«Физика» оқу пәні
Физика курсын оқу мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық
негіздерін,
әлемнің
жаратылыстанымдық-ғылыми
бейнесін
тұтастай
қабылдауын, ӛмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде
жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың
ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;
2) білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік
және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті және
зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған
ортаны қорғауда, қоғам мен адам ӛмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
қолдану.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 4
сағатты, оқу жылында 136 сағатты;
2) Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты,
оқу жылында 68 сағатты құрайды.
10-11 сыныпқа арналған жаңартылған мазмұндағы бағдарлама 10
бӛлімнен тұрады:
механика;
жылу физикасы;
электр және магнетизм;
электромагниттік тербелістер;
электромагниттік толқындар;
оптика;
салыстырмалы теорияның элементтері;
216
кванттық физика;
нанотехнология және наноматериалдар;
космология
10-сыныпта Кинематика, Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі
теңдеулері мен ұғымдары, Динамика,
Статика, Сақталу заңдары, Сұйықтар мен
газдардың механикасы, «Газдардың молекулалық- кинетикалық теория
негiздерi», «Газ заңдары», «Термодинамика негiздерi», Сұйық және қатты
денелер, Электростатика, Тұрақты ток, Әртүрлі ортадағы электр тогы, Магнит
ӛрісі, Электромагниттiк индукция тақырыптары оқытылады.
Жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның тиімді ерекшеліктерінің бірі
білім алушыларды теориядан тәжірибеге бағыттау болып табылады. Осы
орайда, тәжірибелік дағдыларды дамыту мақсатында жаратылыстану-
математикалық бағыттағы 10-сыныпта 9 Зертханалық жұмыс, 15 практикалық
жұмыстар жұмыс қамтылды.
Зертханалық жұмыстар тоқсан бойынша тӛмендегідей реттілікпен
жүргізіледі.
1-тоқсанда:
«Кӛлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау»;
«Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу»;
«Кӛлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену»;
«Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу»;
«Тұтқыр
сұйықта
қозғалатын
кішкентай
шардың
жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу»;
3-тоқсанда:
«Ӛткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену»;
«Ток кӛзінің элерктр қозғаушы күші мен ішкі кедергісін анықтау»;
«Шамның қыл сымының, резистордың және жартылай ӛткізгіш
диодтың вольт-амперлік сипаттамасы»;
«Бір валетті ионның электр зарядын ӛлшеу».
Тӛменде 76-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) саны кӛрсетілген.
76-кесте. «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
10
сынып
Бӛлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
ЖМБ
3
3
3
2
ҚГБ
3
3
3
2
10-сынып оқу бағдарламаларында «Физика» пәні бойынша компьютерлік
моделдеуге
бірнеше
практикалық
және
зертханалық
тапсырмалар
қарастырылған:
1) Зертханалық жұмыс № 5. Тұтқыр сұйықтықтың қозғалысы кезінде
шарик жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу, нүктенің
қозғалысын моделдеу.
217
2) «Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негіздері»
бӛліміне практикалық жұмыс енгізілген, молекулалық физика заңдарын
компьютерлік моделдеу.
3)
«Электромагнитті
тербелістер»
тақырыбы
электромагнитті
тербелістерді компьютерлік моделдеуді; тербелмелі контурдың түрлі
параметрлеріне арналған электрлік тербелістер кезіндегі электр және магнит
энергиясының, кернеу мен ток күшінің тәуелділігін компьютерлік моделдеуді
болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |