193
дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын
дамытады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті кӛлемі:
-
жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
- қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бӛлімдерге бӛлінген: түсіну
және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы
анализ. Сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бӛлімшелерден тұрады.
Бағдарламаның бұл бӛлімшелері пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық
құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну, әдеби
шығармадағы кӛтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, кӛркем
шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, кӛркем
шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы мәселелермен
байланыстыру, шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен
үндестігін ашу;
2) анализ және интерпретация: әдеби шығарманың композициясын уақыт
пен кеңістік тұрғысынан талдау, шығармадағы авторлық идеяның ӛмір
шындығымен байланысы, шығармадағы автор стилі мен кӛркемдегіш
құралдардың қызметін ашу, кӛркем шығармадағы кӛтерілген мәселелерге
талдау жасау арқылы ӛзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс жазу, әлем
және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, ӛзіндік ой қорыту;
3) бағалау және салыстыру: шығарманы мазмұндас туындылардың
үлгілерімен салыстырып, тарихи және кӛркемдік құндылығын бағалау, кӛркем
шығармадағы кӛтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға
беру, шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап,
әдеби эссе жазу, шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен
салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында Блумның толық
меңгерту теориясы басшылыққа алынып, кӛркем шығарманы толық оқыту
қағидаты сақталғандықтан кӛркем шығарма аз берілген. ХХІ ғасырдың жаңа
адамының талғамын қанағаттандырып, толғандырар сұрақтарына жауап бере
алатын толыққанды әдеби шығармалар енгізілген. Бұл ерекшеліктер
оқушылардың шығармадағы автордың идеясын толық түсінуге, оны жан-жақты
талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: