Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет487/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Квир теориясы
1
Квир теориясы гейлер мен лесбияндардың бірегейлігін
2
зерттеу барысында әл-
де қайда кең ауқымды қамтыды. Оның мақсаты жыныстық айырмашылықтың 
жалпы құрылысын және болмысын сипаттау болды. Квир теорияшыларының 
пайымдауынша, бірегейлік (identity), әсіресе жыныстық бірегейлік, бекітіл ме-
ген, тұрақсыз және біздің кім екенімізді анықтай алмайды. Дәлірек айтқанда, 
постмодерн перспективалары сияқты (17-тараудан қараңыз), квир теориясы 
біре гейлікті айнымалы құбылыс деп санайды. Сондай-ақ жыныстық айыр ма-
шылық – адамның туа біткен немесе табиғи қасиеті емес. Дәлірек айт қанда, 
ол – әрқашан кездейсоқ өзгерістерге дайын әлеуметтік құрылыс.
Квир (queer) термині бірнеше мағынаға ие. Кейбір адамдарға ол – өзімен 
бірдей жынысқа құмар индивидтерді кемсітуге арналған термин. Басқалар 
үшін квир – гей, лесбияндар, бисексуалдар, трансгендерлер, транссексуалдар, 
ерекшеленетіндер, интерсексуалдар, өзін-өзі таба алмай жүргендер және ара-
лас жыныстылардың барлығын сипаттайтын термин. Қалғандарына, көптеген 
квир теорияшыларын қоса алғанда, бұл термин кері бірегейлікті немесе сәй-
кессіздікті білдіреді. Пионтек (2006:2) квир терминін «біргейлікке емес, бірақ 
өз-өзінен дұрыс есептелетін және жаңа көзқарастар тұрғысынан таныс заттар-
ды зерттеуге мүмкіндік беретін сауалнамалар, әдіснамалар жиынтығына сіл-
теме жасау» үшін қолдануды ұсынды. Квир термині сонымен қатар зат есім 
ретінде бірегейлікті немесе сәйкессіздікті сипаттауға; сын есім ретінде белгілі 
бір теория сияқты зат есімді өзгертуге; етістік ретінде белгілі бір затты қалып-
ты емес саналатын затқа айналдыруға қолданылуы мүмкін. Теориялық тұр-
ғыда бұл сөз интеллектуалды және саяси жобалар шеңберінің бөлігі ретінде 
жоғарыдағы үш тәсіл арқылы қолданылып келеді.
Квир теориясы анықтамаларының толық тізімін құрастыру мүмкін емес, 
бірақ Арлин Стейн мен Кен Пламмер (1994) төрт негізгі «ерекшелейтін қасие-
тін» атап өтті:
1. «Сексуалды билік әлеуметтік өмірдің әртүрлі деңгейлеріне кіріктірілген 
деп қарастыратын жыныстық айырмашылық тұжырымдамасы дискур-
сивті түрде көрініс табады және шектеулер мен бинарлы бөліну арқы -
лы күшейеді» (Stein and Plummer, 1994:181–182). Жыныстық айырма-
шылықты түсінудің кез келген жолы әлеуметтік өмірдің бірнеше фор-
маларында, тіпті танымал мәдениет, саясат, білім беру және экономика 
сияқты дәстүрлі түрде жынысқа қатысы жоқ формалардың өзінде кез де-
сетін жыныстық күштің қатынасымен айқындалады. Бұл күшке жыныс-
тық категориялар арасындағы шекараларды тұрақты қайта жандандыру, 
жаңғырту және қорғау арқылы қолдау көрсетіліп отырады. 


727
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
2. «Жыныстық және гендерлік категориялар мен бірегейліктің біртұтас 
мәселелерін шешу жолдары. Бірегейлік әрқашан анықталмаған күй-
де болады және бұл сипат бірегейлік пен танымның ауыспалылығына 
алып келеді» (Stein and Plummer, 1994:182). Тұжырымдалған жыныстық 
айырмашылықты қолдау үшін қолданылатын шекаралар күмән тудыра-
ды. «Гомосексуал» және «гетеросексуал» сияқты жыныстық айырмашы-
лық категориялары талдау бірліктері ретіндегі бастапқы нүктелерінен 
ығы сып, дискурсивті зерттеу субъектілеріне айналды. Олар жай «болу-
дың» жолдарына қарағанда «жүзеге асырудың» жолдары ретінде қарас-
ты ры лады. Мінез-құлық, білім мен конфессиялар – жыныс, гендер және 
жыныстық айырмашылықтың басым санаттарын сынауда пайдаланатын 
құбылыстардың барлық мысалы. Жыныстық айырмашылық өзгермей-
тін және белгісіз негіздерге қарағанда тұрақты, танымал санат ретінде 
қарастырылады.
3. «Азаматтық құқық стратегияларынан бас тартып, карнавал, трансгрес-
сия және пародияға ауысу қайта құруға, орталықсыздандыруға, ревизио-
нистік оқуларға және антиассимиляциялық саясатқа алып келеді» (Stein 
and Plummer, 1994:182). Гейлердің және лесбияндардың өз құқығын 
қорғаудағы еткен қозғалыстарының талаптары сияқты, тұлғаға негіздел-
ген саяси талаптар ирониялық, трансгрессиялы және жасанды, жалған 
көзқарастың пайда болуына жол бермейді. Бұл жерде квир теориясы 
1960 жылдардан 1990 жылдарға дейін белсенді әрекет еткен бірегейлік 
саясатын сынайды. Бірегейлік саясаты маргиналды топтардың өз жеке 
болмыстарын мойындауды талап ететін ерекше саяси белсенділік түріне 
жатады. Квир теорияшылар мұндай азшылық топ өздері күресіп жатқан 
билік құрылымының іс-әрекетін заңдастыратынын жазады. Қарсыласу 
дегеніміз – қанаушының үстемдігін жою. Квир теорияшылары қолдай-
тын балама тәсіл – құбылыстарды көрсету, бірегейлік табиғатын қалып-
тастырып, жаңа саяси формациялар мен одақтар үшін кеңістік ашу.
4. «Әдетте жыныстық сала ретінде қарастырылмайтын нәрсені тергеуге 
дайын тұру және гетеросексуалдық немесе жынысқұмарлық дегендерге 
жатпайтын мәтіндерді «оқытуды» енгізу» (Stein and Plummer, 1994:182). 
БАҚ (Walters, 2001), музыкалық фестивальдар (B. Morris, 2003), таны-
мал мәдениет (Sullivan, 2003), білім беру (Kosciw, 2004), америкалық 
әдебиет (Lindemann, 2000), әлеуметтік құбылыстар (Gamson, 1995) және 
тіпті археология (Dowson, 2002) сияқты қоғам өмірінің барлық салала-
рында жыныстық айырмашылық белсенді ойыншы ретінде зерттеледі. 
Қоғамдық өмірдің ешбір саласы сексуалдықтың ықпалынан қорғалма-
ған, тіпті бір қарағанда қарапайым мәтіннің өзі сексуалдықтың объек-
тивтігі арқылы түсініктеме беруге дайын. Бұл үлкен нүктені көрсетеді. 
Квир теориясы – гейлер мен лесбияндардың бірегейлік теориясы, тіпті 
жалпы жыныстық айырмашылық емес. Барлық негізгі әлеуметтік тео-
риялар сияқты, квир теориясы – әлеуметтік өмір теориясы. Әлеуметтік 
өмір құмарлықпен байланысты болғандықтан (атап айтқанда, жыныс-
тық құмарлық), квир теориясының басты талабы әлеуметтік әлемді тү-
сіну үшін құмарлықты қанағаттандыратын және басқаратын процесті 
түсінуіміз қажет деген ұстанымға саяды.


728
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Осы жалпы ой-пікірлерді есепке ала отырып, квир теорияшылары дамыт-
қан негізгі теориялық тұжырымдамаларға назар аударамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет