Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ӛзін тексеру сұрақтары 
1. «Этнос» ұғымының этимологиялық мән-мағынасы? 
2. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ғылыми этнологиялық салалар. 
3. Этномәдениет тірегін құрайтын бес шартты атаңыз? 
4. Этноцентризм мен ұлтшылдықтың қандай айырмашылықтары бар?
5. «Мәдениет», «Дәстүрлі мәдениет» ұғымдарын философиялық контексте 
қарастырыңыз?
 
Ә) Мәдениет және құндылық 
Адам ӛзінің ӛмір сүріп отырған ортасын, дәлірек айтқанда қоғамды 
ӛзгертіп, дамыта алады. Оған оның қабілет-қарымы жетеді. Адамдардың жан-
жануарлардан басты айырмашылығының ӛзі осында, ол айналадағы ортаны 
танып біледі, жоғары сана-сезімі арқылы алдына мақсат қояды, соған жетуге 
ұмтылады. Міне, бұл дегеніңіз адамның мұратына жетуге ұмтылады деген сӛз. 
Адам санасының тану мүмкіндігі қаншалықты шексіз болса, адам 
дүниетанымының мүмкіндігі де соншалықты шексіз. Әр ұрпақтың ӛмір сүру 
салты әр басқа. Сондықтанда әр кезеңнің, әр қоғамның, әр дәуірдің ӛзіндік 
дағдарысы, ӛзіндік күрделі мәселелері, ойлаған ойлары, жеткен жетістіктері, 
құндылықтары бар. Сонау Сократ кезінде де халықтың азғындап, қоғамның 
дағдарысқа ұшырау мәселесі кӛтерілген. Ол кезден бері қаншама ғасыр, дәуір 
ӛтті. Демек, проблема ешқашан толығымен шешілмейді, тіпті ӛмірдің ӛзі 
проблемаларды шешумен, оны пайда болғызудан тұрады. Ӛткір, ушығып бара 
жатқан проблеманы жеңілдету немесе шешу тек құндылықтардың арқасында 
ғана жүзеге асырылады. Құндылық қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа, 
қоғамның рухани құлдырауы шағында құтқарушы ретінде қолданылады, керек 


етіледі. Қоғамдағы жан-жақты қауіп асқынған кезде ортақ құндылықтарды 
дәріптейтін, нормативті-құндылық жүйесін қамтитын ғылыми қоғамдастықтар 
мен ғылыми ұйымдар арнайы айналыса бастады. Себебі ғылым қоғамда пайда 
болады, тіршілік етеді және дамиды. Бүгінгі күні бой кӛтеріп отырған 
құндылықты дәріптейтін қоғамдастықтар санының артуы, дағдарыстар 
шиеленісуінің басты белгісі болып табылады.
Мәдениет пен ӛркениет ӛзін-ӛзі анықтау, ӛзін-ӛзі таныту бағытында 
экзистенциялық тәжірибе, жан-жақты құрылым, ең бастысы адамзаттық 
құндылықты бойына жинады. Құндылық негізінде адамның әлемге деген ашық 
кӛзқарасымен табиғатқа деген қайрымды қатынасы жатыр. Олай болса, 
материалды және рухани құндылықтар - адам дамуының мәдени жетістігі, 
ӛркениеттің мазмұны. Таратып айтқанда, транцформация, яғни қатынас, 
дағдарыс, мақсат пен құндылық, дүниетаным, ӛзіңді және ӛзгені, ӛнерді, 
ғылымды, дінді және руханилықты тану және осы аталғандардың барлығының 
түйіні болып табылатын сана мәселесі. Дұрысы, осы институционалды жүйенің 
қалай трансформацияланғанына мән беру. Себебі, бүгінгі дамудың негізгі 
іргетасы, ӛткеннің кӛш алды жаңалықтары, ӛркениеттің басты ӛлшемі болып 
табылатын құндылық адамзат дамуын байланыстырушы, сабақтаушы, 
жалғастырушы механизм ретінде дәріптеледі.
Құндылықтар - тілі, тұрмыс-тіршілігі мен салты бір, тағдырлас 
халықтардың 
бірінен-екіншісіне 
ауысып, 
мәдени 
құндылықтардың 
трансформациялануы арқылы халық дәстүрін толықтырып отырады. Құндылық 
теориясы ӛркениеттік құндылықтардың қалыптасуы мен даму бағдарларының 
алғышарты ретінде кӛрініс алды. Демек, адамзаттық құндылықтардың 
басымдылығын мойындау дегеніміз әлемнің тұтқасы жеке адам деп есептеумен 
тең. Ӛркениеттік құндылықтар адамдық мәдени игіліктер арқылы қордаланып 
дәстүршілдік пен жаңашылдықтың кезектес процесінде сабақтаса отырып 
белгілі бір тұтастықты құрайды. 
Құндылық адам ӛлшеміндегі мәдениетті кӛрсетеді, әрі тіршілік ету мен 
адамдық болмыс қалпының негізін құрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу 
кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды 
адамдық нормалар мен құқықты ӛзіне бағындыра отырып ыңғайлы деңгейге ие 
болады. Мәдениет пен ӛркениет материалды және рухани құндылықтар 
жүйесінде құрылады. Құндылық астарынан адаммен адамзат үшін оның 
жағымды да жағымсыз жақтары кӛрінетін материалды немесе рухани 
шындықтың анықтамасын байқауға болады. Тек адам мен қоғам үшін заттар 
мен құбылыстар, дәстүр, дін, ӛнер, жалпы алғанда мәдениеттің сәулелері 
ерекше мәнге ие.
Ш.Л. Монтеське үшін құндылық дегеніміз сұлулыққа масаттанып рухтану. 
Бізді тыныштық, күн батуының арайы, айлы түндегі жалғыздық немесе күн 
сәулесіне тояттанған жапырақ рухтандырады. Осылардың барлығы ең жоғарғы, 
әрі құрметті нәрсе ретінде осылайша қабылданады және санада таралады. 
Болмаса, шынайы айғақтар, оқиғалар, қасиеттер тек қабылданып ғана қоймай, 
біз арқылы танылады, әрі біздің бойымыздан сезімдердің қатысуымен табыну, 


махаббат немесе керісінше, жек кӛру, қарғыс айту сезімдерімен бағаланады. 
Осы аталған барлық қанағаттандыратын немесе қанағаттандырмайтын 
мүмкіндіктер талғам деп аталатын мынандай сезімдерді құрайды. Олар: 
жақсылық, жағымдылық, кереметтік, нәзіктік, қайрымдылық, құдіреттілік, 
жоғарылық, құпиялық, қасиеттілік т.с.с. Мысалы біз, ӛзімізге пайдалы затты 
кӛргенде қанағаттану сезіміне ие болып, оны жақсы деп есептейміз, ал егер ол 
зат тікелей пайдалығынан айрылып, бізге тек қанағаттану сезімін берсе, біз оны 
керемет деп есептейміз. Демек, құндылық деп субъективті-обьективті 
шындықты айтуға болады, яғни әркім ӛз талғамының обьективтілігімен 
басымдылығын алға тарта отырып түрлі талас-тартыстарды тудырады. Ал 
мұндай келіспеушілік «талғаммен таласуға болмайды» - деген қанатты сӛзден 
ӛз тӛрелігін табады.
Неміс философиясының кӛш бастаушысы И. Кант: «әркім ӛзін ләззатқа 
бӛлеген нәрсені - жағымды, тек ұнаған нәрсесін – керемет деп бағалап, 
мақұлдаған нәрсесін - жақсы деп атайды, яғни осының барлығы адамның 
объективті құндылықты қарастыруы» - деп есептейді. Адамның жан тазалығын 
аңсаған, адамның адам атын кіршіксіз сақтауына ӛз ӛмірін сарп еткен ғұлама, 
ұстаз Махатма Ганди түсінігінше, адамзаттың жоғары құндылықтарының діни 
моральдық негізіне Борыш, Махаббат және Әділеттілік жатады. Жалпы 
адамдар ӛмірден үйренгендерінің 83 пайызын кӛру, 11 пайызын есту, 3,5 
пайызын иіскеп байқау, 1,5 пайызын ұстап кӛру, ал 1 пайызын дәмін тату 
арқылы жүзеге асырады екен. Егер құндылық жүйесінің негізін құрайтын 
басты элементтер адам, мәдениет, қоғам дейтін болсақ, аталмыш 
құндылықтардың сапасымен ӛзара қарым-қатынастары ӛркениеттің деңгейін 
анықтайды. Әрбір құндылық сапасы оны құрайтын түрлі ұсақ элементтердің 
сапалығынан туындайды. Құндылықтар - бұл әлемдік байланыстардың дамуын 
қамтамасыз ететін әмбебапты сипатқа ие. Осы әмбебаптық құндылықтардың 
жетіспеушілігіне байланысты ӛркениет құлдырай бастайды. Мәдениеттің 
құндылықтық-танымдық жүйесі осы немесе басқа қоғамдық заттардың 
қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру 
құбылыстарын қамтиды. Құндылықтар ӛзінің қажеттіліктерін әлеуметтік 
субъект деп ұғыну нәтижесінде, олардың қоршаған әлем заттарымен ара 
қатынасында қалыптасады. Мәдениеттің синтетикалық нысаны ырым, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр сияқты мінез-құлық үлгілері болып табылады.
Адамзат ерте кезден бастап-ақ жәй сӛздерден құны бар асыл сӛздерді 
ажырата білген, мұндай сӛздердің авторларын «ғұлама», «данышпан» атап 
қанатты сӛздерді тұрмыста кәдеге жаратуға тырысқан. Сӛз салмағын саралай 
алатын данышпандардың аты тарихта қалып, олардың ізгілікке толы нақыл 
сӛздері қараға да, патшаға да ӛсиет ретінде қызмет еткен. Кез-келген ұлттың 
ӛзіндік бітім-болмысына орай, тӛл данышпандары және олар айтқан нақыл 
сӛздері, жинақтары бар. Тарихи кезеңдерге сүйенер болсақ, алғашқы ғылым 
болып негізі қаланған «философия» да «даналықты сүю», «даналыққа 
құштарлық» сӛзінің мағынасын береді. Демек, дана сӛздерді тек данышпандар 
ғана айтады, олай болса дана сӛздер тек жақсылыққа негізделген игі ойлар 


болуға тиіс. Екшеленген ерекше мағыналы, мәнді және маңызды сӛздер ғана еш 
ұмытылмастан, ӛз құнын жоймастан ұзақ ӛмір сүре алады. Анығырақ айтқанда, 
ғылым тек даналыққа, ізгілікке негізделген, адамзатты жақсылыққа жетелер 
таза, саф болуы тиіс. Дана ойлар әлемі ӛзіндік бір құпияға, сырға толы, 
сондықтанда оны үнемі жадыда жаңғыртып, жылдар ӛткен сайын тереңдей 
берер мағынасын жаңа заманмен ұштастыра зерделеген абзал.
«Философия» сӛзі де, философияның ӛзі де ерте гректердің, яғни 
эллиндіктердің арқасында әлемге танымал екені мәлім. Сол ойшылдар 
арасында «Жеті данышпан» атымен тарихта қалған, грек философиясы 
тарихының бастамасы болған тамаша бір аңыз бар. Аңыз тӛркіні Дельф 
қаласындағы Аполлон құдайының храмында кездесіп, бір-бірмен танысып, 
даналық ойларымен алмасу үшін жиналған ең ақылды жеті эллиндіктер 
туралы. Тарихта «жеті данышпан» деп кӛбіне Фалес, Солон, Биант, Питтак, 
Клеобул, Хилон, Периандр есімдерін атайды, кейбір мәліметтер бойынша олар 
жиырмадай адам болған. Сол кезеңде ӛзі қысқа, сӛзі аз, бірақ мағынасы терең 
нақыл сӛздің формасын – «гном» деп атаған. Аталған ертегректік данышпандар 
бас қосып, қарапайым тұрмыс, күнделікті күйбің тіршілік туралы қысқа 
сентенция және афоризмдер берген. Солон: «ештеңе артық емес», «құпияны 
анықтық арқылы шеш»; Фалес: «сыртыңнан сұлу болма, ісіңмен әдемі бол»; 
Биант: «күшпен емес сеніммен ал»; Питтак: «жақыныңдағы сен ұнатпайтын 
істі, ӛзіңде істеме»; Клеобул: «кӛп сӛйлеуші емес, кӛп тыңдаушы бол» және т.б. 
Аңыз бойынша данышпандар кӛптеген нақыл, дана сӛздер ішінен «Ӛзіңді ӛзің 
біл» және «ештеңе артық емес» гномдарын таңдап, Дельфтегі храмның 
қабырғасына Апполон құдайына арнайылап жаздыртыпты. 
Аталынған гномдардың ешқандай теоретикалық мәні, ғылыми негіздемесі 
жоқ, жәй тұрмыстық ережелер мен игіліктер туралы пікірлер. Мәселен 
Солонның «құпияны анықтық арқылы шеш» гномына талдама жасасақ: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет