Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

деңгейі оның әлеуметтенуінен - мәдени мұраға араласуынан, сонымен қатар 
жеке-дара қажеттіліктерінің даму дәрежесінен кӛрінеді. Тұлғаның мәдениеті 
әдетте дамыған шығармашылық қабілеттерімен, эрудициясымен, ӛнер 
туындысын түсінуімен, ана тілі мен шет тілін жетік меңгеруімен, 
ұқыптылықпен, сыпайылықпен, жоғары ӛнегелілікпен ұштастырылады. 
Әлеуметтендіру процесі барысында құндылықтар, мұраттар, нормалар мен 
мінез-құлық үлгілері тұлғаның сана-сезімінің бӛлшегіне айналады. Олар 
адамдардың мінез-құлықтарын реттейді және қалыптастырады. Мәдениет адам 
әрекет жасай алатын шеңберді анықтайды деуге болады. Мәдениет адамның 
отбасындағы, мектептегі, ӛндірістегі, күнделікті тіршіліктегі мінез-құлқын 
реттейді, ӛйткені ол тыйым салу мен ережелер жүйесін қамтиды.  
Тұлға мәдениеті – бұл адам игерген материалдық және рухани 
құндылықтар ӛлшемі және ӛзінің жеке тәжірибесіндегі түрлі құндылықтарды 
жасауға бағытталған іс-әрекеттер ӛлшемі. Әлеуметтік ӛзара іс-қимылдар мен 
қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын 
зерделегенде оның кӛріністерін мынадай деңгейлерге бӛлу қалыптасқан:
табиғи деңгей - адамның ӛзінде бар және оған басқа адамдардың 
ықпалынсыз дамитын деңгей; 
биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда 
адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес; 
мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік қорының негізінде тіршілік 
етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік 
емес); 
әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен 
ӛзара 
іс-қимылы 
барысындағы 
деңгей
(Әлеуметтану. 
–1т. 
Қазақстан 
әлеуметтанушыларының қауымдастығы, - Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 275 б.). 
Австриялық врач-психиатр және психолог, ғылымдағы психоанализбен 
психоаналитиканың негізін салушы Зигмунд Фрейд тұлға психикасындағы 
патологиялық процестердің себептерін зерттеп, психофизикалық параллелизм, 
яғни материалдық процестерге қарма-қарсы тіршілік ететін, санадан мүлдем 
бӛлек, мәңгілік психикалық күшке ие, ерекше басқарылатын ӛзіндік бір дүние, 
демек санасыздық деген пікір білдірді. Фрейд мұны «либидо» деп атады. 
Либидо латынның құштарлық, тілек, ынтызарлық сӛздерінің мағынасын 
беретін ұғым. Оны философиялық, психологиялық және психоанализдік 
ғылыми айналысқа енгізген австралиялық ғалым психолог, психотерапевт – 
З.Фрейд. Фрейд және оның ізбасарлары дамытқан фрейдизм ӛкілдері либидоны 
жыныстық қатынасқа деген құшатырлық, нәпсіні, махаббат түйсігін қоздыру, 
психикалық қажыр-қайратты білдіретін ұғым ретінде қолданған. Әдепкіде 
Фрейд оны тек қажыр-қайрат, күш-жігер деп қарастырды, кейіннен адам 
бойындағы бұл қажырлық пен жігерліктің тек жүйке ауруы себептерінен ғана 
емес, сонымен бірге, қалыпты адамның интимдік, психикалық-секстік 
қатынастарынан кӛрніс алатынын байқап, оны ғылыми және суреткерлік 
қызыметін түсіндіруде сублимациялық теория ретінде пайдаланды. Фрейд 
либидосы Платонның Эросымен теңесті және сүйіспеншілікке қатысты барлық 


дүние либидоға баланды: жыныстық сүйіспеншілік, ӛзіне деген сүйіспеншілік, 
отанға деген сүйіспеншілік, ата-анаға деген сүйіспеншілік және т.б.). Либидо 
теориясын Эрос (ӛмір) және Танатосқа (ӛлім) деген құштарлық психикалық-
анализдік ілімге айналдырды. К.Г.Юнг бұл ұғымды одан да тереңдетіп, оның 
мәнін биологияландырды.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып 
табылады. Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және 
шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады. Психология тұлғаны 
психикалық 
процестердің, 
қасиеттердің 
және 
қарым-қатынастардың: 
темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты 
тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану кӛзқарасы тұлғаның әлеуметтік-
типтік белгісін бӛліп қарайды. Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаны 
құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке 
адамның әр алуан қызметі барысында, ӛзі кіретін қауымдастықтар мен 
бірлестіктердің ықпалымен қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті 
және субъективті қасиеттерінің жиынтығын қамтиды. Тұлға құрылымы:
1) ӛмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-
тұрмыстық сияқты қызметтерде кӛрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру 
тәсілі; 
2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның 
органикалық бӛлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық 
қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық 
тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен 
айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ 
та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, ӛмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның 
мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады; 
3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан 
тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып 
кӛрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері; 
4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани 
жан дүниесі;
5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер - 
адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер. 
Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының ӛзегін құрайтын объективті 
қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет