тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғамның материалдық-экономикалық қатынастар жүйесінен
шығарып, оны жан-жақты терең талап, дәлелдеді.
Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады.
Өзінің іс-қимылы мен тәжірибелік қызметінде адам даму заңдарының өмір сүріп тұрған
жағдайлары мен шарттарына ықпал жасайды, бірақ заңдардың өзін қолдан жасап, не жоя
алмасады. Екінші жағынан, мұның, өзі даму заңдарының объективтік сипаты адам санасының
қабілетсіздігін, түсініксіздігін, ұтымсыздығын туғызбайды. Агностиктердің ұйғаруынша емес,
сана адамдардың нақтылы дүниеден алыстатпайды. Қайта керісінше, адамдар шынайы
дүниемен тығыз байланыста болады. Олар қоғамның даму заңдарын терең біліп меңгереді,
оларды өздерінің пайдасына қолдана алады, даму процесінде екпінді әсер етеді.
Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау
арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып-білу арқылы пайдалану
оңай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі
болады.
Қоғамдық-экономикалық формациялар деген не? Ол - өзіндік экономикалық, саяси,
әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар құбылыс. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып
жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай
буындары мен кезеңдерін әлеуметтік-экономикалық формация дейміз. Әр формацияның өзіндік
заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол ұғымды дүниеге
әкелген Маркс емес. Құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капитализм, тіпті социализм ұғымдары
Маркске дейін болған. Маркс олардың даму заңдылығын ашты. Олай болса олардың өзгеріп,
дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға
айналады. Бірақ, Маркс адам баласы даму тарихын белгілі бес формациямен ғана шектеді.
Мұнысы өмірге де, диалектикаға да қайшы еді.
Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық
теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды,
процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал
социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда
оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды
зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі
дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз.
Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық
және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының
екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді
болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз
жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне
тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара
адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана
дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс,
еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық
алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас
әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы.
Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін
әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың
белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық,
рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: