Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет226/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

4) 
«Алтын 
қазына» кӛркем 
және 
сәндік-қолданбалы 
балалар 
шығармашылығы кӛрме-байқауы мына номинациялар бойынша ӛткізіледі:
- тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ 
пластика; 
- ағашты, сүйекті, былғарыны кӛркем ӛңдеу: кӛлемді және тегіс ою, 
ағашқа сурет салу, қабықтан жасалған бұйымдар; инкрустация (сүйек, 
металл,ағаш); 
- шыныны кӛркем ӛңдеу: витраж; 
- металды кӛркем ӛңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формадағы мүсін, 
нақыштау, соғу; 
- ағаштан, тастан, саздан (қыш саздан), сабаннан, ағаштан, тоқымадан 
шағын формадағы мүсіндер жасау; 
- ұлттық ою-ӛрнек элементтерімен халықтық киім үлгісін жасау; 
- қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше; 
5) «Ұлы ӛнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар 
байқауы мына номинациялар бойынша ӛткізіледі:

автокӛліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы 
техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл кӛлік, жүк кӛлігі, арнайы техника, 
тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын кӛліктер);
- ӛндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, 
техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар 
моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және 
т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);


407 
- ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық 
құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк 
іріктегіш, шӛмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік 
модельдер және т.б.); 
- әскери техника саласындағы техникалық құрастыру (танк модельдері, 
зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік 
модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);
- су кӛлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме 
моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.); 
- құрылыс облысындағы жобалар (тұрғын үй макеттері, әкімшілік 
ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, 
аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);
- жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика 
саласындағы жобалар (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті 
және кӛміртекті емес энергетика;
- энергия үнемдеуші технологиялар; отын ӛндіру және ӛңдеу; 
радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта ӛңдеу технологиясы және т.б.); 

авиация саласындағы жобалар: авиациялық техника әзірлеу 
саласындағы жобалар және модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын 
аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);
- космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: космос 
техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (зымыранды 
жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран 
құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника); 
6) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы мына номинациялар 
бойынша ӛткізіледі: халық биі және халықтық-стильденген би (әлем 
халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би (эстрадалық би, аралас-би); 
7) «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы байқауының 
номинациялары: деректі (ойынды емес) кино – нақты оқиға негізінде алынған, 
адамдар, жағдайлар туралы шығарма; ойынды кино – операторлық және 
режиссерлік, актерлер ӛнер кӛмегімен түсірілген сюжетті (ойдан
шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма; STOP-MOTION - 
STOP-MOTION технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап 
алынған видеодан немесе фотокамерамен түсірілген кадрларды тізбектей 
монтаждалатын ролик.
Кадрда аз қадам жасай жылжи отырып, үздіксіз қозғалыстағы 
адамдар мен заттардың қозғалыс иллюзиясын жасайды; әлеуметтік 
жарнама, әлеуметтік ролик – қоғамдағы мәселелерге кӛрермендердің назарын 
аударуға арналған қысқа жарнамалық хабарлама; анимация – компьютерлік 
немесе заттық техникада орындалған, қозғалмалы иллюзияны құрайтын кез-
келген мультипликациялық шығарма; видео-арт – компьютерлік ӛңдеудің 
және жаңа видеотехникалық құрылғылардың кӛмегімен түсірілген кӛркемдік 
авторлық концепциясы бар видеоролик; музыкалық клип; киножурнал – елдің 
ӛмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т.б. туралы қысқа 
ақпараты бар кинохроника түрі; «Ералаш» – әзіл-сықақ бейнеролигі; 


408 
8) «Менің отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтар 
байқауы мына номинациялар бойынша ӛткізіледі: «Туған ӛлке соқпақтары» 
іздеу-зерттеу жобасы; экологиялық экспедицияның есебі; экологиялық соқпақ - 
қатысушылар экологиялық карта жасайды; «Біріктірілген туризм» - 
қатысушылар кросс-жорық жүргізеді, оған туристік техника және тактика, 
бағдарлау, топография, алғашқы медициналық кӛмек кӛрсету, жартасқа шығу 
және құтқару жұмысының элементтері кіреді; 
9) техникалық шығармашылық және ӛнертапқыштық жарыс (әуе, 
зымыран, авто және кеме жасау) модельдердің кластары бойынша: радиомен 
басқарылатын кӛлік модельдері, автотрассалық модельдеу, әуе модельдері, 
кеме модельдері, зымыран модельдері; 
10) «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және 
дамытамыз» ӛлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының кӛрмесі мына 
номинациялар бойынша ұйымдастырылады:
«Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым»;
«Табиғи материалдардан жасалған бұйым»;
«Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»;
«Ұлттық колориті бар интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйдің, 
бӛлменің, саяжайдың, ландшафтың және т.б.»;
«Матадан жасалған бұйымдар (құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық және 
т.б.)»;
«Ӛңірдің кӛркемдік және халықтық қолӛнері»
Байқаулар, кӛрмелер мен жарыстардың облыстық, қалалық (Нұр-Сұлтан, 
Алматы, Шымкент) кезеңдерінің жеңімпаздары білім басқармаларының 
ӛтінімдері негізінде республикалық маңызы бар іс-шараларға қатысады. 
Сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен толық қамтылуын 
қамтамасыз ету үшін пән мұғалімдерінің әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Пән 
мұғалімдері үйірмелер, секциялар, студиялар, қызығушылықтары бойынша 
клубтар, спорт секцияларын, дайындық курстарын жүргізе алады, ӛз бейіні 
бойынша 
сабақтан 
тыс 
уақытта 
танымдық, 
байқау, 
ойын-сауық 
бағдарламаларын, экскурсияларды және т.б. ұйымдастырады. 
Мысалы, физика мұғалімі «Қызықты физика», «Робот техникасы» немесе 
техникалық шығармашылық (техника түрлерін моделдеу: авто, әуе, кеме және 
т.б.) үйірмелерін жүргізе алады. Яғни, педагог күннің бірінші жартысында пән 
мұғалімі, екіншісінде – қосымша білім беру педагогі болып жұмыс істейді.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жалпы орта білім 
беру ұйымдары мен мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары үшін 
қосымша білім беру педагогтері мен ұйымдастырушы-педагогтерінің 
қосымша штат бірліктерін қарастырады. 
Сабақтан тыс уақытты ұйымдастырудың басты мақсаты – оқушылардың 
әлеуметтік, моральдық тұрақты, шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға 
және оны сауықтыруға бағытталған білім алушылардың пайдалы жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз ететін біртұтас білім беру жүйесін құру. 
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың денсаулығын сақтауға, білім 
алушылардың да, педагогтердің де ӛз бетінше білім алуына және дамуына 


409 
бағдарлануы, олардың мүдделерін ескере отырып, оқушылардың жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұжымдық және жеке тақырыптық 
ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларды іске асыруға қатысу арқылы 
балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталуы тиіс.
Осылайша, жалпы білім беретін мектепте балаларға қосымша білім беру 
ресурсын пайдалану бірыңғай білім беру кеңістігі шеңберінде білім 
алушылардың бойында әлемді тұтас қабылдауды қалыптастыруға, жеке 
қызығушылықтары мен жеке басының қажеттіліктерін дамыту үшін жағдай 
жасауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет