184
министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген
оқу бағдарламаларымен жүзеге асырылады:
- жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
- жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/ Жалпы орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі).
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ
мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік дағдылар
бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты кӛрсетілді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті кӛлемі:
-
жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
-
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың
мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,
сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін
сӛйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, ӛмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті ӛмірде ӛзі
еркімен
қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар
негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және
олардың табиғатын танып біледі;
4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным
құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-
коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен
дағдыларды қалыптастырады;
5) «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен
сӛйлеу сауаттылығын, сӛз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді
кӛздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған
мазмұндағы бағдарламаның
қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тӛрт дағдыға
185
негізделген:
5) тыңдалым және айтылым;
6) оқылым;
7) жазылым;
8) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бӛлімі оқушылардың тӛмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, ӛз
біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, мамандандырылған тар аядағы
арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала)
мақсатты
аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау,
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу,
мәтінде кӛтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды
анықтау, мәтінде кӛтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын
ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау, коммуникативтік жағдаятқа
сай кӛпшілік алдында тиісті сӛйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сӛйлеу тілінің
лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін
ажыратып, орынды қолдану;
«Оқылым» бойынша: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма,
сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау, ғылыми-
кӛпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану
(терминдер,
тілдік оралымдар, ӛзге стиль элементтері), әртүрлі стильдегі
мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сӛйлеудің стильдік
бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін
дұрыс қолдана білу, ресми ісқағаздары тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу,
кӛркем әдебиет тілінің сӛз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі
мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін,
құрылымын,
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей,
морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды
анықтау, кӛтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді ӛңдей білу,
белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ,
энциклопедиялық, ғылыми-кӛпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау
жолдарын білу;
«Жазылым» бойынша: жоспар түрлерін құру (қарапайым, күрделі,
тезистік), ауызекі сӛйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру,
ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат,
ӛтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі және т.б.
мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін
ескере отырып,
баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация,
түйіндеме, рецензия және мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің
стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж,
сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, кӛркем әдебиет
стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін
ескере отырып мәтіндер
құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі
графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді
талдап жазу, эссе түрлерінің құрылымын сақтай отырып, кӛтерілген мәселе
186
бойынша ӛзіндік пікір жаза білу, оқылым және тыңдалым материалдары
бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу (конспектілеу), әртүрлі
тақырып
бойынша
кӛркемдегіш
құралдарды
ұтымды
қолданып,
шығармашылық жұмыстар (ӛлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу, жазба
жұмысын абзац пен бӛліктерге бӛлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп,
логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
«Әдеби тіл нормалары» бойынша: орфографиялық нормаға сай жазу,
сӛздерді фонетикалық
принцип негізінде жазу, сӛздерді морфологиялық-
фонематикалық принцип негізінде жазу, сӛздерді тарихи-дәстүрлік принцип
негізінде жазу, сӛйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қою (нүкте,
сұрау белгісі, леп белгісі, кӛп нүкте), сӛйлем ішінде қойылатын тыныс
белгілерді дұрыс қою (үтір, нүктелі үтір, жақша, қос нүкте, тырнақша,
сызықша).
Достарыңызбен бөлісу: