351
болып табылады.
Қызметтік-қҧндылық тәсіл тиісті бейіндік оқытудың мазмұнын
табысты меңгеруге қажетті қызметтің түрлерімен танысуды ұсынады. Бір
жағынан оқу процесін ұйымдастырудың түрлері
мен қызметінің әдістерін
ұтымды іріктеу, екінші жағынан оқушылардың тиісті бағдарға бейіні мен
қабілетін анықтауда ӛзара белгілі бір қатынас бар. Осындай тәсілге негізделген
таңдау бойынша курстың құрылымы оқушылардың тиісті қызмет түрлеріне
бейімделуін ескереді. Мысалы, жаратылыстану бағытында оқушылар кӛптеген
қызмет түрлеріне және химия мен биологияны оқыту процесінің нысандарына
бейімділігін кӛрсетеді. Гуманитарлық бағыт үшін конспект, жоспар, тезис,
реферат құрастыру тән, ал оқытудың қолайлы түрлері
экскурсия, дискуссия,
рӛлдік ойындар, демонстрациялар болып табылады. Математика үшін таблица,
схема құрастыру, заңдылықтарды анықтау тән.
Қҧзыретті тәсіл бүгінгі күні жақтаушылары кӛп, мүмкін кӛптеген
құрастырушылар негізгі мектеп үшін таңдау бойынша курстарды әзірлеу
барысында осы тәсілге кӛп кӛңіл бӛлуі мүмкін. Бұл жағдайда келесі әрекеттер
тізбегі болуы мүмкін:
- осы жастағы оқушылар үшін басты мәселелерді анықтау;
- оларды шешуге арналған тиісті
шеберлігін анықтау;
- аталған мәселелерді шешуге арналған құзіреттілікті анықтау;
- қажетті мазмұнды таңдау;
- оқыту әдістерін әзірлеу.
Таңдау бойынша курстың мақсатын анықтау үшін бағыт ретінде
әлеуметтік, коммуникативтік, немесе пәндік құзіреттілік алынуы мүмкін.
Бейіналды дайындық бойынша таңдау курсы пәндік-бағдарлы (сынақ)
және пәнаралық (бағдарлы) болып бӛлінеді.
Пәндік-бағдарлы курс келесі мәселелерді шешеді:
1) оқу пәніне оқушының қызығушылығын танытуы;
2) пәнді жоғары деңгейде меңгеру қабілеті мен дайындығын анықтау;
3) таңдау бойынша емтихандарды тапсыруға жағдай жасау, яғни болашақ
бейініне ең ықтимал пән.
Пәндік бағдарлау курстары үшін оқу-әдістемелік
құрал ретінде
қолданыстағы оқу құралдары, факультатив бағдарламалары, арнайы курс,
жоғары оқу орындарына дайындыққа арналған оқу-әдістемелік кешендері және
оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар.
Пәнаралық (бағдарлау) курстар дәстүрлі
білім беру пәндері аясынан
шығуды ұсынады. Олар оқушыларды кӛптеген пәндер бойынша білім синтезін
және әртүрлі кәсіптік салалардағы даму әдістерін талап ететін күрделі
мәселелермен және тапсырмалармен таныстырады.
Таңдау курстарының мақсаттарын келесідей тұжырымдауға болады:
1) оқушылардың заманауи кәсіптерге бейімделуі үшін база құру;
2) кең таралған кәсіптерге сәйкес келетін қызметтің типтік түрлерінің
ерекшелігімен практикада танысу;
3) қандай да бір пәнге деген мотивациясын кӛрсету.
Бейін алды даярлау бойынша пәнаралық курстар үшін оқу материалдары
352
ретінде ғылыми-танымдық әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының
хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады.
Таңдау курстарының айрықша ерекшеліктері олардың стандартты
еместігі, вариативтілігі (түрленуі) және қысқа мерзімділігі болып табылады.
Таңдау бойынша курстың вариативтілігінің ерекшелігі
бейін алды даярлық
алдында нақты бір бейінді таңдаған немесе керісінше әлі таңдау үстіндегі
оқушы мазмұны мен саны жағынан ӛте кӛп түрлі таңдау бойынша курстарды
меңгеруде ӛз күшін сынап кӛруі тиіс. Мазмұны, ұйымдастырылуы және
ӛткізілу технологиясы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін кӛптеген
курстардың болуы алдын-ала тиімді оқытудың маңызды педагогикалық
шарттарының бірі болып табылады.
Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек:
- оқушыға нақты таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін санымен
ұсынылуы тиіс;
- білім беру перспективасы тұрғысынан оқушыға әлеуетін бағалауға
кӛмек беруі тиіс («Әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа математикадан үштік
алуыма байланысты емес болашақта юрист немесе журналист мамандығын
таңдағандықтан барамын»);
- таңдауды жоспарлап отырған бейін бойынша оқуда оң мотивацияны
құруға ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген
сұраққа жауап бере алуы керек. Ал курстың
жаңа мазмұнмен шектен тыс
жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін.
Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:
- жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін, осы курс оқушыға
несімен пайдалы?;
- орта мектептің үшінші сатысында бейіндік оқу барысында рӛлі арта
түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады;
- осы немесе оған жақын пәндер бойынша базалық курсты жүзеге
асыратын басқа мұғалімнің бейіналды курстарын оқыту мүмкіндігін
пайдаланған жӛн;
- курстар оқушыны белгілі бір таңдау жасаған жағдайда (тарихшы,
филолог, физик және т.б.), яғни оқушының кәсіби қызмет саласын таңдауына
әсер ететін жетекші болатын қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыруы
тиіс. Олар осы бейін үшін жетекші қызмет түрлері
бойынша сынамаларды
қамтуы тиіс (осы бейіннің ерекшелігін қызмет арқылы кӛрсету үшін –
мәтіндермен жұмыс істеу, дереккӛздерді талдау, құқықтық құжаттарды
пайдалану және т. б.
Таңдау бойынша курстар мүмкін болса, бір әдістемеге негізделуі керек.
Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды.
Бейін алды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы
тиіс.
Олар оқушыны емтихан тапсыруы ҥшін емес, жоғары сыныпта
Достарыңызбен бөлісу: