181
5-тарау
•
Георг Зиммель
ның басқа түрлерін ескермей, тек формалды әлеуметтану, өзара әрекет ету фор-
маларына тоқталатын болсақ қана шынайы болмақ. Дегенмен Зиммельдің фор-
малды әлеуметтануды қарастырудағы тәсілін қорғаудың бірнеше жолы бар.
Біріншіден, ол
шынайылыққа жақын, оны Зиммель қолданатын көптеген шы-
найы мысалдардан байқауға болады. Екіншіден, ол әлеуметтік өмірді негізсіз,
қатаң категориялармен шектемейді, оның орнына формалардың қоғам өмірінен
туындауына мүмкіндік береді. Зиммель үшін форма үнемі өмірдің шығарма-
шылық процестерімен тығыз байланыста болатынын ескеру қажет.
Негізгі мақ-
сат – қоғамдық өмірге тәртіпті зорлап міндеттеу емес, адамдардың әлеуметтік
формалар арқылы өз өмірін қалай ұйымдастырып, қалай қайта үйлестіретінін
көрсету. Зиммельдің формаларды сипаттауын қатып қалған бейнелер жиын-
тығы ретінде емес, өмір мен форма арасындағы шиеленісті жандандырушы құ-
рал ретінде қарастыру қажет. Үшіншіден, Зиммель
әлеуметтік әлемнің барша
аспектілері мәжбүрлеген теориялық сызбанұсқаны қолданбайды. Осылайша
ол Толкотт Парсонс секілді теорияшыны шектейтін теориялық сызбанұсқадан
бойын аулақ ұстады. Формалды әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың көп сала-
сына тән нашар концептуализацияланған эмпиризмге қарсы шығады. Әрине,
Зиммель эмпирикалық мәліметтерді пайдаланған, бірақ олар тек әлеуметтік
шындық әлеміне белгілі бір тәртіп белгілеу үшін ғана қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: