуге болады», - деп
мәлімдеді [100].
1993 жылы 18 қазанда Пекинде қол қойылған
к р мен ҚХР-дың «Достық өзара қатынастар негіздері
1 0 0
туралы»
Бірлескен
Декларациясының
13-бабында:
«тараптар шекара мәселелері жөніндегі бұрын кеңес-қытай
келіссөздерінде қол жеткен уагдаластықтарды мақұлдайды
жэне екі елдің арасындагы қазіргі шекара туралы шарттар
негізінде халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес, тең
құқықты кеңесулер, өзара түсіністік жэне өзара қабылдауға
боларлықтай, эділ жэне тиімді шешімін табатындай, өзара
төзімділік рухында шешілмеғен мәселелерді талқылауды
жалғастыра береді» деп көрсетілді [101, 17 б.].
1994 жылғы
құжат бойынша
шекара
сызығы
түгелдей анықталды, тек екі кіші-гірім учаске — Алматы
обл ысының Алакөл ауданындағы Сарышілде өзенінің
аңғарында көлемі 315 шаршы шақырым учаске мен Шығыс-
Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Шоған-Оба мен
Баймырза сулары ауданындағы кэлемі 629 шаршы шақырым
қүрайтын учаске қалғанын сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев
мәлімдеген болатын [96, 126 б.].
Енді осы шешілмеген мәселелержөніндегі жүмыстар
жүргізіле бастады. Осы арада ҚХР-дың Қазақстанға
қауіпсіздік мәлімдемесін беруі екі ел арасындагы тату
көршілік жағдайды нығайта түсті. Н.Назарбаевтың 1995
жылғы 9 ақпанда осыған орай жіберген жауап хатында
былай делінген: «Әлем жүртшылығы Қытайдың ғаламдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлкен жауапкершілігіне
куэ болып отыр, біздің мемлекеттер мен халықтарымыздың
арасындағы достық пен өзара түсіністік осының айкын
мысалы болып табылады» [96, 128 б.].
1995 жылы қыркүйекте Н.Назарбаевтың ҚХР-ға
сапары кезінде қол қойылған ҚР мен ҚХР арасындағы
достық өзара катынастарды одан әрі дамыту мен тереңдету
туралы Бірлескен Декларацияның IV бабында: «ҚР мен
ҚХР арасындағы мемлекеттік шекара туралы 1994 жылы
26 сәуірде қол қойылған келісімді қатаң сақтау, тез арада
шекараны белгілеуге кірісу, қалған мәселелерді талқылауды
жалғастыру» жөнінде айтылған [95, 210-212 б.].
1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда - Қытай, Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан жэне Тәжікстан мемлекеттерінің
басшылары - Цзянь Цзэминь, Б.Ельцин, Н.Назарбаев,
А.Ақаев,
Э.Рахмонов
әскери
сала бойынша
шекара
маңындағы сенімді нығайту туралы бес мемлекеттің тарихи
келісімін кабылдады. Келісім бойынша, осы құжатқа қол
101
қоиған мемлекетке қарсы ірі эскери жаттығулар өткізуге,
онда шекара бойында 100 шақырым аймақта артиллерия
мен басқа да ұшқыш құралдарын қолдануға тыйым
салынды [102]. Келісімде оның үшінші елдерге қарсы
багытталмаганы, эскери одақтың жаңа түрі емес екендігі,
бар болганы қырги-қабақ соғыстан кейін аймақтағы
бейбітшілік жағдайын сақтау мақсатындағы элемдегі жана
тэртіпті орнатудың моделі екені атап көрсетілген. Кейінен
бекітілген келісім КХР мен ҚР арасындағы шекаралык
мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарды. Бүл келісім
болашақта мемлекетаралық «Шанхай бестігі» саяси блогын
қүруға негіз болды. Ол 2002 жылы Шанхай Ынтымақтастық
Ұйымы деп өзгертілді [102, 271 б.].
ҚР
Президенті
Н.Назарбаев Шанхай
келісімін
«эскери сала бойынша шекара маңындағы сенімді ныгайту
туралы бес мемлекеттің басшылары кол қойған бүгінгі
келісім Азия-Тынық мүхит аймагындағы мүндай әскери-
саяси деңгейдегі жэне географиялық ауқымдағы түңгыш
қүжат болып табылады, мүндай мазмүндағы акт Азия-
Тынық мүхит аймағындағы жэне түтастай алганда бүкіл
планетадағы бейбітшілік пен ныгайту ісіне оң эсер етеді»,
— деп бағалады [103, 60 б.].
Шекара мэселелері 1996жылы 4-6 шілде аралығында
ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминьнің Алматыға түңғыш ресми
сапары кезінде де назардан тыс қалмады. Екі мемлекет
басшылары қабылдаған Бірлескен Деклараңияда XXI
ғасырға бағдарланган өзара қарым-қатынас принциптері
белгіленді.
Бірлескен
Декларацияның 3-ші
бабында:
«Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы 1994 жылғы 26
сәуірде қол қойылған мемлекеттік шекара туралы келісімді
қатаң сақтай отырып, қысқа мерізім ішінде жоғарыда
аталған келісімде көзделген шекарадағы демаркациялық
жүмыстарга барынша кіріседі жэне қалған шекаралық
мэселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға эзірлігін
білдірді» делінген [104].
ҚХР төрагасы Қазақстан Парламентінде сөйлеген
сөзінде бүл мэселеге тагы да тоқталды. Қытай мен Қазақстан
жағы қазірдің өзінде Қытай мен Қазақстан арасындағы
мемлекеттік
шекараны
белгілеу
жүмыстарын
жүзеге
асыруга эзірленіп жатқанын ерекше атап өту керек. Қытай,
Ресей, Тэжікстан, Қыргызстан жэне Қазақстан арасындагы
102
шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы
келісімғе қол қойылумен, сондай-ақ шекара ауданындағы
әскери күштерді қысқарту жөніндегі келіссөздерге оң
ілгерілеу болғанына қарай біздің шекарамыз бейбітшілік
пен тыныштық, достық пен ынтымақтастық шекарасы
болды. Бүл біздің ортақ тарихи жеңісіміз, ол азиялық
қүрлықта алысқа апаратын, халықтар арасында достықтың
дамуы наы қпалы нтигізетін бастамадеп, Шанхай келісімінің
маңыздылығын тағы бір атап өтті.
ҚХР Мемлекеттік Кенесінің төрағасы Ли Пэннің
1997 жылы 24 кыркүйекте Қазақстанға екінші сапары
кезінде қазақ-қытай шекарасы мәселесін шешу өз жалғасын
тапты. Бірқатар құжаттармен қатар Н.Назарбаев пен Ли Пэн
Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы бірінші
қосымша келісімге қол қойды. Бүл келісім алдыңғы 1994
жылғы келісімнің жалғасы болды. Шекара мәселелері
жөнінде 10 раундты келіссөзден кейін 1997 жылдың
қыркүйегінде екі ж а қ т а барлық Мәселелердің шешілмегенін
мойындады [96. 129 б.]. Мысалы, бүл кезде арадағы талас
жағдайындағы екі учаскенің шекарасын айқындау бойынша
карқынды жүмыс жүріп жатқан болатын. Осы екі жақты
кездесу барысында 1996 жылы шілде айында Қытай мен
Қырғызстан арасындағы шекараның түйісетін жері Хан
Тэңірі шыңы болып белгіленген нүктесіне Қазақстанның
қосылатындығы туралы қазақ-қытай шекарасы туралы
қосымша келісімге қол қойылды. Осы қосымша келісім
негізінде шекараның 12 шақырым күрайтын учаскесі
анықталды.
Істеліп
жатқан
шараларга
қосымша
ретінде
шекараны
демаркациялауды
жүргізу
жөнінде
шешім
қабылданды, ягни 502 жаңа шекара бағандарын, оның
248-ін Қазақстан, 254-ін Қытай жагы қоюы керек болды.
Шекараны демаркациялау қажеттігі жүз жыл бүрын қол
қойылган негізгі келіссоз қүжаттарында шекараның кейбір
түсініспеушілік тудыратындығынан, ал кей жерлерде
қателіктер кеткендіктен туындады. Оның үстіне, шекара
аз зерттелген эрі қиын территорияда орналасқан, 60 %-
дан астамы таулы жерлермен өтеді, көптеген белгіленген
бағдарлар қазіргі кезде уақыттың үзақтығына байланысты
жоғалған, кейбір учаскелерде табиғи өзгерістер болған,
өзендердің арналары өзгерген. Сонымен қатар, азамат
1 0 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАҒАСЫ
соғысынан кейін Кеңес үкіметіне орны жоқ шекараны
қорғауға тура келді, нәтижесінде көптеген учаскелерде
шекара өзгерген. Осы жэне басқа себептер екі жақтың
шекарада демаркация
жүргізуге
шешім қабылдауына
әкелді.
1998
жылы 4 шілдеде Қазақстан-Қытай мемлекеттік
шекарасы жөнінде үзаққа созылган келіссөздер аяқталды.
ҚХР төрағасы Цзянь Цзэминьнің Қазақстанга келген
екі күндік сапары кезінде екі ел басшылары шекараны
түпкілікті белгілеудің жэне ортақ шекарадағы екі таласты
учаске жөніндегі мәселені шешкен тарихи келісімге қол
қойды [105].
Ал енді таласты учаскелердіңқайдан пайда болғанына
токталып өтейік. Бүған ҚР сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев
1998 жылғы 15 шілдедегі «Казахстанская правда» [106]
жэне 1999 жылғы 15 наурыздағы «Новое поколение» [107]
газеттеріне берген сүхбаттарында жауап береді. Баспасөз
беттерінде берген сүхбатында еліміздің бас дипломаты
біздің
көршілес
мемлекеттермен
ортак
шекараны
анықтайтын комиссияның жүмыс барысында үстанатын
негізгі үраны: «үлт үшін жер үлтарақтай қымбат, ал өзгенің
бір түйір жері де қажет емес», — деп жауап қайтарды.
1917-1922 жылдар арал ығында тарихи жағдайлардың
әсерімен мелекеттік шекара қараусыз қалды. Көптеген
шекара бағандары жойылды, сондықтан Кеңес үкіметіне
орны жоқ шекараны қорғауға, күзетуге тура келді. Мысалы,
Мақаншы мен Алакөл аудандарында жиырмадан астам
шекара белгілері жоғалса, Жаркент ауданында, Қорғас
өзенінің бас жағы мен Алакөл ауданында (Сарышілде өзені
маңында) шекара Қытай жеріне қарай 10-15 шақырымга
дейін жылжыған. Тағы бір мысал: Текеалган төбесінен
Қорғас өзенінің сағасына дейінгі учаскеде (Алматы облысы
Ұйғыр ауданы) 1911-1914 жылдары Ресей шекарашылары
ағаш бағандарды тас бағандарға ауыстырғанда шекараны
Қытай жеріне қарай 2 шақырымға жылжытқан.
«Таласты» деп танылған учаскелер 1987 жылы КСРО
мен Қытай арасындағы келіссөздер басталғаннан кейін
анықталған болатын. Жалпы көлемі 34000 шаршы шақырым
территория карталар алмастырғанда сәйкес келмеді.
Қ азақстанғаондайучаскелердіңекеуікелді.Бірінш ісі
- Алматы облысының Алакөл ауданындағы Сарышілде өзені
1 0 4
ауцанындағы учаскенің жалпы көлемі 315 шаршы шақырым
болатын теңіз деңгейінен 1800-ден 3600 метр биіктіктегі
таулы мекен. Оңтүстік-Шығыс бөлігінде шабындықтар мен
жеке орман шоғырлары бар, тұрғылықты халқы жоқ жер.
Шолақ асуынан Сарышілде өзеніне дейінгі учаске бөлігін
Қазақстан жағы шөп дайындау мен маусымдық мал үстауға
пайдаланып келген.
Бүл учаскедегі шекара
1864 жылғы Шәуешек
хаттамасының 3-ші бабымен белгіленген: «Алтан-Тэбиш»
тауының шығыс сілемдерінен батысқа қарай шекара Алатау
деп аталып, Алтан-Тэбиш, Со-даба тағы басқа таулардың
үлкен қыратымен жүргізілсін. Осы аймақтағы өзендері
оңтүстікке ағатын барлық жерлер Қытайға тиесілі.
Оңтүстікке ағып жатқан Сарышілде өзенін кесіп
өткені жайлы ештеме айтылмаған кеңес карталарында
шекара сызығы еш негізсіз, бастапқы келіссөз қүжатымен
салыстырғанда, Қытай жағына 15 шақырым жылжыған,
ягни, Жоңгар Алатауының ортаңғы басты су айырымынан
емес, оңтүстік сілемінен жүргізіліп, Сарышілде өзенін
кесіп өтеді. Бүны 1982-1984 жылдары ҚХР-мен шекара
сызығын тексеру жөніндегі Кеңес үкіметінің комиссиясы
қорытындылаған болатын.
Екінші учаске — Шығыс Қазақстан облысының
Зайсан
ауданындағы
Шоған
оба
және
Баймырза
асуларындағы көлемі 629 шаршы шақырымдық учаске.
Учаскенің
жері
теңіз
деңгейінен
1800-2500
метр
биіктіктегі орта тау жотасы, Шоған оба жэне Керегетас
өзендерінің салаларымен телімденген. Учаскенің негізгі
бөлігі жайылымдардан түрады, шығыс бөлігінде орман
шоғырлары бар, территорияда екі шекара заставасы мен
орманшылар мекені бар, түрғылықты мекен жоқ.
Бүл учаскедегі шекара да 1984 жылғы Шәуешек
хаттамасының 2-ші бабында айқындалған: «...шекараны
Сауыр тауларына тіреп, одан эрі алдымен оңтүстік-батысқа
қарай, сосын Тарбағатай жотасымен жүргізу қажет».
Шекара сызығының өтуіне дау туғызып отырған
жайт Сауыр жотасы шекара сызығы бүрылганнан кейін
Қазақстан территориясына қарай созылып жатыр да,
Тарбағатай қыратына 34 шаршы шақырым жетпейді.
Екі қыраттың ортасында Шоған-Оба өзені салаларымен
қалып қояды. Шәуешек хаттамасы бүл жерде шекараны
1 0 5
су айырымы бойынша нақты көрсетпеген, ал хабарласу
хаттамасы (1870 ж.) бойынша орысша және манчжурша
мәтіндерде айырма бар. Орыс тіліндегі мәтінге сәйкес,
Ш оган-Оба өзенінің су айырымы бойынша Шоган-Оба,
Керегетас, Баймырза асуларында ұш шекара белгісін қою
көрсетілген, ал Манчжур тіліндегі мэтінде батысқа қарай
шекараның жалпы багыты көрсетіледі де, шекаралық
белгілерді асуда емес, аттас шатқалдарда орнату жонінде
айтылады. Кеңес заманында шекара негізсіз түзетіліп, су
айырымынан Қытай жагына 17 шақырым кіріп кеткен.
Оңтүстік-батыс болігін де 1979 жылдан бастап КСРО
Үкіметінің рұқсаты бойынша Қытай жагы малдың жазгы
жайлауы ретінде пайдаланып келген.
1998 жылы 4 шілдеде қол қойылган қосымша
келісім бойынша Сарышілде өзені ауданындагы учаскеде,
откен гасырдагы келісімге негізделген Қытай жагының
дәлелдерінің мықтылыгын ескере келе, Қазақстанның
үлесіне Сарышілде өзенінің шыгыс бастауынан Черемхова
озеніне қүйылар жеріне дейінгі сол ж ақж агалауы ,Ч ерем хова
өзенінің бүкіл аңгары және осы аңгарга Қазақстан жагынан
кіретін Шолақ асуы ауданы, жалпы көлемі 95 шаршы
шақырым территория тиді. Қытай Сарышілде өзенінің
оң жагалауы, сондай-ақ оның сол саласы Қүлагансай
бастауының ауданына ие болды.
Ш оган-Оба мен Баймырза асулары ауданындагы
учаскеде Қазақстан жагының дэлелдерінің нақтылыгына
орай, Қазақстанга батысынан Сауыр жотасының оңтүстік
етегінен Шоган-Оба асуына дейінгі жер, Жүректау жотасы
жэне Ш оган-Оба мен Керегетас өзендерінің аңгарлары,
жалпы көлемі 442 шаршы шақырым территория тиеселі
болды . Оның үстіне, Қазақстан жагында екі шекара
заставасы, орманшылар мекені, ормандар мен көшпелі мал
шаруашылыгы аудандарының көбі қалды. Қытайга Адырбай
жэне
Талды-айрық өзендерінің жогаргы
агысындагы
аңгарлары,
сондай-ақ
Баймырза
асуы
ауданындагы
Тарбағатай жотасының оңтүстік етегі, жалпы көлемі 187
шаршы шақырым жер берілді.
О сылайш а келісілмеген екі учаскенің жалпы көлемі
944 шаршы шақырымнан Қазақстанға 537 шаршы шақырым
(56,9%), Қытайға 407 шаршы шақырым (43,1%) тэуелді
болды [108].
4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЬЩ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
106
1999
жылы 26 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі
комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда ҚР мен
ҚХР арасындағы мемлекеттік шекара туралы екі қосымша
келісімді (1997 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдың
шілдесіндегі) бекіту туралы заң жобалары талқыланды.
Осы отырыста ҚР сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев баяндама
жасап, ел аузында Қытайға кетіпті деген жерлер туралы
жан-жақты баяндап, ол жерлер депутаттарға киноленталар
жэне карта арқылы көрсетіліп, түсіндірілді.
1999
жылы 24 наурызда ҚР Президенті Н.Назарбаев
қол қойған ҚР мен ҚХР арасындагы қазақ-қытай шекарасы
туралы 1997 жылы 24 кыркүйекте жэне 1998 жылы 4
шілдеде Алматыда қол қойылған қосымша келісімдерді
ратификациялау жөнінде ҚР-ның Заңы шықты [109].
Қабылданған заң екі ел арасында мемлекеттік шекараны
толық делимитациялауға байланысты жасалған қосымша
келісімдерді ҚР зандарына сай рэсімдеді.
2001
жылғы 11 қыркүйектегі Нью-Иорктегі болған
қайғылы оқиғадан кейін АҚШ пен оның одақтастарының
Орталық Азия мен Ауғанстандаланкестікке қарсы жүргізген
операцияларының нәтижесінде аймақтың геосаяси жағдайы
мен
халықаралық
қатынастарында
біраз
өзгерістер
оайқалды [110, 112 б.]. Әлемдік саясат пен ғаламдық
күштердің орналасуындагы өзгерістер аймақтың, соның
ішінде Қазақстанның сыртқы саясаты мен халықаралық
жагдайына әсерін тигізбей қойған жоқ. Сол түстағы әлемнің
геосаяси бейнесі барша халықтың көз алдында жылдам
өзгерді. АҚШ эскерлерінің лаңкестікке қарсы опперациялар
кезінде Орталық Азия республикаларына шоғырлануы,
Қытайдың аймақ мемлекеттеріне деген саясатын біраз
өзгеріске үшыратқан болатын. 2002 жылдың басында
Орталық Азиядағы әскери-саяси жағдайдың сапалы түрде
өзгеруі көп жағдайда Қытайдың стратегиялық маңызы бар
үстанымдарының әлсіреуі деп багаланды, себебі АҚШ пен
НАТО-ның эскери базалары Қытайға тым жақын жерлерге
орналасып үлгерді. Осы түста Қытай өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен шекаралас
Шыңжаң өлкесіне ішкі аудандардан эскерлер тарта бастады.
Сарапшылардың таратқан мәліметтері бойынша шекара
маңында орналасқан Ланьчжоу әскери округінде 200 мыңға
07
жуық әскер шоғырланған және оның соғыс жағдайында
500 танкі мен 450 ұшаққа дейін шығаратын мүмкіндігі
бар еді [111]. Осылайша ҚХР-дың көп жылдардан бері
өзінің сыртқы шекараларының батыс бөлігінде тұрақты
жэне достық кеңістігін қалыптастыруга жұмсаган күш-
жігерінің жеміссіз болгандыгы байқала бастады. Қытай
Ш Ы ¥ шеңберінде де осындай эрекеттерін жүзеге асыруга
тырысты. Бүдан Пекиннің Ш Ы ¥ қүзыреті мен механизмін
күшейтуге күш жұмсап, аймақ мемлекеттерімен бұрындары
жасалган қарым-қатынастың элі де болса сарқылмаган
мүмкіндіктерін барынша пайдалануга тырысып баққанын
байқаймыз.
кі
/
2002 жылы 10 мамырда Қазақстан Республикасы
мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев
ҚХР-га жасаган сапары барысында Қытай Мемлекеттік
кеңесі төрагасының орынбасары Цянь Цичэнмен жэне
сыртқы істер министрі Тан Цзясюанмен кездесті. Осы
кездесу барысында екі мемлекеттің сыртқы саяси ведомство
басшылары ҚР мен ҚХР арасындагы мемлекеттік шекара
сызыгын демаркаңиялау жоніндегі хаттамага қол қойды.
Бұл құжат Кеңес Одагы кезінен келе жатқан екі арадагы
шекара дауын реттеудің ұзақ үрдісіне нүкте қойды.
Хаттамага жэне оган қосымша бекітілген құжаттарга
сәйкес, қазақ-қытай шекарасының жалпы ұзындыгы 1782
шақырымды құрады, оның 1215 шақырымы құрлықтагы,
ал 566 шақырымы судагы шекара үлесіне тиесілі. Арадагы
шекара сызыгы 599 шекара багандарымен белгіленген.
Қазақстан мен Қытай арасындагы барлық шекаралы озендер
кеме жүзетін деп белгіленді. Шекара белбеуінде 57 арал
орналасқан [112]. Қазақ-қытай мемлекеттік шекарасын
демаркациялауга қатысты 2002 жылы 10 мамырда Пекин
қаласында жасалган қосымша Келісімді 2003 жылдың
маусым айында ҚР Парламенті қарап, оны ратификациялау
жөнінде шешім шыгарды.
ҚХР-мен шекарага қатысты жасалган шарт, сөз жоқ,
стратегиялық болашақ түргысынан алганда, Қазақстанның
ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосты.
Шекараны анықтау нәтижесінде, екі жақ бүкіл ұзындыгында
заңды бекітілген шекарага ие болды. Бұл, эрине, шекарада
қалыпты жагдайдың орнауына, сенімнің бекуіне, сондай-
ақ болашаққа багытталган Қытаймен тату көршілік қарым-
ҚАЗАҚСТАН
РЕСНУБЛНКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
1 0 8
клтынастың дамуына септігін тигізері анық.
^ Сарапшылардың
пікірінше,
Қазақстан
мен
Қытай арасындагы шекараны демаркациялау мэселесі
шешілгенімен, маңызы одан еш бір кем түспейтін Ертіс және
Іле трансшекаралық өзендерін пайдалану жөніндегі мәселе
элі шешімін таппай отыр. Республикалар арасындагы су
қатынастарына келетін болсақ, ол Ертіс пен Іле өзендерінің
суын бөлісіп пайдалану және осы екі өзеннің бойындагы
экологиялық ахуалды қалыпты жагдайда үстап тұруга
негізделген. Ертіс өзені бойының экономикалық маңызы
бүгінгі күні едэуір өсіп отыр. Қазақстанның оңтүстік-
шыгысы мен солтүстік-шыгысын сумен қамтып отырган
ірі өзендер болып табылады. Ертіс жэне Іле өзендері
осы аталган аймақтарды сумен қамтамасыз етіп, ондагы
энергетика, өнеркэсіп жэне ауыл шаруашылыгын .ары
қарай дамытуга септігін тигізеді. Сол себептен, Қытаймен
арадагы су қатынастарын реттеу ісі әр кезенде Қазақстанның
экономикалық, экологиялық қауіпсіздігі түргысынан алып
қараганда, аса маңызды мәселе болып табылады Г113, 97-
98 б.].
Сондықтан, өткен он жылдықта Қытаймен су
қатынастарын реттеу жолында жүмыс атқарып жатқан тек ҚР
гана емес, осы багытта Қыргызстан, Ресей өз тараптарынан
айтарлықтай жүмыс жүргізуде. Ертіс өзені Объ өзеніне
келіп қүятын басты агыстардың бірі, ал Қыргызстан
территориясындагы Сарыжаз өзенінің сулары Қытайдың
Шыңжаң өлкесіндегі Тарым өзенін 75%-га қоректендіреді.
ҚХР мүндай мэселе бойынша келіссөздер тек екі жақты
сипатта өтуі керек деп санайды. ҚР-дың бүл мэселеде
үстанган позициясы, уақыт өте келе мүндай келіссөздер
міндетті түрде үш жақты сипатқа ауысады (Қазақстан,
Ресей, Қытай), себебі бүл мэселе үш мемлекеттің де үлттық
мүдделеріне қатысты жэне осы өзендердің су қорларын
тиімді пайдалану үшін үш мемлекет тең жауапкершілік
алулары тиіс.
Трансшекаралық өзендер мэселесі
1998 жылы
Қытайдың Шыңжаң өңірінде Ертіс-Қарамай арнасын шұгыл
салуынан басталган болатын. Осы тұста Қытай жагы өзінің
су жетпей жатқан аудандарына Ертіс пен Іле өзендерінен
жылына 450 млн, ал болашақта оны 1,5 млрд кубометр суга
жеткізетіндіктерін мәлімдеді. Қазақстандық мамандардың
109
бағалауынша, егер Қытай өзінің осы жоспарын толық
жүзеге асыратын болса, Қазақстанның солтүстік-шығыс,
орталық
облыстарындагы
ауыл
шаруашылығы
мен
өнеркәсібіне үлкен зардап келеді. Сонымен қатар, Балқаш
және Зайсан көлдері Арал теңізі сияқты экологиялық
апатқа үшырайды. Осы экономикалық мэселелер саяси
мүдделерге келіп тірелді. 1999-2001 жылдар аралығында
кеңесуші мамандар деңгейінде 5 дүркін келіссөздер өтті.
Олардың қорытындысы бойынша, 23 шекаралық өзендер
тізімі анықталып, техникалық сипаттағы жэне ҚР мен
ҚХР үкіметтері арасындағы өзендерді бірігіп пайдалану
мен
трансшекаралық
өзендерді
қорғау
саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы келісілді [114].
Соган қарамастан, трансшекаралық өзендер суын пайдалану
туралы мәселені шешу күні бүгінге дейін созылуда. Бұған
Қытайдың трансшекаралық өзендер мен суларды пайдалану
жөніндегі
Халықаралық
конвенңияға
қосылудан
бас
тартып, оның шешілуін халықаралық қүқық шеңберінен
шығарып отырғандығы септігін тигізіп отыр. Мәселенің
жылдам шешілмеуі Қытайдың батысын сумен қамтамасыз
ету проблемасынан емес, мэселені шешуде басқа астардың
жатқандығы байқалса керек. Сонымен қатар, Қытай
трансшекаралық өзендер мэселесінде Қазақстанды өзіне
тэуелді етіп үстауға үмтылатындығын байқауға болады.
Тәуелсіздік біздің территориялық түтастығымызды
біржолата бекітуге мүмкіндік бергенімен де қымбат. Осы
жылдар ішінде Президенттің оастауымен Қазақстанның
көрші елдермен, эсіресе үлы Қытаймен аймақта орын алып
отырған күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттік шекараны
толыктай айқындап алғаны біздің ерекше табысымыз болып
табылады.
ҚЛЗАКСТЛН РЕСПУБПИКЛСЫНЫН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ
»
1 1 0
|