Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата26.02.2017
өлшемі19,69 Mb.
#4996
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

303

салмақпен сүрайтын бір сөзі бар. Абайдың қазір самайына ақ кіре 
түскен. Нұрлы көздерінің айналасына түскен әжімдер байқалады.
Соған  қадала,  ойлана қарап  отырып,  Павловтьщ сұрағаны: 
«Қалай, Ибрагим Құнанбаевич! Қазір тірлік қалай, көңіл қалай?» -
деген. 

а 
I  ЯЯІвРй 
I
 
'
Абай даПавловтың көрікті көкшіл көзіне ыстықтарта қарады.
Аса сенімді жанға сирек ашатын бір сырды, анық ақынша қызық
теңеумен айтты.
- Тірлік дейсіз бе, Федор Иванович!? Тірлік деген, дүние деген,
менің андауымша, өзінің осы күні-түнімен бір оралып жатқан ала 
жылан ғой. Ол оқ жылан бірде соғады, бірде шағады. Сөйтпек оның 
болмысы ғой! Міне, тірлік дүние осылай, Федор Иванович! - деп 
тоқгады. Жүзінде ойлы мысқыл бар. Салқын, кең, саналы даналық 
тэрізді биіктеп түрған ой шабыты байқалады. Рас, жаңағы сөздерін 
Абай қазақша қанша шебер ойлағанмен, орысша дэл ойдағыдай 
шыгара any қиын еді. Ол Федор Ивановичтен кешірім өтіне отырып,
бөгеле сөйлеп, қиналып барып жеткізген-ді.
Бірақ, айтылған ақьгадық теңеу жэне соның мегзеген үлкен ойы
Павловтың  көкейіне  оте  тез  қонды.  Ол  бас  шұлги  отырып, 
сүйсінгеннен бет-жүзі қызарып, мейлшше қатты дыбыстап, күліп 
алды. Өз ішінен: «қандай ақын, философ ақын, кдсиегі бар Ибрагим 
Қүнянбаевичтін»  деп  ойлады.» 
(Алтыншы  том.  Абай  жолы.
Төртінші кітап,  331  б.).
«Қиянатшыл дүниенің» қаталдыгы бастарына төнген сэттегі
әкемен баланың тарихи түлга бітімі қандай пікір тудырады, бұны 
оқырманның өзі айтар. Жүз алпыс бес тұлғаныц бейне-портретгері 
бір-бірін қайталамайды, эрқайсысы өз алдына жеке-дара. Бэріне
ортақ тек қана тіршілік болмысы.
304

1.4.5  ӘЙГЕРІМ  ТҮЛҒАСЫ
Табиғат  жаратқан  сұлулыққа  қыздың  үлбіреген,  албырт 
жастығы қосқан әсем, өте нэзік сезім күйі жігіт жүрегінде махаббат 
отын  тұтатқан  сәттегі,  тек  жастық  тұлғасына  ғана  тән  сезім 
пернелері  күй тартады.  Бүл туралы  Мүхтар Әуезов  қаламынан 
туған түлға бітім бейне-сурегін тамашалайық. Міне, сол «Махаббат, 
қызық  мол  жылдар»!  Абай  Ерболмен  бірге  Бекей-Шекей  екі 
ағайынды Байшора ауылына келіп, Бекейдің (Шүкіманның әкесі / 
қалам иесі/) қонағы болады. Шекей қызымен Шүкімэн  әкесінің 
үйіне келген сәттен бастап, жастардьщ махаббат күй пернелері 
шырқап,  самғай  түседі.  Енді  сол  махаббат  хикаясының  қүлы 
болайық.
«Абай асыгып күтіп отыр. Жастар оншатез кірген жоқ. Тыста 
да әзіл-сыңқыл дауыстары шығып, біраз бөгеліп калды.  Үйдегі 
Бекеймен  Наймантай су, шылапшын қамдай бастады. Аққүба әйел 
енесін оятып, түгкыш альт, қазанға жакындап келіп еді. Осы кезде 
киіз есік шалқасынан ашылып, келуші қонақтарға жол берді. Әуелі 
үйге екі жігіт кірді. Тымақ, шапандары жұпыны. Саптама етіктері 
бар,  жүздері  төменшік, үяңдау.  Сэлем  беріп,  иба қылып  кірген 
күйеулер  екен.  Соларға  ілесе үсақ  қыздар  кіріп  жатыр.  Бір-екі 
келіншек кірді. Жиыны жеті-сегіз кісі. Абай көзін алмай, сабыры 
қалмай қадалып отыр. Енді аз бөгелістен соң, басына сұргылт шапан 
жамылған, бетінің жарымын бүркеңкірей түскен, орта бойлы бір 
қыз кірді. Мүрыны қоңқақтау кара торы көрінеді.  Шекей қызы, 
қалыңдық осы болу керек. Дәл осының артынан шолпысы ақырын 
сылдырап,  ақжүзінде  жүқалау  кызылы  нүрдай  жарасқан  анық 
Тоғжан өзі келеді екен. Сыпайы жымиып, күліңкіреп кірді. Мінсіз 
аппақ  тістер  қолмен  қойғандай.  Екі  бетіндегі  нэзік  жарастық 
қызыл ы, асыгып күгкен қызыл арай таң сәрідей. Әлі де айықпаған 
ұяң сыпайылықпен қонақтарға қарап ақырын амандасқанда, реңіне
305

шұғыл толқын кірді. Бет ұшындағы жұқалаң кызыл тұтасып, бар 
жүзіне  ду  етіп  тарады.Үлбіреген,  бала  жастықтың  аса  қатты 
қысылған, қымсынған белгісі білінді. Оны ұялтқан Абай еді.
Орга бойлы, дәл Тоғжанның өз бойындай. Бар мүсіні келіп түр. 
Бет бітімі, ақ қызылы жаңа Ербол айтқандай, айнымаган Тоғжан. 
Бұның да жібек талды, қолаң қара шашы бар. Мұрын, аузы 
қарағанға  ма,  дэл  сол  сағынышты  ғашығының  Абайга  ерекше 
ыстық көрінетін аса сұлу, сүйкімді ауыз, мұрнындай. Аз көтеріңкі 
қырлы мұрыны үш жағына келгенде жұмырланыңқырап, өзгеше 
келісті  біткен.  Жұқалаң  қызыл  еріндерінде  балалақ,  кінәсіздік 
лебіндей, ысгық эсер демі бар. Айналасын куантып, сүйсіндіргендей, 
жазықсыз нэзік күлкі қуаныш бар. Анық Тоғжан жары осы. Бірақ, 
жаңа түсінде көрген сиякты, ертерек күндегі үлбіреп тұрган жас 
Тоғжан. Ең алғаш сэт сағатта Сүйіндік үйінде, көктем кешінде, Түйе 
өркепгге көрген сол сүлуы. Қайран, ғажап хал үстінде жаңа туған 
ай  көрді.  Бүрынғы  сүйікті  айдың,  қайта жаңғырып,  айнымаған
тұлғасымен қайта айналып келіп, прлік аспанынан өзіне саи оқшау
орнын алғанындаи
сэтте
жұмбақ түман  мүнарға  батты.  Абай  өзін  де,  айнала жұртты да 
тегіс үмытыпты.  Тек қана түс  артынан  болған жүрек  қүйынын 
аңғарды. Енді соған қосылған, бар сыры жат көрініс келіс мынау.
«Қасыңдамын. Мен келдім!» деп еді ғой. Дегені рас, жалғаны, 
жаңсағы жоқ. Өзі, өзі келді. У ыздай таза болып, үлбіреген сезімтал 
күйде, нэзік жүрек толқынымен, діріпімен келді.
Жас қыз кірген кезде қатып қарап қалған Абайдьщ  реңі, тіпті 
жат еді. Екі көзі шарасынан шыгып, тесіле қадалып қалыпты. Қаны 
қашқан жүзінде аспаннан тағдыр жүлдызын күткендей жат ажар
бар. Аңырған, аң-таң дағдарыс бар еді, еріні күбірлей түскен, үнсіз
сыйыну бар.
306

Үйге кірген жұрт амандасып жатыр еді. Абай оны сезген жоқ.
Ешкімді  көрмей  отыр.  Жапгыз  бір  жанға ынта,  бейілі  ауған  да
құлаған. Сезімтал сұлу өзіне қадалған көзді кіргеннен-ак аңғарып
еді. Қысылып тұрып, амандасқан да болатын. Бірақ көз айырмай,
есі  ауғандай  қадалған  жігіт  қыздың  амандасқанына  жауап  та
қатпады. Құр болымсыз ғана еріні жыбыр етті. Сұлу жас осыдан 
£
>г 


*  %
қымсынып, 
қыіі-қызыл болы п 
кеткен» 
(Тәртінші том. Абай жолы. 
Екінші  кітап.  38-39  бб.).
  Міне,  махаббат  Абайды  бір  сәт  бар 
тіршіліктен айырып, ұмытгырып, өзіне қүл еткен көріністерін ешбір
дана суретшінің қыл каламы сала алмас. Ал, үлы Мұхтар Әуезовтің 
сөз қаламы адамның тұлға бітімінің не түрлі бейне-портреттерін 
сала да, жеткізе де алды, еебебі мұнда нэзік еезім мен ой қатысады.
Мұхтар  Әуезовтей  еөз  зергері  қаламынан  шыққан  бейне- 
портретгердің тұлға бітімдері: данасы мен қарапайымы; ақылды 
мен  ақымағы;  өңкей  «қиқымы»  мен  «бүлдіргіш  әкімдері»; 
«арсыздары» мен «пысықшалары» т.с.с. қылыктары мен мінездерін 
көріп,  бетпе-бет  танысқанда,  адамды  терең  ойға  қалдырады. 
Қайшылықгардың не түрлі түйіншектерін алдыңа үйіп-төгіп тастай 
салып: «Шамаң келсе шешіп, тарқатшы? Айтарың бар ма?» деп, 
жан  дүниеңді  әлекке  салады.  Сонда,  біреуін  жақтап,  келесісін 
датгап, барыңды еалып: «Мен оеьшардьщ қайсысы екенмін?» деп, 
өзінді де сынап әлек болаеың.
Мұхтар Әуезов жасаган адамдардың тұлға бітімінің не түрлі 
бейне-портреттері кіеіге қосымша қуат береді. Ол күштің аты - 
руханилық. Ұлы Абайдың:
Пайда  ойлама,  ар  ойла,
Талап қыл артьщ білуге.
Артық гылым кітапта
Ерінбей  оқып  көруге,
  - деуінің  ең бір терең,  керемет  сыры 
адамның руханилығында болар. Руханилық дегеннің ең биік шыңы
- ғылым, біпім, жасампаз еңбек!
307

Пай да деп,  мал  деп  шуар  ендігі
Еңбекпен  терін  сатып  түзден  жимас,  -
  деп,  Абай  қазіргі 
ұрпақгы - руханилықгың көзі - тікелей білім,ғылым жолына салатын 
табанды, қажымас еңбекте деп ескертіп тұр гой. Абайдың:
Еждиһатсыз, михпатсыз,
Табылмас гылым сарасы,
 -  деуінің сыры да осында болар.
Руханилық табиғи да, тарихи да, кіндік кескен, тіршілік беріп, 
өміріңе таусылмас, сарқылмас азық боларлық - жерің, табиғатың,
елщ, халқыңның «героилық мшезі».
Мұхтар  Әуезов  «тұлға»  ұғымын  эдебиеттануға  бейімдей 
отырьпт, эсіресе, пэлсапалығын да ұмыт қалдырмаған. Өмір мен 
ғылымның өңірінде қанат жайып,  өріне шыға бастаган шактың 
өзінде-ақ Мұхтар Әуезов өзін алып ой иесі, ұлы суреткер жазушы 
екенін таныта біпді.
Мұхтар Әуезов шығармаларын мұқият оқып, зертгеп барьш, 
талдағанда  баса  көңіл  аударатын  ерекшелігі,  яғни,  өмірі  мен 
шығармашылық еңбегінің ең жанды, ең өзекті деген мэселесі: ол - 
үлттық сана  мен  үстем  етуші  кеңестік  мемлекеттік  идеология, 
дұрысырағы  КПСС  идеологиясы  мен  ұлттық  сана арасьшдағы 
бітіспес қайшылықгарды шешіп, бұларды бір-бірімен жарастырып, 
табыстырмақшы. Міне, осы арқылы қазақ мәдениеті мен ғьшымы
дамуы қажетплігінен туындаитьш ғылыми-теориялық мэселелердің 
дарасын, жекесін, жалпысын да қарастырып, заман талаптарын 
ескере отырып, бұларды ұлттық қазына арнасында топтастырып, 
талап,  зерттеу  еді.  Осы  тұрғыдан  өз  төңірегіне  қазақ  ғьшымы 
теориялық мәселелерін шоғырландырып, бұларға тұтастық сипат 
беретін ғылыми қағидалары - тұлға мен бітім ара қатынастары, 
байланыстары.  Адамтану  мен  қогамтанудың жалпы теориялық 
мәселесі  -  «тұлға».  Тұлға  ұғымы  әдебиет  пен  философияның 
түйіскен жеріне Мұхтар Әуезов терең талдау жасап, өз түсінігін, 
талғамын, талдауын берген. Қазақ ғылымының тың мәселесі еді.
308

Жаңашыл қасиетін қазір де жоймаған. Осы тұста, кеңес ғылымы
қалыгггаса  оастаған  кезеңінде  қазақ  ғылымы  «кеңестіксіз», 
яғнидіркеусіз,  күзетшісіз  жүре  алмайтын  шағында,  үлттық 
ғылымның негізін салушылардың бірі - үлы Мүхтар Әуезов еді.
Мұхтар Әуезов қазақ халқы тарихи түлға бітімін жан-жақты 
талдап, мазмүны мен қүрылымын ашып, зерттеуде түлға үғымы 
айрықша орын алады. Осының бедері алғашқы мақалаларынан-ақ, 
кейін де, бүгіл шығармаларының өн бойында көрініп, үнемі қатысып 
отыратын басты дейтін гылыми жэне әдістемелік қағидалардың 
тағдырлысы - түлға.
Жалпылай  айтқанда,  Мүхтар  Әуезов  ғылыми-теориялық 
деңгейде бастама ретінде екі мәселені үсынады. Екеуіне де ортақ 
мәселе  -  қазақ  м эдениетін  зерттеуде  «түлға»,  «жанды 
түлға»,«феодалдықтүлға», «түлғасы толы, түрманы түгел адам», 
«жиынтық  тұлға»  т.б.  қағидаларды  диалектика  тұрғысынан 
обьективтілікке сәйкеспгіріп, далірек, тереңірек, жан-жакты қолдануы.
Ғылым  мен  теория  мұқтажын  Мұхтар  Әуезов  дер  кезінде 
аңгарып, бағытын аныктаған - бүл болса адамның бар түлға бітіміне 
түскен қоғамдық, саяси-әлеуметтік ауыртпалық. Міне, осы тың 
саяси-әлеуметтік  мәселені  түлға  қағидасын  қолдана  отырып
зертгемекші.
Бірінші мэселе - түлға теориясы. Үлттық мәдениеттарихында 
болсын,  социализм  үшін  майданда  болсын,  тарихтың  осы  бір 
кезеңдеріне ортақ мәселе - «түлға» теориясы, яғни Мүхтар Әуезов 
түсінігінде -  «жанды  түлғаны»  бейнелеу.  «...  Біздің  мақаланың 
мазмүны  бүгінгі  (1934  жыл  /қалам  иесі/)  қазақ  пьесалары 
болгандықган, соған көшеміз...» деп бастайды 
(17 т., 12 б.).
 «Жалпы 
пьеса деген - түр-түлғамен пьеса. Түлғасы толық, түрманы түгел 
адам  болмаса,  пьеса  өз  түрінен  (мүмкін  тек  түрінен  ғана 
емес,мазмүнсыз да болар /қалам иесі
Г)
 айырылады. Өңі қашады. 
Ол  не терме  (хроника),  не  жасыған  сөз  (публицистика)  болып
309

кетеді» деп, Мүхтар Әуезов ойын эрі дамыгып, түйін ойын: «Ендеше 
тұлға демек, сапа демекпен тең. Барлық кеңес әдебиетінің, оның 
ішінде, біздің эдебиетіміздің шеше алмай келе жатқан ең үлкен туйіні 
осы.  Сондағы  қиыны  жалпы  тұлға,  я  ескілік  тұлгасы  емес, 
жаңалықгың, жаңа адамныц тұлғасы. Бүгінгі пьесаның сапасы, нэрі
сонда тұр. 

Н л  . 
‘ *
Әдебиетіміздің ең жанды мәселесі осы дейміз» - деп туйген
(17 т., 14-15  66.).
Екінші мәселе: ұлттық мэдениеттің тағдыры. Міне, «тұлға» 
ұғым ын ың төңірегіне эдебиетгану мен философиялық мэсел ел ерді ң 
басын қосып, теориялық та, танымдық та мүмкіндіктерін Мұхтар 
Әуезов  ұгымды, тиімді пайдаланған.
Эдебиетгану деудің мәнісі, қазақ халықы көп үміт артатын, 
жаңа Кеңес өкіметі орнай бастады. Ғ асырлар бойы қағу-соғудан 
көзі ашылмаған қазақ халқы өзінің ұлттық мәдениетін, әдебиетін 
дамытуға  ұмтылыс  жасай  бастады.  Осының  нышаны,  талдап 
отырган Мұхтар Әуезовтің мақаласынан анық байқал ады. Жаңа 
өкімеітіен бірге ең алдымен жаңа саясат келді. Осының салдарынан 
қазақ  халқы н  дертке  ш алды қты раты н  тү с ін ік сіз,  дүлей 
қайшылықгар пайда болды.
Ғ асырлар бойы қазақ халқын дендеген шарасыздық дертінен 
айыгам ба?! деген үміті жаңа «кеңестік», «таптық», «партиялық» 
саясаттьщ арбау ына, шырмауына ілінді. Атап айтсақ: үлттық пен 
«кеңестік»,  халықтық  пен  «таптық»,  үлттық  сана  мен  КПСС 
(мемлекеттік) «идеологиясы» арасындағы бітіспес қайшылықтар 
өріс ала бастады. Жаңа пайда болған қайшыл ыктарды жалпыл ық 
тұлға  деңгейінде  алатын  болсақ:  ол  -  «құлдық  психологисы» 
бұғауында өскен қазақ халқьшың басына түсініксіз «кеңестік» деген 
төнді.  Бұл 30-жылдар болатын.  Сөйтіп қазақ өмірін  «кеңестік» 
жайлап, ал қазақ мәдениеті мен ғылымьш, білімі мен тілін КПСС 
саясаты өз билігіне ала бастады. Қазақ қоғамының қай саласында
310

болмасын: «кеңес», «социализм», «коммунизм» атынан жаңа өмір, 
жана уақыт өз өктемдігін, өз билігін орната бастады. Бұл кезең 
социализм құрылысы заманы болатын. Жаппай сауатсыз халық, 
Лениннің сауатсыз надан адам саясаттан тыс қалады дегендейін, 
социализмнен мүлдем бейхабар еді.
Қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан щаруашылығы мен 
тұрмыстық салт-дэстүріне, сезім-күй өміріне күтпеген, түсініксіз, 
кенет келген қоғамдық, саяси-әлеуметтік қүбылыстар бүза-жара 
кіре бастады. Сондықган да, эсіресе қазақ жерінде орныгып, билігін 
жүргізе бастаған  КПСС  пен  Кеңес өкіметі  қазақ халқын  Ресей 
патшалығы отарлау саясаты бүғауынан азат ете алды ма? ¥лттық 
жэне мемлекеттік тэуелсіздігімізді қамтамасыз ете алды ма? деген 
сүрақтардың  төң ірегін де  п ікірім ізді  М үхтар  Ә уезовтің 
ш ығармаларына  сүйене  отырып,  талдап,  тексеруге  бет 
алганымызды айтып келеміз.
Бастама - «түлға» теориясы. Әдебиетгану мен философиялык 
ойдың  беттесетін,  түйісетін  жері  ескі  мен  жаңаның  -  «ескілік 
тұлғасы»  мен  «ж аңа  адамының  тұлғасы »  арасындағы 
қайшылыкгар үлттык түлға деңгейінде шиеленісе түсгі. «Ескіліктің
трғасы» да айқьшдалды, сөйтсек: ол - «феодалдықтүлғалар» болып 
шықты,  кейіннен  «партиялық»  түрғысынан  кертартпа  деп 
бағаланатын,«бірыңғай  ағын»  (единый  поток)  әдісіне  айналды
(Қараңыз:  19 т.,  34 6.,  20 т.  395-396 66.).
«Ескі пьеса - мақсұт емес. Феодалдық тұлгаларды кайталап, 
көлденеқцете беру - социал исгік қүрылысқа мүрат бола алмайды 
«Тарих» деп кана жадагай алсақ, ұшкары алсақ, саяси қате. Тегі, 
бұдан  былай  ескі такырыпты  пьесаның  ішінде  тарихқа бүгінгі 
көзқараспен, пролетариаттың тап тартысы жөніндегі жүйесінің 
көзімен қараған пьеса гана керек. Жана театр репертуарына тарихи 
пьеса  тегі  көп  бола  беру  қажет  емес...  Қалайда,  әрбір  тарихи 
тақырып бізге де, театрға да, негізінде төңкерістік тақырып болып
311

тұрсын»,-(7 
7т., 20 б.)
 деп, Мүхтар Эуезов ұлтгық мэдениетімізге, 
мың жылдық тарихымызға күдікпен қарауга жол ашқан сиякты. 
Неге десеңіз, заман қысымы ұлы дананы да еркіне жібермеді гой. 
«Партия көзімен көріп шешпей, қоя беруге болмайды» 
(Сонда,  18 
б.)
 деп, (бұл-1933 жыл еді), өз көзқарасы емес, партия көзқарасын 
мойындауга  мэжбүр  болғанын  сездіргендей.  Өмірінің  соңғы 
жылдарына  дейін  ұлы  ойшыл  «партиялық»  пен  «ұлттық түр» 
санамыздың, ойымыздың еріктілігі, тэуелсіздігі көзімен айтсақ: 
«ұлттық тұлға» арасындағы қайшылықгар түйіншектерін шешіп, 
жарастыруға Мүхтар  Әуезов  ғылым  мүмкіндіктерін,  бар  айла- 
амалын  пайдалан ған  сияқты .  Ә деби  м үраға  арналған 
конференциядағы (1959 жыл) қорытынды сөзінде де, «бірыңғай агын» 
(партиялы қ)  эд ісі  сары ны   б ай қалад ы .  « Б ізд ің   барлы қ 
ойларымыздың, ізденулеріміздің ұстаз басшысы - партия талабы»,
- деп, ғылым саласында да партия басшылығын Мүхтар Әуезов: 
«Бүгін ғылымдьгқ мәселенің барлығы да анық лениндік принципте 
бағаланып,  талданып,  сынала  шешіліп  отырған  шақта  біздің 
конф еренциямы зда  ж үйелік  эд еби еттік  м эселелерді  бар 
міндетгердщ асылы деп, негізді партияльщ қальпгга шешу керек», - 
деп тұжырымдаған 
(20 т.,  395 б.).
Ал, өз көзқарасын айтқанда, «түлға» ұгымының тапымдық жэне 
логикалық жақгарына баса назар аударады. Осы сарын тек, мына 
тапдап отырған мақалада гана емес ұлттық мәдениетке тікелей 
қагысты зерттеулерінен, алда элі, көптеп кездестіреміз.
«Түлға» үгымыньщ философилық сипатьша тоқгалық. Әуелі, 14- 
бетте 
(17 т.)
 түлға туралы берілген сілтемені толық келтірейік: 
«Мен» (Мүхтар Әуезов /қалам иесі/) «түлға» деген атауды орысша 
образ орнына үсынам. Бүны «кейіп» деп жүргізу, орысшасынан кем 
соғады. Ол «кейіп» - настроение. «Түлға» образдың дэл өзі болмаса 
да, «түлға болар деймісің» деген сияқгы қолдануларға қарағанда 
мазмүны  жақын  сөз».  Осы  бір  қысқа сілтемеде  жэне  мақалада
312

«Ендёше  тұлга  демек,  сапа  демекпен  тең»  деген  гылыми 
қағидасында философиялык ойлықты тәрбиелейтін көп сырлар
жатқан сияқты. Мұхтар Әуезовтің «түлга» теориясы диалектика 
заңдарымен  сабақтастыгын,  үндестігін  танытады.  Демек, 
«тұлға»теориясы  «сапа  демекпен  тең».  Ал  бұның  сыры 
диалектиканьщ даму туралы заңцарына бара-бар деген сөз. Мұхтар 
Әуезовтің тұлға қағидасын: диалектика түрғысынан, эдебиеттіктің 
де, философиялықгың да тығыз байланысын ашатын логикалық 
абстракция.  «Тұлға»  үғымының  теориялық  және  әдістемелік 
мүмкіндіктерін үгуға бет алдық. Сонымен, Абай элемінің келесі 
теориялық  мәселесіне  тоқталық.  Бүл  да  «түлға»  қағидасынан 
туындайтын тың мэселе.
1.4.6 Т¥ЛҒА ҮҒЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘШ
Мүхтар Әуезовтің эдебиет,  не  жалпы  мэдениет мәселесіне 
арнал ған талдауында түлға қағи дасын диалектикалық түгастық деп
қүрал
ескеруіміз  қажет.  ¥лы   ғалым-жазушының  оилау  мэдениепнщ 
диалектикалық сипатымен танысамыз.
М үхтар  Ә уезов  тұлға  теориясы н  диалектиканьщ  
тарихтық.тарихилық  пен  логикалық  әдістері  философиялык 
мүмкіндіктерін  ашып,  бұларды  шеберлікпен  жалғастырып, 
сабакпгастырып пайдаланғанын, эрі  дамытқанын көреміз. Түлға 
үғымының танымдық жэне логикалық мазмұнын ашып, мэнін де 
ұғыидыратын жолды, қүралды Мүхтар Әуезов іздестіріп, анықгауға 
үнемі ұмтылыс жасағанын байқаймыз. Жолды тапқан да еді. Ол 
болса «түлға» қагидасына қарама-қарсы «бітім» үғымы, осы екі
ұғымының диалектикалық түтастығы еді.
Түлга  жэне  бітім  үгымдарының  «кейіп» 
не 
«образ»  емес, 
философиялык «сапасын» көркемдік те, философиялык шеберлікпен
313

қолданғанын көреміз.  Бұны  іс жүзінде сынап,  қарап талдасақ, - 
«түлға» ұғымына қарама қарсы ұғым: ол - «бітім».
Бітім қандай да халықгың тарихи түлғасын жетілдіріп, байьпъш 
дамытатын, өмірі мен тіршіл ігін, шаруашылығы мен түрмыс салтын 
қал ыптасу ы үдерісін бейнел ейтін ұғым.
Қазақ халқының тарихи  түлға бітімін  қалыптастыруда ұлы 
Абайдьщ айрықша  алатын  орнын  бөле,  ерекшелендіре отырып 
Мүхтар Әуезовтің айтқаны: «поэзия, музыка, қоғамдық-азаттық ой- 
пікір  саласынды  өлмес-өшпес  шығармалар  берген  Абай  қазақ
халқының  өткен  замандагы  өмірін  зерттеуші  оіздің  ұрпакқа 
таңғажайып түлға болып көрінеді. Ол өз халкьшьщ тарихында биік 
шынар сияқгы. Ол қазақ халқының нелер замангы мәдениетінің ең 
таңдаулы  нәрін  алып,  бұл  қазынаны  орыс  жэне  батыс  Европа 
мәдениетінің игі әсерімен байытты. Абай өз халқының жэне бүкіл 
Таяу Шығыстьщ қоғамдык ой-пікірінің Октябрьге дейінгі тарихында 
ең жасампаз қозгалысты бастады.» 
(19 т.,  38 б.).
Абай  ш ы гарм аш ы лы гы н  зерттеу,  талдау  бары сы нда 
диалектикалық сипатымен көзге түсетін «түлға» үгымы. Мүхтар 
Эуезов шығармашылыгына тән қасиет әдеби-көркем суретшілдік 
шеберлігі мен фил ософиял ық ақылдың біртүтастығы.
«Түлға» мен  «бітім» үғымдарының диалектикалык сипаты
көркем тану мен диалектикалық ойлау күралдары сапасында үнемі 
орын алмасып, бір-біріне айналып отыратындығы.
«Түтас бітімді, желісті келген өлеңнің аяғына шейін осы жаңағы 
айтылған («шыбындап», «шылпылдап», «бүлтылдап»,«сымпылдап», 
«сыңқылдап»,  «жылпылдап»  /қалам  иесі/)  сөздерге  орайлас 
ұйкастар айнымай созылып отырады. Жиынын алганда өлеңтілінде 
үлкен байлықпен қатар, тапқырлық, дэлшілдік мол. Мал баққан, 
көшпелі тірлік еткен елдің жайл ауындағы жаңа қонысқа көшіп, қонып 
жатқан кезін, қимыл-әрекетін, эбігер-қарбаласьш өлеңнің эр бөлімі 
айқын  аңғартады.  Сондай  мазмұнымен  біркелкі  келген  анык
314

реалмстік  шеберлікке толған  өлеңнің барлық құрылысындағы, 
мағына-идеясындағы бір кемшілік жэне айқын байқалады. Ақын 
көшпелі тіршілікті сынап, мінеп жазып отырған жоқ. Көбінше, оның
көркін, сырт көршістерін тамашалаи түсіп, сүисіне жырлап отыр. 
Әсіресе,  бай  ауылының  қальщ шұбар жанды-жансыз мүлкімен 
толықсып, жайғасып жатқанын негізгі тақырып етеді. Идея осылай
||ж |; • 
I
бөлімделгендіктен, Абай тапантьшың шыншылдығы бұл ауылда 
қажып, талған жылқышы барын, жалынышты, бағынышты кедей-
кепшік барын еске апса да, жоғарыда аитылғандаи, қоғамдық үжен 
кэйшылықгарды дэл осы көшіп-қонып жатқан бай ауылының өзінен 
де табуға болатынын ашпай кетеді» 
(20 т.,  119 6.).
Абайдың  «Жаз»  өлеңін  талдау  барысында  Мүхтар  Әуезов 
диалектикалық  тұтастықтың  эр  қырын,  жағын,  көрінісін 
бейнелегенде,  эдеби-көркем  шеберлікті  терең  философиялық 
ойлылықпен  қабыстырып  отыратынын  байқаймыз.  Жиынтық 
түлғаның бітімі даму үстіндегі тіршіпік көріністері адам ойлауында 
бейнеленуі зандылығьш (болмыс пен ойдьщ ара қатьшасьш) Мұхтар 
Әуезов  «дэлш ілдік»  деген  үгым  арқылы  тұжырымдаған. 
«Дэлшілдік»  диалектиканьщ  ұқсастық,  салыстырмалы  т.б.
эдебиеттік
танытады.
Мүхтар Әуезов «тұлға» жэне «бітім» деген қарапайым қазақ 
сөздерін  қолдана  отырып,  қандай да хапыкты тарихтьщ тұлға- 
субьектісі екенін дэлелдеуге шебер пайдаланғанын көреміз. Халық 
-тарихты  жасаушы  күш  деген  К.  Маркстің  диалектикалық 
магериалистік даму теориясын қогамтану ғылымына пайдалануды 
дүрыс деп тапқан пікірін бүгінде бүрыс деп, теріске шығару орынсьв, 
гылымдагы әдепсіздік болар.
Қандай
халық екенін талдап, аныктаитын
материализмнің дұрыс қағидасын да сыңар жақгы
315

халықгы тек қара күшке  санап,  саясатшылар  айласын  асырып, 
қулығы мен сұмдығын жасырды. Бәрі де халық атымен жасалады, 
бірақ халыкты «күнде ертеңмен» басын қатырып келеді. Құргақ 
уәде, бос сөз мемлекетгі дендеп бара жатқан шенеуніктердің кәсібі.
«Түлға» үғымының теориялық жэне  методологиялык мэні,
бүның қоғамтануда атқаратын қызметімен тікелей байланысты. 
Яғни, ендігі әщімеміздің арқауы қазақ халқыныьщ тарихи түлға бітімі 
болмақ. «Түлға» - ең жоғары деңгейде алатын болсақ - «Абайдың 
тікелей халықгығы», «үлттық қазына» қағидалары. Бүдан туындап, 
өріс алатын қазақ халқының тарихи түлға бітімін жан-жакты танып 
білуге  мүмкіндік  жасайды.  Қандай  да  халыктың  тарихи  түлға 
бітімінің ең жоғары көрінісі - бүның үлттық жэне үлтжандылық 
қасиеттері.  «Түлга»  мен «бітім» ұғымдарының танымдық жэне 
логикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып казақ халқы түлға 
бітімі туралы  Мүхтар Әуезов қандай соны пікірлер ұсынар екен 
деген сенім ізденісімізді ынталандыратүседі. Осыны қадағалайық.
Мұхтар Әуезовтің жазушыпық жэне ғалымдық шеберлігіне жол
ашатын он жетінші том - таным жолы мен ои өңірі қалыптасуы, 
дамуы алғаш қадамдарымен беттестіріп таныстырады. Бүған қоса 
аяқгана бастаған қазақ мәдениеті мен эдебиеті және бұл.өрістен 
енші алып, қоныс тебе бастаған қазақ социалистік мәдениеті туралы 
ой толғайды.  Қазан төңкерісінен  кейінгі  15-20 жылдық кезеңді 
қамтиды. Ғалым пікірі, талгамы, ойлау логикасы деректен дерекке 
таным  баспалдағымен  үнемі  жоғары  көтеріліп,  алға  үмтыла 
отырып,танымы мен логикасы «тұлға» мен «бітім» арасындағы 
қайшылықгардың түйіншектерін  бірінен соң бірін шешпекке бет 
алып, қазақ халқының тарихи түлғасының бітімі туралы қағидалы 
ойын қалыптастыра бастайды.
Мүхтар  Әуезов  шығармаларында  біздің  түсінігімізше,  XX 
гасырдың 20-60-шы жылдарын қамтитын қазақ хапқы тарихи түлга

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет