289
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
бейнесі ретінде өте анық емес.
Екіншіден, бұған дейін айтылғандай, конфликт
теориясының марксистік теориядан гөрі құрылымдық функционализммен ұқ-
сас жақтары көбірек. Дарендорфтың жүйе (императивті үйлестірілген ассоциа-
циялар), лауазым және рөл сияқты нәрселерге көңіл аударуы оны құры лымдық
функционализммен тікелей байланыстырады. Нәтижесінде, оның теориясы құ-
рылымдық функционализм сияқты көптеген кемшіліктерден зардап шекті. Мы-
салы, конфликт заңды жүйелерде ұқсас түрде (құрылымдық функционализмде-
гі сияқты) қалыптасады. Бұдан басқа конфликт теориясы құрылымдық функ-
ционализм сияқты көптеген концептуалды және логикалық қайшылықтардан
(мысалы, анық емес ұғымдардан, тавтологиядан) ақсап жатты (J. Turner, 1975,
1982). Ақырында, құрылымдық
функционализмге ұқсас конфликт теориясы да
толық дерлік макроскопиялық сипатта болғандықтан, біздің түсінуімізге ла-
йықты жеке ойлау мен іс-әрекетті ұсынуы тіпті мүмкін емес.
Функционализм мен Дарендорфтың конфликт теориясы тұрақты емес, сон-
дықтан да олардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің тек қана жекелей
бөліктерін
түсіндіру үшін пайдалы. Әлеуметтану тәртіпті, сондай-ақ конфликті, құры лым-
ды және өзгерісті анықтап түсіндіре алатындай әмбебап ілім болуы тиіс. Демек,
конфликті және функционалдық теорияларды келісімге келтіру үшін біраз күш
салу қажет деген сөз. Алайда олардың ешқайсысы толық қана ғаттанарлық күйде
болған жоқ. Бұл әрекеттер әлеуметтанушыларды ішінара қандай да бір бітімге
келуге үндейтін, яғни консенсустың мәні мен келісімге келе алмаушылықтың
себептерін түсіндіретіндей теория қажеттігін күн тәр тібіне қойды. Конфликт
және құрылымдық-функционалдық теориялар, сонымен бірге олардың әрқай-
сысына тән шектеулер сынға ұшырағандықтан, ақыры бұл екі теорияны инте-
грациялап немесе келісімге келу арқылы мәселелерді шешу үшін көп күш жұм-
сауға тура келді (K.Bailey, 1997; Chapin, 1994; Himes, 1966; vanden Berghe, 1963).
Екі теорияның бірігуі біреуіне қарағанда екіншісінің күшеюінен болады деп
болжанды. Сондай болжамның бірін Льюис Козер өзінің (1956)
The Functions
of Social Conflict («Әлеуметтік конфликт функциялары») атты әйгілі еңбегінде
ұсынды (1956).
Әлеуметтік конфликтілердің функцияларын алғаш талдаған Георг Зиммель
болатын, оны конфликт аз құрылымдалған топты бекітуге көмектеседі деген пі-
кір арқылы Козер (Delaney, 2005a, Jaworski, 1991) әрі қарай жалғастырды. Күй-
реуге ұшыраған қоғамның басқа қоғамдармен конфликтіге килігуі интегратив-
тік ядроны қалпына келтіруі мүмкін. Таяу Шығыстағы Араб елдерімен арадағы
бұрыннан келе жатқан конфликтіге ішінара болса да Израиль еврейлері кінәлі.
Конфликтінің жойылуы Израиль қоғамындағы негізгі шие леністерді күшейтуі
ықтимал. Конфликт – қоғамды орнықтыру агенті, жоқ жерден жау табу немесе
енжар қарсыласқа антагонизмді қарсы қою сияқты әрекеттер насихатшыларға
бұрыннан мәлім.
Бір топпен конфликт ынтымақтастықты дамытып, басқа топтармен альянс-
тар сериясын қалыптастырады. Мысалы, арабтармен конфликт Құрама Штат-
тар мен Израиль арасында одақтың қалыптасуына алып келді. Израиль-Араб
конфликтісінің бәсеңдеуі Израиль мен Құрама Штаттар арасындағы байланыс-
тың әлсіреуіне алып келеді. Қоғам ішіндегі конфликт жеке адамдардың белсен-
ділігін дамытады. Вьетнам соғысына қарсылық көптеген жас адамдардың, бірін-
ші рет Американың саяси өміріне белсенді түрде араласуына зор ықпал етті. Бұл
конфликт аяқталған соң, америкалық жастар арасында енжар көңіл күй қайта
қалыптаса бастады.
290
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Сонымен қатар конфликтілер байланыс қызметін де атқарады. Конфликті-
ге дейін топтар өзінің қарсыласының мүмкіндігіне сенімді болмауы мүмкін, бі-
рақ конфликт нәтижесінде мүмкіндіктер мен топтар арасындағы шекара айқын
бола бастайды. Осылайша, адамдар өзінің қарсыласына қатысты дұрыс іс-әре-
кет бағытын таңдай алады. Конфликт, сондай-ақ қарсылас тараптардың күшті
жақтарын білуге және бейбіт, қатар өмір сүру немесе жақындасу ықтималдығын
күшейтеді. Теориялық перспективада
функционализм мен конфликт теориясы
әлеуметтік конфликт функциясын бірге қарастыруы мүмкін. Сонымен бірге
конфликтінің дисфункциялы екенін де ұмытпаған жөн.
Бірқатар теорияшылар конфликт теориясы мен құрылымдық функ
цио-
нализмді жақындастыруға тырысса, басқалары конфликт теориясына (немесе
құрылымдық функционализмге) қатысуға ынта танытпады Мысалы, марксист
Андре Гундер Фрэнк ([1966], 1974) конфликт теориясын қабылдамай, оны
марксистік теорияның адекватты емес түрі деп бағалады. Конфликт теориясын-
да бірқатар марксистік элементтер бар болғанмен, бәрібір Маркстің алғашқы
теориясының ақиқат мұрагері бола алмайды. Келесі тарауда біз заңды мұрагер
бола алатын бірқатар теорияны қарастырамыз. Алайда біз оны талдамас бұрын,
конфликт теориясының неғұрлым тиімді интегративті типтерін іздестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: