Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет493/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

қамтамасыз етеді. Сіз осы айналымдағы тіршілік иесімен байланысқан кез-
де ішінара сана, субъективтілік, акторлық және тағы басқа қасиеттерге ие бо-
ласыз... Актор болу... жергілікті жетістік». Тіпті адамның ин тернационалдық 
сияқты жеке-дара адамгершілік қасиетінің өзі – желілік терминдерде «тәжіри-
бенің белгілі бір денелерге қосылу арқылы алынған немесе жоғалған... айны-
малы қуаты» (Latour, 1999:23).
Негізінен, акторлар (немесе актанттар) өздері пайда болған және соның бір 
бөлігі болып саналатын желілерден бөлек қарастырылмайды. Шын мәнінде, 
актор мен желі – «бір құбылыстың екі көрінісі» (Latour, 1999:19). Осылайша, 
актор-желі теорияшылары әлеуметтік теорияның көп бөлігін сипаттаған мик-
ро-макро және агенттік-құрылым дихотомияларын айналып өтуге ұмтылады 
(9-тарауды қараңыз).
Желілер идеясын түсіну қиын, бірақ Кроуфорд (2005:1) оларды жақсы 
анықтайды және оларды актанттармен байланыстырады: «Желілер – өздерін 
құраған актанттар арқылы жасалған процессуалды іс-әрекеттер». Қалай бол-
ғанда да процесс барысында біршама түрлену мен өзгеріске ұшырайды. Латур 
(1999:17) өз тұжырымдамасында желі қоғам немесе күштердің белгісіз сала сы 
емес, «әртүрлі жабдық түрлері, жазбалар, формалар мен формулалар арқы лы 
жергілікті, тә жірибелік, өте кішкентай локуста өзара әрекеттесудің қоры тын-
дысы» екенін айтады. Осылайша, желілерге баса назар аудару жергіліктіден 
алшақтау емес, қайта жергіліктінің өзіне жақындау болып табылады. Бұл идея 
ғылыми, әсіресе ғылыми зертханалардың жұмысын егжей-тегжейлі зерттеу-
лерде АЖТ-ның негізімен тығыз байланысты. Алайда АЖТ микро- және мак-
роайырмашылығын қабылдамайды. Сонымен, жергіліктіні немесе желіні, тіп-
ті актанттың өзін талқылау барысында микро-макро-, жергілікті-жалпылық 
сияқты құбылыстар бір-бірінен ерекшеленбеуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, 
макро- «үлкен» мағынасында емес, «қосылған... жергілікті, делдалдық, байла-
нысқан» түсінігінде қарастырылуы керек (Latour, 1999:18).
Желілік идеясы мен өнімділік (performativity) ұғымы байланысты болады.
Бұл дегеніміз – тіршілік иелері белгілі бір эссенциалистік мағынада пайда 
бол майды, бірақ олар қарым-қатынастар немесе желілер арқылы қалыптасады 
де ген сөз (Law, 1999:4). 
Адамзат акторларының да осындай өнімділікке қатыса тыны белгілі, бірақ 


736
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
АЖТ материалдық жиынтықтарды өнімділік арқылы сипаттау үшін бұл ше-
карадан шығып отырады. Егер адамдар мен объектілер сыртқы орта арқылы 
жаңғыртылатын болса, онда «барлығы түсініксіз және қайта қалпына келетін» 
еді
 (Law, 1999:4).
Беріктік пен тұрақтылыққа қол жететін кез болады, бірақ бұл нәтижеге 
жету үшін қандай қадамдар жасалғанына назар аудару керек. Басқаша айт-
қанда, берік желілердің жұмысы қаншалықты ұзаққа созылғанына қара-
мастан, олардың құлдырауы, тіпті жоғалып кетуі әбден мүмкін. Дегенмен 
АЖТ теорияшыларының өзі бұл беріктіктің белгілі бір уақыт шегінде ғана 
тіршілік ететінін мойындайды, оған Латурдың «қозғалыс кезінде өзінің фор-
масын сақ тайтын элементтер желісі» ретінде «өзгермейтін мобильділіктер» 
(immutab lemobiles) тұжырымдамасы жақсы мысал бола алады (Law and 
Hetherington, 2002:395–396). Осылайша, мұнда ұзаққа созылатын желі бар, 
бірақ ол үнемі қозғалыста (және оның кез келген уақытта құлдырауға ұшы-
рау мүмкіндігі бар).
АЖТ-ның ең маңызды ерекшелігі деп, оның материалдық тіршілік иеле-
ріне немесе артефактілерге қатысты алаңдатушылығын айтуға болады: «Ма-
териалдық артефактілер агенттікке ұқсас әрекетті орындауы мүмкін. Бірақ 
бұл – агенттіктің қасақана әрекеттен толық ажыратылған өзіндік форма-
сы» (Brown and Capdevila, 1999:40). Жоғарыда айтылғандай, бұл – материал-
дық артефактілердің «төмен» объектілер саналу себептерінің бірі. Артефак-
тілердің кілті – олардың мағынасының жоқтығы; бұл оларға желідегі басқа 
элементтермен «байланысуға» мүмкіндік береді. Нақ осы бос орын желіге 
және оның элементтеріне артефактімен байланыс жасауға жетелейді. Бас-
қаша айтқанда, қосылуға жол бермеу арқылы артефакт «актанттарды қосып 
және жинақтау үшін желілерді басқарады» (Brown and Capdevila, 1999:41). 
Адамдардың әрекетін көбінесе мына сипатта көруге болады: «Олар өздерінің 
функциялық бос орындарын толықтырады, ...өздері тікелей қатысып, ештеңе 
айтпаса да, қатынас туындатады және қалыптастырады... (Олардың) қосылу-
ға деген ынта-жігерін одан әрі арттырады» (Brown and Capdevila, 1999:40).
Осыған орай, АЖТ «тәжірибелік материалдылыққа» қатысты алаңдау-
шылық білдіріп отыр (Dugdale, 1999). Материалдық артефактілер желілер 
мен субъектілерді құруда маңызды рөл атқарады. Осылайша, артефактілер 
жай ғана әрекет етпейді (мысалы, желімен байланысты), белсенді әрекет ете-
ді. Материалдық артефактілер – адам агенттері сияқты актант. Мысалы, Лоу 
мен Хетерингтон (Law and Hetherington, 2002:394) кілем мен әрлеу сияқты 
заттардың қалай әрекет ететінін талқылайды: олар әрекет етеді; олар «ақпа-
рат генерациясына, қуат қатынастарына, субъективтілікке және объективті-
лікке қатысады». Осылайша, адамзаттық емес объектілер желілердің, әлеу-
меттік қатынастардың белсенді қатысушылары болады. Әрине, материалдық 
артефактілерге адамзат акторларын сипаттайтын интенционалдық жетіспей-
ді. Верран осының барлығын былайша түйіндейді:
«Осы түсіндірме әлемді акторлардың өзара қарсыласуы мен келісімге ке-
луінің нәтижесі ретінде қарастыруда материалдық пен символикалықты 
ажыратудың кез келген түрін болдырмауға мүмкіндік береді. Ол жерде 
осы әлемді құрайтын күнделікті (жаңа) іс-әрекеттерде адамдармен қатар, 
жансыз заттардың белсенділігін қамтиды».
(Verran, 1999:143)


737
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Байлықтарға, айналымдарға және желілерге назар аударудың кеңістік-
тік салдары бар, бірақ AЖТ кеңістікке қатысты басқаша көзқарас ұстана-
ды: «Түрлі және сәйкес келмейтін кеңістіктер (мысалы, аймақтар мен желі-
лер) қа лыптасады» (Law, 1999:11). Осылайша, АЖТ кеңістіктің қарапайым
ев клидтік көзқарасынан алыстатуға тырысады. Өзінің актор-желі теориясын-
да кеңістіктегі «өтпейтін қайшының қағаз бетіндегі қиық іздері сияқты, кенет 
алыс нүктелердің жақындауынан» қалып тасатын «қатпарға» ерекше көңіл бө-
леді. Олар... «умаждалып» бірігеді» (Brown and Capdevila, 1999:29). Сондай-ақ 
Латурдың (1999:19) «желілер арасындағы «бос кеңістіктер», белгісіз жерлер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет