Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет234/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 
10-11 сыныптарға арналған 
 «Алғашқы әскери және технологиялық даярлық» пәнінің оқу 
бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін 
апробациядан ӛткізу ҥшін пилоттық мектептердің тізімі 
№ 
Ӛңірдің атауы 
Пилоттық мектептің атауы 
1. 
Астана қаласы 
№ 13 орта мектебі 
2. 
Алматы қаласы 
М. Мәметова атындағы №28 орта 
мектебі 
3. 
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы 
Н.Крупская атындағы орта мектебі
4. 
Ақтӛбе облысы, Ақтӛбе қаласы
№ 51 мектеп-гимназиясы 
5. 
Алматы облысы, Кӛксу ауданы 
К. Жалайыри атындағы мектеп-
гимназиясы
6. 
Атырау облысы, Атырау қаласы 
№ 33 орта мектебі 
7. 
Шығыс Қазақстан облысы,Ӛскемен қаласы 
№ 4 орта мектебі 
8. 
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы 
№ 34 мектеп-гимназиясы 
9. 
Жамбыл облысы, Тараз қаласы 
№ 49 мектеп-гимназиясы 
10. Қарағанды облысы,Қарағанды қаласы 
№101 мектеп-лицейі 
11. Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы 
Ж. Қизатов атындағы № 23 орта мектебі 
12. Қостанай облысы, Қостанай қаласы 
№5 орта мектебі 
13. Маңғыстау облысы, Жаңаӛзен қаласы 
№ 21 орта мектебі 
14. Павлодар облысы, Павлодар қаласы 
№ 41 орта мектебі 


426 
15. 
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл 
қаласы
№ 40 орта мектебі 
16. Шымкент қаласы 
Қ. Спатаев атындағы № 7 мектеп-лицейі 

17.2 1-сыныптағы «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу 
бағдарламаларының апробациясы 
2019-2020 оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында 
«Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәндері бойынша үлгілік оқу 
бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер апробациядан 
ӛткізіледі (тізім қоса беріліп отыр). 
Оқу жүктемесінің кӛлемі: 1 сынып – аптасына 2 (екі) сағат, оқу жылында 
66 сағат. Бұл оқу пәндерін мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 
жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу 
бағдарламасымен оқытады. 
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары «Білім 
берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді 
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік 
тіркеу тізілімінде №17669 болып тіркелді). 
«Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу бағдарламалары: 
1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауын 
қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау; 
2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккӛздердің сан алуан түрлері;
3) қызықты және уәждеуші пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың 
тілді А1 деңгейінде меңгеруіне жету мақсатын кӛздейді. 
Бастауыш мектеп бағдарламасының мазмұны оқушылардың күнделікті 
қарым-қатынаста неміс және француз тілдерін қолдана білуін дамытуға және 
одан әрі оқыту үшін берік негіз құруға бағытталған. 
Бастауыш мектептің «Неміс тілі» және «Француз тілі» пәндерінің оқу 
бағдарламалары оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруға және 
дамытуға, олардың қызығушылығы мен ӛзіне деген сенімділігін арттыруға, 
сондай-ақ неміс және француз тілдерін оқуға деген оң кӛзқарасты 
қалыптастыруға бағытталған. Кең спектрлі дағдылармен органикалық бірлікте 
жеке қасиеттерді дамыту білім алушылардың бойына білім берудің базалық 
құндылықтарын: "қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік", 
«құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «ӛмір 
бойы білім беру» сіңіру үшін негіз болып табылады. Бұл құндылықтар білім 
алушының мінез-құлқын және күнделікті қызметін ынталандыратын тұрақты 
тұлғалық бағдар болуға бағытталған.
«Неміс тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым (Hörverstehen/хѐрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет 


427 
түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым 
нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, кӛпшілікке таныс 
есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сӛздері, 
Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың 
тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері; 
2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және 
іс-әрекеттер туралы қарапайым сӛйлем құрастырады, ӛздерін таныстыра алады, 
сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы 
сұрақтар қояды, таныс сӛздер мен сӛздер тізбегін анық айтады; 
3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды 
және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір 
таныс сӛздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады; 
4) неміс 
тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау 
септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар 
туралы айтады (2-3 сӛйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды, 
адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр, 
ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру 
кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сӛздерін қолданады, атау 
септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты 
қолданады. 
«Француз тілі» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны: 
5) тыңдалым (compréhension orale/конпреасьон ораль): сабақтағы 
бірқатар іс-әрекет түрлерін орындау бойынша баяу және анық айтылған қысқа 
қарапайым нұсқауларды, жалпы жеке сұрақтарды, жалпыға мәлім есімдер мен 
елді-мекен атауларын тыңдау, жалпы және оқу лексикасының кейбір сӛздерінің 
(айтылуы), «Бұл не?» түріндегі қысқа негізгі сұрақтар, фонемалар мен олардың 
тіркестерінің, әліпби әріптерінің дыбысталуы; 
6) айтылым (production orale/продюксион ораль): сабақта адамдар, заттар 
және іс-әрекет түрлері туралы бірінші жақтан қарапайым сӛйлем құрастырады, 
сабақтағы қарапайым әңгімелесу барысында адамдар, заттар және іс-әрекет 
түрлері туралы сұрақтар қояды, таныс сӛздер мен фразаларды анық айтады, 
ӛзге адамдармен қарапайым әңгімелесу барысында ӛздерін таныстыра алады 
және сұрақтар қоя біледі; 
7) оқылым (compréhension écrite/конпреасьон экрит): әліпбидің әріптерін 
дыбыстайды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді 
таниды кейбір кӛзге таныс сӛздерді таниды, сӛздерді әліпбилік ретпен 
орналастыру үшін әріптерді (бірінші әріп бойынша) қолданады; 
8) француз тілін қолдану (utilisation du français/ютилизасьон дю франсэ): 
жекеше және кӛпше түрдегі зат есімдерді қолданады, адамдар мен елді-
мекендер туралы айтады, 1-ден 20-ға дейінгі есептік сандар, адамдар мен 
заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, заттың орналасуын кӛрсету үшін 
sur/сюр, sous/су, dans/дан кӛмекші сӛздерінің қолданылуы, қарапайым 
сұрақтарды құрастыру кезінде qui’est-ce que c’est/кэс кѐ сэ?, qui est-ce, où est/ки 
эс? у э? сұрау есімдіктерін, заттарды кӛрсету үшін ce/сѐ, cet/сэ, cette/сэт, ces/сэ 
сілтеу есімдіктерін, c’est/сэ, ce sont/сѐ құрылымдарын, ӛзі туралы негізгі 


428 
ақпаратты беру үшін жіктеу есімдіктерін қолдану, қарапайым командаларды 
немесе нұсқаулықтарды құрастыру үшін бұйрық райды Lisez/Лизэ, ouvrez/уврэ, 
fermez/фэрмэ (болымды түрде) қолданады, ӛзі туралы негізгі ақпаратты беру 
үшін осы шақты (Présent/Прэзан) (болымды, болымсыз және сұраулы 
формаларын) қолданады. 
Оқу бағдарламалары бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына 
арналған «Неміс тілі» және «Француз тілі» оқу пәні бойынша жаңартылған 
мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасының қосымшасындағы Ұзақ мерзімді 
жоспарға сәйкес жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет