Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет233/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің
оқу бағдарламасын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан 
ӛткізу 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 
қазандағы №556 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында 16 пилоттық 
мектептердің 10-шы сыныптардың «Алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-әдістемелік 
кешендері апробациядан ӛткізілді, 2019-2020 оқу жылында 16 пилоттық 
мектептердің (
2-қосымшасы) 11-шы сыныптарда «Алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы, оқулықтары мен оқу-
әдістемелік кешендері апробациядан ӛткізу жалғастырылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім 
беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу 
жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып 
табылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім 
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге 
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің 
дағдыларын меңгеруімен қоса тӛтенше жағдайларда адамның ӛмір қауіпсіздік 
әрекеті мен әскери іс негіздерінен білім беруге бағытталған. 
2019-2020 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің 10-
сыныбында және 2020-2021 оқу жылынан бастап 11-сыныпта «Алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқыту ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген үлгілік 
оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери 
және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және ӛткізу үшін 
негіз болып табылады: 
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы. 
2. «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ
оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидасы туралы» Қазақстан 
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606 
бұйрығының күші жойылды, оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс 
министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығымен ауыстыру қажет 
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 


423 
қыркүйекте № 15725 болып тіркелген). 
3. «Кӛлік құралының сәйкестендіру нӛмірі бойынша кӛлік құралдарының 
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық кӛлік 
құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші 
куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі 
істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: теориялық сабақтарды оқытудың 
дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық 
әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде ӛткізіледі. 
Практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және ӛзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын 
игеруге бағытталады. 
Оқу пәнінің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері 
туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 
арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің 
маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және 
міндетін оқыту. 
Пәнді оқытудың негізгі міндеттері: 
6) әскери 
анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 
жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру; 
7) әскери бӛлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке 
құрамның ӛмірі мен орналасуымен таныстыру; 
8) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық 
технологияны пайдалана отырып робототехникада, дӛңгелекті машиналарды 
жүргізудің негіздері және тӛтенше жағдайда адам ӛмірі қауіпсіздігі негіздерінде 
қалыптастыру; 
9) жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін 
дарытуға тәрбиелеу; 
10) 
әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң кӛз-қараста 
тәрбиелеу. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 
11-сынып. 
«Технологиялық дайындық» бӛлімі: 
1) Дӛңгелекті машина жүргізу негіздері және ережелері. Жол 
қозғалысына қатысушылардың міндеттері – Жол қозғалысы Ережелеріндегі 
негізгі түсініктер мен терминдер. Жүргізушілерді, жол жүргіншілері мен 
жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің ӛзімен бірге болуы тиіс құжаттарды;
2) Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары – Бағдаршам 
және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары. Арнайы сигналдарды 
пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн қолдану. Маневр 
жасау. Кӛлік құралдарының жолдың жүріс бӛлігінде орналасуын; 
3) Қозғалыс жылдамдығы – Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс, 
басып озу. Аялдама және автотұрақ. Қиылыстардан ӛту бағыттары. 
Маршруттық кӛлік құралдарының аялдамасы және жаяу жүргіншілерге 


424 
арналған жолдарды; 
4) Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс – Темір жол ӛткелдері арқылы ӛту. 
Автомагистраль 
арқылы 
қозғалыс. 
Тұрғын 
аудандардағы 
қозғалыс. 
Маршруттық кӛлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды 
және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалануды; 
5) Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау – Механикалық кӛлік 
құралдарын сүйреу. Кӛлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау. 
Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, кӛлік-арбаларының қозғалысы 
және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл 
аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз етуді; 
6) Жол белгілері – Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым 
салатын белгілерді;
7) Жол белгілері – Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері. 
Қызмет кӛрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі) 
белгілерін; 
8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары – Таңбалардың жіктелуі. 
Кӛлденең 
және 
тік 
таңбалану 
талаптарына 
сәйкес 
орындалатын 
жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін кӛлік құралдарының 
рұқсатнамасының негізгі ережелерін; 
9) Автотранспорт құралдарын басқару және жол қауіпсіздігінің негіздері 
– Сабақтағы қауіпсіздік шаралары. Жүргізушінің жұмыс орнын дайындау. 
Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін қозғалтқыштың 
басқару элементтерін әзірлеу. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қозғалтқышты 
қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолдағы қозғалыс, тежеу және 
тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Қисық траекториядағы қозғалыс, 
маневр. Қосу қорабының қозғалыс жылдамдығын ауыстыра отырып жүргізу. 
Жағдаяттық міндеттерді шешу. Гаражға кіру. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
Тар кеңістіктегі бұрылыс. Автомобильді кӛлік тұрағына қою. Жағдаяттық 
міндеттерді шешу. Эстакадаға кіру. Ӛрде тұрған автомобильді орнынан қозғау, 
жүргізу. Жағдаяттық міндеттерді шешуді; 
10) Күрделі жол жағдайында автокӛлiк құралын басқару – Қозғалысты 
бастау және жол жиегіне (тротуар жанына) тоқтату. Жағдаяттық міндеттерді 
шешу. Қашықтықты сақтай отырып лекпен қозғалу. Жағдаяттық міндеттерді 
шешу. Бір қатардан екінші қатарға ӛту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. 
Реттелмейтін жол қиылысынан ӛту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Реттелетін 
жол қиылысынан ӛту. Жағдаяттық міндеттерді шешу. Басып озу. Жағдаяттық 
міндеттерді шешуді қамтиды. 
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-
2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу 
ұсынылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 
бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 


425 
оқу жүктемесінің кӛлемі: 
1) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат қарастырылған. 
Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 
бұйрығының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2017 жылғы «31» қазан №556 бұйрығының 5-қосымшасын 
іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында 11-шы сынып оқушылары 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасын, 
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан ӛткізу үшін 
жаңартылған білім мазмұны бойынша оқитын болады (Республика бойынша 16 
мектеп тізімі қосымша тіркелген). 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 
2017 жылғы «31» қазан №556 
бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 
2014 жылғы 6 қарашадағы 
№ 455 бұйрығына 7-қосымша 
(Жаңартылған білім беру мазмұнын 
пилоттық енгізу туралы) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет