707
17-тарау
•
Структурализм, постструктурализм және постмодерндік
әлеуметтік теория
қиындықтар бар. Олардың ең бастысы постмодерндік бағыт өкілдерінің арасын-
да жалпы қабылданған тұжырымдардың болмауы мен өзара қарама-қайшылық-
тарға байланысты. Мысалы, Смарт (1993) постмодерндік үш ұстанымды өзара
біріктірген.
12
Бірінші ұстанымы бойынша түбегейлі өзгерістер постмодерндік
қоғамның қалыптасуына әкелді. Осындай көзқарас ұстанғандардың қатарына
Жан Бодрийяр (Armitage, 2005), Gilles Deleuze, and Felix Guattari (Deleuze and
Guattari, [1972] 1983, [1980]1987; Binkley, 2007; Bogard, 1998; Genosko, 2007;
Theory,
Culture and Society, 1997) жатады. Екінші ұстанымға сәйкес, постмо-
дернизммен қатар модернизм де да мып жатыр. Бұл бағытты Фредрик Джейми-
сон, Эрнесто Лакло, Шантал Муфф се кілді марксистік ойшылдар және Нэнси
Фрейзер, Линда Николсон секілді феми нистер қолдаған. Смарттың үшінші ұс-
танымына сәйкес, модернизмді және постмодернизмді
жеке дәуірлер ретінде
емес, ұзақ уақыт бойы дамып келе жат қан және тұрақты қарым-қатынастардың
құрамдас бөліктері ретінде қарастыру керек. Постмодернизм әрдайым модер-
низмнің шектеулерін көрсетіп отырады.
Әлеуметтік теорияда
«постмодерн» терминінің кеңінен қолданылуына қа-
рамастан, осы терминнің мағынасына байланысты келіспеушіліктер бар.
Айқындық үшін
постмодерн, постмодернизм және постмодерндік әлеумет-
Достарыңызбен бөлісу: