Алеуметтану тероиясы indb


II бөлім • Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер Стратификациялық дифференциация



Pdf көрінісі
бет223/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

284
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Стратификациялық дифференциация. Стратификациялық дифферен-
циа ция – бұл дәреже мен мәртебеге сай тігінен болатын жіктелу. Мұндай 
диф ференциация иерархиялық. Әрбір дәреже жүйеде нақты және түрлі 
функция ларды орындайды. Автокөлік фирмасында біз түрлі қатарларды та-
бамыз. Халық-аралық қатынастардың жаңа бөлімінің менеджері бұл бөлім-
нің иерар хиясында бірінші орынды иеленеді. Менеджер бұл бөлімді басқару 
операциялары үшін өкілеттігін қолдану функциясын иеленеді. Бірқатар қыз-
меткерлер бөлімде төменгі дә режедегі түрлі қызметтерді атқарады (мысалы, 
мәтіндерді өңдеу).
Орталық перифериялық дифференциация. Дифференциацияның үшінші 
типі – орталық перифериялық дифференциация сегменттік және стратифи ка-
циялық дифференциация аралығындағы байланыстырушы түйін. Ол шал ғай-
дағы және орталықтағы элементтер арасындағы қатынастарды үйлестіретін 
жүйе ішіндегі компоненттерге жатады. Мысалы, кейбір автокөлік фирмалары 
басқа елдерде зауыттар салды; соған қарамастан, компанияның штаб-пәтері 
шалғай зауыттарды белгілі бір деңгейде басқаратын орталық болып қала береді.
Функционалды жүйелердің дифференциациясы. Функционалды диф-
ферен циация – бұл дифференциацияның ең күрделі түрі және қазіргі қоғам-
да үстемдік етуші формасы. Жүйе ішіндегі әрбір қызмет белгілі бір бірлік ке 
тиесілі. Мысалы, автокөлік өндіруші өндіріс, әкімшілік, есеп, жоспар лау және 
қызметкер сияқты функционалды дифференциацияланған бөлімдер ден тұра-
ды. Функционалды дифференциация стратификациялық дифферен циацияға 
қарағанда анағұрлым икемді, бірақ егер де бір жүйе өзінің міндетін дұрыс ат-
қармаса, барлық жүйе қиындыққа ұшырайды. Алайда әрбір блок өзінің функ-
циясын орындаған жағдайда, түрлі бірліктер жоғары деңгейдегі тәуелсіздікке 
қол жеткізе алады. Шын мәнінде, функционалдық тұрғыдан диф ференциа-
цияланған жүйелер өзара тәуелділіктің және тәуелсіздіктің күрделі араласуын 
көрсетеді. Мысалы, жоспарлау бөлімшесі экономикалық мәлімет терді есептеу 
бөлімшесіне тәуелді болғанымен, егер берілген мәліметтер дәл болса, жоспар-
лау бөлімшесі бухгалтерлердің берілгендерді қалай дайын дағанынан хабарсыз 
болуы да мүмкін.
Бұл әрі қарай дифференциацияның түрлі формаларының арасындағы айыр-
машылықтарды көрсетеді. Сегменттік дифференциация жағдайында, егер де 
сегмент (буын) өзінің қызметін орындамаған жағдайда (мысалы, автокөлік өн-
діруші фабриканың біреуі ереуілге байланысты автокөлікті жасай алмаса), бұл 
жүйеге қауіп тудырмайды.
Алайда дифференциацияның анағұрлым күрделі түрлерінде, мысалы функ-
ционалды дифференциация жағдайында, бас тарту әлеуметтік жүйе үшін қиын-
дық тудырып, оның күйреуіне алып келуі мүмкін. Бір жағынан, күрделіліктің 
өсуі жүйенің өз ортасына ықпал ету деңгейін көтереді. Басқа жағынан алып 
қарағанда, егерде функция дұрыс орындалмаған жағдайда, күрделілік жүйенің 
істен шығу қаупін күшейтеді. Көп жағдайларда мұндай тұралаған әлсіздік – түр-
лі жүйелік бөліктер арасындағы ықтимал қатынастарды өтеудің өзіне лайықты 
көрінісі. Кіші жүйелер арасында ықтимал қарым-қатынастардың көп түрлерінің 
болуы қоршаған ортадағы өзгерістерге құрылымдық жауаптарды таңдау үшін 
қолданылатын нұсқалардың көптігін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет