www.nao.kz сайтында қолжетімді.
Республиканың шағын жинақты мектептерін қолдауда тірек-мектептер
(ресурстық орталықтар) маңызды рӛл атқарады. Қазіргі уақытта ШЖМ-ны
345
қолдау 594 магнитті ШЖМ бекітілген ЖОМ базасында 181 ресурстық
орталықта жүзеге асырылады.
Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) міндеті – ШЖМ білім
алушыларының сапалы білімге тең қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу, бейіналды
және бейіндік оқытуды жүзеге асыру, ШЖМ білім алушыларының
инновациялық қызметін дамыту, олардың сапалы жаңа деңгейге шығуы үшін
ауылдық мектептерді қосымша біліммен қамтуды кеңейту. Білім беру желісін
құру (білім беру ресурстарын біріктіру) ШЖМ білім алушыларына қажет
болған жағдайда тірек-мектептердің немесе қосымша білім беру ұйымдарының
білім беру қызметін пайдалануға мүмкіндік береді, бұл олардың мүдделері мен
танымдық қажеттіліктерін барынша толық жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
ТМ (РО) білім беру кешенінің функциялары:
- жергілікті тұрғындарды тәрбиелеу мен оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
үшін мектептің қолда бар ресурстарын (жабдықтары, бӛлмелері, аумағын)
тиімді пайдалану;
- білім беру кешеніне кіретін білім беру ұйымдарының педагогтарының
үздіксіз кәсіби тұрғыда дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік жұмысты жүзеге
асыру;
- ресурстық орталықтың барлық балаларына (сессия кезінде медициналық
тексеру, психологтармен жұмыс жүргізіледі; сессияаралық кезеңде тірек
мектебінің мамандары шағын жинақты мектептерге барады) қызмет кӛрсету;
- оқу зертханалары мен шеберханаларының жұмыс істеуі, білім
алушыларға кәсіби бағыт беру және шығармашылығын дамыту;
- дамыту және демалыс орталығы арқылы (сессия уақытында
қызығушылық бойынша үйірмелер жұмыс істейді;
- сессияаралық кезеңде тірек мектебінің мамандары білім алушылармен
қашықтықтан байланыста болады және магниттік мектептерге барады);
Магниттік мектептер мен тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың)
жылдық оқу-тәрбие жұмыс жоспары педагогикалық кеңестің отырысында
бекітіледі, ауданның (қаланың) білім бӛлімімен келісіледі, білім беру
ұйымдарының басшыларымен бекітіледі.
Сессия кезеңінде білім алушыларды тасымалдай отырып, тірек мектебінің
оқу зертханалары мен шеберханаларында практикалық оқу іс-әрекеті
ұйымдастырылады. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық
іс-әрекеті тірек мектебінің пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен
шағын жинақты мектептерде ӛткізіледі, on-line режимінде интерактивті
сабақтар жүргізіледі.
Электронды, оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалану ТМ (РО)-
ның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерінің бірі болып табылады.
Тірек мектебінің білім беру жүйесі аймақтың ӛзгешелігін, мұқтаждығын және
білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып,
педагогикалық қызметке бірыңғай талаптардың болуы, күтілетін нәтижелердің,
бірыңғай мақсаттардың болуын кӛздейді. Сонымен қатар мұндай жүйе ауылдық
ШЖМ педагогтарына, білім алушыларды функционалдық сауаттылығы мен
346
әлеуметтендіруге бағытталған құзырлық білім беру парадигмасындағы кәсіпті
әрекеттер нәтижелеріне қайта бағытталуына кӛмектеседі.
Сессия ұзақтығы үш күннен он күнге дейін, тірек мектебінің (Ресурстық
орталықтың) педагогикалық кеңесі және магниттік мектеп бекіткен оқу
процесінің кестесіне сәйкес белгіленеді. Сессия кезеңінде тірек-мектеп
(ресурстық орталық) толық күн тәртібінде жұмыс істейді
.
Магниттік мектептердің білім алушылары тірек мектебі-ресурстық
орталықтың ӛз жастарына сәйкес сыныптарына бӛлінеді немесе осы білім
алушылар категориясына бӛлек ӛз алдына сыныптар ұйымдастырылады.
Магниттік мектептердің білім алушылары тӛмен оқу жетістіктеріне
қарамастан білім сапасы жоғары сыныптарға жіберілген жағдайлар орын алған.
Бұл ӛз кезегінде олардың психологиялық стресс алуына алып келген.
Магниттік мектептердің білім алушыларына оқу процесін ұйымдастыруда
әрбір баланың жеке ерекшеліктерін ескеруді ерекше назарға алу ұсынылады.
Қажет болған жағдайда жеке сабақтар ӛткізу керек.
Интернат болмаған жағдайда магниттік мектептердің білім алушыларын
сабаққа күнделікті тасымалдау ұйымдастырылады, интернат болған жағдайда
оларға ӛз бетімен дайындалуы және демалуы үшін жағдай жасалады,
тамақтандыру ұйымдастырылады. Сессия әрбір параллель үшін бӛлек ӛткізілуі
мүмкін.
ШЖМ жоғары сынып білім алушылары тірек мектебі (РО) базасында 10-
11-сынып білім алушыларының қалауы бойынша екі бағыт бойынша
сыныптарға біріктіріледі. Қолданбалы пәндерді оқыту практикалық сипатқа ие
және мектеп компонентіне бӛлінген сағат есебінен жүргізіледі.
Бұл ШЖМ жағдайында балаларда параллельдің жоқтығынан бейіндік
бағытты таңдау мүмкіндігі болмаған кездегі тағы бір мәселені шешуге
мүмкіндік береді.
Тірек мектеп ШЖМ білім алушыларының сапалы білім алуына тең қол
жеткізуді қамтамасыз етеді, олардың танымдық және шығармашылық
мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
Әлемдік тәжірибе мен ЕЭЫДҰ ұсыныстарын ескере отырып, шағын
жинақты мектептер желісін одан әрі дамыту үшін ШЖМ-ді ауылдың
әлеуметтік-мәдени даму орталығы ретінде сақтау, ауылдық және қалалық
мектептер арасындағы білім берудегі алшақтықты азайтуда шағын жинақты
мектептерді қолдау үлгілерін енгізу мақсатында келесі жобаларды жүзеге
асыру ұсынылады: «Серіктес мектептер», «Мобильдік мұғалім» және
«Уақытша отбасы».
ШЖМ білім беру процесінде тәрбие жұмысы маңызды рӛл атқарады.
Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, білім алушыларға патриоттық
тәрбие беру үшін әртүрлі сыныптарда, мектептерде сыныптан тыс бірлескен іс-
шаралар ӛткізу орынды.
Біріктірілген
сыныптарда
«Рухани
жаңғыру»
бағдарламасының
құндылықтарын терең ашу және маңызды қорытынды алу мақсатында әлемдік
мәдени құндылықтар мен ұлттық мәдениет арасында параллель жүргізе
отырып, дәуірлерді салыстыру әдісін пайдалану ұсынылады.
347
Бұл ретте пайдаланылатын ресурстар мазмұнының оқу пәнінің
бағдарламалық материалымен тығыз байланыста болу принципін ұстану қажет.
Осылайша, ШЖМ бүгінде кӛптеген аймақтық әлеуметтік-экономикалық,
мәдени факторларды ескеретін, бала тұлғасын дамытуға ерекше кӛзқарасты
талап ететін педагогикалық үдерісті ерекше ұйымдастыруды қажет етеді. Оқу
жылы бойы ШЖМ мұғалімдеріне кәсіби ӛзара әрекеттесу желісі арқылы,
вебинарларда, мастер-кластарда әдістемелік кӛмек кӛрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |