дәуірдің белгілі бір ескерткіші ретінде түсінді. Нәтижесінде әдеби жанрлар,
бағыттар, поэтикалық әдістер мен формаларға деген қызығушылық тӛмендеді.
Мәдени-тарихи мектептің Н.И. Стороженко, Н.П. Дашкевич сынды жекелеген
ӛкілдері бұл ілімнің тарлығын түсініп, одан шығар жол ұсынды. Осылайша
мәдени-тарихи мектеп орыс ұлттық әдебиетінің тарихы, салыстырмалы-тарихи
әдебиеттанудың принциптерін дайындауда үлкен еңбек сіңірді. Мектеп әдеби
даму заңдылығын, оның жалғасымды сиаптын орнатты, мәтіндік қорытынды
тәжірибесін жинады. ХХ ғасырда
мәдени-тарихи мектеп бағыт ретінде тарап
кеткенімен, оның концепцияларының іздерін кӛптеген ғалымдар еңбектерінен
кездестіруге болады. Тіпті 60 жылдарға дейін шетелдік (В. Паррингтон – АҚШ,
М.Пидаль – Испания, «университеттік сын» - Франция) және ресейлік (П.Н.
Сакулин, Н.К. Писканов) ғалымдар жұмыстарынан кӛрніс тапты.
Этнографиядағы
мәдени-тарихи мектеп ХХ ғасырдың басында мәдени
бағыт ретінде пайда болып, мәдениеттің қайта туылуы бір жерде бірнеше рет
болады деген ойды мақұлдады. Оның әртүрлі халықтарда болуы ең бастапқы
орталықтың таратылуынан деп түсіндірген бағыт, оны ғылыми тілде мәдени
миграционизм, диффузионизм деп те атайды.
Мәдени диффузия дегеніміз –
белгілі бір тарихи мәдениеттің қасиеттері мен ерекшеліктерінің басқа
мәдениеттерге таратылуы. Материалды және рухани мәдениет элементтерінің
сол немесе басқа территорияда белгілі бір тұстарының сәйкес келуі «мәдени
шеңбердің» жасақталуына алып келеді. Нәтижесінде мәдениет тарихы
тұйықталған циклдік бірнеше «мәдени шеңберлердің» жапсырмалануы мен
ауысуын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: