Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет49/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ 
«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны 
«Математика» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндері 
арқылы жүзеге асырылады. 
«Математика» оқу пәні
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін 
дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді ӛмірде 
қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. 
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, 
талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен 
заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта 
құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім 
мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге 
негіз болады. 
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, 
математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді 
шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, 
басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған. 
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 
1) 1-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағат; 
2) 2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 
3) 3-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты; 
4) 4-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағатты құрайды. 
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, 
математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер және дағдыларды 
жүйелі дамытужәне тереңдете түсу қамтамасыз етіледі. 
«Математика» оқу пәнінің мазмұныбілім берудің кейінгі деңгейлерінде 
жалғасын табатын бес бӛлімнен тұрады: 
1. Сандар және шамалар. 
2. Алгебра элементтері. 
3. Геометрия элементтері. 
4. Жиындар. Логика элементтері. 
5. Математикалық модельдеу. 
Білім 
алушылардың 
математика 
курсы 
бойынша 
білімдерінің 
сабақтастығын қамтамасыз ету үшін пәннің оқу бағдарламасына 2013 жылғы 
бастауыш білім беру деңгейінің оқу бағдарламасында қарастырылмайтын 
«Комбинаторика», «Тізбектер», «Жиындар және олармен орындалатын 
амалдар» деп аталатын жаңа бӛлімшелер енгізілді. Жаңа оқу бағдарламасында 
негізгі және жоғары мектептерде геометрияны табысты меңгерудің алғышарты 
болып 
табылатын 
«Геометриялық 
фигуралар» 
бӛлімшесі 
кеңінен 
қарастырылған. 
Бұл бӛлімшелерді оқып-үйрену 4-сыныптың білім алушыларында 
логикалық ойлаудың, процестер мен құбылыстарды талдау, себеп-салдарлық 


77 
байланыстарды табу, бұл құбылыстардың заңдылықтары мен тенденцияларын 
ашу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Бұл сипаттағы тапсырмалар TIMSS 
халықаралық зерттеулерінде кездеседі. 
«Математика» пәні бойынша мұғалім алдын ала дайындалған 
критерийлер мен дескрипторлар бойынша әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізіп, 
оқу тапсырмаларын бере алады (19-кесте). 
30-кесте – Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары 
№ 
Жұмыс түрлері 
Критерийлер/дескрипторлар 

Берілген мәліметтері жетіспейтін 
есептерді шешу 
Білім алушылар сандары, шарты мен 
сұрағы бар есептердің шығару 
жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 
жетіспейтін мәліметтері бар есептерді 
ұсынуға болады. 
- мәліметтері 
толық емес есептерді 
ажырата біледі; 
- есепті 
жетіспейтін 
мәліметпен 
толықтыра алады; 
- жазбаны нақты мәліметтермен 
толықтыра алады

Артық мәліметтер берілген есептерді 
шешу 
Білім алушылар сандары, шарты мен 
сұрағы бар есептердің шығару 
жолдарын жақсы түсіну үшін оларға 
артық мәліметтері бар есептерді 
ұсынуға болады. 

артық мәліметтері бар есептерді 
ажырата алады; 

есептің шартын ӛзгерте және 
дәлелдей алады; 

бақылай, салыстыра және қорытынды 
шығара алады 

Графикалық модельдеу 
Графикалық модель – сюжеттік 
есептің сызбасы, ол білім алушыларға 
есеп шартында берілген абстрактілі 
қатынастарды нақты кеңістіктік 
формада түсінуіне кӛмектеседі.

есеп мәтінін сызбамен келтіре алады; 

есеп мәтінін және оған сай келетін 
сызбаны сәйкестендіре алады; 

есептің берілгендерімен модельді 
толтыра алады; 

сызба бойынша есеп құрастыра алады 

Заңдылықтарды табу және ӛзінің 
заңдылықтарын жасауға арналған 
шығармашылық тапсырмалар
Математикалық заңдылық – бұл 
белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша 
элементтердің сандық, пішіндік немесе 
басқа да қатарында белгілі бір сәйкес 
тәртіппен элементтердің немесе 
олардың қасиеттерінің қайталануы 
немесе ӛзгеруі болып табылады. 

заңдылық – бұл белгілі бір ереже, 
іздеу екенін біледі; 
- элементтері/заттар белгілі бір ереже 
бойынша орналасқанын түсінеді; 
- топтастыра және қорытынды жасай 
алады. 
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) 
және бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын 
жүргізуді кӛздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші 
тоқсаннан басталады. Тӛменде бӛлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау 
саны кӛрсетілген (20-кесте). 


78 
31-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар 
Бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан
3-тоқсан 
4-тоқсан
1-сынып 




2-сынып 




3-сынып 




4-сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет