41
Бастапқы бақылау ересек топтың ІІ жартыжылдықтағы күтілетін нәтижелері
негізінде жүргізіледі. Педагог психологпен және педагог-мамандармен бірге
Үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының игерілу деңгейін анықтайды.
I
жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда)
жүргізіледі. Аралық диагностиканы жүргізудің
мақсаты баланың даму
динамикасын анықтау болып табылады.
Қорытынды диагностика ІІ жартыжылдықтың нәтижелері негізінде
жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы
мазмұнының игерілу деңгейі анықталады
және баланың одан әрі дамуы
белгіленеді.
Стандарт талаптары баланың дамуының 3- деңгейінің болуын көздейді:
1-
деңгей – бала қандай да бір іс-әрекетті қайталайды;
2-
деңгей – бала өзінің не істеп жатқанын түсінеді;
3-
деңгей – бала өзінің жасай алатынын қолданады.
Мониторинг нәтижелері Бақылау парағында толтырылады. Алынған
мәліметтер негізінде Баланың жеке даму картасы толтырылады, оны балалармен
жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар толтырады және баланың білім беру
ұйымында болған барлық кезеңінде жүргізіледі.
«Қорытынды» бөлімде баланың оқу
жылы соңындағы жетістіктері
белгіленеді және келесі жылға түзету жұмысы бойынша шаралар анықталады.
Оқу жылының соңында педагог бастапқы, аралық, қорытынды мониторинг
нәтижелерімен
Жинақ есепті құрастырады, балалардың біліктері мен
дағдыларының даму динамикасын бағалау үшін оқу ісінің меңгерушісіне
(әдіскерге) тапсырады.
Мектепалды даярлық сыныпта жүргізілетін мониторинг «Мектепке
дейінгі
балалық
шақ»
республикалық
орталығының
www.rc-dd.kz
.
сайтында
орналастырылған «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен
дағдыларының дамуына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға»
сәйкес жүргізіледі.
Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар
1) ұйымдастырылған оқу қызметінің ең жоғары көлемі мен ұзақтығын
қамтамасыз ету ;
2)
мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған
оқу қызметінің
Санитариялық қағидалараға сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20
желтоқсандағы № 557 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
жоспарына» бұйрығына 5 жастан бастап балалар үшін өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
-
«Көркем әдебиет» ҰОҚ-нің міндеттеріне «Драма» ҰОҚ-нің міндеттері
енгізілді, апталық оқу жүктемесінің көлемі-1 сағатты құрайды;
-
«Шет тілі» ұйымдастырылған оқу
қызметі вариативтік бөлімге
ауыстырылды.
«
Әлеумет» білім беру саласы:
-
«Экология негіздері» ҰОҚ-нің міндеттері «Қоршаған ортамен танысу»
42
ҰОҚ-не енгізілді, апталық оқу жүктемесінің көлемі - 0,5 сағатты құрайды.
Осыған байланысты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.
Апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі-20 сағат:
-
оқыту тілі қазақ тілінде жүргізілетін топтар мен сыныптарда: инвариантты
бөлім – 17 және вариативтік бөлім – 3 сағат;
-
оқыту тілі орыс тілінде жүргізілетін топтар мен сыныптарда: инвариантты
бөлім – 18, вариативтік бөлім – 2 сағатты құрайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 25-30 минутты құрайды.
Сабақтар арасындағы үзілістерде орташа қарқынды қимылды ойындар,
дербес қызмет ұйымдастырылады.
Вариативті компонентті анықтау кезінде балалардың жас және жеке
ерекшеліктері мен мүмкіндіктері,
қажеттіліктері, мүдделері және білім беру
ұйымы қызметінің бағыттары ескерілуі тиіс. Вариативті компонент мектепалды
даярлық сыныбы балаларының рұқсат етілген жүктемесінің
деңгейінен аспауы
тиіс.
Варитивті бөлімге білім беру ұйымының мүмкіндіктерін (кабинеттердің
болуы, штат кестесінің сәйкестігі) ескеріп, ағылшын тілін, логиканы енгізу
ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: