Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


§4.Тұлғалық бастау көз көркем игерудің объектісі



Pdf көрінісі
бет18/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

§4.Тұлғалық бастау көз көркем игерудің объектісі 
 
Аталған параграфтың тақырыбы бүгінде көбіне тұлға туралы теорияда мәнісі 
танылатын, көптеген күрделі мәселелерге толы көркем шығармашылық жайлы 
әдебиеттану мен басқа да ғылымдарда басы ашылып айқындалмай отыр.
Еуропа тілдерінде persona, орысшасы личность деп аталатын «Тұлға» сөзінің 
мағынасының аясы кең. Бұл сөз басым жағдайда «тұлға дегеніміз – индивид сипатындағы 
адам» деп ұғынылады. Біздің уақытта бұл сөзбен кез келген тұлғаны атай бермеу де 
философиялық және өзектілікке ие болып отыр. В.И.Даль өзінің «Түсіндірме сөздігінде» 
осы сөзге «дербес тіршілік иесі» деп анықтама берсе, 2000 жылғы Мәскеуде шыққан 
энциклопедияда: «этикалық сәттерде алды артын болжай білетін, көзқарасы мен 
құндылықтар жүйесі бар, өз ісі мен әрекетіне жауап бере алатын» саналы әрекет иесі –
субъекті деп қолданылады.
Адам тіршілік етуінің аспектісі аксиосферамен терең байланыстылықта. Адамдар 
санасында дербестік, өзі турасындағы бағалауды өзектендіру, қоршаған ортаға, 
әлеуметтік-мәдени феномендерге және болмысты тұтастық деп тануға тікелей 
қатыстылық көрініс береді. Бахтинше: «тек қана бағалау жасау» адамды «субъектіге, өз 
тағдырына алаңдайтын, өмірінің өзіндік заңдылығы бар өкіліне»[42,С.79] айналдыра 
алады дейді. Н.А.Бердяев адамды тұлғалық тін түріндегі «бағалаушы тіршілік иесі» деп 
сипаттады[95]. Адамның өзін-өзі бағалауы және басқасы оның «мені» емес, сондықтан ол, 
оның әмбебап құндылықтарға бағдар ұстап, онымен ілік-шатыс болуынан тұрады. 
Басқаша айтсақ, тұлға дегеніміз – бұл, ең алдымен, құндылыққа бағдар ұстаған 
субъекті[96]. Біз тұлғаны «азаттық пен сана құндылығы» [97] тән болып келетін мақсатты 
бағытталған іс-әрекет иесі, бұл «іс-әрекет иесі өз қылығында құндылықтың абсолюттігін 


29 
ұғынып, оны жүзеге асырушы» деп анықтайтын Н.Гарманмен және Н.О.Лосскииймен 
келісеміз. 
Тұлға ретіндегі адамның басты атрибуты жауапкерлікпен ұштасатын еркіндік болып 
табылады. Бұндай азаттықтың антиподы, біріншіден, сыртқы күштерге немесе қоршаған 
ортаның стреотиптеріне көзсіз бағыну, екіншіден, инстинкті әлеміне, эгоистік сезімге 
терең еніп кету. 
Тіршіліктің өмір сүруінің бөлінбес қырын адамның қоршаған ортаға қатыстылығы және 
болмыстан тысқарылыққа құштарлығы, яғни әлемде «мен еместік» құрайды. Еркін және 
де жауапкершілікпен әрекет ететін адам француз персонализмінің көшбасшысы 
Э.Муньенің (1905-1950) сөзінше, адам жетілмеген әлемде тіршілік кешкендіктен көп 
жағдайда шеттетушілікке ұшаратылып, «жоқ» айтуға мәжбүр болады да, сонымен бірге, 
тұтасқан шеттеушілік тұлғаның қалыптасуына қол байлау болып, социум алдында тізе 
бүктіріп, шеттетудің тығырығына бастап алып келіп: тұлға атану үшін «әлднеге келісіп, 
әлдекімге бағынуды» білдіреді, яғни, өзінің дербестігінен тысқары әлденені бағалайды. 
Адамның маңдайына жазғаны «тіршілік кешуге ену»; «тұлға дегеніміз болмыстан 
болмысқа қозғалыс» деп тұжырымдады философ[98]. Осыған ұқсас ойды М.Бахтин өзінің 
алғашқы еңбектерінде «Философиялық қадамында» «келіп түсетін сана», «қатысушы 
ойлау», «міндетті қатыстылық» сынды тірек ұғымдар арқылы берді. 
Әлемдегі «мен емес» индвидтің жауапкершіл-азат құштарлығымен бірге тұлғалық 
болмыстың құрамындағы маңыздысы терең мәнді өздік сана белсенділігі, ең алдымен, 
адамның өзіне-өзі жауап беру міндетінің аясы. Белгілі бір өмірілік жағдайда индивидке 
тиімді болып келетін, ең алдымен «күш салу нүктесін» таңдап алумен байланыстағы 
индивидтің өзіндік сана әлемі өз бойына «түйсік арын» (А.А.Ухтомский) енгізіп, «өздік 
өзектенуге» (белгілі АҚШ психологы Масолудың тірек ұғымы) талпынады[99].
Адам өзін тұлға сипатында (не аз, не көп көлемді толықтық және айқындықпен) 
болмысқа рухани (толықтай және шындыққа жанасымды) қатысты болғанда танытып, 
сонымен қатар, қалыптасқан стереотип пен қоршаған ортаға ішкі тәуелсіздіктегі 
тұлғааралық қатынасты өз бойына сіңіреді. М.М. Бахтинше, тұлға "тек (сен мен үшін) 
еркін сұхбаттылығы арқылы ашылады" Адам болашақ тұлға ретінде бір жағы, өз 
адалдығын сақтайтын немесе сақтауға ұмтылатын әлдебір аксиомды әлемде, ал, басқа 
жағынан алғанда, таусылмайтын, түгесілмейтін жаңа әсер алушылыққа, күй кешушілікке, 
ой түйінін жасаушылыққа әрекет жасауға жол ашылған ахуал кешеді. Бердяевша, «тұлға 
өзгермейтіннің өзгерушілігі». Ол «құндылықтардың негізгі қондырғысына» адалдық 
танытады. Егер осындай адалдық болмаған жерде тұлғаны тас-талқан ететін өзгеріс 
«сатқындыққа айналып» шыға келеді. Индивид тұлға ретінде мәлімет беруші емес, «бүкіл 
өмір жолында бірлік пен мақсаттылыққа қол жеткізу үшін» тапсырма орындаушы[100]. 
Тұлғалық бастау көз қылықтардың айқын да, толық көрініс табуы үшін индивид өмірін 
бейнесіз өмірде тіршілік кешкенге қарағанда қауіп-қатерге толы қиын да, күрделі етіп 
жібереді. Манның айтуынша, толық мәнінде адам болу «қиын да, мәртебелі»[101]. 
Сонымен бірге, тұлғалық тіршілік кешу ойындық бастау көзді жоққа шығармайды, қайта,
әртістік ойнақылықпен, күлкі мен көңілділікті ұсынады. Осы ойын мен байыптылықтың 
көрінісі табуы А.Пушкин шығармашылығында көрініс тапқан.
Тұлғалық тіршілік кешу – тек белгілі де, танымал адамдардың маңдайына ғана жазылып 
қоймаған. Тұлғалық бастау көз тек ой еңбегімен айналысушыларда ғана емес, сонымен 
бірге қарапайым жандар арасында көрініс береді (мысалға, Лермонтовтың Максим 
Максимичі). М.М. Пришвиннің пікірінше, тұлға белгілі бір іс-әрекет аясында кең 
ауқымдылыққа ие болмай, елеусіз, қатардағы «кішкентай» қалыпта қалса да, "бәрі бір ол 
қашанда тұтас та, кесек пішінді болып қала береді"[102].
Бір аңғаратынымыз, «кейінгі ницшелік» дәуірде (әсіресе, экзистенциалистік 
философиямен, осы бағыттағы әдебиеттануда) тұлға турасында біз сөз еткеннен бөлек 


30 
ұғыну кең тарады. Адам ең алдымен өзін қоршаған болмыстан, социумнан, табиғат пен 
әлемдік түзілімнен бөлектеніп, үздіксіз өз тіршілігінің мәнісін іздеуші немесе оны мүлдем 
теріске шығарушы, үздіксіз таңдау ахуалында болатын, тек қана өз ортасының 
стереотиптерінен азат, "традиционалистік байланушылық" пен діни сенімнен ада (бұндай 
адамдар, Ницше үшінде «Аспаны түгесілгендер» санатындағы) жан. Тұлғаны бұлайша 
ұғыну орта ғасырлық христиандықтан емес, Жаңа дәуірдегі Қайта Өрлеуден бастау алады. 
Осы арнада өрілетін белгілі мәдениеттанушы Л.М. Баткиннің концепциясында – тұлғалық 
көркемдіктің толық көрініс табуын байрондық Каин, лермонтовтық Демон, А. Камюдің 
Сизиф, Т. Манның "Доктора Фаустусындағы" Адриан Леверкюннің образдарынан 
қарастырды. Достоевскийдегі князь Мышкин мен Алеша Карамазов секілді персонаждар 
маңызды тұлғалардың аяғының астына шалынып жүретін өте мүсәпір жандар ретінде 
танылады[103].
ХХ ғасырдың «күмәндану дәуірі» деп аталуы тегін емес, тұлғалық бастау көзді жоққа 
шығаратын концепциялар бой көтерді. Оларды антиперсоналдық деп атауға болады. Бұл 
көзқарас тек философияда ғана емес, көркемдік саласында да төбе көрсетті. 
И.П.Смирновша, замана әдебиетінің постмодерндік бұтағы адами болмысты 
құбыжықтандырып, авторлар адамды ешкім бақылауға ала алмайтын «тілек 
машинасына», «механикалық-органикалық монстрға» айналдырып жіберді[104].
Соңғы екі жүз жылдықта белсене түскен тұлғалық бастау көздің тамыр тегі сонау ерте 
дәуірден басталады. Оның түп негізінде тайпалық дәуірдегі жасөспірімді ересектер 
қатарына қосатын жетпек дәстүрі жатыр. Бірақ ол кезде адамның еркіндігі шектеулі еді. 
Біз атап көрсеткен тұлғалық белгі-нышан көп кейін пайда болды. Оған жету үшін 
Еуорпа ұзақ дәуірді бастан кешті. Ал, ежелгі дәуірде (тұлғалық бастау көзді өмірге 
әкелген Сократты және софоклдік Антигонды білсе де) адамды ең бастысы еркін тұлға 
емес, тағдырға басы байланған «тірі зат» деп ұғынды [105]. Орта ғасырдағы Еуропа ақыл-
ойында адам тұлға ретінде христиандық таным-түсінік аясында таныла бастады. Тұлғалық 
бастау көздің бекемденудің жүзеге аса бастауында Қайта Өрлеу мен романтизм дәуірі 
тұрды. Жаңа уақыттағы өнер мен әдебиетте адам өмірі өзінің тұлғалық өлшенімінде 
белсенді игеріле түсті.
Жаңа дәуірдің (әсіресе, XIX-XX ғасырдың) жазушылары мен ақындары кең көлемде 
характер сипатындағы персонажды (сондай-ақ, лирикалық кейіпкерлерді), сонымен бір 
мезетте өздерін тұлға ретінде (А. С. Пушкиннің лирикалық кейіпкерлері де, оның шағын 
трагедиясының біріндегі Моцартында, "Капитан қызындағы" Гриневінде, Л.Н. 
Толстойдың Пьер Безухов пен Левинінде, Ф.М. Достоевскийдің Алеша Карамазовында, 
М.А. Булгаковтың Алексей Турбинінде, Б.Л. Пастернактың доктор Живагосында) жүзеге 
асыра алуын өмірге әкелді. Басқа "персонаждық қатарды" тұлға мәртебесіне құлаш 
ұратын, айқын да, кең мүмкіндікке ие болса да (Онегиннен бастап, Иван Карамазовқа 
дейінгі аралықтағы "артық адамдар" аталымы) өздерін тап сондай деңгейде көрсете 
алмайтын қаһармандар құрайды.
Көрініп тұрғандай, тұлғалық бастау көз романтизмнен бастап, соңғы екі жүз жылдық 
ішінде кең көлемді көркем игеру нысанына айналды. Осы ыңғайда орыс әдеби 
классикасын сөз етуші философтар мен әдебиеттанушылар (Н.А.Бердяев, сонымен бірге, 
С.А.Аскольдов[106], М.М.Бахтин) көбіне Достоевский романдарына назар аударды. 
«Тұлға» сөзінің бойына небір мағынаны жапсырмайық, бірден белгілі болатыны: 
характерді туындату дегеніміз – тұлғалық өлшенім арқылы адам өмірін көркем иемдену 
болып табылады.
"Еліктеу" және "символдандыру", "тип" және "характер" терминдері өнердің 
көркемдіктен тысқары болмыспен байланысының алуан түрлі тұстарын танытады.
Осылардың бірде біреуі әмбебап ғылыми ойға, дәлірек айтсақ, көркем туындының 
танымдық жағының теориялық сипаттамасына бағдар ұстанбаған. Өнертанудағы осы 


31 
жауапты миссияны XX ғ. бастап өз мойнына "тақырып" (тақырыптама//тематика) 
термині алып отыр. Енді осы жаққа ойысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет