Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет188/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


330 

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҦЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА 
БӚЛІНЕТІН НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) 2019 жылы 
апробациялаудың оң қорытындысы бойынша барлық қала мектептерінде жан 
басына қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау кӛзделген. 
Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру 
мектептерді ондағы білім алушылардың санына қарай қаржыландыру тетігі 
болып табылады және балалардың МЖМБС-ның бірыңғай талаптарына сәйкес 
орта білім алуына базалық шығыстарды теңестіруге бағытталған. Жан басына 
қаржыландыру жағдайында мемлекеттік шығыстарды жоспарлау бірлігі мектеп 
емес, білім алушы болады. 
Қазақстанда жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу 
қажеттілігіне мынадай қажеттіліктер себеп болды:
- балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық 
шығыстарды анықтауға бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;
- ӛңірлер бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;
- мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, білім алушы басына 
жоспарлау;
- мектептер арасындағы бәсекелестікті дамыту арқылы білім сапасын 
арттыру;
- мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін 
кӛтеру, шешімдер қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету;
- бюджет қаражатын ашық және әділ жұмсау;
- мектептердің педагог қызметкерлеріне сараланған еңбекақы тӛлеу 
(лауазымдық жалақы және нәтижелері үшін ынталандыру қосымша ақылар).
Жан басына қаржыландырудың мақсаты – мектептердің педагогикалық 
әлеуетінің рӛлін күшейту және материалдық-техникалық базасын дамыту 
есебінен білім беру сапасын жоғарылату.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру кӛлемі шығыстардың мына 
түрлерін қамтиды:
– қызметкерлерге еңбекақы тӛлеу, жыл сайынғы тӛленетін еңбек 
демалысына сауықтыру жәрдемақыларын тӛлеу және салық пен басқа да 
міндетті тӛлемдер бойынша жұмыс берушінің жарналарын; 


331 
– білім беру процесіне қатыстырылған қызметкерлерге сыйлықақы 
беру;
– білім беру процесімен байланысты шығыстар (мектепке дейінгі, 
орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен 
бекітілген арнайы білім беру ұйымдарын Жарақтандыру нормаларына 
сәйкес баспа және экранды-дыбыстық құралдарды, техникалық оқыту 
құралдарын, оқу-кӛрнекі құралдарын, демонстрациялық құралдарды, 
мектеп жиһазын, спорттық құрал-саймандар мен жабдықтарды, үлестіру 
және бақылау - ӛлшеу аспаптарын, музыкалық аспаптарды, кӛркемӛнер 
материалдарын, білім алушы керек-жарақтарын, қабырғаға ілінетін 
планшеттерді, үлестіру материалдарын, гербарийлерді, топтамаларды, 
нақпішіндерді, онлайн сабақтар ӛткізу және жобаларды визуалдау үшін 
бағдарламалық 
жасақтамаларды, 
әдістемелік 
қорды, 
сондай-ақ 
бланкілерді, табельдерді, сынып журналдары мен борды сатып алу);
– коммуналдық шығыстар; 
– пошта және телефон байланысы қызметіне, интернет қызметіне ақы 
тӛлеуге арналған шығыстар; 
– ғимараттарды, 
құрылыстарды, 
техникалық 
жабдықтарды, 
компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы 
жӛндеуді жүргізуге, ұстауға және оларға қызмет кӛрсетуге арналған 
шығыстар; 
– білім беру процесінде қолданылмайтын тауарларды, оның ішінде 
жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарлары мен құрал-саймандарды, 
құрылыс тауарларын, кеңсе тауарларын, дезинфекциялаушы құралдарды, 
жұмсақ құрал-саймандар мен ыдыс-аяқты сатып алу; 
– білім алушыларды немесе тәрбиеленушілерді ғылыми, спорттық, 
шығармашылық 
және 
зияткерлік 
сайыстар 
мен 
іс-шараларға 
дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстар (сахналық 
костюмдерді, мектеп командасы үшін спорттық форманы сатып алу, білім 
алушыларды іс-шараның ӛткізілу орнына жеткізу және кері қайтару 
жолын, қатысу үшін жарналарды тӛлеу, ғылыми жобаларға макеттерді 
дайындау және басқалар);
– күрделі шығыстар;
– банктік (қаржылық) қызметтерге ақы тӛлеу.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру еңбекақы тӛлеудің жаңа нысаны 
емес, бұл мектептерге білім беру процесін іске асыру үшін бюджет қаражатын 
бӛлу тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы тӛлеу 
саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы 
есептеу және тӛлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты 
есебінен 
ұсталатын 
ұйымдардың 
қызметкерлеріне, 
қазыналық 
кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы тӛлеу жүйесі туралы» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 
сәйкес жүргізіледі. 


332 
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің мӛлшері (яғни, 1 
білім алушыны оқыту құны) бір күнтізбелік жылға Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен 
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің 
негізінде есептеледі. 
Жан басына шаққандағы норматив мыналар бойынша ажыратылады: 
– білім беру деңгейіне қарай (1-4-сыныптар, 5-9-сыныптар, 10-11- 
сыныптар); 
– білім беру бағдарламаларына қарай (жалпы білім беретін 
бағдарламалар, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылар 
үшін түзету бағдарламалары); 
– мектептің орналасуына қарай (қалалық/ауылдық жер); 
– оқыту орнына қарай (жалпы білім беретін сыныпта, үйде оқыту, 
жалпы білім беретін сыныпта ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім 
алушыларды оқыту). 
Жан басына шаққандағы нормативті және мектептерді қаржыландырудың 
жалпы кӛлемін есептеу кезінде мыналар ескеріледі: 
– мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайлары үшін қолданылатын барлық 
қосымша ақылар мен үстеме ақылар; 
– қалалық (24 адам) және ауылдық (20 адам) жалпы білім беретін 
мектептердегі сыныптардың; арнайы (түзету) сыныптардағы – 12 білім 
алушының нормативтік толықтырылуы. 
Жан басына шаққандағы нормативтің мӛлшері мен жергілікті атқару 
органдарының сыныптар бӛлінісіндегі білім алушылардың саны туралы 
деректердің негізінде нақты орташа жылдық контингентке байланысты түзету 
коэффициентін қолданумен жан басына шаққандағы нормативті орташа 
жылдық контингентке кӛбейту арқылы әр пилоттық мектепте жан басына 
шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға қаражаттың жалпы кӛлемін есептеу 
жүргізіледі. 
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде пилоттық орта білім беру 
ұйымдарында жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың 
енгізілуін сүйемелдеу және мониторингілеу қызметтерін «Қаржы орталығы» 
АҚ кӛрсетеді. 
Орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды 
апробациялау 2013 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 4 облысындағы 50 
пилоттық мектепте (Алматы (4 мектеп), Ақтӛбе (15 мектеп), Шығыс Қазақстан 
(12 мектеп) және Оңтүстік Қазақстан облысы (19 мектеп) басталды. 2014 
жылғы 1 қаңтардан бастап апробацияға қатысушылар қатары Ақмола 
облысынан тағы 13 мектеппен толықтырылды. 2017 жылдың қаңтарынан 
бастап пилоттық жобаға Нұр-Сұлтан қ. 5 мектеп және Алматы қ. 5 мектеп 
қосымша енгізілді.


333 
Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу жылының 
қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды апробациялау 
кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау мынаны кӛрсетті.
2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептерде біліктілігін арттырған 
қызметкерлер саны екі есеге дерлік кӛбейді (2514 адам).
Пилоттық мектептерде жоғары, бірінші және екінші санатты педагог 
қызметкерлердің үлесі 76%-ға дейін ӛсті (2012-2013 оқу жылы бұл кӛрсеткіш 
58% болған).
2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда балалардың дамуына арналған 
үйірмелер мен секциялардың саны 2,2 есеге кӛбейді (бұрын – 780, енді -1734).
Егер 2012-2013 оқу жылында 445 бірлік білім алушылар үшін танымдық 
және ӛнегелі іс-шаралар, оқытушылар үшін тренингтер ӛткізілген болса, 2016-
2017 оқу жылында бұл кӛрсеткіш 636 бірлікке жеткізілді.
2016-2017 оқу жылында пилоттық мектептердің педагогтері басып 
шығарған әдістемелік құралдар мен ӛзге жарияланымдар саны 2,5 еседен аса 
кӛбейіп, 3208 құрады.
2016-2017 оқу жылында байқауларға және сайыстарға қатысушы-
жеңімпаздардың, жүлдегерлердің, лауреаттардың үлесі де 2012-2013 оқу 
жылымен салыстырғанда жоғары.
Пилоттық мектептердегі ҰБТ-ның орташа кӛрсеткіші соңғы тӛрт оқу 
жылында 71-ден 75,9 балға жоғарылады. 
Пилоттық мектептердегі педагог қызметкерлердің орташа айлық 
жалақысы 2016-2017 оқу жылы 82 мың теңгені құрады.
122-кесте. Пилоттық орта білім беру ұйымдарындағы 2016-2017 оқу 
жылының қорытындыларын жан басына нормативтік қаржыландыруды 
апробациялау кезеңі басталған кездегімен салыстырмалы талдау 
№ 
№ Кӛрсеткіштің атауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет