Тікелей немесе жанамалы түрлендірулерді операторларын таңдау
кезінде бұл шектеулерге
қосымша бірсыпыра ұсыныстар беріледі. Жанамалы түрлендірулердің барлық артықшылықтарына
қарамастан, оларды тек түрлендіруде қателер болмайтындай жағдайларда қолдану керек.
Қателерді болдырмас үшін жанамалы түрлендірулер келесідей шарттар орындалатын кездерде
ғана ұйымдастырылуы тиіс.
1) алдымен, мысалы,
қысқарту, толып кету немесе таңбаны жоғалту
нәтижелерінде мәлімет
жоғалмайтындай болуы керек.
2) түрлендіру ерекше жағдайды туындатпауы тиіс.
Егер де жанамалы түрлендіру осы
екі шартты қанағаттандырмаса, онда тікелей түрлендіруді
таңдау қажет.