Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz


1-4-СЫНЫПТАРДА 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҦНЫ 
БОЙЫНША 
БІЛІМ 
БЕРУ 
ПРОЦЕСІН 
ҦЙЫМДАСТЫРУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
 
 
2019-2020 оқу жылында 1-4-сыныптар жаңартылған білім мазмұнындағы 
оқу бағдарламалары мен жоспарлары бойынша оқитын болады. 
Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектептерінде оқу 
процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 
бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру 
стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім 
алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда ӛзіне лайықты орнын табуға 
қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негіз қалауды, оқыту мен 
тәрбиелеудің сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу 
үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс. 
Бастауыш мектептегі білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы 
қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сәйкес жүзеге асырылады (осы 
материалдың 4-5 беттері). 
Оқу пәндері бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының 
ерекшеліктері: 
- оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни 
тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен біліктер бірте-бірте ӛсіп, 
дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тәрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді; 
- үштілді білім беруді іске асыру кӛзделген; 
- пәндер бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарының 
жүйесі берілген; 
- пәндік білім, білік және дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға 
бағытталған: білімдерін функционалды және шығармашылықпен қолдану, сын 
тұрғысынан ойлау, жобалау және зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлі 
тәсілдерін қолдану, жеке және топта жұмыс жасай білу, проблемаларды шешу 
және шешім қабылдау; 
- ортақ тақырыптардың болуы; 


46 
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке 
тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм және азаматтық 
жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», 
«ашықтық», «ӛмір бойы білім алу». 
Жаңартылған оқу бағдарламаларының маңызды сипаттамасы олардың 
икемділігі мен әмбебаптылығы болып табылады. Мұғалімдерге сағат саны мен 
бӛлімшелерді оқытудың реттілігін, бӛлім мен тиісті тоқсан аясында
тақырыптарды және оқу мақсаттарын ӛз бетінше анықтауға мүмкіндік беріледі. 
Мұғалімдер бірнеше оқу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тапсырмалар 
әзірлей алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдерге оқу мақсаттарына жетуге 
жетелейтін жиынтықта бірнеше сабақтың/сабақтардың мақсаттарын орындауда 
оқу мақсаттарын ӛзгертуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқу материалдарын 
қайталау және бекітуді қарастыруы қажет.
Тілді оқытудың негізі білім алушылардың әр оқу пәнінің құралдары –
әртүрлі оқу жағдаяттарында біліммен және дағдылармен алмасу, тілдік және 
сӛйлеу нормаларының жүйесін дұрыс қолдану арқылы сӛйлеу қызметін 
дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылатын коммуникативтік тәсіл 
болып табылады.  
Тілдерді оқыту сӛйлеу қызметінің тӛрт түрін дамыту арқылы жүзеге 
асырылады: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Мұғалімге білім 
алушылардың сӛйлеуін дамытуға ықпал ететін, оларға жақын табиғи 
жағдаяттар негізінде оқыту ортасын құру маңызды. 
Оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға және ЖӘК 
сайтында (smk.edu.kz) орналасқан орта мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге 
асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар сыныптар және тоқсандар бойынша оқыту 
мақсаттарын қамтиды. 
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағдарларды 
нақтылайды. Орта мерзімді жоспарларда белгіленген мерзімнің негізгі 
міндеттері тұжырымдалады. Мұнда әр тоқсанның немесе бӛлімнің 
тақырыптары кӛрсетіледі. Бӛлімдер ішінде сағаттарды бӛлуді мұғалімнің еркіне 
қарай ӛзгертуге болады. 
Орта мерзімді жоспарларда дағдылар, оқу мақсаттары, сабақта 
ұсынылатын іс-әрекет түрлері, мұғалімдерге арналған белгілер (оқыту 
әдістемесі бойынша), оқу ресурстары берілген. 
Сабаққа қажетті үлгілік материалдар тізбесі «Ресурстар» бағанында 
жазылған, мұғалімдердің жұмыста қолдануына кӛмек ретінде интернет-
ресурстарға сілтемелер берілді. Оқу мақсаттары бойынша жұмысты жоспарлау 
және оларды мұғалім ӛз сыныбындағы білім алушылардың даму деңгейлеріне 
қарай дамытуды жүзеге асыруы тиіс. Пән бойынша орта мерзімді жоспарлар 
ұсыныс ретінде беріледі. 
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақ жоспарын мұғалімнің ӛзі 
әзірлейді. Қысқа мерзімді жоспарды әзірлегенде мұғалімге саралап оқыту 
тәсіліне және білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге назар аудару 
ұсынылады. Сабақты қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің оқу мақсаттарына 


47 
тиімді қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім әр сабақтан кейін білім 
алушылардың оқу материалын меңгеруде туындаған қиындықтары мен оқу 
жетістіктерін анықтау үшін сабаққа талдау (рефлексия) жасап отырғаны жӛн. 
Бастауыш сыныптарда сабақтың форматы оқыту процесінде білім 
алушыларды белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, ӛткен 
материалды талдауын және қорытуын, зерттеу жүргізуін, бағалауда пікірлерін 
айтуын, ӛзін бағалауды, ӛзара бағалауды және т.б. болып табылады. 
Сабақтың міндетті элементі кері байланыс болуы тиіс, ол мұғалімнің 
білім алушыны қолдауға бағытталған іс-әрекетін түзетуге мүмкіндік береді 
және білім беру процесін жетілдіруге себін тигізеді. Қалыптастырушы бағалау 
кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін 
ӛздігінен анықтайды. 
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімге пәнаралық байланыстарды 
іске асыратын ортақ тақырыптарға кӛңіл аудару қажет. Оқу пәндерінің 
компонентін кіріктіруші ретінде ортақ тақырыптар да тоқсандар бойынша 
бӛлінген. Әр тоқсан бойынша екі ортақ тақырып берілген, оның әрқайсысына 
сағат саны шамамен бірдей бӛлінеді. Сегіз ортақ тақырыпқа бӛлінетін сағат 
санын мұғалім білім алушылардың дайындық ерекшеліктеріне қарай ӛзі 
ӛзгертіп отырады (6-кесте). 
6-кесте. Сыныптар бойынша ортақ тақырыптар 
№ 
1-сынып 
2-сынып 
3-сынып 
4-сынып 

Ӛзім туралы 
Ӛзім туралы 
Жанды табиғат 
Менің Отаным – 
Қазақстан 

Менің мектебім 
Менің отбасым 
және достарым 
Жақсыдан үйрен, 
жаманнан жирен 
Құндылықтар 

Менің отбасым 
және достарым 
Менің мектебім 
Уақыт 
Мәдени мұра 

Бізді қоршаған 
әлем 
Менің туған елім 
Сәулет ӛнері 
Мамандықтар 
әлемі 

Саяхат 
Дені саудың жаны 
сау 
Ӛнер 
Табиғат 
құбылыстары 

Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Салт-дәстүр және 
ауыз әдебиеті 
Атақты тұлғалар Қоршаған ортаны 
қорғау 

Тағам мен сусын 
Қоршаған орта 
Су – тіршілік 
кӛзі 
Ғарышқа саяхат 

Дені саудың жаны 
сау 
Саяхат 
Демалыс 
мәдениеті. 
Мерекелер 
Болашаққа саяхат 
Ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгерту үшін базалық 
оқулықта, сондай-ақ қосымша ресурстарда (оқу-әдістемелік кешендер, 
хрестоматиялар және т.б.) ұсынылған әртүрлі жанрдағы мәтіндер 
пайдаланылады. Мәтінді дайындау мен таңдауда ортақ тақырыптармен 
байланысына ерекше мән берілуі тиіс. 
Ортақ тақырыптар бойынша жұмыс жеке оқу қызметін ұйымдастыруды 


48 
қажет етпейді, керісінше, пән бойынша және тәрбиелік міндеттерге қол жеткізу 
үшін оқыту мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа бӛліммен 
жұмыс істей бастағанда, мұғалім оқушылардың шынайы ӛмірмен байланыс 
жасауға мүмкіндік беретін бірқатар негізгі сұрақтарды негізге алады. Бұл 
сұрақтар мұғалімге оқу міндеттеріне жету үшін ресурстардың кең ауқымын 
анықтауға кӛмектеседі. Сұрақтардың саны маңызды емес, нақты сынып пен 
құрылған оқыту ортасы үшін қандай мәселелер қолайлы екенін түсіну 
маңызды. 
1-сыныпта (СанЕмН) оқу жүктемесін біртіндеп «сатылы» ҧлғайту әдісін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет