формасының басымдылығы; еңбек бӛлінісі мен
қоғамдық келісім немесе
«ынтымақтастық» деп үшке бӛлінген дәстүрін қысқартып, қоғам, мәдениет
дамуын екі негізгі кезеңнен тұрады деп тұжырымдады. Бұл айырмашылықтың
басты ерекшелігі белгілі бір тарихи даму кезеңіндегі қоғам мүшелелерінің
ассоциалануы,
«ынтымақтастық» ӛлшемі болып отыр. Дюркгейм негізгі
фактор ретінде әлеуметтік-мәдени ӛмір кӛрсеткіші
болатын қоғамдағы еңбек
бӛлінісін алады. Дәл осы еңбек бӛлінісінің дәрежесінен сол немесе басқа
қоғамның «ынтымақтастық» ӛлшемі белгілі болады. Ол тарихтың бірініші
кезеңін
«механикалық
ынтымақтастық»
келесісін
«органикалық
ынтымақтастық» деп айдар тақты
(Каган М.С., Перова Ю.В., Прозерский В.В.,
Юровская Э.П. Философия культуры. Стоновление и развитие. – Санкт-Петербург: Лань,
1998. – 122-125 бб.)
.
Қазіргі заманғы мәдениет философиясында мәдениетті зерттеудің
екі
тенденциясы қалыптасқан:
бірінші, ӛзіндік философиялық, яғни әлемдік тарихи
процесс контекстіндегі мәдениеттің макротарихи сипатының анализі,
екінші,
әлеуметтік-философиялық, яғни мәдениет микродинамикасының эмпирикалық
зерттеулері. Оны мәдениеттің философиялық теориясы әлеуметтік жады,
адамдардың жеке және біріккен іс-әрекеттерінің ұйымдастырылған,
алмасу
тәжірибесі ретінде қарастырады.
Мәдениет философиясының
пәндік аймағы мәдениеттанудың ӛзегін құрай
отырып мына проблемалар басын біріктіреді: мәдениет мәні, оның типологиясы,
динамика және сабақтастық, материалдық, рухани мәдениеттердің ӛзара
байланысы және адамдар қатынасының мәдениеті, мәдениет кеңістігі мен
уақыты, мәдениет тілі.
Соңғы кездері әлеуметтанушылар, тарихшылар, тіл мамандары мен тағы да
басқа кӛптеген мамандардың қызығушылықтарын туғызып отырған
мәдениет
тарихы мен
теориясын оқыту
шаралары университеттерде, педагогикалық
және басқа да институттарда кеңінен орын алуда. Ресейлік С.Бабушкин,
Б.Губман, П.Гуревич, Б.Ерасов, С.Иконникова, М.Каган, В.Кутырева,
В.Пивоев, Э.Соколов сынды ғалымдардың оқу құралдарымен В.Добрынин,
Г.Драч, А.Маркова, Е.Попов, П.Радугин сияқты ғалымдардың редакциялық
алқадағы ұжымдық монографиялары кӛптеп жарық кӛрді. Сонымен қатар ірі
шетелдік оқымыстылар мен философтардың кӛптеген мәдениеттанулық
еңбектеріне аудармалар жасалып, осы мәселемен шұғылданушы және
қызығушы барлық қауымға ұсынылды. Біздің отандық ғалым философтар мен
мәдениеттанушыларда ғылым кӛшінен кеш қалып жатқан жоқ. Осы бағыттағы
жекелеген ғылыми еңбектерден басқа мәдени мұра аясындағы «қазақ халқының
философиялық мұрасы» атты жинақпен жиырма томдық үлкен кешелі ғылыми
басылым
жарық
кӛрді.
Онда
кӛптеген
әлеуметтік-мәдени-тарихи-
философиялық мәселелер жеке-жеке томдарға бӛлініп екшеленген.
Философиялық мәдениет – мәдениеттің арнайыланған аймағы,
барлық
субъектілердің мазмұнды және мақсатты әрекеттері: метафизикалық
проблематикалар туралы ойлану; ӛмірдің мәні проблемасына алып келетін
«мәңгілік» сұрақтарға, адам болмысының барынша жалпы және абстракты,
универсалды ұғымына, қоғам мен әлемге деген рефлексия; дүниегекӛзқарастың
теоретикалық негізін жасақтау. Философия кӛптеген ғасырлар бойы дами келе
жоғарғы мәдени құндылықтардың жинағына айналды. Сонымен қатар
философиялық мәдениетте адамның жалпы мәдениетін, оның тұлғалығын,
әлемге, қоғамға және басқа адамдарға деген қатынасын
сипаттайды
(Кононенко
Б.И., Културология в терминах, понятиях, именах. Справочное учебное пособие: М.: «Щит-
М», 1999. – 225 б.)
.
Философиялық мәдениет – бұл ойлау мәдениетінің де кӛрсеткіші болып
табылады.
Ойлау мәдениеті – ӛзіндік дамуға бағытталған жеке дара ойлау
мүмкіндігі және индивид ойында қалыптасқан формалар мен канондардан шыға
алу қабілеті. Танымдық процестерде ойлау мәдениеті интеллектуалды
жетілудің жоғарғы дәрежесі бола алады.
«Ойлау мәдениеті» деп аталатын
жалпы философиялық категория «даналық» категориясына сәйкес келеді.
Ойлау мәдениетінің жоғарғы кӛрсеткіші болып табылатын
сӛйлеу мәдениеті
тілдік құралды түрлі жағдайларда қолдана білу және жеке дара сӛйлеудің
белгілі бір тілге сәйкестігімен анықталады.
Лингвистердің есептеуінше сӛйлеу
мәдениеті дегеніміз айтылған сӛздің анықтығы, нақтылығы, дұрыстығы және
тазалығы, ондағы диалект, ӛте қарапайым сӛздер, белгілі бір кәсіптік терминдер
мен басқа тілдік және жаргон сӛздердің орынсыз қолданылуынан аулақ болу.
Сонымен бірге мәдениетті сӛйлеуге шешендік, логикалық құрылымдық, тіл
байлығы, сӛздік қор, грамматикалық конструкциялардың әртүрлілігі мен
кӛркемдік айшықтық тән.
Сӛйлеу - ойды толығымен жеткізетін қатынас құралы,
кәсіби қару.
Философиялық мәдениет құрылымындағы қатынас мәдениеті негізінде
адамның адамға деген гумандық кӛзқарасы жатыр. Танымал педагог, академик
В.А. Сухомлинский: « ... біздің ӛміріміздің мағынасы – адамдар қатынасының
бақыты. Бақыт адамдардан алыстау емес, біздің ең жоғарғы қажеттілігіміз ...
адамға деген қажеттілік болсын» - деп жазды.
Қатынас мәдениетінің
философиялық мәні ізгіліктің алтын ережесінде екені хаһ. Оның атрибуттарына
тоқтала кетсек: ізеттік, құрмет, әдептілік, ескертпелік, міндеттілік және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: