«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері бойынша
оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің
базалық білім мазмұны: «Ӛркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және
әлеуметтік процестер», «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»,
«Мәдениеттің дамуы» бӛлімдерін қамтиды.
Бӛлімдер
сыныптар
бойынша
оқыту
мақсаттарын
қамтитын
бӛлімшелерден тұрады.Оқу мақсаттары әр бӛлімше ішінде мұғалім мен білім
алушыға болашақ қадамдары жӛнінде ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау мен
бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсетеді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында тарихты оқытуда – оқу
мақсаттарын анықтау, оқыту мазмұнына сәйкес материалдарды саралау,
оқытудың тиімді әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.
Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес,
сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі
формалары ұсынылады:
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы білім
алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;
- білім алушыларды зерттеу және зерттеушілік жұмыстарын жүргізуге
негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;
- білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- білім алушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік
тапсырмалар құрастыру;
- білім алушылардың жеке, жұптық, топтық және тұтас сыныптық
жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану;
- оқу процесінде тарихи құжаттардың фрагменттерін талдау, ақпарат
жинақтау және қорытынды жасау, себеп-салдарлық байланыстарды орнатуды
және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану;
- сабақта білім алушының біліміндегі кемшіліктерді уақытында
анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі
әдістерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың жас және
танымдық ерекшеліктеріне сәйкес талдау, бағалау, зерттеу және жоспарлау
дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларды қолдану
ұсынылады. Мысалы, эссе және есеп жазу, салыстырмалы талдау жасау
(SWOT, PEST, GAP талдаулары) және т.б.
Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге
асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту
процесін тӛмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру
228
ұсынылады:
- ӛзгеріс пен сабақтастық;
- себеп пен салдар;
- дәлел;
- ұқсастық пен айырмашылық;
- маңыздылық;
- интерпретация.
Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен
маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл
пәннің мағынасын терең түсінуге кӛмектеседі.
Тарихи түсініктерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдауды
жүзеге асыру ұсынылады. Нәтижесінде, білімалушылар тек қана пәндік
материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар және біліктермен
байланысты әдістерді игереді (материалдарды жинау мен реттеу әдістері,
сұрақтарды құрастыру және дереккӛздермен жұмыс жасау процесінде мәселені
қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккӛздерді сыни бағалауы,
зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді
тексеру).
Белгілі бір тарихи концептілерге негізделген оқыту нақты оқу
материалының негізінде оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай әдіс, зерттеуге
негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің
сабаққа
арнайы
әзірлейтін
тапсырмалары
келесі
ӛлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
түсінікті болуы;
саралаудың ескерілуі;
сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі;
проблемалық оқытуға негізделуі;
бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс.
Картамен жұмысты тиімді деңгейде күшейту қажет. Ол үшін тарихи
карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, презентация,
интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс.
Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы
және үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін жеке, жұптық, топтық жұмыстарды
ұйымдастыру ұсынылады. Оқыту процесін оңтайландыру мақсатында топтық
жұмысты ұйымдастыру ӛте тиімді болып табылады. Топтық жұмысты
ұйымдастыру кезінде әрбір білімалушының қабілеттері мен психологиялық
ерекшеліктерін ескеру, олардың топтағы атқаратын негізгі міндеттерін анық
түсіндіру қажет.
«Қазақстан
тарихы»
пәні
бойынша
ұсынылатын
сайттар:
http://www.tarih-begalinka.kz
;
http://www.e-history.kz
;
http://bilimsite.kz/tarih/
;
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/
.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:
http://www.world-history.ru
;
http://historic.ru
;
http://historyatlas.narod.ru
;
229
http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы
әдістемелік ерекшеліктер
Оқу пәнінің білім мазмұны бес бӛлімді қамтиды: «Мемлекет және
құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының негіздері»,
«Халықаралық құқық».
Бұл бӛлімдер ӛз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды
кӛздейтін бӛлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бӛлімше ішінде мұғалім
мен оқушыға келесі қадамдары жӛнінде ӛзара ой бӛлісуге, оларды жоспарлау
мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты кӛрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді
қолдану ұсынылады:
- оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің
ақпараттық-құқықтық
жүйесін
қолдану
(
http://adilet.zan.kz/
;
http://online.zakon.kz/
);
- құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау
арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;
- оқушылар проблемаларды анықтауда ӛз ойларын, пікірлерін айту,
дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын
ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейс-
стади) зерттеу.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар
жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару,
мәліметтер және идеялармен бӛлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен
қосымшаларды пайдалану арқылы ӛз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері:
- құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және
интерпретациялауға байланысты ӛзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды
пайдалану;
- белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды
пайдалану;
- оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы;
- компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып,
таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас
ӛткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация
құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар).
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны
«Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»
бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және құқық негіздері пәндері бойынша
рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде
жүзеге асыру ұсынылады.
230
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне
қолдануға
арналған
әдістемелік
ұсынымдар
академия
сайтында
орналастырылған: (
https://www.nao.kz
/
Білім беруді ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету/
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті
сабақты ӛткізу бойынша әдістемелік ұсыным./
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық ӛмірге
бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын
әлеуметтік ортаның бір бӛлігі болып табылады.
Тарих пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және
жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық
шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады:
1. Ұшқыш-шабуылдаушы, Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдірұлы
Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз);
2. Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125
Достарыңызбен бөлісу: |