686
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Сартрдың жұмысына талдау жасаған Гила Хайим (1980) Сартрдың әуелгі
және кейінгі еңбектерінің өзара сабақтастығын айқындайды. 1943 жылы жа-
рияланған
Being and Nothingness («Болмыс және бейболмыс») еңбегінде Сартр
«еркін адамға» көбірек назар аударып, «шындық белгілі бір адамдардың іс-
әрекетімен айқындалады» деген пікірді алға тартады (Hayim, 1980:3). Сонымен
қатар Сартр структуралистік көзқарасты ұстанған, яғни, оның пайымдауынша,
«объективті құрылымдар толығымен детерминистік мінез-құлықпен» айқын-
далады (Hayim, 1980:5). Жалпы алғанда, Сартр мен экзистенциалистер актор-
лардың қазіргі шекарасынан асып, болашаққа қарай ұмтылуға мүмкіндіктері
бар деп есептейді. Сартр үшін адамдар – толық еркін. Олар өздерінің барлық
ісін тек өз қалауымен істейді. Сондықтан әрбір ісі үшін жауапкершілікті өз-
дері алуы қажет. Бір жағынан, бостандықтың жауапкершілікпен байланысы
адамдарда белгілі бір деңгейде күйзеліс тудырады (Hayim, 1980:17). Екінші
жағынан, өз тағдырлары өз қолдарында екенін түсіну адамдардың бойына оп-
тимистік сенім ұялатады. 1960 жылы жарияланған
Critique of Dialectical Reason
(«Диалектикалық себептің сын-қатерлері»)
еңбегінде Сартр әлеуметтік құ-
рылымдарға көбірек назар аударады, дегенмен осы еңбегінде де «адами транс-
ценденттіліктің болмыстан басымдығын» айқындайды (Hayim,1980:16). Сартр
әлеуметтік құрылымның рөлі мен маңыздылығын асыра бағалайтын әртүрлі
марксистік бағыттарды (құрылымдық марксизмді) сынға алады. Оның көзқа-
расы бойынша, догматикалық марксистер Маркстің бастапқы төлтума идеяла-
рының гуманистік құрамдас бөліктерін жойды (Hayim, 1980:72). Экзистенциа-
лист ретінде Сартр әрқашан гуманизмді ұстануға ұмтылды. Осылайша, экзис-
тенциализмнің гуманистік аясында структурализмнің, пост структурализмнің
және постмодернизмнің дамуын айқындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: