Алеуметтану тероиясы indb


Аффект этикасы және саясат



Pdf көрінісі
бет498/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Аффект этикасы және саясат 
Әзірге біз аффект теориясы арқылы енгізілген кейбір негізгі тұжырымдама-
лық инновацияларды сипаттадық. Бірақ жоғарыда талқыланған идеялар, шын
мәнінде, аффектіні талдаудағы бастапқы талпыныс. Аффект теорияшылары-
ның көпшілігі марксистік теория, сыни теория және квир теориясының ру-
хында саяси талдаулар жасаған. Мұнда аффект ықтимал құтқару және ер-
кін діктің көрінісі ретінде қаралады. Себебі бұл іске асырылмаған мүмкіндік 
орны болғандықтан, әсер күшін жандандыра отырып, ескі, шектеулі, зиянды
қосымшаларды бұзуы мүмкін және сезім мен өзара әрекеттестіктің жаңа түр-
лерін жасауға мүмкіндік береді.
Постструктуралистік, постмодернистік және квир теориялары секілді, аф-
фект теорияшысы құмарлықтың еркін ағынын (аффективтік күштер) атап 
өтеді және әртүрлі комбинацияларда және формаларда пайда болуы ықтимал 
аффектінің мүмкіндіктері бар кеңістіктерді тазартуды қалайды.
8
Бұл тұрғыда, 
көптеген аффект теорияшылары әртүрлі мәдениеттер мен адамдар арасында 
пайда болатын аффектінің күтпеген түрлерін қолдайтын реляциялық этиканы 
көтермелейді. Осы себептерге байланысты аффект теориясы көбінесе саяси 
және экономикалық өзгерістерге деген үміттерімен үйлеседі (Grossberg, 2010). 
Шынында да, аффект әрқашан болжанбайтын, тайғақ және белгісіз болған-
дықтан, әлем әрқашан қазіргі қалпынан өзге болуы әбден ықтимал.


747
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
Сонымен аффект теорияшылары қазіргі заманғы әлеуметтік күштердің аф-
фект мүмкіндігін саяси-экономикалық пайда мен әлеуметтік бақылау мақ сат-
тарына қалай қолдануға талпынғаны туралы көптеген талдаулар жасады. Аф-
фект теориясында, әлеуметтік бақылау және әлеуметтік үстемдік әдетте Жиль 
Делез бен Феликс Гваттари сияқты постмодерн ойшылдарының терминдері-
мен сипатталады (Gilles Deleuze and Felix Guattari [1972] 1983, [1980] 1987).
Мысалға, аффектілер «механикалық жинақтар» құрылысы арқылы құры-
лады және бақыланады. Механикалық жинақтар – дене, идеялар мен техно-
логиялар бір-бірімен қарым-қатынаста болу жолдарын сипаттайтын термин 
(актор-желі теориясындағы желілер құрылысы сияқты). Арнайы жинақтар уа-
қыт пен орынға ерекше аффект жасайды. Тиімді болған кезде бұл машиналық 
жинақтар заманауи саяси және экономикалық статус-квоны қолдайтын халық 
пен тұрғындарды қалыптастырады (бұл – аффект теорияшыларына қатысты 
мәселе). Қазіргі сәтте аффектілер капиталистік нарықтар, бұқаралық ақпарат 
құралдарының бейнелері және биотехнологиялар, соның ішінде біріктіретін 
жинақтар арқылы көрініс табады. Машиналық жинақтар географиялық, мәде-
ни және психикалық аумақты қамти отырып, аумақтандыру сипатына ие бо-
лады. Аумақтандыру ешқашан толық немесе аяқталған күйде болмайды және 
аумақсыздандыру әрекеттеріне жиі ұшырайды.
Патрисия Клаф (2008) биомедиа түсінігі арқылы аффект пен капитализм-
нің арасындағы қатынасты талдайды. Денелер түрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі 
сипатта ұйымдастырылады. Ол XIX ғасырдағы денені – организм және қазіргі 
кездегіні биомедиациялы дене деп бөліп көрсетеді. Маркс сипаттағандай, дене 
организм ретінде еңбек және тұтыну тәжірибелерінен құрылған өзіндік жабық 
дене болды. Биомедиациялы дене, екінші жағынан, қазіргі капитализмді си-
паттайтын ағымдар мен қозғалыстарға тән құбылыс. Биомедиа – биологиялық 
организммен тарихи бірегей келісімдерге мүмкіндік беретін жаңа технология-
лар. Мұнда аффект, кем дегенде, екі тәсілмен «жүзеге асады».
Біріншіден, жаңа медиа-технологиялар аффектіні жасау мен таратудың 
бұрын-соңды болмаған жолдарын жасайды. Бұл – халықтың тек идеология 
(яғни саясаткерлердің өз күштерін қамтамасыз ету үшін жасаған нарративте-
рі) арқылы ғана емес, эстетикалық және аффективті әдістер арқылы реттеле-
тін дәуірі. Аффективтік энергияға серпін беру бұқаралық ақпарат құралдары, 
жаппай ойын-сауық және саяси көрсетілімдер арқылы жүзеге асырылады:
«Капитал тұтынушылардың сенімі, саяси қорқыныштар және басқалар-
дың аясындағы аффектіден мән табады, сондықтан туындаған күрделі 
шығындар тауарларды өндіру мен еңбек, өндіріс пен көбею арасындағы 
айырмашылықты модуляциялау кезінде құлдырайды».
(Clough, 2008:16) 
Бен Андерсон (2010) осы сипаттағы саясаткерлердің өздерінің «әлем құру» 
және «әлемді бұзатын» іс-әрекеттеріне қолдау табу үшін халық арасында «мо-
ральды» қалай қалыптастыратынын сипаттайды (J. Orr, 2006). Мораль жұрт-
шылықты қорқыныш пен үрей кезінде, әсіресе соғыста біріктіреді.
Екінші аффект әдісі биомедицина арқылы іске асады. Биомедицина – био-
логиялық денсаулық пен науқасты емдеу және басқару мәселелерімен айна-
лысатын сектор. Бұл жоғары технологиялық индустрия және капитализмнің 
айла-амалдарымен тығыз байланысты. Биомедицина биокапиталды шыға-


748
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
рады. Биокапитал – денелер мен олардың аффективті мүмкіндіктері туралы 
білім арқылы шығарылған құнды экономикалық байлық. Бір жағынан, биоме-
дицина индустриясы биомедициналық технологиялар, мысалы дәрі-дәрмек-
тер, сатудан пайда табады. Евгений Тэккердің (2005:85) жазбаларына сілтеме 
жасай отырып, Клаф биомедицинаның құндылық шығаратын тағы бір тәсілін 
сипаттайды:
«Екінші жағынан, дәрі-дәрмек сатуға қарағанда, «диагностикалық сы-
нақтар индустриясының дамуы» және деректер қорын өндіру анағұрлым 
табысты. «Мұның өнімдерді (таблеткалар, тестілеу технологиялары) ақ-
паратқа (дерекқорларға, тестілеу нәтижелеріне, маркетингке және медиа-
нау қанға) қайта циркуляциялауды» қолдауға бағытталған экономикалық 
пайда көзі бар».
(Clough, 2008:10)
Аффект теорияшылары сияқты, биомедицина өнеркәсібі биологиялық 
дененің үлкен мүмкіндіктерге ие екенін мойындайды. Биомедицина басқаша 
анықталмаған және толық біле алмайтын аффективтік күштерді басқаруға, 
бақылауға және жоюға тырысады. Олар әртүрлі денелердің өзіндік қуатын 
сипаттап, білім базаларында жинақтауға бағытталған. Қазіргі заманғы биоме-
дицинаның мәселесі – белгілі бір органдар не істей алады және тіпті нақты 
органдарда не «жасалуы» мүмкін? (Clough, 2008:5). Биомедицина өнеркәсі-
бі әртүрлі денелердің генотиптері сан алуан түрге ие екенін болжайды және 
осылайша бірегей мүмкіндіктерге ие. Мысалы, кейбір денелер ауруды емдеуге 
көмектесетін генетикалық құпия ретінде қарастырылады (ауруды емдеуден 
пайда табу). Биомедицинаның міндеті – осы мүмкіндіктерді белгілеу және қол 
жеткізу жолдарын табу.
Бұл жерде аффект теориясы 15-тарауда баяндалған нәсіл және нәсілшіл-
дікке қатысты сыни теориялармен түйіседі. Клаф ХІХ ғасырда өмір сүрген 
ғылыми радикализмді биомедицина өнеркәсібі қалай жандандырғанын си-
паттайды. Мысалы, әртүрлі «нәсіл» денелері әртүрлі нәрселерді жасай алады, 
олардың әрқайсысы бірегей мәнге ие деп болжайды:
«Биомедиациялы дененің биосаясатын саяси экономикаға айналдыра-
тын нәрсе биологияға немесе «өмірдің өзіне» ену болып табылады. Ол
өмір сүру мүмкіндігінің құндылығын бағалау, нақтырақ айтқанда, Фу-
коның нәсілшілдік тұжырымына сәйкес, өмірдің капитал жинауға ба-
ғыт талуы мақсатында көбеюдің түрлі жолдарын шектеу арқылы жүзеге 
асырылады».
(Clough, 2008:18)
Аффект толық қарастырылмаса да, биомедицина құндылық пен оны ба-
ғалау арқылы денелерді түзетін саяси және экономикалық құрылымды қа-
лыптастырады. Ақыр соңында, аффект теорияшылары аффектінің күн де лікті 
өмірде басқарылу жолдарын қарастырады. Тұтынушылық және танымал мә-
дениет саясат пен капиталға қызмет ететіндіктен, аффективтік басып алу мен 
бақылауды да осы жерден табуға болады.
Бұл популяцияларды реттеу – биологиялық денеге тікелей айла қолдану 
арқылы ғана емес (à la Clough), сонымен қатар кең тараған көңіл күйді қа лып-


749
18-тарау

XXI ғасырдағы әлеуметтік теория
тастыру арқылы да қол жеткізілетін әлем. Бұл жерде жұртшылықтың ұялу, 
кемсіту және басқа да өзін-өзі артқа тартатын (және саяси жеңіліске ұшы рата-
тын) эмоцияларға ұшырау идеясы ортақ. Танымал мәдени теорияшы Лоуренс 
Гроссберг мәдениет жайлы еңбегінде былай деп жазады:
«Мәселен, бұқаралық ақпарат құралдары – бүгінгі күні кемсіту сезімі 
мен көңіл күй (мен қандай екеніне сенімді емеспін, бірақ бұл эмоция деп
ойламаймын) құрылымы деп атайтын өнімді жасаудың, көпшілікке таны-
мал және саяси көзқарастар туралы көп нәрсе білудің кілті».
(2010:330)
Лорен Берлант заманауи америкалық мәдениеттің «қата л оптимизммен» 
ерекшеленетінін толығырақ сипаттайды. Оптимизм – «қазіргі кездегі бар» 
уәделерге/мүмкіндіктерге сенетін бірден-бір аффект, сезім (2010:93). Мін-
сіз әлемде аффектінің сан алуан мүмкіндіктері жаңаруға жол ашады. Екінші 
жағынан, қатал оптимизм – мүмкіндіктері іске аспауы ықтимал идеялар мен
объектілердің жиынтығына тәуелділік. Бұл «өзі жарамсыз бола тұра, мүмкін-
дік беретін объектіге жатады» (Berlant, 2010:95). Яғни ешқашан іске асырыл-
майтын уәде. Қазіргі Америка – жүзеге асуы мүмкін емес парадоксты опти-
мизм жағдайында өмір сүретін кеңістік. Классикалық мысал – америкалық 
арман мифі. Көптеген америкалықтар ауыр жұмыс пен табандылықтың арқа-
сында бай және бақытты бола алатынына сенімді болғанымен, капиталистік 
экономиканың жалғасуы теңсіздікті қамтамасыз етеді. Адамдар қатал опти-
мизм ық палымен ешқашан іске аспайтын арман жетегінде өмір сүреді. Мәселе 
мынада: танымал мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары капиталистік 
экономиканы қолдап, өзін-өзі жоятын аффективті күйді қалыптастырады. 
Теорияшылардың көпшілігі сияқты, Берлант қатал оптимизмнің болмысын 
ашу арқылы «басқаша тұжырымдалған аффективтік мүмкіндік терді еркіндік-
ке шығара аламыз» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет