ІІ-ШІ РУБЕЖДІК БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Бэкон бойынша ғылыми танымның негiзгi тәсiлi:
А) Бақылау
В) Индукция
С) Модельдеу
D) Синтез
Е) Анализ
2. Экспериментальдық ғылымның жасалу кезеңi:
А) Жаңа дәуiр
В) Антика
С) Қайта өрлеу дәуiрi
D) Орта ғасырлар
Е) Ағартушылық кезең
3.Спинозаның философиясы қандай әдіске негізделген:
A) Геометриялық
B) Диалектикалық
C) Солипсизм
D) Структурализм
E) Инструментализм
4.Мына пікірлердің қайсысы Декарттікі?
A) “Өзінді танып біл”
B) “Бәрінің қарсы соғысы”
C) “Өмір-қасірет”
D) “Болмыс сананың жиынтық ақиқаты”
E) “Ойланамын, яғни өмір сүремін»
5.Бэкон зерттеген индуктивтік әдістің маңызы неде?
A) Ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы
B) Ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы
C) Білімнің ақиқаттығына күмәндану
D) Танымның негізі сезім
E) Аналогия
6.“Бір-біріне қарсы соғыс” қай ойшылдың философиясында түпкі принцип:
A) Т. Гоббс
B) М. Вебер
C) К. Поппер
D) К. Манхейм
E) Г. Гегель
7.“Монада” дегеніміз не:
A) Субстанция
B) Атом
C) Қуыстық
D) Өзіндік зат
E) Болмыс
8.Бұл философ өзiнiң формуласына екi үлкен бағытты - идеализм мен
материализмдi, екi субстанцияны – материя мен сананы бір-бiрiне қарама-қарсы
қойды:
А) Декарт - “Мен ойлаймын, ендеше өмiр сүремiн ”
В) Шопенгауэр -“Мен ерiктiмiн, ендеше өмiр сүремiн”
С) Кьеркегор - “Мен сеземiн, ендеше өмiр сүремiн”
D) Августин - “Мен құдайды ойлаймын, ендеше өмiр сүремiн ”
Е) Дж. Сорос - “Мен ойланбаймын, ендеше өмiр сүремiн”.
9.Ф. Бэконның “идол”(елес) туралы ілімінің мағынасы:
A) Шын танымды теріске шығаратын санадағы қате түсініктер
B) Ақыл мен сенімнің айырмасы
C) Материалдық субстанция
D) Күмәндәну – таным бастамасы
E) Танымның тәсілін зерттеу
10.Р. Декарт бойынша интеллектуалдық интуиция неден басталады?
A) Күмәндәнудан
B) Тәжерібиеден
C) Бақылаудан
D) Табиғатқа бет бұрудан
E) Құдайды жоққа шығарудан
11.Джон Локк ілімі бойынша, адамның жатсынбаған құқығына үш құқық
негізделген:
А) Еңбек, еркіндік, өмір.
В) Өмір, еркіндік, демалыс.
С) Өмір, еркіндік, жауапкершілік.
D) Еңбек, жеке меншік, демалыс.
Е) Өмір, еңбек, еркіндік.
12.Адам санасы «таза тақта» деп санаған философ:
А) Лейбниц.
В) Локк.
С) Юм.
D) Гоббс.
Е) Беркли.
13.«Тартылыс пен ойлауды» бір-біріне қарама-қарсы өзіндік екі субстанция ретінде
қарастыратын философ:
А) Ф.Бэкон.
В) Платон.
С) Р.Декарт.
D) Н.Кузанский.
Е) Б.Спиноза.
14.Т.Гоббс ілімінше, қоғамның «табиғи жағдайына» сәйкес принцип:
А) Өзара ұғым принципі.
В) Өзара махаббат принципі.
С) Өзара аралық махаббат принципі.
D) Өзара жеккөру принципі.
Е) «Адамға адам қасқыр» принципі.
15.«Сенімде болмаған, ақылға қонымсыз» сенсуализм формуласына Лейбниц қандай
өзгеріс енгізді?
А) Идеядан басқа.
В) Аналогиядан басқа.
С) Құдайдан басқа.
D) Зерденің өзінен басқа.
Е) Махаббаттан басқа.
16.Агностицизмнің өкілін атаңыз:
А) И Кант
В) Г Гегель
С) Г Лейбниц
D) К Маркс
Е) Л Фейербах
17.И.Кант бойынша априорлы формалар:
А) Туа бiткен идеялар
В) Силлогизмдер
С) Ақыл-ой жемiсi
D)Тәжiрбиеге дейiнгi бiлiм
Е) Сезiмдiк қабылдау
18.Канттың категориялық императивi – бұл:
А) Себеп-салдар байланысы
В) Моральдық заң
С) Табиғат заңы
D) Адамның субъективтi идеализмi
Е) Әлемдi эстетикалық қабылдау
19. Канттың әйгiлi сөзi: “Екi зат менiң жанымды қасиеттi рахат пен үрейге
толтырады, олар: менiң үстiмдегi жұлдызды аспан және...”:
А) Мендегi шексiз жалғыздық
В) Адамға деген махаббат
С) Менi қоршаған ақыл-ой
D) Мендегi мораль заңы
Е) Мендегi қара түнек
20.Фихте бойынша заңды, тәртiптi орнататын және анықтайтын әлемге дейiн
рационалды қатынас:
А) Қасиеттi адам
В) Ғалым
С) Суретшi
D) Моральдан жоғары адам
Е) Құдай
21. Шеллинг бойынша өнер бұл:
А) Абсолюттi табиғатты ашу арқылы түсiндiру формасы
В) Абсолюттi дiннің ашу формасы
С) Абсолютке жетудiң философиялық әдiсi
D) Ақиқаттан шығу
Е) Елестегi әлем бейнесi
22. Гегельдiң мемлекет туралы ойы: “Мемлекет – бұл...”:
А) Ол Мен
В) Құдайдың жердегi әрекетi
С) Репрессия механизмi
D) Жердегi мейрам
Е) Левиафан
23.Л.Фейербахтың философиялық позициясы:
А) Объективтi идеализм
В) Субъективтi идеализм
С) Антропологиялық материализм
D) Аностицизм
Е) Дуализм
24.Г. Гегель ойы бойынша: «құқық жүйесi – бұл....»:
А) Қоғамдық өмiрдiң реттеушi формасы
В) Жалпыға мiндеттi нормалар жүйесi
С) Левифан теориясы
D) Орнатылған еркiндiк патшалығы
Е) Заңға негiзделген билiк жүргiзушi класс еркi
25. Гегель философиясындағы әдіс:
А) Диалектика
В) Софистика
С) Догматизм
D) Метафизика
Е) Схоластика
26.Апостериорлық білім – ол:
A) Тәжірибеден алынатын
B) Тәжірибеден кейін
C) Тәжірибеге дейін
D) Сырды ашу
E) Сезімдік
27.Канттың айтуынша “Өзіндік зат”:
A) Әлемдегі заттар
B) Субъективті түйсіктер
C) Объектінің сипаты
D) Сезімділік түрі
E) Ерік еркіндігі
28.И. Фихте И. Канттың ілімінде нені теріске шығарды:
A) Өзіндік зат
B) Трансценденталдық әдіс
C) Категориялық императив
D) Антиномия
E) Теориялық ақыл
29.Кант бойынша – антиномия:
A) Дүниенің жалпы заңы
B) Әрекетсіздік
C) Тәжірибеден білім
D) Қарама-қайшы ережелер
E) Априорлық пікір
30.Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңын кім ашты?
A) Ницше
B) Бергсон
C) Гоббс
D) Гегель
E) Дидро
31.Гегельдің абсолюттік рух түсінігі:
А) Құдайдың бір қыры
В) Табиғат
С) Жоғарғы бастаманың ағымы (эманация)
D) Адамзаттық біріккен рухани қызыметі
Е) Өзіндік заты
32.В.Соловьевтің ілімінше, құдайдың ең жоғарғы жаратылуы:
А) Материя.
В) Қоғам.
С) Табиғат.
D) Адам.
Е) Дін.
33.«Адамның құлдық және еркіндігі туралы» шығарманың авторы:
А) В.Соловьев.
В) Г.Гегель.
С) Н.Бердяев.
D) П.Коропоткин.
Е) К.Ясперс.
34.«Әсемдік әлемді құтқарады» деген сөздің авторы кім?
А) Л.Н.Толстой.
В) И.В.Киреевский.
С) А.С.Хомяков.
D) Ф.М.Достоевский.
Е) П.Я.Чадаев.
35.Батысшылдар мен славянофильдер арасындағы пікірталас қай философияның
қалыптасуына ықпал етті:
А) Орыс философиясы
В) Ағылшын философиясы
С) Грек философиясы
D) Неміс философиясы
Е) Үнді философиясы
36. Славянофильдер мен батыстанушылар арасындағы пiкiр талас проблемасы:
А) Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана қатынасы
В) Ресейдiң тарихи тағдыры
С) Жалпы ұғымдар табиғаты
D)Дiн мен философияны бiрiктiру қажеттiлiгi
Е) Ақыл мен сенiм тепе-теңдiгi
37. ХIХ-ХХ ғғ. орыс дiни философиясының өкiлi:
А) С.Соловьев
В) А.Бакунин
С) Г.Чернышевский
D) И.Писарев
Е) И.Добролюбов
38. «Бір тұтастық» деген философиялық жүйенің негізін салушы кім?
A) Соловьев
B) Чернышевский
C) Бердяев
D) Франк
E) Флоренский
39.Л. Толстойдың философиясындағы негізгі принцип:
A) “Құдай патшалығы” үшін бір тұтастану
B) Зорлыққа күшпен қарсылық етпеу
C) Тулға – тарих төрешісі
D) Халық тарих жасаушысы
E) Қоғамдық сананы қоғамдық болмыс билейді
40.Бердяевтің ілімі қандай философиялық бағытқа жатады?
A) Позитивизм
B) Рационализм
C) Фрейдизм
D) Персонализм
E) Анархиялық социализм
41.Соловьев христиан дініндегі бағыттарға қарсы:
A) Христиандықтың шын мәнін көрсететін - православие
B) Шіркеулерді біріктіру керек
C) Бұл мәселеге қөңіл бөлген жоқ
D) Бәрінен католицизмді жоғары қойды
E) Халықты біріктіретін құдай идеясы
42.“Біртұтастық” идеясының мағынасы:
A) Құдай барлығын өзі тұтастырады
B) Құдай мен дүние бір
C) Дүние құдайға тең
D) Барлығын адам теңестіреді
E) Барлығы санада
43.Батысшылдар мен славянофильдер арасындағы айырмашылық неде:
A) Тарихта тұлғаның рөлін көрсетуде
B) Тарихи процестің мәнін түсіндіруде
C) Соборшылдық идеясында
D) Европаның әлемдік мәдинетке қосқан үлесі
E) Ресейдің тарихи даму жолын анықтау
44. «Соборшылдық» ұғымының мағынасы:
A) Еркін қауымдастық
B) Құдай билігі
C) Жеке бастама
D) Село орталығы
E) Рух тәжірибиесі
45.А.И.Герцен,В.Г.Белинский,Н.П.Огарев,Н.Г.Чернышевский
–
қай
ағымның
өкілдері:
А) Субъективті социология
В) Орыс марксизмі
С) Батысшылдық
D) Орыс шіркеуі
Е) Словянофильдік
46. Н.Г.Чернышевский философияда қандай бағытты дамытты:
А) Абсолюттіті идеализм
В) Антропологиялық материализм
С) Трансендентальды философия
D) Диалектикалық материализм
Е) Тарихи материализм
47. Бiлiм процесiне ар iлiмiн енгiзген философ:
А) Абай
В) Шәкәрiм
С) Алтынсарин
D)Уәлиханов
Е) Байтұрсынов
48. “Үш анық” еңбегiнiң авторы?
А) Шәкәрiм
В) Абай
С) Ахмет Яссауи
D) Дулати
Е) Бөкейханов
49.Абайдың философиялық көзқарасы:
A) Пантеизм
B) Идеализм
C) Деизм
D) Механицизм
E) Дуализм
50. Бұл жырау Жер – ұйық жерiн iздеумен айналысты және Жәңгiр ханды қатты
сынға алды:
А) Бұхар жырау
В) Шал ақын
С) Асан қайғы
D) Қорқыт ата
Е) Доспамбет жырау
|