Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

«құпия» және «анық» сӛздерін белгілі бір мағынада антонимдер деп қабылдауға 
болады. Демек, ақ түссіз қара түсті анықтай алмайтындығымыз сияқты анық 
мәліметтерсіз құпияны ашуда мүмкін емес. Егер құпияны ӛз бетінше 
жорамалдамай немесе болған жағдайға және сол жағдайға қатысты адамдардың 
мінез-құлқы, келбеті, жүріс-тұрысы, тіпті тұрмыс жағдайына орайластыра 
мәселені мүлдем шиеленістіріп жібермей, нағыз ақиқат фактілерге сүйене 
отырып логикалық жүйемен шешуге тырыссақ, құпияның негізін ашуға әбден 
болады. Егер аталған теріс әрі оңай жолдардың бірімен ашуға тырыссақ, ол 
белгілі тұлғаның намысына тиуі мүмкін, кейде тіпті іс насырға шауып мәселе 
ӛте күрделеніп жағдайды асқындырып алу да ғажап емес. Осындай 
мүмкіндіктер арқасында түймедей мәселе түйедейге айналып, қоғамдағы түрлі 
деңгейлі іріткілер мен келіспеушілікті туғызады. Мұндай мәселелер адамға, 
қоғамға, мемлекетке, ұлтаралық достыққа, тілге, дінге, тәрбиеге, белгілі бір 
топқа және т.б. арналуы мүмкіндігін ескерген жӛн. Құпияның ӛзі бүркелген 
анық жағдайлардан тұрады, адамның мақсаты сол бүркемелерді ашып, құпияны 
дәл мағынасында шешу.


Бианттың «күшпен емес сеніммен ал» гномы сенімнің күштен жоғары 
екенін дәлелдейді. Бианттың бұл гномы қазақтың «білекті бірді, білімді мыңды 
жығар» мақалымен мағыналас. Күш – белгілі уақыттың ғана тӛрешісі, ол 
мәңгілік емес, сондықтанда «күшпен алу» тұрақтылықтың айғағы бола 
алмайды. Күш одан да күштірек табылса, ӛзінің құндылығын жоғалтады, әдепкі 
орнын берік сақтай алмайды, сонымен қатар «күш кӛрсету» кӛбіне 
әділетсіздікті орнатады. Күш пен ақыл әрдайым бірге болып, үйлесе бермейді. 
Күштің мақсаты жеңу, ал жеңіске жету жеңілістің нәтижесі. Бұл турасында 
Хазіреті Омардың (р.а.) «ашуланбайтын күшті, әлсіздігін білдірмейтін 
кішіпейіл бол» даналығымен қорытуға болады. Сенімтұрақтылықтың
беріктіктің, имандылықтың, сүйіспеншіліктің, ақылдың, қайрымдылықтың 
феномені. Біреуге «сенім арту» арқылы ол адамның жауапкершілігін, 
ұқыптылығын, адалдығын арттыруға болады. Демек «сенім», адамдар 
арасындағы достық, махаббат сынды асыл қасиеттерді, құндылықтарды орната 
алады, қоғамда мәдени контекс ретінде қызмет атқарады және халықтық 
құндылықтарды транцформациялау үрдісінде ұрпақтар арасын сабақтастыра 
алады.
Ерте грек мәдениетінің, мифологиясының ықпалы бүкіл батыс еуропаның 
құрылымына негізделді. Кӛне грек мифологиясындағы теизм адам баласының 
еркіндігі мен бостандығына кедергі келтірді. Сондықтан да грек ойшылдары, 
әсіресе грек классиктері шығыстық ілімді үйреніп, оны ӛз құдайларына қарсы 
күресте қолданды. Кейіннен бұл жүйе христиандық философияға да ӛзінің 
үлкен ықпалын тигізді, жаңа философияның ӛмірге келуіне түрткі болды. 
Батыстың ақыл мен иманды, дін мен ғылымды бір-біріне қайшы қоюы үлкен 
қателік болды. Шығыстық ілімді меңгергендер мұны жақсы түсінді және оны ӛз 
іштерінде қорытуға тырысты.
Шығыс философиясы шығыс поэзиясымен, дінмен, яғни мұсылмандықпен 
ӛте тығыз байланысты. Шығыстың әрбір ақыны қол тигізген кез-келген 
«рубаят», «бейт», «газель», «касыда», «кыта», «маснави» белгілі бір 
философиялық ойға, мәселеге толы. Рудаки, Фирдоуси, Ибн-Сина, Саади, 
Хафиз, Джами және т.б. сынды ақындардың еңбектері Еуропаға жақсы 
танымал. Себебі олар тек ӛлең жазумен ғана емес, сонымен бірге математика, 
медицина, астрономиямен де шұғылданған. Рудакидің 130 мыңнан астам екі 
қатарлы ӛлеңдері, яғни бейттері бар, ӛкінішке орай, олардың бізге мың бейті 
ғана мәлім. Оның «Камила және Димани» атты поэмасының ӛзі 12 мың бейттен 
тұрады. Рудакидің шығарма кӛлемінің қомақты екенін дәлелдеу үшін мынандай 
мысалдар келтіруге болады. Мәселен атақты Гомердің «Илиадасы» 18 мың, 
«Одесеясы» 12 мың қатар, Дантенің «Божественная комедия» еңбегі 15 мың 
қатар болса, Пушкиннің «Евгений Онегині» бес мың қатар. Отыз жыл бойы 
атақты «Шах-намені» жазған Фердоуси поэмасы 60 мың бейттен, яғни 120 мың 
қатардан тұрады, бізге жеткені жүз мың ӛлең қатары, яғни поэманың негізгі 
мәтіні, түпнұсқалық идеясы сақталған деп айтуға толық негіз бар 
(Ажигалиева К. 
Поэты Востока. – А.: 2000. – 35 с.)
Шығыс жұлдыздарының бірі Фирдоусидің «мәдениеті мен ӛркениеті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет